Haileybury astana оқушығА ҚАМҚор болу және оқушының жайлылығын қамтамасыз ету саясаты



жүктеу 38.83 Kb.

Дата12.04.2017
өлшемі38.83 Kb.

HAILEYBURY ASTANA

 

ОҚУШЫҒА ҚАМҚОР БОЛУ ЖӘНЕ ОҚУШЫНЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫН  

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЯСАТЫ 

 

Хейлибери  Астана  мектебіндегі  оқушылар  мен  ұстаздар  арасындағы  қарым-қатынас 

бірін-бірі  құрметтеуге,  сыйластыққа,  өзара  түсіністікке  құрылған,  сондықтан  мұндай 

қарым-қатынас  әрбір  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  жан-жақты  дамып,  өзін-өзі 

бағалауын арттырып, оның тек сынып ішінде емес, сондай-ақ мектептен тыс жерде де 

үлкен  жетістіктерге  жетуіне  ықпал  ететіні  сөзсіз.  Оқушыларға  қамқор  болу  мектеп 

қызметкерлерінің әрқайсысының міндеті болып табылады, сондай-ақ бұл істе деңгей 

жетекшілерінің,  қамқоршылар  кеңесі  төрағасының  орынбасарының,  мектеп 

әкімшілігінің және мектеп директорының қолдауы да өте маңызды. 

 

Мектептегі оқушылардың жайлылығы мен қамқорлыққа алынуы 

Ата-аналар өз ұл-қыздарын мектепке таңертең  сағат 8.20-да тіркеу уақытына үлгеріп 

келуін қамтамасыз етулері тиіс. Таңертең қандай да бір оқушының белгілі не белгісіз 

себепке  байланысты  мектепке  келе  алмайтындығы  туралы  хабар  сынып  жетекшісіне 

немесе мектеп әкімшілігіне телефон арқылы не электронды пошта арқылы берілуі тиіс. 

Мектептегі сабақ уақыты кезінде 

( 8.00-ден 3.35-ке дейін) 

ешкімге сынып жетекшісінің 

немесе  мектеп  дәрігерінің  денсаулығына  байланысты  берген  рұқсаты  болмаса, 

мектептен кетуіне рұқсат етілмейді. Оқушыларға 3.35-тен бастап үйлеріне қайтуларына 

рұқсат,  алайда  оқушы  міндетті  түрде  не  ата-анасына,  не  рұқсат  қағазы  бар  сенім 

білдірілген  адамға,  мәселен,  жүргізушісі  немесе  туысқанына  табысталуы  тиіс.  Егер 

оқушы үйіне қайтпайтын болса, 3.35-пен 3.50 аралығында мектеп асханасында бесіндік 

ішіп,  мектептегі  сабақтан  кейінгі  үйірмелерге  қатысуына  болады,  алайда  бұл  мәселе 

оқушы  таңертең  мектепке  келген  кезде  сынып  жетекшісімен  талқыланып,келісілуі 

керек. 


 

Сабақ  уақыты  біткеннен  кейін  орта  деңгей,  яғни  үшінші  сынып  оқушыларынн  бастап 

3.335-тен  4.45  аралығында  мектеп  кітапханасына  немесе  зерттеу  орталығына  баруға 

болады, алайда жоғарыда айтылғандай бұл мәселе оқушы таңертең мектепке келген 

кезде  сынып  жетекшісімен  талқыланып,келісілуі  керек.  Бастауыш  деңгей  және 

балабақша  балаларын  сынып  жеткешілері  немесе  тәрбиешілері  сыныптарында 

қарайды. 4.45-те  ата-аналары  алып  кетпеген  оқушылар  олардың  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  мақсатында  мектептің  кіре  берісіндегі  күзет  қызметкерлеріне 

апарылады. Ата-аналар өз балаларын сол жерден алып кете алады. 

 

Сынып жетекшісінің рөлі 

Әр  оқушы  белгілі  бір  сынып  оқушысы  болып  табылады  және  әр  сыныптың  сынып 

жетекшісі  өз  сыныбындағы  тіркелген  әрбір  оқушысына  тікелей  жауап  беруші  тұлға 

болып табылады. Сынып жеткешісі өз сыныбының оқушыларымен күніне жүйелі түрде 

екі рет тіркеу жүргізу үшін, сондай-ақ аптасына бір рет әлеуметтік және әдеп, тұлғалық 

дамыту мақсатындағы тәрбиелік  сынып  сағатын  өткізу  мақсатында  кездеседі.  Сынып 

жетекшісінің  рөлі  оқушыларға  қамқор  болу,  олардың  оқу-үлгерімін  бақылау, 

әлеуметтік  дамуы  мен  мектептегі  жайлылықтарын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. 

Сынып  жетекшісі  өз  сыныбындағы  оқушыларға  жеке  бас  мәселелерін  шешуге  ақыл-

кеңес  беріп,  оқу-үлгерімін  жақсарту,  білім  алудағы  қажетті  дағдыларын  дамытуға, 


мектеп  күнделігін  дұрыс  жүргізе  білуге  көмектеседі,  мектептегі  түрлі  қосымша 

үйірмелерге  қатысудың  пайдасы  туралы  пікірлесіп,  мектепішілік  іс-шараларға 

қызығушылықтарын оятып, атсалысуға кеңес береді. 

 



Өз сыныбындағы әрбір оқушысы жайлы толық, дұрыс ақпаратқа ие болуы тиіс 

(отбасы,  денсаулығы,  қызығушылықтары,  идеялары  мен  мінез-құлқы,  өзін-өзі 

көпшілікте  ұстай  білуі  туралы  ақпарат),  сынып  жетекшісінің  мұндай  толық 

ақпаратқа  ие  болуы  балаға  қажет,  жеке  басына  керекті  қажеттіліктерімен 

қамтамасыз етуге септігін тигізеді.   

 



Қай кезде болмасын, оқушының сабақтан тыс өміріне үлес қосу: мектеп мүлкіне 

қамқорлықпен  қарау,  концерттерге,  театрларға,  түрлі  көрмелерге  баруына 

ықпал ету. 

 



Ата-аналармен  және  олардың  қамқоршыларымен  үздіксіз,  бейресми  қарым-

қатынаста болып, баланың жеке өмірін қадағалау.  

 

Оқушының  оқу-үлгерімін  үздіксіз  жүйелі  түрде  бақылап,  оның  жетістігі  мен 



даму  сатылары  жайлы  мәліметтерді  белгілі  бір  жүйеде,  файлдарда  сақтау.  

Сонымен  қатар  дер  кезінде  баланың  үлгерімі  жайлы,  қандай  да  бір  болған 

өзгерістер жайлы  ата-аналарға, деңгей жетекшілеріне айтып отыру.  

 



Оқушылардың  мектепішілік  түрлі  үйірмелерге  мейлінше  белсенді  қатысуын 

қадағалау,  сонымен  қатар  оқушының  ол  үйірмелерге  қалмай,  жүйелі  түрде 

қатысқанын бақылауға алу.  

 



Оқушы сабаққа кешігуді жиілетсе немесе көп қалатын болса, бұл сұрақ 

төңірегінде ата-аналарынан жауап алуға  тырысу, деңгей жетекшісіне хабар 

беру.  



 



Ұқыптылық пен әр нәрсені өз уақытында істеуді үлгі ету, сыныптағы барлық 

оқушының уақытпен санасуы, уақытымен мектепке келуі тиіс екенін ескерту. 

Таңертең және түстен кейін оқушыларды тіркер алдында сынып бөлмесінің 

есігін ашық қалдыру. Егер қандай да бір оқушы тіркеу уақытынан бұрын келіп 

қалса, мұғалім ол оқушымен тыныш жағдайда отырып пікірлесе алады.  

 



Таңертең  сабақ  басталған  уақытта  СИМС  бағдарламасы  арқылы  оқушыларды 

бір-бірімен  шатастырмай,  дұрыс  белгілеп  алу.  Сонымен  қатар  ата-аналар 

жіберген мәліметтер бойынша жоқ оқушыларды белгілеу.  

 



Оқушылардың күнделігін аптасына бір рет жүйелі түрде тексеріп тұру. 

 



Оқушылардың  мектеп  бекіткен  мектеп  формасын  бұзбай  киюлерін  қадағалап, 

егер  қандай  да  бір  киімінің  дұрыс  еместігін  байқаған  жағдайда,  ата-анасына 

мәлімдеп, мектеп формасының дұрыс киілуін талап ету.  

 



Мектепішілік ассамблеялар, концерттер мен басқа да түрлі жиындар болған 

кезде өз сынып оқушыларымен бірге отырып, олардың тыныш әрі тәртіпті 

отыруларын қамтамасыз ету.   

 



Өз оқушысының жас ерекшелігіне сәйкес белгілі бір мектеп деңгейіне арналған 

кез келген жиынға қатысу. 

 

Оқушылардың мінез-құлқы, тәртібі мен үлгерімі жайлы жазылған әрбір есепті 



мұқият оқып, танысып, қажетті жеріне түзету енгізіп, тиісті шара қолдану.  

 



Әр тоқсан соңында сынып жетекшісі ретінде жалпы және қорытынды пікір жазу.  

 



Оқушыларды өз жеке заттарына ие болуға баулу.  

 



Өз сыныбының таза болуына, шкафтарының тазалығына жауапты болуды 

үйрету.  



 

Сынып  жетекшісі  оқушылармен,  ата-аналармен  және  пән  мұғалімдерімен, 

департамент  меңгерушілерімен,  деңгей  жетекшілерімен,  әр  жыл  басшыларымен, 

мектеп дәрігерімен  барлық іс-шаралардан хабардар болып, тиісті шешімді дер кезінде 

қабылдап, әрекет ету үшін  тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі тиіс.  

Әркүнгі  мектепішілік  тәртіпті  сақтау    шаралары  пән  мұғалімдерінің,  сынып 

жетекшілерінің,  әр  жыл  басшыларымен  және  деңгей  жетекшілерінің  өзара  кеңесуі 

кезінде  талқыланады.  Күрделі  қиын  мәселелер  мектеп  директорының  орынбасары  

және қажет болған жағдайда әкімшілік басшысы деңгейінде қарастырылады. 

 

Қорқыту  

Хейлибери Астана мектебі ұжымы егер мектепте бірін-бірі жәбірлеу немесе мазақтау 

секілді  әрекеттер  орын  алатын  болса,  оның  себеп-салдары  қыздар  мен  ұлдардың 

жандарын  жаралайтындығын  мойындайды.  Сол  себепті  де  мектеп  ұжымы 

бұзақылықтың  кез  келген  түрінің:  физикалық  күштеу,  жәбірлеу,  мазақтау,  бейәдеп 

сөздер қолдану, эмоционалдық  және әлеуметтік әрекеттердің  мектепте орын алуына 

қарсы, жол бермей күресуде. 

Мектеп қызметкерлеріне, сынып жетекешілері мен деңгей жетекшілеріне мектептегі, 

сынып  ішіндегі  қорқытудың  кез  келген  түрінің  орын  алмауына,  сезік  тудыратын 

жайттарға  абай  болуы  ескертіледі.  Мектептегі  ең  қатал  тәртіптік  жазалау  шарасы 

оқушыларды  қорқытуға  атсалысқан  адамдарға  қатысты  қолданылатынын  ескертеміз. 

Мектеп әкімшілігі бұзақылықтың кез келген түрінің мектепте орын алмауына қатысты 

тиісті шаралар қолданады. 

 

Жұмыс күнінен босатуға рұқсат алу 

Оқушының  мектепте  болмай,  сабақтан  қалуына  тек  мектеп  директоры  ғана  рұқсат 

бере  алады,  алайда  мектеп  әкімшілігі  ата-аналарға  мұндай  жағдайларды  демалыс 

күндері немесе мерекелік күндерге сәйкестендіріп жоспарлауды сұрайды, талап етеді. 

Сонымен қатар мектеп әкімшілігі ата-аналардың өз балаларының мектептен ерте кетуі 

немесе демалыстан кейін кешігіп келу тірулы өтінішке рұқсат сұрамауға тырысуларын 

сұрайды.  Сондай-ақ  сабақ  мерзімі,  семестр  кезінде  баласының  мектептен  қалуына 

рұқсат  сұрауы  жалпымектептік  ережеге  қайшы  келетін  іс-әрекет екенін  ата-ана  естен 

шығармағаны  дұрыс.  Мұның  себеп-салдары  мұғалімге  де,  оқушының  өз  сабақ 

үлгеріміне де кері әсерін тигізеді. 

 

Дінді ұстану және сенім  

Хейлибери  Астана  мектебінде  діни  ілімді  оқыту  жүзеге  асырылмайды,  дегенмен  біз  

барлық  діни  ағымдарды  құрметтейміз.  Мектеп  қауымдастығы  зиялы  қауым  болып 

табылады.  



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал