Haileybury astana мектебінің ТӘртіп кодексі, бағалау және жазалау саясаты



жүктеу 71.79 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі71.79 Kb.

 

 

 

 

 

 

 



 

HAILEYBURY ASTANA МЕКТЕБІНІҢ  

ТӘРТІП КОДЕКСІ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ САЯСАТЫ 

              

 

Жалпы ереже 

Білім  беру  ісінің  ажырамас  бір  бөлігі    тәртіпті  сақтау  болып  табылады.  Біз  оқушыларды, 

әсіресе,  бастауыш  сынып  оқушыларын  алдын-ала  ойластырған  немесе  қайталап  істеген 

тәртіпсіздіктері  үшін  жазаламаймыз.  Біздің  білім  беру  жүйеміздегі  ынталандыру  және 

жігерлендіру жүйесі оқушылардың жақсы, тәртіпті болуларына өз септігін тигізеді. 

 

Дегенмен,  біздің  оқушыларымыздың  қандай  жүріс-тұрыстың  қабылданбайтындығын  біліп 



жүргендерін  қалаймыз.  Оқушылар  есейген  сайын  жүріс-тұрыс  ережелерін  сақтап  қана 

қоймай, өз іс-әркеттері үшін жауап беруді де үйренулері қажет, бұл өте маңызды жайт болып 

табылады.  

 

Біз ата-аналарды олардың балаларына қатысты кез келген жайтпен хабардар етіп отырамыз, 



сонымен  қатар  ата-аналардың  өз  балаларының  оқу-білім  үлгерімі,  тәртіптері  жайлы 

мұғалімдермен кездесіп, талқылап, пікірлесулерін құптаймыз.  

 

Мектеп ережелері 

Ата-анаға  берілетін  көмекші  құралда мектеп өз  жұмысын  оқушы  Кодексіне  сүйене  отырып 

жүргізетіндігі,  сонымен  қатар  мектептегі  жүрыс-тұрыс,  Хэйлибери  мектебі  оқушысының 

келбеті  жайлы  жазылған.  Бірнеше  ережелер  жинағы  берілген,  алайда  біздің  негізгі 

мақсатымыз – оқушыны қандай іс-әрекеттің сыйымды және дұрыс екендігінен хабардар ету. 

 

ОҚУШЫНЫҢ ТӘРТІП КОДЕКСІ 



 

Жалпы ережелер 

 



Барлығына қамқор және мұқият болу 

 



Мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне  құрмет көрсету 

 



Үнемі тәрбиелі, үлгілі болу және ұқыпты жүру, сабаққа дайын болу 

 



Сабақтарға  дайындалу  –  өз  бойындағы  барлық  дағдыларын  білікті  қолданып, 

қажырлы еңбек ету 

 

Мектептегі  ересектердің  айтқанын  мүлтіксіз  орындап,  тапсырған  тапсырмаларын 



орындау 

 



Оқулықтарды  және  жабдықтарды  ұқыптап  ұстау,  өзге  оқушылар  мен  олардың 

мүлкіне жанашырлықпен қарау 

 

Мектеп ішінде тәртіпті жүру, Мектептегі қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау 



 

Өзге оқушылармен сөйлесіп, араласқанда әдептен озбай, дауыс көтермей сөйлесу 



 

Аса маңызды  ережелер: 

 



Үнемі ағылшын тілінде сөйлеу 

 



Үнемі  Мектеп формасын кию 

 



Үнемі мектепке қажетті оқу құралдарын алып келу 

 

Мектепте сағыз шайнауға, газдалған сусындар әкелуге / ішуге, қытырлақ қуырылған 



картопқа, тәттілердің барлық түріне тыйым салынған 

 



Үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірмей, байсалды болу, оң жақпен жүру, баспалдақпен 

жүргенде абай болу қажет 

 

Тек ойын алаңында ғана жүгіруге рұқсат етіледі 



 

Үнемі мектеп айналасында болу 



 

Мектепте боянуға арналған заттарды қолдануға тыйым салынады 



 

Мектепте әшекей бұйымдар тағуға тыйым салынады, тек бір жұп сырға (салпыншақ 



емес) мен сағат тағуға рұқсат етіледі 

 



Мектепте ұялы телефон қолдануға тыйым салынады 

 

Тәртіп  кодексі  бастауыш  сынып  оқушыларына  ықшамдалып  жазылған,  алайда  негізгі 



ұсытндар барлық оқушылар үшін бірдей.  

 

Марапаттау 

Мектептің басты мақсаттарының бірі оқушылардың  түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жетістіктерге 

қол жеткізуін мойындау болып табылады. Әрбір оқушы өзінше бірегей тұлға екендігінде сөз 

жоқ, сондықтан әрқайсысының жетер жетістігі мен деңгейлері де әр қилы болып келеді. Бір 

оқушы  жеткен  жетістік  екінші  бір  оқушы  үшін  қиын  болуы  ықтимал.  Осындай  жайттарды 

ескере  отырып,  мектеп  оқушылардың  оқу-білімге  деген  құлшыныстарын  арттыруға 

тырысады.  Сонымен  қатар  біз  оқушылардың  кез  келген  істің  өзегі  болып  табылатын 

талпыныстарын  да  құптаймыз,  сондай-ақ  баланың  даму  сатысында маңызды  орын  алатын 

дербес, өз бетімен істеуге деген құлшынысының байқалуы да бізді қуантады.  

 

Сонымен қатар біздің білім беру жүйеміздегі марапаттау жүйесі құрылымдық қарым-



қатынас  құрудың  маңыздылығын  көрсетеді,  өзгелерді  құрметтеу,  өтірік  айтпау,  мектеп 

қауымдастығының кез келген мүшесіне көмек көрсету және т.б. 

Марапаттау әрбір салтанатты Ассамблеялар кезінде жүзеге асырылады, мұндай салтанатты 

жиындар мектепалды даярлық топтарында және бастауыш деңгейде әрбір жұма сайын, ал 

орта  KS2  және  негізгі  KS3  деңгейлерде  өткізілетін  апталық  жиналыстарда  болады.  Мектеп 

директорының басқаруымен ай сайынғы мерекелік ассамблея әр айдың соңғы жұмасында 

өткізіледі.  Жекелеген  оқушылардың  түрлі  жетістіктері  жайлы  ақпараттық  газеттерде 

жазылып тұрады, әр Үй жетекшісі өз Үйінің жиналысында олар туралы айтып өтеді. Бастауыш 

деңгейлерде оқушыларға түрлі жетістіктері үшін жапсырма қағаздар немесе түрлі мадақтау 

қағаздары  беріледі.  Апта  сайын  «Апта  жұлдызы»  сайысы  оқушылардың  апталық  білім 

көрсеткіштерін мадақтау мақсатында және OTIS (On Time and In School – мектепке уақытылы) 

жүйелі сайысы мектепалды даярлық топтарында және бастауыш деңгейде, сонымен қатар 

KS2  орта    деңгейде  оқушылардың  мектепке  таңертеңгі  уақытта  кешікпей  келулерін 

қамтамасыз  ету  үшін  өткізіледі.  OTIS  (On  Time  and  In  School  –  мектепке  уақытылы)  жүйелі 

сайысы түгел бір сыныптың бір аптада сабаққа қатысуы мен кешікпегеніне қарай мадақтауға 

көмектеседі,  бұл  сайыс  өз  дәрежесінде  оқушыларды  ынталандырудың  бір  түрі  болып 

табылады. Бұл сайыс оқушыларды ұқыптылыққа, кешікпеуге үйретеді. KS3 негізгі деңгейінде 

бұл сайыс жүргізілмейді. 

Соынмен  қатар  біздің  мектебімізде  оқушыларды  3-сыныптан  бастап    марапаттаудың, 

ынталандырудың ресми жүйесі қалыптасқан: 

 

Сары карточка:

 бұл мадақтау оқушылардың оқу-білімдегі үздік үлгерімі және алға жылжуы 

байқалғандығы  үшін  беріледі.  10  сары  карточканың  қолын  жинай  алған  оқушыға  1  сары 


карточка беріледі, сары карточканы алған оқушы қай Үйде тіркелсе, сол Үйге 10 ұпай жинап 

береді,  6 сары карточка алған оқушыға кітап сатып алуға тегін жетон беріледі. 

 

Көк    карточка:

  мектептің  дамуына,  сонымен  қатар  мектептің  ережелерін  ұстана  отырып, 

Хэйлибери мектебі оқушысының келбетіне сай келетін оқушыға беріледі. 

 

Мұғалімдер  оқушы  күнделігінің  арнаулы  бетіндегі  әр  карточканың  түсімен  белгіленген 



параққа өз қолдарын қойып отырады. 10 көк карточканың қолын жинай алған оқушыға 1 көк 

карточка беріледі. Көк карточка Сары карточкаға қарағанда сирек берілетіндіктен, оның ұпай 

саны да жоғары, яғни 20 балл болып есептеледі.  6 көк карточка алған оқушыға кітап сатып 

алуға тегін жетон беріледі. 

 

Барлық  карточкаларға  мектеп  директоры,  Үй  жетекшісі  қол  қояды,  соңынан  оқушы  өзімен 



үйіне алып кете алады.  

 

Тәртіп 

Мектебімізде аздаған тәртіп бұзушылық кездеседі, бұл жағдайлар , әсіресе, бастауыш сынып 

оқушылары  арасында  жиі  кездеседі.  Мектептің  тәртіп  Кодексін  бұзған  оқушы  тәлімгер 

мұғалімінен  немесе  сынып  жетекшісінен  ауызша  ескерту  алады,  бұл  туралы  SIMS-те 

жазылады (мектепішілік мәліметтер жинағы, электронды журнал). 

Егер  оқушыға  ескерту  берілгенненкейін  оның  тәртібі  дұрысталмаса,  басқа  да  тәртіп 

бұзушылық  әрекеттері  байқалған  жағдайда  бұл  туралы  деңгей  басшысына  шұғыл  түрде 

хабарлау  керек.  Оқушылармен  болатын  әңгімелердің  міндетті  түрде  оның  жеке  ісіне 

жазылып отырылуы тиіс. Балаларының тәртіпсіздігі туралы ата-анаға жағдай ушыққан сипат 

алған кезде немесе оның тәртібі еш дұрысталмаған кезде ғана хабарланады. 

Мектепішілік ереже өрескел бұзылған немесе қайталанған жағдайда ақпарат директордың 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарына  жеткізіледі.  Осыдан  кейін  директордың  тәрбие  ісі 

жөніндегі  орынбасары  мәселені  қарастырып,  қажет  деп  тапқан  жағдайда  мектеп 

директорын  құлағдар  етеді.  Мұндай  тәртіп  бұзушылық  әрекеттерін  мектеп  директоры 

қарастырған  жағдайда  берілетін  жаза  да  ауырлайды,  салмақты  болады.  Сонымен  қатар 

мұндай  тәртіптік  жазалау  шараларын  мектеп  директоры  мен  директордың  орынбасары 

қарастыратын  жағдайда  қарастырылатын  мәселеге  атсалысу  үшін  ата-ана  да  мектепке 

шақыртылады.  Сондай-ақ  ата-ана  мектепке  баласының  төмен  оқу-білім  үлгерімі  бойынша 

немесе тәртібі алаңдатарлық деңгейде болса шақыртылады. 

Мектеп  қауымдастығының  мүшелерінің  бір  де  бірін  жәбірлеуге,  келемеждеуге  немесе 

оларға  дөрекі  сөйлеуге,  сонымен  қатар  қарсы  күш  қолдануға,  мектептің  мүлкін  әдейі, 

қасақана бүлдіруге, күрделі қиындықтарға апаратын әректтер жасауға тыйым салынады.  

 

Мектепалды  даярлық  топтарында  мұғалімдері  мен  өзге  топтас  балаларын  тістеуге  немесе 



ұруға  тыйым  салынады.  Тәртіп  бұзушылардың  ата-аналары  мектепке  шақыртылып,  оқушы 

үйіне жіберіледі. Мектепалды даярлық топтарының  балалары және KS1 бастауыш және  KS2 

орта  деңгей  оқушылары    тәртіпсіздік  жасаған  болса,  үзіліс  кезінде  сыртқа  шығып,  ойнау 

құқығынан айрылады.  

 

Санкциялар 

Мұғалімдер,  әрине,  белгілі  бір  деңгейде  жазалау  шараларын  қолдана  алады,  алайда  егер 

тәртіп  бұзушылық  тым  өрескел  болып,  мәселе  ушығып  тұрса,  ересек  мұғалімдермен 

ақылдасып, тәртіптік жаза қолдануға тура келеді. 



  

Үзіліс:

 KS1 бастауыш деңгей  оқушысы немесе мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі 

тәртіпсіздік  жасайтын  болса,  мектеп  қызметкері  немесе  мұғалімдер  сабақ  үстінде  оны 

сабақтың  тапсырмасын  жасаудан  босатып,  өз  іс-әрекеті  туралы  ойланып,  өзінің  дұрыс 

еместігін, нені бұрыс жасағандығын түсінуге шақырады. Үзіліс ұзақтығы - 1-5 минут.  



 

Қызғылт қағазға қол қою: 

 KS2 орта және негізгі, жоғары деңгей оқушыларына тәртіпсіздік  

жасағандары  үшін  берілетін  карточка.  5  қызғылт  карточканың  қолын  жинаған  оқушының 

автоматты түрде үлгерім парақшасына ескерту жазылатын болады. Қызғылт  карточканың 10 

қолын жинаған оқушыға Қызғылт карточка беріліп, сол оқушы тиесілі Үйден 20 ұпай алынып 

тасталынады.  Сол  оқушы  сабақтан  кейін  қалдырылады.  Ата-анасына  баласының  Қызғылт 

карточка алғаны туралы хабарлама жіберіледі. Қызғылт карточка үлгерімі үшін берілмейді, 

ол оқушының тәртіпсіздігі, бұзақы қылықтары үшін берілетін карточка. 

 

Сабақтан  кейін қалдыру:

 деңгей жетекшісінің келісімімен мектептің кез келген қызметкері 

бұл  тәртіптік  жазалау  шарасын  қолдана  алады.  Бұл  тәртіптік  жазалау  оқушының  төмендегі 

әрекеттері  үшін  қолданылады:  дөрекілік  таныту,  өзелерді  құрметтемеу,  бейәдеп  сөздерді 

қолданып,  өзгелерді  жәбірлеу.  Оқушылар  сабақтан  кейін  15.50-ден  16.50  аралығында 

қалдырылады.  24  сағат  ішінде  оқушының  ата-анасына  немесе  қамқоршысына  оқушының 

мектепте  сабақтан  кейін  қалдырылуы  туралы  хабарлама  жіберіледі,  мұндай  тәртіптік 

жазалау шарасының маңызы өте жоғары.  

 

Қоғамдық  белсенділік:

  оқушы  сабақтан  бос  уақытында  мектептің  қоғамдық  өміріне 

белсенді араласа алады.  



 

Келісім:

  оқушылар  өзінің  мінез-құлық,  жүріс-тұрысы  және  мектепте  өзін-өзі  ұстау  туралы 

келісімге  қол  қояды,  осы  келісімге  сәйкес  қандай  да  бір  қиындық  туындап,  өзі  шеше 

алмайтын болса, көмек сұрауына болады. 



 

Оқушының  тәртібі  туралы  есеп:

  оқушыға  бұл  есеп  KS3  негізгі  деңгей  мұғалімі,  деңгей 

меңгерушісі  мен  директордың  орынбасары  тарапынан  беріледі.  Бұл  есепке  оқушының 

тәртіпсіздігі  немесе  оның  жүріс-тұрысында  алаңдатарлық  құбылыс  байқалғанда  ескертпе 

жазу үшін, сонымен қатар баға қою үшін қолданылады. 

 

Уақытша  мектепішілік  іс-шаралардан  алыстатылуы,  қатыстырылмауы:

  мектеп 

директорының  шешімімен  белгілі  бір  мерзім  аралығында  оқушының  бейәдепсіздігі, 

тәртіпсіздігі  үшін  сабақтан  босатылып,  өз  тобынан  бөлек  өзге  мұғалім  бақылауында  болуы 

талап етіледі. 

 

Уақытша  мектептен  шығару:

  мектеп  директорының  шешімімен  белгілі  бір  мерзім 

аралығында оқушы үйіне жіберіліп, сабаққа қатыстырылмайды.    



 

Мектептен біржола шығару:

 мектеп директоры оқушыны мектептен өте өрескел тәртіпсіздігі 

мен ата-анасына бірнеше скертпе хат жібергеннен кейін мектептен біржола шығара алады. 

Мектеп  оқушыны  мұндай  қылықтары  үшін  алдын-ала  ескертпестен  мектептен  шығарып 

жіберуге  құқылы.  Дегенмен  мектеп  директоры  оқушыны  мектептен  шығару  шешімді 

қамқоршылар кеңесінің Төрағасымен кеңеспестен қабылдай алмайды. 

 

 



 

 

Емтихан  тапсыра  алмаған  немесе  үй  тапсырмасын  төмен  деңгейде  орындаған  оқушылар 



«кейін  қалушылар»  тізіміне  енгізіліп,  түскі  үзіліс  кезінде  ересек  мұғалімнің  бақылауымен 

тапсырмаларды қайта орындауға жіберіледі.  

 

Барлық  тәртіптік  шара  қолдану  әрекеттері  әділ  жүргізіліп,  кез  келген  жағдаятқа  қатысты 



нақты шара қолдану құқығын мектеп өз құқықтарына жатқызады. 

 

Жазба 

Көк,  сары  және  қызғылт  карточкалардың  жазбасы  автоматты  түрде  SIMS-ке  енгізіліп 

отырылады. Оқушының тәртіпсіздігі мен үлгілі жүріс-тұрысы туралы жазбаны жазу-жазбау әр 

мұғалімнің  өз  еркінде.  Дегенмен  өрескел  тәртіп  бұзушылық  әрекеттері  міндетті  түрде 

жазылады. 

  

ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІ  - СЫЗБАСЫ 

Тәрбиелеу  жұмыстарының  жүйелі  түрде  жақсы  жұмыс  істеуінің  негізгі  заңдылығы  оның 

тиімді болуында. Мектебіміз мұғалімдер мен тәлімгерлердің тәрбиелеу үдерісіне деген оң 

көзқараста болуларын мақтан тұтады.  

 

Мұғалімдер,  әрине,  белгілі  бір  деңгейде  жазалау  шараларын  қолдана  алады,  алайда  егер 



тәртіп  бұзушылық  тым  өрескел  болып,  мәселе  ушығып  тұрса,  ересек  мұғалімдермен 

ақылдасып, тәртіптік жаза қолдануға тура келеді. 

Төменде тәртіптік жазалау шараларының реті беріледі: 

 



Сыныптағы тәртіп бұзушылық = мектепалды даярлық топтары мен  / KS1 бастауыш 

деңгейде үзіліс 

 

KS2/ KS3/ KS4 деңгей оқушылары үшін қызғылт карточканың қолы қойылуы.  



 

Тәртіп бұзушылық туралы күнделікке жазба түсіру. 



 

SIMS-ке  тәртіп бұзушылық туралы сынып жетекшісі немесе пән мұғалімінің  жазба 



түсіруі. 

 



Барлық деңгей оқушылары үшін апта сайын күнделіктеріне жазылған ескертпелермен 

ата-ана танысып, қол қоюы тиіс 

 



 



3 қызғылт карточканың қолын жинаған оқушыға белгілі тәртіптік шара қолданылады, 

мектептен кейін қалдыру, күнделікті бақылауда болу  

 

5 қызғылт карточканың қолын жинаған оқушының автоматты түрде үлгерім 



парақшасына ескерту жазылатын болады.  

 



Пән мұғалімдері немесе сынып жетекшілері ата-аналардың  электрондық  

пошталарына 

 

+  Деңгей жетекшісіне + директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары хат жіберуі 



 

 



Қызғылт  карточканың 10 қолын жинаған оқушыға Қызғылт карточка беріледі,  

 



Мектеп  Директорымен пікірлеседі, сол оқушы тиесілі Үйден 20 ұпай алынып 

тасталынады, Деңгей жетекшісінің шешімімен ол оқушы сабақтан кейін 

қалдырылады. 24 сағат ішінде ата-анаға бұл әрекет туралы жазбаша хабарлама 

жіберіледі. SIMS-ке  тәртіп бұзушылық туралы сынып жетекшісі немесе пән 

мұғалімінің  жазба түсіреді 


 

 



Өзге тәртіптік шаралар қолдану туралы Деңгей жетекшісімен кеңесіп барып, шешім 

шығарылады.  

 

Қоғамдық жұмыстар 



 

Мектеппен / оқушымен келісім 



 

Үлгерім қағазын Деңгей жетекшісі немесе директордың орынбасары береді  



 

Мектептегі әрекетін тоқтату – оқушы мектепте қалдырылады, белгілі бір сабақтарға 



қатыстырылмайды 

 



Уақытша шығару 

 



Временное исключение – директордың шешімімен оқушы белгілі бір мерзімге үйіне 

жіберіліп, мектепке келуіне рұқсат етілмейді. 

 

Біржола мектептен шығару 



 

(қамқоршылар кеңесі Төрағасының мақұлдауымен жүзеге асырылатын шешім). 



 

Барлық  тәртіптік  шара  қолдану  әрекеттері  әділ  жүргізіліп,  кез  келген  жағдаятқа  қатысты 

нақты шара қолдану құқығын мектеп өз құқықтарына жатқызады. 

 

 



Document Outline

  • Білім беру ісінің ажырамас бір бөлігі  тәртіпті сақтау болып табылады. Біз оқушыларды, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын алдын-ала ойластырған немесе қайталап істеген тәртіпсіздіктері үшін жазаламаймыз. Біздің білім беру жүйеміздегі ынталандыру және ...
  • Дегенмен, біздің оқушыларымыздың қандай жүріс-тұрыстың қабылданбайтындығын біліп жүргендерін қалаймыз. Оқушылар есейген сайын жүріс-тұрыс ережелерін сақтап қана қоймай, өз іс-әркеттері үшін жауап беруді де үйренулері қажет, бұл өте маңызды жайт болып ...




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал