Хабаршысы №4(5), 2010



жүктеу 5.05 Kb.

бет3/19
Дата01.03.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 
 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН  
АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Әбілова Г.А.- аға оқытушы (Алматы қ.,ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінде  тәрбиені  дамыту  соңғы 
жылдары  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің,  субъектілерге 
білім  беретін  басқару  органдарының,  білім  беру  мекемелерінің  барлық  типтері  мен 
түрлерінің   заңды басым бағыттарының бірі болып отыр. 
Қазақстан 
Республикасы 
үздіксіз 
білім 
беру 
жүйесіндегі 
тәрбие   
тұжырымдамасында:  «Жас  жеткіншектер  тәрбиесі  еліміз  қауіпсіздігінің  негізін 
құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның 
білім  беру  ұйымдарындағы  тәрбие  жұмысын  реттейтін  бірінші  тұжырымдамалық 
құжат  1995  жылы  қабылданған  «Мектеп  жасына  дейінгі  және  мектеп  жасындағы 
балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, 
ұстанымы,  мазмұны  мен  тәсілдері  қарастырылып,   отбасының  тәрбиелік  потенциалы 
мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді кӛңіл бӛлінді.  Бұл құжат бүгінгі күні ӛзінің 
миссиясын  орындады  деп  айта  аламыз.   Жоғарыда  айтқанымызға  орай   үздіксіз  білім 
беру  жүйесінде  тәрбие  мәселесінің  бүгінгі  жағдайына  сай  келетін  білім  алушыларды 
тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау  қажеттілігі туып отыр», -делінген.  
Жас  ұрпақтың  азамат  болып  қалыптасуы,  оның  шығармашылықпен  дамуының 
түп  тамыры  тәрбиеден  бастау  алып  ол  Қазақстанның  ертеңі   мен   еліміздің  ұлттық 
қауіпсіздігі,  қоғамның  құндылық  бағдарлары  жайлы  сӛз  қозғағанда  тәрбие     
проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді. 
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу әр түрлі іс-әрекеттер арқылы 
жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген 
қайырымдылық,  мейірімділік,  жанашырлық,  достық,  жолдастық  сезімдерді 
тәрбиелеуге болады. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
20 
Баланың  қуанышы  мен  реніші  ойында  айқын  кӛрінеді.  Ойын  кезіндегі  баланың 
психологиялық  ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмоциялық  әсері  ұшқындайды, 
белсенділігі  артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды,  мұның  бәрі  баланың 
шығарымпаздық қаблеті мен дарынын ұштайды. 
Демек  ойын  баланың  кӛңілін  ӛсіріп,  бойын  сергітіп  қана  қоймай,  оның  ӛмір 
құбылыстары  жайлы  таным  –  түсінігіне  де  әсер  етеді.  Балалар  ойын  арқылы  тез  тіл 
табысып  жақсы  ұғысады,  бірінен-бірі  ептілікті  үйренеді.  Ойын  үстінде  дене  қимылы 
арқылы  ӛзінің  денсаулығын  нығайтады.  Халқымыз  ойындарға  тек  балаларды 
алдандыру,  ойнату  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың 
кӛзқарастарының,  мінез-құлқының  қалыптасу  құралы  деп  те  ерекше  бағалаған.  Қазір 
бізге  жеткен  ұлт  ойындарымыз:  тоғызқұмалақ,  қуыршақ,  асық  ойындары.  Қазақтың 
кӛне  жыр  –  дастандарында  ұлттық  ойындар  балаларды  тәрбиелеуде  ерекше  орын 
алғандығы айқын кӛрінеді. Мәселен,  «Қобыланды»,  «Алпамыс»,  «Ер Тарғын» сияқты 
эпостық  жырларда  елін  сүйген  батырлардың,  жұртшылық  сүйіспеншілігіне  бӛленген 
ер  жігіттердің  ең  алдымен  ұлттық  ойындарда  сайысқа  түсіп,  одан  кейін  кӛп  кісі 
қатысқан 
ойын-сауықтарда 
ӛздерінің 
мергендік, 
палуандық, 
шабандоздық 
шеберліктерін  кӛрсеткендіктері  айтылады.  «Домбырамен  күй  шерту»,  «Аттың 
құлағында  ойнау»,  «Аударыспақ»,  «Күлкі  ойыны»,  «Балалар  ойыны»,  «Ақ  сүйек», 
«Тоғызқұмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» ӛте ерте заманда пайда болып, біздің 
ата-бабаларымыздың  ұлттық  ойындарының  ғасырлар  бойы  ӛмір  сүргендігін  айқын 
кӛрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, 
батылдыққа,  ептілікке,  шапшандыққа  баулиды.  Ақыл-ойын  дамытатын  «Он  бір  қара 
жұмбақ»  деген  тәжірибелік  маңызы  зор  тағы  бір  ойынның  түрі  бар.  Оның  басты 
ерекшелігі  есеп  сұрақтарын  қою  арқылы  баланың  ойлау  қабілетін  дамытады. 
Бӛбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», 
т.б.  тартымды  ойындарды  үйрету,  тіл  ӛнеріне  негіз  салады  деп  есептелген.  Балалар 
негізінен  ойын  үстінде  бір-бірімен  тез  тіл  табысады.  Ойынына  қарап  баланың 
психологиясын аңғаруға болады /1/. 
Б.М.Мендалиев  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  арасында  неғұрлым  жиі 
ойналатын  ойын түрлері негізгі тӛрт топқа бӛлген, оларға:  
-  мазмұнды  бейнелік,  еліктеу  ойындары  кірді,  себебі  ойындар  кезінде  ойын 
тәртібі  аяғына  дейін  сақталып,  ойын  жан-жануар  кейпінде,  немесе  бір  заттарды 
қолдану арқылы іске асырылды
 -  ой  ойындары  тобына  шешімін  ойлап  табуға  негізделген  ойындар 
топтастырылды; 
 -  спорттық  бағыттағы  ойындар  тобына  ережесі  бар,  орын  реті  қарастырылған, 
ұпай саны берілетін ойындар топтастырылды; 
 - тӛртінші топқа ойын кезінде ойыншының қалауы бойынша ойын тәртібі ӛзгере 
беретін  ойындар  топтастырылды.   Ойын  түрлерін  осы  тәртіппен  топтастыру  дене 
шынықтыру 
сабағының 
мақсатына 
байланысты 
ойындарды 
балалардың 
мүмкіндіктеріне қарай таңдап алуды жеңілдетеді / 2/ 
1980-жылдардан  бастап  еліміздің  білім  беру  мекемелерінің  6  жастағы  балаларға 
және  дайындық  топтарына  арналған  әдістемелік  құралдар  шыға  бастады.  М.  Т. 
Тұрыскелдинаның қазақ тілінде 1981 жылы «Жалын» баспасынан «Кел ойнайық» атты 
бірінші әдістемелік құралы балабақшаларға арналған оқу-құралдармен  қатар шықты. 
Автор  жылдың  қай  мезгілінде  де  бос  уақыттарында  ойнай  алатын  балалардың 
денсаулықтарының  шынығуына  және  мықты  болып  ӛсуіне  кӛмектесетін  сан  алуан 
ойын түрлерін жинақтап, оларды тӛмендегідей бӛліп кӛрсеткен: 
1.
 
Бой  ширатар:  «Тұтылма  -  құтыл»,  «Ақ  терек  пен  кӛк  терек»,  «Кӛрші», 
«Мысық - тышқан» т. б. 
2.
 
Доп ойындары: «Қарсы доп», «Қағып ал», «Допты ойын» т. б. 
3.
 
Эстафеталар: «Таяқша», «Дӛңгелетпек» т. б. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
21 
4.
 
Спорт ойындары: «Бадминтон» т. б. 
5.
 
Су ойындары: «Балық ұстау», «Жүзгіш» т. б. 
6.
 
Шаңғы ойындары: «Дәл тигіз», «Жарыс» т. б. 
7.
 
Мұз ойындары: «Фигура», «Жалау» т. б. 
8.
 
Ұлттық ойындар: «Сақина», «Қалашық» 
9.
 
Ой сергітер ойындар /3/. 
Құрманбай Толыбаев ӛз еңбегінде мектеп жасындағы балғындарды, ата-аналарды 
әлем  халықтары  балалар  ойындарының  алуан  түрлерімен  таныстырады.  Бұл  ойындар 
арқылы  сол  халықтардың  тұрмыс-салттары,  әдет-ғұрыптары  ,  ұлттық  дәстүрлері 
туралы  балалардың  таным-түсінігінің  кеңейе  түсері  даусыз.  Ойын  баланың  кӛңілін 
сергітіп, танымдық-түсінігін арттырады. 
Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы бірін-бірі тез түсінеді,  
бірі-бірінен  ептілікті,  сергектілікті,  тапқырлықты  үйренеді.  Басқа  ойындарды  ойнай 
білген  бала  сол  халықтың  мінез-құлқынан  ,  ой-санасынан,  тұрмыс-салтынан  хабар 
алады. Ӛзінің де кӛңілінде жаңа бір сезімнің кӛзі ашылып, сол халықтың балаларымен 
қоян-қолтық  араласып,  бірге  ойнап  жүргендей  қиялға  шоматыны  сӛзсіз.  Бұл  да  адам 
тануға жетелейтін біліктің бір кӛзі.  
 
Қ.Толыбаев ӛз зерттеуінде тӛмендегі әр елдің ойындарын атап ӛтеді: 
 
Орыс баларының ойыны «Екі аяз». 
1.
 
Украин баларының ойыны «Сұр мысық». 
2.
 
Белорус балаларының ойыны «Қаздар ұшып барады». 
3.
 
АҚШ балаларының ойыны «Жебе ату». 
4.
 
Қытай балаларының  ойыны  «Айдаһарды құйрығынан ұста»./4/ 
Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының да ӛзіндік тарихы, даму жолдары, 
қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда, бізге жеткен ұлт 
ойындарының  біразы  сонау  кӛне  заманнан  басталады.  Демек:  Қазақстан  жерінде 
қалыптасқан  алғашқы  құрылыс  халқымыздың  ұлттық  ойындарын  да  туғызған.  «Бес 
тас»,  «Асық»,»Садақ  ату»,  сияқты  ұлт  ойындары  шамамен  алғанда  осыдан  бес  мың 
жылдар  бұрын  ойналғандығы  жайында  айта  келіп  ағылшын  ғалымы  З.Маккей  «Бұл 
ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға 
ұқсайды» - дейді. 
Ұлт  ойындары  қоғамның  ӛзгеруі,  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдай  негізінде 
толығып,  тұрмысқа  сіңіп,  ӛзгеріске  ұшырап  отырған.  Мысалы,  Қазақстан  жеріндегі 
алғашқы  қауымдастық  құрылыста  қалыптасқан  «Аң  аулау»,  «Таяқ  жүгірту»,  «Садақ 
ату», «Қақпа тас», «Қарагие» ойындары келесі дәуірлерде қайталау толығу процесінде 
«Аң  аулау»,  «Құс  салу»,  «Жамбы  ату»  деп  аттары  ӛзгертілген,  бірақ  мазмұндары 
сақталған /5/. 
Ойын үстінде бала бейне бір ӛмірдің ӛзегіндей қуаныш, реніш сезімінде болады. 
Бірақ  одан  ойын  екенін  білмейді  деген  түсінік  тумайды.  Сондықтан  шындықтағыдай 
«сӛйтейік,  бүйтіп  кӛрейік»  деуі,  олардың  «ойынды  ойын»  деп  түсінуінен.  Бұған 
байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау: 
а)  ойын-  тәрбие  құралы  арқылы,  ақыл-ойды  кеңейтеді,  тілді  ұстартады,  сӛздік 
қорды байытады, ӛмірді танытып, сезімді кеңейтеді. 
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
б) ұжымдық сезім әрекеттері ӛсе түседі. 
в) эстетикалық тәрбие беру құралы 
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д)дене күшінің жетілуіне кӛмектеседі./1/ 
Авторлар  еңбектерін  зерттеу  нәтижесі  кӛрсеткендей,  ойындардың  балалардың 
денесінің даму динамикасына әсерінің бар екендігі кӛрінді. Бұдан туындайтын мәселе 
бүгінгі  заман  талабына  сай  мектепке  дейінгі  балалардың  денесін  дамытуда  ойын 
элементтерін әр сабақта ұтымды пайдалану қажеттілігі дәлелденген.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
22 
Ұлттық  ойындар  баланың  дүниені  танып  білуіне  қадам  жасар  алғашқы  ӛмір 
кезеңінде  тікелей  қоршаған  ортамен  байланысын,  адамдармен,  қарым-қатынасын 
арттырушы құрал болып табылады. 
Қазақ халқының ұлттық ойындары - жеке адамдарды тәрбиелеу ғана құралы емес
қоғамдық ортаға тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік құрал ретінде күрделі қызмет 
атқарады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Балалардың ой ӛрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру . 36mektep.ucoz.kz. 
2.
 
Мендалиев Б.М.Ұлттық халық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың  
дене шынықтыру сабағында қолдану. Автореферат, Алматы, 2009 
3.
 
Майра  Темірханова  Тұрыскелдина.  «Даярлық  кластар  мен  топтардағы  дене 
тәрбиесі». Алматы. 1984ж. 
4.
 
Құрманбай Толыбаев. Кел, ойнайық. Алматы, «Ӛнер»,  1990, 64 б. 
5.
 
Нұрмұхамбетова  А.А.  Ұлттық  ойындардың  педагогикалық  тұрғыдағы 
зерттелуі.  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары,  Алматы, 
2008. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды ойындар арқылы тәрбиелеу мәселесі 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  значение  игр  в  воспитании  детей  дошкольного 
возраста. 
 
 
 
 
  БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӚРНЕКІ ҚҦРАЛДАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ТИІМДІЛІГІ 
 
Жаспанова Т.Қ. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Бүгінгі  таңда  елімізде  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  дәрежеде  қайта 
қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі 
талаптар  -  Қазақстан  білім  беру  жүйесінің  бүкіл  әлімдік  білім  беру  кеңістігіне  толық 
енуі,  алғашқы  ұлттық  білім  тұжырымдамасының  даму  стратегиясын  жасап,  моделін 
құру және оны іске асыру. Осының негізінде білім берудің негізгі мақсаты  бастауыш 
мектеп оқушыларына білім беріп, білік пен дағдыны қалыптастыруға қол жеткізу ғана 
емес,  солардың  негізінде  ӛз  алдына  жауапты  шешімдер  қабылдай  алатын,  әр  істе 
белсенді  шығармашылық  әрекет  жасайтын,  жылдам  ӛзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде 
лайықты  ӛмір  сүріп,  еркін  жұмыс  істей  алатын  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  болып 
табылады. 
Бұл  мақсаттың  нәтижелі  шешімін  табу  үшін  жұмысты  үздіксіз  білім  берудің  ең 
алғашқы  сатысы-бастауыш  білім  беру  деңгейінен  бастаудың  маңызы  зор.
 
Ӛйткені, 
білімнің  кӛзі,  тәрбиенің  негізі  бастауыш  мектепте  қаланады.  Бүгінгі  күні  бастауыш 
мектептегі  оқу  пәндерінің  мазмұны  мен  мақсаты  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жұмыс 
түрлерін  ұштастыра  отырып,  оны  одан  әрі  жетілдіруді  ӛмірмен  байланыстыруды 
міндеттеп отыр. Бұл міндет тиімді оқыту құралдарын жетілдіріп, оларды қазіргі уақыт 
талабына  сай  жасау  қажеттілігін  кӛздейді.  Бастауыш  мектепте  негізгі  оқыту 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
23 
құралдарының  бірі  -  оқушының  байқау-кӛру  қабілетінің  ерекшеліктерін  ескеріп, 
дамытатын кӛрнекі құралдар болып табылады. 
Бүгінгі күні бастауыш мектептегі оқу пәндерінің мазмұнына сәкес мақсаты оқыту 
мен  тәрбиелеудің  жұмыс  түрлерін  ұштастыра  отырып,  оны  одан  әрі  жетілдіруді 
ӛмірмен  байланыстыруды  кӛздейді.  Бұл  ӛз  кезегінде  тиімді  оқыту  құралдарын 
жетілдіріп, оларды қазіргі уақыт талабына сай қолдануды меңзейді. 
Бастауыш  мектептің    негізгі  міндеті  –  баланың  жеке  басын  бастапқы 
қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның  қабілеттерін  анықтау  мен  дамыту.  Осы 
сатыдағы оқу мен тәрбие оңтайлы  қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу мен 
жазудың  берік  дағдыларын  үйренуге,  тілдік  қарым-қатынастың  қарапайым 
тәжірибесіне,  ӛзін-ӛзі    шығармашылық    тұрғыдан  таныта  білуге,  мінез-құлқының 
мәдениетіне,  жеке  гигиенаның  және  салауатты  ӛмір  салтының  негіздеріне 
бағдарланады. 
Қазіргі кезеңде оқыту құралдарының ішінде кӛрнекі құралдарының жүйелілігіне 
басты кӛңіл бӛлінеді. Педагогика тарихында кӛрнекі құрал мәселесі ерте заманнан-ақ 
ойшылдар  мен  ғұламалардың  назарында  болып,  соның  нәтижесінде  бірнеше  құнды 
шығармалар мен педагогикалық туындылар ӛмірге келді. 
Оқыту үрдісінде кӛрнекілікті XVII ғасырда чехтың прогресшіл ұлы педагогы Ян 
Амос Коменский енгізді. Ол ӛзінің «Ұлы дидактика» деген еңбегінде оқытуда адамның 
барлық сезім мүшелерінің қатыстырылуын талап етеді /4/. 
Я.А.Коменский  таным  мен  оқытудың  негізі  ретінде  сезім  тәжірибесін  алып, 
алғаш рет кӛрнекілік принципін теориялық тұрғыдан тұжырымдады және толық ашып 
кӛрсетті.  Кӛрнекілік  Я.А.Коменскийге  дейін  де  қолданылды,  бірақ  бұл  теориялық 
негіздемесі  жоқ,  эмпирикалық  деңгейде  болатын.  Ол  кӛрнекілікті  кең  мағынасында 
қарастырды,  тек  кӛру  ретінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  барлық  сезім  органдарын 
заттар мен құбылыстарды жақсы және анық қабылдауға шоғырландыруды кӛздеді. 
Оқытудағы  кӛрнекілік,  орыстың  ұлы  педагогы  К.Д.Ушинскийдің  дәлелдеуінше,   
-      оқуды      жалпы      ұғымдарға      емес,      нақты      фактілерге,  образдарға      негіздеу.   
Кӛрнекілік  әдісі   ӛз  бетінше  байқауға,   үйретуге негізделеді. 
Оқу процесінде кӛрнекі құралдарды пайдалану тиімділігі сабақ үстінде олардың 
әртүрлі  педагогикалық  жағынан  орынды  ұштастыра  білу  ғана  емес,  сонымен  бірге 
кӛрнекілік  пен  басқа  да  білім  кӛздерінің,  атап  айтқанда  мұғалім  сезімінің 
арақатынасына байланысты болады.
 
Кӛрнекі  оқытудың  негізгі  мәні  сабақты  түсінікті  етіп  жүргізу  үшін  тиісті 
құралдар  пайдалану  немесе  сабақты  тәжірибе  қою  арқылы  ӛткізу  болып  табылады. 
Оқу  материалдарын  сӛз  арқылы  түсіндіру  толық  нәтижеге  жеткізбейді.  Ӛйткені 
оқушылар мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол мазмұнның қандай нақты бейнелерді 
білдіретінін  білмейді.  Мұның  себебі  сабақ  мазмұнын  нақты  кӛріністермен  берік 
ұштастырылмағандығынан  деп  білуге  болады.  Тіпті,  ғылым  жетістігі  болып 
табылатын жаңа ой пікірлердің бәрі де нақты бейнелердің негізінде болмақ. Ӛйткені, 
бала  игеретін  ұғымдардың  бәрі  де  нақты  бейнелердің,  кӛрнекі  оқытудың  негізінде 
жүзеге асады. 
Кӛрнекі құрал білім кӛзі ретінде қолданылғанда, ол елеулі  мәселеде-жалпылама 
қорытынды  жасауда  -  негіз  болып  табылатынын  атап  кӛрсетіп,  негізгі  емес  қосалқы 
мәнін  атап  кӛрсетіп  отыруы  тиіс.  Мысалы,  тік  тӛртбұрыштардың  модельдерінің 
ӛлшемдерін  (үлкен-кішілігін)  түрліше  етіп  алу  керек  -  бұл  қарама-қарсы 
қабырғаларының тең болуы кез  келген тік тӛртбұрыштардың ортақ қасиеті екендігін, 
оның  қабырғаларының  ұзындығына  байланысты  болмайтынын  балалардың  кӛруіне 
мүмкіндік береді. Сӛз болса қабылдауды күшейтеді, сондықтан мұғалім оқушылардың 
байқағандарын бағыттап отыратындай нақты сұрақтар қойып отыруы керек. 
Кӛрнекі  құралдарды  пайдаланудың  тиімділігінің  негізгі  шарттары  сабақта 
кӛрнекі  материалды  жеткілікті  және  қажетті  мӛлшерде  қолдану  болып  табылады 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
24 
(қажетінше, шамадан тыс емес). Егер кӛрнекі құралдар қажет емес тұста қолданылатын 
болса,  онда  балалардың  зейіні  қойылған  міндеттен  басқаға  ауып,  оның  зияны  тиеді. 
Практикада  осындай  фактілер  кездеседі:  мысалы,  бірінші  сынып  оқушысы 
арифметикалық  есептерді  шығарғанда  арифметикалық  амалды  (қосуды  немесе 
азайтуды)  таңдап  алуға  үйренеді.    Мұғалім    бұл    мақсат  үшін  бұтаға  қонып  отырған 
құстар  мен  оған  ұшып  келіп  қонған  құстардың  (немесе  керісінше,  одан  ұшып  кетіп 
бара  жатқан  құстардың)  суретін  пайдаланады.  Оқушы  осы  суретке  қарап,  сандарға 
ешбір  арифметикалық  амалдар  қолданбастан,  есептің  жауабын  құстарды  жай  санап 
шығып-ақ  табады.  Бұл  жағдайда  пайдаланылған  кӛрнекіліктің  кӛмегі  тимейді,  қайта, 
керісінше,  балалардың  есеп  шығара  білуін,  яғни  есеп  шартында  берілген  сандарға 
қолданылатын  амалды  таңдап  ала  білуін  қалыптастыруға  бӛгет  жасайды.  Екінші  бір 
мысал:  балаларға  есепте  кездесетін  таныс  емес  нәрселердің  (метро,  завод,  трамвай, 
т.с.с-қала  балаларына)  суретін  иллюстрациялап  кӛрсету  қажеттігі  түсінікті.  Алайда 
таныс нәрселер кескінделген суреттерді балаларға кӛрсетудің қажеті жоқ. 
Кӛрнекі  құралдарды  жасауға  балаларды  қатыстырып  отырған  пайдалы.  Мұның 
білімділік  және  тәрбиелік  маңызы  зор,  білім  мен  біліктерді  саналы  түрде  және  берік 
меңгеруге,  белгілі  бір  еңбек  дағдыларына  тӛселдіруге  кӛмектеседі.                Сонымен 
кӛрнекі  құралдар  білім  беру  кӛздерінің  бірі  ретінде  пайдаланылмай,  мұғалім  сӛзінің 
иллюстрациясы ретінде ғана қызмет атқарса, оларды қолданудың тиімділігі анағұрлым 
тӛмен болып шығатын кӛрінеді. Ӛкінішке орай, мектеп практикасында мұғалімнің сӛзі 
мен  кӛрнекі  құралдарды  ұштастырудың  дәл  осы  формасы  әлі  күнге  дейін  анағұрлым 
кеңірек  етек  алуда.  Демек,  оқу  процесін  жетілдіру  міндеттерінің  бірі  сабақтарда 
кӛрнекі құралдарды мәлімет берудің дербес кӛздері ретінде кеңінен пайдалану болып 
табылады. 
Оқу  процесінде  кӛрнекілікті  бір-бірімен  ұштастырып  отыру  қажет,  мұның  ӛзі 
оқылып  жатқан  объектінің  қасиеттерін  және  белгілерін  барлық  жағынан  алып 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Жоғарыда аталғандай, кӛрнекіліктер қолдану сабақтың тиімділігін арттырады. Ӛз 
педагогикалық 
тәжірибемізде 
қолданылған 
кӛрнекіліктердің 
түрлері 
мен 
қолданылатын кезеңдерін байқап, мынадай қорытындыға келдім. 
1. Оқулық - сабақтың тұрақты элементі. 
2.  Магнитофон  таспасы  -  оқушылардың  білімін  тексеру  үшін  алынатын 
математикалық диктанттарды хабарлау құралы. 
3.  Кодоскоп  пленкалары  -  әртүрлі  тапсырмаларды  тексеру  үшін  сызбаларды 
қолданып  теңсіздіктер  шешуде,  алгебралык  есептерді  геометрия  кӛмегімен  шешуде, 
уақытты үнемдейтін кұрал. 
4.  Дидактикалық  материалдар  -  оқушымен  жекелей  жұмыс  жүргізуге  мүмкіндік 
беретін кӛрнекілік түрлері. Оларға перфокарталар, үлестірмелі қағаздар, суретті ӛзіндік 
жұмыстар т.с.с. жатады. 
5.  Экранды  құрылғылар  (диафильм,  диопозигив)  -  жалпылау,  қорытындылау 
кезеңінде  оқушының  танымдық  белсенділігі  мен  ойлау  қабілетін  арттыратын  кӛрнекі 
құралдардың бірі. 
6.  Микрокалькулятор  -  алгоритмі  бойынша  тез  есептеуге  мүмкіндік  беретін 
құрал. 
7.  Компьютерлік  құрылғылар  -  есеп  шығаруға,  тестілер  шешуге  дағдыландыру 
және оқушының әділ бағасын алуы үшін қолданылатын, таптырмайтын кӛрнекілік. 
8.  Қандай  да  бір  заңдылықтың  демонстрациялық  және  лабораториялык 
модельдері  –тәжірибе  жасап,  қорытындысын  кӛрсете  білуге  арналған  кестелер 
(таблицалар), моделъдер. 
9.  Атақты  математиктердің  портреттері  -  тақырыпқа  тарихи  шолу  жасағанда, 
тарихи шегініске керекті кӛрнекілік. 
10.  Тақта,  бор,  циркуль,  сызғыш,  транспортир,  үшбұрышты  сызғыш,  магнитті 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
25 
тақта - математика пәні мұғалімдерінің қолынан түспейтін, қажетті құралдар. 
11.  Қосымша  әдеби  кітаптар,  журналдар  -  сабақтың  ғылымилығын  арттыратын 
құралдар. 
Қандай  кӛрнекіліктер  болмасын,  ретімен,  жүйелі  түрде,  белгілі  бір  мақсатты 
түрде қолданылса ғана, ол — кӛрнекілік. 
 
ӘДЕБИЕТТЕ: 
1.С.Г.  Шаповаленко.  Орта  мектепке  арналған  қазіргі  заманғы  кӛрнекіліктер  жүйесі. 
"Советская педагогика", 1957. №5 
2.Бабанский Ю.К "Оқыту барысының интенсификациясьГ. М. Знание, 1987 
3.Г.В.  Карпов,  Романин    В.А.  "Оқытудагы  техникалық  құралдар"  М.,  Просвещение, 
1979 
4.Я.А.Коменский "¥лы дидактика". Таңдамалы педагогикалық шығармалар. М., 1955 
5.А.А. Леонтьев Психиканың даму мәселелері" М., Издательство МГУ, 1981 
6."Педагогика" Ю.К. Бабанский және тағы басқалар. М., Просвещение, 1988 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Бұл  мақалада  бастауыш  мектепте  оқыту  процесінде  кӛрнекі  құралдарды 
пайдаланудың  тиімділігі мен мүмкіндіктері жайлы жазылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  использования  наглядных  дидактических 
пособий в учебном процессе начальной школы. 
 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ 
ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Идрисова Ж.И. – б.ғ.к., доцент,  Исламқулова И.Б. – мед. ғ.к., доцент 
 (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
   Қазіргі  кезде  республикамызда  ―Халыққа  білім  беру  жүйесіндегі  экологиялық 
оқыту мен тәрбие‖ мәселесін шешуде жас ұрпаққа кӛпшілікке үздіксіз экологиялық 
білім мен тәрбие беру тұжырымдамасына кӛп кӛңіл бӛлінуде. Бұл мәселені шешу үшін 
жасӛспірімдердің, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесінің 
мәні ӛте зор.  Экологиялық тәрбие - жер бетінің әрбір тұғырын қамтуға тиісті ӛмірлік 
мәселеге  айналып  отыр.  Мұның  мәні  -  адамдардың  бойында  табиғатты  қорғау 
белсенділігін  қалыптастырып,  қажетті  білім  және  икемділіктерімен  қаруландыру  деген 
сӛз.  
Қазіргі  кезде  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  экологиялық  білім  мен  тәрбие 
берудің  мақсаты  -  балаларды  табиғатқа  ұқыпты  қарауға  үйретіп,  оның 
байлықтарын  үнемді  пайдаланудың  орасан  маңызды  мәселе  екенін  ұғындыру, 
табиғатқа  дұрыс  қарым-қатынас  жасау  жӛніндегі  біліммен  және  дағдыларымен 
қаруландыру. Табиғатқа ұқыпты қарауға жеке және жауапкершілік сезімі сәбилік кезден 
бастап  тәрбиеленуі  тиіс.  Бұл  жұмыс  неғұрлым  ерте  басталса,  оның  педагогикалық 
тиімділігі соғұрлым жоғары болмақ. 
Біздің  елімізде  ―Әрбір  азамат  табиғатты  аялауға,  оның  байлықтарын  қорғауға 
міндетті»  деген  дәйектілікпен  жүзеге  асырылып  отырылмағаны  мәлім.  Тоқырау 
жылдары  еліміздің  табиғатын  қорғауға  зор  зардаптарын  тигізеді.  Бірыңғай 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
26 
экономикалық  ӛндірістік  мүдделер  басшылыққа  алынып,  экологиялық  талаптар 
ескерілмегендіктен,  еліміздің,  соның  ішінде  Қазақстанның  да  табиғаты  үлкен  зиян  
шекті. 
Мектеп  реформасында  да,  оқушыларға  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру 
мәселесі  айрықша  атап  кӛрсетілген:  ―Мектеп  ұқыпты  қожайынның  қасиеттерін 
қоғамдық  байлық  пен  туған  табиғатқа  қамқор  да  ұқыпты  кӛзқарасты  қалыптастыруға 
тиіс‖  -  делінген.  Онда  экологиялық  тәрбие  жұмыстарының  балабақшалардан  бастап 
үздіксіз  жүргізіліп  отыруы  қарастырылған.  Сондықтан  да,  мектепке  дейінгі  ұйым 
тәрбиеші-педагогтарына  жасӛспірімге  экологиялық  тәрбие  беруде  зор  міндеттер 
жұктеледі. 
Белгілі  педагог  А.С.Макаренконың:  ―Тәрбие  жұмыстарының  мақсаты  қайдан 
туындайды?  Ол  сӛзсіз  біздің  қоғамдық  қажеттілігімізден  келіп  туындайды‖  деген 
ӛміршең  пікірін  ескерсек,  балабақшада  жүргізілетін  табиғат  аясында  бӛлімінде 
экологиялық  тақырыптардың  бӛлек  алынып,  білім  беру  мен  тәрбие  ісіне  араласа 
бастауы  кездейсоқ  құбылыс  емес,  оқу  бағдарламасында  қазіргі  ӛмір  талабының 
орынды  ескерілуі.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда    экологиялық  тәрбие  беруде  табиғат 
аясында  сабағында  кең  мүмкіндіктер  ашылады.  Айналамен  таныстыру    сабағы 
барысында  құстар,  жануарлар,  жыл  мезгілдері  тағы  басқа  тақырыптарына       
байланысты      жазылған      ақын  -  жазушыларымыздың  әңгіме,  ӛлең  жолдары  арқылы, 
мектеп  жасына  дейінгі  балалардың    бойында  табиғатқа  деген  сұйіспеншілік,  аялы 
кӛзқарас,  ондағы  жанды  атаулыға,  қамқорсыз  жанға  деген  аянышты  сезімін 
тәрбиелеуге  кең  мұмкіндіктер  бар.  Бұл  жұмыстың  нәтижелі  болуы  тікелей 
тәрбиешінің    ӛзінің  шеберлігіне, ізденісіне, экологиялық сауаттылығына байланысты 
болмақ деп санаймыз. 
Табиғатта  тіршілік  атауы  бір-бірімен  тығыз  байланыста  екені  белгілі.  Оның 
бірінде  болып  жатқан  ӛзгеріс  міндетті  түрде  екіншісіне  әсер  етеді.  Бұл  тіршілік  тізбегі 
ұзақ  дәуірлерде  бірте-бірте  қалыптасқан,  оны  ғылыми  тілде  табиғи  тепе-теңдік  деп 
атайды. Олай болса, табиғатта тіршілік тізбегі мен адамның іс-әрекетінің арасында 
да, белгілі бір үндестік пен үйлесімділік сақталуы қажет. Адам ӛз іс-әрекетін болжауға 
болмайтын, орасан зиянды зардап шегері сӛзсіз. Сондықтан да, тәрбиеші ӛтіліп отырған 
тақырыбының  мазмұнына  байланысты  ӛз  әңгімесі  арқылы,  шәкірттеріне  адам 
табиғаттың  ажыратылмайтын  бір  бӛлігі,  онсыз  адам  баласы  ӛмір  сүре  алмайды,  жылу 
мен күн сәулесін және тұрғын үймен қамтамасыз  ете  алмайтынын, яғни табиғаттың 
адам баласына тигізер пайдасын баса айтып бергені жӛн. Сонымен бірге, табиғат тек 
адамдарға  ӛз  байлықтарын  беріп  қоймайды,  ол  адамзат  баласы  тарапынан  оған 
қамқорлық  қажет  ететінін  балалар  санасына  мектептің  алғашқы  күнінен  ұялата  білсе, 
болашақта бұндай тәрбиеші  ӛз шәкіртін экологиялық білімі бар азамат етіп тәрбиелей 
алатыны сӛзсіз. 
Бір сӛзбен айтқанда, ӛміріміздің ащы шындығын балалар санасына жеткізе білуіміз 
керек. Ӛйткені жер ана, табиғаттың ендігі тағдыры бүгінгі жас ұрпақтың қолында болмақ. 
Республикамыздағы экологиялық қатерлі апат аймағы деп айтылып  жүрген Арал 
теңізі  мен Балқаш кӛлін қорғау мәселесін де, Семей тұрғындарының ауыр халі, жер 
бетіндегі кейбір тірі атаулының құрып кетуі, ауаның ластануы, талай жылдар бойына 
жүргізіліп  келген  атом,  ракета  сынақтары  ата-жұртымызды  астан-кестен  қылғаны  - 
осының бәрі адам баласының табиғатқа салғырт қарауының нәтижесі екенін түсіндіріп, 
балабақшада    тиімді  тәрбие  құралы  етіп  пайдалануға  болады.  Әрине,  бұл  жерде 
балалардың    жас  ерекшеліктерін  ескер  отырып,  олардың  сана-сезіміне  лайықты, 
түсінікті  болатындай  экологиялық  тақырыпқа  арналған  әңгіме  шеңберінде  ӛтіліп 
отырған  әңгіме,  ӛлең  жолдарына  байланысты  кӛрнекі  құралдар  пайдалану  
тәрбиешінің  шеберлігіне байланысты. 
Мәселен, белгілі ӛтіліп отырған тақырыпқа сай алынатын ойындардың ӛзін 
ұтымды  тәрбие  құралы  етіп  пайдалануға  болады.  Балалар  тек  жай 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
27 
қызығушылықпен  ойнап  қоймай,  соған  үлкен  қорытынды  шығаруы  тиіс. 
―Құтқарайық‖,―Балапанға  кӛмектесу‖  деген  ойындар  барысында,  сол  әлсіз  кішкентай 
жануарға қамқорлық жасау баланың бойында қуаныш әкелетіндей, оған деген аянышты 
сезімін бастан кешіретіндей жағдай туылуы қажет. Оның   тәрбиелік жағынан баланың 
ӛздері қорытынды шығара білуі, не  тәрбиеші  балаға кӛмекке келуі тиіс. 
Балаларға  табиғатты қорғау тәрбиесін берудің аса маңызды   шарттарының   бірі  -  
оның      эстетикалық      тәрбиесін      бірлікте  қарастыру  болып  табылады.  Табиғат  қандай 
тамаша.  Кӛз  салып  оған  қараса,  -  дегендей,  ондағы  сол  бір  әсемдікті,  сұлулықты 
сезіндіру,  қабылдата  білгізу,  оған  қуану,  мейірбандық,  адамгершілік  сезімдерін 
дамыту оларды табиғатты аялауға құлшындырады. 
Табиғаттың  сырын,  сұлулығын  сезіне  білген  адам  ғана  табиғатты  сүйе  алады. 
Ал, ендеше оның пәрменді қорғаушысы да бола алады. 
Сондықтан  да,  айналамен  таныстыру,  яғни  табиғат  аясында  деп      балабақшадан 
бастап  жүргізілуінің  құндылығы      сонда  деп  білеміз,  онда  тәрбиелік  міндеттерді 
кеңінен  шешуге  мол  мүмкіндіктер  туады.  Табиғат  сырын  сезіну,  сұлулықты 
қабылдау,  оған  қуану,  адамгершілік  мейірбандық  сезімдерді  дамытып,  табиғатты 
аялауға  құлшындырады.  Сабақтың  әдістері  мен  тәсілдерін  эстетикалық  тәрбие 
беруге, табиғаттағы әсемдікті түсінуге, сонымен бірге оқушыларды еңбекті сүюге, еңбек 
адамдарын кұрметтеуге, оқуға адал ниетпен қарауға дағдыландыруға итермелейді. 
Енді,  осы  міндетті  сабак  барысында  клай  шешудің  кейбір  жолдарына 
тоқталайык.―Қазақстан-Республикам  менің‖  бӛлімінде  Алматы,  Қазақстан  туралы 
шығармалар енген. Бұл орынды да, әрі қажет. ―Отан‖ деген ұғымға жоғары аталған 
қасиетті  атаулар  мен  бірге  оның  табиғаты  да  кірмей  ме?  М.Әлімбаевтың  ―Менің 
Қазақстаным‖ ӛлеңінде Отан мен табиғат ұгымын бірлікте жырлайды. 
Болған жер - әкем-шешем шӛберелі 
Ыстық қой ең ақыры...ебежегі.  ' 
Аңқыған жұпар, жусан етегесі 
Құлпырма қызыл-жасыл кӛбелегі. 
Сайрауыш бұлбұлдары тоғайында 
Саулығын бастап кетер май айында. 
Табиғат жақын жерге кілем тӛсеп, 
Күй гулеп, симас кӛңіл сарайына... 
Отан  мен  табиғат  бірлігін  ақындай  кӛркем  терең  етіп  жеткізу  киын-ақ  шығар. 
―Отан‖  -  табиғат,  табиғат  -―Отан‖  деген  ұғымды  Дихан  Әбіловтің  ―Қазақстан 
Республикам менің‖ ӛлеңі толықтыра түседі. 
Ақын: 
Әйнегі - кұн, шатыры — аспан, 
Кең дала... Тӛсі толқыған егін. 
Кӛлдері кӛкке кұмістер шашқан. 
Қазақстан - Республикам менің, - дейді. 
Осындай ӛлеңдерді оқыту кезінде отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілік екенін 
балалар санасына сіңіре білу керек.  
«Балбӛбек» бағдарламасы бойынша   берілген    шығармаларды    оқыту барысында    
балаларға  экологиялық    тәрбие    берудің мумкіндіктері мол. Мысалы Қ. Баянбаевтың 
«Күз бояуы» ӛлеңін алайық. Ең алдымен, балалар туған ӛлкесінің сан алуан кӛріністерін 
салыстырып,  олардың  ұксастығы  мен  айырмашылығындағы  негізгі  және  негізгі  емес 
белгілерін  анықтайды.  Окытудың  түсіндірмелі,  мәнерлеп  оку  әдістерін  пайдалана 
отырып,  кӛптеген  кӛрнекі  құралдарды  қолдануға  болады.  Алдымен  ӛлеңді  мәнерлеп 
оқып,  мағынасын түсіндіреді.    Бұдан  кейін балалардың назарын тақтага ілінген түрлі-
түсті суреттерге аударып, бірінші суретті сұрак-жауап арқылы оқушылардың ой-ӛрісін 
байқауға болады. 

 
Балалар, сендер мына суреттен кімдерді кӛріп отырсыңдар? 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
28 

 
Олар қайда, не істеп жүр? 

 
Бұл жылдың қай мезгілі? 

 
Күз екенін қайдан білдіңдер? 
        Осындай  қысқа  диалогтан  соң  жинамалы  альбомда  салынған  жылдың  тӛрт 
мезгілі туралы суреттерді пайдалану арқылы тағы да сұрақ-жауап әдісімен оқушыларды 
әңгімеге тартуға болады. 

 
Балалар, бүгін күннің нешесі және қай ай? 

 
Қыркүйек айы жылдың қай мезгілі? 
Балалар  жылдың  тӛрт  мезгілін,  ай  аттарын  атап  шығады.  Тӛрт  оқушы  жылдың 
тӛрт мезгілін бейнеленген суреттердің мазмұнын әңгімелеп береді. 
Осыдан кейін табиғат құбылыстарын сипаттайтын сергіту ойынын ұйымдастыру 
арқылы, оқушыларды кӛңілдендіруге болады. Ойынды бастамас бұрын күздің ӛзге жыл 
мезгілдермен  ерекшелігін  тағы  да  бір  рет  пысықтап  алу  қажет.  Содан  соң,  ойын 
басталады. Алдымен ойын тәртібі түсіндіріледі. 
• Балалар, түн болады. 
Балалар  қолдарын  парта  үстіне  айқастырып  қойып,  оған  бастарын  сүйеп, 
кӛздерін жұмады. 
• Балалар таң атты. 
Балалар  кӛздерін ашып, бастарын  кӛтеріп,  партаға дұрысталып отырады. 
• Балалар, жел тұрды, жаңбыр жауды. 
Балалар 
 
саусақтарының 
ұшымен 
партаны 
тоқылдатып, 
жаңбыр 
тамшыларының жауған  сәтін бейнелейді. 
 
• Балалар, сабақ басталды. 
Балалар  қайтадан  дұрысталып  отырып,  сабақты  одан  әрі  жалғастыруға 
дайындалады. 
Күзді  бейнелеу  ойынының  маңызы  зор  екені  күмәнсіз.  Балалар  табиғат  пен 
оның құбылыстарын ойын аркылы кӛз алдына келтіріп елестеді. 
Жыл  мезгіліне  байланысты  табиғат  туралы  білімдерін  толықтырып  табиғат 
байлығының  адамға  пайдасын,  оны  игертудегі  адам  еңбегінің  рӛлін,  осының  бәрі 
баланың  эстетикалык  сезімін,  табиғат  байлығын  кӛздің  қарашығындай  сақтап,  оның 
қорын  кӛбейтуге  қалай  жұмыстанатынын,  экологиялық  қиын  жағдайдан  құтқару 
мүмкіндігін іздестіруге болады. Неше тұрлі табиғат құбылыстарын, әсемділіктердің, 
ағаштардың  жапырақтары  тағы  баска  айырмашылықтары  белгілі  болады.  Балаларды 
білуге,  құштарлыққа,  кӛре  білуге,  ести  білуге,  айналадағы  дүниені  қабылдауға 
тәрбиелеу  олардың  ойын  да,  тілін  де  дамытудың  негізгі  жолы.  Бұл  әрине,  тәрбиешінің 
ізденісіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты деп ойлаймыз. 
Экологиялық  тәрбие  балалардың  табиғат  болмысын  терең  түсінуге  және 
мектепте  әр  пәннен  ӛтіліп  жатқан  тақырыптардың  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
екенін  түсініп,  оны  қоршаған  ортамен  сәйкестендіріп  бір  тұтас  қалыпта,  жүйелі 
қабылдауларына мұмкіндік береді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің тағы  бір жолы  - 
балаларды  тікелей  практикалық  жұмыстарға  қатыстыру  болып  табылады.  Мысалы, 
балабақша алаңын кӛгалдандыру, ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, құстарға ұя жасап 
ілу, балық шабақтарын құтқару, балабақша  орманшыларына қатыстыру. 
Туған 
жердің, 
табиғаттың 
әсем 
келбеті 
мен 
нәзік 
сырларын 
танытып,  бала    бойына  эстетикалық  сезіміне  рухани  қуат  беруде  табиғат 
кӛріністеріне 
жазылған 
пейзаждық 
шығармалардың 
да 
маңызы 
ерекше. 
Мәселен,  ―Кешкі  дӛң  басында‖  (М.Әуезов)  суреттемесінде  жаздың  жайлы 
кешін: 
―Зәрі  қайтқан  қызыл  күн  әлсізденіп  таудан  асып,  ұясына  кіріп  барады. 
Жұқалаң ұзынша кӛк бұлт қызыл сеңдей болып, батар кұнді  еңтелеп қамап тұр. Қара 
кӛк  тұңғиық  аспан  кұн  батысқа  тақаған  жерінде  қызыл  торғындай  толқынданады. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
29 
Кейбір жерлерінде ӛртің жалындай  жайнайды.  Күннің  ақырғы  сәулесі  түсіп  тұрған 
тау  бастары  кӛлеңке  басқан  қоңыр  желдің  алтын  шатырындай  нұрланып, 
қызғылттанады‖,  -дейді.  Ал,  Нұрпейісовтың  ―Кеш‖  атты  суреттемесінде:  ―Кұн 
қызара  тӛмен  жылжып  барады.  Асықпай  қараған  адамға  кұн  аспаннан  түсіп  келе 
жатқан  қызыл  доп  сияқты  кӛрінеді.  Ұясына  жақындаған    сайын  оның  бояуы 
қоюлана  түседі.  Міне,  күн  ұясына  кіріп  барады.  Енді  ол  ӛзі  ғана  қызармай,  бүкіл 
батысты да қып-қызыл түске айналдырады‖. 
Күн  батардағы  табиғаттың  қайталанбас  осы  бір  әсем  сәтін  бұдан  артық  дәл, 
кӛркем  етіп  суреттеу  қиын  да  шығар.  Кестелі  кӛркем  сӛз  аркылы  ӛрнектелген 
ғажайып  кӛріністі  бала  санасына  қалай  жеткізуге  болады?  Балаларды  шығармадағы 
табиғаттың  ғажайып  сұлулығымен  сусындатып,  рухани  дүниесіне  эстетикалық  сезім 
нәрін  қалай  сіңіруге  болады?  Тәрбиеші  бұл  тақырыптарды  ӛтуден  бұрын  балалармен 
алдын-ала  дайындық  жұмыстарын  жүргізіп,  балалармен  бірге  күннің  батар  шағын 
бақылауы  керек,  шығармада  суреттеген  нақты  үш  зат  -  күн,  аспан  және  жердің  кешкі 
кӛрінісіне назарларын аударады. 

 
Балалар, батып бара жатқан күн неге ұқсайды? 

 
Дӛңгелек допқа, шарға. 

 
Қандай шарға? 

 
Қызыл шарға. 

 
Аспан қандай? 

 
Күңгірт, кӛңілсіз. 

 
Неге кӛңілсіз? 

 
Ӛзінің сүйікті күнімен қоштасқысы келмейді. 

 
Жер, айнала, тӛңірек қандай? 

 
Қара қошқыл. Мұңлы. 

 
Неге мұңлы? 

 
Күн сәулесін қимайды. 
Балалар  күн  батар  шақты  суреттеу  арқылы:  «Күн  жерге  мегін  сүйеді», 
«Қызыл  теңізге  батып  барады»,  «Алтын  шар»,    «Кӛкше  аспан»  тағы  басқа  бейнелі 
сӛздерді  тұңғыш  рет  қолдана  бастайды.  Олар  кӛркем  сӛздің  қайнар  кӛзі  табиғат 
әлеміне жақындай түсіп, апыл- тапыл басып, бұрын жасамаған сӛз тіркестерін жасайды. 
Осындай  дайындық  жұмыстарынан  кейін  барып,  жоғарыдағы  суреттемелерден  әңгіме 
құрап үйренуге тиісті. 
Қорыта айтқанда, экологиялық тәрбие ұғымдарын бала санасына орнықтыру 
мақсатына  кұнделікті  ӛтілетін  сабақтарда  және  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында, 
ойын-жаттығуларда қоршаған ортамен қарым-қатынас жӛніндегі  іс-шаралардың  мәні 
мен мазмұны тереңдетіліп ауқымы кеңейте жүргізілуі қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  А.Нұрғызанов «Арал ӛңірінің экологиясы» 2004 ж. 
2.   Р.Сәтімбеков «Табиғат қорғау» Алматы, «Рауан» 2007 ж. 
3. Мамбетқазиев С.Ә., Сбанбеков Қ.Ж. «Табиғат қорғау» Алматы«Қайнар», 2000 ж. 
4. «Педагогика» Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Алматы 2000 ж. 
5. Мәмбетқазиев С, Сыбанбеков К. «Табиғатты қорғау» Алматы,«Қайнар» 2004 
6. Мәмбетқазиев С, Сыбанбеков К. «Табиғатты қорғау» Алматы,«Қайнар» 2004 
7.  Оспанова  Г.,  Исаев  Е.,  Бозшатаев  Г.  «Экологиялық  ойлаудықалыптастырудың 
кейбір әдістері туралы» (Қазақстан мектебі,2006ж.,№1,90бет 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
30 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал