Хабаршы вестник



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/18
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

 
Түйін 
Мақалада неміс, қырғыз тілдеріндегі екпіннің таралуы туралы мəселе қарастырылған. 
                                                        
Summary 
In this  article accent realization in German and Kirghiz languages is considered. 
        
 
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЖƏНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҰЛҒАЛАР ЖАЙЫНДА 
 
 К.Шаймерденова – 
Л.Н.Гумелов атындағы Еуразия ұлттық университеті  
 
Тілдік  зерттеулер  негізінен  екі  бағытта  жүргізіліп  келеді:  бірі - тілді  басқа  ғылым  салаларымен 
(психология,  мəдениеттану,  əлеуметтану,  когниталогия,  логика,  философия,  елтану,  тарих)  байланысты 
зерттеу;  екіншісі-тілдің  құрылымдық  жүйесін    тереңірек  жəне  ұлттық  тілдің  табиғатын  толық  ашып 
көрсету  мақсатындағы  тілдік  бірліктердің  тұлғасы мен  мазмұндық  жағын,  олардың  арақатынасын  тілдің 
өз заңдылықтары тұрғысынан қарастыру.  
В.В.Радлов түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне сүйене отырып, оларды: 1. Шығыс группа, 2. 
Батыс группа, 3. Орта Азия группасы, 4/ Оңтүстік группасы деп 4 топқа бөлген. 
Профессор  В.А.Богородицкий  түркі  тілдерін  орналасқан  географиялық  орнына  қарай  бөлуді 
ұсынған.  Ол 7 топқа  бөледі.  С.Е.Малов  түркі  тілдерін 4 топқа  бөледі: 1. Ең  көне  түркі  тілдері, 2. Көне 
түркі  тілдері, 3. Жаңа  түркі  тілдері, 4. Ең  жаңа  түркі  тілдері.  Түркітануда  түрліше  топтастырулар  бар. 
Солардың  ішінен  Н.А.Баскаковтың  жіктеуіне  бүгінгі  күнге  дейін  ғылыми  өзгеріс  енген  жоқ.  Ғалым 
классификациясында түркі тілдерінің тарихын, қазіргі жағдайын, этникалық құрамын толық есепке алуды 
ұсынған.  Н.А.Баскаковтың  жіктеуі: 1. Батыс  хун. 2. Шығыс  хун.  Батыс  хун  тілдеріне:  бұлғар  тобын, 
оғыз тобын, қыпшақ тобын, қарлұқ тобын, ал  шығыс хун тілдеріне: ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ 
тобын  жатқызады.  Түркі  тілдеріндегі  түбір  морфемалардың  фонетикаалық  құрылымын  жан-жақты 
қарастырған Н.А.Баскаков түркі түбірінің СVС тұлғалы болып келетіні жайлы қарақалпақ тілі деректері 
негізінде дəлелденген болатын.  
Туыстығымен  бірге  бұл  тілдердің  əрқайсысы  бір-бірінен  өзіндік  (фонетикалық,  лексикалық, 
грамматикалық)  ерекшеліктерімен  де  жіктеледі,  бөлінеді.  Грамматикалық,  морфологиялық  жайын 
салыстыру  арқылы  əр  тілдің  сөз  таптарында  грамматикалық  тұлғалардың  ерекшелігін,  түрлі  көрістерін 
тілдік деректерден, тұлғалардан анық байқауға болады. Сөз таптарының ішіндегі кең көлемді, ауқымдысы 
– етістік. Барлық түркі тілдерінде  етістік сөз табының көптеген категориялары белгілі. Етістік – қимыл-
əрекетті,  қалып  пен  күйді  білдіретін,  етіс,  рай,  шақ,  жақ,  сан,  болымсыздық  категорияларын  арнайы 
грамматикалық  тұлғалар  жүйесі  арқылы  білдіре  алатын  сөз  табы.  Етістіктің  есімдерден  грамматикалық 
тұлғалар  арқылы  бөлектенуі  түркі  тілдерінде  бір  сипатта  өтеді.  Оның  себебі:  етістіктердің  есімдерден 
негізгі жіктелісі ататіл, негіз тіл дəуірінде басталған үдеріс. 
Етістіктің аталған категорияларының ішіндегі  рай категориясы көп сөз етіледі. Рай категориясы 
рай  тұлғаларынан  тұрады.  Қазақ  тілі  оқулықтары  рай  категориясын  əдетте  былай  деп  анықтайды: 
сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, 
лексикалық,  грамматикалық  тəсілдер  арқылы  берілетін  амал-тəсілдерінің  жүйесі  етістіктің  райы  деп 
аталады [1]. Рай категориясының мазмұны мынадай бөліктерден тұрады: 1. Іс жайлы хабар - бұл мəн ең 
алдымен  ашық  рай  тұлғалары  арқылы  беріледі, 2. Істің  істелу  мүмкіндігін,  оның  орындалу  дəрежесін 
білдіру - бұл мəндер қалау, шартты райлар түрлері арқылы беріледі. Түркі тілдері грамматикаларында рай 

 
 
49
 
түрлері  əр  түрлі  болып  келеді.  Олардың  саны 4-тен 12-ге  дейін  жетеді.  Мысалы,  қарайым  тілінде  төрт 
түрлі рай көрсетілген – ашық, бұйрық, қалау, шартты райлар, қазақ тілінде негізінен осы райлар аталып 
жүр.  Ал  гагауз  тілінде  бұлардан  басқа  мақсат  (міндет-долженствовательное наклонение) райы  бар. Якут 
тілінде  он  түрлі  рай  аталады:  ашық  рай,  бұйрық  рай,  шартты  рай,  мүмкіндік  рай,  бекіту  (қостау)  рай, 
мақсат  рай,  болмаған  не  істелмеген  істі  білдіру  райы,  əдеттегі  болған  істі  білдіру  райы,  үндеу  райы, 
болжау  райы  т.б.,  əзірбайжан  тілі  мамандарының  бір  тобы  бұл  тілде  төрт  рай  түрі  бар  десе,  екінші  бір 
тобы он екі рай түрі бар деп көрсетеді.  
 Қалау рай (оптатив) түркі тілдерінде қалау рай мəнін туғызатын тұлғалар деп мыналар аталады: -
ғай, -ай, -асы, -а,-са, -сар. Қалау рай мағыналарының берілу тəсілдері бірдей емес. Сібір мен Алтайдағы 
түркі  тілдерінде  қалау  рай  мəндері  жекеше,  көпше I жақта,  кейде I, II жақтарда  көрінеді.  Ал I, II, III 
жақтарда бірдей қалау рай мəні өте сирек ұшырайды. Түркі тілдерінде көп таралған қалау рай тұлғалары 
ғай, -ай, -ғой  көне  түркі  тілінде  келер  шақ  мəнін  туғызып,  жиі  қолданылған.  Қазіргі  түркі  тілдерінде  де 
бұлар  кең  қолданылады. –ғай  тұлғасы  етістік  түбірге  жалғанады  да,  одан  кейін  –мын, -сың, -быз, -сыз,-
сыңдар,  кей  тілдерде III жақта  –лар  көптік  жалғауы  жалғанады.  –ғай  тұлғасының  түркі  тілдеріндегі 
жіктелу  үлгісі  қазақ  тіліндегі  үлгіден  алшақ  емес.  Мысалы,  алғаймын,  алғайсың,  алғай,  алғаймыз, 
алғайсыздар,  алғайсыңдар,  алғай.  Бұл  тұлғаның  нақ  осындай  жіктелу  жүйесі  ортағасырлық  жазба 
тілдерінде  қолданылған.  Салар  тілінде  бұл  тұлға  –ғыйы  түрінде  айтылады:  алғыйы,  якут    тілінің 
грамматикасында  «возможное  наклонение»  дейтін  рай  түрі  айтылады.  Бұл  жалпы  түркілік  қалау  рай 
тұлғасы –ғайдың өзгерген –айа, -эйе,-ойо,-ойэ нұсқасымен жасалатын рай түрі: мин бара-йабын, ен бара-
йағын, бұйрық рай: мен барғаймын, сен барғайсың, ол барғай. Осы аффикстің фонетикалық нұсқасы –ай, -
ый түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылады: əзірбайжан: алым, қазақ: алайық, татар: алыйым, чуваш: 
пулам  (болайын),  якут:  ылым(алайым).  Көне  тілдерде  де  қолданылған:  көне  түркі  тілі:  йатайын, 
олдрайын,  алай,  білай,  орта  ғасыр  жазбалары:  өлдүрейім,  варайым,  йашурайын,  алай,  көрейім,  иэгелім, 
берейік  т.б.  Бұл  аффикс  –алы  түрінде  де  айтылады.  Бір  тілдің  өзінде  –ай, -ғай, - алы  түрінде  жарыса 
қолданылуы  бар:  қазақ  тілінде:  барғаймыз,  барайық,  баралық.  Осындай  қолданыс  түркі  тілдерінің 
біразында кездеседі. Дегенмен, нұсқалардың əрқайсысының өзіне тəн қолдану шегі бар: егер –ғай барлық 
үш  жақта  айтылып  қолданылатын  болса,  -ай,-алы  нұсқалары I жақта  ғана  айтылады,  қазақ  тілінде: 
барайын, баралық, барайық; қырғыз тілінде: жазалық; башқұрт тілінде: қарайым (қараймын), һəйлəшейік 
(сөйлесейік). 
Қалау рай тұлғаларының жақ жалғауларын қабылдау тəртібі біріңғай емес: -ғай тұлғасы осы, келер 
шақ  тұлғаларының    ізімен  жіктеліп,  соларға  жалғанатын  жақ  жалғауларын  қабылдаса  (барғай-мын, 
барғайсың, барғаймыз), -ай тұлғасы мен –алы тұлғасы жедел өткен шақ тұлғасының ( –ды) ізімен жіктеліп, 
соған  тəн  қосымшаларды  қабылдайды:  барайық,  баралық.  Бірақ  –ай  тұлғасы  жекеше I жақта  шығу  тегі 
белгісіз –ын тұлғасын қабылдайды. Бұл тұлғаның арғы негізі қандай тұлға екені жайлы айқын пікір жоқ. 
Мүмкін,  бұл  да  –ым  тұлғасының  бір  нұсқасы,  соңғы  элементология  жасаудың  нəтижесі  болар. 
Түркологияда  бұл  туралы  осындай  пікірлер  айтылады.  Екінші  жағынан,  осы  тұлғаны  барғаймын 
тұлғасының  өзгеріске  түсуінің  нəтижесі  деп  қарауға  болмас  па  еді:  бар+ғай+мын > бар+(ғ)  ай+мын > 
бар+ай (м) ын (бар+ай+ын). Ғ дыбысының көп буынды сөздер құрамында əлсіз, тұрақсыз екендігі белгілі 
жай.  Дəлелдеуді  қажет  ететін  ерекшелік  –м  дыбысының  жоғалып  кетуі.  Мұны  ұқсас  тұлғаларды  бір-
бірінен жіктей айтуға ұмтылудың нəтижесі қарауға болады. Грамматикалық мəні өзгеше болса да, келер 
шақ  тұлғалары  осыған  ұқсас  жолмен  өзгереді.  Қалау  райлы  мəнді  жақ  мағынасынан  жіктеп,  ерекшелеп 
айтуға ұмтылудан осындай тұлғалық өзгеріс пайда болады.  
А.Н.Кононов:  Етістіктің  келер  шағын  есімше,  шартты  рай,  қалау  райдың  қатынасымен  қарайды. 
Көне ұйғыр жазуы ескерткіштеріндегі тілдердің қалау райы: алғай (алғай), бірейін (барайын), ішідəлелім 
(естиік), алайын (алайын), білейн (білейін), болайын (болайын), тегмекей (тимегей), келмекей (келмегей). 
Түрік,  əзірбайжан,  гагауыз  тілдерінде  келер  шақ  мəнінде  колданылатын  –асы  тұлғасы  сол  тілдердің 
ортағасырлық  күйінде  қалау  рай  жасаған.  Мысалы,  ал-асы-бын,  ал-асы-сəн,  ал-асы,  ал-асы-быз,  ал-асы-
сыз,-ал-асы.Бұл тұлға кейінгі даму барысында түгелдей келер шақ мəнін алып, орнығып қалған. Дегенмен, 
оның шақ тұлғасы ретінде орнығуы ерте кезден болған құбылыс. Махмұд Қашғари сөздігінде йа қурасы 
оғур – жақ  тартатын  уақыт  тəрізді  деректер  көптеп  келтірілген.  Ал  мұндай  қолданыстар  жаңағы 
тұлғаның шақ тұлғасы ретінде орнығуына дəлел болады. Осы сөздіктегі тек қана таза келер шақ мəнінде 
қолданылатын қосымша –ғай,-гей,-қай,-кей кейде соңғы –й дыбысынсыз да қолданылуы ұшырасады. Бұл 
қосымшамен келген етістіктер болжалды уақытты да, сөйлегеннен кейін көп ұзамай болуға тиісті істі де 

 
50
білдіруі  мүмкін.  Мысалы,  Ол  йа  қурғай – ол  үй  салса  етті;  Ол  меңе  келгей – ол  маған  келгей  еді.  Бұл 
тұлғаның ерекшелігі I, II  жақтарда жақ жалғауынсыз қолданылады, сөйлемнің қай жақта айтылғандығын 
оның  құрамындағы  жіктеу  есімдіктерінен  белгілі  болады.  Қазақ  тілінде  қолданылатын  осындай  тұлға 
келер  келер  шақ  мəнін  де  қосады.  Мен  барғаймын – тілек,  сенімсіздік.  Соңғы  модальдық XI ғасырдағы 
түркі  тілдеріндегі  осы  қосымшаның  болжалды  уақыт,  мезгіл  мəнінен  шықса  керек.  Қазақ  тіліндегі  бұл 
қосымшаның 2-ші ерекшелігі – дара қолданылғанда жіктік жалғауларын қабылдайды. Негізінен, қалау рай 
мен  бұйрық  райлары  «Диван»  тілінде  кейде  тұлғалық  тұрғыдан  ерекшелінбейді.  Морфологиялық 
тұлғалардың мəні контекске қарай ажыратылып, я қалау мəнінде, я бұйрық мəнінде ұғынылады. Сондай 
тұлғаның бірі- а(йын), е (ейін). Қазақ, қарақалпақ тілдерінде –ғай, -гей, -қай,-кей; қырғызда –гай; өзбекте – 
ай, -ғай;  ұйғырда-ғай, -гəй, -қай, -кəй.  Қырғыз  тілінде  осы  аффикстен  кейін  эле  көмекші  етістігімен 
қосылып айтылады. Қалау райдың жіктік жалғауымен айтылуы:  
Жекеше  түрі:  Қазақ  тілінде:  мен  барғаймын,  сен  барғайсың,  ол  барғай;  қырғыз  тілінде:  мен 
барғай элем, сен барғай элен, ал барғай эле; өзбек тілінде: мен борғайман, сен борғайсан, у борғай;  
Көпше түрі: Қазақ тілінде: біз барғаймыз, сендер барғайсыңсыңдар, олар барғай; қырғыз тілінде
биз барғай элек, сиздер барғай элеңиздер, алар барғай эле; өзбек тілінде: биз  борғаймиз, сиз борғайсиз, 
олар    борғайлар.  Етістіктің  түбіріне  –қы,-кі,-ғы,-гі  аффикстері,  олардың  соңына  тəуелдік  жалғаулары 
қосылып, оған кел етістігі тіркеседі. Қазақ тілінде: I оқығым келеді, оқығымыз келеді, II оқығың келеді
оқығыларың келеді, III оқығысы келеді, оқығылары келеді; қырғыз тілінде: I алгым келет,алгыбыз келет, II 
алгың келет, алгыңар келет,III алгысы келет, алгысы келет.  
Қазақ  тілінде  қалау  райдың  мынадай  да  жасалу  жолдары  бар:  -са,-се  аффиксі  қосылған  шартты 
райлы етістік игі еді сөздерімен қосылып, ол барса игі еді түрінде де айтылады. Қарақалпақ, ұйғыр тілінде 
шартты  райлы  етістік  е  көмекші  етістігімен  тіркесіп  айтылып,  қалау  рай  мағынасында  қолданылады: 
алседи (алса еди), барседиң (барса едиң), көрседи (көрсə еди). Ноғай тілінде: -гъы, -ги,-къы,-ки. Осы –гъы 
жұрнағы  тəуелдік  жалғауы  жəне  кел  көмекші  етістіктің  тіркесуі  арқылы  жасалады.  Жекеше  түрі: I 
баргъым  келеди,  баргъым  келди,  баргъым  келген  (я  хочу  пойти,  мне  хочется  пойти;  я  хотел  пойти,  мне 
хотелось пойти), II баргъынъ келеди, баргъынъ келди, баргъынъ келген ( ты хочешь пойти, тебе хочется 
пойти; ты хотел пойти, тебе хотелось пойти), III баргъысы келеди, баргъысы келди, баргъысы келген (он 
хочет пойти, ему хочется пойти, он хотел пойти, ему хотелось пойти). 
Көпше  түрі: I баргъымыз  кел//ди//ген  (мы  хотим  пойти,  нам  хочется  пойти), II баргъынъыз 
кел//еди//ди//ген (вы хотите пойти, вам хочется пойти), III баргъылары кел//еди//ди//ген (они хотят пойти, 
им хочется пойти). 
Н.А.Баскаков  қарақалпақ  тіліндегі  қалау  рай  туралы: «Параллельно  с  формой  на  –асы,-еси  в 
каракалпакском  языке  встречается  более  древний  вариант  этого  аффикса  –гъы/сы,-ги/си,  который 
позволяет предположить, что происхождение этой формы связано с аффиксами, с одной стороны, -гъы,-ги 
т.е.  аффикса  имени  действия  и  с  другой  -сы,-си  образующими  в  своем  сочетании  формы 
субстантивированного причастия желательного наклонения, например, ал-брать, взять, ал-гъы-сы: сенин 
алгъысынъды  алдым – я  получил  то,  что  должен  был  взять;  то,что  ты  должен  мне.  В  отношении 
генезиса формы на –гъы –сы, -ги-си и –а-сы, -е-си а также повидимому морфологический редуцированной 
современной  формы  желательного  вида  на  –гъы(сы), -ги(си) + аффиксы  принадлежности,  исторически 
совпадающей  с  первым  вариантом  данной  формы  на  –гъи-сы,  ги-си,  можно  предполагать,  что  все  эти 
аффиксы являются вариантами более старой его формы на –гъы-сы, -ги-си, состоящей и аффикса имени 
действия -гъы,-ги и аффикса -сы,-си, образующего форму стремления, желания» деген        Сонымен қатар 
саха (якут) тіліндегі -ыыһы тұлғасы осы –асы тұлғасының фонетикалық нұсқасы (ы,а,һ,с). Бұл тұлға саха 
тілінде  нақтылау,  мақұлдау  райын  (утвердительное  наклонение)  жасап,  мəні  мен  қызметі  тұрғысынан 
қалау  райынан  онша  ерекшеленбейді.  Мысалы,  бар–ыыһы–бын  (баруым  керек),  бар–ыыһы–ғын  (сірə, 
барайын). Əзірбайжан, түрік, гагауыз тілдерінде қалау рай мəнін беретін –а тұлғкасы: ал-а-м; ал-а-г; -ал-
а-сан;  ал-асы-ныз;  ал-а;  ал-а-лар.  Жалғанатын  жақ  қосымшаларына  қарағанда,  бұл  тұлға  қазақ  тіліндегі 
аламын (алам) тұлғасынмен бірдей. Тек айырмашылық  қазақ тілінде көпше түрі I жақта -мыз қосымшасы 
қолданса, əзірбайжан тілінде əдетте –ды өткен шақ тұлғасына жалғанатын –қ (ғ) қосымшасын қолданады. 
Екінші  айырмашылық  көпше  түрі II жақта  бар  (əзірбайжан  тіліндегідей  -сыңыз)  тұлғасы  қазақ  тілінде 
қалау  рай  мəнін  бермейді,  тек  келер  шақ,  ашық  рай  мəнін  береді.  Бұл  жерде  бірыңғай,  бір  сипатты 
тұлғалар  түркі тілдерінде əр түрлі мəнге ие болады. Қалай болғанда да əзірбайжан т.б. оғыз тобындағы 
тілдерде  қолданылатын  қалау  райдың  бұл  түрі  қазақ  тіліндегі  келер  шақ  тұлғасы  аламын  (алам) 
тұлғасымен генезистік байланыста болады. Келер шақ мəні мен қалау рай бір грамматикалық мағынаның 

 
 
51
 
екі түрлі көрінісі екені талас тудырмайды. Ал тілдердің даму, тіл құрамындағы тұлғаладдың функциялық 
жағынан  жіктелу  дəуірінде  жазба  тілдің  əсері  арқылы  мəндес,  қызметтес  тұлғалар  өзара  жіктеліп,  бір-
бірінен  ажырап  отырған.  Мұндай  жіктеліс,  əсіресе  екі  тіл  ыңғайында  жүрген  заңды  құбылыс.  Қалау 
райдың  тұлғасын  көрсететін  жұрнақтар:  -ғай,-гей,-қай,-кей, -қы,-кі, -ғы,-гі  т.б.  Мысалы,  келгеймін, 
келгейсің, келгей. Аналитикалық тəсілмен жасалған қалау рай көне қыпшақ тілінде: келгей едің, келсе игі 
еді.  
Етістіктің рай категориясы қарақалпақ тілінде – «мейил», қырғыз тілінде - «ыңгай», өзбек тілінде 
– «майл»,  ұйғыр  тілінде - «мəйил»,  түрікмен  тілінде -«форма»  деп  аталады.  Салыстырылған  тілдерде 
етістіктің  рай  категориясы  субъектінің  іс-əрекетке,  қимыл-қозғалысқа  көзқарасын  білдіреді.  Рай 
категориясы етістіктің түбіріне шақ, жақ жасаушы форманттарды қосып, əр түрлі модалділік мағыналарға 
ие  болады.  Сондықтан  рай  категориясы  айтушының  пікірге  тек  объективтік  көзқарасын  ғана  емес, 
субъективтік көзқарасын да білдіреді. Бұл рай категориясының модалділікті білдіретіндігін де көрсетеді.  
 
1.
 
Баскаков Н.А. Ногайский язык и его диалекты. – М., 1940. 
2.
 
Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Фонетика и морфология, II ч. – М., 1952. 
3.
 
Айдаров  Ғ.,  Құрышжанов  Ə.,  Томанов  М.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің  тілі. – 
Алматы, 1971. 
              4.    Кононов  А.Н.  Грамматика  современного  узбекского  литературного  языка.  – М.-Л.:  Наука, 
1960. 
               5. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы, 1992. 
               6.  Қайдаров Ə., Оразов М. Түркологияға кіріспе. – Алматы, 1985. 
               7.  Нұрмаханова Ə. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. –Алматы, 1982. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются грамматические формы  тюркских языков. 
       
Summary 
The grammatical forms of Turkic language are considered. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ə Д Е Б И Е Т Т А Н У 
 
ПРОЗАДАҒЫ ЛИРИЗМ 
 
С.Ш.Айтуғанова - 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Əдебиет  тарихының  дамуында  лирика  ерекше  орын  алады.  Бұл  ұғым  тікелей  адамның  өзін  өзі 
тануының  дамуымен  байланысты.  Тұрмыстың  терең  мəніне  жетуге  талпынған  адам  түйсігі  зерттеудің 
негізгі  нысанына  айналды.  Гегель  басқа  өнер  түрлеріндегідей  емес,  лирикада  «мазмұн  мен  форма  дəуір 
жəне  ұлттық  колоритпен  анықталады»  деген  болатын.  Мұнымен  қатар  лирикалық  туындының  жалпы 
табиғатын  да  анықтауға  болады:  ол  адамның  ішкі,  рухани  құндылықтарына  негізделген,  жеке  жəне 
сонымен қатар əрбір тіршілік иесі үшін жақын туынды.  

 
52
Лирикалық  шығармада  шын  мəнінде  ой,  сезім,  көңіл  күй,  эмоциялар,  яғни  адам  жанының  кез 
келген  нəзік  күйі  бейнеленуі  мүмкін.  Демек,  лиризм  əдеби  тəсіл  немесе  ағымдық  құбылыс  ретінде 
лирикалық  прозаның  алтын  діңі  екені  даусыз.  Өйткені  мұндай  туындыларда  басты  идея  кейіпкердің  іс-
əрекеті,  əлеуметтік  тіршілігі  арқылы  ғана  емес,  толғанысы,  қуаныш-сүйініші,  өмірге  көзқарасы, 
күмбірлеген көкірек күйін шертетін шуақты сезімі арқылы келісім табады. 
Лирикалық  проза  лирикаға  қатыстылықты,  эмоциональдықты  сақтай  отырып,  оған  қарағанда 
күрделірек, көп жақты,  эпосқа тəн  «лирикалық көңіл күйдің динамикалық образын, ал көбіне тұтас көңіл 
күй тобын» білдіреді [1, 176].  
Сол  сияқты  егер  эпикалық  шығармада  автор  өз  кейіпкерлерімен  қарым-қатынасқа  түссе, 
лирикалық  прозада  автор  өз  кейіпкеріне  қарсы  тұра  алмайды,  мұнда  бір  ғана  көзқарас,  бір  ғана  мақсат 
болады. Мұнда лирикалық кейіпкерге қарсы тұру, тіпті тең түсу деген түсінік жоқ. Лирикалық кейіпкер 
шығарманың ең құнды өзегі болып табылады.  
Лирикалық  проза  суреттеу  жəне  бейнелеу  құралдарының  күрделі  құрылымын  көрсетеді.  Олар 
лирикалық көңіл-күйді көрсету үшін эпикалық тəсілдерді пайдаланады.  
Мұндай туындыларда оқиға ойлар мен сезімдердің дамуының көлеңкесінде қалады. Оқиғалар мен 
детальдар сезімді анық бейнелеуге қажетті құрал ретінде қолданылады. Осыдан лирикалық кейіпкер тап 
болатын  уақыт  шексіздігі,  хронологиялық  реттіліктің  сақталмауы,  характерді  толық  ашуға  көмектесетін 
«жанама» кейіпкерлер орын алады. 
Зерттеушілердің  айтуы  бойынша  лирикалық  прозаның  эпикалық  шығармадан  басты 
айырмашылығы – ойдың талқылауға көнбейтіндігі. Мұнда бірінші орында семантикалық мəн емес, сөздің 
əуені  тұрады.  Мұнда  сюжет  айтарлықтай  рөл  атқармайды,  лирикалық  жазушының  шеберлігі  неғұрлым 
жоғары болған сайын, соғұрлым оның əңгімелерінде сюжет белгісіз болады. Лирикалық прозада бастан-
аяқ  үзілмей  дамып  отыратын  сюжет  кездеспейді.  Алайда  кейіпкерлердің  бүкіл  бастан  кешкен  көңіл-күй 
əсерімен  белгілі  бір  желі  пайда  болып  отырады.  Оны  лирикалық  желі  деп  атауға  болады.  Лирикалық 
прозаның  қаһарманы  эпостық  шығармалардағы  секілді  күрделі,  желілі  оқиғаларға,  іс-əрекеттерге 
негізделмейді, қайта ойламаған жерден күтпеген жағдайды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады.  
 Лирика  прозада  орын  алғанымен,  мінезді  жан-жақты  ашып  көрсетуді  мақсат  етпейді.  Ол  кейде 
тіпті бір характердің қалыптасуын да көрсетпуі мүмкін. Лирикалық шығармаларда іс-əрекет сюжеті көңіл-
күй  сюжетімен  сабақтаса  беріледі.  Характерлер  арасындағы  қақтығыс  емес,  əртүрлі  əсерлердің, 
толғаныстардың ауысуы лирикалық шығармалардың құрылымын анықтайды. Оның сюжеті кейде сезімнің 
жан-жақты  ашылуымен,  кейде  оның  дамуын,  сезінуін  көрсетумен  байланысты.  Бұлардың  біреуі  бір 
шығармада,  енді  бір  бір  шығармада  көрініс  тапса,  кей  шығармаларда  осының  бəрі  қабаттасып  келіп 
жатады.  
Алуан  түрлі  көңіл-күйдің,  алаңдаушылықтың,  толқулардың  араласып  келуі,  сонымен  бірге 
олардың  сезімнің  пайда  болуын  көрсетуге,  рухани  ізденістердің  негізгі  мəнін,  олардың  мағынасын 
тереңнен  түсінуге  арналған  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынасы  лирикалық  шығарманың 
композициялық құрылымының  негізін құрайды.     
Мұндай  шығарманың  композициялық  құрылысы  лирикалық  кейіпкерге,  соның  тебіреніс-
толғаныстарына сəйкес қалыптасады. Өмір көріністері лирикалық кейіпкердің көзімен суреттеледі. 
Сонымен, поэзиядағы сияқты лирикалық прозаның да бейнелеу құралы  жазушының сезімі мен ой 
толғамы.  Дегенмен  поэзияға  қарағанда  лирикалық  проза  қаламгердің  жан  əлемін  ашуда  лирикалық  қана 
емес, əңгімелеудің барлық эпикалық тəсілдерін емін-еркін пайдалана алады. 
Лиризмнің  əдеби  құбылыс  ретінде  дамуы XVIII-ші  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталады. 
Зерттеушілер лиризм туралы айтқанда, оның Руссо, Стерн, Карамзиннің шығармаларымен, сол дəуірдегі, 
қоғамдағы  тарихи-əлеуметтік  өзгерістермен  байланыстырады.  Осыған  байланысты,  əдебиетте  жаңа 
принциптер,  жаңа  критерийлер,  жаңа  эстетикалық  идеялар  шыға  бастады.  Əр  түрлі  бағыттағы  жəне  əр 
түрлі  əдістерді  қолданатын  суретшілердің,  көркемөнершілердің,  жазушылардың  шығармаларында 
«лиризм»  ұғымы  орныға  бастайды.  Алайда  əдабиетте  лиризмнің  теориялық  жағынан  гөрі,  практикалық 
жағы əлдеқайда тез дамыды.  
«Лиризм»  ұғымы  жайлы  алғаш  Гегельдің  еңбектерінен  көре  аламыз.  Гегельдің  ойынша, 
романтикалық  шығармалардың  мазмұнының  артықшылығы - жеке  адамның  ішкі  рухани  өмірін, 
сезімдердің  əр  алуандылығын  бере  алуы.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  ішкі  толғаныстар  сырттай  беріле 
алмағандықтан, күрделенеді. Осыдан келе, жазушы кейіпкердің ішкі əлемін беру үшін лирикаға жүгінеді. 
Дəл осы жерде Гегельде «лиризм» ұғымы жайлы сөз болады. Оның айтуынша, «лиризм – романтикалық 

 
 
53
 
өнердің негізгі стихиялы ерекшелігі болып табылады» [2,506]. 
Ал  Белинский  лиризмнің  поэзияның  ерекше  бір  түрі  екенін,  оның    ағылшын  əдебиетінде  тұнып 
тұрғанын сөз етеді. Ол: «Лиризм болмаса, эпопея мен драманың прозалығы күшті болар еді», - дей келе
лиризм көркем шығармаға нəзіктік, сұлулық, шынайылық дарытатынын айтады [3,296].  
Белгілі орыс ғалымы Г.Н.Поспелов өз еңбегінде: «Лиризм - əдеби шығармалар мазмұнының «түр» 
аспектісіне жататын құбылыс емес, оны шығарманың пафосы дей аламыз, ал пафос дегеніміз, жазушының 
шығармадағы белсенді идеялық-эмоционалдық тұрғыдан берген бағасы», - дейді [4,119]  
«Лирикалық  өнер  əрі  романтикалық,  əрі  реалистік  негіздерде  өмір  сүреді», - деген  С.А.Липин 
лиризмнің  белгілі  бір  көркемдік  əдістер  мен  бағыттарға  тəуелсіздігін,  психологизм  сияқты  əдебиеттің 
«тектік» қасиетіне бейім екенін аңғартады [5,132]. 
Зерттеуші  Б.А.Ахундов: «Лирикалық  романда  идеялық  салмақ  «эпикалық»  емес,  лирикалық 
бөлімге;  кейіпкер  істері  мен  əрекеттерін  сипаттауға  емес,  оның  толғаныс,  əсерлену,  сыр  ашу  сəттеріне 
түседі»,- деп жазады [6,278]. 
Бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде «сыршыл» деген сөз көп кездеседі. Лирикалық проза – ең 
құнды нəрсе туралы оқырманмен сөйлесу дегенді білдіреді. Алайда кез келген «сыр» лирикалық сипатқа 
ие  бола  алмайды.  Мəселен, 60-жылдардың  соңында  «лирикалық  проза»  мен  «сыршыл  проза»  ұғымдары 
қатар қолданылып, əр түрлі мағына берді. Кейде екеуі бір топта қарастырылып, лирикалық шығармалар 
деп  аталды.  Нақты  зерттеулердің  болмауы  лирикалық  прозаның  айналасында  осындай  түрлі  пікірлер 
тудырды. Зерттеушілердің əрқайсысы өз ұстанымдарын дəлелдеуге тырысты. Осылардың бəрі лирикалық 
прозаға тəн ерекшеліктерді анықтауға септігін тигізеді. 
Қазіргі  əдебиеттануда  «лиризм»  ұғымы  лириканың  синонимі  ретінде  де  қолданыла  береді. 
«Əдебиеттану терминдер сөздігінде» лирикалық прозаға мынадай анықтама берілген: «Лирикалық проза – 
қара  сөз  жанрындағы  автордың  нəзік  көңіл-күйімен,  сезім  əсерімен  суарылған  щығармалар.  Лирикалық 
проза  өз  алдына  жанр  болып  саналмайды,  тек  прозаның  стильдік  бір  түрі  ретінде  қарастырылады». 
Мұндай шығарманың композициялық құбылысы лирикалық кейіпкерге, соның тебіреніс-толғаныстарына 
сəйкес қалыптасады. Өмір көріністері лирикалық кейіпкердің көзімен қаралып суретеледі. 
М.П.Князева лиризм ұғымын үш аспектіде қарастырады: «Біріншісі – көркем шығарманың лирика 
түсінігімен  байланысты тектік сипатының мəні;    екінші – шығармада автор ұстанымы айқын көрінетін 
көтеріңкі эмоционалды, субъективтіленген  баяндаудың түрі; үшіншісі – жазушының шындыққа идеялық-
эмоционалдылық қатысын, оның ұстанымын ашып көрсететін көркемдік пафостың жеке түрі» [7, 156].  
Рухани  проза  шындық,  жақсылық,  сұлулық  туралы  ұғым  қалыптастырады.  Лирикалық  прозада 
«ассоциативтік» құрылым мен ерекше эмоциональдық «атмосфера» бар.  
Көркем құбылысты суреттеу құралдарының, көркемдік тəсілдердің жүйесі арқылы ғана анықтауға 
болмайды.  Сонымен  қатар  мұнда  мазмұндық  негіз  бен  жалпыэстетикалық  тенденциялардың  ықпалы  да 
маңызды  рөл  атқарады.  Оның  себебін  дəуірден,  адамзат  тұрмысындағы  «мəңгілік»  сұрақтардан  іздеу 
керек.  
Лирикалық  прозада  көптеген  мəселелер  өзіндік  тұрғыдан  ашылады.  Мəселен,  мұндай 
шығармаларда  автор  тұлғасы  ерекше  көрінеді.  Кей  шығармаларда  автор  өзі  басынан  өткізген,  сезінген, 
ойлаған жағдайларға баса назар аударады. Мұнда автор тұлғасы авторлық «менінің», яғни ғұмырбаяндық 
əңгімелеушінің  аясында қалыптасады.  
Лирикалық жазушыны да өзекті мəселелер толғандырмай қоймайды, ол да қайғырады, мұңаяды, 
қуанады. Онсыз ол мұндай шығарма тудыра алмас еді.  
Əдебиетте  шындықты  бейнелеудің  əртүрлі  формалары  болғанымен,  белгілі  стильдік  біртұтастық 
байқалады. Яғни, шебер қаламгердің өзіндік бір даралығы, əр шығарманың өзіне тəн стильдік ерекшелігі 
болғанымен, барлық шығармаларына ортақ стилі де байқалады. Сондықтан əр жазушының шығармалары 
өзіндік  бояуларын  сақтай  отырып,  стильдік  белгілерінің  ұқсастықтары  жағынан  үлкен  бір  стильдік 
ағымды құрайды. 
Шығармашылық  бірігудің  əдісі  болатын  стильдік  құбылыс  қаламгерлердің  белгілі  бір  ауқымын 
қамтиды. Ол əдіс негізінде бой көтеріп, əдістің өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.  
Əдебиеттегі  стильдік  ерекшеліктерді  қарастырғанда  зерттеушілер  жеке  стильдік  бірліктің  ортақ 
жақындығын атап көрсетеді.  
М.М.Бахтин: «көркем  стиль  сөзбен  емес,  əлем  жəне  өмір  құндылықтарымен  жұмыс  істейді;  оны 
адам мен оның əлемінің қалыптасу жəне аяқталу тəсілдерінің жиынтығы ретінде анықтауға болады, ал бұл 

 
54
стиль қарым-қатынасты түсіну үшін білу қажет дерекке, сөзге, табиғатқа деген қатысты білдіреді»,-дейді 
[8, 169]. 
Лиризм  ағым  ретінде  пайымдасақ,  ол  адамның  жан  əлемінің  нұрлы  шуақпен  асқақ  бейнеленуі, 
қуанышы, шаттығы, дархан мінез құбылыстары, терең жан сезімі, күйініш-сүйініші, алдағы таңға үмітпен, 
сеніммен қараушылығы, яғни өмірдегі шындықты шығарманың мазмұны мен түп бірлігін сақтай отырып, 
үлкен  танымдық  көркем  дүниеге  айналдыру  тəсілдері  деуге  болады.  Бұл - дəуір  тынысын  бейнелейтін 
қыртыс қатпары мол алуан мінез, күрделі болмыстың жасалуы, қимыл-əрекет өрісінің кеңеюі деген дұрыс.  
Сол  сияқты  лиризм  табиғаты  жазушының  мол  ізденісін,  суреткерлік  парызын  байқататын 
құбылыс.  
Қазақ  əдебиетіндегі  лирикалық  прозаның  бастауы  Б.Майлиннің  "Шұғаның  белгісі", 
М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнəсі", М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", Ж.Аймауытовтың  "Күнікейдің 
жазығы", "Ақбілек", С.Ерубаевтың "Менің құрдастарым" атты шығармалары болып табылады.  
Лиризмнің  жемісті  бағдар  айшықтарын  М.Əуезов,  С.Сейфуллин,  Ғ.Мүсірепов,  Т.Ахтанов, 
М.Иманжанов,  Т.Əлімқұлов,  Ə.Əлімжанов  тəрізді  қазақ  қаламгерлері  де  дəстүрді  жалғастыра  отырып, 
орнымен  пайдалана  білді.  Бұл  қаламгерлердің  шығармаларында  лиризм  психологизмнің,  психологизм 
лиризмнің ажырамас өрімі ретінде стиль түзушілік қызмет атқарысты. 
 Əсіресе 60-жылдардан  бастап  қазақ  прозасы  лиризм  өрнектеріне  бай,  идеялық  бағыты  айқын 
туындылармен  толыға  түсті.  Олардың  қатарына  С.Мұратбеков,  Қ.Ысқақов,  Ж.Молдағалиев, 
Т.Жармағамбетов,  Ə.Кекілбаев,  Ж.Түменбаев,  Т.Нұрмағамбетов,  О.Бөкей  т.б.  көптеген  қаламгерлерді 
жатқызуға болады.  Қаламгерлердің ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер енгізуге 
итермеледі  жəне  ол  қадамдар  ежелгі  озық  əдеби  үрдістерді  өнерпаздықпен  пайдалана  білуге  жетеледі. 
Фольклорлық  сарындар,  тарих  пен  бүгінгі  таң  оқиғаларын  салыстыра  бейнелеу,  көне  аңыз,  əңгімелерде 
түйінделген өмір ақиқаттарына қазіргі шындықтан үндестік іздеу арқылы психологиялық толымдылыққа 
қол арту- прозаның барлық жанрында бел алған стильдік тенденция.  
Алпысыншы  жылдардағы  лиризмнің  негізгі  ерекшелігі  туралы  сөз  болғанда,  бір  зерттеушілер 
лиризмнің  негізгі  ерекшелігі – «кейіпкерлердің  ішкі  дүниесіне  нəзіктікпен  қарау»  десе,  енді  біреуі – 
автобиографиялықты, үшінші біреуі – баяндаудың  эмоционалдылығын атап көрсетеді. Əрине, бұлардың  
бəрі де лиризмнің негізгі ерекшелігі бола алады.  
Лирикалық  прозаның  даму  өрісін  талдағанда,  оның  бүкіл  композициясынан,  түр  мен  мазмұн 
бірлігінен,  стильдер  ерекшелігінен,  сезім  күші  мен  жарқындығынан,  ішкі  драма  қуатынан,  сөздердің 
пəрменділігі мен өткірлігінен, реалистік шындығынан толып жатқан көркемдік қасиеттер табамыз.  
Лирикалық  прозаның  мүмкіндіктерін  асыра  бағаламау  жəне  оны  көркемдік  бейнелеудің  басқа 
формаларына  қарсы  қоймау  жағын  қатаң  қадағалай  отырып,  лиризм  қаламгердің  өмір  құбылыстарын 
кеңірек, молырақ бейнелеуіне бөгет болады, кедергі келтіреді деген пікірдің шындыққа сəйкес еместігін 
де ескеру керек. Себебі лиризмнің қамтитын аясының қаншалықты кең екені бірталай факторларға тығыз 
байланысты.  Мəселен,  ол  жазушының  жеке  басына  да,  өмірдің  қай  жағын  суреттейтіндігіне  де,  оның 
мақсат-мұратына, ой-сезіміне де, яғни дүние танымына тығыз байланысты.  
Жалпы, прозалық шығармалардың міндеттерінің бастысы - кейіпкер мінезін ашу, характер жасау. 
Бұл  тұрғыда  лирикалық  шығармаларда  бір  немесе  бірнеше  типтендірілген  характерлердің  сəтті  сомдала 
түсетінен айтуға болады. Шығармалардың ортақ бір сюжетке немесе бірнеше сюжеттерге құрылатындығы 
лирикалық шығармалардың дүниеге келуі үшін аса қолайлы алғы шарттар болып есептеледі. Сондықтан 
да бұл шығармалардың өзіндік ерекшелігі оның көлемінде ғана емес, мазмұн тереңінде жатыр. 
 
1.  Словарь  литературоведческих  терминов. / Редакторы-составители  Л.И.Тимофеев  и 
С.В.Тураев. –М., 1974. 
2. Гегель Г.В. Эстетика: В 2-х томах. – М., 1999. - Т.2. 
3. Белинский В.Г. Разделение поэзии на роды и виды. – М., 1978. - Т.3. 
4. Поспелов Г.Н. Теория литературы. – М., 1978.  
5. Липин С.А. Идейное единство и художественное многообразие советской 6розы. – М., 1974. 
6. Ахундов Б.А. Литературные направления и стили. – М., 1976. 
7. Князева М.П. К истории понятия «лиризм». В кн.: Миропонимание и творчество романтиков.–
Калинин, 1986. 
8. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1979.      
 

 
 
55
 
Резюме 
В  статье  определяются  некоторые  характеристики  лирической  прозы.  Учитывая  мнений 
нескольких исследователей,создаются концепции. 
 
Summary 
In this clause become clear some descriptions lyric prose. Consideration opinions several researchers, 
spring up conceptions. 
 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал