Хабаршы вестник



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/18
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 
МЕДИЦИНА АТАЛЫМДАРЫНЫҢ МЕТАФОРАЛАНУ ТƏСІЛІ 
 
А.Е.Тəттібаева -  
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 
 
Қазақ  тілінде  метафораланған  бірқұранды  терминдер – ұлттық  нышанды,  сипатты  білдіретін 
сөздер. Қазақ тілінде құрылған медициналық терминдер сол терминологиялық жүйенің даму дəрежесінің 
көрсеткіші  іспеттес.  Соңғы  жылдары  ғылыми  айналымда  ұлттық  аталым  терминдердің  (медициналық) 
үлесі  мол.  Сондықтан  қазақ  тілінде  жасалған    аталымдарды  медицинада  зерттеу – алдыңғы  қатардағы 
мəселелердің бірі.  
Медициналық  аталымдардың  мəселелерін  шешуде  ең  алдымен  қалыптасу,  жасалу  тəсілдерін 
анықтап  алу  қажеттілігі  туындайды.  Медициналық  аталымдардағы  кеңінен  таралған  тəсілдердің  бірі – 
лексика-семантикалық  тəсіл.  Лексика-семантикалық  тəсіл  дегеніміз,  Н.М.Шанскийдің  сөзімен  айтқанда, 
бір  сөздің  түрлі  мағыналарының  түрлі  сөздерге  айналуы  немесе  сөзге  басқа  мағынаның  берілуі [1]. 
Лексика-семантикалық  тəсіл  сөздің  көпмағыналылығымен,  туынды  мағынаның  қалыптасуымен  тығыз 
байланысты. Сөздің туынды (ауыспалы) мағынасының қалыптасуында əдеби лексиканың қатысуы – заңды 
құбылыс.  Ауыспалы  мағынаның  жасалу  тəсілдерінің  кең  тараған  түрлері – метафора  мен  метонимия. 
В.И.Зимин, Э.А.Модебадзе бұл тəсілдердің айырмашылықтарын ажыратып, ортақ қасиеттеріне тоқталып 
өтеді  [2, 83-88]. Терминжасамда бұл тəсілдерден басқа мағынаның кеңеюі мен тарылу тəсілдері бар.  
Сөздің ауыспалы мағынада қолданыуында негізгі жəне туынды мағыналар бір-бірінен алшақтап, 
мағыналары  қарама-қарсы  келетін  омонимдерді  құрайды.  Көпмағыналы  сөздердің  ауыспалы  мағынасы 
мен омонимдерді ажырату – күрделі мəселелердің бірі.  
Семантикалық  медициналық  аталымдар  арнайы  ұғымға  атау,  есім  беруден  тұрады. 
Терминологиялық жүйеде өтетін бұл құбылыс əдеби тіл жүйесіндегі құбылыспен салыстырғанда тез жəне 
жылдам болады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, метафора – лексика-семантикалық тəсілдің кең тараған түрі.  
Метафора – метафоралы  ауыстырудың  нəтижесі  болады,  метафоралы  ауыстыру – бір  ұғымның 
атауын  екінші  ұғымға  сипаттарының  ұқсастығына  қарай  ауыстыру.  Ауыстыру  кезеңінде  жалпы  ортақ 
сипаттар  негізгі  болып  табылады.  Сипаттарының  түрлеріне  қарай  (негізгі  немесе  екінші  түрлері) 
метафоралар  тілдік,  жеке-дара,  окказионалды  деп  бөлінеді.  Тілдік  жəне  индивидуалды  метафоралар 
арасындағы шекараны ажырату қиындықтар туғызады, себебі метафораның екі түрі де əрбір тілге тəн бір 
үлгімен жасалады. Метафора - өте күрделі жəне көпдеңгейлі құбылыс.  
Метафоралы  ауыстыру – көптеген  терминжасам  жүйесінде  кеңінен  таралған  семантикалық  түрі. 
Метафоралану – медициналық,  экономика  жəне  басқа  да  ғылымдардың  терминжасам  жүйесінде  кеңінен 
қолданылады жəне  терминжасамның семантикалық түрі саналады.  
Салыстырудың  жалпы  сипат  арқылы  семантикалық  қатынастары  басқа  да  жұрнақтар  арқылы 
беріле алады: айкезбе, айналшық, ақтүйіршік,, теміреткі, сіреспе, қояншық, сусамыр т.б.   
Ұғымдардың  сипаттары  медициналық  аталымдарда  кеңінен  таралған.  Күрделі  медициналық 
аталымдар  біртұтас  күрделі  ұғымды  білдіреді  жəне  медицина  саласында  көп  қолданылады.  Мысалы, 
көкжөтел, көкжелке, сары ауру, көкет, асық жілік, кəрі жілік, ауыз омыртқа, жақ сүйек т.б.  
Метафоралы  медициналық  аталымдардағы  қалыптасуына  негіз  болатын  уəждің  қызметі:  пішіні, 
қызметі,  орнына,  қасиеті,  сапасы  т.б.  сипаттарына  қарай  қолданыс  табады.  Көптеген  жағдайда 
қасиеттердің  ортақ  болуы  атаудың  қалыптасуына  негіз  болады.  Тілде,  метафоралы  медициналық 
аталымдар көз алдына елестету (ассоциация) бойынша немесе эмоциялық қабылдау арқылы жасалады. Екі 
сыңардың  қосылуынан  бір  ұғымның  берілуі  коннотациялық  семантика  арқылы  беріледі.  Мысалы, 

 
20
көкжөтел  деген  аталымда  екі  сыңардың  да  жөтел  қимыл  мағынасы,  қимылдың  əсерінен  адамның 
қиналысқа  түсуі,  түсінің  өзгеруі  (көк)  əкеліп  аталымның  жасалуына  себепші  болған.  Бұл  мысалы, 
қызылша,  жұтқыншақ,  жіліншік,  шеміршек,  сыздауық,  көршиқан  т.б.  сыңарлар  тұлғалық  көрсеткіштер 
ретінде түрлі коннатациялық  мағынаны қалыптастырудағы қызметін білдіретін жұрнақтар қолданылады.  
Б.Қасым: «Күрделі  атаулардың  уəжділік  дəрежелерін  жəне  күрделі  сөздің  қалыптасу  тарихын, 
жолдарын  айқындауда  тиімді  əдістің  бірі  екенін  көрсетті.  Уəждеме  туынды  сөздің  мағынасының 
қалыптасуына  туа  түбірдің  лексикалық  мағынасының  қосатын  үлесі  уəжділіктің  түрін  айқындауға  алып 
келеді. Мəселені бұлай шешу уəждеме теориясын жетілдіруге, сол сияқты күрделі атаудың уəжділігі мен 
уəжсіздігінің аражігін айыруға, шешімін табуға əкеледі.  
Сөзжасамдағы метафоралық уəждеме, сөзжасамдық талдау ең негізгі ұғым деп саналып, уəждеуші 
негіз  ұғым  ретінде  тілде  ғылыми  айналымға  енді.  Туынды  сөздегі  метафоралық  уəжділіктің  ерекшелігі 
олардың  ауыс  мағынасы  уəжділік  дəрежелердің  түрлі  деңгейде  болуы,  ол  тек  сөзжасамдық  құрылымда 
айқындалады»  деп  талдайды [3, 129 б.].   Зерттеу  жұмысында  жоғарыда  аталған  тұжырымдар 
медициналық аталымдарда аталымдардың талдауда, саралауда негізгі ұстанымдар ретінде алынды.  
Метафора – терминдерді  классификациялауда,  ең  алдымен,  мағыналық  құрылымның 
ерекшеліктерін ескеру қажеттігі туындайды. Мұндай классификацияны семантикалық классификация деп 
атайды.  Метафора – терминдерді  классификациялауда  жалпы  ұстанымдары  анықталады: 1. Нақтылы 
абстрактіге ауысуы нəтижесінде концептуалдық метафоралы аталымдардың қалыптасуы. Бұл ұғымның 
концептке  де  қатысы  бар.  Концептің  мəн-мағынасы  →  түсінік,  бейне,  ұғым,  мағына  дегендер  жатады. 
Мəселен,  Э.Д.Сүлейменова: «Концепт – часть  концептуальной  системы;  то,  что  индивид  знает, 
воображает, думает об объектах действительности» деген пікір білдіреді [4, 151 б.].   
О.Опарина: «Концептуальная  метафора  функционирует  как  средство  получения  новые  знания  о 
предметном мире. Поэтому ее можно рассматривать как инструмент познания. Эта функция проявляется 
особенно  ярко  в  языке  науки,  где  при  посредстве  концептуальной  метафоры  происходит  выделение 
научных категорий и где она может служить в качестве гипотетической модели, предсказывая ряд свойств 
исследуемого объекта»   деп концептуалдық метафораға анықтама береді [5, 152 б.].   
2.  Нақтыдан  нақтыға  ауысу.    Ақпаратты  алуда  ойлаудан  гөрі  сезім  мүшелері  ерекше  қызмет 
атқарады. Өмірде көп таралған жəне жиі кездесетін құбылыс. Бұл ұстаным атаудың қалыптасуында ортақ 
белгілер  негіз  болады.  Мысалы,  түрлі  пішіндер,  түр-түс,  қызмет  т.б.  ортақ  қасиеттер  бірін-бірі 
байланыстырушы ұғым ретінде жұмсалады. Мысалы: сарыауру, аққан, ақтүйіршік, құртауру, көкет т.б.    
3. Іс-əрекетпен байланысты. Екі ұғымға ортақ сема – процесс ұғымы. Бұл ұстаным іс-əрекетпен 
байланысты айтылады. Мысалы: ақ езу, ұлтабар, қан кету, қансырау, қан түкіру, қанқысымы, соғып алу, 
мыжылу  (ушиб)  лоқсу,  құсқысы  келу,  жарақаттану,  мүгедектік,  қышу  (зуд),  қатпа  (запор),  сарғаю 
(желтуха), жемсау (зоб) т.б. 
4.  Антропоцентрикалық    ұстаным -  адамға,  оны  қоршаған  айналаға,  заттарға,  құбылыстарға 
байланысты. Медициналық  аталымдарда  метафора міндетті  түрде  салыстыру  түрінде  беріледі.  Адамның 
өзі,  дене  мүшелері,  қолданылатын  заттары  т.б.  болып  табылады.  Антропоморфизм  адамның  ойлау 
қабілетінің  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі  болып  табылады.  Адам  қоршаған  айналадағы    заттар  мен 
құбылыстарға тəн қасиеттерді теңеу (кейіптеу) арқылы қалыптастыру.   
Метафоралы  медициналық  терминжасамның  негізгі  ерекшеліктерінің  бірі – метафора-
терминдерінің жүйесінің  құрылуы, сонымен бірге бір-біріне ұқсамайтын ғылыми салаларының бір-біріне 
теңестірілуі.  Бұл  теңестірудің  негізі,  себебі  белгісізді  белгілі  құбылыс  пен  заттар  арқылы  беру  болып 
табылады.  Бұл  ереже  аналогия  негізін  құрайды  жəне  сонымен  ғылымдағы  кез-келген  метафораның 
туындауының міндетті шарты болып  табылады. Бір ғылым саласынан екінші ғылым саласына проекция 
құруға,  қарастырылып  зерттелетін  сананың  моделін  құруға  себепкер  болады,  яғни  сол  модель  арқылы 
қыр-сырын  танып,  жан-жақты  зерттеп  қарастыруға  септігін  тигізеді.  Сонымен  бірге  зерттелуге  алынып 
отырған объектінің басқа да заңдылықтарын ашып, болжам жасауға мүмкіндік береді.  
Метафораның  күрделі  түрін  құрайтын  түрі  интеллектуалды    метафора.  Бұл  көбінесе  философия, 
логика, лингвистикалық терминжасамында көбірек кездеседі. 
Метафоралы  терминжасамда  негізгі  ауысу  түрлері – тұлғасы,  орналасу  орны,  қызметі  т.б. 
ұқсастығы арқылы атау. Бірақ көптеген метафора – терминдерге бұл сипаттар бір-бірімен жете араласып, 
кірігіп кеткенін есте сақтау керек. Тек шектелмеген терминдерде ғана бұл ауысу бір сипат арқылы жүреді. 
Ұғымдардың  ұқсастығымен  бірге  қосымша  ауысуға  негіз  болады.  Метафоралы  терминжасамда  жалпы 

 
 
21
 
əдеби  лексикамен  қатар  елестету  бойынша  немесе  эмоциялық  берілу  арқылы  ауысулар  да  кездесіп 
жатады.  
Салыстыру аспектісі болып тұлға мен қызмет ұқсастықтары да бірге болады.  
Сөздің метафоралы терминденуінде елестету, эмоциялық қалыптың маңызы зор екенін жоғарыда 
айтып өттік.  
Тұлға,  орын,  қызмет,  елестету  ұқсастығы  арқылы  берілетін  сипаттар  біріге  отырып  бір  топты 
құрайды. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың барлығында да ауысудың объективті сипаттары бар, бірақ 
субъективті  эмоция,  елестету  сипаттардың  мағыналарын  ажырату  қажет.  Объективті  сипат  дегеніміз – 
адамның  сезім  мүшелерімен  қабылданатын  сипаттар,  ал  субъективті – осы  сипаттарды  адамның  ой-
санасында  абстрактылы  жалпылау  нəтижесі.  Терминдердің  субъективті  сипаттарын  да  объективті  деп 
қарастыру  қажет,  себебі  термин,  ең  алдымен,  терминологиялық  жүйенің  бірлігі.  Субъективті  сипат 
ауысудың  объективті  түрінде  де  туындайды.  Мысалы,  кез-келген  терминді  алып  қарастыратын  болсақ, 
атау  беруде  салыстыру  объектісіне  ұқсас  келетін  басқа  да  түрлі  заттардың  атауын  алуға  мүмкіндік  бар. 
Осы  мүмкіндікті  пайдалану  терминжасамның  өз  қарамағында,  яғни  субъективті  факторды  құрайды. 
Термин  терминологиялық  жүйеден  орын  алып,  ғылыми  коммуникацияда  кеңінен  таралып  қолданылса, 
бұл аталмыш фактор жойылып кетеді, яғни термин гетерогенді (өлі) метафораға айналады.  
 
1. Шанский Н.М. Очерки по русскому словообразованию. –М.: Изд-во МГУ, 1968. -310 с.  
2. Зимин В.И., Модебадзе Э.А. Метафора и метонимия. // Русский язык в национальной школе. -
1977. - № 2. -  С.83-88. 
3. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уəждеме. –Алматы, 2007. -167 б. 
4. Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. –Алматы: Мектеп, 1989. -160 с.  
5.  Опарина  Е.О.  Концептуальная  метафора  и  ее  функции  в  языке  (на  примере 
субстантивированных метафор): Дисс. …канд.филол.наук. –М., 1990. -169 с. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются метафорические медицинские номинации. 
Summary 
In article will discuss the medical denominations which were made by methophrads.  
 
 
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ САН ЕСІМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   
 
Г.П. Шаһарман –  
филол. ғыл. кандидаты, доцент,  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың                                                            
       мемлекеттік тіл кафедрасы 
 
Сөзжасамның  синтаксистік  тəсілінің  өте  көне  тəсілдердің  бірі  жəне  түрлі  жүйедегі  дүние  жүзі 
тілдеріне  де  тəн  ғылымда  кеңінен  айтылып  əрі  дəлелденіп  жүргені  белгілі.  Н.Оралбаева  сөзжасам 
жүйесіне  қатысты  еңбегінде  бірқатар  əлем  тілдеріндегі  синтаксистік  тəсілдің  алатын  орнына, 
ерекшеліктеріне тоқталған. Ғалым түркі тілдерінде, əсіресе, сөзқосым мен тіркестеру тəсілдерінің белсенді 
екендігін қарастырады.  
 Сөздерді  біріктіру  тəсілін  сан  есімдерге  қатысты  алғанда,  оның  ерекшелігі  көрінеді.  Мысалы, 
қазақ  тілінде  сөзқосым  тəсілінің  екі  түрі:  біріктіру  жəне  кіріктіру  бар  екендігі  белгілі.  Қазақ  тілінде 
көбінесе бір сыңары сан есімнен болған сөзқосым жиі кездеседі. Мысалы: бірталай, екіұшты,үшбұрыш 
жəне т.б. Сөздерді біріктіру тəсілін сан есімдерге қатысты алғанда, оның ерекшелігі кейде бірінші, кейде 
екінші  компонент  ретінде  қолданылуынан  көрінеді.  Мысалы:  бірбет,  кейбір,  кейбіреу.  Бұл  көбінесе  бір 
сан  есіміне  тəн.  Қазақ  тілінде  бір  сан  есімі  арқылы  жасалған  біріккен  сөздер  ауқымды  орын  алады. 
Солардың кейбіреуінің мағыналық ерешелігіне тоқталып көрейік. 
Бірінші  сыңары  бір  болатын    біраз,  бірталай,  бірсыпыра,  біршама  сөздері  бір  қарағанда  өзара 
синонимдес болып келеді. Дегенмен бұлардың айырмашылықтары да жоқ емес. Өйткені олардың барлығы 
мөлшер мағынасын білдіргенмен, контекстегі қолданысынан мағыналық сəл айырмашылықты байқаймыз. 
Мəселен, біраз сөзімен салыстырмалы тұрғыдан алып қарағанда біршама мен  бірсыпыра сөздері көптеу 

 
22
мағынаны білдірсе, ал бірталай сөзі əлдеқайда көп мөлшердегі ұғымды білдіреді. Біраз сөзінің кейде аз, 
кейде көп мағынасында қолданылуы  стильдік ыңғайына байланысты. 
Екі  сан  есімімен  жасалған  біріккен  сөздер  өте  аз.  Олар:  екіқабат,  екіұшты,  екімүшелік, 
екітілділік,  екіталай.  Сонымен  бірге  əуелден,  қалай  болғанда  да,  бұрыннан,  деген  мағынаны  білдіріп, 
жергілікті  ерекшелік  болып  саналатын  екібастан  сөзі  де  осы  топқа  жатады.  Мұндағы  екі  сан  есімімен 
қабат,  мүшелік,  тілділік  деген  зат  есімдер  бірігіп,  үшінші  бір  жаңа  аталымдар,  яғни,  екіқабат – сын 
есімін,  екімүшелік,  екітілділік – зат  есімдерін  жасап  тұр.  Ал  ұшты  сын  есімімен  бірігіп,  екіұшты  деген 
сын есімдік күрделі аталым жасалса, талай үстеуімен бірігіп екіталай күрделі аталым жасалғанын көреміз. 
Бұдан  бірінші  сыңарлары  екі  сан  есімі  болатын  күрделі  аталымдардың  жасалуына  негіз  болып 
тұрған сол зат пен құбылыстың сандық белгілері, екендігі белгілі болды. Атап айтқанда, екі сан есімі мен 
екінші сыңар жаңа аталымның жасалуына бірдей қызмет атқарады жəне сан есімнің мағынасы сақталады. 
Оны мысалдардан да көруге болады.  
Үш  санымен  қатысты  біріккен  сөздерге  тоқталсақ,  бұлардың  ішіндегі  үшем  мен  ұшақа 
туындыларының  ғана өзіндік ерекшеліктері бар. Үшем  еметін қатар үш төл деген тіркестен тұрса, ұшақа 
–  үш  айыр,  тармақты  аша  тіркесінен  ықшамдалып  алынған.  Екеуі  де  диалектілер  қатарына    жатады. 
Дегенмен, əдеби тіл нормасында бұларды алмастыра алатын баламалар жоқ. Мысалы: 1. Үшбұрыштардың 
ұқсастығы,  чертеждің  салынуы,  ешбір  күмəн  келтірмейді – бəрі  дұрыс («Халық  мұғалімі»). 2. «Қонып 
қалсақ» деп, əкем ет асатын кішірек мыс бақыр мен оны асып қоятын үшаяғын сала аттанды. (С.Мұқанов). 
Төрт саны қатысқан біріккен сөз екеу-ақ. Олар: төртбұрыш, төрттағанТөртбұрыштың бұрыш 
санына қарай аталғаны белгілі, ол дара күйінде геометриялық термин ретінде қолданылады. Мысалы: 1. 
Бұл  сөйлемдегі  математикалық  терминдер:  төртбұрыш,  қарама-қарсы  қабырғалар,  қос-қостан 
конгруэнтті  т.б.  сөздер  бар.  Төрттаған - поэтикалық  термин.  Түсіндірме  сөздікте  төрт  жолдан  ғана 
тұратын  шағын  өлең,  рубаят  деп  түсінік  берілгенде  төмендегідей  мысал  келтірілген.  Мысалы:  Кітапқа 
əрқайсысы  төрт  жолдан  тұратын  жүзге  тарта  өлеңнің  парсы  тілінен  аудармасы  енген.  Мұнда  өлең 
формасы    «рубаят»  деп  аталады,  қазақша  оны  кейде  «төрттаған»  деп  те  айтып  жүр. /1, 178/. Ал 
«əдебиеттану  терминдерінің  сөздігінде»  рубай  (рубаят) – көбінесе  философиялық  болып  келетін 
төрттармақты  лирикалық  өлең /1, 180/. Бірінші,  екінші  төртінші  тармақтары  бірыңғай  ұйқасады  да, 
үшіншісі  ұйқастан  тыс  қалады.  Бұл  өлең  өрнегі  шығыс  халықтарының  поэзиясында  кеңінен  тараған. 
Келтірілген пікірлерді ескере отырып, бұл арада көз жеткізетін жайт – төрттаған мен төрттармақтың 
мəні  бар,  екеуінде  де  төрт  жолды  өлеңнің  атауын  білдіреді.  Төрттаған  деп  сөздікте  берілген  десек  те, 
соңғы уақыттағы əдебиеттану саласындағы қолданыста қалыптасып кеткен түрі төрттармақ болып тұр. 
Рубаят сөзі арабтың «рабғун» төрт деген сан атауынан шықса керек. 
Бес  сан  есімімен  бірігіп  жасалған  сөздердің    бəрі  дерлік  ұлтымыздың  əбден  қалыптасқан  төл 
сөздерінің құрамынан орын алғандар болып саналады. Аталған сөздерде бес сан есімі көбінесе, түбір  зат 
есімдер мен туынды түбір зат есімдермен бірігіп күрделі аталым жасайтыны көрінеді. Мəселен, бесаспап, 
бесбұрыш, бесқонақ, бессайыс, бесқару, бестас, бесенеден, бескүндік, бесжылдық, бессайысшы. Сондай-
ақ,  əуелдегі  сөздермен  де  бірігіп  жасалатыны  анықталады.  Оларға  бесатар  (бес  рет  атылатын  мылтық), 
бесақа (бес тармақты айыр), бесжақсы (бес жақсы нəрсе), сияқты сөздерді жатқызуға болады. Бұл күрделі 
аталымдардың құрамындағы бес сан есімінің де сандық мағынасы айқын. 
Алты  сан  есімімен  біріккен  сөздер – алтыатар,  алтыбақан.  Бұл  мысалдардың  мылтықтың 
алтыатар  аталуына – алты  оқтың  алынуы,  ойынның  алтыбақан  аталуына  алты  бақанның  басын  құрау 
себеп болып тұрғанын байқау қиын емес. Аналитикалық тəсілмен жасауда атау үрдісіндегі осы негіздер 
ескерілген. 
Жеті  сан  есімімен  біріккен  сөздер – Жетіқарақшы,  жетітармақты.  Бұл  біріккен  сөздердің 
екеуінде  де  компоненттері  бастапқы  тұлғаларын  толық  сақтаған.  Бірақ  жеті  сан  есімімен  біріккен 
қарақшы, тармақ зат есімдері өздерінің əуелдегі негізгі мағыналарынан ауысып, басқа мағынаға ие болып 
тұр.  Басқа  мағынадағы  сөздердің  жасалуына  бұл  арадағы  жұлдыз  саны  мен  тармақ  саны  себеп  болып 
тұр., ол – жеті сан есімі. Сондықтан да, аталған біріккен сөздердің мағыналарында сандық ұғым басымдау. 
Яғни, жеті өзінің бастапқы сандық мəнін сақтап тұр. 
Бірінші сыңары сегіз сан есімінен тұратын үш біріккен сөз бар. Олар: сегізкөз, сегізаяқ, сегізмүйіз
Үшеуі  де – негізінен  жаратылыстану  ғылымы  саласында  қолданылатын  сөздер.  Дегенмен,  стильдік 
ыңғайына қарай жалпы тілде де ұшыраса береді. 

 
 
23
 
Тоғызқұмалақ  –  ұлттық  ойын  атауы  екені  белгілі.  Мұндағы  тоғыз  санының  таңдап  алынуы 
ойындағы ойын тарту мен айып төлдеудің тоғыз түріне қатысты, бұл І. Кеңесбаевтың айтуынша, əуелде 
ханға берілетін тоғыз сыйлық пен төленетін тоғыз айыпқа байланысты болса керек.  
Онға қатысты біріккен сөздер – онкүндік, онбасы, онсайыс. Бұл біріккен сөздер нақты он санына 
қатысты жасалғандықтан, сандық мағынасы көмескіленбей, айқын көрінеді. Бұл құбылысты он адамның 
басқарушысы – «онбасы» сөзінен де, он күн өткізілетін шара – «онкүндіктен» де, он түрлі спорттық сайыс 
– «онсайыстан»  да  аңғаруымызға  болады.  Бұл  арада  ескерілетін  бір  құбылыс,  бірден  онға  дейінгі 
(бірліктер)  есептік  сан  есімдердің  барлығы  дерлік  азды-көпті  біріккен  сөз  жасауда  елеулі  орын  алғанын 
көріп отырмыз. 
Ал  ондықтар  мен  жүздік,  мыңдықтардың  бəрі  бірдей  сөзқосым    тəсілі  арқылы    сөз  жасауға 
қатыса  алмайтыны  анықталды.  Олардың  тек  кейбіреуі,  атап  айтқанда,  қырық,  елу,  жүз,  мың  сияқты  сан 
есімдер зат есімдер зат пен құбылысты атауда сөзжасамға үлес қосады. Қырық сан есімімен біріккен аяқ, 
буын,  құлақ  сөздері  (зат  есімдер)  əуелдегі  дербес  мағынасыннан  алшақтап,  біртұтас  лексикалық  мағына 
беретін күрделі аталым жасап тұр. Атап айтқанда, қырықаяқ («жəндік), қырықбуын (көпжылдық өсімдік), 
қырықұлақ  (өсімдік).  Қыранот    -  папоротниктердің  бір  түрі,  мұны  кейде  қырықұлақ  деп  те  атайды.  Бұл 
аталымдардың жасалуына нақты қырық саны емес, көптік ұғымды білдіруі себеп болып тұр. Бұл құбылыс 
тілімізде жиі қолданылатын қырық жамау, қырық құбылу, қырық пышақ сияқты тіркестердің ыңғайымен 
жасалғанға ұқсайды. Өйткені қазақ халқы ежелден көптік ұғымды көбінесе қырық, жүз, мың сан есімдері 
арқылы білдірген. Оған фразеологиялық сөздікте берілген осы сипаттағы тіркестер дəлел бола алады. 
Елубасы,  жүзбасы,  мыңбасы  деген  біріккен  сөзде  сөзжасамдық  бір  типке  жатады.  Мағына 
жағынан да ұқсас. Біл сөздер де онбасы тəрізді елу, жүз, мың адамның басшысы атауын білдіреді. Аталған  
біріккен  сөздер  қазіргі  уақытта  белсенді  сөз  қолданысынан  шыққан,  яғни,  əскери  терминдер  көнерген 
сөздер қатарына жатады. 
Мыңға қатысты тағы екі біріккен сөз бар. Олар: мыңжапырақ, мыңтамыр. Екеуі де ботаникалық 
терминдер. Мыңжапырақ – хош иісті гүлдері кішкене, ашқылтым дəмі бар, көп жылдық жабайы өсімдік. 
Мыңтамыр – жол бойында, арық жиегінде өсетін дəрілік өсімдік; екінші атауы – жолжелкен. 
Мысалдардағы  мың  сан  есімдерімен  бірігіп  жасалған  өсімдік  атауларында  нақты  сандық  сипат 
жоқ,  жоғарыда  айтқанымыздай  қырық  сияқты  көптік  ұғымды  білдіреді  (көп  тамырлы,  көп  жапырақты). 
Мың сан есімі мен жапырақ, тамыр зат есімдері бірігіп, күрделі аталым жасайды. 
Жиырма,  отыз,  алпыс,  жетпіс,  сексен,  тоқсан – сан  есімдерімен  біріккен  жалпы  атаулар  жоқ, 
олар  көбінесе,  жалқы  есімдерде  (ономастикалық  атауларда)  кездеседі.  Бұған  Т.Жанұзақовтың    «Қазақ 
есімдерінің  тарихы»,  Е.Керімбаевтың  «Атаулар  сыры»  деген  еңбектері  жəне  «Қазақстан  географиялық 
атаулар сөздігі» дəлел бола алады.  
Сан есімдермен бірігіп жасалып тұрған жер-су (топонимикалық) атауларындағы бірінші (сандық) 
компонент  өзінің  алғашқы  тура  мағынасынан  ауытқып,  жердің    атын  білдіруге  себепкер  болып  тұр. 
Шынымен де, бұл атаулардағы сандар əуелде (біріккен сөздің құрамына кірмей тұрғанда) сандық ұғымды 
білдірсе  (Алты  үй,  Бес  апан,  Тоғызқұдық,  Жетісу,  т.б.)  Кейіннен  тарихи  атауға  айналып,  қалыптасып 
кеткен сөздер. Бұл сандарға қатысты тіркестердің мəні келе-келе кейбір себептерге байланысты жойылуы 
да  мүмкін.  Мəселен,  алты  үйдің  саны  көбейіп,  апанның  бұзылып  не  құдықтың  құрып  кетуі  уақытына 
қарай  заңды  құбылыс.  Ал  ақиқаттың  белгісі – тарихи  (топонимикалық)  атаулардың  жылдар 
атауларындағы  санға  қатысты  қандай  оқиға  не  құбылыстың  болғандығы  елеусіз  қалған  жағдайда,  оның 
аңызға айналып кетуі де сондықтан болса керек. Бұл біріккен сөзден жасалған атаулардың құрамындағы 
сан  есімдер  жер  тарихын  зерттеу  барысында  шындық  көзін  табуға  тиек – жіптің  болары  сөзсіз  деп 
ойлаймыз.  Қазақ  халқы  сəбиге  ат  қоюға  ерекше  мəн  берген.  Осы  ат  қою  дəстүрінен  де  халықтың  салт-
санасы, арман-мүддесі, эстетикалық талғамы көрінеді. əдетте ат қою құрметіне ауылдың ақсақалы немесе 
көрші  ауылдың  шежіреші  қариясы  ие  болады.  Ал  «Жаңғырған  салт-дəстүрлер»  деген  кітапта  былай 
делінген: «Тарихи  мұралардың  көпшілігінде  оғыз  дəстүріндегі  ат  қою  дəстүріне  үнемі  қобызшы  жырау 
Қорқыт ата қатысып отырады. Сонымен бірге үлкен қуаныштың үстіне келіп қалған «құтты аяқ» құдайы 
қонақтарға ат қойғызатын дəстүр бар» / 2, 124-128/. 
Қазақ елінде қалыптасқан дəстүр бойынша нəрестеге үш күннен қалдырмай ат қояды. Ат қоюда əр 
түрлі  себептер  ескеріледі.  Мəселен,  ата-аналар  «өмірі  ұзақ  болсын,  көп  жасасын»  деген  ниетпен 
Мыңжасар  деп,  үш  түрлі  құт-берекенің  келуімен  орайлас  туса,  Үшқұтқа  деп  қойылуын  кездестіруге 
болады.  Сондай-ақ  Алтыхан,  Онтағар,  Қосайдар,  Қосдəулет,  Үшата  деген  сияқты  есімдер  бар.  Бір 

 
24
ерекшелігі:  кейбір  адам  есімдерінің  тарихын  жер-су  атауларына  үңілгендей  мəнін  терең  ашу  мүмкін  де 
емес. өйткені бұл жерде көбінесе жеке адамдардың мақсат – тілектері ескеріліп, (индивидтік көзқарас) сол 
негізде  қойылады.  Тағы  бір  айта  кететін  нəрсе – санға  қатысты  есімдер  көбінесе  қыздарға  қарағанда  ұл 
балалардың атында жиі кездеседі. 
Т.Жанұзақов қазақ тіліндегі сан есімдер арқылы жасалған жалқы есімдерді өзіндік типтеріне қарай 
жіктеп,  əсіресе,  екі  түріне  ерекше  мəн  берген.  Олар  жоғарыда  аталып  өткен – кісі  аттары  мен  жер  –су 
аттары /3,142-153/. Қазақ халқында баланың туған күні, мерзіміне, оны қоршаған ортаға, өмір тіршілігіне 
байланысты,  кейде  сандардың  «қасиеттеріне»  сенуге  орай  сан  есім  сөздер  негізінде  балаға  ат  қойылып 
отырғаны  байқалады.  Мəселен,  Жетібай,  Қырықбай,  Алпысбай,  Сексенбай,  т.б.  Екінші  сыңар  болып 
тұрған бай сөзі, соңғы уақытта қосымшаға айналып бара жатқаны аңғарылады. 
Сол  сияқты  үш,  төрт,  бес,  алты,  жеті,  сегіз,  тоғыз,  он,  отыз,  қырық,  сан  есімдеріне  қатысты 
жасалған біріккен жалқы есімдер жиі кездеседі.  
Ал елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандары арқылы жасалған кісі аттарында ерекшеліктер бар. 
Елубай,  Алпысбай,  Жетпісбай,  Сексенбай,  Тоқсанбай  деген  аттардың  қойылуы  баланың  əкесінің  осы 
жасқа келгенде туғандығын немесе сол жасқа жетсін деген тілекті көрсетеді. Бұлайша ат қою дəстүрі де 
қыз балаларға тəн қасиет емес көрінеді. 
Аталған  (жалқы  есімдерде)  кісі  аттарындағы  сан  есімдермен  бірігіп  тұрған  бай  сөзінің  əуелден 
дербес мағыналы сөз екендігі байқалады. Бұл жөнінде Қ.Жұбанов: «Бай – белгілі адамдардың мəртебесін, 
дəрежесін көрсетеді», - десе, /4, 25/. Т.Жанұзақов: «Кісі аттарының бірінші, екінші сыңарларында кездесе 
беретін  бай,  бек,  батыр  сөздері  сын  есім  əрі  зат  есім  мағынасында  жұмсала  береді»  деп  көрсетеді. /3.5, 
142-153/. 
Берілген  күрделі  аталымдардың  құрамындағы  сан  есімдердің  көпшілігінде  сандық  мағынасы 
сақталатындығы байқалады.  
Сан  есім  сөздер  негізінде  жасалған  аталымдар  арқылы  əр  түрлі  сөз  таптарының  өз  құрамын 
толықтырып отыратындығына тіл деректері арқылы көз жеткізуге болады.  
 
1.
 
Ахметов З., Шаңбаев Т. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. - Алматы, 1996.-240 б. 
2.
 
Жаңғырған  салт-дəстүрлер. //Ред.  басқар.  М.Қазыбеков. – Алматы:  Қазақстан, 1991. - 
Б.124-139. 
3.
 
Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1971. -218 б. 
4.
 
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жайында зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966–362 б. 
5.
 
Сайрамбаев Т. Сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі. – Алматы: 1966. – 218 б.  
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  особенности  лексических  значений  номинативных  единиц  на 
основе имен числительных. 
Summary 
The article is considered the main lexical meaning of nominative unit on base of numerals in Kazakh 
language. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал