Хабаршы вестник



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/18
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
 

 
 
87
 
А.БАҚТЫГЕРЕЕВА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ӨРІСІ 
 
А.Шəдібекова - 
ҚазҰПУ-дың ізденушісі 
 
Қазақ  поэзиясында,  əдебиеттану  ғылымында  өлең  жанрын  лирикалық  текке  жатқызып  келеді. 
Мұның  əрине,  өзіндік  себептері  бар.  Басты  критерий  бейнелеу  тəсіліне  байланысты  екендігі  белгілі: 
авторлық  баяндау  арқылы  жазылатын  шығарманы  эпикалық  текке,  қаһарманның  толғанысы  арқылы 
туатын  шығарманы  лирикалық  текке,  ал  шығарма  кейіпкерлерінің  өзара  сөйлесуі,  қақтығысуы  арқылы 
жазылған  шығарманы  драмалық  текке  жатқызу  тек  қазақ  əдебиеттану  ғылымында  ғана  емес,  əлемдік 
тəжірибеде бар. Ендеше, бұл əлемдік əдебиет теориясында нақтыланған, толыққанды зерттелген деп айта 
аламыз.  Дей  тұрғанмен,  кейде  тек  пен  түрді  шатастыру,  кейде  екеуін  бір  нəрсе  деп  қарау  əлі  де  болса 
кездесетіндігі рас.  
Біздің  зерттеу  нысанымызға  алған  өлең  жанры  іштей  тақырыбына,  сарынына  қарай  саяси-
əлеуметтік,  азаматтық,  интимдік,  пейзаждық,  философиялық  лирика  деп  бөлінсе,  образдылық,  сыртқы 
формалық сипатына қарай сатиралық өлеңдер, мысал өлеңдер, балладалар, толғаулар т.б. болып жіктеледі. 
Əрине,  бұлай  жіктеудің  шартты  нəрсе  екендігін  де  естен  шығармауымыз  қажет.  Өйткені  əдеби  жанр 
дегеніміздің өзі заманмен, қоғаммен бірге дамып, жаңарып, жасарып отыратын диалектикалық құбылыс. 
Қалай  десек  те  жанр  шығарманың  форма  категориясы  болғанымен,  оған  да  біз  көркемдік  тұрғыдан 
қараймыз.  Өйткені  «көңілдегі  көрікті  ойды»  өз  оқырманына  жеткізудің  бір  жолы – суреткердің  өз 
шығармасының жанрын жаза баспай таңдай алуы. Егер шартты түрде жоғарыда айтып отырған «көңілдегі 
көрікті ойды» шығарма тақырыбы деп алсақ, осы тақырыпты оқырман көңілінен шығатындай етіп ашудың 
бір көркемдік жолы жанрды таңдай алу. Бұлай деп отырғанымыз қазақ əдебиетінде жанрын, тақырыбын 
тапқан  көркемдігі  жоғары  туындылармен  қатар,  жанрды  жасытып,  тақырыпты  игере  алмаған 
шығармалардың  да  кездесіп  қалатыны  өкінішті.  Ендеше,  суреткер  үшін  тақырып  таңдау  мен  идеяны 
жеткізу сияқты жанрлық ізденіс те қажет екендігі даусыз. «Əдебиет қоғамдық сананың бір тармағы болған 
соң ол өз дəуірінің, өз қоғамының мақсат, тілегін білдірмей тұра алмайды. Оның мазмұндық, формалық 
өзгерістері  осыған  байланысты  өтіп  жатуға  тиіс» [1,5],-деген  ғалым  М.Базарбаевтың  пікірі  де  осыны 
аңғартса керек. 
Осы  тұрғыдан  көз  жіберер  болсақ,  Ақұштап  Бақтыгереева  бұл  мəселеде  де  құр  алақан  емес 
сияқты.  Жалпы  табиғатынан  Ақұштап  лирик  ақын,  лирикалық  поэзияның  белді  өкілдерінің  бірі.  Ақын 
шығармашылығына  зерделей  қараған  оның  поэзиясының  дені  лирикалық  өлеңдер  екендігіне  көз 
жеткіземіз.  Поэма,  дастан  сынды  эпикалық  текке  Ақұштап  көп  бара  қоймаған.  Бұны  ақынның  көркем 
формалық ізденістегі талғампаздығымен, өзіне талап қоя алуымен ғана түсіндіре алар едік.  
Кез  келген  суреткер  даралағын  зерттеп,  зерделеуде,  оның  қалам  қарымын  анықтауда  біз  қазақ 
поэзиясының  жүріп  өткен  жолына,  өткен  тарихына,  дəстүр  мен  жалғастық  мəселесіне  үңілмей  пікір 
тарқата  алмасымыз  заңды.  Бұл  бүгінгі  поэзиямыз  үшін  де  аса  қажет  екендігі  сөзсіз.  Ақұштап 
шығармашылығына, соның ішінде көркем форма ізденістеріне назар сала отырып бұл заңдылықтан біздің 
аттап  кете  алмайтынымызға  көзіміз  жетті.  Оның  дəлелі  Ақұштап  шығармашылығында  бой  көрсететін 
шығыстық дəстүр.  
Ұлттық  поэзиямыздың  терең  тамырларына  көз  жүгіртер  болсақ  оны  біз  шығыс  əдебиетінсіз 
елестете  алмаймыз.  Шығыс  əдебиетінің  үлгілері,  əсіресе,  ғашықтық  дастандары  «Сейфүлмəлік», 
«Бозжігіт», «Мың  бір  түн», «Тотынама», «Шахнама», «Лəйлі – Мəжнүн», «Таһир – Зуһра», «Фархат – 
Шырын»  т.  б.  мен  ислам  дінін  насихаттап,  адамзат  баласын  имандылыққа  шақыратын  «Сал – сал», 
«Зарқұм», «Сейітбаттал» сияқты шығармалардың біздің əдебиетімізге тигізген əсер-ықпалы аз емес. Қазақ 
əдебиетінің  шығыс  əдебиетімен  байланысының  бір  көрінісі – ауыз  əдебиетіндегі  белгілі  сюжеттердің 
негізінде  жаңа  шығарма  туғызу,  халық  аузындағы  аңыз-əңгімелерді,  хикаялар  мен  əпсаналарды,  шығыс 
поэзиясындағы кейбір сюжеттерді жаңадан жырлау. Бұл дəстүр туралы М. Əуезов: «Көпке мəлім болған 
тарихи шындықтар бойынша, шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында бір шығыс ақыны 
əңгіме ететін, тың дастандар шығаратын дəстүр бар. Бұлайша бір тақырыптың əр ақында қайталануы еш 
уақытта  аударма  деп  танылу  керек  емес.  Ол  өзінше  бір  қайта  жырлау,  тыңнан  толғау  немесе  ақындық 
шабыт-шалым  сынасып,  жырмен  жарысу  есепті  бір  салт  еді…  Шығыс  поэзиясы  бұл  салтты  заңды  деп 
біліп,  осы  дəстүрге  «назира», «назирагөйлік»  деп  атау  да  берген»  дейді [2, 150]. Ақұштап 

 
88
Бақтыгерееваның  жанрлық  ізденістеріне  назар  сала  оытырып,  ақынның  осы  дəстүрден  үлгі  алып,  оны 
жанына жақын тартқанын аңғаруға болады. Олай деуімізге себеп ақын қаламынан нəзира дəстүрінде туған 
«Айнамкөз», «Боранды  түн», «Сауық  кеш», «Жылқышы  хикаясы», «Саралжын – аққулар  мекені», 
«Алуаш», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз аңызы» сияқты хикаяттары. 
Ақынның  «Айнамкөз», «Боранды  түн», «Сауық  кеш», «Жылқышы  хикаясы», «Саралжын – 
аққулар мекені», «Алуаш» сияқты хикаяттарына Мұхит əндерінің шығу тарихы, əнші өмірі туралы халық 
аузында жүрген аңыз əңгімелер негіз болған.  
Соның бірі «Айнамкөз» хикаяты: 
Пенде емес малын санап, жатар шөгіп, 
Жез таңдай əн мен жырды қатар төгіп, 
                                                    Сыймаған бір ауылға сері Мұхит 
  Жиірек кетеді екен сапар шегіп,- [3,328] 
деп  басталады.  Егер  көркем  шығарманың  композиялық  құрылымы  тəртібімен  қарасақ  бұл – 
экспозиция. Бірақ ақын өзі таңдаған жанрдың жауапкершілігін, көтерер жүгін анық аңғарады. Сондықтан 
да əрбір айтар ойдың, шығарма оқиғасына қатысты əрбір деталь мен сюжеттің, образ сомдауға қатысты 
дəйектер  мен  деректердің  нақты,  қысқа,  дəл  болуын  қадағалайды.  Осы  бір  шумақ  өлеңнің  өзінен  сері 
Мұхиттың  өмір  жолы  мен  тағдыр-талайы,  оның  ішкі  əлемі  туралы  біле  аламыз.  Ақын  Мұхиттың  тұтас 
өмір жолын: қайда, қашан дүниеге келді, қандай ортада өсті т.б. дерек-дəйектерді беріп жатпайды. Негізгі 
ақындық  мақсат  əн  тарихына  байланысты  аңызды  шығарма  желісіне  арқау  етіп  отырғандықтан  мұндай 
өмірлік деректерді келтірмеген. Бірақ «Пенде емес малын санап, жатар шөгіп», «Сыймаған бір ауылға сері 
Мұхит» сияқты өлең жолдары серінің өмірлік ұстанымынан, ішкі əлемінен хабар береді.   
Қазақ  серілері  оттың  басының,  үй  ішінің  айналасында  жүретін  адамдар  емес.  Олардың  сұлу  да 
сымбатты, сонымен бірге қиын тағдыры ел аралап жүруге жазылған. Олар үшін өмірдің барлық лəззаты 
осы,  өз  жанының  жарасын  да  осы  ойын-сауықпен,  той-думанмен  емдейді.  Мұхит  та  сондай  ерекше 
жаратылған жан.  Қобда  бойын  аралап жүріп  бір отырыста  ақын-əнші  бір  аруға  жолығады.  Көрген  сəтте 
қыз жанын жаралаған ауыр қайғының ізін оның «мұң аралас жалын төккен жанарынан» байқайды. Ол - 
өзінің  сүймегеніне  атастырылған  қыз  шері  еді.  Ақын  қыз  портретін  жалаң  суреттемейді,  оның  ішкі  жан 
дүниесі, ақыл-парасаты, қайғы-мұңымен астастыра, бірлікте береді.  
Төгілтіп ақ көйлектің бүрмелерін, 
                                                        Ұғына үнсіз тыңдап білмегенін. 
Ақ білек шəй ұсынған батыл ғана, 
       Ұялшақ дірілдейді гүлдей ерін. [3,330] 
Əдемі  сурет!  Ешкімді  де  бей-жай  қалдырмайтын  бояуы  қанық,  сыры  терең,  ойлы  сурет!  Тағы 
айтамыз бұл ақын шеберлігі, суреткердің ой-қиялының жүйріктігі.  
Ақын  өз  шығармасын  Мұхиттың  «Айнамкөз»  əнінің  сол  жерде  орындалуымен  аяқтайды.  Осы 
əннің өмірге келуіне себеп болған ару бойжеткеннің адам көзін сүріндірер сұлулығы ғана емес, оның ішкі 
мұңы, өз сүйгеніне қолы жетпей, тағдыр құрбандығы болып бара жатқан қыздың қайғы-қасіреті дегенді 
айтады. Бар-жоғы осындай бір əннің өмір келу тарихына арналған туынды өзінің көркемдігімен де, мəн-
мазмұнымен де ерекше. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бұл бұрыннан ел арасында тараған аңыз желісіне 
құрылған  шығарма  болғанымен,  адам  жанына  əсерлі,  оқырманын  бей-жай  қалдырмайтын  хикаят.  Ақын 
халық  жадында  бұрыннан  бар  дүниенің  өзін  жаңа  қырынан  танытып,  өзгеше  көркем  мəнермен  қайта 
жырлауы  нəтижесіз  емес.  Ал  ақынның  осындай  бірнеше  шығармасын  тек  Мұхиттың  өмірі  мен  тағдыр 
жолына, оның əндерінің шығу тарихына, Мұхит өміріндегі елеулі кезеңдерге арнауы ақынның туған жер 
топырағынан шыққан тарихи тұлғалар өміріне бей-жай қарамайтындығын көрсетеді. 
Ақұштаптың «Ақсақ құлан» шығармасына ертеден құлағымызға сіңісті болып кеткен хан ұлының 
аң аулап жүріп қайтыс болуы, оның өлімін естірткен адамның көмейіне қорғасын құямын деген жарлығы, 
ел  арасынан  шыққан  ақылды-тапқыр  адамның  хан  ұлының  өлімін  күй  арқылы  жеткізуі  негіз  болған. 
«Ақсақ  құлан»  күйінің  шығу  тарихы  туралы  бірнеше  аңыз-əңгімелер  болғанымен  барлығының  келіп 
саятын  сюжеті  осыған  ұқсас.  А.Сейдімбек  бұл  аңызды  Шыңғыс  ханның  ұлы  Жошының  өлімімен 
байланыстыра  келе,  күйді  шығарып,  ұлы  Жошының  өмірден  озғанын  Кетбұға  жырау  осы  күй  арқылы 
жеткізген  деген  пікір  айтады [4,148]. Қалай  болғанда  да  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  таралып  келген  осы 
аңыз желісі Ақұштап ақынды бей-жай қалдырмаса керек.  
«Ақсақ  қызы  аңызы»  да  бізге  сонау  Қорқыт  ғұмыр  кешкен  замандардан  сыр  тартады.  Бұл  да  ел 
аузында  бұрыннан  бар  аңыз  желісі.  Əдемілігі  мен  көркі  бірінен-бірі  асқан  қырық  қыздың  құлағына 

 
 
89
 
алыстан  күй  əуені  жетеді.  Мұңды-шерлі  күйді  жақыннан  тыңдап,  сол  күйді  орындаушы  адамды  жақын 
жерден көруге ынтыққан қырық қыз сапарға аттанады. Олардың арасында бір ақсақ қыз болады. Сырдың 
құмды даласын кезіп келе жатқан қырық қыз шөлді, ыстықты, құмды дауылды жеңе алмай біртіндеп қала 
береді. Соңында тек ақсақ қыз ғана Қорқытқа жетеді. Бірақ сол жерде қайтыс болады.  
Ел  аузындағы  осы  аңыздың  бір  нұсқасында  ақсақ  қыз  Қорқытпен  отау  құрады.  Өзімен  бірге 
шыққан отыз тоғыз қыздың жолда қайтыс болғанын ақсақ қыз аузынан естіген Қорқыт қапа болып, мұң-
шерленіп соның əсерінен «Сарын» атты күй өмірге келеді.  
Əрине,  Ақұштап  шығармасында  ақсақ  қыздың  Қорқытқа  жетіп  қайтыс  болуына  таңдануға 
болмайды.  Мүмкін  ақын  аңыздың  осындай  нұсқасын  естіп,  соны  негізге  алған  шығар.  Мүмкін  бұл 
ақындық, суреткерлік шешім шығар. Қалай болғанда да ақын ел аузындағы осы бір аңыз əңгімені поэзия 
тілімен өрнектеуді мақсат тұтқан.  
Шығыстық  нəзира  дəстүрі  негізінде  жазылған  Ақұштап  хикаяттары  өзінің  көркемдігімен  көз 
тартар əдеби жаратындылар. Ақын аңыз желілерін сақтай отырып, бұрыннан бар аңыз-əңгімелер арқылы 
таныс  та  бейтаныс  дүниелерді  өмірге  əкелген.  Таныс  деуіміз  хикаят  желілері  бұрыннан  бар  аңыздарға 
құралғандығы,  ал  бейтаныс  деуіміз  халық  аузындағы  осы  аңыз-əңгімелер  поэзия  тілінде  түрленіп, 
жаңарып, жасарып шыққан.  
Ақұштап лирикасындағы жанрлық ізденістің тағы көрінер тұсы ақынның хат үлгісіндегі өлеңдері. 
Əлемдік  əдебиет  тарихында  танымал  жазушылардың  белгілі  шығармаларымен  қатар,  олардың 
эпистолярлық  мұралары  да  оқырман  қауым  үшін  қызықты,  тартымды  дүниелердің  бірі  болғандығын 
білеміз.  Сонымен  бірге  өз  шығармаларын  хат  түрінде  жазған  немесе  хаттарды  шығармаға  айналдырған, 
сондай-ақ белгілі қаламгерлердің жазысқан хаттарын кітап етіп шығару дəстүрі де бар. Қалай болғанда да 
хат көркем шығармамен байланысып, астасып жатқан дүние. Олай дейтініміз жазысқан сан алуан хаттарда 
тек  амандық-саулық,  хабар-ошар  білу  мен  білдіру  ғана  емес,  сол  хат  иесінің  сырлары,  пайым-түсінігі, 
дүниетанымы  көрінетіндігін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Сондықтан  да  көптеген  суреткерлер  өз 
шығармаларының  бір  саласын  хат  үлгісінде  жазуды  машық  еткен.  Эпистолярлық  əдебиет – 
эпистолография  (гр.  Жолдау,  үндеу)  сан  алуан  хат  түрінде  жазылған  шығармалар [5,232]. Зерттеуші 
Р.Сыздықова түркі жазба əдебиетінде хат түрінде қалыптасқан жазу дəстүрі болғандығын айтады [6,231].  
Ақұштап Бақтыгерееваның «Анама бірінші хат», «Анама екінші хат», «Қыздардан келген хаттар», 
«Анаға  хат», «О  дүниеге хат», «Ауылға  хат», «Сыр  бойына  сəлем  хат»  өлеңдері  хат  үлгісінде  жазылған 
туындылар.  Көріп  отырғанымыздай  аталған  шығармалардың  арасында  анаға  жолданған  хаттар  біршама. 
«Анаға бірінші хатта»: 
                            Өзіңді, анам, өмірде 
                            Ренжіткен жерім көп. 
                            Əжем келін дегенге 
                            Мен де жүрдім келін деп.  
                            Ене сырын ұғып шын
                            Өр көңілін қия алмай
                          Он екі жыл жүріпсің 
                          Өз қызыңды сүйе алмай. [3,33] 
Бұл  тек  Ақұштап  басындағы  жай  ғана  емес.  Қазақтың  бала  тəрбиелеудегі  ұлттық  ерекшелігінің 
бірі.  Мүмкін  бүгінгі  күн  үшін,  педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан  қарағанда  əбес,  тіптен  ғылыми 
жағынан дұрыс емес те болар. Бірақ бұл біздің ұлттық санамыз үшін жат емес. Мұндай туған шешесінің 
атын атап, мойындамай келген баланы, өз баласын енесінен имене мейірлене құшағына қыса алмай келген 
келінді қазақтың əр отбасынан кездестіруімізге болады. Қазақ үшін оның еш əбестігі жоқ, тіптен ата-енені 
сыйлап-құрметтеудің бір түрі болып есептеліп, дəстүр ретінде қалыптасып та кеткен.  
Ұрдың мені амал жоқ 
                                                                   Қателік боп ісімде
   Ұрдың мені «анам» деп 
          Айтпағаным үшін де. [3,34] 
Лирикалық  кейіпкер  үшін  ана  шапалағы  ыстық,  қымбат.  Кейін  осы  шапалақты  сағынады.  Өлең-
хаттағы оқырманды тебірентіп, жүрегіне жылылық сыйлайтын туындының осы ұлттық сипаты. Басқа ұлт 
үшін оғаштау көрінетін осы қазақы дəстүр біздің барлығымыз үшін ыстық, қымбат. Ақын осы бір нəзік, 
адам  көңіліне  əсері  басым  нəрсені  дəл  тауып  өлең-хатқа  түсіре  білген.  Ақынның  анасына  жазған 

 
90
хаттарының барлығында дерлік анаға айтар сыры, анасына деген сағынышы бейнеленген.  
«Қыздардан келген хаттар» төрт хатқа бөлінген, соңында жауап бар. Бұл өлең-хаттарға ақынмен 
сырлас  оқырман-қыздардан  келген  хаттар  негіз  болған.  Көбіне  алданған,  от  басқан  қыздар  ақынға  жан 
сырын аша ақыл сұрай хат жолдағандығы байқалады. Мəселен, бірінші хатта: 
             «Сүйемін» деді ол, құшағын жайды, 
Көбелек болып ұштым мен. 
    Сонымен мендік махаббат айы 
     Аспады, апа, үш күннен,- [3,96] 
десе, екінші хаттың иесі: 
Сезімнің өртендім де алауына, 
       Арбалдым жас жігіттің жанарына. 
  Енді өзім жігіттерді алдар едім, 
                  Қолымды байлап отыр мына бала,- [3,96] 
деп, хат жазады. Өкініштен гөрі кектену, назалы қыздың характерін берген ақын жауап хатында: 
                                                           Жастықта алау жалынбыз, 
                                                           Жылжиды баяу сағым-күз. 
                                                           Киелі сезім махаббат 
    Абай болғайсың, ару қыз!- [3,97] 
деген, апалық, аналық ақылын айтады. Енді ақын өз сіңілілеріне арнаған осы бір өлең шумақтарын 
неге  хат  түрінде  жазды  деген  сұраққа  жауап  іздеп  көрсек.  Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  ақынды  өз 
көңіліндегі ойын тұщымды, маңызды беру үшін мазалайтын нəрсенің бірі жанр. Яғни, қай жанрда жеткізу 
керектігі. Осы тұрғыдан көз жіберсек, от басқан сіңілілерінен хат алу, жауап жазу дəстүрлі дидактикалық 
өлеңдерден  гөрі  ұтымды,  сəтті.  Қазақ  қыздарының  арасында  алданған,  от  басқан  қыздар  да  бар,  абай 
болыңдар  деген  ақылмандық  сөзден  гөрі,  осындай  қыздардың  атынан  сыр-хаттар  жазу  табылған  əдеби 
тəсіл. Ендеше Ақұштаптың бұл ізденісін де сəтсіз деп айта алмаймыз. 
 
1.
 
Базарбаев М. Əдебиет жəне дəуір. – Алматы: Жазушы, 1966. - 272 б. 
2.
 
Əуезов М. Əр жылдар ойлары. – Алматы: Жазушы, 1959. – 189 б. 
3.
 
Бақтыгереева А. Ақ шағала. – Алматы: Өлке. 2001. – 424 б. 
4.
 
Тарақты А. Күй шежіре. – Алматы: КРАМДМ-Ясауи, 1992. - 488 б. 
5.
 
Ергөбек Қ. Баян ғұмыр. - Алматы: Жазушы, 1991.- 318 б. 
6.
 
Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. - Алматы: Арыс, 2004.- 288 б. 
 
Резюме 
Статья посвящена исследованию жанровых особенностей поэзии А.Бактыгереевой. 
Summary 
In this article is considered janry poetic differences of A.Baktigereyeva. 
ДРАМАДАҒЫ СӨЙЛЕУ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПРАГМАТИКАСЫ 
 
А.С.Шыныбекова –  
ф.ғ.к., доцент,  М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік  
жəне коммуникациялар академиясы «Тілдер» кафедрасының оқытушысы 
 
 Драмалық  шығарманың  тілін  талдау  дегеніміз – əрекет  етуші  пьеса  кейіпкерлерінің  тілін  талдау 
болып  табылады.  Көркем  əдебиеттің  ерекше  түрі  ретінде  драма  өзінің  ерекшелігіне  сай,  кейіпкерлердің 
сөйлеу  тіліне  құралады.  Егер,  эпостық  жəне  лирикалық  шығармалармен  салыстырғанда  драмалық 
образдың нақтырақ екенін жəне “əбден пісіп жетілген нақтыланған жəне кезек күттірмес өмірдің қарама-
қайшылығын бейнелейтінін” [1] ескерсек, онда əрбір драмалық дискурс репликасының да көтеретін жүгі 
де  сəйкесінше  өседі.  Осыдан  барып  о  бастан  қатынасқа  негізделген  драманың  сөйлеу  тілін  зерттеудің 
өзектілігі келіп туындайды. Драмалық сөйлесім қандай да бір тұрмыстық саладағы дискурстың өзінше бір 
«құймасы».  Драмалық  сөйлесім  өзінің  табиғаты  жəне  бағыты  бойынша – дауыстап  айтуға  құрылған – 
тікелей  ауызша  сөйлесім. “Жазушы  үшін  көркем  сөз... - драмалық  əрекетті  дамытудың  жалғыз  құралы 
болып  табылады.  Пьесада  барлығы  сөз  арқылы  жасалады.… ”, – деп  жазған  болатын  атақты  сөз  шебері 
жəне  əдебиеттанушы  В.  Успенский    “Заметках  о  языке  драматургии” [2]. деген  өз  еңбегінде.  Сөйлеу 

 
 
91
 
сипаты,  оны  беру  тəсілі  персонаждың  ең  терең  бейнесін,  оның  санасының  түрін,  ойлау  ерекшелігін, 
эмоциясы мен көңілін ашады. Белгілі К.С. Станиславский айтқандай, “сөйлеу дегеніміз – əрекет ету”.  
Кейіпкерлер,  олардың  мінездері  мен  көзқарастары,  сол  сияқты  өзара  қарым-қатынастары, 
қарсылықтары  мен  қақтығыстары  сөйлеу  арқылы  көрінетін  əдебиет  жанры - драма – сөйлеу  əдебінің 
нысаны  ретінде  прагматикалық  көзқарас  тұрғысынан  талдауға  тиімді  де.  Сөз  драмада  персонаждың 
сөйлесімі  сияқты  құнды,  өйткені  сөйлеуші  (одан  кейін  тұратын  автордың  да)  интенциясын  бейнелеуші 
болып  табылады.  Реципиент  сөздің/  сөйлесімнің  арқасында  (оқырман – драмада-көрермен)  шығарманы 
дұрыс  түсіне  алады  жəне  сонда  ғана  көркем  қатынас  туындайды,  ол    (көркем  шығарма)  сол  үшін  де 
жазылады.  Драмада  сөздің  прагматикалық  қызметі – сөйлеу  əсері,  интеракция – оның  жанрлық 
ерекшеліктеріне сай өседі:мұнда əрбір сөз көп қабатты жəне көп қызметті болып келеді, онда көтерілетін 
сұрақтың  қоғамдық  маңызы  мен  сезім  шытырмандығы  жағынан  олар  орын  бермесе  де,  пьеса  көлемі 
бойынша романға қарағанда біршама аз. Мұнда біз драмадағы сөз/сөйлесімнің екі жоспарлы болатынын: 
жақынырақ қарастырсақ, қатыстық мақсатқа жетуді білдіретінін, олар бір кейіпкердің басқаға/ басқаларға 
қатысты  əсер  ету  құралы жəне  сонымен  қатар - автор  мен  көрермен/оқырманның  қатынастары мен əсер 
ету құралдары болатынын ескеруіміз керек. Яғни, драманың «ішкі коммуниканттары» - оның əрекет етуші 
тұлғалары  мен  сөйлеуді  жіберуші  (автор)  жəне  оның  адресаты – көрермен/оқырман  түріндегі  «сыртқы 
коммуникант»  туралы  айтуға  болады.  Мұнда  сөйлесімдік  жəне  сөйлесімдік  емес - əлеуметтік – комму-
никанттардың өзара əсері сияқты коммуникативтік актілерге жəне соған сəйкес – тілдік, тілді қолданудың 
əлеуметтік ережесіне көңіл аударылады.   
Ауқымды  əлеуметтік  контекстегі  сөйлесімдік  қатынас  мəселесін  зерттейтін  лингвистикалық 
прагматика дəстүрлі тілдік құбылысты талдаудың жүйелік-құрылымдық тəсіліне қарама-қарсы «əрекеттегі 
тіл», «жағдаяттағы тіл» зерттеу арнасынан өткен ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінің саласы ретінде 
қалыптасты;  оның  негізгі  постулаты  іс-əрекет  тұрғысынан  тіл  фактілерін  оқып  үйрену  болып 
отыр.Ч.Моррис  айтып  өткендей,  прагматика  қатынас  кезінде  коммуниканттарға  əсер  ету  үшін  тілдің 
қолдануын  қарастырады.  Прагматиканың  пайда  болуы  сөйлеу  əрекетін  зерттеумен,  сөйлеу  механизмін 
талдаумен, сөйлеудің əлеуметтік актісімен  байланысты.Оның орталығында сөйлеуші тұлғасы мен қаты-
нас  процесіне  əрбір  сөйлеушінің  енгізген  субьективті  бастамасы  орын  алады. [3]. Лингвопрагматика 
түсінігінің  бастапқы  пəнаралық  сипаты  «адам  жəне  тіл»  мəселесін  жасауда  лингвистикалық, 
психолингвистикалық  жəне  əлеуметтік  лингвистикалық  қана  емес,  сонымен  бірге  əлеуметтік-тарихи, 
ұлттық-мəдени, этнографиялық жəне т.б. факторларға да өз мүддесін негіз-дейді. Сөйлеу қатынасы сөйлеу 
актілерінің  тізбегінен  тұратындықтан,  лингвапрагматикадағы  ең  маңызды  болып  саналатын  теория – 
сөйлеу актілеріне оны құраушы үш: иллокуция (мақсат) – локуция (шығару -произнесение) – перлокуция 
(нəтиже)  сəйкес  келетін  - Дж.Остин,  Дж.Серльдің  жəне  т.б.  сөйлеу  актілер-інің  теориясы  саналады.[4].  
Егер  иллокуция  –сөйлесімді  жіберушінің  вербальді  жəне  вербальді  емес  құралдарды  таңдауын  анықтай-
тын сөйлеу актісінің негізгі  буыны болса, онда перлокуция – бұл – адре-сант сөйлеу арқылы адресатқа 
ықпал ететіндіктен,  сол үшін қатынас жүзеге асатындықтан, перлокутивті тиімділікке қарай ұмтылады. 
Алғаш рет Р.Якобсонның лингвистикалық мақсатқа пайдаланған сөйлеу қатынасының қарапайым 
үлгісін  негізге  алайық.Оған  адресант – хабарлау  (оның  формасы,  байланыс  желісі,  коды,  контекст, 
қатынас  жағдайы) – адресат  жатады.  Зерттеу  мақсатымыздан  келіп,  сол  үлгіні  «тыңдаушы  актісі» 
факторымен  немесе  Т.А.  ван  Дейк [5] енгізген  аудитивті  актісімен,  сол  сияқты  жіберушінің  (сөйлеуші) 
вербальді  емес  əрекетін  ескере  отырып  толықтыруды  қажет  деп  отырмыз.  Соңғысын  ғалым  И.П.Сусов 
енгізген болатын [6]. Драмада олар автор ремаркасы арқылы беріледі.  
Ережеге  сай,  сөйлеу  əрекетінің  екі  жақты  актісі  үшін  ең  аз  контекст  ретінде  «қарапайым 
интеракцияны» немесе интерактивті блок құрушы бір рет əрекет алмасатын акт есептеледі. Интерактивті 
блоктың əрбір бөлігі қатынасқа қатысушының жекелеген жүрісін білдіреді, бұл жүріс сөйлесім қимылы да 
сөйлесімдік емес əрекет те бола алады. Бұл драмалық шығарма контексінде маңызды орынға ие болады. 
Прагматика  мен  оның  құраушы  бөлігі – Дж.Остин  мен  Р.  Серльдің    еңбегінде  айтылған  сөйлеу 
актісінің  теориясы    -    алдымен  «қарапайым  тілге»  жəне  жанды  сөйлеу  тілінің  процесіндегі  сөйлесімге 
қатысты пайда болған болатын, соңғы жылдардағы зерттеулер  [7] көркем шығармадағы прагматикалық 
тəсілдің  жемістілігін нақты  көрсетіп отыр.  Бұл  лингвистикалық  зерттеу  материалы  болып  қызмет  ететін 
тілдік тұлғаның үлгісі ретінде бейнеленетін кейіпкері бар драмаға қатысты қолданылады. [8]. Жоғарыда 
айтылғандарды  ескеріп,  біз  сөйлеу  қатынасының  белгілі  үлгісін  драма  саласындағы  көркем  қатынас 
тұрғысынан толықтырып төмендегідей сызбамен беріп отырмыз. 

 
92
Сызбада  көрсетілгендей,  көркем-драмалық  қатынас  кезінде  қатынас  процесінің  өзі  сияқты  ең  аз 
контекст те кеңейеді. Көркем шығарманың авторын сөйлеуді жіберіші ретінде схемамен белгіледік, пьеса 
түріндегі  театрлық  қойылымда  автормен  бірге  сөйлеу  адресанты  болып  қоюшы-режиссер,  актерлар - 
рөлдерді ойнаушылар да актерге мəтінді беруші суфлерлер де болатынын есте сақтауымыз керек. Сөйлеу 
адресаты – көрермен – жас  құрамы  жағынан  да,  əлеуметтік  жағдайы,  білімі  мен  мəдениеті  жағынан  да 
бірдей емес. 
Пьеса,  егер  аударылған  болса,  сөйлеу  адресатының  этнолингвистикалық  мəдениет  айыр-
машылығын  ескеру  керек.  Басқаша  айтсақ,  драмадағы  көркем-сөйлеу  қатынасы – көп  компонентті,  көп 
қырлы,  адресат-көрерменді  драмалық  əрекеттің  өзі  тартатын,  өз  кезегінде  əрекет  етуші  адамдар  қаты-
насының  сөйлеу  əсерін  /қатынас/  көрсететін  негізгі  көзі  бар  полифониялық  феномен  болып  табылады. 
Жұмыста  нақты  осы  негіз-  төл  жəне  аударма  пьесалар  кейіпкерлерінің  сөйлеу  қатынастары  талданды. 
Көркем-драмалық қатынас феномені жалпы жəне негізінен алғанда драмада, жоғарыда солай айтылған, - 
өз зерттеуін күтіп тұрған мəселе болып отыр; оның көлемі мен ауқымының үлкендігі сонша қазіргі кездегі 
жазатын, есептейтін, қайта өңдейтін жəне т.б. техникалармен қаруланған тұтастай топ адамдардың күш-
қайратын  қажет  етеді.  Бұл  қатынасты  оқудың  перспективалық  бағыттарының  бірі  екеніне  көзіміз  жетіп 
отыр.    
Драма  саласындағы  сөйлеу  қатынасының    контексіндегі  лингвистикалық  прагматика  саласының 
бірі - көркем сөздің прагматикасын түсінуге негіз болатын Л.В.Щербаның мына сөзіне назар аударайық: 
“Сөйлеу  процесінде  біз  осы  сөздің  ешқашанда  естімеген  формаларын  қолданамыз,  ешқандай  сөздік 
қарастырмаған сөздерді жасаймыз, ең бастысы – белгілі бір тіркеу заңдары бойынша сөздерді тіркесек те, 
үнемі  жаңа...  жасаймыз;  барлық  сөз  формалары  мен  барлық  сөз  тіркестерін  де  осы  кезеңнің  нақты 
жағдайындағы сөйлеу механизмінің күрделі ойындары нəтижесіндегі сөйлеу кезінде жасаймыз.” [9].  Осы 
айтылғандар    көркем  сөз  прагматикасын  зерттеудің  нысанын  анықтайды.  Бұл – адресанттың 
коммуникативтік мақсатына жетуі үшін жəне адресаттың жауап реакциясын алуы үшін тіл материясын 
ұйымдастыру  құралдары  мен  тəсілдері  арқылы  реципиентке  көркем  сөздің  əсер  етуінің  мазмұндық 
интерпретациясы  болып  табылады.  Зерттеушілер  «сөзді  ойлап  шығаратын  жəне  қабылдайтын», «осы 
тілдің орталық фигурасына жəне сөйлеуші жəне ол айтып отырған əлемнің басты əрекет етуші тұлғасына» 
басты рөл ең алдымен адамға берілетін “кім – не – қалай – не үшін – кімге” деген прагматикалық тізбекті 
бөліп  отыр. [10]. Сонымен  бірге  лингвопрагматикалық  интерпретация  тіл  материясының  лексика-
грамматикалық жəне лингвостилистикалық ерекшеліктерін ескермей тұрып орындалмайды.  
Осылайша,  біз  лингвопрагматикалық  көзқарас,  яғни  адам-  адресант  жəне  сөйлеу  адресаты 
тұрғысынан  драма  кейіпкерлерінің  сөйлеу  қатынастарын  қарастырамыз,  өйткені  прагматика  адамдар 
арасындағы қатынастар мен қарым-қатынас жағдаятындағы олар қолданатын тіл белгілерін қарастырады, 
сөйлесім  мақсаты  мен  оның  прагматикалық  тиімділігін  талдайды.  Прагматикалық  ақпарат  тілдік 
материядан,  оның  мазмұндық  интерпретациясы – тілден  тыс  факторлардан – нақты  айтсақ,  əлеуметтік-
мəдени контекстен алынады. Мұнда əрбір келесі реплика  -   мүмкін деп болжанатын, сондықтан да тосын 
болатын  (сөйлеуді  жіберушінің  кей  кезде  мүлдем  сөйлегісі  келмесе  де,  оқыс  айтатынын  еске  түсірейік) 
адресаттың жауап репликасы бар қатынастың динамикалық сипаты ескеріледі.   
Прагматиканың  негізгі  бірлігі -  бағалау  мəнінің  сипаты  бойынша  эмоциялық-бағалау  немесе 
əлеуметтік-  бағалау  болатын  прагмема  болып  табылады.  Коммуникативтік-прагматикалық  жағдаятты 
талдауға  қатынастың  сыртқы  жағдайларын  талдау:  қатынас  жағдайы  мен  орны  (пьесада  негізінен 
экспозициямен немесе авторлық ремаркамен беріледі, кейде «сыртқа» сөйлеу деп аталатын персонаждың 
ішкі  сөйлеуін  дыбыстаумен  беріледі),сөйлеу  тақырыбы  мен  мақсаты,  сөйлеу  қатынасына 
қатысушылардың  əлеуметтік,  этникалық  жəне  жеке  сипаттамалары,  коммуниканттар  арасындағы  рөлдік 
жəне  тұлғалық  қатынастар  жатады.  Рөлдік  қатынастар – сөйлеу  əдебі,  рөлдік  күтулер,  өзара  түсінісу 
факторлары  сияқты  түсініктерге  қатысты  туыс  термин.  Сөйлеу  əдебі  жалпы  əлеуметтік  жүйеде  оның 
əлеуметтік детерминанттар тұрғысынан қарастырылады. Сөйлеу қатынасы коммуниканттардың бірлескен 
əрекетін  де  сөйлеу  қатынасын  да  реттеу  мен  үйлестіруге  бағытталған  əлеуметтік  өзара  əсер  етуден 
тұрады. Сөйлеу қатынасы кезінде коммуникаттар əлеуметтік рөл иелері ретінде де жеке тұлға ретінде де 
сөйлейді.Социумның  əрбір  мүшесі  жемісті  қатынас  құру  үшін  əлеуметтендіру  процесіндегі  қоғам 
мəдениетін игере отырып, осы социумда қабылданған сөйлеу этикетін, тілдік нормаларды игереді. “Қоғам 
мəдениетінің  үзігін  тұлға  əрекет  кезінде  ғана  тез  игеретіндіктен,  тұлғаның  рөлдік  репертуары – оның 
əрекет  номенклатурасы – оның  мəдени  білімінің  индикторы  болып  табылады,  ал  коммуниканттардың 
осындай рөлдік репертуарлары олардың интелектілері болып табылады.” [11].  

 
 
93
 
Прагматикалық тиімділікке жетудің шарттары қандай? Олар: 
• 
 адресант пен адресаттың фондық білімі, жалпы преусппозициясының саны; 
• 
Сөйлеуді  жіберушінің  қатынас    кезінде  көпшілдік қағидатын сақтауы,  интерпретатордың 
ойына сəйкестігі мен соны алға қоюы; 
• 
 Сөйлеу  адресатының    өзі  нақты  коммуникативтік-прагматикалық  жағдаятта, 
прагматикалық контексте туғызатын прагматикалық ақпаратын анықтау. 
Тілдік  құралдар – семантикалық  жəне  синтаксистік,  сол  сияқты  авторлық  ремаркалар  көмегі 
арқылы  пьесада  бейнеленетін  қимыл,  ишара,  тұрыс  жəне  т.б.вербальді  емес  құралдар  арқылы 
прагматикалық мазмұн (соның ішінде көркем шығарма) жүзеге сады. Бұл жағынан көркем мəтін оның – 
басқа да гносеологиялық, микролингвистикалық, психологиялық қасиеттерімен байланысты органикалық 
белгілері болып саналатын прагматикалық сипатқа ие  макрокоммуникативтік актінің үлгісі бола алады. 
Мақсат,  тақырып,  мəтінді  жіберуші  мен  адресаттың  əлеуметтік  статусы,  байланыс  желісі -  көркем 
мəтіндегі тілдік құралдарды таңдауды реттеуші экстралингвистикалық факторлар болып табылады. Егер 
ХХ – ғасырдың 70-ші  жылдарының  ортасында  көркем  шығарманы  сөйлеу  қатынасы  ретінде  тану  күдік 
пен  дау  туғызса,  ол  туралы  белгілі  əдебиеттанушы  М.Б.Храпченконың  сөзімен  айтсақ: “қазір  даудың 
ортасында  əдебиет  пен  өнердің  коммуникативтік  қасиеті,  олардың  ішкі  табиғаты,  үлкен  аудиторияның 
эстетикалық  құндылықтарды  қабылдау  мүмкіншіліктері  туралы  мəселе  болып  отыр” [12], онда    ХХІ-ші 
ғасырдың  басында  көркем  мəтін  сөзсіз  көркем / əдеби  қатынас  болып  танылды,  оның  пəні -  ««Мен» 
сөйлеу  субьектісі  арқылы  өткізілген  жəне  ақпаратты  алушыға  жіберілген  шындықтың  бір  үзігі  ретіндегі 
шынайы өмірді эстетикалық шындықтың идеалды  əлемінде бейнелеу» болып есептелді. [13]. 
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал