Хабаршы вестник



жүктеу 5.01 Kb.

бет13/18
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Əдебиеттер тізімі  
 
1.Ахметов Ш. Қазақ балалар əдебиеті тарихының очеркі. // Алматы, «Мектеп», 1965. 
2.Ақ сандық, көк сандық (Құрастырған Ш.Ыбыраев), // Алматы, «Жазушы», 1988, 48-63 беттер. 
3.Іслəмжанұлы К. Рухани уыз. // Алматы, 1995. 
4.Жаттамақ. Алматы, 1994. 
 
Резюме  
В  статье  рассматривается  связь  общества  с  художественными  героями  в  казахском  детском 
фольклоре. 
Summary 
Relation of community and heroes of children folclore is considered in this article. 
 
Қансейітова Ж 
                          Қазақстан Халықтар Достығы  
                                 Университетінің аға оқытушысы   
 
Ш. Бөкеев  өлеңдерінің көркемдік ерекшелгі мен стилі 
Ақын -жыраулар  халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен  көркемдік тəжірибесін, əлеуметтік 
жəне  жалпы  халықтың  ұстанымдарын,  сондай-ақ    фольклорлық  дəстүрлерді  сол  қалпында  қайталамай, 
оның  сөздік,  образдық,  бейнелеу  құралдарына,  өлшем  өрнектеріне  сүйене  отырып  өзіндік  өз  нұсқасын 
жасады.  
Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мəнерлеу құралдарының, сөз 

 
74
қолдану  шеберлігінің,  сөз  саптау  ерекшелігінің,  сұлулық  əлемінің  жұмбақ  сырлары,  жаратылысы 
қызық.
[1] Поэзияның  ішкі астарындағы  қайнар көздерін ашу, көркемдік құбылыстарды ашу, айқындау, 
кетелеу  табиғатыныңтабиғатын  саралау,  сөздің  көркемдік,  эстетикалық  қасиеттерін  тану,  оның  бейнелі 
қолданысын  тұтастықта саралау ақынның поэзия тілінің ерекшеліктерін айқындауға жол ашады. Қандай 
да болмасын ақынның  поэзия тілі көркем мағына мен ассоциациялық-эстетикалық байланыстар жүйесіне, 
стильдік бояу нақыштарға құрылады.
[2] 
   Ақынның    ой-қиялы  өткір,  жүйрік,  сезімтал  болса,  ол  сомдаған  образ  да  өрнекті  əсерлі  болып 
келеді. Болмысты жаңа қырынан көрсетеді. Ақын- жыраулар  көркем ауыстырулар  арқылы болмыстың, 
дүниенің келбетін шынайы қалпында авторлық  тұрғыдан сурттейтін болмаса, онда ол  өзінің өрнектілік-
көркемдік    міндетін    шебер  жəне    қабылдай  білгені.  Ауыстыру    суреткер    болмысымен  тікелей 
байланысты.
[3] 
Осы  айтылғандармен  байланысты  Шəңгерей  Бөкейұлының  мына  бір  шумағына  назар  аудара 
кетуге болады:  
 
Ағаш едің құрма өскен 
                                          Ұршық болдың шуда ескен. 
 
Бір қалыпта тұрмақ жоқ, 
                                          Шығармалық мұны естен.  
Бұларды  суреттелік,  экспрессивтік  мəні  күшті  əрі  əсерлі  ауыстырулар  деуге  болады. 
Индивидуалдық – авторлық  түйсікке  құрылған, ұлттық- мəдени ассоцацияға негізделген. Ұлттық сипат-
қасиеттері мол адам өмірінің, оның ғұмыр жасының өзгерістерін əдемі жеткізген. Рауандай жарық нұрлы 
сөз ой сəулесін анық түсірген. 
Иə,  тапқырлыққа  негізделген  ауыстырулар  көп  сырды  тереңнен  қозғап,  дүниенің  образдық- 
поэзиялық бейнесін суреттеп бере алады. 
             Шəңгерей    поэзиясының  көркемдік  кестесінде    терең  мағыналы  сөздер  ұшан-теңіз. 
Алдымен  көркем  теңеулердің  нендей  себептерге  байланысты  туындайтығына    үңілейік.  Егер 
жанымыздағы  суреттеулерді  біз  билемей,  суреттеулер  бізді  билеп  алып  кетсе  яғни  жанымыздағы 
суреттеулерден  жаңа  бір  суреттеу  жасаймыз  деп  өзіміз  қайрат  жұмсамай,  бар  суреттерден  жаңа 
суреттеулер өздері  жасала  берсе,  міне,  жанның осы  ісі,  яғни  бұрынғы  суреттеулерден  жаңа   өз  еркі мен 
жасалуы  еріксіз  қиял,  бос  қиял  яки  мечта  деп  аталады. ” Ал  енді,  жанымызда  бар  суреттеулерден  жаңа 
суреттеулерден қайрат жұмсап, өзіміз тілеп жасау – ерікті қиял, берекелі қиял, яки фантазия деп аталады” 
– деген ойлы пікірлер өрбітті де, қиялдың жасалу жолдарын қарастырады. 
            1.  Заттардың  өздерін,  яки  бір  мүшелерін  зорайту,  яки  кішірейтумен,  мысалы,  бойы  бір 
тұтам, төбесі көке тиіп жүретін алып. 
            2.  Əр  заттың  түрлі  мүшелерін  алып  қосумен,  мысалы,  адам  басты,  ит  кеуделі,  жылан 
құйрықты бір жануар болады-мыс деп қиял қылу сықылды. 
            3.  Реті  келгенде  өздері  де  жиыла  алатын  көріністерді  бір  суреттке  жиюмен,  түрлі  адам 
мінездерін бір адамға жиюмен... 
           ...Фантазия- өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам тұсаулы есек. 
Фантазия  ақылды  кеңейтеді.  Фантазиясыз  бір  нəрсені  ойлап  табу  мүмкін  емес.  Фантазия  тұлықты 
түзейді...  Мылқау  өмірге  үн  беретін,сақау  өмірге  тіл  беретін,  жоқты  бар  қылатын,  барды  гүлді,  көрікті 
қылатын,  бізді  асыға  аяқ  басқызып,  тəңір  мен  тілдестіретін – сол  фантазия.  Осы  фантазия  қазақтың 
сыршыл ақыны Шəңгерей Бөкеев мындай деп суреттейді: 
 
Таудағы тас ұядан, 
 
Лашындай сарққан қиядан, 
 
Шалқып сөзім шығады, 
 
Ойласам, Пікір қиялдан. 
 
Аспалап қиял кетеді,  
 
Шыққан оқтай жаядан. 
 
Жасындай барып жалт етіп,  
 
Көк қапысын ашады,  
 
Жарығына алданып, 
 
Дидарға қадам басады. 

 
 
75
 
 
Көркем теңеулерде көркемдік қиялдың жемісі. Əрі қоршаған ортаны, табиғатты, тұрмыс-
тіршілікті, шаруашылықты жетік білуде поэзия тілінің құлпыра түсуіне, оюлы, өрнекті сөздердің, сырлы 
суреттерінің молая беруіне жойқын əсер етті. 
 
Ақын-жыраулар сөздің  эстетикалық  қызметін танымдық  мəнін шебер  меңгеріп, негізгі 
айтайын деген ойларын, тақырыбын  ұршықтай иіріп жырлайды.  Бұларға  табиғат  түйсік қуатын жəне  
интуиция  сыйлаған əрі біліктілік  интеллект  қабілетін  қосқан.  Шығармашылық  интуиция ең жоғары 
дəрежеге  ие.  Бұл    зиялылықтың    басты  белгісі.  Көкейкөз    бен  зиялылық  бір-бірімен  диалектикалық 
тұрғыдан  өзара    байланыста    болғандықтан,  тұтас  танымдық  процестің  бөлінбес  бөлшектері.  Таным 
дегеніміз– бір  замандағы көкейкөз бен біліктілік процесі. 
[ 4] Ақындар  жалған  дүниенің  қайшылығы 
мен  қасиетін    терең  ашып,  жарқырата  көрсетеді.  Сал-серілер  поэзиясында  тіршілік  ерекше  сəулетке  
көрікке ие.  Мысалы:  
Біздерден де бір күн қаларсың, 
Піл сауырлы қара жер. 
Қойыныңды ашып, қол жайып, 
Құшағыңа аларсың (Шəңгерей) 
Ал оның  
Дүние – қызыл түлкі, алдауратар, 
Тайсалмай,  тіршілікте  қыран  боп  шал» - дегені  қайрат-жігеріңді,  ар-  намысынды  қайрайды.  
Есеңді жіберме, есебіңнен, ақыл-есіңнен  жаңылма деген  үгіт айтады. 
Қөркемділік – өнер    шығармаларының  өзіндік  ерекшелігі,  эстетикалық  сұлулығы,  дүниені 
болмысты  сипаттап  сөйлетудегі  суреттілік,  бейнелілік,  өрнектілік.  Көркемдік  келісім  жоқ  жерде  өнер 
шығармасы өмір сүрмейді.  Көркемдік – поэзиялық туындының сапалық көрсеткіші.  «Ақыл ісі – аңдау, 
яғни затттардың заттар мен құбылыстардың жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, көңіл ісі – түю, талғау. 
Тілдің  міндеті – ақылдың    аңдауын  аңдағанша,  қиялдың  меңзеуін  меңзегенше,  көңілдің    түйгенін 
түйгенінше    айтуға  жарау» - деп    З.  Ақметов    бағалаған.  Осы  тұрғыда    Ш.  Бөкеевтің    мына  бір    өлең 
жолдарын  мысалға келтіруге болады: 
Бір күнде, жас көңілім, судай тастың,  
Тасқындап, кемеріңнен шалқып астың. 
Төрт бұрышын дүниенің көрмей болжап,  
Қиялмен көк  қақпасын барып аштың 
Сидырып асқар  тауды уысыңа, 
Жүзіне алмас қылыш табан бастың 
Күркіреген қара бұлт жасын атса,  
Отына жетіп барып құшақтастың, 
Мұхитта нəн балықтай кезген көңілім 
Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың. 
 Бұла  шақтың    бұрқыраған  қуатқа  толы    табиғатын,  көңіл  құсының  емін – еркін  шартарапты 
шарықтайтын  шағын  ақын  Шəңгерей    жеріне  жеткізе  сипаттаған  деуге  болады.  Ой-қиялын  əсерлі  
сөздермен  өрнектеген.  Соған  лайық  поэзиялық  жиһаздарын  таңдап,  талғап  алып,  толғаған.  Əсіресе, 
əсерлеуге  көбірек    жүгінген.  Ақын    поэзиясының  көптеген  тұстары    сурттегіш-бейнелік  құралдар 
жүйесінің  іштей  жарасым-үйлесімінен, мазмұны мен пішіннің тұтастық  бірлігінен, ішкі байланыстардың 
ымыраласуынан  туындағын.  
Орыс ақыны В.Я.Брюсов «Ақынның өзіндік бейнесін оның творчестволық тəсілдеріне қарап, оның 
образдары, қолданған метофоралары арқылы  байқауға болады» деп жазды. 
[5] 
Тас болат 
«Аллаяр  жаздым, аға, Көлборсыдан» 
 
Эпитет
 Аш белін  жетімдікке буғанінің, 
         Уайымсыз  балалықтың арқасында 
          Болмады еш азалы оған інің. 
Эпитет
  Ат етіп тал  шыбықты қайғыорнына  
 Ш.  Бөкеев    поэзисының  көркемдік  жүйесінде    теңеулердің    эстетикалық    мəні  ерекше.  Ақын 
жаратылыс болмысын,  жар мен табиғат сұлулығын, образдарды, қоғадық өмірді  теңеулермен бейнелеп 
жеткізуге тырысады.  Бұл  дүниені талғамдық тұрғыдан қабылдау, оның əртүрлі мəселелерін ортақтастыру 

 
76
бар. Ақынның əрі дүниетанымы, өмірге көзқарасы анықталған.    
Теңеу 
Жəннаттың бұлбұлындай туып əуел, 
      Өткіздім талай-талай дəурен  бастан. 
       Көңілге шайтан кіріп, нəпсі қалқып, 
Теңеу
 Айрылдым патшалықтай бала жастан 
Теңеу
Туғаннан  жан  жолдастай  қасыма ердің: 
           Айқасқан түнде оянып тар төсекте 
Теңеу 
 Асық жар мысалындай  досым едің 
           Білмедім қадіріңді  қолда барда, 
           Тотықты нəпсіге еріп ақ ниетім 
           Қарайды иман жүзді ақша бетім. 
Теңеу 
Тіміскі ұры иттей түнде жортып, 
 
Ағасың ақылың артық асқармен тең  
Ассонанс 
Асылдың арқар ұранды тіреуі сен 
Ала ту  Абылайдың ала аттансаң, 
Аламан артыңдағы біреуі мен.  
Адамның аманатын алла  алады 
Ажалға  ақыл, ажар не  қылады? 
Алабы сулар суалғанда 
Аңғарын айдын көлдің шаң алады. эпитет 
Алайда  аңсыраған  алғыр тұйғын 
Абайсыз аңқып суға  шырмалады. 
 
Шəңгерей  өлеңдерінде  өлең  бір  өлеңінде    ұйқастың  бірнеше  түрлері  қолданылады.  Мысалы 
«Жылдарда жыл болады бағзы-бағзы» деп аталатын  өлеңінде қара өлең ұйқасымен қатар ерікті ұйқас та 
қолданылады.  
қара өлең ұйқас
 Жылдарда жыл болады бағзы-бағзы 
а 
                            Келеді наурызда елдің жазы.
а
 
                            Алабын Көлборсының сулар алса, 
б  
                            Сыңқылдап қонар көлдің үйрек қазы. 
а  
 
 Ерікті ұйқас     Ойнақы мініп атқа, ал  қаршыға, 
                            Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы. 
                            Көлдерге  ат ойнатып, тарлан ұшыр, 
                            Жігіттің туған бол  шабондозы                
 
 
 
Өлең  эвфониясын  дауыссыз  дыбыстардың  қайталануы    арттырады.  Аллетерация    тек  тармақ 
басында ғана емес, ақынның өлең жолдарының кез – келген  тұстарында қайталанады. 
Аллетерация Құдыққа құлан  құлаған а 
                        Құлағында құрбақа б 
                        Қауіп – қатерсіз ойнаған а 
 
Арнау 
 
Басымда жанат бөрік жекей тері, эпитет 
Қоймаған елде сұлу мен  бір сері 
Жұмақтың нақ төріндей көрінеді теңеу 
Қатшекей жолығармын деген жері.  
 
Ұршық 
Ағаш едің құрма өскен, 8 
Ұршық болдың шуда ескен. 
Бір қалыпта тұрмақ жоқ, 

 
 
77
 
Шығармалық мұны естен. 8          ааба қара өлең ұйқасы 
 
 
«Кімсің?» - деп  біреу сұраған 
Өзім  болып «менмін» деп, 
«Мен» деген кетсе дүниеден, 
Өзім болып «менмін» деп, 
Жауап берер қай адам? 
«Менмін» деген – сол менмін 
Жалпылама, алаш, əр заман. «мен» сөзі жай қайталау 
                  Бұл дүние панилығын етеді екен, 
                  Бір дəурен өтіп, бірі жетеді екен. 
                  Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар, 
Синедоха Ескілер бірден бірге бітеді екен 
                  Өзіне халық  аузын қаратқан ер, 
                   Тіріге өлсе қадірі кетеді екен 
                   Өлгенді  қадір етсек, қанға рауа, 
                  Рухын құрмет қылсақ не етеді екен? 
                   Ханға еріп адам  болған  туғандары 
                   Жылында барып дұға  ете ме екен? Бұл өлеңде «екен» сөзі қайталанады. Эпидора 
Ақын поэзиясына  диалектілік  ерекшеліктер де əсер еткен. Бұл құбылыс тек ХХ ғасыр басындағы  
қазақ  поэзиясында  ғана  емес,  суырып  салма  жыршылардың  өнернамасында  даралық  сипат,  ұжымдық 
дəстүр даралық сипатта болды
[6 ].  Мысалы:  
 
Жүзіне алмас қылыш табан бастың. 
Күркіреп қара бұл жасын атса, 
Отына жетіп барып құшақтастың. 
Мұхитта  нəн балықтай кезген көңілім 
Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың? 
«нəн» батыстың дмалектісі. (үлкен зор, дəу, ірі мағыналарын береді) Бұл диалект ақын  өлеңінде  
«нəн балықтай» тіркесте қолданылған.  
Ақын  өлеңдерінде    сөз  тіркестері:  соқпағы  қасқыр,  қаруым  қылыш,  күнім  базар,  түнім  той,, 
оқымас жалқау,  өнер сол жемістің бірдемесі жəне т.б. 
Бұ ғылым бір бəйтерек шектен асқан, 
Шұлғанған бұтағына ғарсы – күрсі. 
Бар ғалəм он сегіз мың  саясында, 
Таусылмас бұтақ сайын баржемісі. 
Шайтани бұл өнерді қалай дейміз. 
Əр өнер – сол жемістің бірдемесі, 
Эдисон мұны істеген – ғалым адам, 
Оқымас – жалқау, біздей емес надан 
   1 Манаев Н. Шəңгерей өлеңдер жинағы. – Алматы, 1933. - 76 бб. 
 2 Қазақ поэзиясының антологиясы. – Алматы, 1993.-488 б. 
3 Бөкеев Шəңгерей Əуезов М. // Əр жылдар  ойлары, 1959 
4Морозов Н.М. Природа  интуиции – Минск, 1900. С. 101-105 
5 Брюсов В. Изброные сочинении в 2-х т. М., 1955. Т. 2 – С.543 
6 Далгат У.Б. Литература и фольклор. – М., 1981. – с.8    
 
РЕЗЮМЕ 
В статье  рассматривается художественно – литературный стиль  поэзии Ш. Бокеева.  
 SUMMARY 
In article it is considered artly – literary style of poetry of S.Bokeeva. 
 
 
   Қызырова Ə.М 
                                                               Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 

 
78
ф.ғ.к., доцент 
 
     «Қайырымдылық» пен «зұлымдық» этникалық категорияларының   
                            əлемнің паремиологиялық суретіндегі сипаты 
 
    
 
Қайырымдылық  жəне  антиподы  зұлымдық  өздерінің  абстракциялық  мағынасында 
адамгершілік  пен  имансыздықты  білдіреді.  Қайырымдылық,  жақсылық  ұғымы  адамдардың  ең  жалпы 
мүдделерін болашаққа деген үмітін, талап-тілектерін мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-тіліктерін 
білдіреді.  Зұлымдық  керісінше,  өмірге  кедергі  жасап  оны  жоюға  тарысады.  Спинозаның  көзқарасы 
бойынша,  ізгілік  адамның  өз  күшін  пайдалануын  білдіреді,  ал  күнəқарлық  -өз  күшін  пайдалана 
алмаушылық,  зұлымдықтың  мəні-əлсіздік  қайырымдылықты  бір  қалыпты  əлеуметтік  құндылықтарды 
білдіретін  жалпы  этикалық  ұғым  деп  ғана  түсінбей,  оны  адамдардың  қылықтарында  жүзеге  асатын 
адамгершілік  деп  ұғыну  қажет.  А.Швейцер  өмірді  қастерлеу  ілімінде  адамгершілік  туралы  былай  дейді. 
«Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кез келген тірі 
нəрсеге  зиян  келтірмеуді  ұстағанда  ғана  нағыз  адамгершілігімен  көрінеді.  Ол  үшін  өмір  қасиетті.  Ол 
ағаштың жапырағын жұлмайды бірде-бір гүл үзбейді, бірде-бір жəндікті басып кетпейді» [1,218]. 
 
Зұлымдық  игілікті  жəне  əсем  əлеммен  салыстырмалы  түрде  өмір  сүреді:  жетіспеушілік, 
жоқшылық,  теріспеушілік  жəне  бейболмыс  түрлерінде.  Əлемде  жетілген  заттар-балшық,  ірің, 
тұрпайлықпен  қатар,  моральдық  зұлымдықтар  да  күнə  мен  күнəһарлар  өмір  сүреді.  Күнəлі  əрекеттің 
мазмұны  алуан  түрлі:  өтірік,  адасушылық,  құлық,  өзімшілдік,  ыза,  өлім,  қырқыс,  алдау,  өсек,  реніш, 
мақтаншақтық, тəкаппарлық, бірбеткейлік, сатқындық, қаталдық, маскүнемдік, ұрлық, жала, т.б. [2,20]. 
 
Қайырымдылық  пен  зұлымдық  туралы  түсініктер  қазақ,  ағылшын,  орыс  тілдерінде 
философиялық  тұғырдан  тиянақталынып,  қарама  қайшылықтық  тұтастық  ретінде  қарастырылады, 
қараңыз:  жақсылық  пен  жамандықтық  арасы    бір  адым;  расстояние  между  добром  и  злом  один  шаг; 
There is not the thickness of a sixpence between good and evil (расстояние между добром и злом-не толще 
шести пенсов); жақсылық-жүректен, жамандық-білектен; жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман 
жүрген  жеріне  өрт  салады.  Келесі  ағылшын  мақал-мəтелдерінде  көзқарастық  ұғымдар  көрініс  береді: 
Virtue and vice divide the world but vice has got the greater share. Good and evil are chiefly in the imagination. 
 
Осы  үш  лингвомəдениеттік  қауымдарда  жақсылық,  қайырымдылық  жоғары  бағаланады, 
қараңыз: қайыр қылсақ-бүтін қыл; жақсылықтың ерте-кеші жоқ; жақсылық жерде қалмайды; қаййыр бар 
жерде ырыс бар; жақсыдан –шарапат; доброму везде добро; добрый человек в добре, живет век; добрых 
людей через добро получают; жизнь на добрые дела дана, кто любит добрые дела, тому и жизнь мила; It is 
an ill wind that blows nobody good (жақсылықсыз  жамандық  болмайды); Jet well (enough) alone 
(жақсылықтан  басқа  жақсылық  іздемейді); Virtue joins man to cod (қайырымдылық  адамды  құдайға 
қосады); Virtue is a jevel of great price (қайырымдылық маңызды құндылық); Virtue is more impotant than 
blood (қайырымдылық қаннан да артық); Virtue is the only true nobitity (қайырымдылық еңжақсы ізгілік); 
Set good against evil (жақсыны  жамандыққа  қарсы  қою  керек); Virtue is the beauly of the mind 
(қайырымдылық  –ақылдық  əсемділігі); Vіrtue and happiness are mother and daughter (қайырымдылық  –
шеше мен қыз); Virtue and a trade are the best portion for children (қайырымдылық пен сауда балалардың 
жасауы). 
 
Барлық  қоғамдарда  да  зұлымдық  жағымсыз  қылық  ретінде  сипатталынады,  зұлымдық-
күнəкəрлік.  Ол  адамды  қоғамда  қалыптасқан  нормаларды  бұзуға  итермелейді.  Сондықтан  зұлымдыққа 
бармау керек, қараңыз: во зле жить –по миру ходить; зло тихо лежать  не может; из двух зол выбирать 
меньше;  зло  к    нам  летит;  а  то  нас  ползет;  заведуться  злыдни  на  три  дня,  и  не  изживешь  довеку; 
зұлыммен бірге өмір сүрген адам да сұлымдық жасайды; кекшіл болма, көпшіл бол; қисықтың көлеңкесі 
де  қисық;  жамандық  пайда  етпейді,  жақсылық  зая  кетпейді; Of two evils choose the least (екі 
зұлымдықтың  кішісін  таңда); Two blaсks do not make a white (зұлымдымдықты  зұлымдықпен  түзеуге 
болмайды); Between two evil’tis not worth choosing (екі зұлымдықтан біреуін таңдауға болмайды); He that 
mischief hatches mischief catches (жүрегінде  зұлымдықты  сақтаған  адам  өзі  зұлымдыққа  кездеседі); He 
that spares the bad injures the good (жақсыны сыйла, жаманнан аулақ бол). 
Моральдық зұлымдықтардан аулақ болу керек. Солардың ішінде халықтың жағымсыз көзқарасы 
маскүнемдікті,  өтірікті,  мақтаншақтықты,  тəкаппарлықты,  т.б.  сайыптайды.  Солардың  ішінде  ең  басты 
зұлымдыққа: 1) маскүнемдік жатады, қараңыз: шарапты көп ішкеннің ауруы да көп, шараптан мың бəле 
түсер  ізіңе,  зинақорлық  түкіртеді  жүзіңе  мың  бəле  түсер  ізіңе,  зинақорлық  түкіртеді  ізіңе 

 
 
79
 
(Ю.Баласұғын); бар бəлені туғызатын-шарап; мас адамда ақыл жоқ; қарынға шарап барса, сөзді сүйреп 
шығарады; ішпе шарап, əйел қуып арыма, бұлар бектің дақ түсірер арына (Ю.Баласұғын); Бутылочки да 
рюмочки  доведут  до  сумочки;  было  ремесло,  да  хмелем  поросло;  пьяному  и  до  порога  нужна  подмоча; 
выпил  на  грош,  а  на  рубль  дебош;  пьяному  море  по  колено,  а  мужа  до  уши;  руки  золотые,  да  горло 
мишурное; пить да гулять-добра не видеть; пьяного речи-трезвого мысли; Bacchus has drowned more men 
than Neptune (кім  шарапты  жақсы  көрсе,  сол  өзін-өзі  құртады); Eat at pleasure. Drink with measure 
(тамақты көп же, ал шарапты аз-аздан іш); Drunken days have all their tomorrow (мас күндердің ертеңі 
де бар); Drunkenness reveals what soverness conceals (мас  адам бала сияқты: ойындағының  бəрін айтып 
салады); Fasting Comes after feasting (тойдан кейін ораза болады). 
2) өтірік айту да жағымсыз қасиеттерге жатады. Өтірікші адамды барлық қоғамда мінейді, себебі 
алдау күнə, ал арам пиғылмен алдау екі есе күнə, қараңыз: өтірік пен өсек ағайынды; өтірік деген дұшпан 
бар,  отқа  сүйреп  салады;  өтірікшінің  шын  сөзі  зая  кетер,  өтірік  өрге  бастырмас;  өтіріктің  құйрығы 
бірақ тұтам; өтірікші алдымен өзін алдар, аузында сөз тұрмастық бір жерде өзі тұрмас; будет в поле 
рожь, будет а в людах ложь; вранье не введет в добро, вранью-короткий век, врать-не мякину жевать, 
не  подавишься;  врать-своя  неволя;  врет-и  глазом  не  маргнет;  врет-себя  не  помнит;  ври  Емеля-твоя 
неделя;  всякую  ложь  к  себе  приложь;  как  совракось,  так  и  брякнулось; he that once deseives is ever 
suspected (өтірік айтсаң өлмессің, бірақ ендігі рет, ешкім саған сенбейді); Cossipping and Jying go hand in 
hand (өсек пен өтірік бірге жүреді); He that once deceives is ever suspected (кім бір рет алдаса, оған енді 
сенбейді); He that talks much lies much (кім көп сөйлейді, сол көп өтірік айтады). 
3)  мақтаншақтық  қасиеті  де  адамгершілік  нормаларын  бұзуға  итереді,  сондықтан  ол 
зұлымдыққа  жатқызуға  болады.  Барлық  халықтар  мақтаншақтықты  кемшілік  деп  санап,  қарапайым, 
кішіпейіл  болуды  мақал-мəтелдерде  бейнелеу  арқылы  ескертеді,  қараңыз:  барынша  бөсіп  мақтанғанша, 
тілті  тістеп  ұстанған  жөн;  атасыздық  аты  шықса,  асу  сайын  із  салар;  мақтаған  тілге-мың  бəле; 
арыстанмын  –дегендер  əдетте,  кесіртке  болады  (құтып);  пусть  хвастун  брешет,  от  этого  ему  не 
будет легче; хвастать-не колеса мазать; хвастливое слово гнило; хвастовства-полный мешок, а в мешке, 
пусто; Не хвастайся силой, не хвалисть умом;  Great boast small roast (көп мақтанғанмен, қуырдақ аз); 
Jackdaw in peacock’s feathers (тотының киімін киген қарға). 
Қайырымдылық  пен  зұлымдыққа  байланысты  қоғамда  моральдық  уағыздар  қалыптасады.  Олар 
деонтологиялық нормаларға жатады. Қайырымдылық пен зұлымыдық адамгершілік заңының екі жағы: бір 
жағы  дұрыс  мінез-құлықты  сипаттайды,  екіншісі-теріс,  адами  қылықтарға  жатпайтын  мінездерге 
айқындайды.  Сондықтан  мақал-мəтелдерде  адамдардың  мінез-қылықтары    «жақсылық-жамандық», 
«қайырымдылық-зұлымыдық»  тұғырларында  бағаланып,  адамдардың  осы  этикалық  категориялары 
туралы  айтылған  пікірлерін,  құндылықты  қарым-қатынастары  бейнеленеді.  В.И.Карасиктың 
пайымдауынша, паремиологиялық бірліктерде мінез-құлықты реттейтін қағидалар тікелей айтылмаса да, 
астыртын пікірлер, ақыл-ойлар, ескертпелер түрінде жүзеге асырылады. Олардың саны 200-ден асады [3]. 
Осы  ифмалардың  ішінде  келесілерге  назар  аударуға  болады: 1) қауышу  нормалары:  адамға  жамандық 
жасамай, үнемі жақсылық, қайырымдылық көрсету керек, қараңыз: қисық жүрмей əділдіктің тонын ки, 
сол болады бар киімнің тазасы (И.Иүгінеки); жамандық қылғанға жақсылық қыл (С.Сараи); жақсылыққа 
жақсылық;  біреу  күлсе-бетіне  күл  шашпағын,  жылы  жүсбен  күле  қара,  саспағын  (М.Қашқари);  шамаң 
келсе ізгілік істе, ізгілік пен əділдік өлмейді (С.Сарайи); Кто за худом пойдет, тот добра не найдет; на 
лихо-лихо, на добро-добро; никакое худо до добра не доводит; добрый нес лучше злого человека; добрая 
слава злому ненавистна; к добру гребись, а от худа шестом суйся; Don’t make evil for evil (зұлымдықты 
зұлымдықпен қайырма); Return good for evil (зұлымдылықты қайырымдылықпен қайыр);  Don’t look a gift 
horse in the mouth (сыйға берген аттың тісіне қарамайды); 
2)  өмірді  қамтамасыз  ететін  нормалар:  жалқау  болмау  керек,  еңбек  ету  қажет.  Еңбек  ету-
еріншектік мақал-мəтелдерде не позициялық жұпта жүзеге асады, не жекеше түрде беріледі: еңбек етсең 
ерінбей, тояды қарның тіленбей. Əлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің; еңбенгіне қарай өнбегі; өрісі 
жақсының  аузынан  ақ  кетпес;  жалқаудың  аздырады,  еңбек  оздырады;  еңбекшінің  наны  тəтті, 
жалқаудың жаны тəтті; еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді; были бы хлеб да одежда, так 
и ел бы лежа; лентяй  да шолопай-два родных брата; лентяй ест руками, а работает брюхом; научится 
работать  надо  три  года,  а  научится  лениться-три  дня;  у  ленивого  крыша  течет  и  печь  не  печет; 
работушка силушку копит, а лень ее топит, делу время потехе-час; кто не работает, то не ест; кто 
труда не боится, того и лень сторониться; A cat in  gloves catches no mice (ақ саусақ болсаң шаруаны 

 
80
бітірмейсің); A easy sheep thinks its wool heavy (жалқау қойға жүні де ауыр көрінеді); He that would eat the 
fruit must climb the tree (еңбексіз балықты да өзеннен ұстай алмайсың); He who would catch fish must not 
mind getting wet (балықты  жеу  үшін  суға  түсу  керек);  Іdle folks lack no excuses (жалқаудың  үнемі 
сылтауы табылады); Іdleness rusts the mind (жалқаулық ақыл-ойды аздырады); 
3) жауапкершілік нормалары: баланы таба білсең, тəрбиелеуді де біл, умел дитя родить, сумей и 
воспитать; A child that’s born must be kept (туған бала тəрбиелену керек);  
4)  қауіпсіздік  нормалары:  салмақты  шешім  қабылдау  үшін,  асықпау  қажет:  атпаған  қоянның 
терісін  сыпырма;  не  убив  медведя  шкуры  не  продавай;  асықпай  пішкен  тон  келте  болмас;  семь  раз 
отмерь, один раз отрежь. Don’t sell the bear’s skin before you’re caught it; First catch your hare. Then cook 
him; не говори гоп, пока не перескочишь; Don’t cross the bridges before you come to them;  не хвали утро, 
пока не наступил вечер; Before the morning is away praise not the glory of the day; в чужой монастырь со 
своим уставом не ходят; When at Rome. Do as the Romans do (Римде болғанда, римляндардың айтқанын 
істе); əр істе сақтық керек; керуен сайын  қоңырау –жолдан адам жазбау үшін; кім сақ болса, сол үстем 
болар; өзі-ақ кісінің ісі де сақ; жарамас іске жуымас, т.б.  
Қорыта  айтқанда, «қайырымдылық-зұлымдық»  этикалық  категориялары  қазақ,ағылшын,  орыс 
тілдерінде  іргелі  құндылықтардың  жұпты  оппозициясы  ретінде  жүзеге  асырылып,  өнегелі-өнегесіз, 
жағымды-жағымсыз  мінез-құлықтың  қасиеттерді  сипаттайды.  Барлық  тілдерде  осы  категориялар 
универсалды  категориялар  түрінде  айқындалынып  жақсы  жаман«  тұғырынан  адами  қасиеттерді 
бағалауғңа мүмкіншілік тудырады. 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал