Хабаршы вестник



жүктеу 5.01 Kb.

бет12/18
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

                                      
 
АБАЙ,  ШƏКƏРІМ  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  ТІРЕКТІ ҰҒЫМДАР 
 
 С.Д.Ізтілеуова –  
 филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Абайтану»  
 ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері 
 
Жаратқан  Иеміз  өзгенің  жан  дүниесін  жақсарту  үшін,  өзге  үшін  қайғырып,  мұңға  батырып, 
күйіндіріп, Жаратушысымен табыстырып, тура жолын көрсетемін деп жүрегіне махаббат отын жандырып, 
өзгенің болашағынан үміт күттіріп, сөйтіп жүріп өмірден өткен Абай сынды жылы жүректі, ыстық қайрат 
пен  нұрлы  ақыл  иесін  қазақ  жұртына  сыйға  тартты.  Абайдың  шығармашылық  əлемі  арқылы  оның  жан- 
дүниесіндегі ел-жұртына деген ыстық ықыласы мен айрықша бір жақындықты танимыз. Осы бір ерекше  
Абайдың:  
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, 
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін. 

 
 
67
 
Ыржыңдамай тыңдасаң нең кетеді, 
Шығарған сөз емес қой əңгіме үшін, – 
өлеңінде    ақын  өзінің  жұртына  деген  жан    айқайын    жеткізу  болатын.  Заманды  жөндеу  үшін 
жұртын    жөнге  салмақ,   ақынның    бар  талпынысы    ішкі-жан  дүниенің  сапалы  жақтарын        ел-жұртына 
насихат ету еді. Абай адам мен жұрт мүддесін қатар қоя отырып,  баса назар салғаны адамның ішкі əлемі-
нің қыр-сырына үңілу. Сондықтан  ол былай дейді:  
Бір кісі мыңға, 
Жүз кісі сұмға 
            Əлі жетер заман жоқ. 
 Қадірлі басым, 
    Қайратты жасым 
                    Айғаймен кетті, амал жоқ. 
                   Болмасқа болып қара тер, 
                              Қорлықпен өткен қу өмір. [1, 90] 
Заманға  қарап  күйзелгенімен  мəселенің  мəні  адамның  ішкі  мазмұнының    сапасыздығында 
екендігін түсінген ақын:  
    Басында ми жоқ
Өзінде ой жоқ, 
                       Күлкішіл кердең наданның. 
   Көп айтса көнді, 
        Жұрт айтса болды – 
                        Əдеті надан адамның. [1, 88 ] 
Адам мен  халықтың  рухани əлемін түзететін оны ұштастыратын  білім, ғылым, өнер, еңбек деп 
түйіндейді. Ақынның əрбір түйінді сөздері əбден екшеленіп, ой сүзгісінен өтіп, сарапталған  адамды тəр-
биелеуге бағытталған ойлар.  Абай отыз екінші қара сөзінде: Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылым-
ның    өзі  де  мейірленеді,  тезірек  қолға  түседі.-дейді.  Адамның  жеке  тұлға  ретінде  жетілуінің  бірден-бір 
жолы - білім мен ғылым екендігін  осы қара сөзінде  терең талдайды.  Ал  отыз сегізінші қара сөзінде: Күл-
лі адам баласын қор қылатын  үш нəрсе бар. Сонан қашпақ керек: Əуелі – надандық, екінші – еріншектік, 
үшінші – залымдық  деп  білесің.  Надандық – білім –ғылымның жоқтығы,  дүниеден  еш   нəрсені оларсыз 
біліп  болмайды.  Білімсіздік  хайуандық  болады.  Еріншектік – күллі  дүниедегі  өнердің    дұшпаны.  Талап-
сыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бəрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының  дұшпаны. 
Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.  
 
 
Бұлардың емі, халқына махаббат, халық  ғаламға шапқат, қайратты тұрлаулы, ғадалəт ісінің алды – 
артын    байқарлық  білімі,  ғылымы  болсын [2, 142 ] – дейді.  Адам  бойындағы  кері  кетушілікке  себепкер 
болатын қасиеттерді жəне де оның халықтық сыпат алуы ойшыл ақынды күйіндіреді. Абай  өзі өмір сүр-
ген  ортасының,  елінің    жəне  адамзаттың  надандығына  төзе  алмай,  өзінің  мұң-зарын  қағазға  түсіреді. 
Бірінші қара сөзінде: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен 
қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, 
өз  сөзім  өзімдікі  дедім  де,  ақыры  осыған  байладым,енді  мұнан  басқа  ешбір  жұмысым  жоқ».  Ақын  ой 
қорыта келе, осындай тоқтамға келеді. Себебі, қазақ жұртын жөндеу оны рухани деградациядан шығару-
дың  жолдарын  көздейді  ақын.  Оны  адам  жанын  нəрлендіруден  бастау  керектігін  ақын  бірден  пайым-
дайды. Абай қара сөздерінде адам жанын рухани байытудың жолдарын терең танымдық жүйемен жүйе-
лейді. Адам жаны жайлы толғаныстарынан «жан» ұғымын кеңінен тануға болады. Жетінші қара сөзінде: 
«Дүниенің көрінген хəм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны бол-
майды. Оны білмеген соң ол жан адам жан болмай, хайуан жаны болады. Əзелде  құдай тағала  хайуанның  
жанынан  адамның  жанын ірі жаратқан, сол əсерін көрсетіп, жаратқаны».  Абайдың осы ойларынан көзге 
көрінбейтін абстракциялық, бірақ адам өмірін айшықтайтын маңызды ұғымдар туралы мағлұмат аласың. 
          Менсінбеуші ем наданды, 
           Ақылсыз деп қор тұтып. 
          Түзетпек едім заманды, 
           Өзімді тым-ақ зор тұтып. 

          Таппадым көмек өзіме
           Көп наданмен алысып. 
           Көнбеді ешкім сөзіме, 
Əдетіне қарысып [1, 132] - дейді ақын. Абай  сонымен қатар, қазақ  ортасының  даму жүйесінің 
артта  қалуын  түсіне  отырып,  оны  жөндеудің  көздерін    рухани  əлемді  жетілдіруде  деп  есептеді.  Қазақ  
халқының  болмысында  жалпы  дүниетанымында  рухани таным басты орынға  қойылған. Сондықтан бо-
лар,  адамның  ішкі  жан-дүниесін  жөндеу  үшін,  адам  өзін-өзі  тануы  керек  деген  тоқтамға  келеді.  Бұл  
пайымы  ойшыл ақынның  түркі  дүниесіндегі асыл  ойлар  жəне  қазақтың  өзіндік  дара философиясы мен 
болмысындағы  рухани дүниелердің  жемісі. Рухани дүние  қоғамның  дамуына өзіндік əсері етеді. Абай-
дың  жан айқайының  астарында халқына деген шексіз махаббаты жатыр. Егер адамда осындай сүйіс-пен-
шілік болмаса, басқаның жай-күйіне деген мейірім оянбас еді. Абайдың  елін сүюі халқының кем-кетігін, 
рухани  жоқ-жітігін  жамап-жасқап,  жетілдіру    болатын,  соның  негізінде    ел  болмысындағы  мінді  ашық 
көрсете білді. Ұлттық  дүниетаным мен ұлттық тағылымды терең бойына сіңірген ойшыл ақынның бағдар-
бағыты халқын рухани дағдарыстан шығару болатын. Ақынның жан қиналыстарыда осы тарапта айрықша 
танылады.  
 Жартасқа бардым, 
 Күнде айғай салдым,  
       Онан да шықты жаңғырық. 
 Естісем үнін, 
 Білсем деп жөнін, 
           Көп іздедім қаңғырып. 
                    Баяғы жартас – бір жартас, 
Қаңқ  етер,  түкті  байқамас [1, 92]– дейді  Абай.  Абайдың  жан  айқайын,  іштегі  қалың  дертін  ұғар 
ағайын жоқ, орта жоқ, ұғатын елі жоқ, сондықтан ол былай дейді:  
 Атадан алтау, 
 Анадан төртеу, 
             Жалғыздық  көрер жерім жоқ
 Ағайын бек көп,  
Айтамын ептеп, 
           Сөзімді ұғар елім жоқ. 
                    Моласындай бақсының 
Жалғыз  қалдым – тап  шыным! [1, 92] Қазақ  ортасының  жетіле  алмай  жүргені  ойшылды  қатты 
толғандырады, жан айқайын, рухани жалғыздығын ақын осылай береді. Осы толғаныстар ақынның өзімен 
үзеңгілес,  рухани шəкірті Шəкəрімнің шығармашылығында да ащы шындықпен айқындалады. Шəкəрім 
Абайдың жан айқайын дəл солай  түсініп,халқының білімсіздігін, өркениетті ел қатарына ұмтыла алмай, 
кежегесі  кері  кетіп,  еңбек  пен  білімділілікті  ұштастыра  алмай,  рухани  жетіле  алмай  отырғанын  айқын 
танып жəне де осы күйден құтылудың жолдарын көрсете білді. Шəкəрім былай дейді:  
Іздеген ғашық болып бес нəрсем бар. 
Берейін атын атапұқсаңыздар:  
 Махаббат, ғаделет пен таза жүрек, 
 Бостандық, терең ғылым, - міне, осылар [3, 423] 
 
68
 
МАХАББАТ
 
 
БОСТАНДЫҚ 
 
ТЕРЕҢ  ҒЫЛЫМ
 
ТАЗА ЖҮРЕК     
 
ҒАДЕЛЕТ
 
 
ЕЛ   БОЛМЫСЫН-
ДАҒЫ   БЕС  
ҚАСИЕТ
 
    
                                  
       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
69
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Ақынның  ел  бойынан  таба  алмай  отырған  бес  нəрсесінің    жеке  тұлғаның  жетілуіне  де  қажетті 
құндылықтар  екені  сөзсіз.  Шəкəрім  ел  бойындағы  кемшілікті  көре  отырып,  одан  құтылудың  жолдарын 
көрсетеді.  Қазақ өмірінің рухани тоқырауда екендігі, билік басындағы адамдардың халық тағдырын  аяққа 
басулары, қазақтың білім мен ғылымға марғаулығы,т.б. адамзат өркеніне қазақтың ілесе алмай, кенжелеп 
қалып қоятын кезеңдерін ақын күйіне жырлайды. 
Ақыл,  білім,  еңбек,  ғылым,  жаңашылдық,  махаббат,  таза  жүрек  жетіспей  жатыр.Шəкəрім  халық 
болмысындағы  кемшін  қалған  тұстарды  көре  отыра,  жөнделудің  жолдарында  көрсетіп  отырады.  Ел 
мүддесі, адам тағдыры ақынның өзек жарды ойынан туындаған, өмірлік принциптерін айқындайтын үлкен 
мəселе.Қазақ ұлты еңбекқорлыққа, білімділікке, ғылым игеруге үйрету арқылы тəрбиелеудің мəні зор деп 
есептейді ақын: 
      « Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа, 
        Қазақ жүр құмарланып құр шаттыққа, 
        «Анау—қу, мынау—пысық, мен—батыр» - деп, 
          Айналды бірін- бірі құрытпаққа. 
          Ойда жоқ: ``өнер біліп, жол табайын ``, 
          Жалмауға жалықпайды өз маңайын. 
           Мұның түбі не болар деген жан жоқ, 
           Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын» [3, 166]-дейді. 
Ақын халық болмысын, психологиясын, мінезін, ішкі сапалық қасиеттерін шындықпен суреттейді. 
Қазақ  қоғамының  кемшіліктерін  көрсете  отыра,  оның  болашағының  баяндылығы  ел  бірлігі,  ел 
еңбекқорлығы мен білім мен мəдениеті, рухани дамуында деп есептейді ақын. Халықтың ырыздығы, елі 
мен  жеріне  деген  дұрыс  көзқарасынан  туындайды  дейді  ақын.  Əрине,  Шəкəрім  көтерген  осы  мəселелер 
төңірегінде  де  Абай  ойларының  желісін  аңғарамыз.  Өйткені  екі  ақынның  да  əлеуметтік  тақырыптарға  
жазған  жырлары  қазақ  болмысын  терең  толғайды  жəне  ел-жұрттың  адамгершілік  қасиеттерін  арттыру, 
имандылыққа, тəубеге келу тəрбиесі ортақ ойлардан туындаған. 
   Абайдың  руханилық  сарыны  Шəкəрімде  де  өзінше  əр  қырынан  түрленіп  отырады.Абай 
шығармашылығының  ықпалын  Шəкəрімнің  кез-келген  мəселені  тереңдете,  тіптен  кең  ауқымда 
суреттеуде,  тəрбиелік  –тəлімдік,  танымдық  мəселелер  де  ортақтастық,  жалғастық  тауып  жатқандығын 
байқаймыз. Шəкəрім поэзиясының өзіндік түрі бөлек, сан қырлы, бояуы мол, тілі жатық, санаңа тікелей 
əсер берер қуатты ойлары мол. 
      « Сынасын деп жазғанмын, 
          Сынама деп шатпаймын. 
         Қазақтың мінін қазғанмын
         Айтқанымнан қайтпаймын»- дейді ақын. 
   Абайдың  жан  айқайын  жан-  дүниесімен  түсініп,  оған  үн  қоса  білген  шəкірт  Шəкəрімнің  үні 
қатқыл да, батыл да, өткір. Қиналыстан гөрі, өктемдік басым,келешекке сеніммен қарап, болашаққа үміт 
артады ақын. Шəкəрім өмір сүрген кезең аумалы - төкпелі, солақай саясаттың адамдардың рухани өмірін 
ұрлаған, жақсы мен жайсаңынан ажыратып, көкейлеріне үрей мен қорқыныш жайлатқан сұрықсыз заман 
болатын. Адамдарды Алласынан алыстатып, тек қана сол саясаттың дегеніне бет бұрғызғанын ақын жақсы 
түсінді.  Ары  қарай  халқының  болашағының  бұлдырлығын  ақын  көре  білді.  Сондықтан  ол  «адам  түзеу» 
идеясы  арқылы  адам  өмірін  рухани  жөндеу  мəселесін  күн  тəртібіне  қойды.  Алдымен  адамға  бір 
жаратқанын есіне  алып,  оған  ден  қоюды,  адамның  өзінің  ішкі əлеміне  үңілудің  маңыздылығын  жөн  деп 

санады  ақын.  Жеке  тұлғаны  тəрбиелей  отыра,  халық  болмысын  кері  кетіретін  надандық  пен  мақтан, 
күндестік,  көзбояушылық,  көре  алмаушылықтан  арылу,  қазақ              баласының    болашақта  өз  орнын 
тауып, халық игілігіне қызмет ететіне сенеді ақын. Сондықтан ол былай дейді: 
              «Қазақтың қайнар даласы, 
                Жетілер оқып баласы. 
               Шошытатын мені сол- 
                Олардың күндес, таласы». 
   Ол кемшіліктерді көрсете отыра, оны жоюдың да жолдарын алға тартып отырады. Елдің рухани 
серпілісінің маңызы зор. Рухани тозу, жұтаң тарту халық үшін ең қауіпті. Ол үшін адами құндылықтар, ар 
мен  ұжданды  халық  болмысына  берік  орнату  қажет.  Ал  жекенің  жетілуі,  оның  қалыптасуы  қоғамның 
дамуына жол ашады.  Ақ жүрек пен таза ақыл, еңбек, ынсап, ақ пейіл, мейірім, шыдам, шыншыл, харакет, 
ақ ниет, əділет халық өркеніне, қазақ болмысын рухани жұтаудан азат ететін негізгі тіректер деп есептейді 
ақын. 
                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
       
       
              
 
 
 
      
 
ТАЗА  АҚЫЛ 
ЕҢБЕК 
АҚ  ПЕЙІЛ    
ШЫНШЫЛ
ШЫДАМ 
МЕЙІРІМ    
ЫНСАП 
 
РУХАНИ   
ТІРЕКТЕР 
АҚ  НИЕТ 
ХАРАКЕТ 
ƏДІЛЕТ 
АҚ   ЖҮРЕК 
Мемлекеттің нығаюына, оның қоғамдық ойына əсер ететін фактор  жеке  тұлғаның рухани дамуы. 
Шəкəрімнің  шығармашылығының  дені  жеке  тұлғаның  қалыптасу  процессіне  арналған.  Қазақ  жұртының 
өркенниетті қоғам құруға  бейімделуін, əсіресе адамның рухани жетілген бейнесін көксейді ақын.  
 Қазақ  халқының  өркенниеттілікке  жетелеген  Абай  мен  Шəкəрімнің  мұраларының    ел  мен 
жұртының  көлеңкелі  тұстарын  жеріне  жеткізе  сынауының  астарында  оларға    деген  зор  сүйіспеншілік 
жатыр еді. 
 
                 1.          Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Жазушы, 2005. 
2.
 
      Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Жазушы, 2005. 
3.
 
      Құдайбердіұлы Ш.  Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  значимые  понятия  в  творчествах  великого  казахского  поэта-
мыслителя А.Кунанбаева и его поэтического наследника Ш.Кудайбердиева.  
 
Summary 
This article describes the point of emphasis in the works of the great Kazakh poet-philosopher 
A.Kunanbayev and his poetic heir Sh. Kudaiberdiyev 
 
 
 
 
 
70

 
 
71
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.Қ. Қапасова 
ПМПИ, Павлодар қаласы 
 
 
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ: ҚОҒАМ МЕН КӨРКЕМ БЕЙНЕ 
 
Фольклор мен ауыз əдебиеті үлгілері де ұрпаққа рухани, танымдық тəрбие беруде өзіндік əсер етіп 
келгені  белгілі.  Кейінгі  кеңестік  кезеңде  партия  социализмге  берілген,  болашақ  коммунизм 
құрылысшыларын  дайындау  талаптарын  басшылыққа  алды.  Əдебиеттің  негізгі  міндеті  өнер  екендігі 
назардан  тыс  қалды.  Осы  тұста  əдебиеттің  ең  басты  міндеттерінің  бірі  баланы  ортаға  бейімдеу,  қоғам 
талаптары  мен  бала  қажеттілігін,  ыңғайын  сəйкестендіре  білу,  соған  қарай  əрекет  ету  мəселесін  талдау 
басты  орынға  шықты.  Кеңестік  кезеңде  кейіпкер  бейнесі  түрлі  оқиға  үстінде,  психологиялық  жəне 
логикалық  тартыста,  көркем  тұрғыдан  неғұрлым  толық  ашылды  деуге  дəлел  болатын  туындылар 
жазылды. Əдебиеттегі кейіпкер қалыптасуы, жасалуы да қоғамға қатысты болып, қоғамдағы əр кезеңнің 
көркем  туынды  жасайтын  оқиғалары  жəне  соған  орай  көркем  тұлға  жасауға  негіз  болатын  мінез 
ерекшеліктері кеңірек қамтылды.. 
Жинақтап  айтар  болсақ,  қоғамның  əр  саласының  сипатын  танытатын  көркем  бейнелердің  түрлі 
ерекшеліктеріне  қарай  ортаға  ыңғайлануы  немесе  сол  ортаға  қарсылығы,  сол  ортаны  жасаудағы,  сол 
ортаға елді ұютудағы орны т.б. қоғам мен көркем кейіпкер арақатынасы суреттеледі. Əрине, ең бастысы, 
балалар бейнесінің жасалуындағы тың ізденістер көбіне-көп жолбасшы бола алады. Сондықтан да, көркем 
бейненің ортамен қатынасын көрсетуде заман өзгерісі, өмір тынысы көркем бейненің жан дүниелері мен 
ішкі  сезім  иірімдері  болып  шығады.  Бүгінгі  көркем  бейне  бала-ертең  қоғамды  жасаушы.  Осыдан-ақ,  ел-
үміті,  халық-тілегі,  ұлт-арманы  балалар  шығармаларындағы  түйін  бүгін  үйдегі  отырған  бала  ертеңгі  ел 
тізгінін  ұстар  азамат  ретінде  өзін  қалай  ұстауы  керек,  нені  білуі  керек,  қандай  мінез-құлық  сипаттарын 
басты  ұстаным  етуі  қажет,  азаматтық  тұлғасына  қажет  қасиеттер  қандай  деген  мəселелер  арқылы  орта 
талаптары шығады. 
Адамзат баласы əдебиетті өнер туындысы етіп қабылдауда тек қана өнердің қағидасы жақсылыққа 
бағыттау,  ізгілікті  мұрат  ету  идеясын  ұстанғаны  белгілі.  Басқа  кезеңдерді  былай  қойғанда  қазақ 
қоғамының  неғұрлым  бірізді,  бір  идеяны  жалпылай  ұстанған  тұсының  жемісі - ауыз  əдебиеті  мен 
фольклордағы шығармаларға талдау жасауда кейіпкерге өсу, даму үшін керекті мінез - құлық сипаттары 
сөз тыңдап, ақыл айтыла бастаған күннен бастап бірге жүретініне көз жеткіземіз.  
-Түлкі, түлкі, түлкішек.. 
Түнде қайда барасың? 
-Апам үйіне барамын. 
-Апаң саған не береді 
-Ешкі сауып,сүт береді. 
-Оны қайда қоясың? 
-Тал түбіне қоямын 

 
72
-Қасқыр ішіп кетсе қайтесің? 
-Жылай-жылай қоямын. 
Балаға күнделікті өмір ағысы түсіндіріледі, яғни барлық адамдардың да тыныс-тіршілігі ортақ, ас, 
тамақ  қажеттілігі,  туыс-туысқандық,  жақындық  міндеті,  парызы  туралы  айтылып  келіп,  соңында  қолда 
барды сақтай білу, қорғай білу, идеясы беріліп, егер сақтауға, қорғауға шама, мүмкіндік келмеген шақта 
не істеу керек деген дүниені шешеді. Қиындыққа шыдау, тағдыр деп халық атаған, алдын-ала сызылған, 
маңдайға  жазылған,  о  бастан  белгіленіп  қойған  істен  қашып  құтыла  алмас  адамзат  баласының  да  пенде 
ретіндегі дəрменсіздігі айтылады. Бұл халықтың «Жазмыштан озмыш жоқ» деген ғасырлар түйген ойын 
бала  санасына,  бала  қабылдауына  сай  жеткізген..  Сондай-ақ,  фольклорда  да  бала  жасын,  ортасын  басты 
назарда ұстай білген. 
Қазақ халқы өз дүние танымын, түсінік, тағлым-тəрбиесін балдырған сөз ұға бастаған, айналаны 
байқай бастаған шақтан санасына сіңіре бастайды. Баланың жас ерекшеліктерін ескеру, қабылдау, түсіну, 
ойлау  қабілеттері  шебер  сəйкескен  бұл  жырлар - қай  кезеңде  де  балалар  өлеңдері  үшін  классикалық 
үлгілер.  Айналаны  танып,  ортаның  ерекшеліктерін,  қасиеттерін  білуге  талпыныс  жасай  бастаған 
балдырғанға  санауды  үйрете  бастайды.  Қазақ  балалар  фольклорында  балалар  санамағының  бірнеше 
түрлері  бар.  Басты  мақсаты  балаға  сан  үйрету  болса,  келесі  кезекте  тілін  жаттықтыру,  ойлау  қабілетін 
ұштау,  айналаны  таныстыру,  əр  затқа  қалай  қарап,  қандай  қатынас  жасауды  үйрету  т.б.  қызметтерін 
ескерсек, бала үшін міндетті түрде қажет туынды екені сөзсіз. Сондай санамақтардың бірінде  
-Бір дегенім-білеу, 
-Екі дегенім-егеу, 
-Үш дегенім-үскі, 
-Төрт дегенім-төсек, 
-Бес дегенім-бесік, 
-Алты дегенім-асық, 
-Жеті дегенім-желке, 
-Сегіз дегенім-серке, 
-Тоғыз дегенім-торқа, 
-Он дегенім-оймақ, 
-Он бір қара жұмбақ, - деп түйеді. 
Бүлдіршінге  айналасындағы  əр  затты  мынау-білеу,  мынау-егеу,  мынау-үскі  немесе  мынау-серке, 
мынау-оймақ деп көзге көрінер заттарды таныстыра отырып, əр заттың ерекшелігін, қызметін түсіндіреді. 
Таныстыратын заттар- күнделікті бала пайдаланар, қажет дүниелер. Бірден бастап, онға дейінгі сандарды 
санауды үйретіп қана қоймай, алғашқы дүниетанымдық түсінік бастауы да байқалады. «Он дегенім-оймақ, 
Он  бір  қара  жұмбақ» - болып  аяқталуы  қоршаған  ортадағы,  дүниедегі  бар  затты  тану,  ұғу,  білу  мүмкін 
емес,  біз  ұқпайтын,  тани  алмайтын  зат,  дүние  бар  деген  ой  əліппесінің  алғашқы  беті  ашылады.  Əлемде 
адамзат  тани  алмайтын  зат,  құбылыс  бар  екендігі,  адам  баласы  дүние  тұтқасы  бола  алмайтындығы 
сыналап санаға сіңіріле бастайды. 
Қазақ  балалар  лирикасында  толық,  талдау  жасалуды  қажет  ететін,  ұрпақ,  əдебиет  үшін  əлі  де 
қызмет  етеді  дейтін  өлеңдер  аз  емес.  Тіпті  бір  ғана  ауыз  əдебиеті  үлгілерін  толығымен  алсақ  та  бала 
ұғымына  негізделген,  тілі  түсінігіне  сай,  азамат  ретінде  қалыптасуына  қажет  туынды  деп  кез  келгенін 
алсақ  та  қателеспесіміз  анық.  Жазба  əдебиетте  дəстүр  жалғастығының  озық  үлгілері  де  мол.  Көркем 
бейненің  ашылуының  шығармадағы  негізгі  бөліктері:  тақырыптық-идеялық  сипат  пен  кейіпкер  бейнесі 
десек, сан түрлі ерекшеліктен əр қаламгердің айқын стилін, түрлі бейнеге лайық сан алуан ой, түйіндерін 
табамыз.  Ал  көбірек  сынға  ілінген  балалар  өлеңдеріндегі  тақырып,  идея  тіпті  кейіпкер  мінезіндегі 
ұқсастықтар  ақын  стилінің  əлсіздігінен  емес, «Ортақ  біздің  үйіміз,  Төбемізде  көк  аспан»  мен  «Советтік 
менің өз елімнің» тіршілігіндегі мақсат, бір міндет, бір қалып, яғни біркелкі ортақ жүйенің əсері.  
Қазақ  балалар  лирикасының  жанрлық  жағынан  толығуы  əр  кезең,  қоғам  шындығын,  сипатын 
көрсетуімен ұштасып жатады. Əдебиеттегі түрлі тақырыпқа арналып, сан алуан сандалған үлкенді-кішілі 
бейнелер де жанр табиғатының ауқымын кеңейтуге қызмет етті. 
Лирика - сөз  өнерінің  бір  түрі,  адамзат  тілі  өнерінің  жарқын  үлгісі.  Өлең  ақынның  эмоциялық 
ойын  ғана  емес,  ішкі  жан  дүниесіндегі  қоғамдық  сананың  сипатын  сыртқа  шығарады.  Эмоциялық  ақыл 
медитативті  ойды  ақын  түсінігінің  қоғамдық-тарихи  сипатын  ашады.  Кейіпкердің  қоғамдық  түсінігі 
қоғамның барлық қабаттарын қамтиды, тарихи, əлеуметтік өмірінің жағдайларынан құрылады. Сондықтан 
да бір қоғамда, бір кезеңде өмір сүретін адамдар үшін бірқатар ортақ ерекшеліктер мен заңдылықтар тəн. 

 
 
73
 
Дегенмен  енді  бір  қоғамдағы  адамдардың  ендігі  бір  ортасы - жан-дүние  сипаттарына  қарай  жекелік 
айырмашылықтарға  ие.  Шығарма  жанрының  өзгешілігі  қозғар  тақырып  түпкі  ой,  стиль,  көркем  бейне 
ерекшеліктерін қамтиды. Жалпы жанрдың өзі автор ұстанымының да көрсеткіші. Осы тұрғыдан келгенде, 
балалар  шығармалары  ересектерге  арналған  туындылардан  көп  өзгешеленеді.  Бұл  əсіресе  лирикалық 
шығармаларға қатысты. Себебі əдебиет таным, түсінік, тəрбие ретіндегі қызметін балалар үшін лирикалық 
туындылардан  бастайды.  Ал  лирикалық  туындылардың  жалпы  əдебиеттегі  жанрға  қарай  жіктілісі  басқа 
əдебиет  текстерінен  əлдеқайда  кең.  Қазіргі  қазақ  балалар  əдебиетінде  фольклордың  барлық  түрін 
кездестіруге болады. Бұлардың мəн-маңызы ұлттық сана, дəстүр, тағылым, тəрбие құралы болуымен бірге: 
1)
 
тəн мен жан тəрбиесін (сəбилік жырлар, тұсау кесер, уату өлеңдері); 
2)
 
тіл мен ой (арнау-тілек өлеңдері, төрт түлік жырлары, санамақ сұрақ-жауап өлеңдері); 
3)
 
ой мен қимылды (сұрақ-жауап, ойын өлеңдері, өтірік өлеңдер)  
біріктіріп, балдырғандарды жас ерекшелігіне қарай сатылап өсіріп отыратындығында болса керек. 
Бала  тəрбиесіне  көңіл  бөлген  халық  оның  дамуы  мен  өсу  ерекшелігіне  қарай  əдебиет  туындыларын  да 
сəйкестендіріп  отырған.  Қазақ  тілінде  сəби,  бөбек,  бүлдіршін,  балдырған,  ұлан,  жеткіншек,  жасөспірім 
сөздері халықтың баланың əр жастағы ерекшелігін дөп басқанын көрсетке керек. «Он үштегі - отау иесі» - 
деген қазақ халқының əдет-ғұрып, дəстүрі 14-15 жастағы баланы жасы жеткен бала деп есептеп, баладан 
гөрі ересектер тобына қосуы басым. Жеткіншек, жасөспірім («подросток» сөзінің жолма-жол аудармасы) 
сөздері - лексикаға кейіннен қосылған қолданыстар. 
Халық  дүниетанымы  айнасы  бір  шоғыры - рухани  қазыналарында.  Бай  мұрасын  тіл  өнеріне 
сыйғызған ұрпаққа таным, тағылымының бар асылын сөзімен мұра еткен. Осы мол қазына сонау есте жоқ 
ескі замандардан бері тұнық бастаудан көз алып, сан жағынан да, көркемдік өрнегімен де жетіліп, толыға 
түсуде. Қазақ фольклоры да ұлттың дəстүрлі мəдениетінің, тарихының, дүниетанымының негізі. Балалар 
фольклорын тамыр алған лирикалық туындылар кейінгі жазба балалар əдебиетінде де бағдар берер темір 
қазық іспетті. Елге медеу, керек кезде сүйеу болған фольклор бүгінгі əдебиеттің де болмыс қалпын сақтап 
отыр. Ұлттың фольклорға ерекше мəн беруіміздің басты себебі - болашақ ел тұғыры, халық ертеңі үшін 
балаларға арналған шығармалардың орны ерекше екені белгілі. 
Балалар  фольклорындағы  шығармалардың  өміршеңдігі  де - баланың  жөн,  тəн  дамуына  қажет 
шарттарды  сабақтастыра,  сəйкестендіре  ыңғайлай  таба  білгендігінде.  Адамзаттың  өмір  сүруіне  қажет 
салт-дағды, əдет заңдарымен бірге, рухани даму ұйтқысының болмысын жасады. 
 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал