Хабаршы вестник



жүктеу 5.01 Kb.

бет11/18
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

 
 
ОРЫС МЕМУАРИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Қ.М. Байтанасова - 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ əдебиеті кафедрасының  доценті,  
филология ғылымдарының кандидаты 
  
Əдебиеттануда соңғы уақыттағы белсенді жанрдың бірі мемуар деп танылуда. Жады-мəдениеттің 

 
62
негізі  болса,  мемуаристика  тарихи  естің  жаңғыруы,  қоғамның  өркениеттік  көрсеткіштерінің  бірі. 
Мемуаристикада тұлғаның ақыл-ой дамуының кезеңді сатысы көрініс береді.  
Мемуарлық  шығармашылық-рухани  өмірдің  ерекше,  дербес,  салыстырмалы  түрде  алғанда  кең 
тараған  құбылысы.  Бұл  тұлғаның  жекелік,  аскеттік  нормалардан,  ортағасырлық  дүниетанушылық 
тұйықтықтан  босап,  өзінің  жеке  өмірлік  тəжірибесін,  уақыттың  қозғалысын  сезгенін  байқатады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  мемуар  əдеби-тарихи  жанр  ретінде  орнықты.  Ресейде  ол  Петров  қайта  құрылуы 
кезеңінде тұрақтанып, жалпымəдени салада белгілі бір дəрежеде өзінің тарихи міндетін орындаса, Батыс 
Еуропада  классикалық  аяқталған  форма  ретінде  Қайта  өрлеу  дəуірінде  танылды.  Осыдан  келіп  Ресейде 
мемуардың қаншама ғасырды бастан өткергені байқалады.  
Мемуарлық  шығарманың  мотиві  көпқырлы  болуы  мүмкін.  Оның  диапазоны  туындының  мақса-
тына  байланысты,  яғни,  тұйықталған  жеке-отбасылық  жағдайдан  қоғамдық-тарихи,  көпшілік  ауқымға 
дейін барады. Алайда, оның мақсатының, мүмкіндігінің əр түрлілігіне қарамастан, оларда өзгермей сақта-
лып отыратын жалпы бір қасиет бар: ол жеке тұлғаның өз тəжірибесін тарихи ауқымға қатысты ету. Бұл 
жөнінде зерттеушілер де айтып өтеді. Мəселен, К.Ваншенкин: “өзінің өмірі туралы мемуарлық деңгейде 
айтуға  деген  өткір  қажеттілік  неғұрлым  таза  күйінде  беріледі”  десе [1,21-б],  Л.Зорин: “Əрбір  адамның 
қолына қалам алып не туралы жазатыны жөнінде еске алуы ұқсайды, адамдар ұқсамағанымен, себебі бір”–
дейді [1,12-б].  Сонау  XVIII ғасырдың  аяғында  діни  шендегі  чиновник  Г.И.Добрынин: “Мен  кіммін? 
Қайдан  келдім?  Не  көрдім?  Қайда  барамын?”  деп  бастаған  екен  өзінің  кең  көлемдегі  автобиографиялық 
баяндауын. Осы сауалдардың қойылысында-ақ мемуарлық шығарманың философиялылығы, мемуаристің 
алдына  қойған  міндеті,  тарих  қозғалысының  бір  бөлшегі  ретінде  тануы,  өзін  елеусіз  сезінбей,  замандас-
тары  мен  ұрпақтарына  өзі  туралы  естелік  қалдырып,  сол  арқылы  “жадыны  ұзартуға”  деген  ұмтылысы 
байқалады.  
Мемуар  егер  автор  естеліктің  сюжеттік  орталығы  болмай,  шығарма  басқа  адамдар  мен  дəуірге 
қатысты болса да, ол авторға, оның жеке қабылдауына тиісті болып құрылады. Автордың субъектілігі кез 
келген  мемуардың  бөлінбейтін  бөлшегі  ретінде    өткеннің  объективті  картинасын  берудің  бірден-бір 
мүмкіндігі  болады.  Əрине,  кейбір  белгілі  жайттарға  байланысты  мемуар  редакторлары  мен  басушылар 
немесе  авторлар    мемуаристің  “бейтараптығы”  мен  оның  субъективті  көзқарасын  “түзеу”  үшін  “тарихи 
көріністі”  қазіргі  ресми  құжаттармен,  мұрағаттан  əдейі  алынған  материалдармен  толықтырып  отырады. 
Кейде  бұл  құжаттық  “фонның”  өсетіні  соншалық,  ол  мемуардың  дербес-жадылық  субстратын,  қайта-
ланбас дербес колоритін жұтып алады. Осының ізімен жанрлық тұрғыда анықталмаған қандай да бір баян-
даушылық  сипаттағы  шығарма  туады.  Мұндай  шығармаларды  мемуарлық  деген  сөздің  аясына  сыйғыза 
алмайсыз.  
Б.М.Эйхенбаумның  ауқымды  формуласын  қолдана  отырып,  мемуарлық  шығарманың  кез  келген 
актісін    “тарихтың  ағымында  өзін  сезіну  актісі”  деуге  болады [2,342-б].  Басқаша  айтқанда, 
мемуаристиканың түбірлі, жанрлық-құрылымдық мəнді белгісі сияқты тұлғаның да тарихи өзін-өзі тануы 
байқалмақ.  Əрине,  тұлғаның  тарихи  өзін-өзі  тануы  рухани  шығармашылықтың  басқаша  формасында 
жүзеге асады. Бірақ, мемуарда ол неғұрлым толық əрі жүйелі жүргізіледі. Тұлғаның тарихи өзін өзі тануы-
ның  орындалуы  мен  мемуардың  əлеуметтік  функциясы  мемуарлық  шығарманың  мақсатты  орнығуын 
білдіреді.  Əрине,  бұл  ерекше  кездейсоқтық  жағдайда  емес,  белгілі  менталитетте  берілген  уақыт  пен 
берілген социумның қасиеті байқалатын жанрлық деңгейінде көрінбек.  
Мемуаристикадағы  маңызды  белгілердің  бірі  дербес-субъектілік  бастаумен  қабат,  ретро-
спективалық,  яғни,  өткенге  назар  салу.  Болған  оқиға  мен  естеліктің  жасалуы  арасындағы  уақыттың  ара 
қашықтығы  бірнеше  аптадан  бастап,  тұтас  ондаған  жылдарға  дейін  жетуі  мүмкін.  Əрине,  бұл  ара 
қашықтықтың неғұрлым ұзақ болуы оның характерге əсер ету мүмкіндігін жоғарылатады. Өткенге байла-
нысты  автордың  жеке  көзқарасында  белгілі  аберрация  өтеді.  Көптеген  жылдардың  өтуі,  өмірлік  тəжі-
рибенің  жинақталуы,  қоғамдағы  жаңа  жағдай,  онда  таралған  тарихи  мағлұматтар  жəне  тағы  басқалары. 
Мемуарист көпшілік жағдайда өткен оқиғаны сол өткен кездегі сəтіндей қабылдай бермейді де, өз еркінен 
тыс ол оқиғаларға қазіргі көзқарас тұрғысынан баға береді. Біреуі өткеннен тарайтын, екіншісі болашақ-
тан  келетін  мемуаристикадағы  осы  екі  қайшылықты  түр  авторлық  субъективизмнің  қос  қабатының 
соқтығысын  тудырады.  Алайда,  қазіргінің  билігінде  болу  арқылы  мемуарист  сонымен  бірге,  өткеннің 
ауыртпалығынан  құтылады, “еркіндікте”  болады.  Өзіндегі  адасушылық  пен  қызығушылық  инерциясын 
жеңіп,  оқиғаға  толық  немесе  қатыстылық  тұрғысынан  баға  береді.  Ретроспективалы  көзқарас  ақпарат-
тарды сүзгіден өткізеді. Бірақ, ең бастысы бұрын болған оқиғалар жаңа ракурсте қайта жаңғырады немесе 

 
 
63
 
өткеннің  бұрынғы  беймəлім,  құпиялы  жағдайы  ашылады.  Осылайша,  мемуарда  осыған  дейін  ешқандай 
деректе жоқ бірегей тарихи мағлұматтар айқындалады.  
Алайда,  ретроспективалық  сыншылардың  немесе  кейбір  авторлардың  пайымдағанындай,  қандай 
да  бір  қатаң  жас  аралығына  байланысты  емес.  Мəселен,  А.Борщаговский    “мемуардың  жасы”  мен 
“мемуардың қауіпті тартымдылығы” тек “бояу оңып”, “фантазия мен қиялдау азайғанда” ғана басталады” 
десе [1,10-б], “Өткенді еске алу жастың ұлғайғаны”,-дейді Д.Данин [1,19-б]. Мемуар жазу ісі қарттықтың 
келуімен,  яғни,  адам  қартайғанда  тыныштыққа  кетіп,  басқа  айналысатын  ешнəрсе  қалмаған  кездегі 
жағдайымен үндеседі. Мұның да өзіндік артықшылығы бар. Көптеген мемуарлық туындылар шынында да 
кемел  жасқа  келгенде,  өзінің  ұрпағының  адындадағы  соңғы  парызы  мемуар  жазу  деп  түсінген  кезде 
жазылады.  Əрине,  үнемі  бұлай  бола  бермейді.  Естелік  жазуға  деген  қажеттіліктің  пайда  болуы  болашақ 
автордың  өзі  айтуға  тиісті  оқиғалар  жүйесінен  тыс  болған  кезде,  не  бұл  оқиға  болып,  өткен  уақыттың 
еншісінде  қалғанда  не оның  қатысуы қандай  да  бір  себеппен  үзіліп  қалғанда  тууы  мүмкін.  Ал,  бұл  енді 
жас ерекшелігімен еш байланысты емес. Мемуарлық шығарманың “жасару” тенденциясы қазіргі кезеңге 
байланысты. “Мемуарлық  импульс”  мəдени-тектік  дəстүрлер  мен  өмірлік-тұрмыстық  жағдайлардың 
аясында туады, осылардың ішінде маңыздысы тұлғаның тарихи өзіндік санасының өткірлігі, нақтылығы.   
Мемуарлық шығарманың “жасаруының” алғашқы белгісі өзінің түп тамырымен өткеннің тереңіне 
кетеді. XVIII-XIX ғасырлар  көкжиегіндегі,  ескі  аристократтық  əулеттен  шыққан,  белгілі  ақын,  аңызға 
айналған Ресейдегі алғашқы мемуарист əйелдің бірі Н.Б.Долгорукованың немересі И.М.Долгоруков өзінің 
“Повесть  о  рождении  моем,  происхождении и  всей  жизни” (“Менің  тууым, əулетім  жəне  өмірім  туралы 
хикаят”) деген мемуарын 1788 жылы  24 жасында жазуға кіріскен. XVIII ғасырда болған мұндай жағдай 
біреу  ғана  емес.  Жаңа  жүзжылдықтың  басталуымен    мемуарлық-күнделік  жазбалар  жазуды  əсіресе, 
əскери-дворяндық  ортадағы    тіптен  жас  адамдар  бастады:  мəселен,  И.П.Липранди 17 жасында, 
А.С.Михайловский-Данилевский  18 жасында,  Н.Д.Дурново 19 жасында  жазған.  Ал.  А.С.Пушкин  болса 
өзінің өмірбаяндық жазбаларын Петербургтен айдауға кеткен соң, Кишиневте 22  жасынан бастап жүргіз-
ген.  Герцен  өзінің  белгілі  эпопеялық  мемуары  “Былое  и  думы”  шығармасын 40 жасында 1840 жылдың 
соңында рухани дағдарыс пен отбасылық драмадан соң жазған.  
Мемуаристиканың осындай жанрлық табиғаты тек мемуарға, естелікке  ғана емес, күнделікке де 
белгілі бір дəрежеде қатысты. Олардың арасындағы айырма ең алдымен болмысты көрсету ерекшелігінен 
туындайды: ол күнделікте синхронды түрде, естеліктерде ретроспективалы түрде беріледі. Егер күнделік  
оқиғалары стихиялы ағыммен, яғни көз алдында өткен “əлі онша айқындала қоймаған, өмірлік процесс əлі  
шешімін  таппаған  тұста”  жазылса,  естелік  өткен  өмірдің  “əбден  ойластырылған”,  алыс,  жақын  оқиға-
лардың  сұрыпталған  түрі.  Осыдан  келіп  күнделік  пен  естелік  құрылымының  айырмасы  шығады:  бірін-
шісінде  дискреттік-үзік,  айырымды  оқиғалар,  екіншісінде  өзара  байланысты,  сюжеттік  жəне  компо-
зициялық  жағынан  тұтас,  құрылымды  əңгіме  болады.  Осымен  қатар  мемуарлық  практикада  өткен  мен 
қазіргі  кезеңде  жазылған  күнделік  материалдары  оның  бастау  материалы  болады.  Яғни,  мемуарлық 
баяндауды  құру  кезінде  олар  көп  ретте  күнделік  жазбаларына  айналып  отырады,  естеліктердегі  қазіргі 
жағдайды  сипаттауда  ол  өзінен  өзі  күнделік  жазбасына  айналып  кетеді.  Күнделік  жазу  көп  ретте  үзіліп 
қалады: автор өзінің санасындағы бұрын өтіп кеткен оқиғалар мен адамдарды еске алып отырады. Күнде-
ліктегі  мемуарлық  элементтер  жазбалардың  жазылу  жиілігі  мен  жүйелілігіне  байланысты.  Мұндай 
“микроструктураның  үзілмелілігі”  XIX-XX  ғасырлардағы  орыс  мемуаристикасының  көптеген  мұрала-
рына тəн. Мəселен, əдебиетші А.Я.Булгаков, əскери тарихшы А.И.Михайловский-Данилевский, ірі əскери 
басшы жəне дипломат Н.Н.Муравьев-Карский, публицист К.К.Арсеньев т.б.  
Естелік пен күнделік өзінің мақсаты жағынан да жақын. Бұны ажырату қиын емес. Біз маңызды 
саяси  жəне  əдеби-қоғамдық  оқиғаларды,  белгілі  адамдармен  кездескен  кездегі  əсермен  жазылған 
күнделіктерді болашақ естеліктердің материалы екенін білеміз. А.С.Пушкин 1833-1835 жылдар арасында 
жазылған  күнделігін  өмірбаяндық  жазбалар  мен  өзі  немесе  басқалар  үшін  жазуға  керекті  дүние, “өз 
кезеңінің  тарихы”  үшін  материал  етіп  пайдаланбақ  болғаны  белгілі.  Тіпті  күнделікті  өз-өзіне  есеп  беру 
немесе  тəрбиелеу  мақсатындағы  ағымдық-тұрмыстық  мақсатта  жүргізілген  жазбалардың  өзінен  тап 
мемуардағыдай  болмаса  да, “тарихилықтың  сипаты”,  өзінің  тұлғасын    таныту  байқалады.  Бұлардың 
арасындағы  айырма  күнделікте  тарихи  айналым  осы  күнгі  жағдаймен  шектеледі,  ал  мемуардағы 
тарихилық  өткенмен,  тарихқа  айналған  оқиғалармен  толығады.  Қалай  болған  күнде  де  естеліктер  мен 
күнделіктер генетикалық жəне қолданбалы жағынан өзара туыстас шығармаларға жатады.   
 Мемуаристика  алыстағы өткеннің  немесе  тез  арада  өтіп  кететін  қазіргінің  өткенін  бере  отырып, 

 
64
тұтастай  болмыстың  тарихи-нақты,  шынайы  табиғатын  ашуға  бағытталады.  Мемуар  жанрының  бұл 
сипаты  Ресейде  осы  жанрдың  енді  қалыптаса  бастауында  өзінің  принципті  сапасын  “Шынайы  баяндау 
немесе Гавриил Добрыннің өзінің жазғаны” (“Истинное повествование или жизнь Гавриила Добрынина... 
им  самим  писанная...”); “Менің  өмірімнің  шынайы  жазбалары  (теңіз  офицері  С.Я.Унковскийдің  естелік-
тері)” “Истинные  записки  моей  жизни” (воспоминания  морского  офицера  С.Я.Унковского); “Кейбір 
ресейліктердің  жазбалары,  олардың  өздері  жазған  шынайы  повестер” (П.З.Хомяковтың  хаттары), 
(“Похождения  некоторого  россиянина,  истинная  повесть  им  самим  писанная” (записки  П.З.Хомякова); 
“Андрей Болотовтың өзінің суреттеуіндегі өмірі мен бастан кешкен хикаяттары,” (“Жизнь и приключения 
Андрея  Болотова,  описанные  им  самим”)  т.б.  жазбалар  белгілі  болған.  Осындай  жəне  бұған  ұқсас 
мемуарлардың  кіріспесі  мен  атауларында  “шынайы”  деген  сөздің  келуі,  олардың  ойдан  шығарылмай, 
нақты  бір  адамға  тиісті  екені,  аты-жөндерінің  көрсетілуі  олардың  шынайы  туындылар  екенін  дəлелдей 
түседі.  Осындай  мəселелер  бұл  жанрға  “ойдан  шығарылған  баяндаудың” (Пушкиннің  тарихи  романға 
байланысты қолданған термині) тəн еместігіне байланысты даулы мəселеге назар аудартты. Бұл мағынада 
Белинский “мемуарға қандай да ойдан шығарудың жат екенін”, “оған тек шынайы оқиғаның дəл, нақты 
берілуі ғана бағалы” болатындығын айтқан.  
Осы  ретте  қазіргі  əдебиеттану  мен  сында  мемуардағы  шындық  пен  ойдан  шығару  туралы 
мəселелер  басқа  қырынан  əлденеше  рет  талданды.  Мəселен, “шынайылылықты  шығармашылық  ойдан 
шығару элементтерімен үндестірудің жемісті болатындығы”, “көркемдік ойдан шығару мен фантазияның 
мемуарда үлкен роль атқаратыны” жəне т.б. айтылды. Бұл тұжырымдарда “көркем ойдан шығару” эсте-
тиканың неғұрым кең категориясымен теңестіріледі. Алайда, бұл шындықты эстетикалық тұрғыда игеру-
дің тек бір тəсілі ғана. “Эстетикалық қызмет адамның санасында үздіксіз жүзеге асып отырады; өнер оның 
тек жоғары шектегі сатысы ғана”; “эстетикалық мағына үшін ойдан шығару шарт емес” [3,6-б]. Сондық-
тан да “мемуарлық” туындылар көп ретте шынайы əдеби шығарма болады.  
Алайда, мемуарда жалпылау, типтендіру, адамның сезім дүниесіне психологиялық бойлау қандай 
дəрежеде  де  кездесіп,  ойдан  шығару  саналы  шығармашылық  шарт  ретінде  беріледі.  Мемуарда  мұндай 
“ферменттердің”  кездесуінің  бірқатар  себептері  бар:  қандай  да  мемуаристе  дəуірдің  ахуалына,  оқиғаға 
қатысушылардың əрекет мотивіне орай, олардың жадыларындағы қателіктер мен өшу, жекелеген эпизод-
тардың  “үнсіздігі”,  детальдардың  жетіспеуі,  өткеннің  картинасын  толық  беру  мүмкіндігінің  болмауы, 
соңында  автордың  ойдан  қосуы.  Мұндай  бұрмалауларды  айғақтау  мемуардың  сын  тарихының,  дереккөз 
бен  тарихи-əдеби  талдаулардың  міндеті.  Бұл  нақты  жағдайларға  сəйкес  дербес  шешіледі.  Мемуар  мен 
көркем-тарихи проза арасындағы шектеудің шарттылығын да естен шығармау керек. Кейде шындық пен 
ойдан шығаруды үйлестірген аралас баяндау түрі де кездеседі. Негізінен мемуардан көркем ойдан шыға-
руды  бөлу  мемуарды  “əдеби-көркем  процесс  заңдылығы”  аясында  қараумен  байланысты.  Шын  мəнінде 
əдеби реңктің мемуарда басым болуының да өз заңдылығы бар. Себебі мемуар шебер жазушының, дарын-
ды тұлғаның, яғни, шығармашылық бейнелеуге бейім адамның  қаламынан туады.  
Мемуаристика  өзінің  ерте  даму  сатысында  қандай  да  бір  белгілердің  аясында  қаралуы  мүмкін. 
Бірақ  ол  ешқашан  қандай  да  бір  кəсіби  салада  тұйықталып  қалған  жоқ.  Мемуар  жанрының  басты  ерек-
шелігін зерттеуші К.Ваншенкиннің айтуынша: “Мемуарды тек əдебиетшілер ғана жазбайды. Оның тамаша 
үлгілерін артистер, суретшілер, ғалымдар, əскерилер, яғни,  роман немесе əңгіме жазу ойына келмейтіндер 
жазады”. Мұндай тар-əдеби əдіс кезінде мемуаристиканың жалпы мағынасы көмескіленеді. Мемуар негі-
зінен, тек көркем ғана емес,  қоғамның тұтас рухани мəдениетіндегі құбылыс. Сондықтан оған неғұрлым 
кең мəдени-тарихи жəне тарихи-дерекнамалық маңыз берген жөн. Мүмкін бұл жағдайда “əдеби мемуар” 
деген терминнің өзін нақтылай түсу керек шығар. Егер оның астарында жазушылық ортадан шыққан жəне 
ең  бастысы  дəуірдің  əдеби  өмірін  суреттеген    мемуардың  бір  ғана  кəсіби  түрлілігі  айқындалса,  онда  еш 
қарсылық жоқ. Бұл жерде театр, əскери, дворяндық, шенеуніктік, көпестік жəне т.б. мемуарлар туралы да 
айтқан орынды. Егер “əдеби мемуар” термині белгілі бір уақыттағы мемуар мəдениетінің барша байлығын 
қамтитын болса, онда бұл қолданыстың дұрыстығы күмəнді.  
Орыс мемуаристикасының туған сəтінен бастап даму эволюциясына көз жүгірту аса қызғылықты. 
Орыс əдебиеттануында “История дореволюционной России в дневниках и воспоминаниях” деп аталатын 
іргелі  библиографиялық  анықтамалық  жарық  көрген.  Бұл XV ғасырдан  бастап, 1917 жылға  дейінгі  ара-
лықты  қамтитын  бес  томдықта  (он  үш  кітап) 26 мың  библиографиялық  жазбалар  бар  екен.  Бұл  еңбек 
тарихи дəуірлердің ауысымы кезіндегі  мемуардағы өзгерістердің көлемін анықтауға мүмкіндік береді.  
Егер мемуарлық шығармалардың санына келсек, XVIII ғасырға тиісті мемуарлық шығармалардың 
саны  жүзге  тарта.  Ал, XIX ғасырдың  бірінші  жартысындағы  олардың  саны  (нақты  реформаға  дейінгі 

 
 
65
 
кезеңде) төрт мыңдай болған. Ал, XIX ғасырдың екінші жартысы мен  XX ғасырдың басында (1917 жылға 
дейін) төрт есе өскен, яғни,  17 мыңға жеткен.  Мұнда Ресей туралы шетел авторларының мемуарлық мұ-
ралары  да  қамтылған.  Бұлар  төңкеріске  дейінгі  орыс  мемуарлық  əдебиетінің  даму  тенденциясын  көр-
сетеді.  Мемуар  жанрына  деген  принципті  өзгеріс  жаңа  жүзжылдықта  айқын  көріне  бастады. XIX ғасыр 
орыс мемуаристикасындағы “жұлдызды сəт” болды. Бұл дəуірде мемуар гүлденіп, тақырыптық көкжиегі 
кеңіп,  өмірбаяндық  баяндау  түріндегі  жүздеген  шығармалар  жоғары  тарихи  құндылыққа  айналып, 
дəуірдің  болмысын  жан  жақты  қамтыды. XIX ғасырда  еуропалық  мемуарлық  классикаға  айналған 
туындылар  жарық  көріп,  мемуаристика  жаңа  мəдени-қоғамдық  мəртебеге  ие  болды  да,  олардың  рухани 
өмірдің  басқа  салаларына  деген ықпалы  күшейді. XVIII ғасырда  мемуаристиканың  қалыптасуының  ерте 
кезеңінде, яғни өтпелі дəуірде көне менталитетке сай дворяндық ортадан шыққан мемуарист ішкі рухани 
болмысы  шектеулі  болғандықтан,  тек  “өзінің  жеке  отбасылық  тарихын”  сипаттаудан  аспады.  Осындай 
отбасылық-əулеттік, “үй-ішілік” доминантқа сəйкес естелік мемуаристердің мойындауынша “өзі туралы, 
өзі  үшін,  өздерінікі  үшін”  жазылды.  Яғни  өзінің  жеке  рухани  сұраныстарын  қанағаттандыру  үшін, 
балалары  мен  ұрпақтарына  арналып,  отбасылық  дəстүрлерді  нығайту  мақсатында  жазылып,  автор  мен 
оның жақындары үшін қадірлі іске айналды.  
Мемуарлық  шығармашылық  қоршаған  ортадан  оқшауланды:  ешқандай  көпшілік  сипат  алмады, 
əулет ортасынан алысқа мəлім болмады, халыққа жетпеді. Бұл дəуірде ешқандай қолжазба мемуарлардың 
таралғаны  я  жарияланғаны    туралы  тəжірибе  кездеспейді.  Яғни,  көзі  тірісінде,  оның  ішінде  автордың 
қатысуымен  мемуардың  басылуы  сол  кездегі  орыс  мəдениеті  дəстүрінде  орын  алмады.  Яғни,  тұтас  жүз 
жылға созылған мемуаристиканың бастапқы жағдайы осындай еді.  
XIX  ғасырда  болған  орасан  үлкен  өзгерістер,  Ресейдің  еуропалық  аренадағы,  əлеуметтік-саяси 
қатынастағы,  идеологиядағы  жағдайы, білім  мен  кітап  шығару  саласындағы табыстары,  ағымдық-қоғам-
дық  өмірдің  күрделенуі  жəне  жаңаруы  осылардың  бəрі  тұлғаның  рухани  белсенділігіне,  тарихи  өзіндік 
сананың  қозғалысына,  оның  ар  жағында  мемуарлық  шығарманың  мақсатына  əсер  етпей  қалған  жоқ. 
Алдыңғы орынға қазіргі жағдайдағы қоғамдық өмірге деген неғұрлым жаңа көзқарас шығып, мемуарлар 
жариялылық сипат иеленіп, жарық көре бастады. Осының бəрі мемуаристиканың публицистикалық баста-
уының күшейіп, оның қоғамдық-əдеби қозғалыстың ағымына ілесуін туғызды. Алдымен одан жанды, оқу-
ға  қызғылықты  материалды  көрді.  Олар:  əдеби,  публицистикалық,  тəрбиелік,  азаматтық-адамгершілік 
сипатта болды.  
Мұндай  өркендеудегі  алғашқы  қозғалыстар  XIX ғасырдың  бастапқы  жылдарында,  дəуірдің 
мəдени ахуалы мен тұлғаның тарихты тану сезімінде өзгерістер туған мезетте байқала бастады. Осы кезде 
оқырман көпшілікке арналған ірі мемуарлық-өмірбаяндық баяндаулар жазылды да, мемуаристердің өздері 
олардың “қоғамдық сипат” алып, неғұрлым кең таралуыларына күш салды.  
Мемуаристиканың  сол  заманғы  баспа  мен  қоғамдық  өмірге  жақындау  процесінде  маңызды  роль 
атқарып, Ресейдегі мемуаристиканың  дамуына айтарлықтай қоғалыс берген  1812 жыл  болды. Əсіресе, 
соғыстан кейінгі 25-30 жылдары мемуардың дамуы ересен күш алды. Одан кейінгі он жыл ішінде “сауда”, 
кітап  шығару  мен  баспа  ісіне  буржуазиялық  кəсіпкерліктің  енуі  кезінде  мемуаристика  қосымша  қолдау 
(стимул)  алып,  оның  басылуы  тұрақты  сипат  иеленеді.  Осының  нəтижесінде  мемуардың  жариялануы 
авторлардың көзі тірісінде, олардың белсенді араласуымен  басыла бастайды. Енді мемуарлар неғұрлым 
белгілі  мерзімді  басылымдарда,  соның  ішінде  газет  нұсқасында,  тарихи  журналдарда    да  жарық  көре 
бастайды.  Сонымен  мемуаристің  “авторлық  өзіндік  санасы”  деген  сол  уақыт  үшін  жаңа  құбылыс  пайда 
болады.  Енді  мемуаристер  өздерін  толыққанды  əдеби  өмірдің  белсенді  қатысушылары  ретінде  сезіне 
бастады.  Мəселен, XVIII ғасырда  күнделік  жүргізу  немесе  естелік  жазу  ісі  жария  бола  бермейтін.  Осы 
дəуірдегі  мемуарлық  ескерткіштері XIX ғасырдың  алғашқы  он  жылында  ғана  баспа  бетін  көргені,  ал 
біршама бөлігі реформа уақытында басылғаны белгілі болды.  
Сонымен,  мемуаристиканың  жариялылығы  бірден  жүзеге  аспаған  екен.  Ол  үшін  мемуарлық 
туындылар  ұзақ  жанрлық  дамуды  бастан  кешкен.  Мемуар  оқырман  көпшіліктің  қолына  тиіп,  əр  түрлі 
басылымдарда жариялана бастағаннан кейін-ақ, автордың жеке ісі болудан қалады. Ол енді рухани өмір-
дің  қоғамдық  құбылысына  айналады.  Осыдан  кейін  ғана  мемуарист-публицистің  тұлғасы  əйгіленіп, 
мемуарлар  əдеби  процеске  ене  бастайды  да,  көркемдік-стилистикалық  ағым  мен  дəуірдің  эстетикалық 
болмысында өз ізін қалдырады. XIX ғасырдың екінші ширегінде тарихилыққа деген қызығушылық өсіп, 
оның принциптері ақыл-ой қызметінде орныға бастаған кезде, мемуар қоғамның тарихи санасының бөлін-
бейтін  бөлшегіне  айналды.  Осыдан  келіп  мемуарлық  шығармашылықтың  жаңа  пайымдағы  əлеуметтік 

 
66
белгісі келіп шығады: мемуар елдің, халықтың, мемлекеттің тарихи қозғалысындағы кезеңдік мəнді құбы-
лысқа айналды. Осының ізінше мемуарлық туындының құндылығы, яғни, қоғамның өткен тарихты тануға 
деген  ықыласы  туындайды.  Бір  жағынан  алғанда,  мемуарлық  шығармалардың  “жасырын  эволюциясы” 
оларды  жалпы  қоғамдық  мойындаудан  аулақтатып, “канондық”  үлгінің  болмауы,  өзінен  алдыңғылардан 
үйрену  мүмкіндігінің  шектеулігімен  ерекшеленгені  мəлім.  Жалпы  алғанда,  күнделік  пен  естеліктердің 
тууы  имманентті,  сабақтастықтан  ада  болып,  авторлар  бір-бірін  білмейтіндей,  белгісіздік  жағдайында 
болды.  Сөйтіп,  əр  кезде  мемуарлық  шығармалар  жаңадан  туғандай  əсер  беріп,  бұл  оның  даму 
жылдамдығына кедергі жасады. Яғни, жанрдың туып, қалыптасуы тұйықталған шеңбер жағдайына өтті.  
XX  ғасырдың  басы,  яғни 1917 жылдардың  катаклизмі  мен  одан  кейінгі  жылдар  Ресейдегі 
мемуарлық  дамудың  жемісті  тенденциясын  үзді.  Өзінің  саяси  қуғын-сүргінімен,  идеологиялық  шектеу-
лігімен, күштеу мен белгілі тұлғаларды қоғамнан оқшаулауымен келген тоталитарлық нəубет мемуарлық 
шығармашылықтың  аясын  айтарлықтай  тарылтты.  Əрине,  осындай  қыспақты  кезеңде  де  естеліктер  мен 
күнделіктер  жазылды.  Алайда,  олар  неғұрлым  аз  болды,  екіншіден  тек  “өзі  үшін”  ғана  жазылды  немесе 
жат  көздерден  алыста  жасырылды.  Естеліктердің  жариялануы  қатаң  цензуралық-редакторлық  қысымнан 
өтті. 1920-1930 жылдарға  дейін  біршама  жақын  арада  жазылған  мемуарлар  жариялануға  жіберілді. 
Мəселен,  Ресейдегі  төңкерістік  қозғалысқа  қатысушылардың  естеліктері  жарияланды  да,  кейіннен  олар 
мүлдем  тоқтатылды.  Осылайша  биліктің  қоғамның  тарихи  жадын  өшіруге  ұмтылуы  мемуаристиканың 
жарияланымдық қызметін ұзақ мерзімге үзуіне əкелді.  
Жалпы,  мемуарлар  зерттеушілердің  назарын  өткеннің  елесі,  тарихтан  жететін  ақпарат  ретінде 
ертеден  аударып  келеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде  отандық  историография  бағытында  мол  тəжірибе 
орнықты. Сол сияқты мемуардың əр түрлі нұсқаларын, мəтіндерін салыстырып, стилистикасын анықтап, 
тарихи  мəліметтерді  жеке  жəне  ресми  деректермен  салғастыру,  нақтылау  жүргізілді.  Мемуардың 
тууындағы  дата,  атрибуция,  туу  жағдайы,  автордың  оқиғаға  қатыстылығы,  оның  өмірбаяны,  əлеуметтік 
мəртебесі,  тұрмыстық  қатынасы  т.б.  мəселелерді  біз  неғұрлым  терең  қарастыра  алсақ,  соғұрлым  ондағы 
өткен дəуір туралы мəліметтерді терең əрі нақты ала аламыз. Өз кезінде зерттеуші Н.Эйдельман: “Ресей 
көп еске алады, яғни көп ойланады. Осыдан келіп өз-өзін терең тани бастады да өзін  еркін сезіне алды”, -
деп жазған [4,340-б.]. Ендеше, мемуар өткен мен бүгінгінің арасын жақындатып отыратын əдеби-мəдени 
құбылыс болмақ.        
 
1. Вопросы литературы. № 1-2. - М., 1999.  
2.  Эйхенбаум Б.М. О прозе. О поэзии. Сборник статей. - Л., 1986.   
3. Гинзбург Л. О психологической прозе. -Л., 1971.           
4. Эйдельман Н. Из потаенной истории России XVIII-XIX веков. - М., 1993.     
 Резюме 
   В статье рассматриваются этапы формирования и развития русской мемуаристики.  
 
Summary 
    The article analyzed  step formation and development of Russian memorial 
      
 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал