Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет32/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

               УДК 80/81 
ШЕШЕННІҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ 
 
А.Ш. Нұрмағамбетова– 
Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура және PhD докторантура институты   
2-курс магистранты 
 
Аңдатпа:  Мақалада    шешендіктің  құрамдас  бөлігі  ретінде  мәдениетті  сөйлеудің  ұстанымдары,  талаптары 
сараланып,  оларды  қолдану  тәжірибесі  сипатталған.  Сондай-ақ  сөйлеу  мәдениетіне  ерекше  көңіл  бөлген  
зерттеушілер  туралы  жазылады.  Сөз  дұрыстығы,  сөз  дәлдігі,  сөз  логикалылығы,    сөз  мәнерлілігі,  сөздің 
орындылығы жайында әрқайсысына  анықтамалар берілді.  
Сөйлеу  мәдениеті  құралдарының  мәдениетті  сөз  саптаудағы  орны  талдап  көрсетілді.  Сөйлеу  мәдениетіне 
тәрбилеудің ұстанымдары туралы жазылған. 
Тірек  сөздер:    Шешен  сөйлеу,  сөз  дұрыстығы,  сөз  дәлдігі,  сөз  логикалылығы,    сөз  мәнерлілігі,  сөздің 
орындылығы. 
  Аннотация:  В  статье  неотъемлемой  частью  риторики  является  требования  культурной  речи  и 
использования ее в практике. А так же говорится об исследованиях,  в которых  уделены  вниманию культуре 
речи. Было дано определение терминам «правильность»,«точность»,«логика»и «искусство  слова». Исследована 
и показана  культура слова, как основа культуры речи. 
Ключевые слова: Искусство речи, правильность речи, логика  речи, точность речи. 
 Abstract:In  the  article  integral  of    rhetoric    are    cultural  reguirements  of  speech  and  using  it  in  practice.  It  said  
about research  which paid attention to cultural speech. 
It gives the definition of  «correctness»,  «accuracy», «logic»  and the art of word. The culture of word was explored 
and showed as the basis of culture of speech. 
Key words : The act of speech, correctness of speech, logic of speech, accuracy of speech. 
 
Әрбір  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуының  негізгі  және  басты  белгісі  –  тіл.  Тіл  қарым-қатынас 
құралы қызметін атқара отырып, халық мәдениетінің айнасы болып келеді және солай бола бермек. 
Тілші  ғалымдардың  тілдің  дамуы  үшін,  оның  ең  алдымен  қоғамның  барлық  өміріне  қатысты 
жұмсалуымен  қатар  ұлт  тілінің  таза,  дұрыс,  анық,  сауатты  болуына  мән  бере  қараған  еңбектері 
баршылық.  Тіл  ғылымының  негізін  салған,  қазақ  әдебиеті  мен  өмірінің  көрнекті  қайраткері 
А.Байтұрсынұлының  20  жылдардың  өзінде–ақ  тұңғыш  рет  сөз  мәдениетін  екі  сатыға  бөліп 
қарайтынын анық аңғарамыз: 
Біріншісі  –  сөз  дұрыстығы  (сөз  тұлғасын  өзгертудегі  түрлі  жұрнақ  жалғауларды  өз  орнында 
қолдану, сөйлем ішіндегі сөздерді дұрыс байланыстыру); 
Екіншісі – сөз бедері (сөзді анық, таза дәл айту, талғап қолдану) [1]. 
Сөйлеу  мәдениетіне  ерекше  көңіл  бөле  зерттеген  профессор  М.Балақаев  оған  «Тіл  мәдениеті 
дегеніміз  –  сөйлеудегі,  жазудағы  сыпайылық,  ізеттілік  қана  емес,  сонымен  қатар  айқын  ойлылық, 
сөзді  дәл  айту  шеберлігі,  сөйлеу  мәнеріне  шыныққандық,  сауаттылық»[2,4.].  деп  анықтама  береді. 
Сондай-ақ  ғалым  сөйлеуде,  жазуда  кездесетін  кемшіліктерге  орфографиялық,  орфоэпиялық  және 
стильдік қателерді жатқызады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
190 
Тілші  ғалым  И.Қ.Ұйықбаевтың  «Тіл  мәдениетінің  кейбір  мәселелері»  атты  еңбегінде  сөйлеу 
мәдениеті үшін екі түрлі басты мәселені қарастыратыны нақтылана түседі. «Дұрыс сөйлеу мен жазу 
үлкен өнер, зор мәдениет. Бұл ана тілін жете меңгеріп, оны қолдана білудің мәдениеті» [3,5.]. 
1920-1970 жылдары орыс сөз мәдениеті деп аталатын лингвистикалық пәннің дамуына айырықша 
ықпал  еткен  Л.В.Щерба,  В.В.Виноградов,  В.И.Чернышев,  Г.О.Винокур,  т.б.көрнекті  ғалымдардың 
еңбектері,  сондай-ақ  одан  кейінгі  жылдардағы  монографиялық  зерттеулердегі  тұжырымдар  жалпы 
сөз мәдениеті туралы ілімнің ғылыми теориялық базасын кеңейте, тереңдете түсті. 
Сөз  мәдениетінің  коммуникативтік  аспектілері  В.Г.Костомаров,  А.А.Леонтьев,  Б.Н.Головин 
еңбектерінде теориялық тұрғыдан негізделе түсті. Ал қазақ тіл білімінде өз мәдениетінің теориялық 
және  жекелеген  мәселелері  60-жылдардан  бастап  жүйелі  түрде  зерттеле  бастады.  М.Балақаев, 
Р.Сыздықова,  Ө.Айтбаев,  Қ.Нұрмұқанов,  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  сөз  мәдениетінің  негізгі 
өзекті мәселелері әр қырынан қаралды. 
Аталған  зерттеушілердің  еңбектерінде  сөз  мәдениетінің  негізгі  ұғымдарының  мағынасы 
анықталған:  
Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Тіл тазалығы дейтініміз – дейді А. Байтұрсынов – ана 
тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескі сөздерге жоламау, жаңа сөздерден қашу. 
Таза  сөйлеу  дегеніміз  –  сол  тілдің  жалпыға  ортақ  байлықтарын  пайдаланып,  «бөгде»  сөздерді 
араластырмай сөйлеу дейді.  
Тіл  тазалығын  сақтамау  дегенде  жеке    адамдардың  шетелдік    сөздерді  әсіресе  орыс  сөздерін 
орынсыз  қолдануын  айтады.  Керегі  жоқ  жерде  жөн-жосынсыз  өзге  тілдің  сөздерін  пайдалану,  өзге 
тілдің грамматикалық құрылысын сақтап, сөйлеу тілді түсініксіз етеді. Мысалы понимаешь, так, ну, 
значит т.б. тәрізді шетелдік сөздерді қосып айту тілдегі орашолақтық, шалалық ой жүдеулігі болып 
табылады. Сөзі шала кісінің ойы да күңгірт болады. Б. Майлин бір өлеңінде: 
 
Значит, так сказать, нақыл болды 
 
Жел  қайдан  шықса,  соған  жақын  болды,  -  деп  орысша  мен  қазақшаны  араластырып 
сөйлегендерді сынаған. 
Тіл  тазалығы  керек  емес,  басы  артық  сөздерді  қыстырып  сөйлеуден  де  бұзылады.  Сөйтіп,  солай 
етіп,  кетіп,  жаңағы,  міне,  сосын,  құсап  тәрізді  қыстырма  сөздерді  қолдану  сөйлеуші  тілін 
кедейлендіреді,  тыңдаушыларын  мезі  қылады,  шешенді  күлкіге  ұшырытады.  Сөйлеу  тілінде 
қыстырма  сөздер  сөйлеушінің  қысылып-қымтырылғанымен,  ойын  дұрыс  жеткізе  алмаудан,  сөздік 
қорының  аздығынан  келіп  туындайды.  Тіл  тазалығын  ойлау  шешеннің  сөйлеу  әрекетінің  санасын 
көтереді. 
Белгілі  бір  топ  арасында  (оқушылар,  студенттер  т.  б.)  ғана  қолданылатын  жаргон  сөздер  де  тіл 
мәдениетіне кесел келтіреді.  Адамдар  тіпті  тұрмыстық,  қарым-қатынаста  сөйлегенде де қарапайым, 
дөрекі,  тұрпайы  сөздерді  айтудан  аулақ  болуы  керек.  Сөйлеуші  адамдардың  ой-өрісінің  кеңдігі, 
салиқалы, сауаттылығы сөйлеу тілінен аңғарылады. 
Сөз  дұрыстығы.  Зерттеушілер  дұрыстықты  жақсы  сөздің,  сөйлеудің  аса  маңызды  қасиеті  деп 
таниды. әлі күнге дейін тіл мәдениетін кең мағынасында түсінілетін дұрыстыққа балайды. Дұрыстық, 
шындығында да, сөздің коммуникативтік қасиеттері жүйесінде ерекше орын алады. Дұрыстық сөздің 
негізгі құрылымдық  қасиеті  болып  табылады. Дәл  осы  қасиет, сөз  бен  тілді  байланыстыра  отырып, 
оның (сөздің) тілдік жүйеге және нормаға сәйкестігін (немесе сәйкессіздігін) анықтай отырып, сөздің 
тұтастығын, оның өзара түсініктілігін (взаимопонимаемость) қамтамасыз етеді. Дұрыстық дәлдіктің, 
логикалықтың,  түсініктіліктің,  әсерліліктің  негізі,  олардың  құрылымдық  алғы  шарты  ретінде 
көрінеді. 
Дұрыстықтың  нормамен  арақатынасын  зерттеушілердің  барлығы  мойындайды.  Б.Н.Головиннің 
оқулығында сөз дұрыстығы «оның тілдік құрылымының қолданыстағы тілдік нормаларға сәйкестігі» 
ретінде анықталған [4,40 б]. Ғылыми әдебиетте норманың өзіне әр түрлі анықтама берілетіндігін еске 
түсірсек, дұрыстықты нормаға сәйкестік деп анықтау аз, жеткіліксіз болады.  
Дұрыстық (дұрыс еместік) – сөздің жалпы, универсал қасиеті. Ол сөз табиғатымен, сөздің тілмен 
байланысы  сипатымен  анықталатын  болғандықтан  үнемі  саналы  түрде  немесе  санадан  тыс  өмір 
сүреді. Сөз тілдік материалдан (бірліктерден) және сол тіл заңдары бойынша құрылады, алайда оны 
әрбір  сөйлеуші  өзінше  жеке  түрде  құрайды.  Әр  сөйлеушінің  тілді,  оның  жүйесін  білу  дәрежесі  әр 
түрлі болады, сондықтан ол өз сөзінде тілдік заңдарды сақтауы мүмкін немесе бұзуы, одан ауытқуы 
да  мүмкін.  Кез  келген  сөйлеу  туындысы  әйтеуір  бір  қатынаста  тілге  –  оның  заңдарына  қатысты 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
191 
құрылады, яғни кез келген сөз не дұрыс, не дұрыс емес болады. Жалпы алғанда дұрыстық дегеніміз – 
сөздің құрылымының, ұйымдасуының тіл жүйесіне сәйкестігі.  
Сөз  байлығы  дегеніміз  –  дәлдік  және  мәнерлілік  сияқты  сөйлеу  қасиеттерінің  құрылымдық 
алғышарты  болып  табылады.  Сөздің  өзге  коммуникативтік  қасиеттері  сияқты,  байлығы  да  сөйлеу 
құрылымына  кіретін  барлық  бірліктердің  тілдік  жүйенің  барлық  деңгейі  бірліктерінің  өзара 
әрекеттестігі арқылы жасалады. 
Сөз  дәлдігі.  Дәлдік  дегеніміз  –  сөздің  аса  маңызды  функционалдық  қасиеті.  Ол  сөзді  оның 
мазмұны жағынан сипаттайды. Сөз дәлдігі немесе дәлсіздігі туралы айтқанда сөз семаниткасы белгілі 
бір ақиқат, шындық туралы ақпаратты қалай (толық па, толық емес пе, жақсы ма, жаман ба, біркелкі 
ме, жоқ әр алуан түрде ме) жеткізіп тұрғандығын түсінеміз.  
Бұл қасиеттің мәнін түсіну үшін мәтін мағынасы (смысл текста) және сөз семантикасы ұтымдарын 
теориялық және практикалық тұрғыдан ажырата білу керек. Бұларды тілдік бірліктердің, яғни сөйлеу 
бірліктерінің жиынтық семантикасы ретінде қарастыруымыз керек. 
Сөз логикалылығы. Функционалдық қасиет ретінде қарастырылатын логикалықтың дәлділікпен 
ортақ  тұстары  өте  көп.  Дәлдік  сияқты  логикалық  та  ақиқатпен  және  ойлаумен  байланыс  негізінде 
қалыптасады. Соған сәйкес оның заттық логикалық және ұғымдық логикалық деген түрлері болады. 
Дәлдік,  сөздік  таңбалар  мен  олардың  ара  қатынасы  арқылы,  сөз  семантикасын  мәтін  мазмұнымен 
байланыстырады.  Ал  логикалық  болса,  сөйлеу  семантикасының  өзін  емес  оның  құрылымын 
сипаттайды. Тілдік бірліктердің сөз құрылымында бір-бірімен жалғасу ұласу сипатын көрсетеді. Бұл 
байланыстарды  ол  не  ақиқат  шындықтағы  байланыстармен,  не  ой  компоненттерінің  арасындағы 
байланыстарымен  салыстыра  отырып  қарастырады.  Осылайшы  дәлдік  пен  логикалылық  өзара 
әрекеттесе,  бірін-бірі  толықтыра  отырып,  сөздің  тұтас  алғандағы  мағыналық  мазмұндық  жағын 
сипаттайды. 
Логикалылықтың  коммуникативтік қасиеттер жүйесіндегі орны дәлдіктің орнымен ұқсас. 
Логикалық дәлдікпен бірге түсініктілік және әсерлілік қасиеттерінің құралуына база, негіз болып 
табылады.  Егер  сөйлеу  логикалылығының  сипаты  мен  дәрежесі  қарым-қатынас  ситуациясына  сай 
келсе, онда сөз орынды болып табылады. 
Сөз  мәнерлілігі.  Бұл  коммуникативтік  қасиетті  сипаттағанда  мына  жағдайларды  атап  көрсету 
керек.  1.  мәнерлілік  дегеніміз  –  сөздің  функционалдық  қасиеттерінің  бірі.  Оның  өмір  сүруі  сөз 
табиғатымен  оның  функцияларымен  және  оны  адам  санасының  қабылдау  ерекшеліктерімен 
уәжделеген. Мәнерлілік сөз бен сананың арақатынасы негізінде пайда болады [4,27].  
Сөз  өзінің      мазмұнды  құрастыру,  қалыптастыру  және  жеткізу  сияқты  негізгі  қызметін  дұрыс, 
жақсы  атқару  үшін  үнемі  тыңдаушының  немесе  оқырманның  көңілін  аударып,  қызығушылығын 
арттырып  отыратын  құрылымға  ие  болуы  керек.  Осыдан  келіп  мәнерліліктің  мынадай  анықтамасы 
шығады.  Сөз  мәнерлілігі    дегеніміз  –  оның  құрылымында  болатын  тыңдаушының  немесе 
оқырманның  көңілін,  қызығушылығын  үнемі  сақтап,  арттырып  отыратын  ерекшеліктер.  Осыған 
сәйкес аталған  қасиеттерге ие болатын сөз – мәнерлі сөз деп аталады [4,186]. 
Сөздің дұрыстық және байлыық сияқты құрылымдық қасиеттері мәнерлілікке негіз бола алады. Ал 
мәнерліліктің  өзі  түсініктілік  (доступность)  және  әсерлілік  сияқты  функционалдық  қасиеттерге 
жағдай  жасайды,  яғни  соларға  шарт  болады.  Мәнерлілік  қасиеті  мақсатқа  сәйкестілік  арқылы 
реттеліп отырады. 
Сөздің орындылығы. Сөз орындылығының коммуникативтік қасиеттер жүйесіндегі орнын және 
айрықша  функционалдық  маңыздылығын  түсінудің  мәні  өте  зор.  Бұл  да  функционалдық  қасиет 
болып  саналады,  бірақ  дәлдік,  логикалық  және  мәнерлілік  сияқты  бірінші  деңгей  қасиеттерінен 
жоғары  тұрады. Бұл  үш  қасиеттің  өзі  осы  орындылық  (уместность)арқылы  реттеліп  отырады.  Яғни 
сөз  орындылығы  анағұрлым  жоғары  деңгейдегі  қасиет  болып  табылады.  Сөзді  қарым-қатынастың 
нақты  жағдайларымен  байланыстыра  отырып,  сөз  орындылығы  осы  коммуникативтік  қасиеттердің 
әрбірінің  функционалдық  белсенділігін  реттейді.  Бұлардың  сөйлеудің  әр  түрлі  типтеріндегі,  яғни 
стильдеріндегі  және  әр  түрлі  нақты  сөйлеу  туындыларындағы  нерархиясын  анықтайды. 
Коммуникативтік  қасиеттердің  функционалдық  варианттарын  таңдауды  және  олардың  жасалу 
құралдарын  реттейді.  Орындылықтың  өзге  коммуникативтік  қасиеттерге  қатынасын  кесте  түрінде 
былайша көрсетуге болады. 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
192 
Зерттеуші  Қ.Айтмұхаметова  сөйлеу  мәдениетінің  бұл  ұғымдарының  орнын  төмендегідей 
орналастыруды ұсынады [5]:  
 
 
 
 
Сөздің коммуникативтік қасиеттері 
 
құрылымдық 
 
функционалдық 
 
 
   
 
дұрыстық 
тазалық 
байлық               
2. түсініктілік, әсерлілік 
 
 
    Кестеден  байқағанымыздай,  орындылық  коммуникативтік  бүкіл  өзге  қасиеттерін  реттеп 
отыратын  анағұрлым  кең,  маңызды  қасиеті  болып  табылады.  Сөз  орындылығы  мен  мәтін 
орындылығын  ажырата  білу  керек.  Сөз  орындылығы  –  мәтіннің  формасы  ретінде  –  мәтін 
орындылығының  бір  шарты  болып  табылады.  Сөз  орындылығы  дегеніміз  –  адамның  сөйлеу 
мәдениетінің    көрінісі  және  нәтижесі.  Ал  мәтін  орындылығы  дегеніміз  –  сөйлеу  тәртібінің  немесе 
сөйлеу  мінез  құлқы  мәдениетінің  көрінісі  және  нәтижесі  болып  табылады.  Мысалы,  «аңдамай 
сөйлеген  ауырмай  өледі»  деген  мақал  дәл  осы  мәтін  орындылығын  сипаттайды,  яғни  мұнда  әңгіме 
сөз орындылығы емес, мәтін орындылығы болып отыр. 
 Қорыта  айтқанда,  зерттеуші  –  ғалымдардың  берген  анықтамаларын  саралай  отырып,  өз 
зерттеуімізде  шешен  сөйлеу  мәдениеті  –  оқыту  үрдісінде,  отбасында,  адамдардың  өзара  қарым-
қатынасы  негізінде  жазбаша  және  ауызша  тілді  игеру  деңгейі.  Ойды  түсінікті,  дәл,  әсерлі  әрі  тіл 
тазалығын сақтай жеткізе білу дегенді айтамыз.  
 
1.
 
Байтұрсынов  А.шығармалары:  Өлеңдер,  аудармалар,  зерттеулер.  (құрастырған    Шәріпов.Ә.,  
Дәуітов.С.) – Алматы: Жазушы, 1989. 
2.
 
Балақаев М. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. – Алматы: Қазақстан, 1965. 
3.
 
Ұйқыбаев И.Қ. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері. – Алматы, 1969. 
4.
 
Головин Б.Н.  Основы культуры речи. – Москва: Высшая школа,1980. 
5.
 
Айтмұхамбетова Қ. Сөздің коммуникативтік қасиеттері.//Тілтаным  2001.- №4.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
о 
р 
ы 
н 
д 
ы 
л 
ы 
қ 
1. дәлдік, логикалық, мәнерлік 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
193 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 778.5.01 (014) 
ББК 85.374 (3) 
КИНО ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ: СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР-I 
 
Ергебеков М. - 
Газиантеп университетінің ассистент – профессоры, PhD., 
Газиаптеп қ., Түркия Республикасы 
 
Аңдатпа: Кино теориясы саласы философия және қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар саласының даму тарихымен 
бірге дамыды. ХХ ғасырдың 60-жылдары «Кинотану» ғылыми дисциплина ретінде қалыптасуы кино теориясының 
өзіндік алтын дәуірін бастан өткеруіне себеп болды. Бұл кезең “Метц-Альтюссер-Лакан парадигмалық кезеңі” деп те 
аталуда.  Алайда  бұл оңтайлы  құбылыс Батыс  елдерінде  басталды.  Кеңестер Одағы  бұл  құбылысқа өз үлесін  қоса 
алмаумен бірге, өз еншісін ала алмады. Өйткені идеология мен көрермен рецепциясы зерттеулері, кино семиотикасы 
және  психоанализ  Кеңестік  саяси  идеология  тұрғысынан  “қауіпті”  деп  бағаланған  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдай  тек 
қана  кинотану  саласында  емес,  сонымен  қатар  қоғамдық-әлеуметтік  және  гуманитарлық  ғылымдардың  барлық 
салаларына  тән  еді.  Ролан  Барт,  Клод  Леви-Стросс,  Жак  Лакан,  Мишель  Фуко,  Жак  Деррида  сынды  заманауи 
батыстық  философияның  ең  маңызды  ойшылдарының  еңбектерінің  көбі  КСРО  тарағаннан  кейін  орыс  тіліне 
аударылып, осы ойшылдар туралы еңбектер жарық көре бастады.  
Бұл мақала Батыстағы заманауи философиялық ойлаудың дамуы және мұнымен қатар кино теориясы тарихының 
негізгі жолдары туралы. Бұл ғылыми еңбек сонымен қатар Қазақстандағы кинотану саласын дамуды жетілдіру үшін 
ұсыныстар жасап, кино теориясы пәнінің мазмұнынына пікірталасқа шақырады. 
Тірек сөздер: Кино теориясы, кинотану, кино семиотикасы, кино және психоанализ, кино сыны. 
Аннотация: Развитие теории кино происходило параллельно развитию в области философии и социальных наук. 
С середины 1960-х годов вместе с выделением киноведения в отдельную научную дисциплину, начинается золотой 
век  для  теории  кино.  Этот  период  также  известен  под  названием  парадигмой  Метца-Альтюссера-Лакана.  Тем  не 
менее, эти события происходили на Западе, и, в Советском Союзе не было возможности следовать за развитием этих 
событий. Потому что, исследования в области рецепции идеологии и аудитории, кино семиотики и психоанализа, 
скорее всего, считались опасными советскими чиновниками. И, эта ситуация относится не только к киноведению. 
Такое  же  явление  можно  увидеть  во  всех  социальных  и  гуманитарных  науках.  Почти  все  важные  мыслители 
современной западной философии, такие как Теодор В. Адорно, Вальтер Беньямин, Ролан Барт, Клод Леви-Стросс, 
Жак Лакан, Мишель Фуко, Жак Деррида и другие, были переведены на русский язык или стали предметом научной 
дискуссии только после распада СССР. 
В  этой  статье  изложены  основы  интеллектуального  развития  на  Западе  и  история  теории  кино,  которая 
развивалась  параллельно  этому  развитию.  Автор  данной  статьи,  полагает,  что  казахстанским  киноведам, 
преследующих  цель  развития  сферы  кино  теории  в  Казахстане,  следует  придерживаться  концептуальных  основ, 
развитых западными теоретиками. Кроме того, данная статья подчеркивает необходимость внедрения в курсы кино 
теории,  преподаваемых  в  отечественных  университетах,  и  которые  в  основном  своем  орентированы  только  на 
эстетические и классические теории кино, специального раздела о развитии кино теории на Западе. 
Ключевые слова: Теория кино, киноведение, семиотика кино, кино и психоанализ, кинокритика.  
Abstract:  Film  theory  is  constantly  being  developed  parallel  to  developments  in  the  field  of  philosophy  and  social 
sciences. Since the mid-1960s, when film studies is acknowledged as a discipline, film theory is living its golden age. This 
period  is  also  referred  as  the  Metz-Althusser-Lacan  paradigm.  However,  these  events  were  experienced  in  the  West.  The 
Soviet  Union  was  not  able  to  follow  these  developments.  Because  research  on  ideology  and  audience,  film  semiotics  and 
psychoanalysis were probably considered as dangerous by Soviet bureaucrats. This does not only apply to film studies; it is 
the  same  in  all  fields  of  social  sciences  and  humanities.  Works  of  almost  all  important  thinkers  of  modern  Western 
philosophy,  such  as  Theodor  W.  Adorno,  Walter  Benjamin,  Roland  Barthes,  Claude  Levi-Strauss,  Jacques  Lacan,  Michel 
Foucault, Jacques Derrida and others, have been translated to Russian or they attained attention only after the collapse of the 
USSR. 
This article is about the intellectual development in the West and the basic features of the history of the film theory, which 
developed  in  relation  to  it.  This  article  proposes  that  as  a  former  Soviet  republic,  independent  Kazakhstan  should  follow 
developments in the film theory of the West mentioned above.  
Keywords: Film theories, film studies, film semiotics, film and psychoanalyses, film critics

 
Қазақстандағы кинотану саласы, қазіргі таңда Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
194 
деп аталатын оқу орнының 1991 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино 
институты  деген  атаумен  1977  жылы  құрылған  Алматы  мемлекеттік  театр  көркемсурет  институтынан 
бөлініп  шығуымен  бірге  бастау  алады.  Әрине,  бұл  оқу  орнынан  бұрын  да  Ұлттық  ғылым  академиясы 
өнертану  институтында  кинотану  саласындағы  зерттеулер  жүргізілді.  Алайда  1991  жылдан  бастап 
аталмыш  сала  бойынша  мамандар  даярлайтын  алғашқы  “Кино  теориясы  мен  тарихы  кафедрасы” 
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында құрылды.  
Бұл  кафедраны  кинотанушы  профессор  Бауыржан  Нөгербек,  Раушан  Оспанова,  Гулнара  Абикеева 
сынды қазақстандық кинотану мектебінің майталмандары құрып, шәкірттерімен бірге бұл сала бойынша 
ғылыми зерттеулер жасап, отандық кинотану мектебінің дамуына үлес қосты. Астанадағы Қазақ ұлттық 
өнер  университетінде  құрылған  өнертану  кафедрасында  да  профессор  Нөгербек  және  оның  шәкірттері 
ғылым кандидаттары Назира Мұқышева мен Инна Смайлованың оқытуымен кинотану саласы бойынша 
мамандар  даярлануда.  Бұл  жағдай,  Қазақстандағы  кино  зерттеулерінің  одан  әрі  жалғасын  табатынына 
деген сенімді арттыруда. 
Сонымен  қатар  Қазақстандық  кинотану  саласының  көптеген  өзекті  мәселелері  бар.  Әсіресе  әлемдік 
кинотану  мен  кино  сыны  саласындағы  ғылыми  зерттеулермен  интеграциялану  үрдісі  өте  баяу  жүруде. 
Ғылыми  кадрлардың  шет  тілдерінен  тек  қана  орыс  тілін  білулері,  олардың  әлемдік  кинотану 
зерттеулерінен жырақ қалуларына себеп болуда. Сондықтан да Қазақстандағы кинотану саласы, Ресейдің 
кино  мектебінің  бір  серігі  болудан  әрі  аса  алмауда.  Ертеңгі  күннің  қазақстандық  кино  зерттеушілері 
болып табылатын жаңа жетіліп келе жатқан магистрантар мен докторанттар  орыс тілінен басқа да шет 
тілдерін білсе де олардың негізгі базалары отандық кино мектебінде немесе ресейлік кино мектептерінде 
жетіліп, қалыптасқаны үшін әлемдік универсалды зерттеулерден бейхабар күйде екені де рас.  
Кинотанушы мамандарды даярлайтын кафедраның атауында да үлкен мәселе бар. Темірбек Жүргенов 
атындағы ұлттық өнер академиясындағы кафедра “кино теориясы мен тарихы” деп аталады. Бұл жерде 
теория мен тарихты бір бірінен бөліп, ажыратып қарауға болатын сықылды көрініс пайда болуда. Кино 
теориясы  мен  тарихы  бір  бірімен  соншалықты  жақын,  тіпті  бірінің  орнын  бірі  ала  алатын  сабақтасып 
жатқан күрделі характерге ие.  Сондықтан да “кино теориясы мен тарихы” кафедрасын немесе ғылыми 
саласын  “кино  зерттеулері”  немесе  “кинотану”  деп  атаған  абзал.  Сонымен  қатар  заманауи  кино 
зерттеулері  немесе  кинотану,  жаңа  медиа  және  теледидар  зерттеулерін  да  қамтитын  шекарасы  кең 
ғылыми  дисциплина.  Жалпылама  айтар  болсақ  кинотану  –  кино  өнерін  коммуникациялық,  саяси-
экономикалық, социологиялық, психологиялық, философиялық, тіпті қоғамдық-мәдени антропологиялық 
ғылымдардың  перспективаларынан  зерттейтін  интердисциплинарлық  ғылыми  сала  болып  табылады. 
Кинотану, сонымен қатар киноға бұқаралық мәдениеттің (mass culture) маңызды бөлшегі деп қарап, өнер 
және коммуникация құралдары арасындағы байланысты да зерттеу нысанына айналдырады. Сондықтан, 
Қазақстанда да қазіргі таңдағы бірқатар әлемдік ғылыми кеңістікте болып жатқан үрдіске сәйкес түрде 
“кино және медиа”, немесе “кино және визуалды өнерлер” сынды кафедралардың ашылуы тиіс.  
Қазақстандағы  кинотану  саласындағы  ең  маңызды  мәселелердің  бірі  де  кинотану  мамандығы 
бойынша берілетін пәндердің мазмұнында бой көрсетуде. Жоғарыда айтылып өтілгендей Қазақстандағы 
кинотану саласы  Ресейлік мектептің бір  серігі халінде жұмыс жасауда.  Сондықтан да кинотану саласы 
бойынша  берілетін  дәрістердің  мазмұны  да  Ресейлік  мектептің  дәрістерінің  мазмұнына  ұқсап  бағуда. 
Ресейлік кино мектебі кино өнерімен практикалық түрде айналысатындар үшін әлемдік кино мектердің 
ішінде  озық  болып  саналады.  Алайда,  дәл  сол  Ресейлік  кино  мектебінің  кинотану  саласы  ғылыми-
әдістемелік  тұрғыдан  айтарлықтай  кемшілікке  толы.  Бұл  кемшіліктер  Қазақстандық  кинотану 
саласынындағы кемшіліктердің тереңдей түсуіне де ықпал етуде.  
Бұл  тек  кинотану  саласының  өзекті  мәселесі  емес,  сонымен  қатар  Кеңестік  қоғамдық-әлеуметтік 
ғылымдарының мәселесі. Кеңестік қоғамдық әлеуметтік ғылымдары әлемдік универсалды көштен қалып 
қойды.  Алексей  Пензиннің  Луи  Алтюссердің  Маркс  үшін  атты  кітабының  2006  жылы  орыс  тіліндегі 
басылымына  байланысты  жазған  кітап  сынындағы  пікірі  осының  айғағы:  “Бұл  кітаптың  жариялануы 
заманауи  батыс  философиясының  рецепциясы  (ұғынысы)  алаңындағы  бос  қуыстарды  толтыратын 
бейтарап  үрдіс  емес.  Бұлай  болғанда  Альтюссермен  бірге  (Ролан  Барт,  Клод  Леви-Стросс,  Жак  Лакан, 
Мишел  Фуко,  Жак  Деррида  және  басқалар)  сынды  өзінің  атақты  пікірлес,  дос-жарандары  және 
оқымыстылардың еңбектері әлдеқайда ерте кезеңде (орыс тіліне аударылып М.Е.) жарияланған болар еді. 
Бұлардың  бәрі  соғыс  жылдарынан  кейінгі  Франциядағы  философиялық  төңкерістің  нағыз  Дантондары 
мен Сен-Жюсттары еді” (Пензин, 2006: 48).  
Әлемдік  практикада  кинотану  мамандығы  бойынша  берілетін  пәндердің  ішіндегі  ең  негізгі  курстың 
бірі “кино теориясы” пәні болып табылады. Бұл пән “кино теориясы мен тарихы” кафедрасы құрылған 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
195 
кезден  бастап  курс  ретінде  оқытылып  келеді.  Алайда,  пәннің  мазмұны  “кино  теориясын”  әлемдік 
универсалды  ғылымда  қарастырылған,  зерттелген  және  толықтырылған  “кино  теориясы”  пәнінен 
әлдеқайда  алыс.  Батыстық  дәстүрде  кино  теориясы  және  жалпы  кинотану  саласы  философиялық 
тұрғыдан  концептуализацияланған  пән  және  мамандық  болып  табылады.  Олай  болса,  аталмыш  пән, 
Қазақстандағыдай – және Ресейдегідей – “кино қалай түсіріледі” деген сұраққа ғана жауап беруді емес, 
сонымен қатар “кино дегеніміз не”, “кинодағы мағына дегеніміз не”, “мағына қалай пайда болады”, “кино 
мен  идеологияның  қандай  байланысы  бар”,  “кинотанудың  философия,  тарих,  психология,  саясаттану, 
тілбілімі  және  коммуникация  ғылымдарымен  қандай  байланыстары  бар”,  “кино  өнерінде  қоғамдық 
гендер қалай ұсынылуда” ж.т.б. сынды сұрақтарға да жауап іздер пән болуы тиіс. Негізінде бұл мәселе 
1970 жылдардың өзінде-ақ байқалып, Кеңестік кинотану саласындағы кемшілік ретінде қаралған болса да 
(қрз.,  Божович,  1972:  225-239),  Кеңестік  кинотану  мектебі  өзіндік  зерттеу  алаңына  деген  ұстанымын 
өзгертпеді.  
Алайда Қазақстан әлемдік кеңістіктен тыс бір мемлекет емес. Ғылыми даму да әлемдік универсалды 
білікке  сүйенеді.  Олай  болса  әсіресе  кенже  қалған  қоғамдық-әлеуметтік  ғылыми  саламызды  әлемдік 
универсалды  дәстүрмен  интеграциялауға  мәжбүрміз.  Бұл  мақаланың  жалпы  мақсаты  әлемдік  “кино 
теориясы”  пәнінің  жалпы  сипатын  беру  болса,  жеке  мақсаты  Қазақстандағы  “кино  теориясы”  пәнін 
оқытуға  универсалды  әдістемені  ендірудің  жолдарын  қарастыру  болып  табалады.  Бұл  мақсаттарды 
ойдағыдай іске асыру үшін кино теориясын өзіндік даму тарихымен түсіндіруге болады. Бұл тарих – бір 
бірінің  үстіне  қаланумен  бірге,  бірін  бірі  трансформациялайтын  пікірлер  мен  көзқарастардың  тарихы. 
Осыған орай бұл мақалада кино теориясының даму тарихын төмендегіше қолға аламын: 
1. Формалисттік мен реалисттік кино теориясы кезеңі 
2. Авторлық кино теориясы кезеңі 
3. Кино теориясының алтын кезеңі 
3.1. Тіл білімі мен семиотиканың кино теориясына ықпалы 
3.2. Психоанализ және кино теориясы 
3.3. Марксист кино теориясы 
3.4. Феминист кино теориясы 
4. Заманауи кино теориясы кезеңі 
Кино  теориясының  даму  тарихын  білместен  заманауи  кино  теориясындағы  ілгерілеулерге  ілесу 
мүмкін  емес.  Өйткені  қазіргі  заманғы  киноның  өнер  ретіндегі,  мәдениет  ретіндегі  және  индустрия 
ретіндегі  жағдайы  өте  өзгеше.  Өйткені  кино,  әрдайым  және  әр  кезеңде  бір  қарсыластыққа  ұшырап 
отырған  өнер.  Алдымен  теледидар,  сонан  кейін  видео,  “қарақшы”  DVDлер  сынды  қауіптермен 
суреттелетін бұл қарсыластық, түсірілген фильм саны мен кинозалдардағы көрермен санының қайғылы 
түрде  азаюына  себеп  болды.  Мұның  салдарынан  кейбір  зерттеушілер  кино  өнерінің  жойылғанын 
жариялауда.  Мысалы  20-ғасырдың  өнері  болып  табылатын  кинематографтың  ғасырдың  соңында 
декаденттік  өнерге  айналғанын  алға  тартқан  зерттеуші  Сюзан  Зонтаг,  “киносүйерліктің  жойылғанына 
қарағанда, кино да жойылды” (Қрз., Sontag, 1996) деген жорамалын жасайды. 
Осындай бір жағдайда, кино теорияларына баға беру және қазіргі таңдағы кинотанудың рөлін мәселе 
етіп  көтеру  соншалықты  қиын  жұмыс.  Өйткені  кейбір  зерттеушілер  кино  теорияларының  да  соңының 
келгенін  жариялап,  “пост-теориялық”  кезең  туралы  айта  бастады  (Gürata,  2010:  60).  Алайда  кино 
теориясының неліктен бұл жағдайға душар болғанын түсінуіміз үшін кино теорияларын тарихи тұрғыдан 
бағалауға  тиіспіз.  Сонда  ғана  қоғамдық-әлеуметтік  ғылымдардың  көптеген  алаңында  болғаны  сынды, 
теориялардың  қаншалықты  рөлінің  болғаны  сұралған  заманауи  кезеңнің  жағдайын  түсіне  алатын 
боламыз. Кинотанушы, профессор Ахмет Гүратаның да айтып өткеніндей: “Теория дегеніміз – көптеген 
адамдардың  ойлайтындай  –  нағыз  өмірмен  байланысы  жоқ  және  құндылығы  өзіне  тән  анықтамалар 
топтамасы  емес,  белгілі  бір  тақырыпты  түсінуге  және  түсіндіруге  тырысқан  гипотезалар  жиынтығы 
екенін айтып өткен жөн. Теорияға бұл тұрғыдан қарар болсақ, оның функциясының да әлдеқайта түсінікті 
боларын байқар едік” (Gürata, 2010: 60).  

1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал