Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет31/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Кілт сөздер:Қытай тілі, иероглиф, диалект, фонетика, лексика, грамматика. 
Аннотация:В  последние  годы  китайское  правительство  уделяет  все  большое  внимание  улучшению 
преподавания  китйского языка  иностранцам. Поэтому  .в  процессе  исследования особенностей китайского  языка  в 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
184 
первую  очередь  нужно  уделить  большое  внимание  изучению  языка  с  основ  образования  китайских  иероглифов. 
Также  в  статье  рассматриваются  особенности  китайского  языка,  методика  преподавания  китайского  языка  для 
иностранных студентов. 
 Резюме :В статье рассматриваются особенности китайского языка, методика преподавания китайского языка для 
иностранных студентов 
Ключевые словакитайский язык, иероглиф, диалект, фонетика, тон, лексика, грамматика.  
Abstract:In recent years the Chinese government pays muchattention to improvement of teaching the Chinese languages 
to foreigners.Therefore, in the studies of the Chinese language in the first place one need to pay more attention to language 
learning  with  the  basics  of  Chinese  hieroglyph.The  article  also  discusses  the  features  of  the  Chinese  language,  Chinese 
language teaching methodology for foreign students. 
Keywords: Chinese, character, dialect, phonetics, tone, vocabulary and grammar. 
Summary  
The  article  also  discusses  the  features  of  the  Chinese  language,  Chinese  language  teaching  methodology  for  foreign 
students. 
 
Жер  бетінде  3  мыңнан  астам  тіл  бар.  Әрбір  халықтың  тілі  арқылы  сол  халықтың  өмірінің  рухани 
қазынасын,  мәдениетін  білуге  болады.  Бұлжөнінде  академик  Ә.Қайдаров:  «Әрбірхалықтыңтілі–  тек 
қатынас  құралы  ғана  емес  сонымен  қатар  рухани  болмысы  мен  мәдени  байлығының  күзгері  барлық 
болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы 
ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп,  отыратын  қасиеті  бар»  деп  тілге  анықтама  береді.Сондықтан  да 
халықтың  тілі  рухани  болмысы  және  мәдени  байлығы  бірімен-бірі  тығыз  байланысты.  Бұл  жөнінде 
көптеген зерттеуші ғалымдардың пікірлері бірізділік табады. 
Қытай  тілі  –  әлемдегі  көне  тілдердің  бірі.  Бұл  тіл  әрі  ең  қиын  тіл  болып  саналады.  Дүниежүзіндегі 
тілдердің  ішінде  қытай  тілі,  араб  тілі,  жапон  тілі  әлемдегі  10  ең  қиын  тілдердің  алдыңғы  қатарында. 
Жалпы мәліметтер бойынша, қытай тілінің әлемдегі ең қиын тілдер қатарына кіруінің бірнеше себептері 
бар. Олар: жазуда қолданылатын иероглифтердің өте күрделі және көне болып келуі; Әр сөз жекелеген 
символмен  белгіленеді  де,  фонетикалық  жақтан  оның  қалай  дыбысталатындығы  жайында  ешқандай 
түсінік берілмейді. Екіншіден, қытай тілінде төрт тонның болуы, яғни әр иероглифтің дыбысталуы төрт 
түрде жүретіндігі де оны қиындата түседі.  
Дегенмен  қытай  тілі  қанша  қиын  деп  саналса  да,  сол  қиындықтарына  қарамастан  бұл  тілді 
үйренушілер  саны  күннен  күнге  артпаса  кеміп  отырған  жоқ.  Конфуции  институттың  зерттеулері 
бойынша,  қытай  тілін  үйренушілердің  қызығушылықтары  екі  түрлі  себепке  негізделген:  бірі  –  қытай 
тілінің басқа тілдерге мүлде ұқсамайтындығы; екіншісі – қытай тілінің күрделі болуында.  
Қалай десек те, қытай тілінің лексика-грамматкиалық, фонетикалық жағынан қиын екендігін ешкім де 
жоққа шығармайды. Сондықтан Қытай Халық Республикасында бастауыш мектептерде білім алу әдетте 
алты жылдық болып бөлінеді. Яғни бастауыш сыныпты бітіру үшін алты жыл оқу керек және осы жыл 
ішінде қытай тілін үйренушіге қойылатын талап та анқыталған. Мәселен, 6 алты жылдың ішінде қытай 
оқушыларды орта есеппен алғанда 3500 иероглифті игеріп, біліп шығады. Иероглиф санының 3500 болуы 
да кездейсоқ алынған сан емес, бұл сан әрбір мәдениетті адам білуі тиіс иероглифтің орташа мөлшер деп 
анықталған.  
Қытай  тілінің  тілдік  сипатына  келер  болсақ,  бұл  тіл  тілдер  жіктемесінің  син-тибет  деп  аталатын 
лингвистикалық тобына жатады. Бұл топтың құрамында 100-ден астам тіл бар.  
Қытай  тілі  –  Қытай  Халық  Республикасының,  Тайвань,  Сингапур  мемлекетінің  ресми  тілі.  Қытай 
өзінің  халықының  саны  жағынан  да  әлемдегі  алғашқы  орындардың  бірінде.  Осымен  байланысты 
шамамен алғанда қытай тілінде 1,2 млрд. адам сөйлейді және жан басына шаққанда ең кем дегенде бұл 
тіл миллиард адамның ана тілі болып табылады.  
Қытай  тілінде  7  жергілікті  диалект  бар  деп  есептеледі.  Бұл  диалектілер  бір-бірінен  мүлде  алшақтап 
жатыр,  сол  себепті  де  бір  диалектіде  сөйлейтін  қытайлық  екінші  диалектідегіні  тез  арада  түсіне  қоюы 
екіталай.  Жалпы  жергілікті  сөйленіс  ерекшеліктерінің  басым  бөлігі  фонетикалық  болып  табылады. 
Мұның себебі, қытай тілінің тонға негізделгендігінде. 
Алайда  осы  өзара  түсініспеушіліктің  болуына  қарамастан,  осы  жеті  қытай  тіліндегі  диалектіні 
біріктіретін қытай диалектілеріне ортақ - жазу иероглифтері.  
Қазіргі  Қытайда  осы  жеті  диалект  арасындағы  өзара  түсініспеушілікті  жоюдың  бір  амалы  ретінде 
қабылдаған  бірқатар  шаралары  да  бар.  Яғни  Қытайда  халық  арасында  қытай  тіліндегі  тілдік  қарым-
қатынасты жеңілдету мақсатында қазіргі қытай тіліне қатысты пекин жергілікті сөйленісіне негізделген 
ресми дыбыстау нормасын кіргізді. Қытайда мұны путунхуа деп атайды. Бұл айтып отырғанымыз, тағы 
да  қайталап  өтесіз,  дыбыстауға  байланысты.  Ал  әдеби  қытай  тілі  солтүстік  жергілікті  сөйленісіне 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
185 
негізделсе, оның фонетикалық дыбысталуы пекиндік дыбысталу болып табылады.  
Қытай  тілінің  ерекшеліктерін  зерттеу  барысында  «қытай  иероглифтерін  негіз  ету»  теориясының 
алатын  орны  зор.  Қытай  тілін  оқытудың  негізгі  жолын  білдіретін  негізгі  теория,  сонымен  қатар  тілді 
оқытудағы  ең  тиімді  тәсіл  болып  келеді.  Қытай  тілінде  «иероглиф»  тек  қана  белгі  ғана  емес,  ол  қытай 
ұлтының  дүниені  танып,оны  бейнелейтін  тәсілі.Дәстүрлі  қытай  тілінде  «иероглифті»  негізге  алмай, 
«сөзді» негізге алса, қытай тілі тіл заңдылықтарына сәйкеспейді. 
Қытай тілін үйрену қытай иероглифтерін үйрену болып келеді. Қытай ұлты үшін де, шетелдіктер үшін 
де  қытай  иероглифін  үйренбесе,  қытай  тілін  үйрене  алмайды.  Төменде  айтылатын  мәселе  шетелдіктер 
үшінқытай  тілі  үйрету  барысында  фонетика,  иероглиф,  лексика,  грамматика  қатарлыларды  үйретуде 
оларды қолданылуына тоқталамыз. 
1.
 
Фонетика  
Қытай  тілінің  тағы  бір  қиндығы  тон  деген  мәселеге  қатысты  болып  келеді.  Қытай  тілінде  дауысты 
дыбыстар төрт түрлі дыбысталады, яғни төрт түрлі тонмен айтылады. Қытай тілі үшін дыбысталу, тон өте 
маңызды.  
Қытай иероглифтерін дыбыстағанда қай тонмен айтылуына қарай оның мағынасы да өзгереді, осыған 
байланысты  егер  тонды  дұрыс  қойып  айтпаса,  тілдік  қатысым  барысында  оларға  жүктелген  мағына 
өзгеріп кетеді де, айтылар ой, берілетін хабар мүлде басқаша болып шығуы мүмкін.  
Жалпы қытай тілі бойынша жазылған еңбектерге сүйенер болсақ, онда путунхуа бойынша 414 буын 
бар  болып  шығады,  оларды  төрт  түрлі  тонға  салып  айтқанда  1324  болады.  Путунхуада  4  мағына 
ажыратқыштық тон болады, әр буын екіден бастап, төрт түрлі тонға дейін айтылады.  
Қытай иероглифтарын дыбысталуы « финаль, инициаль тондар» сияқты үш бөліктен құралған, басқа 
тілдердегідей  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардан  құралмайды.  Қытай  иероглифтері  «формасы» 
«дыбысы»  «мағынасы»  бірлесіп  бір  буынды  береді.  Шетелдіктерге  қытай  тілін  үйретуде  қытай  тілінің 
осындай ерешеліктеріне талдау жасап түсіндіргенде ғана үйренушілер үшін тиімді жақтары көп болады. 
Мысалы, қытай тілінде бір иероглиф бір буын болып келеді. Қытай тіліндегі иероглифтарды оқыған кезде 
буындар жалғасты болып келмейді (yian’an- yianan, xian’an- xianan) деп оқуға болмайды. Буын құрау әдісі 
финаль алдына, инициаль артынан келіп , тон тек қана бір буынға қойылады. Қытай тіліндегі тон қызметі 
қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдеріндегі  екпінге  мүлде  ұқсамайды.  Шетелдік  оқушыларға  осыдай 
айырмашылықтарды  түсіндіру  өте  маңызды.  Шетелдік  оқушылар  үшін  тонды  игеру  кездесетін 
қиыншылықтардың бірі.  Қытай тіліндегі буындар нақты болып келеді, егер оқу барысында буындарды 
қосып  оқыса,  кейбір  буындардың  оқылуы  күңгірт  болып  кетеді,  сол  себепті  буындарды  бөлек  оқып, 
тондарына  көңіл  бөлу  керек.  Қытай  тілінің  фонетикалық  ерекшелігі  иероглифтың  қасиеттілігімен 
байланысты.  Осыдан  түйгеніміз  шетелдіктерге  фонетиканы  оқыту  әдістемесінде  финаль,инициаль, 
тондардыоқытуда осы ерекшеліктерді ескеру қажет.  
2.
 
Қытай иероголифі.  
Қытай  мен  Қазақстан  арасындағы  достықтың  дамуына  айланысты  біз  осы  елдің 
тілін,тарихын,мәдениетін,экономикасын жетік меңгеруіміз қажет.Қытай каллиграфиясын, символиканың 
ерекшеліктерін тану, олардың адамзат өміріндегі алатын орнын ашу өзекті болып табылады 
 Қытай жазуының басты ерекшелігі – иероглифтік жазу екендігінде. Иероглифтің әрқайсысы жеке бір 
буынды білдіреді. Бұл тілдегі иероглифтердің жалпы саны 40 000-нан астам деп саналады. Ал сауаттылық 
өлшемі тұрғысынан келгенде егер адам қарапайым деңгейде 1500 иероглифті меңгерген болса, онда ол 
сауатты  деп  саналады.  Мерзімді  басылымдарды  оқу  үшін  және  арнайы  ғылыми  бағыттағы  мақаллар 
жазылған журналдармен танысу үшін 3500 иероглифті білу жеткілікті саналады.  
«Сөзді  негіз  ету»  әдістемесінде,  біріншіден,  сөздерді  үйретуге  тек  қана  иероглиф  формасына  мән 
бермейді,  екіншіден,  иероглиф  формасына  мән  берген  жағдайда  тек  қана  жазу  тәртібін  сызықтардың 
орналасуына ғана түсіндіреді. Бұл қазақ,орыс, ағылшын тілдеріндегі алфавиттегі әріптерді құрастырумен 
бірдей.  Осының  нәтижесінде  үйренушілер  үшін  иероглифтарды  есте  сақтау,  жазу  қиын  болып  келеді. 
Зерттеушілердің  еңбектерінен  қытай  тіліндегі  сөздік  қордың  өте  көп  екен  білеміз,  бірақ  сөздерді 
құрайтын, үнемі қолданылатын иероглифтар саны 500, яғни жиі қолданысқа түсетіндері, 78 % ті құрайды. 
Егер  үйренушілер  1300-1500  иероглиф  білсе,әдеттегі  мәтіндердің  90  %оқи  алады.  Зерттеулер  арқылы 
қазіргі қытай тілінде 3500 иероглиф 70000 сөзді құрайды, орта есеппен әрбір иероглифтен 20 сөз құралып 
шығады.Шетелдік қытай тілін үйрену кезінде иероглифтерге негізделіп, оның құрылымына талдау жасау, 
иероглифтердің жасалу жолдарының заңдылықтарын пайдаланса, үйрену жеңіл болады. Алдымен үнемі 
қолданылатын иероглифтерді үйреніп, сөздерді меңгерсе, үйрену барысында осы заңдылықтарда сақтай 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
186 
отыра  жаттаса,  иероглифтерді  үйрену  қиынға  соқпайды.  Алдымен  иероглифтердің  жалғыз  бөліктерін 
үйретіп, кейін солармен жасалатын иероглифтерді үйретуге болады.  
Мысалы, 方 - fang 放房访 
羊 - yang 样洋佯 
Қытай  зерттеушісі  Пан  Вен  го  мырза  былай  айтқан:  «Қазір  Қытай  мектептерінде  алдымен 
иероглифтерды  үйрету,  сонан  кейін  сөзді,  сөз  тіркестерін  үйрету  әдістемесі  бұл  қытай  тілін  оқыту 
әдістемесіне  сәйкес  еді,  және  осы  әдістемені  қолдану  нәтижелі  болған.  Осы  әдістемені  қытай  тілін 
оқытуда қолдану керек». 
Ең негізгі иероглифтер арқылы сөз құрылып, сөздік қор көбейеді. Мысалы,  
工 - (江江水,长江)红- (红色,红人) 
工 иероглифтың бір бөлігі және өзі бір иероглиф болады, осыдан «工» өзі бір негізгі иероглиф болып 
келеді.  
Қытай  тілін  шетелдіктерге  оқытуда  тағы  ескере  кететін  ерекшеліктерінің  бір  грамматикалық 
ерекшеліктері.  Мысалы,  被,把  сөйлем  дерін  шетелдіктерге  оқытуда  өзіндік  маңыздылыққа  ие  болып 
келеді.  
Қоғамның дамуы барысында тіл де дамиды, оның лексикасы да дамиды, сонымен қатар қазіргі кездегі 
әртүрлі әдістеменің тәсілдері көбейю де, бірақ тіл үйретуде негізінен дәстүрлі әдістеменің өзіндік алатын 
ролі  бар.  Өзгеру  мен  даму  тілдің  фонетикасына,  лексикасынаграмматикасынада  қатысты  болады. 
Адамдар  өзін  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  олардың  әр  түрлі  ерекшеліктері  мен 
белгілерін  бірден  танып,  түсіне  бермейді.  Заттар  мен  құбылыстар,  олардың  бір-бірімен  қатысы  мен 
байланысы, әртүрлі белгілері мен сыр-сипаты қоғамның дамуы барысында біртіндеп танылып отырады. 
Жаңадан танылған  заттар  мен құбылыстардың  тілде сөзбен аталу қажеттілігі  әр  уақытта жаңа сөздерді 
тудыра  бермейді.  Олар  көбінесе  тілдің  негізгі  сөздік  қорында  бұрыннан  бар  сөздермен  аталады  да,  ол 
сөздердің  бұрыннан  қалыптасқан  мағынасына  жаңа  мағына  үстеледі.  Мысалы  қытай  тіліндегі  书  сөзі 
ертеде  信  (хат)  және  写  (жазу)  деген  мағынада  қолданылған.  Қазір  一本书  дегенде  кітап  мағынасын 
білдіреді. 
Қорыта  келе,  осыдан  түйіндегеніміз  шетелдіктерге  тіл  оқытуда  әр  тілдің  өзіндік  ерешеліктерін 
ескерген жөн. Сонымен қатар мәдениаралық қатынасты баста назарда ұстаған дұрыс болады. Әр адамдың 
тілді  қандай  деңгейде  меңгеретін  түсінбей,  олар  тіл  үйрету  өте  қиынға  болды.,  сол  себепті  оқытушы 
алдында екі мақсат болады, бірі тілдің қасиеті болса, екінші аудиторияны меңгеру.  
 
1 Қайдаров Ә.  Қазақ тілінің тарихи  лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері// Қазақ тілінің 
тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988. –340 б. 
2 Горелов В.И. Лексикология китайского языка. - Москва, 1984 -243 с. 
3 Сафронов М.В. Китайский язык и китайская писменность. – Москва, Восток-Запад, 2007 – 315 с. 
4
王力
 «
中国
现代语法
»
,商
务印书馆,
1985
年版
-253

 
5
孙德金著
 «
汉语语法教程
»
,北京
语言大学出版社,
2005
年版
-150 

 
 
ӘОЖ 811.512.122 :147(574)  
КӘСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН МӘТІН НЕГІЗІНДЕ  
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Х.А. Берденова - 
Абай ат.ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты 
 
Аңдатпа: Мақалада жоғары оқу орындары студенттерін болашақ мамандығы бойынша кәсіби қарым-қатынасқа 
мәтін  негізінде  оқытудың  әдістемесі,  кәсіби  қарым-қатынасты  мәтін  негізінде  оқыту  әдістемесінің  ғылыми-
теориялық  негіздерін  айқындау,  жоғары  оқу  орнында  кәсіби  қарым-қатынасқа  оқытудың  лингвистикалық, 
психологиялық, дидактикалық және танымдық негіздеріне талдау жасау, кәсіби қарым-қатынасқа үйрететін негізгі 
ұстанымдар мен оқыту формаларын, әдіс-тәсілдерін жүйелеу әдістері көрсетілген. 
Тірек  сөздер:  Мәтінді  талдау,тіл  қарым-қатынас  құралы,тілдік  талдау,  кәсіби  қарым-қатынас  негіздерін 
қалыптастыру. 
Аннотация:  В  статье  рассматриваются  характерные  особенности  организации  учебн-методика  обучения 
профессиональной коммуникативности на основе текста. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
187 
Ключевое слова: Анализ текста, текст коммуникативности, методика обучения коммуникативности. 
Abstract:Teaching methods of professional communicative language on the basis of texts. 
 To Make the professional plan of the basese of texts according the future career for the students of university:  
to develop the good relationship on teaching methods of professional communicatirelarg on the science theary. 
toanaliyse  the  sociologically,  psychologically  and  linguistically  foundalion  of  relation  ship  teaching  methods  of 
professional communicative Language on bases of texts. 
Key words: to plan the forms of teaching methods of professional communicative Language on bases of texts and base 
rules, showing us the best relationships among students at the university. 
 
Қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық-мәдени өмірінде болып жатқан өзгерістермен бірге, оның 
әрбір  даму  кезеңіне  лайық  қазақ  тілін  үйрету  сапасын  арттырып  отыру  мәселесі  мемлекеттік  тілді 
оқытатын  мамандардың  жадынан  әсте  шықпақ  емес.  Бүгінгі  нарық  заманында  көптеген  шетелдермен 
қарым-қатынас жасап, біріккен өнеркәсіптердің құрылуы мемлекеттік тілдің де жандануына әсерін тигізіп 
отыр. Қазақ елінде өмір сүріп жүрген әр ұлт өкілдерінің өздері мекендеген елдің тілін қадірлеуі, меңгеруі 
мемлекеттік тіл дәрежесінің өркендеуіне зор ықпалын тигізері сөзсіз. 
Тіл  сөйлеу  кезінде  адамзат  қоғамының  қарым-қатынас  құралына  айналды.  «Тіл  қарым-қатынас 
құралы. Сондықтан оған тән белгілерді сөйлем шекарасынан шығып, тыңдаушы, сөйлеуші жағдай, стиль 
сияқты  уәждемелерді  қамти  отырып,  анықтауға  болады»  [1,24].  Адамдар  бірі-бірімен  қарым-қатынас 
жасау, тіл арқылы түсінісіп, ой-пікірлерін жеткізе білуі арқылы қатынасқа түседі. Адам белгілі бір ортаға 
кіріп өмірдегі болып жатқан құбылыстар мен әлеуметтік жағдайлар жөнінде өз пікірін, көзқарасын ортаға 
салу арқылы жеке адамның сөйлеу әрекетін қалыптастырады. 
Сөйлеу  барысында  адамдардың  бірі  тыңдаушы  екіншісі  баяндаушы  рөлін  атқарады.  Белгілі  бір 
хабарды  бір-біріне  жеткізеді,  дәлелдейді,  ұсыныс  жасайды,  қабылдайды,  сұрақ  қояды,  әртүрлі  әрекетке 
қатысты  өз  бағалаларын  береді.Тілдесім  арқылы  кәсіби  бағытта  мағлұмат  алып,  бір-бірімен  тілдік 
қатынасқа түседі. «Тілдің қарым-қатынас құралы қызметін жүзеге асыруға қатысы бар барлық белгілер 
тіл білімінің құзіретіне кіреді»-дейді ғалым С.С.Кибрик [2,3]. 
«Тілдік қатынас дегеніміз тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынас  жасауы;  қоғамдық,  ұлттық  тіл  арқылы  ұғынысуы,  түсінісуі;  яғни  адамзаттың  тіл  арқылы 
қатынасқа  түсуі  тілдік  қатынас  дегенді  білдіреді»  деп  көрсетеді  ғалым  Ф.Ш.Оразбаева  [3,7].  Одан 
білетініміз  адамзаттың  сөйлеу  құралы  адамның  тілі,  тілдік  қатынас  құралы  деген  қоғамдық-әлеуметтік 
ұғым.  Ал  тілдік  қатынасқа  түсіп  отырған  Адам  сөйлесім  әрекетін  құрайды.  Біз  қарастырып  отырған 
жағдайда  сөйлесім  әрекеті  студенттердің  арасында  белгілі  бір  бағытқа  қатысты  болады.Техникалық 
жоғары  оқу  орындарында  көптеген  мамандық  саласына  бағыттап  тілді  оқыту  үрдісі  орын  алған. 
Сондықтан  мемлекеттік  тілді  оқытуда  әр  топтың  ерекшелігі  ерекше.  Себебі  әр  студент  өз  саласы 
бойынша  кәсіби  бағдарлы  білім  алады.  Мамандығына  сай  сөйлеуге,  тілдесуге  бір-бірімен  ойын  ашық 
жеткізуге үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардар хабардан болып, өзара пікір таластыра 
алатын дәрежеге жетеді.  
Қазақ тілін жоғары оқу орындарында үйретуде тілдің қатынас құралы ретінде құзіреттілігін арттыру 
керек.  Ол  үшін  тілді  кәсіби  бағытта  оқытатын-дықтан  әр  топтың  ерекшелігіне  қарай  мәтіндерді, 
тапсырмаларды  ыңғайлап  беру  керек.  Ол  тапсырмалар  студентті  тілдік  қатынасқа  түсіріп  қана  қоймай, 
оның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге көзқарасына жағымды әсер етуі тиіс. 
Бұл  оқытушының  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі.  Оқытушының  оқу  материалдарын 
бағдарламаға  сүйене  отырып,  шеберлікпен  таңдап  алуы  және  жобалауы,  материалдың  күрделілігін 
бағалауы және оны нақты мақсатта, демек, белгілі бір мамандыққа сәйкес бейімдеуі арқылы бекітіледі. 
Әр  оқытушының  ұйымдастырушылық  шеберлігінің  ең  жоғары  деңгейде  болуы  және  уақытты  меңгеру 
шеберлігін өзінің жеке белсенділігі мен студенттердің белсенділігін дұрыс құра білуінде байқалады. 
Еліміздің экономикасына қомақты үлесін қосып отырған мұнай-газ өнеркәсібі саласында еңбек етуге 
құштар  жастар  көп.  Ондай  мамандыққа  инженер-мұнайшылар  дайындайтын  жоғары  оқу  орнының  бірі 
Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ұлттық  техникалық  университет.  Бұл  салада  білім  алып,  маман  болуға  құштар 
болып отырған студенттердің мемлекеттік тілді кәсіби бағытта үйренуіне де ынтасы зор. 
Мұнай-газ мамандығында оқитын студенттерге арналып арнайы оқу- әдістемелік кешені жасалды. Ол 
университеттің типтік бағдарламасына сай кредиттік жүйеге лайық орындалды. Осыған орай, кәсіби қазақ 
тілін коммуникативтік-танымдық бағытта үйрету ерекше маңызды орын алады. Техникалық жоғары оқу 
орындарының  студенттеріне  тілді  қатысымдық  тұрғыдан  оның  болашақ  мамандығына  сәйкестендіріп 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
188 
оқыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру шарт. 
Коммуникативтік-танымдық бағыт дегенде студенттің сөйлем құрастырғандағы білімін, сөздік қорын, 
кәсіби  тілдегі  қарым-қатынас  құзіреттілігін  қалыптастыру  керек.  Бұл  дегеніміз  болашақ  мамандардың 
кәсіби  білім  деңгейінің  жоғары  болуы  қажеттілігінен  шығады.  Студенттің  өз  мамандығына  сай  тілді 
меңгеруінің нәтижелі болуы танымдық белсенділігіне байланысты. Ол үшін оқытушы әр студентке кәсіби 
бағытта орындалатын материалдарды көптеп дайындату қажет. Оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім 
әрекеттері студенттің кәсіби қатынастық құзіреттілігін қалыптастыруда зор ықпал етеді. Өз мамандығына 
лайық  берілген  тапсырмалар  мен  мәтіндер  арқылы  көптеген  ақпараттар  алады.  Олар  тек  ақпарат  алып 
қоймайды, жазып үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді, бір- бірімен тілдесе алады. 
Кәсіби  бағыттағы  тілдік  қарым-қатынас  орнайды.  Ол  студенттердің  өз  мамандығына  лайықты  тілді 
үйренуіне  деген  қызығушылығын  арттырады.  Тілді  кәсіби  бағытта  үйретуде  студенттің  дағдысы  мен 
біліктілігін  дамытып,  тілдік  қарым-қатынасқа  еркін  түсуі  арналған  жұмыс  түрлерін  беруге  болады. 
Мысалы,  мәтін,  Мұнай  мен  газ  көздерінің  пайда  болуы  Мұнай  грек  халқының  “Нафта”  деген  сөзінен 
шыққан.  “Нафта”-  жарып  шығарлық  қасиеті  бар  деген  мағынаны  білдіреді.  Кейбір  ойпаттарда  жер 
қойнауын жарып шығып атқылап, кейде бұлақ болып ағып жататын “қара май” немесе үзілмес от болып 
жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда “құдірет күші” деп танылды. 
Византия  мемлекетінің  жауынгерлері  өздерінің  дұшпандарына  қарсы  соғыстарда  тарқатылған  кендірді 
(пакля) ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұтатып, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске 
жетіп отырған. Бұл оқиға “Грек оты” деген атпен қалды. 
Тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер. Мұнай сөзі қалай пайда болған? Алғашқы кездерде 
адам баласы жұмбақ құбылыстарды қалай ашқан ? Ерте дәуірлерде мұнайды, газды қалай және не үшін 
пайдаланған?  Кендірден  не  істеген?  Жауға  қарсы  қолданған  әрекеттерін  қалай  атаған?  Ертеде  қазақтар 
мұнайды не  үшін пайдаланған? Олар  мұнайды не деп атады? Алғаш мұнай қай жылы алынды? Шетел 
кәсіпкерлері мұнайды қай аймақтан іздеді? 
Тапсырма. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған қара май, құдірет күші, көгілдір отын тіркестерін 
түсіндіріп беріңіздер? 
Тапсырма. Мәтіннен жуан буынға жалғанған сөздерді бірыңғай, жіңішке буынға жалғанған сөздерді 
бірыңғай бөліп, жазыңыздар. 
Тапсырма. Сөздікті пайдаланып, сөйлемдерді аударып жазыңыздар. Септік жалғауда тұрған сөздерді 
ажырытыңыздар. 
Тапсырма. Қазақстан мұнайы жайында досыңызбен әңгімелесіңіз. 
Тапсырма. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалға ұшыраған сөздерді 
табыңыздар. 
№7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. 
Мұнай өнеркәсібі халық игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру 
жұмыстары жүргізіле бастады. Тұрғын халықтың шабатын шөбі жоқ. 
Тапсырма.  Мәтінді  оқығаннан  кейін  мұнай  туралы  қандай  жаңа  мәліметтер  алдыңыздар,  баяндап 
беріңіздер. 
Тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар. 
Мамандыққа  сай  берілген  мұндай  тапсырмаларды  студент  қызыға  орындайды.  Оның  танымдық 
құзіреттілігі  артып,  өз  мамандығына  сай  мәліметтер  алуына  көмектеседі.  Одан  әрі  мәтіннен  алған 
мәліметтерге талдау жасап, жаңа сөздермен сөздік қорын байытады, мамандығына сәйкес тілдік қатынас 
жасауға  ұмтылады.Осындай  мәтіндерді  көптеп  беруге  болады.  Мысалы,  «Қазақстандағы  мұнай 
өнеркәсібінің дамуы», «Мұнайдың зерттелуі», «Мұнай-газ Кен орындарын барлау және іздеу», «Мұнай-
газ  кен  орындары»,  «Мұнайдың  құрамы  мен  қасиеті»  т.б.  мәтіндерге  тапсырмалар  беріп,  студенттің 
қатысымдық құзіреттілігін дамытуға болады. 
Жоғарыда келтірілген тапсырмалар студенттің белгілі бір мамандыққа сай лексиканы үйренуіне жол 
ашады. Студенттің мамандыққа сай тілдік қатынасқа түсуі оның сөздік қорының молдығына байланысты. 
Ал кез-келген мәтінмен жұмыс істеу сөздік арқылы іске асады. Осы орайда әр мәтінге сөздік жұмыстарын 
беріп, оны меңгерту - адамдардың кәсіби тілде бір-бірімен ашық пікірлесіп, ойын жеткізуіне, тілдесуіне 
септігін  тигізеді.  Мамандыққа  сәйкес  тілдік  қарым-қатынас  орнату  үшін  сөздің  лексикасын, 
грамматикасын  және  стилистикасын  білу  жеткілікті  емес.  Кәсіби  бағытта  қарсыласыңызбен  пікірлесіп, 
ойыңызды  анық  жеткізе  білу  үшін  сөзді  дұрыс  қолдануға  үйрену  керек.  Қай  мамандықта  болмасын 
болашақ  маман  жиналыстарда,  келіссөздерде,  қызметтес  адамды  қабылдауда  әріптестерімен  дұрыс 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
189 
сөйлесе білуі парыз. 
Ол үшін қазақ тілін кәсіби бағытта үйренуге талпынған әр студент мәтіндердің мазмұнына берілген 
тапсырмаларға үлкен мән беруі қажет. Осы орайда мамандыққа сай тілдік қарым-қатынасқа түсуі үшін 
жүргізілетін жұмыс түрлері жаңаша талапқа сай орындалса, студенттің кәсіби сөйлеу тілінің дамуы мен 
қалыптасуы арқылы білімге, ғылымға, туған жерге деген сүйіспеншілігінің артары сөзсіз. 
1
 
 (1,24). Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі Оқыту әдістемесі. - Алматы, 2008 ж. 
2
 
 (2,3).  Жанпейісова  М.М.  Модульдік  оқыту  технологиясы,  оқушыны  дамыту.  Құрал  ретінде.-
Алматы, 2007. 
3
 
 (3,7). Оралбаева Н Жақсылықова Қ Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілің оқыту әдістемесі.- 
Алматы ,2006. 
 

1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал