Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет27/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

 
ӘӨЖ 372.881.151.212.2 
ОҚУШЫЛАРДЫ ТІЛ МӘДЕНИЕТІНЕ 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
Р. Н. Бегалиева - 
педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы 
 
Аңдатпа:  Тіл  мәдениеті–  оқушыларды  өз  ойын  ауызша  да,  жазбаша  да  дұрыс  жеткізе  білуге 
тәрбиелейді. Ондай нәтижеге жету үшін, біріншіден, тілдің қалыптасқан жүйесін, соған негізделген өзіне 
тән заңдылықтарын, яғни әдеби тілдің мәдениетін сақтауға тура келсе, екіншіден, сөйлеушінің айтайын 
деген  ойының  қарым-қатынасының  мақсатына  сай  тілдік  құралдарды,  амал-тәсілдерді  орынды,  талғап 
қолдану  мәдениеті  болуы,  жетілуі  керек.  Мақалада  оқушыларды  тіл  мәдениетіне  тәрбиелеудің  негізгі 
ұстанымдары  мен  негізгі  принциптері  туралы  жазылады.Тіл  мәдениетіне  берілген  анықтамалар 
сараланады. Тіл мәдениетіне тәрбиелеудің дидактикалық, әдістемелік ұстанымдары қарастырылады. 
Тірек сөздер:тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тіл байлығы 
Аннотация:Повышение  языковой  культуры  школьников  своевременно,  так  как  расширение 
социальной сферы казахского языка является актуальной проблемой сегодняшнего дня. Государственный 
язык,  отражающий  национальное  сознание,  народные  традиции,  обычаи  и  культуру,  должен  быть 
сохранен  для  потомков.  Именно  учитель,  основной  инструмент  которого  –  слово,  призван  передать 
достояние  языка  подрастающему  поколению.  В  связи  с  этим  школьники  должны  не  просто  уметь 
правильно  выражать  свои  мысли,  но  и  красиво,  убедительно  говорить.В  статье  рассматриваются 
основные  принципы  обучения  культуре  речи  учащихся.  В  работе  также  даётся  анализ  литературе, 
посвящённой  воспитанию  культуре  речи,  подробное  описание  дидактических  приёмов  и  методических 
рекомендаций ведения занятий по данной теме. 
Ключевые слова: культура речи, чистота языка, богатство языка. 
Annotation:The development of students’ language culture of pedagogical specialties is in good time, as the 
increase of social sphere of Kazakh language is the actual problem today. The state language, expressing national 
consciousness, traditions, customs and culture, must be preserved for descendants. It is the teacher, whose main 
instrument is a word, who must transfer the property of language to the new generation. Together with this the 
students  of  pedagogical  specialties  must  not  only  be  able  to  express  their  thoughts  but  also  to  speak  good  and 
convincingly. In this article main positions and main principles of educating students to the culture of speech is 
considered.The definitions of the culture of speech are analyzed. Didactic methodological positions of educating 
to the culture of speech will bewritten. 
Key words:culture of language, cleanness of language, riches of language 
 
 «Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының» 
үшінші бағыты «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті» деп аталады. Мемлекеттік бағдарламада 
тіл мәдениетіне ерекше мән беріліп отырғаны жайдан-жай емес. 
Адам баласының ой-өрісі мен білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екенін жазған 
жазуынан, сөйлеген сөзінен байқау қиын емес. Абай: «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал»,-деп 
тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам 
өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз 
мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. 
 
«Тіл  мәдениеті  дегеніміз  –  тілдік  тәсілдердің  ширау,  жетілу  дәрежесі.  Сонымен  қатар,  ол  тіл 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
162 
жұмсаудағы  ізеттілік,  сауаттылық  қана  емес,  тілдік  тәсілдерді  фонетикалық,  орфографиялық, 
орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» 
[1.17 б.]. 
Н.Уәлиев  өзінің  «Сөз  мәдениеті»  атты  еңбегінде:  «Тіл  мәдениеті  дегеніміз  –  сөйлеудегі,  жазудағы 
сыпайылық,  ізеттілік  қана  емес,  сонымен  қатар  айқын  ойлылық,  сөзді  дәл  айыру  шеберлігі,  сөйлеу 
өнеріне шыныққандық»,-деп анықтама береді. 
Ал  тілші-ғалым  Р.  Сыздықова:  «Тіл  мәдениеті  дегеніміз  –  сөздерді  дұрыс  орнымен  қолдану 
(лексикалық),  дұрыс  құрастыру  (синтаксистік),  дұрыс  қиюластыру  (морфологиялық),  дұрыс  дыбыстау 
(орфоэпиялық),  сауатты  жазу  (орфографиялық),  тілді  әсерлі  етіп  жұмсау(лингвостилистикалық) 
нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру»,-дейді [2;3]. 
«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, 
тіл  мәдениетінің  негізгі  зерттейтін  объектісі  –  сөз,  сөздің  дұрыс  айтылуы,  дұрыс  жазылуы,  дұрыс 
қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай 
тіл  мәдениеті  ғылымын  үлкен  екі  салаға:  ауызша  сөйлеу  мәдениеті,  сөз  қолдану  мәдениеті  деп  бөлуге 
болады. 
Сөйлеу мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне 
көп  көңіл  бөлініп,  қателерді  тіл  фактілері  негізінде  талдап,  сырын  ашып  көрсетудің  пайдасы  зор.  Осы 
ретте қазақ тілі пәні мұғалімдеріне артылар жүк ауыр болмақ. Өйткені, мұғалім мектеп оқушыларды таза, 
нақты,  лайықты  әдеби  тілмен  сөйлеуге  бағыттайды,  диалект  сөздер  мен  дөрекі  сөздерді  қолданбауды 
қадағалайды.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  мәтінді  мәнерлеп  оқып,  ойларын  байланыстырып,  жүйелі 
сөйлеуіне көмектеседі. 
Тіл  байлығы  –  сөз  байлығы.  Ал  сөз  байлығы  әр  адамның  лексикасындағы  қолданылатын  сөздердің 
санымен  байланысты  болғанымен,  негізгі  байлық  –  ой  байлығы,  сол  сөздерді  қиюластырып,  әсем  де 
әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік 
бояуын  дөп  басып  беру  ойлау  қабілетімен,  оның  шығармашылық  сипатымен  ұштасып  жатады.  Ал  ой 
байлығына  жету  үшін  тіл  дамуының  кешегісі  мен  бүгінгісін,  лексикалық  қабаттын  баю,  толығу 
жолдарын,  тілде  пайда  болған  жаңа  құбылыстардың  өміршеңдігін,  бір  сөзбен  айтқанда,  тілдің  ішкі, 
сыртқы  мүмкіншілігін  жақсы  меңгеріп,  оған  қамқорлықпен,  жанашыр  көзбен  қадағалап  отыру  керек. 
      Сөз  қолдану  мәдениетін  арттыратын  негізгі  шаралардың  бірі  –  тіл  тазалығы.  Тіл  тазалығы  дегенде, 
ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз 
алмай,  таза  ана  тілі  материалының  негізінде  ғана  өмір  сүретін  әдеби  тіл  деген  болмайды.  Көркем 
шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, 
«таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі 
көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын 
көздейді. 
      Тілмәденитіжөніндегітеориялықжәнепрактикалықпікірлердідамытушылардыңбірі–И.И.Срезневский. 
Олтілдіоқушыныңойлаудағдысыментікелейбайлансытыраотырып,  баланы  қысқа  әңгімелер  түріндегі 
жаттығу  жұмыстарына  бейімдеу  пайдалы  дей  келіп,  «Важен  для  приучения  отличать  более  важное  от 
менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные 
мысли … как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением 
самой  форм  выражении,  чтобы  заставить  детский  ум  оценить  форму»,-  депбалалардыңжұмыстарында, 
сондай-ақауызекісөйлеутіліндесинонимдердібарыншакеңіненқолдануқажеттігінайтты.[4, 144 б.] 
Оқушыларды  тіл  мәдениетіне  тәрбиелеу  төмендегідей  дидактикалық,  әдістемелік  ұстанымдарға 
негізделеді:  
–  теория  мен  практиканың  бірлігін  нығайту,  яғни  тілдік  білік  пен  коммуникативтік  біліктің  қатар 
қалыптаспауына жол ашуды көздей отырып оқыту.  
– білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тіл білімі 
салаларының  бір-бірімен  ұштастырыла  берілуін  қамтамасыз  ете  отырып  оқытумен  қатар,  сол  білімді 
тілдік білікпен сабақтастыруға басымдылық беру. 
–  білім  мазмұнының  қоғамдык-әлеуметтік  сұраным  талаптарына  сәйкестігі,  яғни  тіл  мәдениетінің 
оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне 
жол аша отырып оқыту.  
– оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының жеке 
бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
163 
–  тіл  мәдениетін  лингвомәдени,  психолингвистика,  әлеуметтік  лингвистика  мәселелерімен 
байланысын  арттыра  оқыту,  яғни  сөйлеу  әдебі,  сөз  мәдениеті  талаптарына  ерекше  мән  бере  отырып 
оқыту. 
Ал, оқушыларға тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады:  

 
ауызекі  сөйлеу  тілінің  ерекшеліктерін  мұғалімнің  және  оқушылардың  өзара  сөйлесуіне  көңіл 
бөлгізіп талдату; 

 
ауызша  сөйлеу  тілі  әдеби  тілде  сөйлеу  және  ауызекі  сөйлеу  тілі  болып  бөлінетіндігіне  мысал 
келтіру; 

 
оқушылардың  айналасындағы  адамдардың,  үй-ішінің  ауызекі  сөйлеуіндегі  қателерді  тапқызып, 
әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру; 

 
 ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де 
байланысты  екендігін  білгізу  мақсатында  ауыз  әдебиеті  үлгілерін,  шешендік  сөздерді  әуезді,  мәнерлі, 
құлаққа жағымды етіп айтқызу; 

 
 дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру; 

 
 күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату; 

 
 сөз  қолдану  мәдениеті,  ең  алдымен,  сөздің  емле  ережесіне  сай  жазылуымен  байланысты 
екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу; 

 
 жазба  жұмыстарында  сөздердің  бірге  және  бөлек  жазылатын  түрлеріне,  терминдердің 
жазылуына,  аң-құс,  жан-жануар,  өсімдік  атаулары,  шаруашылық,  тұрмыс,  мәдениет,  өнер  салаларына 
қатысты  құрал-жабдық,  ұғым  атаулары,  мамандық,  кәсіп  атауларының  бірде  бөлек,  бірде  бірге 
жазылуына көңіл бөлгізу; 

 
 жыл  бойы  өтілген  тілдік  тақырыптар  мен  пайдаланылған  оқу  материалдары  бойынша  әр  түрлі 
топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау 
бағытындағы мәтіндер құрату [5] 
Қорыта  келгенде,  тіл  мәдениетіне  тәрбиелеу  –  қазақ  тілін  оқытудың,  білім  мен  тәрбие  берудің  ең 
маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын 
терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері 
жүзеге асады.Сондықтан да, оқытудың озық технологияларын дұрыс, әрі сауатты қолдануымыз қажет. 
 
1
 
Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері. - Алматы, 1965.  
2
 
Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. - Алматы, 1984. 
3
 
Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары. - Астана, 2001. 
4
 
Абалкова  Б.,  Игібаева  А.К.  Интерактивті  әдіс  арқылы  тіл  мәдениетін  дамыту  //С.Аманжолов 
атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары. - Өскемен, 2004. 
5
 
Кунапьянова А.Д., Аубакирова Л.Р. Тіл мәдениеті және оған қойылатын талаптар// С.Аманжолов 
атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары. - Өскемен, 2004. 
 
ӘОЖ 378:016:811.111.004 
ҚЫТАЙ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР 
 
С. Тоқтарбек – 
 ІІ курс магистранты 
 
Аңдатпа:  Мақалада  қытай  тілі  фонетикасын  оқыту-  қытай  тілін  үйренудің  алғашқы  қадамы  және  қытай  тілін 
оқытудың басты негізі, сонымен қатар, қытай тілін толық меңгеруге аса зор ықпал жасайтындығын ескере отырып, 
қытай тілі фонетикасын оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың бағыт-бағдары көрсетіліп, студенттер 
қытай  тілі  фонетикасының  дыбысталу  заңдылықтарын  дұрыс  меңгеруге,  дыбыстау  қабілеттерін  жетілдіруге  негіз 
қалау жолдары қарастырылды. 
Тірек  сөздер:Қытай  тілі,  дыбыстау  заңдылықтары,дыбыстау  дәлдігі,  дыбыстау  шеберлігі,  фонетика  оқытуы, 
оқыту әдістері. 
Аннотация: В статье рассматриваются проблемы обучения студентов фонетике китайского языка, первые шаги 
обучения,  главное  как  помощь  освоить  китайский  яазык  полностью,  использовать  инновационные  методы 
инаправления  изученияфундаментов  фонетики,правильно освоить особенности фонетикии основных  фундаментов 
ее развития. 
Ключевые слова:китайский язык, правила фонетики,точность и чтения фонетики, методы обучения, мастерство 
фонетики.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
164 
Abstract:The problems of educating of phonetics of Chinese, first steps of educating, are exhamined in the article, main 
as  a  help  to  master  Chinese  fully,  to  use  innovative  methods  and  directions  study  of  phonetics,  it  is  correct  to  master  the 
features of phonetics and basic foundations of her development. 
Keywords: Chinese, rules of phonetics, exactness and reading of phonetics, methods of educating, mastery of phonetics. 
 
Қытай  тілінде  фонетика-тілдің  материяалдық  қалыбы.  Қытай  тілін  үйрену  барысында,  фонетикалық 
дыбыстаудың дәлдігі-үйренушілердің тілді меңгеру деңгейінің маңызды нысаны болып табылады. ЖОО-
дағы  қытай  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытатын  обьектілер  –ана  тілінің  фонетикалық  дыбыстау  дағдысы 
қалыптасқан  жас  жеткіншіктер  екені  бәрімізге  аян.  Қытай  тілі  фонетикасын  оқыту  барысында, 
студенттердің  қытай  тілін  үйренулеріне  негіз  қалап,  қытай  тілінде  тілдесім  қабілеттерін  жетілдіріп, 
үйрену өнімділігін жоғарлату үшін, қытай тілі фонетикасын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланып, 
қытай  тілін  оқытудың  алғашқы  сатысын  тамаша  бастамамен  бастаудың  мәні  зор,  маңызы  жоғары. 
Сондықтан, қытай тілі фонетикасын оқыту барысында төмендегідей бір неше әдіс-тәсілдерді пайдаланған 
жөн: 
1.  Еліктеуәдісі.  Оқытушы  дыбыстап  үлгі  көрсеткеннен  кейін,  студенттер  оқытушының  дыбыстауы 
бойынша  ілесіп  дыбыстау  әдісі.  Бұл  әдіс-қытай  тілі  фонетикасын  оқытудың  ең  негізгі  әдістерінің  бірі 
болып  саналады.  Еліктеу  әдісі  арқылы  шыңму,  юнму,  тон,  буын  және  сөйлем,  т.  б  фонетикалық 
жаттығулар  жасауға  болады.  Еліктеу  әдісін  –топтық  еліктеу  әдісі  (барлық  студенттер  оқытушының 
дыбыстауы бойынша қайталап дыбыстау әдісі)және жеке еліктеу әдісі (бір студент ғана оқытушының 
дыбыстауы  бойынша  дыбыстау  әдісі)депекіге  бөлуге  болады.  Топтық  еліктеу  әдісінің  артықшылығы-
топтағы барлық студенттер бірлікте, бір уақытта емін-еркін оқиды да, студенттердің құлақ пен аузы тең 
дәрежеде  әрекеттеніп,  тыңдау  мен  сөйлеуге  бір  уақытта  жаттығып,  сөйлеуге  деген  қызығушылығы 
жоғарлайды.  Ал,  кемшілігі-дұрыс  дыбыстай  алмайтын  студенттер  назардан  тыс  қалады.  Сондықтан, 
топтық еліктеу әдісі арқылы бір неше рет қайталаған соң, жеке еліктеу тәсіліне көшіп, әрбір студенттерге 
жеке-жеке  оқуды  талап  еткен  жөн.  Жеке  еліктеудің  артықшылығы-студенттердің  дыбыстау  барысында 
кездескен  қиындықтары  мен  қателіктерін  оңай  байқап,  деркезінде  түзетуге  ыңғайлы.  Ал,  кемшілігі  – 
студенттер қарбаластыққа түсіп көңіл-күйлерінде қобалжу пайда болады. Дыбысталуы қиын дыбыстарды 
дыбыстағанда,  оқытушы  дыбыстау  мүшелерін  қос  қолымен  еліктеп  көрсетумен  қатар,  студенттерге 
дыбыстау мүшелерінің орын дәлдігін айқындау керек. Мысалы: сол қолдың алақанын төмен қаратып, оң 
қолдың  алақанын  жоғары  қаратып  біріктіргеннен  кейін,  сол  қолдың  бірінші  буынын  төмен  қарай  иіп, 
үстіңгі тіске; оң қолдың саусақтарын тегіс жазып, тілге уәкілдік етіп;саусақ ұштарын тіл ұшы деп санап, 
саусақ  ұштарын  үстіңгі  тістің  артына  жақындатып,  тіл  жаттық  айтылатын  z  c  s  дыбыстарын  еліктеп 
дыбыстауға;  оң  қолды  сәл  ғана  артқа  қарай  жиырып,  тіл  ұшын  үстіңгі  тістің  тістің  артынан  аз  ғана 
алшақтатып,  тіл  үсті  дыбыстары  j  q  x  дыбыстарын  дыбыстауға;  тіл  ұшын  қатты  таңдайдың  алдыңғы 
жағына  жақындатып,  тіл  ұшы  қайырылатын  zh  ch  sh  r  дыбыстарын  дыбыстауға  болады.  Бұл  әдістерді 
пайдаланып тілдік және тістік дыбыстардың дыбыстау мүшелерін обыразды әрі ыңғайлы етіп көрсетуге 
болады.  
2. Дыбыс бастау әдісі.Дыбыс бастау әдісі дегеніміз – студенттер үйренген фонемалары немесе өз ана 
тіліндегі  дыбысталуы  ұқсас  фонемалар  арқылы,  дыбыстау  мүшелері  мен  дыбыстау  тәсілдері  ұқсастау 
келетін басқа фонемаларды немесе дыбысталуы оңай дыбыстарды дыбыстау мүшесіне жақындау қойып, 
дыбысталуы  біршама  қиын  дыбыстарды  дыбыстау  деген  сөз.  Мысалы:  «е»  дыбысының  дыбысталуы 
біршама  қиын  болғандықтан,  студенттерге  алдымен  «о»  сыныңдыбысын  үйрету  керек,  онан  соң  «о» 
дыбысының үн аралығына әкеліп, қолымызбен ауызды көрсетсек, езудің екі жаққа қарай тартылып,ерін 
пішіні  дөңгеленуден  сопақшаға  қарай  өзгерісінен  «е»  дыбысы  айтылатынын  аңғарамыз.  Тағы  бір 
мысал,ауыз  жинақы  айтылатын  дыбыс  «u»-ны  үйретуден  бұрын  «і»  -ды  дұрыс  дыбыстап  алған  соң, 
қолымен  аузын  нұсқап  көрсетіп,  дыбыстау  барысында  ерін  біртіндеп  жинақталып,  сопақшадан 
дөңгелектеніп  «u»  дыбысы  дыбысталады.  Қытай  тілін  алғаш  үйрене  бастаған  студенттер  «r»  дыбысын 
дұрыс  дыбыстай  алмай  қиналады.  Сондықтан,  дыбысталуы  біршама  оңай  «sh»  дыбысын  дұрыс 
дыбыстағаннан кейін, «sh» дыбысының дыбыстау тәсілі бойынша, дауыс шымылдығының тербелісінен 
дыбыс жеңілден ұяаңға өзгеріп «r» дыбысы айтылады. «r» мен «i» біпігіп, қытай тілінде төртінші тондағы 

ирогилифі оқылады. Оқытушы студенттерді дыбыс бастау әдісі арқылы жоғарыдан төмен қарай оқытса 

буынын қиындықсыз оқи алады. Сонымен қатар, 日子, 日夜, 星期日 т. б жалғасты қайталап жаттығу 
жасату  арқылы  студенттердің  қытай  тіліне  деген  қызығушылығы  артып,  «r»  дыбысының  дыбысталу 
тәсілін өте тез меңгере алады.  
3.  Дененің  немесе  заттың  көмегімен  дыбыстау  әдісі.  Қытай  тілі  фонетикасын  оқыту  барысында 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
165 
кейбір  дыбыстарды  дененің  немесе  заттың  көмегімен  дұрыс  дыбыстап  үйретуге  болады.  Айталық:  (1) 
Саусақ арқылы тіл ұшы қайырылатын дыбыстарды үйрету. Тіл ұшы қайырылатын  zh ch sh дыбыстары 
дыбысталуы  қиын  дыбыстар  тобына  жатады.  Оқыту  барысында  студенттерге  үлгі  көрсету  тәсілін 
қолданып  үйретсекте  дұрыс  меңгере  алмайды.  Себебі,  тіл  ұшы  артқа  оңайлықпен  қайырылмайды, 
студенттер 
zh 
ch 
sh 

дыбыстарының 
дыбысталуын 
тұлғалық 
жақтан 
түсінгендей 
болғанымен,оқытушының дыбыстағанына еліктеп дыбыстай алмайды. Мұндай жағдайда саусағымыздың 
көмегіне жүгінгеніміз жөн.  
Сұқ саусағымызбен тілдің ұшын артқа қарай қайырып, сұқ саусақтың бірінші буынынан ақырын ғана 
тістеп,оқытушы  алдымен  үлгі  көрсетіп,  онан  соң  студенттерге  еліктетіп  дыбыстату  керек.  Студенттер 
тілдің орны мен тіл ұшының артқа қайырылу дәрежесін сезінгеннен кейін zh ch sh дыбыстарын қайталап 
жаттықтырсақ,тіл ұшы қайырылатын дыбыстарды бірте-бірте дұрыс дыбыстай алатын болады.  
(2) Тіл ұшын тістеу тәсілі арқылы мұрын алды юнмуларын дұрыс дыбыстауға үйрету. 
Қытай тіліндегі мұрын алды an en in дыбыстары мен мұрын алды дыбыстарына қатысты ian uan т.б. 
дыбыстарының  дыбысталуы  қазақ  тілді  студенттерге  оңай  соқпасы  анық.  Ал  орыс  тіліне  бейім 
студенттерге  ang  eng  ing  uang  iang  т.  б  мұрын  арты  дыбыстарын  дыбыстау  өте  қиын  шаруа. 
Сондықтан,оқытушы алдымен an мен ang -ды үлгі көрсетіп дыбыстаңан соң, студенттер an мен ang –ның 
дыбыс  өзгешелігін  тыңдау  барысында  ажырата  алғанымен,  алайда  an  –ды  дұрыс  дыбыстай  алмайды. 
Мұндай қиындықтарға кездескенде тіл ұшын тістеп дыбыстау тәсілін қолданған жөн.  
Дыбыстау тәсілі: тіл ұшын алдыға қарай шығарып, астыңғы және үстіңгі тістің ортасына әкеліп, тіл 
ұшын ақырын ғана тістеп дыбыстап жаттыққаннан кейін, an  –ды дыбыстап көрсету. Осы тәсіл арқылы 
қайталап жаттығу барысында an дыбысын дұрыс дыбыстауға болады.  
(3)  Жұқа  қағаз  парақшасы  арқылы  қытай  тілі  фонетикасындағы  қатаң  дауыссыздар  мен  ұяң 
дауыссыздарды ажырату тәсілі.  
Студенттерге қатаң дауыссыздар p t k q c ch -ларды үйрету барысында, бір парақ жұқа қағазды ауызға 
жақындатып  дыбыстаңанда,  ауа  ағысы  қағазды  дірілдетеді;  ал  b  d  g  j  z  zh  дыбыстарын  дыбыстағанда 
мұндай  құбылыс  байқалмайды.  Міне  бұл  тәсілді  қолдану  арқылы  қытай  тіліндегі  қатаң  және  ұяң 
дауыссыздарды ажыратуға болады.  
4. Әсірелеу әдісі.Бұл әдіс – оқытушы қытай тілі фонетикасын оқыту барысында дыбыстау шеберлігін 
лайықты пайдаланып, студенттердің естерінде қалатындай етіп, қытай тіліндегі белгілі бір дыбыстарды 
ерекшелендіріп көрсететін әдіс болып табылады. Әсірелеу әдісінің көлемі өте кең болады. Айталық: ауыз 
пішінін  үлкейту,  дыбыс  аралығын  созу,  дыбыс  күшейту,  тонды  әсірелеу  т.б.Қытай  тілі  фонетикасын 
оқыту  барысында,  әсірелеу  әдісін  лайықты  түрде  лайықты  қолдансақ  дыбыс  пен  дыбыс,  тон  мен  тон 
арасындағы  айырмашылықтарды  айқын  айырып,  студенттердің  қытай  тіліндегі  дыбыстарды  дұрыс 
дыбыстауға  көмектеседі.  Мысалы:  «а»-ны  дыбыстағанда,  ауыздың  ашылу  дәрежесінің  ең  үлкен 
болатындығын  ескерте  кету  керек.  Сонымен  қатар,  қосар  юнмуларды  оқығанда,  негізгі  дауысты 
дыбыстың басымдылығын даралап көрсеткен жөн.  
Қытай тіліндегі төрт тонның ішінде екінші тон мен үшінші тонды оқыту біршама күрделі болады. Сол 
себепті,  қытай  тілі  пининіндегі  төрт  тонның  дыбыс  жоғары-төмендігін  «бес  сызықты  тон  кестесі» 
бойынша  55  35  214  51  -екендігін  образды  түрде  елестетіп,  ілестіріп  оқыту  барысында  оқытушы  қол 
ишаратымен тонның дыбысталу ерекшеліктерін әсірелеп көрсетіп отырса, студенттер дыбыс жоғарылығы 
тонның  өзіндік  қасиеті  екенін  бірден  түсініп,  тез  қабылдайды.  Әсірелеу  әдісін  фонетика  оқытуы 
барысында  үлгі  көрсету  негізінде  пайдаланып,  студенттер  қытай  тілі  фонетикасындағы  дыбысталуы 
біршама қиын шыңму, юнму және  тонды  толық меңгеріп алғаннан кейін, оқытушы қалыпты фонетика 
оқытуына қайта оралуы керек.  
5.  Дыбыс  түзету  әдісі.  Дыбыс  түзету  әдісі  дегеніміз  –  оқытушы  әртүрлі  оқыту  тәсілдерін  қолдана 
отырып,  студенттердің  дыбыстау  барысындағы  дыбыстау  қателіктерін  өнімді  түрде  түзету  жасайтын 
фонетика оқытуының тиімді әдісі.Қытай тілі фонетикасын үйренудің алғашқы басқышында, студенттер 
көптеген фонетикалық қателіктерге жол беретіні сөзсіз. Студенттерге дыбыстау дәлдігін дұрыс меңгерту 
үшін,  фонетикалық  қателіктерді  түзету  –  фонетика  оқытуындағы  аса  маңызды  түйіндердің  бірі  болып 
саналады. Қате дыбыстарды түзетуде әдіске ерекше көңілбөлген жөн. Қате дыбыстарды түзетуде ұтымды 
әдіс – тәсілдерді пайдалансақ дұрыс дыбыстау нәтижесіне қол жеткізе аламыз. Ал керісінше, тиімді әдіс – 
тәсілдерді  қолдана  алмасақ,  дыбыстаудағы  қателіктерді  барысында  өнімділікке  қол  жеткізе  алмаумен 
қатар, студенттердің қытай тілін үйренуге деген қызығушылығын солғындатуымызда әбден мүмкін.  
Сондықтан,  тілді  меңгеру  барысында  студенттердің  барлығында  ортақ  сақталған,  дыбыстауға  қиын 
дыбыс пен тонды оқытушы аудиторияда түрлі әдіс  – тәсілдерді қолданып, студенттерді шабыттандыру 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
166 
негізінде деркезінде түзетуі керек. Оқытушы түйінді түрде үлгі көрсетіп, студенттерге қайталап жаттығу 
жасатып,  дыбыс  пен  тонды  дұрыс  дыбыстағанға  дейін  жалғастыру  керек.  Студенттер  жеке  дыбыстау 
барысында  кездескен  қиындықтарына  оқытушы  түрлі  амал  –  тәсілдерді  барынша  пайдаланып,  дұрыс 
дыбыстай  алатын  студенттерді  көмекке  тартып,  немесе  оқытушы  өзі  сабақтың  іші  –  сыртында  арнайы 
пысықтау жасауы қажет. Сонымен қатар, студенттер дыбыстау барысында жіберген қателіктері көрнекті 
болып,  өздері  дұрыс  түзете  алмаған  жағдайда,  оқытушы  түрлі  әдіс  –  тәсілдердің  көмегіне  сүйеніп, 
қателіктің қай жерде екнін дүп басып, баяндау әдісі, дыбыс бастау әдісі және салыстыру әдісі т.б. оқыту 
шеберліктері  арқылы  сабырлықпен  түсіндіріп,  үлгі  көрсетіп,  қайталап  жаттығу  жасатып,  дұрыс 
дыбыстауға  қарай  жетелеу  тиіс.Оқытушы  студенттердің  дыбыстау  барысындағы  жіберген  қателіктерін 
мүлде қайталамай, студенттерге құрметпен қарап, олардың қытай тілі фонетикасына селқостық танытпау 
жағын қарайластырып, дұрыс дыбыстау өнімділігіне қол жеткізу керек.  

1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал