Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет22/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

 
УДК: 821.512.1.0 
Ш.АЙТМАТОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 
 
Г. Асқарова  
Абай атындағы ҚазҰПУ, филол.ғ.к.,қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы 
 
 Аңдатпа:  Мақалада  қырғыз  халқының  ұлы  жазушысы,  ойшыл  гуманист,  қоғам  және  мемлекет  қайраткері 
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы қарастырылған.  
 Ш.Айтматовтың  әдебиетке  алып  келген  жаңалығы,  соның  ішінде  жазушының  әлемдік  әдебиетке,  сол  арқылы 
әлеуметтік  өмірге  алып  келген,  ендірген  «мәңгүрттік  сана»  термині  туралы  айтылады.  «Боранды  бекет» 
романындағы идея, кейіпкерлер әлемі, жазушының соңғы кездері жазылған еңбектері сөз болады.  
 Кілт сөздер: қазақ әдебиеті, мәңгүрттік, Найман ана, аңыз, шығармашылық, идея, кейіпкерлер әлемі, адалдық, 
махаббат, аударылуы, т.б.  
Аннотация:  В  статье  рассматривается  жизнь  и  творчество,  общественного  и  государственного  деятеля, 
мыслителя и гуманиста великого киргизского писателя Ш.Айтматова. Чингиз Айтматов был не просто писателем, а 
фигурой,  личностью  влиявшей  на  многие  политические  и  социальные  процессы.В  своих  произведениях  писатель 
поднимал  острые  темы,  которые  часто  пытались  замалчивать  и  игнорировать.  Онучил  своих  читателей  мыслить, 
расширяя  границы  познаваемого.  Он  ввел  в  мировую  литературу  проблематику  «мангурт».  В  романе  «Боранды 
бекет»  тематика  и  идея  служит  духовному  раскрытию  персонажа.  Великий  писатель  киргизского  народа  Чингиз 
Айтматов  оказался  связующим  культурным  звеном  между  Европой  и  Азией.  "Легенда  о  манкуртах"  (людях, 
которым через  деформацию  черепа  уничтожали  память)  стала  притчей  номер один  для всех читателей.  Айтматов 
любил  и  чувствовал  всеми  фибрами  своей  души.  В  мировую  литературу  Айтматов  войдет  именно  таким  - 
неуловимым, тончайшим и пронзительным поэтом в прозе, лириком и романтиком. 
Ключевые  слова:  казахская  литература,  манкурт,  Мать-Найман,  легенда,  творческая  идея,  мир  героев, 
честность, любовь, перевод.  
Abstract:  The  article  discusses  the  life  and  work  ,  public  and  state  figure  ,  thinker  and  humanist  great  Kyrgyz  writer 
Sh.Aytmatova . ChingizAitmatov was not just a writer , and a figure , personality affects many political and social processes . 
In his works, the writer raised the thorny issues that have often tried to gloss over and ignore . He taught his readers to think, 
to extend the boundaries of the knowable . He introduced the world literature perspective " mangurt ." In the novel " Borandy 
Becket  "  theme  and  the  idea  is  spiritual  opening  character.  Great  writer  ChingizAitmatov  Kyrgyz  people  turned  a  cultural 
bridge between Europe and Asia. "Legend of Mankurt" (people who through the deformation of the skull destroyed memory) 
became the talk of number one for all readers. Aitmatov loved and felt in every fiber of his soul. In the world literature so it 
will Aitmatov - elusive and penetrating finest poet in prose, lyric and romantic. 
Keywords:  kazakh  literature,  mankurt,  mother  Naiman,  a  legend,  a  creative  idea,  a  world  of  heroes,  honesty,  love, 
translation 
 
Шыңғыс  Айтматов  –  қырғыз  халқының  ұлы  жазушысы,  ойшыл  гуманист,  қоғам  және  мемлекет 
қайраткері,  Лениндік  сыйлықтың  иегері  (1963),  Қырғыз  Республикасы  ғылымдар  академиясының 
академигі (1974), Социалистік Еңбек Ері (1978), КСРО Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері (1967, 
1975,  1980).  Қаламгер  проза  жанрында,  драматургия,  әдебиет  сыны,  аударма  және  киносценарий 
салаларында  бірдей  өнімді  еңбек  еткен.  Шыңғыс  Төреқұлұлы  Айтматов  1928  жылы  12  желтоқсанда 
Қырғыстан Республикасы Талас өңіріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Жазушы өзінің туған жері 
туралы бір сөзінде: «Менің атамекенім – Шекер аулы ... Манас тауының шыңдарынан тамшыға тамшы 
қосылып, біздің Шекерге ақ көбік, көк бурыл су ағып келеді. Оның аты – Күркіреу. Атына заты жарасқан, 
маңындағы  бар  тіршілікке  ғұмыр  сыйлап  келе  жатқан  су...  Шекерге  жақындағанда-ақ,  жүрегім  алас 
ұрады.  Шіркін,  алдыңнан  күнге  шағылыса  асқақтап  Манас-Ата  шыңы  көрінген  сәттегі  жан  тебіренісін 
айтсаңшы!...» - деп өзінің туып-өскен жерін, табиғаты ғажайып қырғыз өлкесін сағынышпен тебірене еске 
алады [1; 6 б.].  
 Ш.Айтматовтың  өміріне  шолу  жасайтын  болсақ,  оның  балалық  шағы  сұрапыл  соғыс  жылдарымен 
тұспа-тұс  келді.  Тылдағы  ауылдың  небір  қиындықтарын  басынан  өткереді.  Мектептегі  оқуын  амалсыз 
тоқтатып, он төрт жасынан ауылдық кеңестің хатшысы, он бес жасында аудан бойынша салық жинайтын 
агент,  трактор  бригадасының  есепшісі  және  хат  тасушы  сияқты  түрлі  жұмыстар  атқарады.  Адамның 
балалық  шағы  оның  өміріндегі  өзгеше  бір  оқшау,  ерекше  мәнге  ие  болатын  кез.  Балалық  шағында 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
133 
келешек өміріне өзгеше әсер ететін қилы оқиғалар өтеді. Осының барлығы жазушының өмірінде терең із 
қалдырды. Ш.Айтматов:  «Соғыс жүріп жатты. Елдің жаны жаралы, көңілі қаралы. Осы кезде өмір мен 
үшін  беймәлім  беттерін  аша  бастады.  Халық  тұрмысының  небір  сан  тарауларын  өз  көзіммен  оқуға 
мәжбүр  болдым.  Кейіннен  мұның  біразын  шамам  келгенше  «Бетпе-бет»,  «Ана  –  жер  Ана»,  «Жәмила», 
«Шынарым  менің,  шырайлым  менің»,  сияқты  повестерімде  көрсетуге  тырыстым.  Көріп-білгенімді 
жаздым, бәрін есте сақтап жаздым», - дейді» [2;5].  
 1945  жылы  мектептің  алтыншы  сыныбын  бітірген  соң,  Жамбыл  малдәрігерлік  техникумының 
зоотехникалық  бөліміне  оқуға  түседі,  оны  үздік  бітіріп,  Бішкектегі  ауылшаруашылық  институтына 
емтихансыз  қабылданады.  1953  жылы  ауылшаруашылық  институтын  үздік  бітірген  соң  Қазақстандағы 
Жамбыл  облысында  зоотехник  болып  қызмет  атқарады.  Одан  әрі:  көптеген  сан-сала  жауапты 
жұмыстармен айналысады.  
 Ш.Айтматов  түркі  әлемінің  дамуына  үлес  қосқан  ерекше  үлесі  үшін  Түркі  тілді  елдердің  мәдениет 
министрлерінің  кеңесі  (TURKSOY)  тағайындаған  халықаралық  көрнекті  сыйлықтың  тұңғыш  лауреаты 
(2008),  тағы  да  басқа  көптеген  халықаралық  сыйлықтарының  иегері.  Ең  бастысы,  ол  –  туған  елінің  ең 
жоғарғы  «Қырғыз  Республикасының  Батыры»  атағымен  марапатталған.  Шыңғыс  Айтматов  жүріп, 
шығармашылық ізденістерден де қол үзген емес. 
 Ш.Айтматовтың  алғашқы  туындылары  «Әшім»  (1952),  «Сыпайшы»  (1953)  «Ақ  жауын»  (1954), 
«Мұрап»  (1955)  ХХ  ғасырдың  50-жылдары  жарияланды.  Онан  кейін  «Байтамтал  бойында»  (1961) 
«Аспалы көпір» (1956), «Бетпе-бет» (1957) «Алғашқы ұстаз» (1961), «Ботагөз» (1961), «Шынарым менің, 
шырайлым  менің»  (1961),  «Құс  жолы»  (1963),  «Қош  бол,  Гүлсары!»  (1966),  «Қызыл  алма»  (1964), 
«Атадан қалған тұяқ» (1968), «Ақ кеме» (1970), «Ерте қайтқан тырналар» (1975), «Теңіз жағалай жүгірген 
тарғыл төбет» (1977), «Боранды бекет» («Ғасырдан да ұзақ күн») (1980), «Жан пида» (1986), «Кассандра 
таңбасы» (1995), «Құз басындағы аңшының зары» (1997), «Таулар құлағанда» (2006) т.б. болып жалғаса 
берді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі «Жәмилә» повесі (1958) [3].  
 Шығармадағы  басты  кейіпкер  –  Жәмилә  бейнесі  қазақ  оқырмандарына  да  қадірлі,  қымбат.  Қазақ 
халқы  Жамиләны  шынайы  өмірден  алынған  жанды,  бейнелі  образ  болғандықтан  сүйді,  құрметтеді. 
Жәмилә  –  соғыс  кезіндегі  тылдағы  сан  мыңдаған  қазақ,  қырғыз  келіншектерінің  прототипі  секілді. 
Сонымен қатар, ол бізге өз махаббаты үшін күресе алатындығымен, қазақ жігіті Даниярды шын жүрекпен 
адал  сүюімен  ғана  емес,  ұлы  жеңіске,  болашаққа  деген  сенімділігі  мен  құлшынысы,  жан  дүниесінің 
байлығымен  де  қымбат.  Жәмилә  образы  ішкі  жан  дүниесі  терең  ашылып  көрсетілген,  ойы  таза,  сезімі 
мөлдір,  адамгершілік  қасиеті  мол  бейне.  Жазушы  Жәмилә  образы  арқылы  майдан  кезіңдегі  тылда 
тынымсыз еңбек еткен әйелдердің ортақ мақсатын, жеңіске деген құштарлығын бейнелейді [2; 43 б.]. 
 М.Әуезов  пен  француз  жазушысы  Луи  Арагон  осы  шығарма  арқылы  Шыңғыс  дарынын  жоғары 
бағалады.  Л.Арагон  «Әлемдегі  ең  асыл  махаббат»  атты  мақала  жазып,  бұл  повесті  батыс  елдеріне  кең 
мадақтап,  танытты.  «Жәмилә» повесі Шыңғыс үшін алғашқы қадамындағы жаңа бір биік белес болды. 
Жазушы  талантының  жаңа  қырын  -  оның  лирикалық  арнасын  танытты.  Ш.Айтматовтың  «Жәмилә» 
повесіне Кеңес Одағындағы ең жоғары сыйлық – Лениндік сыйлық берілді. Осыдан кейін-ақ Ш.Айтматов 
шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-
сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. Оның соғыс жылдарындағы 
ауыл өмірінің ащы шындығымен көмкерілген нәзік лиризмі бүкіл әлемдік әдебиетке жаңа, соны бетбұрыс 
әкелді.  
 Ш.Айтматовтың әдебиетке алып келген жаңалығы мол. Соның ішінде жазушының әлемдік әдебиетке, 
сол  арқылы  әлеуметтік  өмірге  алып  келген,  ендірген  «мәңгүрттік  сана»  термині  туралы  айтпау  мүмкін 
емес.  «Мәңгүрттік  сана»  ұғымын  Ш.Айтматов  «Боранды  бекет»  романында  әлемдік  деңгейде  өзекті 
мәселе  етіп  көтерді  (1980).  Ал  мәңгүрттік  ұғымы  ел  арасында  бұрыннан  болғанымен  алғаш  қазақ 
әдебиетінде бұл проблеманы 28 жасында көтерген - Ә.Кекілбаев. Қаламгердің «Күй» повесі 1967 жылы 
«Жұлдыз»  (№12)  журналында  жарияланды.  Ал,  орыс  тілінде  шығарма  1969  жылы  Мәскеуден  шыққан 
«Баллады забытых лет» деген жазушы жинағында жарияланғаны белгілі. Араға он үш жыл салып 1980 
жылы Ш.Айтматовтың  «Боранды бекет» романы  «Новый мир» (№11) журналында жарияланып, қалың 
оқырманның  бірден  қалаулы  шығармасына  айналды.  Міне,  осыдан  соң,  мәңгүрттік  проблемасы 
әдебиеттегі,  қоғамдағы  өзекті  жаңалық  болып  танылып,  ал  бұл  мәселені  әдебиетте  бірінші  көтерген 
Ш.Айтматов саналып кетті. «Боранды бекет» романы қазақ тілінде 1986 жылы жеке кітап болып шықты.  
 Бірақ екі жазушы бір ұғым жөнінде екі түрлі қөзқараспен қараған, екі түрлі  идеялық ой түйіндеген. 
Ә.Кекілбаев  шығармасында  мәңгүрттік  мәселесі  аңыз  түрінде  емес,  екі  ел  (қазақ  пен  түрікпен) 
арасындағы  шапқыншылық  секілді  өмір  шындығына  негізделіп  бейнеленген.  Мәңгүрт  жасау  –  қолға 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
134 
түскен  дұшпанан  кек  алу,  оны  мұқату,  азаптау,  тұтқынды  ақыл-есінен  айырып,  басы  байлы  құл  ету. 
Повесте мәңгүрт жасау ісі өмірде болған нақтылы оқиға ретінде суреттелген.  
 Ш.Айтматовтың  мәңгүрттікті  суреттейтін  «Боранды  бекет»  романының  оқиғасы  қазақ  даласы  – 
Сарыөзек бекетінде өтеді. Оқиға аңыз-әңгімеге құрылған. Жазушы Найман-Ана аңызынан сыр шертеді. 
Ұрпағы үшін жанталасқан батыл, қайратты Ана бейнесін шеберлікпен сомдау арқылы мәңгүрттіктің адам 
баласы  үшін  аса  қатерлі  әлеуметтік  дерт,  қауіпті  құбылыс  екеніне  жұртшылық  назарын  аудартады. 
Адамзат қоғамын мәңгүрттіктен сақтандырады.  
 Шығармада:  «-Құдай-ау,  қандай  күйге  душар  қылған  сені!,  -  деп  сыбырлаған  ана  мұңлық  қайтадан 
еріксіз аузы кемсеңдеп, ыза мен қайғыға булығып, өзін өзі баса алмай, өксіп-өксіп, үзіліп-үзіліп боздай 
берді. Ана қайғысы мәңгүртке шыбын шаққан ғұрлы көрінген жоқ.  
– 
Ау, жерінді, суыңды тартып алса мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да 
мейлі, - дейді ана үнін шығарып. – Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қаражүрек ойлап тапты, 
құдай-ау?! О, құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа 
сұмдық аз ба еді?» [5; 111 б.].  
 Жазушы есте жоқ ескі замандарда жуан-жуандардан зардап шеккен Найман ананың зары мен бүгінгі 
бейбіт  заманда,  жаңа  дәуірде  ешбір  қорлық,  азап  көрмей-ақ  мәңгүртке  айналған  Сәбитжан  секілді 
қоғамның өкілдерін қатар ала отырып суреттеген.  
 Сабитжан - оқыған, басшы да болып жүрген, бәрін білетін, білгенін жұртқа үйрете алатын жігіт. Ол 
білгішсініп, дастархан басында түнімен сөйлесуге де бар. Ол күнделікті газет хабар-ошарды қойып, аспан 
әлемін  шарлап  кетуге  де  әзір.  Бірақ,  осынша  «білгіш»  Сәбитжан  ата-баба  аруағын,  өз  халқының  салт-
дәстүрін,  әдет-ғұрпын  сыйлауды  білмейді.  Демек,  шын,  рухани  мәңгүрт  Сәбитжандар,  естелік  жазғаны 
үшін  адамның  тағдырын  аяқ  асты  етіп,  бір  шаңырақтың  отын  өшіруші  тергеуші  Таңсықбаевтар.  Бұлар 
ақыл-ойдан, адамшылықтан ада және өз айналасының, туған елі мен жерінің қадіріне жетпейтіндер.  
 Жазушының  айтпағы  –  қаншама  білімді  кәсіп  иесі  болсаң  да,  түптің-түбінде,  адами  қалып  басты 
өлшем  болып  қала  бермек.  Мәңгүрттену,  мәңгүрт  атану  бір  отбасына  ғана  емес,  бүкіл  ұрпақты  жоюға 
әкелетіндігін,  одан  сақ  болу  керектігін  үндейді.  Жазушы:  «Әне,  анау  Сәбитжанды  айт.  Титтейінен 
интернатта да оқыды, институтта да оқыды, түрлі мамандық көтеру курстарын да тамандады. Қазанғап 
байғұс  Сәбитжаным  мұқтаждық  көрмесін,  басқалардан  кем  болмасын  деп  тапқан-таянғанының  бәрін 
соның аузына тосты – не шықты? Білімді білуін біледі-ақ. Бірақ жетесіздің аты жетесіз. Аузынан ақ май 
ағызсаң да адам болмайды» [4; 123 б.].  
 Найман-Ана  аңызында  Жоламан  қара  күштің  зардабынан  ақыл-есінен,  сана-сезімінен  айрылып,  өз 
анасының жүрегіне сұр жебе қадаса, ал бүгінгі Сәбитжандар ешкімнің қорлық-зорлығынсыз, өз еркімен, 
атадан-балаға мирас ғұрыпты, салт-дәстүрді, адамгершілік парызды тәрк етушілер.  
 Шығармада  әкесінің  соңғы  өсиетін  орындап,  ақыреттік  соңғы  сапарға  шығарып  салардағы 
Сәбитжанның іс-әрекетінен мәңгүрттік сана анық көрінеді. Осындай сындарлы шақта Сәбитжан әкесінің, 
туған-туыстарының, қала  берді, елінің үмітін аяқтай алмай қалады. Кінәлі кім, оқытып, барлық жағдай 
жасаған,  бірақ  ата-бабалардың  салт-санасын,  дәстүрі  мен  жол-жобасын,  жөн-жосығын  бойына  дарыта 
алмаған әке Қазанғап па, әлде қоғамдық жүйе немесе әлеуметтік орта ма? 
Жазушының  «Боранды  бекет»  шығармасында  тоталитарлық  жүйе  тұсындағы  тұтас  қоғамға,  соның 
ішінде бәріміздің ақыл-ойымызға, түсінігімізге идологиялық шіре салынғандығы, мұның өзі бір режимге 
бағындырып, бұғаулап ұстау мақсатында жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.  
Ш.Айтматовтың шығармашылық ерлігі сол, ол «Боранды бекет» арқылы Кеңес империясы барынша 
күшейіп тұрғанның өзінде ол жүргізіп отырған КСРО-да біртұтас «совет халқын» қалыптастырып, «түрі 
ұлттық, мазмұны социалистік» мәдениет жасау арқылы басқа халықтарды ұлттық сана-сезімінен айырып, 
орыстандыру саясатына қарсы шығып, алғаш үн көтерді. «Боранды бекет» шыққан соң, жұрт ендеп бара 
жатқан мәңгүрттікке назар аударып, ұлттың болашағы үшін аса қатерлі дерт деп танып, дабыл қақты [5; 
41 б.]. 
 «Боранды  бекет»  романын  жазарда  Ш.Айтматов  мәңгүрттік  тақырыбын  үңіле  зерттеген  болатын. 
Мәңгүрттік туралы алғашқы деректердің бірі осыдан Х ғасырдан астам уақыт бұрын жырланып, қырғыз 
халқынын ерлік пен елдік энциклопедиясына айналған «Манас» эпосында кездеседі. Онда бала Манастың 
тентектігі  мен  шыдас  бермеген  күшінен  қорыққан  қалмақтар,  оны  мәңгүрт  етіп  жіберейік  деп,  уәж 
байланысқаны жырланады. 
 «Боранды  бекет»  романының  алғашқы  атауы  «Шіре»  болған.  Әдеби  ұғымдағы  кепеш  кигізу,  шіре 
байлау деген сөздермен мәңгүрттіктің мән-мағынасы бір деуге болады.  
 Адамға  деген  шексіз  махаббат  Ш.Айтматовтың  шығармашылық  өнерінің  ең  басты  қасиеті  болды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
135 
Адамды  қастерлей  білу  қай  заманда  болсын  қоғамның  негізгі  мәселесі  болмақ.  Қаламгердің  кез-келген 
шығармасында  қарапайым  адамдардан  құдіретті  ешкім  жоқ.  Айматовтың  бүкіл  шығармаларының 
әлеуметтік астары мен философиясы осыған саяды. Оның Танабайы мен Едігесі, Жамилә мен Әселі бүкіл 
адамзатты ізгілік пен адамгершілікке, бауырмалдық пен адал махаббатқа үндейді. 
 Оның  бүкіл  шығармашылығының  алтын  арқауы  адам  бойындағы  ең  жақсы  қасиеттерге  жол  ашу: 
сенімнің тазалығы,  махаббатқа адалдық, ел мен жер алдындағы азаматтық борышыңды ұғына білу. Ең 
бастысы жазушы өз замандастарына бірін-бірі, яғни адамды адамның қастерлей білуіне әсер етті. 
Ш.Айтматов  шығармалары  өте  ықшамды,  көлемі  аз  болғанымен,  мазмұн  жағынан  өте  бай  келеді. 
Жазушы  көркемдіктің  сыры  ықшамдылықта  деп  таниды.  Жазушының  осы  қасиеттері  болар  оған 
«Адамзаттың  Айтматовы»,  «Айтматов  айдыны»,  «Шығыстың  Шыңғысы»,  «Түркі  әлемінің  жұлдызы» 
деген қанатты атауларды қалыптастырып, санамызға сіңдірді.  
 М.Шаханов  бірнеше  жыл  Қазақстанның  Қырғызстандағы  Елшісі  болды.  Ш.Айтматов  пен 
М.Шахановтың  жиі-жиі  кездесуі,  заман  туралы,  өздері  жайлы  сырласуы  дүниеге  «Құз  басындағы 
аңшының  зары»  (Ғасыр  айрығындағы  сырласу)  атты  ортақ,  бірлесіп  жазған  эссені  (1997),  «Сократты 
ескеру түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот» атты драманы (1998) әкелді.  
 Жазушының соңғы еңбектерінің бірі – «Кассандра таңбасында» басты кейіпкер ғарышкер ғалымның 
тұрағы – ғарыш, космостық орбита станциясы. Оның Отаны жоқ. Ұзақ жылдар бойы жасанды адамдарды 
зерттеген  ғалым  Жер-Анаға  қайтудан  үзілді-кесілді  бас  тартады.  Өз  күнәсінен  арылып-тазарту  үшін, 
осылайша ғарыш тақуасына айналады. Сондықтан да оны мазалаған ауылдағы қазан-ошақ, сары баланың 
қамы емес, жұмыр жердің, адамзаттың тағдыры. Шығарманың басты идеясы – адамзаттың жойылу қаупі 
басқа  бір  сырт  күштерден,  болмаса,  табиғат  апаттарынан  емес,  тек  адамзаттың  өзінен  ғана  келетінін 
ескерту.  Расында,  қазіргі  кезеңде  әлемде  болып  жатқан  түрлі  табиғат  апаттарының  себептері,  тек 
адамдардың  қоршаған  ортаға,  табиғатқа  салғырт,  немқұрайлы  қарауынан,  жұмыр  басты  пенелердің 
тойымсыздығы мен опасыздығынан болып жатқаны шындық. Иә, шындық қашан да ащы болмақ.  
 Ш.Айтматов  шығармаларын  қырғыз,  орыс  (негізінен  орыс)  тілдерінде  жазды.  Жазушының  негізгі 
шығармаларының  бәрі  дерлік  қазақ  тілінде  жарық көрді.  Шыңғыс  шығармалары  қазақ  даласына  сиясы 
кеппей-ақ  тез  тарады,  қазақ  елінде  оның  шығармалары  Қ.Нұрмаханов,  Қ.Мұхамеджанов,  А.Нұрқатов, 
З.Қабдолов,  Ш.Мұртазаев,  Б.Сахариев  сияқты  белгілі  сөз  шеберлерінің  аудармаларымен  де,  түп 
нұсқалары арқылы да түгелдей дерлік жетіп отырды. 
 Ш.Айтматов – ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың ешкім қайталай алмайтын ұлы тұлғасы. Бір өзі бір әлем. 
Көзі  тірісінде  әлем  әдебиетінің  классигі  аталса  да,  асу  мен  тасуды  білмей,  Құдай  берген  кішіпейіл 
мінезінен танбай, азаматтығына шаң жұқтырмай өтті (М.Шаханов). 
 
1 Айтматов Ш., Шаханов М.  Құз басындағы аңшының зары. – А.: Рауан, 1997. - 352 б. 
2 Айтматов Ш. Жәмилә. Повестер. – А.: Атамұра, 2005. – 312 б. 
3 Мылтықбаев Р. Шыңғыс Айтматов. – А.: Жазушы, 1978. - 88 б. 
4  Айтматов Ш. Ғасырдан да ұзақ күн. Роман, повесть. – А.: Атамұра. 2005. – 312 б. 
5  Ысқақұлы Д. Айтматов айдыны // Жалын, 2008.  - № 11. 
 
УДК 070 (574 092) 
Ж. ЖӘНІБЕКОВХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТА ЖАЗҒАН АЛҒАШҚЫ 
ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БІРІ 
 
Э.Е. Ибраева - 3-курс PhD докторанты 
 
Аңдатпа:  ХХ  ғасыр  басында  қазақ  зиялыларының  алдында  ұлы  міндет  тұрды.  Ол  міндет  –  халықтың  мәдени 
өміріндегі жаппай оқу-ағарту ісі еді. Қазақтың ХХ ғасыр басында қалыптасқан интеллигенция өкілдері өркениетке 
ұмтылудың бірден-бір жолы – халықтың өнер-ғылым, оқу-білім игеруі екенін ұғынды. Зиялы азаматтар осы бағытта 
табанды  іс  жүргізіп,  елге  насихат  айтты.  Елдік  мәселеге  ерте  жастан  араласқан  алаш  азаматы  –  Ж.Жәнібеков  қай 
тақырыпты қаламына арқау етсе де, оның астарынан елін оқу-білімге үгіттеген ағартушылық мақсат көрінеді. Бұл 
ғылыми  мақалада  XX  ғасыр  басында  қалыптасқан  алаш  зиялыларының  бірі  –  Жанұзақ  Жәнібековтың 
шығармашылығы  сөз  болады.  Қаламгердің  «Қазақ»  (1913-1918)  газетінің  «Сыртқы  хабарлар»  айдарында 
жарияланған халықаралық тақырыптағы мақалаларының идеялық мақсаты қарастырылады. 
 Кілт сөздер: Алаш, «Қазақ газеті», Жанұзақ Жәнібеков  
Аннотация:  В начале  ХХ  века  стояла  великая задача  перед  казахской интеллегенцией. Это задача  –  массовое 
просвещение  в  культурной  жизни  народа.  Представители  казахской  интеллегенция  созданной  в  начале  ХХ  века 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
136 
понимали,  что  единственный  путь  к  достижению  цивилизации  –  это  освоение  народом  искусства,  знаний  и 
образования.  Они  неустанно  работали  в  этом  направлении  и  агитировали  народ.  Гражданин  Алаш  Ж.Жанибеков, 
который  начал  участвовать  в  проблемах  народа  в  раннем  возрасте,  не  важно  на  какую  тему  писал,  но  в  его 
произведениях  виден  подтекст,  где  призывает  народ  к  просвещению.  В  статье  рассматривается  творчество 
ЖанузакаЖанибекова–  одного  из  выдающихся  представителей  интеллигенции  "Алаш"  начала  ХХ  века.  А  также 
анализируется  его  авторская  позиция  в  статьях  на  общественно-политические  темы  зарубежной  жизни,  которые 
публиковались под рубрикой «Зарубежные известия» на страницах газеты «Казах» (1913-1918). 
Ключевые слова: Алаш, газета «Казах», Жанузак Жанибеков  
Abstract: Great task stood in front of Kazakh intelligentsia in the beginning of the XX century. It was total education in 
cultural life of nation. Representatives of Kazakh intelligentsia formed in the beginning of the XX century have understood 
that one way of aspiration to civilization was to possess art, science and education. Intelligentsia citizens did a great work in 
this direction and agitated for it. Alash citizen ZhanuzakZhanibekov, who started participating in national issues in early years, 
had his own underlying theme of agitating education in all his writings. This article is about creativity ZhanuzakZhanibekov 
outstanding representatives of intellectuals'' Alash "early twentieth century. Also analyze his authorial position with articles on 
social and political themes foreign life, which were published under the heading" Foreign News "in the newspaper" Kazakh 
"(1913 - 1918). 
Keywords:Alash, «Kazakh» newspaper, ZhanuzakZhanibekov 
 
Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін  Алаш  қайраткерлерінің  мұраларын  жүйелі  зерттеу  ісі 
қолға алына бастады. Алаштықтардың белгісіз болып келген еңбектерін ашуға мемлекет тарапынан кең 
қолдау  білдірілді.  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Тарих 
толқынында»  атты  кітабының  «Алаш  мұрасы  және  осы  заман»  бөлімінде:  «Ұлттық  саяси  ұйымның 
жасақталуының  өзі  отандық  тарихымызда  жеріне  жете  зерделенбей  келеді.  «Алаш»  партиясының 
жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр»
 [1]
, – деп атап өткен 
болатын.  
Ұзақ жылдар бойына зерттеушісін күтіп, журналистика тарихында есімі көмескі ғана аталып келген 
алаш азаматттарының бірі – Жанұзақ Жәнібеков. Осы күнге дейін ғылыми айналымда санаулы мақаласы 
ғана  белгілі  болып  келген  «Қазақ»  газетінің  редакторы  –  Жанұзақ  Жәнібековтің  мұралары  бүгінде 
зерттеліп, зерделенуде.  
Алаш  қайраткері  Ж.Әлжанұлы  жайында  Қазақстан  Республикасы  Ақмола  облыстық  мұрағаттағы 
қылмыстық іс материалдарынан мынадай деректер сақталған: 
Жанұзақ  Әлжанұлы  Жәнібеков  –  1889  жылы  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Петропавл  қаласында 
дүниеге  келген.  1912  жылдың  күзінен  1913  жылдың  мамыр  айына  дейін  баспаханада  қаріп  теруші 
қызметін атқарады. 1913 жылы Орынбор қаласына қоныс аударып, 1918 жылға дейін «Қазақ» газетінде 
қызмет  атқарады.  «Қазақтың»  1918  жылғы  №№261-263  сандарына  уақытша  шығарушы  ретінде  қол 
қойған.  «Қазақ»  газеті  жарыққа  шығуын  тоқтатқаннан  кейінгі  жылдарда  «Бостандық  туы»  газетінде 
редколлегия мүшесі, «Кедей» газетінің редакторы болды.  
Жанұзақ Әлжанұлы тұтқынға алынған уақытта «Каззолото» трест жүйесінде Степняк кен орнынының 
поселкелік кеңесінің төрағасы қызметінде болды.  
Жәнібеков  Жанұзақ  Әлжанұлы  1937  жылдың  28  шілдесінде  «контрреволюциялық  ұйымның  мүшесі 
болған, Степняк кен орнында зиянды әрекеттер жасаған және кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізген» деген 
айып  тағылып,  Солтүстік  Қазақстан  облыстық  НКВД  (НКВД  –  КСРО  Ішкі  істерінің  ұлттық 
комиссариаты)  басқармасының  қаулысымен  тұтқынға  алынады.  Үштіктің  (КГБ  –  КСРО  мемлекеттік 
қауіпсіздік комитеті) 13.09.1937 жылғы қаулысымен (№6 хаттама) 58-10, 58-11 баптары бойынша кінәлі 
деп табылып, ату жазасына кесілген. 
Ату жазасына кесілген үкімнің жүзеге асқаны және марқұмның жерленген орны туралы деректер жоқ. 
Көкшетау  облыстық  прокуратурасының  27.12.1958  жылғы  қаулысымен  Солтүстік  Қазақстан 
облыстық  НКВД  басқармасы  Үштігінің  13.09.1937  жылғы  Жанұзақ  Жәнібековке  қатысты  қаулысы 
жойылып, қылмыстық әрекетінің жоқтығы анықталады. 
 Қазақстан  Республикасының  1993  жылғы  14  сәуірдегі  «Жаппай  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын 
ақтау туралы» Заңының 4,5 баптарына сәйкес  Жанұзақ Жәнібеков жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны 
ретінде ақталады.  
Жанұзақ Жәнібеков – қоғамдық-әлеуметтік өмірге ерте жастан араласқан қазақ зиялыларының бірі.  
Ресей  империясының  қоластында  болған  қазақ  жерінің,  қазақ  елінің  тағдыры  Ж.Жәнібековты  қатты 
толғандырды. Халқының басына түскен тауқымет оны ерте есейтті. Отаршылдық жүйеге қарсы тұрарлық 
елдік күш – білім-ғылымда екенін ұғынды. Қазақ халқын оқу-білім үйреніп, өнер-ғылым игеруге үгіттеді. 
Ол осы бағытта еңбек етуден шаршамады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
137 
Ж.ӘлжанұлыныңҚазан қаласында басылған «Айна» (1908) және «Балалар бәдуамы» (1909) жинақтары 
ағартушылық бағытта жазылды.  
Ол өзінің 19 жасында екінші рет басылған «Айна» кітабында: «Балаларыңызды келешек заман үшін 
үйретіңіздер. Осы заманымыз – келешек заманның айнасы. Келешек заман үшін нелер керегін осы күннен 
аңғарып қойыңыздар», – деп жазды
[2]

Өркениетті  елдердің  дамуына  жіті  бағып,  қазақтың  болашағына  ойша  көз  тіккен  өз  дәуірінің  зиялы 
азаматы қазақтың басқа елдермен терезесі тең болуы үшін өнер-білім игеру қажеттігін түсінді. Қаламы 
арқылы  халқына  білім-ғылымды  насихаттаудан  шаршамады.  Надандықтан  арылуды  көксеген  ол  жас 
ұрпақтың  оқу  оқып,  білім  алуын  жан-тәнімен  қалады.  Онсыз  ұлы  державаның  қоластында  біржола 
жойылып кету қаупі барын сезді.  
Ж.Жәнібеков  өркениетке  бет  алған  елдердің  қателігінен  үйреніп,  жетістіктерін  меңгеруді  меңзеді. 
Көбіне  бауырлас  түрік  елі  туралы  мақалалар  жазып,  Түркияның  ғылым  жолындағы  заманауи 
жаңалықтарын  сөз  етті.  1913-1918  жылдары  Орынбор  қаласында  жарық  көрген  «Қазақ»  газетінің  әр 
санында  «Сыртқы  хабарлар»  айдары  басылды.  Бұл  айдар  бойынша  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жайы, 
әсіресе Балқан соғысына дейінгі, соғыстан кейінгі түрік бауырларымыздың ішкі жағдайын қалт жібермей, 
аңдаған мақалалар бірінен соң бірі жарық көрді.  
Солардың  ішінен  Жанұзақ  Жәнібековтың  мақалаларын  бағамдап,  идеялық  мақсатын  тануға  әрекет 
жасап көрелік;  
«Қазақ» газетінің №26 санында Ж.Жәнібековтың «Османлы түріктері»
[3]
атты мақаласы басылады.  
«Біздің қазақ Стамбұлдағы османлы түріктерін «түрік» деп атайды, халифе жұрты деп атаушылары да 
бар.  Төтесі  оларды  османлы  түріктері  деп  атау  керек.  Газетімізде  олар  туралы  мақалалар  жарияланып 
жатыр, осы түріктер біздің нағыз бауырларымыз болады», – деп басталады мақала.  
Автор осы османлы түріктерінің осы күнгі Түркия дейтін мықты патшалық құрып, заманында аузынан 
от  шашқан  айбарлы  патша  болғанын  жазады.  Алайда,  Балқан  түбегіндегі  кішкентай  төрт  патшалықтан 
жеңіліп қалғанын, 30-40 жыл бұрын түріктің қойын бағып, қосын артқан сол елдерге енді жерлерін беруге 
мәжбүр болғанын қынжыла баяндайды. Анадолы елінің білімді азаматтары кезінде айбары асқан өз елінің 
соғыста  жеңілуінің  себебін  іздейді,  соңында  мынадай  шешімге  келіп,  қорытынды  жасайды.  Түрік 
зиялыларының  тілі  араб,  парсы,  француз  тілдерімен  араласып,  түрік  тілінің  тазалығы  жоғалған.  Осы 
себептен, түріктің оқығандары мен қарапайым бұқара халық арасындағы байланыс үзілген. Осы жағдай 
қарапайым  түрік  азаматтарының  көкірегіндегі  Отанға  деген  махаббатының  азаюына  әкелді  деп 
тұжырымдайды.  Анадолы  жұртының  зиялылары  осы  қателіктерін  түзеу  мақсатында  бұқара  халықтың 
ішіне мектеп ашып, кітаптарын араб, парсы,  рум  тілдерін араластырмай, таза түрік тілінде, қара халық 
ұғынатындай жеңіл тілмен жазуды қолға алғанын баяндайды.  
Тіл мәселесі – қай ұлт болмасын, қай дәуір болмасын қашанда өзекті екені даусыз.  
Түріктердің  ұлы  шайқаста  жеңілуінің  себебі  –  сол  кезеңдегі  түрік  тілінің  бейшара  халімен 
байланыстырылады. Ұлттық тілдің дәрежесі  – сол  ұлттың тұтастығы, бекемдігі мен қуатының айғағын 
білдірері сөзсіз.  
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  басына  да  қара  бұлттай  үйірілген  қатер,  ол  –  қазақ  тіліне 
төнген  қауіп  болатын.  1913  жылы  «Қазақтың»  №2  санында  А.Байтұрсынов:  «Ұлттың  сақталуына  да, 
жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
[4]
,– деп 
ешнәрсемен өлшенбейтін тілдің құндылығы жөнінде ой түйеді. Ыдыраған Осман империясының орнына 
Жаңа Түркия Республикасын құрған Кемал Ататүрік: «Түрік ұлты деген сөз – түркі тілі деген сөз»
[5]
,– деп 
тілдің тек қоғамдық қатынас құралы ғана емес, тіл – тұтас ұлт екенін баян еткен. 
Жанұзақ  Жәнібеков  «Османлы  түріктері»  мақаласында  бауырлас  түрік  елінің  соғыстан  кейінгі  ішкі 
ахуалын баян ете отырып: «Бұл заманда бір патшалықтың қуаты оқу-өнерінің мөлшерімен білінеді. Қай 
патшалықтың  халқы  оқу-өнерлі  болса  сол  патшалықтың  айбары  өткір  болмақшы»,  –  деп  оқу-білімнің 
маңызын келтіреді.  
Автордың бұл сөйлемдерінің астарында феодалдық мешеуліктен айыға қоймаған қазақ қоғамын оқу-
өнерге, білім-ғылымға шақырғаны сезіледі.  
Өз  елінің  болашағын  ойлап,  халқының  білім-өнер  жолында  еңбектеніп,  өзге  елдермен  терезесі  тең 
болғанын арман еткен Жанұзақ Әлжанұлы қазаққа жан-тәнімен оқу-білімді насихаттаумен болды. 
Жанұзақ  Жәнібековтың  «Қазақ»  газетінің  №48  санында  «Түркияның  ішкі  істері»
[6]
атты  мақаласы 
жарық көреді. Бұл мақаласында да автор бауырлас Түркияның Балқан соғысынан кейінгі ішкі жағдайына 
шолу  жасайды.  Жаңа  мезгілдік  реформалар  жасалынып,  Түркия  халқының  әлеуметтік  күйінің  жандана 
бастағанын жазады.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
138 
Мақала барысында Ж.Жәнібеков:  «...түріктердің терең ой жіберіп, көп күш сарп қылып қолға алған 
нәрселері  оқу-өнер  жолы»,  –  дейді.  Анадолы  жұртының  оқу-өнер,  білім-ғылымға  мойын  бұрып,  түрік 
жастарының оқу-өнер үйренуге Еуропа мемлекеттеріне кетіп жатқанын қуанышпен баяндайды.  
«Өткен жыл декабрь айында «Осман сұлтанның жеке патша болғанын еске түсіру» деген мейрамдары 
болып  өтті»,  –  деп  автор  сол  мейрамда  түріктер  өздерінің  түрік,  ұлы  түрік  екендіктерін  естеріне  алып, 
елдің рухын көтеру мақсатында заманында қаһармандықпен аты шыққан ата-бабаларын еске түсіргенін 
жазып: «Өзінің кім екендіктерін білмеген ұлтта жігер аз, қайрат кем болады», – деп ой түйеді.  
Осылайша, Түркия еліндегі бауырлас мұсылман халқының тұрмыс ахуалының жақсарып, қоғамдық-
әлеуметтік  жағдайының  беталысын  қуана  баяндаған  мақала  авторы  –  Жанұзақ  Жәнібеков  енді  түрік 
бауырларымыздың «маңдайы ашық, мерейі үстем болуы анық» деп қорытынды жасайды. 
Жанұзақ  Әлжанұлы  Жәнібековтың  көңіл  қоярлық  тағы  бір  мақаласы  –  «Түрік  ұшушыларының 
өлімі»
[7]
. Бұл мақала «Қазақ» газетінде 1914 жылы (9 март) №53 санында «Сыртқы хабарлар» айдарымен 
жарияланады.  
Бұл  мақаласында  Ж.Жәнібеков  өркениетке  қол  созған  Еуропа  елдеріндегі  өнер-білімнің  дамуы  мен 
адамзат баласының ғылым жолындағы жетістіктерін қаламына арқау еткен.  
Автор  адамзаттың  озық  ақыл-ойынан  туған  автомобиль,  поезд,  кеме  секілді  тұрмыстық 
техникалардың  дамып  жатқанын,  енді  көкте  ұшу  ісі  қолға  алынғанын  баяндайды.  Ұшақ  жасау  ісі 
алдымен Европа, Америкада басталып, осы күнде түріктер де бұл білімді игеруге әрекет етіп жатқанын 
жазады.  
 «Стамбұлға  жалғас  бір  қорғанда  түрік  ұшушыларын  ұшуға  үйрететін  мектеп  бар,  сонда  түрік 
офицерлері ұшып, не түрлі тәсіл-тетік бар болса, үйреніп талаптанып жатыр», – дейді мақала авторы. 
Түркия  үкіметінің  ұшақтарды  байқап  көріп,  сынақтан  өткізуді  атақты  ұшушы-офицерлер  Фахтибек 
пен Нұрибекке тапсырғанын жазып, оқиғаның дамуы мен салдарын одан әрі баяндап береді.  
Ұшушы-офицерлер – Фахтибек пен Нұрибек Анадолы түбегіндегі ауылды таңырқатып, Ескі-Шеһир, 
Кония,  Адана,  Алеппо  деген  шаһарлардан  аман  өтіп,  Кония  мен  Адана  шаһарларының  арасындағы 
биіктігі  үш  жарым  шақырым  Торос  деген  асқар  биік  таудың  үстінен  де  ұшып  өтіп,  түрік  халқының 
қошеметі мен құрметіне бөленгенін келтіреді.  
Соңында Бейруттан Шамға жетіп, Шамнан Құдысқа бет алған Фахтибектің ұшағы қазаға ұшырап, күл-
талқан  болады.  Офицер  Фахтибектің  сүйегі  Шам  шаһарындағы  ескі  түрік  сұлтаны  Сұлтан  Салахаддин 
Аиубдің  қабірі  қасына  жерленеді.  Түрік-болгар  соғысында  зор  ерлік  көрсеткен  ұшушы-офицер 
Фахтибектің өлімі туралы Ж.Жәнібеков: «Түрік ұлтына аспан жолын ашып беріп шаһид болды. Мұның 
өлімі ардақты өлім», – деп өз тұжырымын жазады. 
Ұшушы-офицер Нұрибек те Шам шаһарына барып, онан Бейрутке жеткенін, соңғы келген телеграмма 
хабары бойынша ол да Яфа қаласының маңайында теңізге түсіп опат болғанын жазады.  
Әуеде  ұшу  өнерін  игеріп,  заманауи  техниканы  меңгеруге  талаптанған  түріктердің  беталысын  өз 
жұртына осылайша баяндаған мақала авторы «Түрік ұшушыларының өлімі» мақаласын былай аяқтайды:  
«Ануар  паша  нөкерлеріне  мынаны  айтты:  «Аспан  жүзінде  ұшып,  тәсіл-тетік  үйрену  міндетіміз,  бұл 
жолда қанша құрбан берсек те, әйтеуір Искандарияға жетпей қоймаймыз», – деді». 
Бұл – мақала түйіні. Автор озық білім мен заманауи техниканы игеруге ұмтылған түріктердің қайтпас 
қайсарлығы мен өжет рухын паш етеді.  
Өз кезегінде бүтін түріктің атасы Мұстафа Кемал: «Әлемдегі барлық нәрсе үшін, табысқа жету үшін ең 
шынай жол бастаушы – ғылым, техника.  
Ғылым мен техникадан басқа жол көрсетуші іздеу – қате, қараңғылық, адасушылық»
 [8]
, – депті.  
Алған бағытынан танбай, ғылым мен білім жолында ізденіп, тәуелсіз дамыған Түрік елі – ХХІ ғасырда 
өркениетті елдер қатарынан көрінген Европадағы бауырлас мұсылман мемлекеті.  
«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деген мақал бар.  
Бауырлас  түрік  халқының  көзі  ашық  азаматтары  кезінде  Балқан  соғысындағы  жеңілісінің  себебі  – 
халық  арасында  оқу-білімнің  жеткіліксіздігі  деп  топшылаған  болатын.  Жанұзақ  Әлжанұлы  түріктердің 
соғыста  жеңілісін  қынжыла  баяндаса  да,  я  болмаса  түрік  азаматтарының  әуеде  ұшу  өнерін  меңгеруге 
талабын қуана хабарласа да – оның астарынан озық білімді насихаттау көрінеді.  
Жанұзақ  Әлжанұлының  түріктер  жайында  жазылған  ендігі  бір  мақаласы  –  «Қазан»
[9]
  деп  аталады. 
Автордың бұл еңбегі ақпараттық бағытта жазылған, «Қазақ» газетінің №63 санында жарық көрді.  
Қазан  шаһарында  тұратын  профессор  Катановтың  7  мың  түптелген  кітабын  Түркияның  уақфтар 
назараты  ( 
араб  сөзі,  уақфтар  назараты  –  бұл  жерде  «қайырымдылық  қордың  қаржысына» 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
139 
деген  мағынада)  Стамбұлда  жасалатын  кітапханаға  қою  үшін  6  мың  сомға  сатып  алғаны  баяндалады 
мақала  басында.  Түріктердің  осы  кітапты  қарап  алу  үшін  Қазанға  екі  кісі  жібергенін,  бұл  кітаптардың 
ішінде әр түрлі ғылым, пән кітаптары бар екенін жазады.  
Жанұзақ Әлжанұлы: «Олар 100 абдыраға салып алып жөнелмекші. Түріктер осы күнде Стамбұлда бір 
зор  кітапхана  ашпақшы.  Бұл  кітапханаға  дүниенің  әр  шетіндегі  шаһардың  кітапханасындағы  түрік  һәм 
түріктік  хақында  жазылған  кітаптарды  сатып  алмақшы.  Яки  сонан  көшіріп  алмақшы.  Бұл  түріктердің 
артына айналып қарағандарының бір белгісі. Өзінің бабаларының тілін, тегін, ерлігін білмеген жұрт басқа 
жұрттардың  қарасына  еріп,  өзінің  ұлттығын  жоғалтады.  Ұлттығы  жоғалған  халықта  жүрек,  табан 
болмайды. 
 
Сөйтіп осы күнгі жас өспірім балаларының көңіліне түріктің тұқымын егіп, ұлттық сүйкімін күшейтіп, 
келер заман үшін ер жүректі, жігерлі, шыдамды азаматтар даярламақшы болып жатыр», – деп ой түйеді.  

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал