Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет17/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

ӘОЖ  821.512.122.0 
ТАБИҒАТ,АДАМ, ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ 
 
Н.М. Рахманова - ф.ғ.к., 
ҚазмемқызПУ- дің доценті 
 
  Аңдатпа:  Бұл  мақалада  М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күні»  әңгімесіндегі  табиғат,  адам,  қоғам  тұтастығының 
көрінісі  сөз  болады.  Әңгімедегі  ой  ағысы,  мифологиялық  тарихилық  шегініс  себебі,символикалық  мән, 
психологиялық параллелизм көріністері, автор образының поэтикасы талданады. Шығармадағы ашық монологтың 
ұзақтығы  және  диалогтың  жоқтығы  түсіндіріледі.  Ұлттық  танымды  санадан  ысыру,  ар  мен  намысты  таптау 
күрескерлік  идеяға  әкелетінін  автордың  емеурінмен  білдіретіні  зерделенеді.  Мақалада  әлеуметтік  орта  қорғансыз 
еткен жандардың жан әлемін бейнелеуде Әуезовтің ұлттық шеңберден асып, жалпы адамзаттық болмысты іздеуге 
барғаны айтылады.  
 Кілт  сөздер:  Адам  психологиясы,  ой  ағысы,  монолог,  боран,  аруақ,  автор  баяндауы,  әділетсіздік,  қорғансыз, 
модернистік,қоғамды билеушілер. 
Аннотация:  В  настоящей  статье  речь  идет  об  отражении  единства  природы,  человека  и  общества  в  рассказе 
М.Ауэзова  «Сиротская  доля».  Подвергаются  анализу  поток  сознания,  причины  историко-мифологических 
отступлений,  символика,  психологический  параллелизм,  поэтика  образа  автора.  Рассматриваются  вопросы 
продолжительности  открытого  монолога  и  отсутствия  диалога  в  произведении.  Вытеснение  национального 
самосознания,  подмена  чести  и  совести  могут  привести  к  гораздо  более  серьезным  последствиям  –  таково 
завуалированное  отношение  автора  к  изображаемому.  Подчеркивается,  что  писатель  придает  большое  значение 
изображению внутреннегомира своих героев. 
 Ключевые  слова:  психология  человека,  поток  сознания,  монолог,  метель,  духи  святых,  авторское  изложение, 
несправедливость, сирота, модернистский, правящие круги.  
Abstrakt:The present article is a question of reflection of unity of the nature, the person and society in the M. Auezov ‘s 
story  "The  orphan  share".  The  stream  of  consciousness,  the  reason  of  historical  and  mythological  retreats,  symbolics, 
psychological overlapping, poetics of an image of the author are exposed to the analysis. Questions of duration of an open 
monologue and lack of dialogue in work are considered. Replacement of national consciousness, substitution of honor and 
conscience  can  lead  to  much  more  serious  consequences  –  such  is  the  veiled  relation  of  the  author  to  represented.  It  is 
emphasized that the writer attaches great value to the image of an inner world of the heroes. 
 Keywords:  psychology  of  the  person,  consciousness  stream,  monologue,  blizzard,  spirits  sacred,  author's  statement, 
injustice, orphan, modernist, ruling circles. 
 
М.Әуезов әңгімелері – адам рухын, адам психологиясының шексіз әлемін ақтару арқылы заман мен 
орта, ұлт және мемлекет ара қатынасындағы құбылысты мейлінше сезімталдықпен бедерлеген дүниелер. 
Жазушының  «Қорғансыздың  күні»  атты  алғашқы  әңгімесі  көркем  өнердегі  дәстүрлі  үрдістің  бірі  - 
пейзажды суреттеумен басталады. Қалаға қатынасатын көңілсіз қара жолдағы Арқалық тауы «Не бауыры, 
не  сыртында  ықтыртын  жоқ  ысқаяқ.  Арқалық  жадағай,  жалғыз  қабат  болған  соң,  қыс  күнінде  жел 
терісінен  соқса  да,  оңынан  соқса  да  паналығы  жоқ,  азынап  тұрады».  [  1.  67].  Табиғаттың  жұпыны 
көрінісін суреттеу арқылы автор көңілсіз  тыныc-тіршіліктің беймәлім сырына бастағандай болады. Бұл 
жерді  мекен  ететін  адамдар  әрекетінде  де  шектеулілік,  дәрменсіздік  бар.  «Ерте  күннен  аталарының 
қонысы  болғандықтан  және  басқа  ірге  аударарлық  жайлы  жері  жоқтықтан,  «құдайына  жылап»  отыра 
беретін» кедейлердің күйі - сорлылық күйі. 
 Автор  басынан  табиғат,  адам,  қоғам  тұтастығын  қамти  қозғайды.  Осы  тұста  әңгіме  өзегіне  енгізген 
Күшікбай батыр туралы аңыздың да шығарма идеясын ашуда үлесі бар. Жол бойындағы биіктің бірінде 
«тастан үйген оба секілді жалғыз мола Күшікбайдікі. Кезең де сол себепті Күшікбай атымен аталған. Бар 
жоғы  жиырма  бір  жасында  дүние  салған  Күшікбай  ерте  күннен  жортуылға  аттанып,  уақтың  көп 
батырларының арасында бұғанасы қатпағандығына қарамай, талай қиын-қыстауда ақыл тауып, қажымай 
қайрат, ерлік көрсеткен. Осындай өнерінің арқасында ерте күннен батыр атын алған екен».[1. 68]. Осылай 
шырағы жанып тұрған батырға шешек шыққанын пайдаланып, бұрыннан тісін басып жүрген өз руласы 
«жанын  ауыртпақ  болып,  белдеуде  байлаулы  тұрған  қызыл  бесті  деген  атын  тал  түсте  тартып  алып 
кетіпті».[1.69]. 
 Аурумен  алысып  жатып,  «жалаңаш  етіне  бір  шекпенді  кие  салып,  жауының  артынан  қуып  барған 
Күшікбайды  елдің  ішіндегі  басты  адамдары  «уақтың  баласы  бірін-бірі  өлтіріп  арандатпасын»  деп,  ат-
шапан айыбымен қайтарады. Ауруы меңдеген Күшікбай еліне қайтар жолда қайтыс болады. Мұратына 
жетпей жастай өмірден өткен Күшікбай өліміне кінәлі сырттан келген жау емес, өз іші. Өзін-өзі мұқатқан 
ел ішінің дүмбілездігі, парықсыз пендешілік Күшікбай батыр өліміне себепші. 
 Автор  өткен  өмірдің  қатесі  кейінгіге  сабақ  екеніне  дүдәмәл  көңілмен  Күшікбай  туралы  ел  есінде 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
102 
сақталған  әңгімені  күні  бұрын  баяндайды.  Осы  ыза  мен  намыстың,  мұң  мен  наланың  мекені 
«Күшікбайдан  асатын  қара  жолдың  үстінде  Арқалықты  бетіне  алып,  қала  жақтан  бір  пар  атты  келе 
жатыр». [1.70]. «Қара жолда», «қала жақта» астарлы символ бар. Автор шанадағы жолаушылардың пішіні 
мен мінезін астастыра суреттейді. 
Оларға да қаңтардың қытымыр аязы мен долы бораны пана іздетеді. Жол үстіндегі Ақанның ойы мен 
оның түнгі жүрісіне ыңғайлы Қалтай қылығы көңілге секем ұялатады. 
Әуелде «Кісі отырарлық жері де бар деймісің» деп Қалтай ат басын бұрған үйді қорашсызданған Ақан, 
серігі  «үндеме,  неге әкелгенімді кейін білерсің» деген соң  «үйге кіруге асыға бастаған».  Қараңғылықта 
қараңғы үйге қара ниет кірді. 
Автор үй ішін, сыр сипатын, бар  мүлік  заттың болмысын, жүдеу тұрмысын  көңілсіз реңге рең қоса 
сипаттағаннан кейін, үй иелерінің кескін-келбетін береді: «Бұл үйдің барлық жаны - үш-ақ әйел. Пештің 
жанында біріне-бірі тығылып, бүрсиіп отыр. Әйелдердің біреуі - сексеннен асқан, кәрілігі әбден жеткен 
кемпір, екіншісі қырықтың шамасындағы әйел, үшіншісі он үш жастағы қыз»[1.73]. ... Бір-біріне сүйеу 
болып отырған үш буын өкілінің уайым-қайғысы ортақ болса да, сыртқы сипатында өзгешелік бар. Басқа 
түскен  қайғыны  жан  сарайымен  сезінген  кәрі  кеуде  кемпірдің  «бетінде  ерекше  бір  қайрат  білінеді», 
«кішкене өткір көздері қажыған салқын жанармен жалтылдайды», «келіннің пішінінде не жақсылығына, 
не жаманшылығына айғақ болған орасан белгі жоқ», «бөтен бір жаттық бар», жас қыздың «қара көзінде 
және ылғи шытынған, кірбіңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу. Жас 
басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып тұр».[1.74]. 
Автор:  «Бұл  баланың  уайымы  не?»  деген  сұрақпен  оқырманды  Ғазизаның  ішкі  сырына  жетелейді: 
«Уайымы  -  осы  үйдегі  үш  әйелге  ортақ  болған  жесірлік,  жетімдік.  Бұлардың  басынан  тағдыр  дауылы 
жаңадан  ғана  соғып  өткен.  Қораның  алдындағы  жас  бейіттер  сол  дауылдың  салдарынан  туған.  Бұл 
әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде 
жатқан  -  Ғазизаның  әкесі  Жақып  және  жаны  туысқан  жалғыз  кішкене  бауыры  -  Мұқаш...  Бұрын  әкесі 
тартатын ауыртпалықтың бәрі бұл күнде Ғазизаның өз басына түскен. Еркек істейтін шаруаның бәрін өзі 
істейтін болып, әлі келгенше үйін ұстап тұрған - өзі. Соңғы аз уақыттан бері бұл қызметінің үстіне, тағы 
үй  ішіндегі  бар  жұмыс  масыл  болып  мойнына  мінді.  Бұрын  тыстағы  шаруасына  да  көмегі  тиіп,  үйдегі 
барлық  шаруаны  жайлап  отырған  шешесі  жиырма  күннен  бері  көзінен  айрылып,  соқыр  болды»  [1.75]. 
Ғазиза  дүниенің  ақ-қарасын,  тіршілік  мәнісін  жете  ұғынбаса  да,  басқа  түскен  жағдайды  сезіммен 
қабылдап, уайым соңында жүрген жан. Кәрі кемпірдің де, оның суқараңғы келінінің де, жас немересінің 
де жан жаралары жаңа, олар жетімсіреген өмірге тосырқай қарайды. Ғазиза өткен күндерін сағына еске 
алса, кемпір «ол күн де бір дәурен екен ғой» деп үнсіз жылаумен елестетеді. 
Қыршынынан  қиылған  ет  жақындарының  қайғысы  еңселерін  езіп,  болашақтары  бұлыңғырланған 
әйелдердің үйіне Ақан мен Қалтай кіргенде, үшеуі бірдей: «бұ кім?» десіп есікке қарасуы - ендігі жерде 
бір-бірінің  тағдырына  деген  жауапкершілікті  сезінуді,  сырттан  келер  жаулықтан  сескенуді  аңғартады. 
Келген құдайы қонақтарға дәстүр бойынша ақжаулық жайылады, келгендер де қайғылы жандарға көңіл 
айтады. Үйдің қазіргі қожасы кемпірдің уайымнан сәл босағандай боп әңгімеге ерік беруіне себепші де 
осы беймезгіл жолаушылар. Үйдің жай-күйі, бұрынғы өткен өмірлері кемпірдің әңгімесі арқылы беріледі. 
Ой  ағысына  ерік  беріп,  өткен  күндерді  еске  түсіру  нәтижесінде  сол  өңірдің  тыныс-тіршілігі,  туыстық 
қарым-қатынас,  кемпірдің  баласы  мен  немересінің  аурудан  іркес-тіркес  қайтыс  болуы,  онан  кейінгі 
көрген күндері лек-легімен ақтарылады.  «Кемпір, қонағы  — бір елдің болысы болған соң, оның үстіне 
сөзінің  салмағы  бар  жуан  ауылдың  баласы  болған  соң,  екінші  әрлі-берлі,  өткенде  бірде  болмаса  бірде 
сөзім,  ісім  түсер  деп,  өзінің  баласы  өлгеннен  бергі  жайын  білдіріп  қоюды  ойлады».  Автор  сөз  тізгінін 
әңгімеші кемпірге ұстатады, ол ешкім сұрақ қоймаса да, үй иелерінің тауқыметін тыңдар құлақтың пейіл 
ықыласымен  санаспай-ақ  қалтқысыз  баяндайды.  Әңгімеде  тағдыр  жолы  бұралаң  бір  үйлі  жанның 
басындағы  тауқымет  сыршылдықпен  беріледі.  Өмір  естелігін  қорытып,  өзінің  де  өзгенің  де  ісін 
саралайтын, жан тебірентер тағдыр иесінің психологиялық монологының астарында көп дүние бар.  
Б.Майтанов  «Қорғансыздың  күнін»  модернистік  ыңғайдағы  шығарма  дей  келіп:  «Оған  алдымен 
ұлттық  прозада  мұндай  көрініс  бермеген  хронотоп  құбылысының  терең  де  күрделі  қатпарлары,  мезгіл 
мен  мекеннің  уақытшылық,  тұрақтылық,  мифологиялық,  тарихилық,  айналмалық,  түзу  сипаттылық, 
секірмелік қасиеттері, пейзаж бен жекелеген әрекеттердің символикалық мәні, семиологиялық егіздеулер, 
автор  образы  поэтикасының  икемділігі  мен  алуан  өрістілігі,  шындықты  көру  нүктелерінің  кеңдігі  мен 
әртараптылығы куәгерлік етеді» дейді.[2.34]. 
«Ылғи  ұрғашы  үй  болып  отыра  алмайды,  дүниесін  бөліп  аламыз»  деген  суық  сөз  жүргізгендерге 
назалы қария баласы тірі күндерді өкіне еске ала отырып, тірек-сүйенішінің кім болғанынан да хабардар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
103 
етеді, «сол тірі болса, маңына келе алар ма еді? Бәрінің де... боғын жуып, жақсысын асырып, жаманын 
жасырып, адам секілді ғылып, осы ауылды адам қатарына қосқан сол емес пе еді. Жоқтығына қарамай 
үйін - базар, түзін – той ғылып, думан ғылып отырудан босаушы ма еді. Момындығы, биязы сыпайылығы 
қандай еді, топырағың торқа болғыр, қарағым! 
Мына  жамандардың  ішінде  оның  тырнағына  татитыны  бар  ма?»[1,79]  деп  баласының  ірілік  шеруін 
айта  келіп,  оқиға  өрімін  «Жақыбым  осы  жолы  ауырғанда  –  солардың  кеселінен  ауырған  жоқ  па?»  деп 
басқа арнаға бұрады. Кемпір қайнысының баласы Дүйсенді «мылжың» деп қосымша атап, жаратпайтын 
кейпін танытып отырады. Қазақ ділінде жоқ дағды келген қонақты: «Мылжың: тамағым жоқ, жатқызатын 
жерім  жоқ  деп,  түн  ішінде,  боранда  қуып  жіберген»,  осы  тоңмойын  әрекетінің  өтемі  айналасына  да 
салмақ болады. «...екі сөздің бірінде : «шауып алам, айып алам!» деп тұратын. Өктем елдің баласы бұл 
қорлыққа  шыдасын  ба?  «Өлмесең  -  өрем  қап»  деп  далаға  тентіретіп  жіберген  соң,  сол  түнде  келіп, 
қорасын талқан қылып жарып, төрт-бес семіз қойын, малға мініп жүрген екі атын алып кеткен ұрылардың 
малын» қайтаруға Жақыпты салады. Жақып сол жолда суық тиіп, оңалмастай дертке шалдығады. Қазақ 
қоғамындағы  өмір  шындығы  мейлінше  қанықтықпен  баяндалады.  Несібесін  саудамен  тауып  жүрген 
Жақып қапыда қайтыс болғаннан кейін, жұрттан аласысын алу да, бересісін  беру де  панасыз жандарға 
қиындық  тудырды.  Өзім  білділік  танытқан  туысқандарының  үш  қараның  сомасындай  борыш  үшін 
Ғазизаны қатыны өлген Мәрденге беруді ұйғаруы, жетім көңілді әйелдер мұңына мұң қосады.  
Кемпір  әңгімесінен  сол  тұстағы  заман  келбеті  елестейді.  Келген  екі  жолаушының  да  қазақ 
қоғамындағы мұңға көзқарасын автор білдіргісі келгендей. Бірақ әңгімеге құлақ қойғансып отырған Ақан 
мен Қалтайдың сезім күйі басқа әлемде екеніні де автор бақылауынан тыс қалмайды.  «Кемпірдің сөзін 
жалықпай  тыңдап  отырса  да,  Ғазизаға  қарай  қалған  пішіндерінде  көңілдегі  бір  алаңдық  пен  іштеріне 
жасырынған жат ойдың белгісі көрініп тұр» .[ 1.81].  
Кемпір «Менің үйім - осы ауылдың үлкен үйі» деп өктем сөзінің ретін түсіндіргендей болады, торығу 
мен  ауыр  тұрмыс  мұңына  қайратты  қарсылық  көрсетіп,  келіні  мен  немересінің  рухын  жықпауды 
ұстанғанын сездіреді. 
Ғазизаның қамын ойлап қиналған кемпірдің «Кешегі баламнан қалған жалғыз көзім - бұл жылаған соң, 
қуарған қу өмірдің не бағасы бар? Сол сөзді айтқызып отырған сұмдарды қарғадым, ұрыстым. Одан басқа 
біздің  қолымызда  не  тұр?»  деуі  тағдыр  үкіміне  налып,  шырғалаңнан  шығар  жолдың  көмескілігін 
мойындаған жанның сөзі. 
Кемпір  әңгімесіндегі  ой  өрілімінің  ащыраңқылығы,  ішкі  толғаныстың  көптігін  білдіреді.  Ашық 
монологта адам болмысындағы дүниеқоңыздықтың аяу, мүсіркеу білмейтіні, дүние жолына түскендердің 
кешегі  ізгі  істі  ұмытып,  өмір  қисынында  арамдық  пен  аярлықтың  не  бір  түрін  шығарып,  айналасына 
тоңмойын пейіл танытқаны негізгі арқау болған. 
Кейуана  әңгімесінің  айтылу  барысы  имандылық  ілімінің  өлшемін  санаға  сіңіруде,  табиғатына 
дарытуда кемтар, дүние құлы болғандардың ар алдындағы айыптарын салмақтауға жетелейді. Монологты 
баяндаушының жан жарасының ащы қасіреті, ішкі арпалыс психологиясы бірден сезіледі. Әңгімеден құса 
көңілдің  зары  естілді.  Бірақ  бұл  зар  сырттан  келгендердің  жанын  суытып,  шошындырмады.  «Сезімді 
адамның  жүрегін  шаныштырып  тіксіндіретін,  жұртты  мінезінен  жирендіретін,  түңілтетін  көрнеу 
жауыздықтар, ауыр халдер Ақанға көп әсер бере қойған жоқ». [1.83]. 
Кемпірдің  әңгімесі  Ақанға  «Оқып  кеткен  сабағы  секілді  болды»,  «Сезімсіз  салқын  қалпына»  түсті, 
өзгенің қасіреті «сезіміне сенбейтін» оның «осыған жанашырлық-ау» деп еркінен тыс сілкінісін, ішкі мені 
жатырқады,  ниеті  жеңді.  Сезімі  жоқ  пасық  Ақанның  болмысын  автор  танығанымен,  үй  иелері  жете 
танымай отыр. Автор адамдар тағдырына немқұрайлы қарайтын Ақан мізбақпастығын суреттеу арқылы 
оқырманға  болашақ  істелер  жауыздықты  сездіреді.  Арам  пиғылды  тасбауыр  Ақан  мен  Қалтайдың 
жүректеріне  ащы  зар  жеткен  жоқ,  уылжыған  қорғансыз  Ғазиза  жан  түршігер  зымияндықтың  құрбаны 
болды. Жылтыр жымысқылық дегеніне жетті. 
 «Жүрегіне  ар-ұят  та,  жігер-намыс  та  бірге  өскен»  Ғазиза  санасының  соңғы  қалауы:  «әкесі  мен 
бауырының  бейіттеріне  барып,  екеуінің  арасында  отырып  зарлау!  Дүниеде  жетім  болып,  жалғыз 
қалғандағы басынан кешірген қасіретін шығару, азабын, дертін айту!»[1.87]. 
Суық қолмен істелген зұлымдықтан қорланған Ғазиза жанының зарын өкіріп соққан жел ғана естіп, 
зар ақ түтек боран гуіліне үндесіп кетті. Аруақты тірі дейтін ежелгі қазақи ұғым бойынша, Ғазиза пананы 
аруақтардан іздеп, молаға барды. Ғазизаның өлімге бел шешуінің әлеуметтік-психологиялық дәлелі, автор 
баяндауынан да, кемпір әңгімесінің өзегінен де сезіледі.  
«Қорғансыздың  күнінде»  арамдықпен  жасалған  зұлымдық-жауыздықтың  жиіркенішті  суреті  жеріне 
жеткізіле көрсетілген.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
104 
Әңгімедегі  оқиға  ағымы  қорғансыздың  күні  қашанда  қорғансыз,  олар  қашанда  әділетсіздік  пен 
озбырлық құрбаны деген ойға жетелейді. Қорғансыздың көретін күні - аянышты тіршілік. Әңгіме аты да 
осындай  идеялық  ойды  меңзейді.  Ғазизаға  жасалған  қаскөйлік  сонау  Күшікбай  өлімінің  тақсыретін 
тартушылықтың бір парасы, Күшікбай заманынан қорғансыз қалған ел қалың қатпарлы кесел-қырсықтан 
көз  ашпаған.  Көшбасшыдан  көзжазған  елдің  есесі  кетіп  езілетіні,  қала  жақтан  қара  жолмен  келген 
«жауыздықтың  қолында  бір  ойыншық»  болатынын  тұспалдау  бар,  әңгіме  мәнісін  де  осы  тұстан  іздеу 
керек.  
 
 1 Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.1-т., - Алматы: Жазушы, 1979.-454. 
 2  Майтанов  Б.  Мұхтар  Әуезов  және  болмысты  сезіну  мен  саралау.  /М.О.Әуезовтің  көркемдік 
дүниетанымдық  ізденістері  (1920-30  жылдар)  –  Алматы:  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институты. 2006. -304. 
 
 
УДК: 82.0:82-1/-9 
СИСТЕМНЫЙ АНАЛИЗ СТИХОТВОРЕНИЯ В ПРОЗЕ «МИЛОСТЫНЯ» И.С. ТУРГЕНЕВА 
 
А.Е. Кулумбетова- 
д.ф.н., профессор Южно-Казахстанского государственного университета им. М. Ауэзова 
 
 Аннотация:Анализ  системы  содержания  и  формы  стихотворения  в  прозе  «Милостыня»  И.С.  Тургенева 
предпринимается с целью осмысления процесса формирования замысла, темы и идеи в художественном тексте как 
результата  отражения  писателем  явлений  своей  современности,  которые  приобретают  общечеловеческое, 
вневременное значение  
Ключевые слова: система, содержание и форма, хронотоп настоящего времени, объектная тема, инвариантная 
тема,  фабула,  знаковый  смысл,  прогностический  смысл,  род,  стиль,  художественный  метод,  жанровая  форма, 
жанровая разновидность, «порядок и хаос», критерий художественности  
 Аңдатпа:  "  И.С.  Тургеневтің  «Милостыня»  атты  қара  сөзбен  жазылған  өлеңінің  мазмұны  мен  мен  пішін 
сараптамалау көркем мәтіндегі негізгі ойдық тақырып пен  идеяың жалпы адами уақыттан тыс мәңге ие болатын , 
жазушының  өз  заманындағы  құбылыстарды  бейнелеу  нәтижелері  ретінде  қалыптасу  үрдісін  ой  елегінен  өткізу 
мақсатында жасалады.  
 Тірек  сөздер:  жүйе,  мазмұн  және  пішін,  осы  уақыттың  хронотопы,  нысанның  тақырыбы,  инварианттық 
тақырып,  фабула,  белгінің  мағынасы,  болжаушылық  мағына,  эпос,  лирика,  драма,  стиль,  көркем  әдіс,  жанрлық 
пішін, жанрлық түрлер, "тәртіп және алай-түлей", көркемдік критерийлер 
Abstract: Analysis of the content system and poem form in prose "Milostynya" by I.S. Turgenev is undertaken with the 
purpose of comprehension of intention, theme and idea forming process in artistic text as a result of the reflection by the writer 
of the contemporaneity phenomena, that acquire common to all mankind, timeless value 
 Key  words:system,  contents  and  form,  chronotop  of  present  tense,  objective  theme,  invariant  theme,  phabulumof  the 
story, sign sense, prognostic sense, lyrics, epos, drama, style, artistic method, genre form, genre variety, "order and chaos", 
criterion of artistic value. 
 
 Произведения  И.С.  Тургенева  из  цикла  «Стихотворения  в  прозе»  изучаются  в  свете  концепции 
методологии  и  методики  комплексного  изучения  4-этапного  анализа  содержания  и  формы 
художественного текста [1] c недавних пор [2]. Впервые в тургеневедении «Милостыня» [3] изучается в 
этом аспекте.  
1 этап. Анализ названия (здесь и далее курсив наш. – А.К.). Функция – выявить в нем доминирующие 
уровни  содержания  (идейно-тематический  -  ИТУ,  ритмико-интонационный  -  РИУ)  и  формы  (знаковый 
уровень  - ЗУ, сюжетно-композиционный  -  СКУ), чтобы определить фабулу (содержательный  признак), 
знаковый смысл - ЗС (содержательно-формальный признак, где ЗУ – форма, а смысл – компонент ИТУ), 
характер изображения и жанровая разновидность (признаки формы). Доминирует ЗУ, или язык [«Язык – 
основное  орудие  и  –  вместе  с  фактами,  явлениями  жизни  -  материал  литературы»  (первоэлемент 
литературы)]  [4].  Его  роль  заключается  в  обращении  к  словарному  значению  названия  («милостыня  – 
подаяние  нищему»)  [5],  а  затем  –  к  читательскому  ЗС  словарного  значения  заглавия  текста,  который 
выражает чувство неоднозначности. Подаяние воспринимается, как правило, по-разному. Антоним к ЗС 
(неоднозначность  –  однозначность)  раскрывает  фабулу  «Милостыни»  И.  Тургенева.  Благодаря  ЗУ 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
105 
определяется  и  такой  формальный  признак,  как  нереалистический  характер  изображения  на  основе 
смыслового  антонима  к  названию  («Милостыня»  -  нежелание  подавать  милостыню).  Другой  признак 
формы – психологическаяжанровая разновидность определяется доминированием в заглавии текста СКУ, 
который отражает психологическийобраз переживания как подающего, так и принимающего милостыню. 
Вывод: нами на первом этапе анализа обнаружена активная роль ЗУ (словарное значение названия, его 
знаковый  смысл  для  читателя,  нереалистический  характер  изображения)  и  вспомогательная  СКУ 
(психологическая жанровая разновидность).  
2  этап.  Анализ  верхней  и  нижней  границы  хронотопа  настоящего  времени  (НВ).  Верхняя  граница 
хронотопа  НВ  (завязка)  в  стихотворении  в  прозе  И.С.  Тургенева  совпадает  с  началом  текста  («Вблизи 
большого  города,  по  широкой  проезжей  дороге  шел  старый,  больной  человек.»)  по  2-ому  критерию 
(последние  переживания  в  жизни  героя,  близкие  по  времени  к  читателю)  [2,  12],  потому  что  это 
произведение  Тургенева  сочетает  2  родовых  признака  –  лирики  и  эпоса.  А  в  лирическом  роде  завязка 
всегда  соотносится  с  началом  текста,  отражая  сиюминутные  переживания  лирического  героя.Нижняя 
граница  НВ  (развязка)  –  это  заключительные  4  абзаца  («Старик  встрепенулся,  вскинул  глазами...  но 
незнакомец уже исчез; а вдали на дороге показался прохожий. 
Старик  подошел  к  нему  –  и  протянул  руку.  Этот  прохожий  отвернулся  с  суровым  видом  и  не  дал 
ничего. 
Но за ним шел другой – и тот подал старику малую милостыню. 
И старик купил себе на данные гроши хлеба – и сладок показался ему выпрошенный кусок – и не было 
стыда у него на сердце, а напротив: его осенила тихая радость.») [3, 542]. Функция анализа 2-го этапа – 
раскрыть  в  пределах  верхней  и  нижней  границ  хронотопа  НВ  объектную  тему  [ОТ,  т.е.  конфликт 
личности между сожалениемопрошлым и удовлетворенностью настоящим: («слёзы» и «тихая радость»)]. 
Благодаря  этому  конфликту  ОТмы  определяем  психологическую  жанровую  разновидность  и 
нереалистический характер изображения с их изоморфностью этим признакам на 1-ом этапе анализа.Хотя 
в стихотворении в прозе И. Тургенева нет экспозиции (приметы малой жанровой формы), мы все же это 
произведение относим кмалой жанровой форме ввиду небольшого объема текста с одной кульминацией 
(проблемой,  или  фокусом  –  Ф).Содержание  и  тип  ОТраскроем  при  анализе  АЦ  –  последнего 
мигахронотопа НВ.  
3  этап.  Анализ  АЦ  с  темой  удовлетворенности  («Старик  встрепенулся,  вскинул  глазами...  но 
незнакомец уже исчез; а вдали на дороге показался прохожий. 
Старик  подошел  к  нему  –  и  протянул  руку.  Этот  прохожий  отвернулся  с  суровым  видом  и  не  дал 
ничего. 
Но за ним шел другой – и тот подал старику малую милостыню. 
И старик купил себе на данные гроши хлеба – и сладок показался ему выпрошенный кусок – и не было 
стыда у него на сердце, а напротив: его осенила тихая радость.») [3, 542]. Поскольку в этом произведении 
синтезируются  признаки  лирики  и  эпоса,  то  чувства  лирического  отражаются  через  повествование  о 
прозрении старика, не успевшего поблагодарить незнакомца и встрече прохожим, который сурово отверг 
просьбу о милостыне старика; о другом прохожем, подавшем «малую милостыню», что доставило герою 
радость,  а  не  стыд  за  выпрошенный  кусок.  Отсюда  роль  эмоциональной  лексики  («встрепенулся», 
«суровый  вид»,  «малая  милостыня»,  «гроши»,  «сладок»,  «стыд»,  «сердце»,  «осенила  тихая  радость»)  и 
приема повтора (старик - 4, прохожий - 2, и - 5, а - 2, на - 3, не - 2, но - 2) с преобладанием цифр 2 и 5 с 
символом  беспокойства.Признаки  рода  драмы  связаны  с  «событием  самого  рассказывания»  [6].Малая 
жанровая  форма  АЦ«Милостыни»  обусловлена  объемом  (4  абзаца  из  5-ти  предложений),  количеством 
ситуаций (2), количеством героев (4: старик, 2 прохожих и незнакомец). Тип начальной синтагмы (ТНС) 
АЦ «Милостыни» («Старик…) – психологический. В ПП («И старик купил себе на данные гроши хлеба – 
и сладок показался ему выпрошенный кусок – и не было стыда у него на сердце, а напротив: его осенила 
тихая  радость.»)  АЦ  «Милостыни»  нет  РДЗ.  ПС  –  чувство  удовлетворенности.  Антоним  – 
неудовлетворенность. В содержании АЦ есть ключевые авторские знаки («отвернулся»  - «подал малую 
милостыню»), 
которые 
раскрывают 
психологический 
конфликт 
неудовлетворенности 
и 
удовлетворенности. Так обозначаются тип содержание ОТ.Антонимы в АЦ «Милостыни» указывает на 
«порядок» [7]. Функция  «порядка»,  во-первых, при  малой жанровой форме обозначить  приметы жанра 
рассказа (эпический род). Во-вторых, передать понимание читателем ПС АЦ (чувство удовлетворенности 
нищего),  что  определяет  первичное  читательское  восприятие  (ПЧВ).  В  АЦ  «Милостыни»  доминирует 
метод  экспрессионизма,  раскрывающий  обостренные  переживания  лирического  героя.  Признаки 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
106 
экзистенциализма проявляется в АЦ «Милостыни» как через страдания нищего, бездомного и голодного 
человека,  так  и  выбор  им  смирения  с  долей  нищего.  Неоднозначные  отношения  прохожих  к  нищему 
передают черты постмодернизма. Это реалистическая ситуация, потому что по-разному воспринимаются 
нищие людьми.  
IV-этап.Анализ  2-х  СЧ  (МФ  и  Ф)  «Милостыни»И.С.  Тургенева  в  обратном  движения  от  активного 
центра.Обратимся  к  анализу  МФ  с  темой  безысходности  («Вблизи  большого  города,  по  широкой 
проезжей дороге шел старый, больной человек. 
Он  шатался  на  ходу;  его  исхудалые  ноги,  путаясь,  волочась  и  спотыкаясь,  ступали  тяжко  и  слабо, 
словно чужие; одежда на нем висела лохмотьями; непокрытая голова падала на грудь... Он изнемогал. 
Он присел на придорожный камень, наклонился вперед, облокотился, закрыл лицо обеими руками – и 
сквозь искривленные пальцы закапали слезы на сухую, седую пыль. 
Он вспоминал... 
Вспоминал он, как и он был некогда здоров и богат – и как он здоровье истратил, а богатство роздал 
другим,  друзьям  и  недругам...  И  вот  теперь  у  него  нет  куска  хлеба  –  и  все  его  покинули,  друзья  еще 
раньше врагов... Неужели ж ему унизиться до того, чтобы просить милостыню? И горько ему было на 
сердце и стыдно. 
А слезы всё капали да капали, пестря седую пыль.») [3, 542].Наблюдаем синтез лирики и эпоса, когда 
повествуется  о  переживаниях  лирического  героя.  Переживания  связаны  с  эмоциональный  лексикой 
(«старый,  больной  человек»,  «исхудалые  ноги»,  «путаясь,  волочась  и  спотыкаясь»,  «ступали  тяжко  и 
слабо», «одежда висела лохмотьями», «изнемогая», «слезы», «здоров и богат», «друзья и недруги», «нет 
куста  хлеба»,  «все  покинули»,  «унизиться»,  «просить  милостыню»,  «горько  и  стыдно»)  и  приемом 
повтора (он - 13, и - 10, слезы - 2, друзья - 2, враги, недруги - 2, капали – 2, седая пыль - 2, на - 5, а - 2) со 
значимостью  символа  беспокойства  цифр  2,  5.Переживания  сочетаются  с  повествованием  о  «старом  и 
больном  человеке»,  который,  «изнемогая»  от  голода  и  бессилия,  «присел  на  придорожный  камень»;  о 
воспоминаниях  человека  о  прошлом  и  безысходность  в  настоящем.  Драматический  род  МФ  текста 
раскрывается «событием самого рассказывания». 5 абзацев из 10-ти предложений, 2-е ситуации, 1 герой 
формируют  малую  жанровую  форму.ТНС  МФ  («Вблизи…»)  –  философско-психологический,  что 
проистекает  из  функции  хронотопа  места  (где?)  и  психологических  переживаний  старика.  В  ПП  («А 
слезы  всё  капали  да  капали,  пестря  седую  пыль.»)  нет  авторских  антонимов.  Его  ПС  –  чувство 
безысходности.  Как  видим,  оно  адекватно  доминирующему  символу  беспокойства  в  приеме  повтора. 
Антоним – благополучие. В содержании МФ ключевые авторские знаки («друзья» – «враги») отражают 
философско-психологический конфликт безысходности и благополучия. Следы ОТ (удовлетворенность и 
неудовлетворенность) в борьбе безысходности и благополучия в МФ очевидны: безысходность выражает 
чувство неудовлетворенности старого человека образом жизни в настоящем с растраченным здоровьем и 
богатством,  равнодушием  друзей,  которые  его  «покинули…  еще  раньше  врагов...»,  а  благополучие  в 
прошлом  –удовлетворенность  оказанной  им  помощи  «друзьям  и  врагам».  Доминирует  метод 
экзистенциализма в МФ, так как изображаются страдания нищего и больного человека, что передается 
через  знак  («слезы»).  Черты  романтизма  проявляются  в  резком  контрасте  обеспеченного  прошлого  и 
нищенского настоящего лирического героя. Признаки постмодернизма очевидны в их соотнесенности с 
реалистическим  воссозданием  настоящего  и  прошлого  в  жизни  персонажа  стихотворения  в  прозе  И.С. 
Тургенева,  которые  раскрывают  неоднозначность  человеческой  судьбы.  По  ассоциации  вспоминаются 
строки  стихотворения  Н.С.  Соколова  1850  года  «Он»  о  Наполеоне,  написанного  на  28  лет  раньше 
«Милостыни»:  «Судьба  играет  человеком,  Она  изменчива  всегда,  То  вознесет  его  высоко,  То  кинет  в 
бездну  без  следа»  (См.:  И.Н.  Розанов.Литературный  источник  популярной  песни,  «Художественный 
фольклор», вып. 1, М., 1926) [8]. Анализ содержательных и формальных признаков прогностического ПС 
МФ текста И.С. Тургенева соответственно показал: А) ПС МФ (безысходность) при сравнении его с ЗС 
названия (неоднозначность) не обнаруживает контраста: чувство безысходности в нищем неоднозначно, 
так  как  оно  возникло  при  резком  контрасте  настоящего  с  прошлым.Настоящее  же  независимо  от 
прошлого и развивается по своим законам. Это отсутствия контраста – показатель того, что нет подтекста 
в  этом  произведении  Тургенева.  Б)  Безысходность  –естественное,  антропологическое  чувство.  Ему 
противостоит разум (просветительский мировоззренческий принцип эстетического идеала писателя), что 
формирует  его  романтическое  содержание  [9].  В)  Прогностический  ПС  МФ  определяет  замысел  и 
предмет  последующего  изображения  в  «Милостыне»  И.С.  Тургенева:  безысходность  судьбы  нищего, 
полная  зависимость  его  от  подаяния.  Содержательные  признаки  прогностического  ПС  «Милостыни» 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
107 
сочетаются  сформальными:  А)  ПС  МФ  подтверждает  верность  определения  нами  верхней  границы 
хронотопа НВ (завязки) по второму из восьми критериев. Б) Отсутствие подтекста в МФ адекватно жанру 
рассказа,  что  системно  проявилось  в  «порядке»  в  АЦ  и  при  сопоставлении  ПС  МФ  и  ЗС  названия.  В) 
Прогностический  ПС  МФ  раскрывается  Тургеневым  в  «Милостыне»  методами  экспрессионизма, 
экзистенциализма, постмодернизма, реализма, романтизма. 
Анализ  Ф  (проблемы,  кульминации)  с  темой  надежды(«Вдруг  он  услышал,  что  кто-то  зовет  его  по 
имени; он поднял усталую голову – и увидал перед собою незнакомца. 
Лицо  спокойное  и  важное,  но  не  строгое;  глаза  не  лучистые,  а  светлые;  взор  пронзительный,  но  не 
злой. 
– Ты всё свое богатство роздал,  – послышался ровный голос...  – Но ведь ты не жалеешь о том, что 
добро делал? 
– Не жалею, – ответил со вздохом старик, – только вот умираю я теперь. 
– И не было бы на свете нищих, которые к тебе протягивали руку, – продолжал незнакомец, – не над 
кем было бы тебе показать свою добродетель, не мог бы ты упражняться в ней? 
Старик ничего не ответил – и задумался. 
–  Так  и  ты  теперь  не  гордись,  бедняк,  –  заговорил  опять  незнакомец,  –  ступай,  протягивай  руку, 
доставь  и  ты  другим  добрым  людям  возможность  показать  на  деле,  что  они  добры.»)  [3,  542]..В 
кулминации  при  сочетании  черт  лирики  и  эпоса  повествуется  о  переживаниях  лирического  героя. 
Переживание  выражается  эмоциональной  лексикой  («усталая  голова»,  «спокойные  и  важные», 
«лучистые», «пронзительный, но не злой», «жалеешь», «добро», «со вздохом», «умираю», «добродетель», 
«не гордись», «добрые люди») и прием повтора(и - 5, старик - 2, незнакомец - 2, добро -3, он - 2, ты - 7, 
что  -  3,  но  -  3,  и  -  5)  с  преобладением  символа  беспокойства  цифр  2  и  5.  Повествуется  о  появлении 
незнакомца  и  его  характеристики;  о  совете  незнакомца  не  жалеть  о  сделанном  людям  добре  и  помочь 
другим  людям  сделать  добро.  Драматический  род  в  Ф  «Милостыни»  связан  с  «событием  самого 
расказывания»  и  диалогом  незнакомца  и  лирического  героя.  3  абзаца  из  8-ми  предложений  (объем), 
количество ситуаций (две), количество персонажей (нищий и незнакомец) обозначают малую жанровую 
форму. ТНС Ф («Вдруг…») – психологический. В ПП («Так и ты теперь не гордись, бедняк, – заговорил 
опять незнакомец, – ступай, протягивай руку, доставь и ты другим добрым людям возможность показать 
на деле, что они добры.») [3, 542] нет авторских реальных деталей и знаков (РДЗ). ПС –надежда. Антоним 
–  отчаяние.  В  содержании  Ф  нет  авторских  антонимов  («хаос»).  Поэтому  Ф  содержит  потенциальный 
психологический конфликт надежды и отчаяния. Следы ОТ (удовлетворенность и неудовлетворенность) 
отражаются  в  конфликте  Ф  (надежда  и  отчаяние),  где  удовлетворенность  обусловливается  чувством 
надежды, а неудовлетворенность порождается отчаянием. Незнакомец привнес своими размышлениями в 
душу нищего надежду, которая сменила недавнее отчаяние от безысходности.«Хаос» в Ф и «порядок» в 
АЦ  свидетельствует  о  жанре  рассказа,  не  имеющего  подтекст  и  соответствующего  критерию 
художественности  в  аспекте  жанра.  Доминирует  экпрессионизм  благодаря  множеству  эмоциональной 
лексики и приему повтора, когда символ беспокойства изоморфен ПС кульминации, так как надежда  – 
беспокойное  чувство,  побуждающее  к  активности.  Текучесть,смена  настроений  лирического  героя  от 
отчаяния  к  надежде  и  радости  –  черта  постмодернизма.  Реалистичность  изображения  переживаний 
нищего связано с их относительностью, т.е. с закономерной сменой переживаний в каждом человеке. 
Выводы по анализу системы содержания (С) и формы (Ф) «Милостыни» И.С. Тургенева. 1. Ф В тексте 
3СЧ (МФ, Ф, АЦ ) согласно малой лиро-эпической форме. 1 кульминация – другой критерий определения 
малой жанровой формы текста писателя. Подтверждается она в МФ 5 абзацами из 10-ти предложений, 2-
мя  ситуациями,  1  героем,  в  Ф  3  абзацами  из  8-ми  предложений,  2-мя  ситуациями,  2-мя  персонажами 
(нищий и незнакомец), в АЦ 4 абзацами из 5-ти предложений, 2-мя ситуациями, 4 персонажами (старик, 2 
прохожих и незнакомец). 2. С Знаки СЧ текста указывают на переход конкретно-исторического явления в 
план  общечеловеческого,  вневременного  изображения:  истории  превратностей  судьбы  каждого  из 
живущих  на  земле.  3.  Ф  Наблюдается  синтез  во  всех  СЧ  текста  лирики  и  эпоса  при  признаках 
драматического  рода.  4.  СФ  Разнообразие  типов  оценки  писателем  изображаемого  с  позиций 
философских  и  психологических  раскрывает  соответствие  стихотворения  в  прозе  «Милостыни»  И.С. 
Тургенева  критерию  художественности  в  плане  жанровой  разновидности.  5.  С  Конфликт  МФ  и  Ф 
подготавливает суть ОТ. Она в свою очередь составляет стержень конфликтов МФ и Ф. Так провляются 
признаки системности. 6. С ПС МФ (безысходность), Ф (надежда), АЦ (удовлетворенность) раскрывают 
связь  естественного  чувства  с  рассудком  (разум).  Она  утверждается  в  качестве  прекрасного  для 
объективного  восприятия  человекам  реальности.Такова  суть  инвариантной  темы  (ИТ,  т.е.  идеи)  И.С. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
108 
Тургенева в «Милостыни». 7. ПЧВ (понимание) и ВЧВ (идея) согласуются по смыслу: идея тоже находит 
понимание  у  читателя.  Это  доказательство  отсутствия  подтекста,  присущего  жанру  рассказа  в 
соответствии с критерием художественности в плане жанра: «порядок» в АЦ при «хаосе» В МФ. 8. СВ 
свете идеи СЧ текста дополнительно осмысляются: неоднозначным было отношение к подаянию во все 
времена,  потому  что  для  одни  милостыня  –  источник  существования,  потому  мы  к  ним  относимся  с 
пониманием  и  сочувствием,  а  для  других  –  источник  наживы  с  помощью  порабощенных  нищих,  что 
вызывает  сложное  чувство  возмущения  и  жалости  (название).  Чувство  безысходности  усиливается  с 
пониманием безвозвратности былого благополучия (МФ). А надежда приходит на смену отчаянию как 
удовлетворенность  неудовлетворенности  (Ф  и  АЦ).  И.С.  Тургенев  утверждает  относительность  всего 
сущего  в  человеческом  существовании  и  в  переживаниях,  а  также  нерасторжимую  связь  людей  при 
любом  социальном  положении.  9.  С  ОТ  и  ИТ  (идея)  не  противоречат  друг  другу  по  закону 
реалистического  типа  мышления,  но  романтическое  содержание  эстетического  идеала  писателя, 
«порядок» в АЦ, повествовательная интонация формируют романтико-реалистической стилевой синтез 
мышления  Тургенева.  Это  указывает  на  сочетание  реалистического  и  романтического  планов 
изображения в каждой и СЧ (МФ, Ф, АЦ). Так, в МФ реалистическая ситуация перипетий человеческой 
судьбы переплетается с романтическим внутренним конфликтом в нищем между прошлым и настоящим 
социальным статусом. В Ф романтическое начало связано с внушаемым незнакомцем чувства надежды в 
момент реального положения безысходности. В АЦ реальное нищенство лирического героя забывается 
им, испытывающим радость от лицезрения маленького добра – грошовой милостыни второго прохожего. 
Очевиден  синтез  социального  (благополучие,  отчаяние,  неудовлетворенность)  и  символического  типов 
образности (безысходность, надежда, удовлетворенность) [10]. 
Итак, стихотворение в прозе «Милостыня» И.С. Тургенева представляет собой синтез лирики и эпоса с 
чертами  драмы.  Она  относится  к  малой  лиро-  эпической  форме  и  к  жанру  рассказа  философско-
психологического по жанровой разновидности. Написан романтико-реалистическим стилевым синтезом 
и методами экспрессионизма, экзистенциализма, постмодернизма, реализма и романтизма.  
 
 1  Кулумбетова  А.Е.,  Джунисова  А.А.,  Садуакас  Г.К.,  Мырзабекова  А.К.  Система  содержания  и 
формы  лирического,  эпического  и  драматического  художественного  текста.  Учебное  пособие.  – 
Алматы: Искандер, 2008. – 178 с. 
2 См.: Мырзабекова А.К. Постмодернизм как метод изображения в «Русском языке» И.С. Тургенева// 
Наука и образование Южного Казахстана. Серия педагогических и гуманитарных наук. – Шымкент. – 
2002.  –  №  29.  –  С.  196-200;  Кулумбетова  А.Е.  Особенности  стиля,  метода  и  жанра  «Розы» 
И.С.Тургенева//  Научные  труды  ЮКГУ  им.  М.  Ауезова.  –  Шымкент,  2003,  №  4-5.  –  С.28-29;  Ее  же: 
Процесс преодоления философии пессимизма в стихотворении в прозе «У-а…у-а!» И.С. Тургенева//Труды 
Международной  научно-практической  конференции  «Ауезовские  чтения-10»:  «20-летний  рубеж: 
Инновационные направления развития науки, образования и культуры» Пути инновационного развития 
науки,  образования  и  культуры  в  новом  десятилетии»  -  Т.1.,  2011.  –  С.  171-176;  Кулумбетова  А.Е., 
Альханова К. Идея и ее системное выражение в «Сопернике» И.С.Тургенева// Научные труды ЮКГУ им. 
М.  Ауезова,  №  2  (21),  2011.  –  С.  225-229;  Кулумбетова  А.Е.,  Альханова  К.  Объектная  тема  и  ее 
системное выражение в «Нищем» И.С.Тургенева// Проблемы поэтики и стиховедения. Международная 
нау-чно-теоретическая конференция «Проблемы поэтики и стиховедения VI», посвя-щенная 100-летию 
со  дня  рождения  выдающегося  казахского  писателя,  драматурга,  ученого  Зеина  Шашкина  (24-26  мая 
2012  г.).  –  Алматы:  КазНПУ  им.  Абая,  2012.  –  С.126-128;  Кулумбетова  А.Е.  Выражение  идеи 
стихотворения в прозе И.С.Тургенева «Мы еще повоюем!» в системе его содержания и формы// Вестник 
КазНПУ  им.  Абая.  Серия  "Филологическиенау-ки".  –  Алматы,  №  2  (44),  2013.  –  С.  80-83;  Сарсен  Д. 
Система содержания и формы «Порога» И.С. Тургенева// Научные труды ЮКГУ им. М. Ауезова. – № 
3(24), 2012. – С. 97-100; Альханова К. Стиль и его системное выражение в стихотворении в прозе И.С. 
Тургенева «Довольный человек»// Научные труды ЮКГУ им. М. Ауезова. – № 3(24), 2012. – С. 151-154; 
Перенебаева  А.  Система  жанровой  формы  стихотворения  в  прозе  И.С.  Тургенева  «Дурак»//  Научные 
труды  ЮКГУ  им.  М.  Ауезова.  –  №  3(24),  2012.  –  С.  154-159;  Кулумбетова  А.Е.,  Расулметова  Д. 
Системное выражение идеи стихотворения в прозе «Воробей» И. С. Тургенева// Научные труды ЮКГУ 
им.  М.  Ауезова.  –  №  3(24),  2012.  –  С.  185-188;  Кулумбетова  А.Е.,  Хайдаркулова  Г.  Система  методов 
изображения темы и идеи стихотворения в прозе «Старик» И.С. Тургенева// Научные труды ЮКГУ им. 
М. Ауезова. – № 3(24), 2012. – С. 189-192. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
109 
        3  Тургенев  И.С.  Милостыня//  И.С.  Тургенев.  Дым.  Новь.  Вешние  воды.  Стихотворения  в  прозе.  – 
М.:ХЛ, 1981. – С. 541-542. 
4 Горький М. Беседы с молодыми// М. Горький о литературе. – М.: Сов. Россия, 1980. – С. 411. 
5 Большой толковый словарь русского языка/Автор и рук. Проекта, гл.  ред.  С.А. Кузнецов. –  СПб.: 
НОРИНТ, 2000. – С. 542. 
6 Бахтин М.М. Формы времени и хронотопа в романе// Вопросы литературы и эстетики. – М., 1975. 
– С. 403. 
7  Пригожин  Илья,  Стенгерс  Изабелла.  Порядок  и  беспорядок//Время,  хаос,  порядок.  К  решению 
парадокса времени. – М.: Прогресс, 1994. – С. 55, 57.  
8  Ашукин  Н.С.,  Ашукина  М.Г.  Судьба  играет  человеком//  Н.С.  Ашукин,  М.Г.  Ашукина.  Крылатые 
слова: Литературные цитаты. Образные выражения. – М.: ГИХЛ, 1955. – С. 526-527.  
9 Нигматуллина Ю.Г. Системно-комплексное исследование художественного творчества: История 
научного направления в Казанском университете. – Казань: Фэн, 2004. – С. 62-69. 
10.  Гаджиев А.А. Романтизм и реализм. – Баку: Элм, 1972. – С. 74, 100-101, 203-214, 175, 237, 261. 
 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал