Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет13/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

 
1
 
Жұмабаев М.  Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. – 448 б. 
2
 
Жұмабаев М. Мақалалары. - Алматы: Рауан, 1993. – 378 б. 
3
 
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. - Алматы: Білім, 1995. –288 б.  
 
ӘОЖ 8.808.5(81355) 
ТЕЛЕХАБАРЛАР ТІЛІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
К.А. Лайық - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  2-курс магистранты 
 
Аңдатпа: Бұл мақалада «Қазақстан» ұлттық арнасындағы қорытынды жаңалықтардың берілу тәсілдерін негізге 
ала  отырып,  телехабарлар  тілінің  ерекшелігі  туралы  айтылады.Қазақ  тіл  білімінде  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
мәтіндері бұрыннан зерделеніп келе жатыр. Соның ішінде мерзімді басылымдар мен радио тілі ғана ғылыми тұрғыда 
жан-жақты  қарастырылып,  әр  түрлі  ғылым  саласының  зерттеу  нысанына  айналып  отыр.  Ал  телехабарлар  тілі 
бойынша зерттеу жұмыстары көп емес. Телехабарлар тілін меңгерудің қиындығы және бұл сала бойынша ғылыми 
зерттеу жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарының басқа түрлерімен салыстырғанда аз болуы теледидардың 
қоғам  өміріне  кеш  енуіне,  сонымен  қатар  жалпы  теледидар  құрылымы  мен  оның  тілінің  өзіндік  ерекшелігіне  әрі 
күрделілігіне қатысты әр алуан факторларға байланысты болуы мүмкін. 
 Тірек сөздер: телехабарлар тілі, ұлттық телеарна, ақпараттық норма, тілдік норма, орфоэпиялық норма.  
 Аннотация:  Статья  основана  на  новостных  программах  телеканала  «Казахстан»  и  освещает  вопросы 
особенностей языка телепередач.  
 Ключевые слова:язык телепередач, национальный телеканал, информационная норма, лингвистическая норма, 
орфоэпическая норма. 
 Abstract:The article is based on the news programs of TV channel of "Kazakhstan" and covers the language features of 
TV shows. 
Keywords:language of TV shows, national TV, information norm, language norm, orthoepicalnorm.  
 
 Дүние жүзі халықтары  «жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның» қандай деңгейде дамып келе жатқанын, 
жалпы,  Қазақ  елін,  оның  мәдениетін,  тілін,  дінін,  жүргізіп  отырған  саясатын  электронды  бұқаралық 
ақпарат құралдары арқылы, соның ішінде телехабарлар, яғни ақпараттық жанрдағы жаңалықтар арқылы 
таниды.  «Қазақстан»  телеарнасының  жаңалықтары  өз  отанымызда  ғана  емес,  көршілес  Ресей 
Федерациясы,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Түркменстан,  Моңғолия  және  Шыңжан-Ұйғыр  автономиялық 
ауданы  өңірлеріне  хабар  тарататынын  ескерсек,  онда  ақпаратты  таратушы  тележурналистердің  тілін 
зерттеу  маңызды  екені  көрінеді.  Телехабарлар  адамзат  баласының  дүниетанымын  кеңейтумен  қатар 
оларды  білім  қорымен  қаруландырып,  сауатты,  мәдениетті  сөйлеудің  үлгілерін  көрсетеді  және 
адамдардың  әдетке  айналған  кейбір  қылықтарын  өзгертеді  немесе  ол  керісінше  болуы  мүмкін.  Бұл 
тележурналист айтар сөздің көтерер жүгі зор екенін көрсетеді. Ал «тіл мәдениеті – тележурналистерге тән 
кәсіби біліктіліктің ең маңызды факторы» болып табылады [1, 5 б.]. 
«Қазақстан» ұлттық арнасы еліміздегі 24 сағат бойы тек қазақ тілінде хабар тарататын бірден-бір арна. 
56 жылдық тарихы бар алғашқы телеарна туралы біраз мәлімет.  
«Қазақстан»  Ұлттық  телеарнасы  Республикалық  «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы  АҚ  құрамына 
кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 
5  сағаттық  хабар  тарата  бастаған.  Техникалық  әлеуеті  жыл  сайын  ұлғайған  телеарна  1987  жылы 
телетаратылым бойынша одақтас республикалар ішінде төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі 
бойынша екінші орынды иеленді. 
Бүгінгі  таңда  еліміздегі  ең  ірі  медиа  құрылым.  Телеарнаның  техникалық  әлеуеті  Республика 
аумағының 100 пайызына жуық және көршілес мемлекеттер аумағын да қамтиды. Сондай-ақ, заманауи 
телетаратылымның  барлық  талаптарына  сай.  Қазіргі  заманғы  ең  үздік  құрылғылар  техникалық  аса 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
73 
күрделі  тікелей  трансляцияларды  жүргізуге  де  зор  мүмкіндік  туғызып  келеді.  Мәселен,  Мемлекет 
басшысының  елдің  барлық  облыстарымен  жүргізген  телекөпірлері  немесе  әскери  мерекелік  парадтар, 
НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары, Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі 
Азиада, Euro-2012 сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы 
өткізіліп келеді.  
Бүгінгі  таңда  Ұлттық  телеарна  эфирінде  әр  түрлі  жастағы  көрермендерге  арналған  жаңалықтар  мен 
ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық 
хабарлар,  сондай-ақ,  мемлекеттік  тілді  дамытуға  негізделген  жобалар  көп.  Әлемнің  түкпір-түкпірін 
қамтитын  тілшілік  желі  жаңалықтар  қызметіне  елдегі  және  төрткүл  дүниедегі  барлық  маңызды 
оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
Бүгінде  телехабарлар,  соның  ішінде  қорытынды  жаңалықтар  қоғам  мүшелерінің  дүниетанымдық 
шеңберін  құрайтын  саяси-әлеуметтік,  мәдени,  тарихи  тақырыптарды,  діни  мәселелерді  тіл  арқылы 
бұқаралық  санаға  ықпал  етуші  қуатты  құрал  болып  табылады.  «Журналистиканың  қоғамдық  міндеті  -
халықты  барынша  ауқымды  және  сан  алуан  ақпаратпен  қамтамасыз  ету.  Қандай  шешім  болса  да,  оны 
журналистер қабылдамайды. Журналистер тек жариялайды, әлгі ақпаратты таратады. Тыңдаушының өзі 
сараптап,  қажеттісін  сұрыптап  алады,  сол  арқылы  саяси  ой  қалыптастырады.  Осындай  ешкімнің 
түсіндірмесінсіз  таза  ақпаратты  алған  адам  ғана  сол  мемлекеттік  институттар  жөнінде,  коммерциялық 
ұйымдар туралы нақты шешім шығарып, пікір қалыптастырады», - дейді ғалым М. Барманқұлов [2, 18 б.]. 
Жаңалықтардың тілдік бейнесіне әсер ететін экстралингвистикалық факторлардың бірі - уақыттың аз 
не  көп  болуы,  қазіргі  кезде  бұл  өте  маңызды.  Телехабарларда  уақыт  факторы  бірінші  орында 
тұратындықтан, көрсетілетін жаңалықтар қысқа әрі нұсқа формасындағы сөйлемдермен рәсімделеді, онда 
штамп,  тұрақты  тіркестер  көп  қолданылады.  Әр  күні  кешке  ұлттық  арна  эфирінде  шығатын  кешкі 
жаңалықтар әр күннің маңызды деген саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларға және мәдени-рухани 
кеңістіктегі оқиғаларына талдау жасайтын ақпаратты-сараптамалы бағдарлама. Қорытынды жаңалықтар 
тілінде әр алуан дәстүрлі қалыптар (стандарттар мен клишелер) орнығып қалыптасқан. Мәселен,  кешкі 
жаңалықтардағы  «Тілші  репортажы»,  «Тікелей  эфирде  «Қазақстан»  ұлттық  арнасының  қорытынды 
жаңалықтары»,  «Хабарымызды  жалғастырамыз»,  «Тілшіміз  әңгімелейді»,  «Ұлттық  арна  тілшілері 
дайындаған  жаңалықтар  легі  осымен  тәмам.  Ұлттық  арна  қосулы  болсын!»  және  т.б.  тілдік  оралымдар 
тұрақты қолданылды.  
Бұл  –  телехабарлар  тілінің  табиғатына  тән  құбылыс.  Телехабарлардың  визуалды  (көруге  болатын) 
ерекшелігіне  сәйкес,  қандай  да  бір  сурет,  визуалды  бейне  тележурналист  тарапынан  айтылған  сөзді 
толықтырып  отыратындықтан,  телехабарлар  тілінде  аз  сөзбен  көп  мағына  берілуі  тиіс.  Бірақ 
тележурналист  сөзі  мен  көрсетіліп  отырған  суреттің  сәйкес  келуін,  яғни  хабар  айтылып  жатқан  кезде 
суреттің  қатар  көрсетілуін  ескеру  қажет.  Бұл  жөнінде  К.Д.  Кирия  былай  дейді:  «Стоит  отметить,  что 
также влияет на текст наличие и качество «картинки». Как известно, хороший, яркий видеоматериал, в 
котором  кадры  говорят  сами  за  себя  требует  минимального  комментария:  текст  не  должен  мешать 
«картинке»,  напротив,  бедная,  однообразная  «картинка»,  как  правило,  нуждается  в  подробном  и 
интересном тексте» [3, 77 б.].   
Сонымен қатар жаңалықтарда берілетін хабарландыруларды құруға және тілдік бірліктерді таңдауға 
әсер ететін фактор – аудиторияның айтылған мәтінді жеңіл қабылдауы, берілген ақпаратты қабылдауды 
жеңілдету.  Ю.В.Мостепанова атап көрсеткендей,  «в выпуске новостей сообщения идут одно за другим 
настолько  непрерывным  потоком,  что  каждый  следующий  сюжет  частично  затмевает  предыдущий» 
[4,3.]. 
Аудиторияның  айтылған  ақпаратты  қабылдауын  жеңілдету  үшін,  тележурналист  өз  сөзінде 
күрделенген  жай  сөйлемдерді,  құрмалас  сөйлемдерді  емес,  құрамында  жалпы  қолданыстағы  сөздер 
берілетін жай сөйлемдерді пайдалануы керек. Бір сөйлем шамамен алғанда 5-6 сөзден ғана тұруға тиісті. 
Мысалы, Биылғы ауыл әкімдерін сайлау науқаны бұрынғыдан өзгеше. «Енді жағдайымыз жақсарады» - 
деп үміттенеді халық. Әлеуметке іскер әкім керек. (31.07.2013) 
Мерзімді  басылымдар  мәтіндерінің  тақырыпаты  болады,  бұл  тақырыпат  оқырманға  көп  нәрседен 
хабар береді, онда мәтіннің мақсаты, идеясы және т.б. көрсетілсе, кешкі жаңалықтарда қандай мәселелер, 
оқиғалар жөнінде хабарланатындығы туралы диктор хабардың басында жүйелі түрде айтып өтеді. Бұл – 
ақпараттың  қабылдануын,  жүйелі  түрде  айтылуын  жеңілдету  мақсатында  қолданылатын  тиімді  тәсіл. 
Мысалы: Ұлттық арнада қорытынды жаңалықтар. Ассаламағалейкум! Кеш жарық! Тізгіншілер Айзада 
Жақсыбек...Мейіржан Әлібек. (31.07.2013) түріндегі диктор сөзінен кейін, хабарда көтерілетін мәселелер 
туралы айтылады: 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
74 
Зымыранның  зауалы  қандай,  аймақтың  ахуалы  қандай?  Өңірлік  даму  министрі  Байқоңырда  болды. 
(31.07.2013). 
Жібі  түзу  жолымыз  жоқ,  ішер  ауыз  суымыз  жоқ.  Астанадағы  Шыршық-Сүмбе  көшесінің 
тұрғындары әкімдікке өкпелі. (31.07.2013). 
Ойыннан  от  шықты.  Атырауда  қызық  көріп  көпірден  секірген  бозбала  Жайыққа  батып  кетті. 
(31.07.2013)  
 
Жүрегінің түгі бар қария. Түркияның 87 жастағы тұрғыны көктен парашютпен секірді. (31.07.2013) 
Бұл  мәселелер  хабар  барысында  толықтырылып  беріледі.  Ғалым  Н.  Уәли  берілген  хабардың 
«ақпараттық нормасы» мен «тілдік нормасын» бөліп көрсетеді. Ақпараттық норманың бұзылуы хабардың 
тілдік нормасына ықпалын тигізеді. Бұл жөнінде ғалым былай дейді: «БАҚ-тың беретін ақпараттарының 
мазмұны  факт,  комментарий,  баға  беру  тәрізді  үш  түрлі  құрылыстық  бірліктерден  тұрады.  БАҚ-та 
норманың  ақпараттық  норма  және  тілдік  норма  деген  екі  түрі  болады.  Ақпараттық  норма  тек  кәсіп, 
мамандық мәселесіне ғана емес, тілдік нормаға да әсер етеді. Ақпараттық норма идеологиялық қысымда 
болуы  ықтимал.  Идеологиялық  қысыммен  байланысты  ақпараттық  норманың  бұзылуы  тілдік 
құралдардың  жұмсалуына  ықпалын  тигізеді:  балама  сөздер,  жасанды  метафоралар,  ақпараттық  мәні 
ақиқатпен үйлеспейтіндіктен, сөздің құнсыздануы сияқты жағымсыз құбылыстар пайда болады» [5, 207 
б.].  Тележурналист  сөзінің  формасы  монолог  болса  да,  ол  тілдесім  барысында  диалог,  дискурс 
элементтерін пайдалануы мүмкін. «С помощью языка зрительных образов телевидение делает человека 
участником  событий,  происходящих  на  другом  конце  планеты,  порождая  феномен  достоверности 
телевизионного изображения» [6, 5 б.].  
 
Тіл  мәдениеті  сол  тілде  сөйлейтін  ұлттың  ерекшелігімен  байланысты.  Ал  қазақ  тілінің  бүгінгі  сипаты 
телехабарлар тілінен көрінеді. Осыған орай  «әр тілдің өзіне тән  төл заңдылығы болады, сонымен бірге 
тіл-тілге ортақ заңдылықтар да бар» [7, 21 б.].  Әр тілдің өзіне тән  табиғаты болады. Тіл  -үнемі дамып, 
толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың барлығы тілдің 
көмегімен  өмірімізге  еніп  жатады.  Телевизияның  ең  басты  әрі  негізгі  қызметі  –  қоғамда  орын  алған 
жаңалықтар  туралы  ақпарат  беру  болғанда,  өмірге  келген  жаңа  тілдік  қолданыстардың  қалыптасып 
тұрақталуында да телевизияның ерекше қызмет атқаратындығы баршаға белгілі.  
 
 
 
Телевизиядағы  тілдік  бірліктердің  қызмет  ету  заңдылықтары,  оларды  қолданудың  стилистикалық 
мүмкіндіктері  телехабарлар  тілінің  өзіне  тән  табиғатын  ашады.  Өйткені,  біріншіден,  телехабарларда 
негізгі  жүк  сөзге,  сөз  жағдаятына  түседі;  мұнда  визуалды  бейнелер  қосымша  ақпарат  түрінде  беріледі. 
Сондықтан  телехабарларда  экраннан  көрсетілетін  бейнені  қайталамайтын  ақпарат  тілдік  бірліктердің 
көмегімен жүзеге асырылады. Телехабарлар заңдылығы бойынша көрсетуге болатын ақпарат сөз арқылы 
берілмейді. Журналистердің айтуынша, баспасөз бетіндегі ақпаратты теледидар арқылы көрсеткен кезде, 
ол  ақпарат  75  пайызға  қысқарады  екен.Телехабарлар  арқылы  таралатын  ақпарат  көпшілік  қауымға 
бағытталғандықтан,  телехабарлар  тілі  публицистикалық  стильге  негізделеді.  Сөйтіп,  журналистер 
экрандағы  сөз  арқылы  жұртшылықты  өздері  хабарлап  отырған  ақпараттың  мазмұнына  сендіреді, 
көрерменнің санасына және көңіл-күйлеріне әсер етіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына себепкер болады. 
«При  обязательном  саблюдении  литературных  норм  языка,  книжной  речи,  выступающий  на  ТВ 
неизбежно  употребляет  разговорные  средства,  типичные  для  речевого  общения»  [8,  82  б.]. 
 
Телехабарлар көпшілік қауымға арналғандықтан және оның негізгі мақсаты қоғамымыздағы, әлемдегі 
оқиғалар  туралы  ғылыми  емес,  халыққа  жалпы  ақпарат  беру  болғандықтан,  оның  тілі  сол  халықтың 
түсінігіне  қиындық  тудырмайтындай  дәрежеде  құрылады.  Демек,  телехабарлар  тілінде  әдеби  нормаға 
негізделген жалпы халықтық қолданыстағы сөздер пайдаланылады.   
 
 
 
 
Ауызша  әдеби  сөйлеу  тіліне  құрылған  телехабарлар  ерекше  интонациямен  айтылады.  Ауызша 
публицистиканың әрбір жанры өзіне тән орфоэпиялық нормаға сәйкестендіріледі. Мәселен, қорытынды 
жаңалықтарды  жүргізуші  диктор  ресми  ақпаратты  оқыса,  онда  оның  сөйлеу  мәнері  бейтарап,  кітаби 
стильге  жақын  болады,  ал  Үкіметте  болған  маңызды  (құттықтау,  жұмыс  бабындағы  қызметтік  орын 
алмасулар) хабарландыруларды салтанатты дауыспен айтады.  
      Сонымен,  «Қазақстан»  ұлттық  арнасының  жаңалықтары  негізінен  әлемнің  түкпір-түкпірін  қамтитын 
жаңалықтар  мен  елдегі  және  төрткүл  дүниедегі  барлық  маңызды  оқиғаларды  қамтиды.  Телевизия 
көрермендермен  аудиовизуалдық  байланыста  болып,  ақпаратты  жылдам,  ықшам  беретін  сала 
болғандықтан, айтылар сөйлем ықшам, қысқа да нұсқа болуы тиіс. «Қазақстан» ұлттықа арнасының тілі – 
қазақ журналистикасының алғашқы мектебі десе де болады. Онда оқиғаны нақты, дәл жеткізетін тілшілер 
де,  жүргізушілер  де  жеткілікті.  Телехабарлар  тілінің  табиғатын  тану  оның  өзіндік  сипатын,  өзіне  тән 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
75 
ерекшеліктерін анықтаумен шектелмейді. Өйткені телехабарлар тіліне қатысты барлық үдерістерді адам - 
журналист жүзеге асырады. 
 
 
 1 Әбдіжәділқызы Ж. Тағы да тіл мәдениеті туралы. – Журналист. 2005. – 16 б. 
 2 Барманқұлов М. Телевизия: бизнес әлде билік? – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 216 б. 
 
3  Кирия К.Д. Текст в новостях. – М.: АНО «Интерньюс», 2005.   
       4  Мостепанова  Ю.В.  Содержание  и  структура  телевизионных  сообщений  как  фактор  из 
эффективности: дисс....канд. филол. наук.: 10.02.20. – Москва, 2002. – 129 с.   
 
 
 
5  Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіздері:  филол.  ғыл.  док...дисс.:  10.02.02.  –  Алматы, 
2007. – 329 б.   
 
 
 
     6 Матвеева Л.В., АникееваТ.Я., Мочалова Ю.В. Психология телевизионной коммуникации. – М.: РИП – 
Холдинг, 2004. – 316 с. 
7  Балақаев М., Серғалиев М.С. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Зият Пресс, 2004. – 140 б. 
 8  Ма Дихун. Языковые выразительные средства в СМИ. – 2005. - №47. – 81-84 бб. 
 
УДК: 801(091):82(091):001.8 
ЛИНГВОТЕКСТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
(Абай, Ыбырай шығармаларының негізінде) 
 
Г.Ж.Убайдуллаева- филол.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ,  
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, 
З.Н. Махамбетова- 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, магистрант 
 
 Аңдатпа:  Мақалада  текстология  ғылымының  бір  саласы  –  лингвотекстология  мәселелері,  авторлық  нұсқаны 
дәлелдеу  жолдары,  текстолог  мамандардың  авторлық  нұсқаны  дәлелдеуде  қолданып  келген  әдіс-тәсілдері 
қарастырылған.  Жеке  әдеби  немесе  тарихи  шығарманы  басылымға  әзірлеу  үстінде  текстолог  мамандар  авторлық 
нұсқаны  дәлелдеу  үшін  түрлі  әдістер  қолданады.  Абай  мен  Ыбырай  шығармаларының  текстологиялық 
зерттелуіндегі текстолог мамандар еңбектерінен мысалдар келтіре отырып, авторлық нұсқаны дәлелдеу мәселесі сөз 
болады.  
 Кілт  сөздер:  қазақ  тілі,  лингвотекстология,  текстолог,  қолжазба,  көшірме,  түпнұсқаны  қайта  қалпына  келтіру, 
графикалық ерекшеліктер, авторлық нұсқа т.б.  
Аннотация:  В  статье  автор  рассматривает  вопросы  лингвотекстологии  –  одного  из  направлений  науки 
текстологии, в частности, методы и приемы подтверждения авторского в варианта специалиста-текстолога.  
При  подготовке  литературного  или  исторического  произведения  к  изданию  специалист  текстолог  выбирает 
методы  исследования,  доказывающие  авторский  вариант.  В  статье  приводяться  примеры  из  научных 
текстологических трудов, исследующих произведения Абая и Ибрая. Главные вопросы текстологии – критический 
текст, авторский вариант  и методы исследования – являются актуальными вопросами филологии.  При подготовке 
произведения к изданию специалисты-текстологи в казахской филологии выполнили очень болшой обьем работы, 
но  они  не  делились  с  методами  исследования,  доказывающие  канонические  тексты.  Поэтому  нужно  обобщить  и 
систематизировать все методы специалистов-текстологов. 
Ключевые  слова:  казахский  язык,лингвотекстология,  текстолог,  рукопись,  копия,  восстановление 
первоначального варианта, графические особенности, авторский вариант и др.  
Abstract:  The  article  considers  one  of  the  directions  of  textology  –  lingvotextology,  its  issues,  ways  and  methods  of 
confirming  the  original  variant  by  textologists.  During  the  process  of  preparation  the  literature  or  historic  composition  for 
publication, textologists use different methods of research, confirming the original variant. There are also given the examples 
from the works of textologists, studying the compositions of Abai and Ibray. The main questions of textual criticism, critical 
text, the author's version and the methods of research-relevant issues of Philology. When preparing artwork for publication 
tekstologi-specialists in Kazakh Philology have very big volume of work, but they do not share with the methods of research 
proving the canonical texts. So you need to compile and systematize all the methods of tekstologist's. 
Key words: Kazakh language, lingvotextology, textologist, hand writing, copy, recommencement of the original variant, 
graphic characteristics, original variant etc. 
 
 Лингвотекстология  мәселелерін  сөз  еткенде,  ең  алдымен,  Р.Сыздық,  Ә.Құрышжанов,  Ш.Сарыбаев, 
Б.Сағындықұлы  сынды  ғалымдарымыздың  еңбектері  ойға  оралады.  Дегенмен  қолжазбалар  арасындағы 
айырмашылықтардың  авторлық  нұсқасын  дәлелдеу  барысында  тек  әдеби  тұжырымдар  аясында  ғана 
шектеліп  қалмай,  қажеттіне  орай  нақты  тілдік  деректерге  де  сүйеніп  зерттеу  жүргізген  әдебиетші, 
тарихшы  ғалымдарымызбен  қатар  баспа  орындарының  қызметкерлері  де  жетерлік.  Атап  айтар  болсақ, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
76 
Қ.Өмірәлиев,  Қ.Мұхамедханов,  Т.Әбдрахман,  Т.Жұртбай,  Қ.Салғараұлы,  Ғ.Әнес  және  т.б.  ғылыми 
еңбектерінде  жеке  әдеби  немесе  тарихи  шығарманы  қайтадан  басылымға  әзірлеу  үстіндегі 
текстологиялық  жұмыстар  жүргізіп  келді.  Орыс  филологиясында  текстология  ғылымының  негізін 
салушы ғалым Д.С.Лихачев:  «Методические  приемы текстолога должны быть крайне разнообразны»,  - 
деп  айтқандай,  біздің  текстолог  мамандарымыз  да  текстология  тарихында  бұрын-соңды  болмаған  әдіс-
тәсілдерді  қолданып  отырған[1,568].  Бірақ  олардың,  яғни  текстолог  мамандардың  өз  ойларын  ортаға 
салып,  зерттеу,  дәлелдеу  әдістерін  ғылыми  жұртшылыққа  ұсыну  мәселесіне  аса  мән  берілмей  келеді. 
Сондықтан  да  әрбір  текстолог  өз  жұмысын  ең  алғашқы  деңгейден  қайта  бастауға  мәжбүр  болады. 
Ғылымдағы осы бір олқылықтың орнын толтыруды мақсат ете отырып, біз аталған мақаламызда өзімізге 
дейін  кеңінен  зерттеліп  жүрген  Абай  және  Ыбырай  шығармаларының  текстологиялық  еңбектерінен 
мысалдар  келтіре  отырып,  лингвотекстология  саласында  қолданылып  келген  әдіс-тәсілдерді  топтап, 
жүйелеуге тырысамыз.  
Қолжазбалар  арасындағы  айырмашылықтардың  авторлық  нұсқасын  дәлелдеу  барысында 
ғалымдарымыз мынадай нақты тілдік тұжырымдарға сүйеніп отырғаны байқалады. 
1.
 
Арабша  жазудың  ерекшелігін  ескере  отырып,  мәтінді  дұрыс  оқу  арқылы  түпнұсқаны  қайта 
қалпына келтіру 
Қазақ  тілі  жазу  тарихына  көз  жіберер  болсақ,  бірнеше  графиканы  бастан  өткергеніміз  белгілі.  Абай 
шығармалары біздің заманымызға Кәкітай мен Тұрағұл қолжазбалары арқылы жетті. Олардың заманында 
араб жазуының мәртебесі зор болатын. Кейінгі зерттеушілердің араб графикасын жетік меңгермегенінен 
сол  дәуірдің  шығармаларын  оқуда  көп  айырмашылықтардың  пайда  болғаны  рас.  Мәселен,  араб 
графикасындағы    және 
  ұқсастығынан  оларды  жете  айыра  алмағандықтан  мәтінді  оқу 
барысында  туындаған  қатені  түзету.  Араб  графикасы  мен  тіліне  жетік  ғалымдарымыз  бұл  тәсілді  өз 
еңбектерінде  кеңінен  қолдана  отырса  да,  дәл  осылай  атап,  топтауды  мақсат  етпеген.  Олар  авторлық 
нұсқаны  дәлелдеуді  ғана  көздеп,  тіпті  кейде,  автордың  өз  сөзінен  тірек  іздеген.  Мысалы  Абайдың 
«Татьянаның  Онегинге  жазған  хатындағы»  Татьянаның  сөзі  «талапсыз»  деп  қате  оқылып  келгенін  біз 
өзімізге дейін зерттеген ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, өз пікірімізді айтсақ дейміз. 
 
«Татьянаның Онегинге жазған хаты» 
Абай 
шығармаларының 
екі 
томдық  жинағы,  «Ғылым»  баспасы 
1977 ж. 
Абай  өлеңдерінің  1909  жылғы 
қолжазбасы 
Дұрысы 
«Талапсыз, бақсыз мен сорлы»  
Талайсыз, бақсыз, мен сорлы 
 Талайсыз 
 
 Біздің ойымызша, «талайсыз» деген нұсқа авторлық болуы әбден мүмкін. Текстологияның теориялық 
әдебиеттерінде  де  қолжазбалардың  ең  ерте  көшірілгені  авторлық  нұсқаға  ең  жақын  нұсқа  болып 
табылады  [2,131].  Біздің  сөзімізді  тіліміздегі  «тағдыр  талайы»  деген  тіркестің  күні  бүгінге  дейін 
қолданылатыны дәлелдей түспек.  
Дәл  осындай  қадым  мен  жәдидтің  арасындағы  оқу  әдісінен  кеткен  қателердің  біріне  мысал  ретінде 
Абайдың  Лермонтовтан  аударған  «Ой»  өлеңінің  екінші  шумағындағы  екінші  жолды  келтіруге  болады. 
Көптеген басылымдарда: 
 
 
 
Жасынан білер ескі шалдың мінін, 
                                    Апық жерін, ақылға кеш енгенін,- 
 
 
 
Өзі өнерсіз өмірден тез суынар, 
                                   Ойлаған жоллаушыдай бос жүргенін - деп жазылып келген.  
Тілімізде «апық жеу» деген тұрақты тіркес жоқ, «аптығы басылмады», «аптығыңды бас» деген тіркес 
асығып-үсігіп,  желігіп  келген,  ентігіп  тұрған  адамға  айтылады.  Ал  осы  сөздің  түп  төркіні  «опық  жеу» 
тұрақты  тіркесінен  шыққаны  күмәнсіз.  Бұл  арада  өткен  өміріне  опық  жеп,  «қолын  мезгілінен  кеш 
сермеген» адамның өкініші бейнеленген. Сонда бұл шумақ былай болу керек: 
                                   Жасынан білер ескі шалдың мінін, 
                                   Опық жерін, ақылға кеш енгенін,- 
 
 
             Өзі өнерсіз өмірден тез суынар, 
                                   Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін 
Келесі бір мысал Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің «Көре тұра қалады қашқан 
түлкі», - деген жолы туралы. Абай шығармаларының текстологиясы туралы сүбелі еңбек жазған автор – 
Қайым  Мұхамедханов.  Ғалымның  көптомдық  шығармалар  жинағының  1-томының  203-бетінде  «Ақын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
77 
бұл  арада  аспанға  шығып  алып,  шүйілген  қыраннан  құр  қаша  бергенмен  құтыла  алмайтынын  білген 
түлкінің жанын қорғау үшін қайрат қылмақ болып, кере тұра қалған жайын дәл суреттеп отыр. Бұл жай 
Абай өлеңінде айқын бейнеленген:  
                                      ... Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, 
                                         Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға, 
                                         Кере тұра өалады ұашұан түлкі 
                                         Құтылмасын білген соң құр қашқанға. 
                                         Аузын ашып, қоқаңдап, тісін қайрап 
                                         О да талас қылады шыбын жанға. 
Абай  өлеңінің  түпнұсқасы  осылай  оқылғанда  дұрыс  болмақ»,  -  деп  әдеби  образдылық  тұрғысынан 
дәлелдейді [3,203]. Біз бұны мәтінді баспаға әзірлеушілердің араб графикасындағы дауысты дыбыстарды 
дұрыс  айыра  алмауынан  жасалған  айырмашылыққа  жатқызамыз.  Өйткені,  Қ.Мұхамедханов 
көрсеткендей, 1909 жылғы кітаптың 71-бетінде Араб әрпімен былай басылған: 
 
Яғни, мәтінді оқушы Ө және Е дауысты дыбыстарын жете тани алмаған. 
Дәл  осы  сияқты  тағы  бір  мысал  айтуға  болады.  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас»,-  деп  аталатын 
өлеңінің  9-шумағының  екінші  жолы  Абай  шығармаларының  1909,  1945,  1954  жылдардағы 
жинақтарында: 
                      «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, 
                       Қарашы, дүние біткен ретімен 
                       Істің басы – ретін танымақтық, 
                       Иман білмес тағатты қабыл демен»,-деп берілген.  
«Абай бүл арада дүниенің құрылысын айтып отырған жоқ, адамның дене мүшесінің рет бітімін айтып 
отыр.  Бұл  пікірімізді  осы  өлеңнің  1-жолы  тапжылтпай  дәлелдеп  отыр»,  -дейді  ғалым  Қ.Мұхамедханов 
[3,201]. Әрине, түпнұсқаны дәлелдеуде автордың өзіне жүгінудің өзі текстологтың әдістерінің бірі болып 
табылады.  Ал  лингвотекстология  тұрғысынан  біз  оны  тағы  да  «Арабша  жазудың  ерекшелігін  ескере 
отырып,  мәтінді  дұрыс  оқу  арқылы  түпнұсқаны  қайта  қалпына  келтіруге»  жатқыза  аламыз.  Бұл  жерде 
Қ.Мұхамедханов  өз  пікірін  Абай  сөзімен  шегелеп  отыр.  Шындығына  келсек,  жазу  тарихын  жетік 
меңгерген  ғалым  дауысты  дыбыстырды  дұрыс  танып  оқи  алмау  салдарынан  кеткен  қатені  дәл  тауып, 
орынды түзету енгізген.  
2.
 
Араб  графикасында  тыныс  белгілерінің  болмауы  әсерінен  қате  оқылған  сөздердің  қажетті 
тыныс белгісін қою арқылы, авторлық нұсқасын дәлелдеу. 
Тіліміздің  қазіргі  заңдылықтарына  сай  тыныс  белгілерін  дұрыс  қойып  Абай  шығармасын  орынсыз 
бұрмалаулардан тазарту.  
Бір  үтірдің  және  бір  сызықшаның  қойылмағаны  мәтінге  қаншама  нұқсан  келтіріп  тұрғанын  мәтін 
айырмашылықтарындағы нақты мысалдармен қарастырып көрелік. Мысалы: 
Әбдірахман  науқастанып  жатқанда  жазған  Абай  өлеңіндегі  (қазіргі  пунктуациялық  ережемізге  сай 
қойылуды талап ететін) кішкене ғана дефис өлең мәтінінде қойылмағандықтан, Әбдірахманның қай жері 
ауырғанын   түсіну қиын: 
 
Бұрысы 
Бұрысы 
Дұрысы 
Абай  өлеңдерінің  1922  ж. 
басылымы 
Осы  қате  1954  ж.  жинақта 
қайталанған  
1988  ж.  Абай  өлеңде-рінің 
толық жинағында  
 Екі аяқ, не қылып, 
 Басқаша ауырып, 
 Япырмай, докторлар 
 Жүрмесін жаңылып. 
Екі аяқ, не қылып, 
Басқаша ауырып, 
Япырмай, докторлар 
Жүрмесін жаңылып. 
Екі ай-ақ, не қылып, 
Басқаша ауырып, 
Япырмай, докторлар 
Жүрмесін жаңылып. 
 
Осындағы  «аяқ»  сөзін  бастырушылар  қай  мағынада  алып  жүргені  белгісіз,  бұл  күйін  оқушы  оны 
кәдімгі  екі  аяқ  (аяқ  –  дене  мүшесі)  деп  түсінеді.  Абай  өлеңдерінің  соңғы  екі  басылуында  да  осылай 
берілген бұл сөзге үңіле қарасақ, мағынасының мүлдем басқа екенін көреміз. Оны «екі аяқ» деп емес, «екі 
ай-ақ»  деп  оқыр  едік.  Өйткені  Абдрахманның  аяғы  емес,  өкпесі  ауырғаны  мәлім.  Абай  мұнда  сүйікті 
баласының «екі ай-ақ ауырып» мүрт кеткеніне өкініп отыр[4, 93]. 
3.
 
Орынсыз  қойылған  тыныс  белгісін  алып  тастау  арқылы  автор  ойының  оқырманға  қатесіз 
жетуін қамтамасыз ету. 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
78 
Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың 
 
Абай  шығармаларының  екі 
томдық  жинағы,  «Ғылым» 
баспасы 1977 ж. 
Абай 
өлеңдерінің 
1909 
жылғы қолжазбасы 
Дұрысы 
Ағайын,  жоқ  нәрседен  етер 
бұртың 
Ағайын  жоқ  нәрседен  етер 
бұртың 
Ағайын  жоқ  нәрседен  етер 
бұртың 
 
Мұнда  да  1909  жылғы  қолжазбаның  дұрыстығына  көңіл  аудартқымыз  келеді.  Абай  «Ағайын»  сөзін 
қаратпа  ретінде  емес,  зат  есімнен  жасалған  бастауыш  ретінде  қолданып  отырғанын  өлең  мазмұнынан 
байқауға болады.  
Бір басылымнан екінші басылымға ұласа бермей осы секілді қателердің уақытылы түзетілуі оқырман 
қауымның, әсіресе оқушылар мен студент шәкірттердің мәтінді шатыстырымай, қатесіз жаттауына мол 
ықпал етеді. 
Ыбырай  Алтынсариннің  кейінгі  ұрпаққа  қалдырған  өлең  мұралары  аққұла  түзетулерге  түсті,  сөйтіп 
біразының  өңі  айналып  кетті.  Ағартушының  әңгімелерімен  қатар  өлеңдерінен  де  өзіндік  тіл,  стиль 
ерекшеліктері байқалады. Сондықтан да ақын өлеңдерінің текстологиясын да бір ізге түсірудің маңызы 
зор.  «Қырғыз  хрестоматиясы»  өлеңдері  кейінгі  басылуларда  бірталай  өзгеріске  ұшыраған.  Оған  дәлел 
ретінде  1935,1943,1948,1955  жылдардағы  басылған  шығармаларына  енгізілген  өзгерістерге  тоқталып 
өтелік.  
Ыбырай  Алтынсариннің  «Қырғыз  хрестоматиясының»  «Сөз  басы»  деп  берілген  «Кел,  балалар, 
оқылықтан»  басталатын  өлеңі  көпке  дейін  жырымдалып,  басылмай  келді.  Бұл  өлең  негізінде  тоғыз 
шумақтан  тұрады.  1935  жылғы  жинақта  жеті  шумағы,  1943,1948  жылдардағы  жинақтарда  үш-төрт 
шумағы  ғана  берілген.  Сол  жылдары  баспаға  дайындаушылар  ақынның  «Бір  құдайға  сиынып», 
«Бастасаңыз  алданып»,  «Қыдыр-ата  дарымыс»  тағы  сондай  сөздер  бар  өлең  жолдары  кездескен 
шумақтардың  бәрін  алып  тастап,  аттап  өтіп  жүре  берген.  Ыбырай  сөзін  осылай  бастамаса  халық 
балаларын  оқуға  бермес  пе  еді?  Бұл  сөздердің  кейігі  басылымдарда  түсіріліп  қалғандарынан 
ағартушының сол айтулы өлеңдеріндегі:  
«Оқу деген шыны-ды, 
Тұрған сайын шыныққан. 
Оқу білген адамдар, 
Май тамызған қылыштан, 
Білмегенді білуге 
Есті бала тырысқан, 
Есер бала ұрысқан...» деген сияқты,  
немесе: 
 
«Әлпештеген ата-ене 
 
Қартайатын күн болыр. 
 
Қартайғанда жабығып, 
 
Мал таятын күн болыр. 
 
Ата-анаң қартайса- 
 
Тіреу болар бұл оқу. 
 
Қартайғанда мал тайса, 
Сүйеу  болар  бұл  оқу...»  -  деген  сияқты  жастарды  оқу-білімге  шақырған  жерлері  жинақтарда 
оқушыларына көрінбей келді. 1955 жылғы «Таңдамалы шығармаларында» бұл өлең түгел берілген. Бірақ, 
бірнеше қате бар. 
«Өлеңнің қайырмасы үнемі «Кел, балалар, оқылық!» деген шумақтармен басталады. Ақын тек соңғы 
қайырымда ғана «Қой, балалар, оқылық!» деп отырған. Ақын бұл сөзді тауып қолданған. Осы бір уытты 
айтылған сөз қазіргі қауымға жетпей отыр» - деп, 1966 жылы «Қазақстан мектебі» журналында шыққан 
«Ы.Алтынсарин шығармаларының текстологиясы» деген мақаласында С.Хасанова сөз етеді[5, 73].  
«Атамұра» баспасынан 2008, 2010 жылдарда шыққан 1 сынып оқушыларының «Ана тілі» оқулығында 
Ы.Алтынсариннің осы өлеңі:  
«Бір Аллаға сыйынып, 
 Кел,  балалар,  оқылық!»  -  деп  басталып,  толық  нұсқада  берілуі  С.Хасанова  еңбегінің  зая  кетпегенін 
көрсетеді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
79 
Текстология  мәселелерімен  шұғылданып  жүрген  мамандардың  міндеті  –  жоғарыда  келтірілгендей 
айырмашылықтардың  қай-қайсының  болмасын  дұрыс  нұсқасын  анықтау,  үйлеспей,  автордың  ойын 
бұзып тұрған ағат сөздің түпкі төркінін табу болып саналады. Бұған қоғамдық маңызы бар іс деп қараған 
жөн.  
Бір қуанарлығы, соңғы жылдары текстология мәселесіне көбірек көңіл бөлініп келеді. Тек мақалалар, 
жинақтар  ғана  жарық  көруімен  шектеліп  тұрған  жоқ,  сонымен  қатар  ғылыми  диссертациялар  да 
қорғалуда.  Атап  айтсақ,  Ғ.Әнес  «Махамбет  Өтемісұлы  өлеңдерінің  лингвотекстологиясы»  2002, 
Ж.Жүнісова  «Айман-шолпан»  жырының  текстологиялық  және  тілдік  ерекшеліктері»  2009, 
А.Болсынбаева  «М.Әуезов.  Қараш-қараш  оқиғасының  повесі»  2004,  Ақан  А.Ү.  «Р.Мәзқожаев 
жырлауындағы  «Көрұғлы»  эпосы  (сюжетикасы  мен  текстологиясы)».  –  Алматы,  2010  және  т.б.  Сол 
сияқты  «Тәуелсіздік  кезеңінде  жарияланған  көркем  шығармалардың  текстологиясы»  (Алматы:  2012.–
184б.), «Қамбар батыр және оның текстологиясы» ( А.: Олжа, 2009) деген монографиялар да жарық көрді.  
Біз  осы  мақаламыз  арқылы  текстология  ғылымының  дамуы  нәтижесі  біздің  мектеп  оқулықтарымыз 
бен  жоғары  оқу  орнының  оқу  хрестоматиялары  кітаптарында  кеткен  қателіктерді  түзетуге  тигізген 
септігіне, үлесіне де назар аудартқымыз келді.  
Қорыта  айтқанда,  текстология  ғылымының  дамуы  оқу-ағарту  ісінің  дұрыс  дамуына  оң  бағыт  беріп, 
мұғалімдер мен оқытушыларға мол дидактикалық материал бола алатынын байқаймыз. 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал