Хабаршы вестник



жүктеу 5.07 Kb.

бет10/35
Дата08.01.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

 
1
 
V.Karassik «Языковой круг: личность, концепты, дискурс». - Волгоград, 2002. 
2
 
TeunA.VanDijk.Language. Cognition. Communication. 1989. 
3
 
Fairclough. Discourse and social change. 1992. 
4
 
G.Burkitbayeva  «Деловойдискурс: онтология, интеракцияижанры». 2005. 
5
 
F.Bargiela-Chiappini,  C.Nickerson  and  B.Planken.  Business  Discourse.  Houndmills,  Basingstoke: 
Palgrave, Macmillan, 2007. 
6
 
F.Bargiela-Chiappini, Nickerson. Business discourse, 1997. 
7
 
M.Lampi, H.Nyyssonen, R.Schulze, D.Neuendorff. Discourse analysis: openings. 1987. 
8
 
F.Bargiela. Business Discourse across ‘cultures’: data selection, collection and analysis. Warwick, 2010. 
9
 
A. Aymoldina. «Обизученииделовогодискурсавсовременнойлингвистике», Вестник ЕНУ, 2011 
10
 
President N.Nazarbayev’s address to the nation«Стратегия «Казахстан-2050», 2012. 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
55 
ӘОЖ 811. 512 ББК 81.2 
ДИСКУРСТЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТҮСІНІК 
КОМПОНЕНТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСЫ 
 
К.Қ. Садирова - 
филология ғылымдарының докторы, доцент 
 
Аңдатпа:  Мақалада  дискурстың  семантикалық  құрылымы  мен  оның  түзілуіне  негіз  болатын  семантикалық 
түсінік байланысы сөз болады. Осы байланысты О.Бөкейдің "Кербұғы" әңгімесінен алынған үзіндіні талдау арқылы 
көрсеткен.Семантикалық  түсінік  семантикалық  компоненттердің  үндестігінен  туындайды.  Семантикалық  түсінік 
құрылымының түзілу грамматикасы болады. Ол дискурстың түзілу грамматикасына негіз болады. 
Тірек сөздер: дискурс, семантикалық компонент, семантикалық құрылым, дискурс құрылымы. 
Аннотация:  В  статье  рассматривается  взаимоотношение  семантических  компонентов  понятий  и 
семантическая структура дискурса.Осуществлен  анализ  текста  (рассказа)  О.Бокеева  "Кербұғы",  выявлена связь 
между  компонентами  семантическихпонятий  и  структурой  дискурса.  Семантическое  понятие  зарождается  из 
созвучия  семантических  компонентов.  Структура  семантического  понятия  имеет  свою  грамматику  образования, 
которая служит основой грамматики образования дискурса. 
 Ключевые слова: дискурс, семантический компонент, семантическая структура, структура дискурса.  
Abstract:  The  article  considers  the  relationship  of  semantic  components  concepts  and  semantic  structure  of  discourse. 
The analysis of the text (story) О.Bokeeva "Kerbugi", the relationship between the components of the semantic concepts and 
discourse  structure.Semantic  concept  arises  from  the  harmony  of  the  semantic  components.  The  structure  of  a  semantic 
concept has its own grammar school, which served as the basis of grammar education discourse.  
 Key words: discourse, semanticcomponents, semantic structure, discourse structu
re. 
 
Семантикалық түсінік термині ой мен тілдің арақатысын сөз еткен зерттеулерде, сонымен бірге «ОЙ – 
ХАБАР»  лингвистикалық  моделіне  қатысты  талқыланып  жүр.  А.Р.Лурияның  пікіріне  сүйенсек, 
семантикалық  түсінік  дегеніміз  –  является  не  исходным  терминальным  компонентом  модели  языка,  а 
некоторым продуктом мыслительного процесса, мыслительной деятельности, в свою очередь имеющей 
«замысел  (или  мысль),  с  которого  начинается  процесс  формирования  высказывания»  [1.9]. 
А.Е.Кибрикше,  семантикалық  түсінік  –  бұл  синтаксистік  деңгейдегі  бірліктердің  арақатысына  қажетті 
құрастырушылардан  тұратын  базалық  құрылым,  бұл  құрылым  элементтерінің  және  олардың 
мағыналарының арасындағы сәйкестену өте айқын, әрі уәжді болады[2.202]. Дәлірек айтсақ, айтылымның 
түзілу негізінде жатқан түпкі ой, ойлау әрекеті мен ойлау үрдісінің өнімі саналатын семантикалық түсінік 
-  жалпы  ойдың  пайда  болуы  мен  оның  өзара  түзіліп  тілдік  бірліктерге  еншіленіп,  дискурста  көрініс 
табуының  және  қабылдаушыда  дұрыс  қабылдануының  негізі.  Оның  өзі  белгілі  құрылымға  ие  болады. 
Мұндай  құрылым  компоненттері  қатарында  негізінен  8  сыңар  аталып  жүр.  Олар:  жағдаяттық 
(ситуационный),  дейктикалық  не  актілік-сөйлеу  (дейктический  (акто-речевой)),  коммуникативтік 
(қаттаушы)  (коммуникативный  («упаковочный»)),  референциялы,  модальды,  логикалық, 
эмоциональды, интенциялы не иллокутивті. Бұл компоненттер мәннің негізгі компоненттерімен сай 
түседі:  жағдаяттық,  коммуникативтік,  референциялы  және  дейктикалық.  Мәннің  жағдаяттық 
компонентіне  сөйлемде  не  айтылымда,  дискурста  бейнеленген  шынайы  жағдаят  туралы  хабар,  ақпарат 
енсе,  әр  тілден  тыс  жағдай  қалай  да  белгілі  бір  саналы  тұлғаға  тікелей  қатысты  өтеді,  ал  оның  сөйлеу 
әрекеті тек шындықты сана сүзгісінен өткізіп қана қоймайды, оны өз өлшеміне сай шындық бейнесіне- 
мәтінге айналдырады, сол кезде ақпараттың маңыздылығы, жаңалығы не бұрыннан таныс болуы, оның 
өзіне де, тыңдаушыға қатысына қарай да анықталады, оны ақпараттың коммуникативтік компоненті деп 
есептейді.  Сөйлеу  актісінің  сәтті  орындалуы  сөйлеушінің  тыңдаушы  назары  мен  көңілін  өзі  тірек  етіп 
тұрған шындық моделіне аударуда жатады да, ол тыңдаушының референт атауын, сипатталып отырған 
оқиға  өткен  орын  мен  уақытты,  олардың  сөйлеу  актісі  орындалып  жатқан  орталықпен  сәйкестену 
жүйесімен байланыста жүзеге асады, ақпараттың бұл түрі референциялы және дейктикалық компонент 
деп  аталады.  Кейбір  әдебиеттерде  соңғыларын  –  коммуникативтік,  референциялы,  дейктикалық  – 
прагматикаға, жағдаяттық компонент семантикаға қатысты баяндалса, дискурста бұл үшеуі өзара тығыз 
байланыста көрініс табады. 
Жағдаяттық компонент - семантикалық түсініктің хабар мен сөйлеу актісіне қатысты кейбір сыртқы 
жағдаятты  бейнелейтін  бөлігі.  Бұл  компонент  семантикалық  түсінік  компоненттерінің  иерархиясында 
маңызды  рөлге  ие  болады.  Сондықтан  да  ол  зерттеушілер  назарын  үнемі  аударып  келеді.  Оның  тілдік 
көрінісінің ең негізгі бірлігі – сөйлем.  
Тілден  тыс  қарапайым  жағдаят  кейбір  типтік  жағдай  мен  оған  қатысушылардан  тұрады. 
Семантикалық-синтаксистік деңгейде мұндай тілден тыс жағдайды пропозиция бейнелейді, ол предикат 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
56 
пен  аргументтерден  тұрады.  И.А.Мельчук  [3.85.] аргументтердің семантикалық валенттілігі сай түсетін 
маңыздыларын актанттар деп бөліп көрсетеді. Түсініктірек айтар болсақ, әр айтылым не дискурстың әр 
бірлігі жағдаяттық компонент, өйткені олар сыртқы жағдай бөлігін бейнелеуге қатысып тұр. Сондықтан 
да,  ең  алдымен,  жағдаяттық  компонент  пропозициясы  лексикаланады.  Қалған  компоненттер 
пропозициясының  лексикалануы  және  тікелей  синтаксистік  құрылымға  енуі  де  ақпараттың 
маңыздылығына  қарай  орындалады.  Егер  айтылым  мазмұны  тек  бір  көмекші  компоненттен  тұратын 
болса,  оларды  әдеттегідей  предикаттық-аргументтік  құрылымға  талдауға  келе  қоймағанымен,  олардың 
иллокутивті-дейктикалық мәнін семантикасына қарап танимыз.  
Дейктикалық не актілік-сөйлеу компоненті айтылымның жағдаяттық мазмұны мен сол жағдаятқа 
қатысушылардың  барлығына  да  қатысты  қабылданатын  сөйлеу  актілері  нүктелерімен  арақатынасын 
белгілейді. Сөйлеу актісі хабарламаға қатысты алғанда сыртқары қала алмайды, шоғырландыру жүйесінің 
қызметін  атқарады,  ол  сөйлеу  актісі  мен  жағдаятты  уақыт  пен  кеңістікке,  сөйлеу  актісінің  орындалған 
орнына, яғни қазір және осында деген ұстаныммен бағдарлай отырып белгілейді. Сондықтан да күрделі 
коммуникативтік  жағдаят  барысындағы  сөйлеу  актісінде  сөйлеуші  хабардың  жалпы  мәнін  тірек  етіп 
отырады, ал сол мән сөйлеушілер сөзінде, негізінен, дейксистер арқылы (жіктеу есімдіктері, демеуліктер, 
мезгіл үстеулері т.с.с арқылы) заттанады немесе деректенеді.  
Коммуникативтік  «қаттаушы»  компонент  әр  нақты  айтылымды  дискурс  бөлігі  ретінде  тұтас 
дискурспен  арақатынасын  белгілейді.  Ол  сөйлеушінің  «мәндік  тапсырмасын»  орындаудағы 
стратегиясының  материалдануын  анықтайды.  Коммуникативтік  компонент  хабарды  тудыруда  оны 
алдыңғы мәтінмен сәйкестендіріп қана қоймайды, сонымен бірге тыңдаушының қабылдауына ыңғайлап 
та үлгереді. А.Е.Кибриктің пайымдауынша, бұл компонент сөйлемді актуальды мүшелеумен сай келеді. 
Яғни, бұл компонент бірліктеріне мыналар жатқызылады: тема-рема, ескі/жаңа ақпарат, топик, эмпатия, 
түрлі  анафоралық  айтылымдар,  коммуникативтік  ақпарат  тасымалдаушылары,  яғни  интонация  мен 
сөздердің орын тәртібі т.б.  
Референциялы  компонент  реляциялы  болып  табылады,  оның  қызметі  –  шындық  элементтерін 
бейнелеген  мәтін  элементтерінің  арақатысын  ашу,  теңдестіру,  айтылым  формасын  өзектілендіру. 
Референциялы  компоненті  болмаса,  ақпарат  дұрыс  түсінілмейді.  Мысалы,  О.Бөкейдің  «Кербұғы» 
әңгімесінен  алынған  талданған  мәтін  үзіндісіндегі  «–Ааааа,  ууууу,  аааа»  айтылым  формасына  көңіл 
аударайық.  Бұл  айтылым  екі  кейіпкерге  тиесілі:  мұның  бірі  Кербұғының  дыбыстауын  білдірсе,  екінші 
жерде  -  Жасбұғының  дыбыстауы.  Ал  оның  қай  коммуникантқа  қатыстысы  тек  осы  референциялы 
компоненттен білініп тұрады. Референциялы мағынаны тасымалдаушыларға интонация, есімдіктер т.с.с 
жатады. Біздің мысалымызға келсек, Кербұғының дыбыстауын білдіріп тұрған бірліктер референциялы 
компонентке жатады: Кербұғы –А-а-а-а-у-уу-аааа! Бұлбедеу үн зор болмағанымен, жұрнақ . Тұман әлі 
сейілген жоқ. ...-Ааа, ууу,  ааа? Өзімен қоса үні де келмеске кете бастаған Кербұғы,  қаңси бастаған 
кеудесін қақ айыра шақырмаққа аузын ашты, бәрібір баяғыдағы сырнай үні тарғылданып шықты. – 
Аааа,  уууу,  аааа?  Тау  жаңғырыққан  жоқ,  мелшиіп  әр  тасы  көкбеттеніп  дүмбілез  жатыр(353-б.). 
...Ақшағыл арман – Ақшоқыға аман-сау жетті де, қарсы алдында тұрған діңгекті иіскеп, жүгіре-жүгіре 
деміккен танауын қасыды. Бұдан соң көзіне жас алып тұрып, баяғыша жас шағындағыдай арқырап, 
таза  әрі  зор  дауыспен  күйек  шақырды.  –Аааааааа,  ууууууууу,  ааааааааа,  ууууууууу,  ууууууу!  Бұл  үнді 
күллі  тау  әулеті  үздік-создық  ұзақ  қақпақылдады,  қайталады-ау......  Жасбұғының  дыбыстауы  өзін 
мертіктіріп  кеткен  Жасбұғының  қызықшыл  рақатты  әні  естіледі.  Жасбұғының  рақатқа  батқан 
ессіз үні естіледі. –Аааааа, уууууу, аааааа, ууууу!!?(354-б.).  
Модальды компонент реляциялы, пропозиция мен шындық болмыстың арақатысын белгілейді. Бұл 
қатынас  сөйлеушінің  пропозицияның  шынайылығы  мен  ирреальдылығына  сенімділігін  танытады. 
Модальды мағына модаль сөздермен, рай категориялары, интонация арқылы бейнеленеді.  
Логикалық  компонент  мәтінді  тыңдаушы  мен  сөйлеуші  түсінігіндегі  әлем  туралы  білімімен 
сәйкестейді,  бұрыннан  бар  білімнің  жаңа  біліммен  толықтырылуын,  мәтіннің  мәндік  дұрыс  болуын 
қамтамасыз  етеді.  Оның  элементтеріне  пайымдаудың  субъект-предикаттық  құрылымы,  айтылым 
мазмұнының презумптивтік және ассертивтік бөліктерге бөлінуі жатады.  
Эмоциональды  компонент  сөйлеуші  тұлғаның  тілегімен,  бағалауымен,  психофизикалық  күйімен 
айтылым мазмұнның арақатынасын белгілейді.  
Интенциялы  (иллокутивті)  компонент  айтылымды  сөйлеушінің  сөйлеу  ниетімен  байланысын 
көрсетеді:  тыңдаушысын  ақпараттандырады,  оның  әрекетіне  ықпал  етеді,  оның  эмоциональды,  сөйлеу, 
ойлау реакциясына түрткі болады, нақты айтсақ, айтылымның иллокутивтік қызметімен байланыстының 
бәрі  де  осы  интенциялы  компонентке  жатады.  Жоғарыда  айтылғандарға  О.Бөкейдің  «Кербұғы» 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж. 
57 
әңгімесінің мәтінінен ішінара алынған үзіндіні талдау арқылы көз жеткізейік: А-а-у-у-а! Кербұғы бүгін де 
су  ішкен  жоқ.  (342-б.)...–А-а-а-а-у-уу-аааа!Бұл  бедеу  үн  баяғыдай  дүниені  дүр  сілкіндірер  зор 
болмағанымен,  тегіндегі  тегеурінді  дауыстан  қалған  жұрнақ  айқай  екенін  аңғарталық.(342-б.).....Әлде 
көз  алдында  ақырғы  рет  секіріп  билеп  кетіп  бара  жатқан  жас  марал-қызды  енді  қайтып  (түсінде, 
қиялында  болмаса)  көре  алмайтыны  енді  қайтып  салмақпен  жүріп,  сабырмен  еркелейтін  марал-анаға 
наз қыла алмайтыны, енді қайтып көре алмасы, ести алмасы көп баянсыз жалғанның тұмбасына шам 
батқан, тұманына шын адасқаны енді ғана есіне түскендей селк етіп, ұнжырғасын көтерді де, тағы да 
бір  рет  жан-дүниесін  қақырата  ышқынды.-  Ааааа,  ууууу,  аааааа!  (343-б).  ...  –Ааааааааа,  уууууууууу, 
ааааааааа,  ууу!  ...Осы  бір  оқиғаны  еріксіз  есіне  алған  Кербұғы  ұмтылып  барып  қайыңның  сарғая 
бастаған  жапырағын  үзіп  алды  да,  талмап  оразасын  ашты.  Тұман  әлі  сейілген  жоқ.  (346-б.).  ...Осы 
кезде  алып  таудың  арғы  қапталынан  өзін  мертіктіріп  кеткен  Жасбұғының  қызықшыл  рақатты  әні 
естіледі.  Баяғыда  бұл  да  кәрі  бұғының  шекесін  қақ  айырып,  үйірді  өзі  иемденгенде,  дәл  осылай 
шаттыққа,  шабытқа  толы  жеңімпаз  әнін  шырқап  еді-ай.  Дүние  кезек  екен,  дүние  кезек  екен...  -Аааа, 
уууу,  аааа!(348-б.).  ...-Ааа,  ууу,  ааа?  Өзімен  қоса  үні  де  келмеске  кете  бастаған  Кербұғы  сонау  сары 
жағал  таудың  ар  жағындағы  ұшпа  басы  аппақ  қар  меңдеп,  мұнартқан  шоқыға  қарады.  Сол  шоқы 
мұның қозықа шағында тым биік болып елестесе, есейе келе аласарып кеткендей еді, енді, міне, тағы да 
заңғар тартып аспандап тұр.(351-б.). ....Кербұғы қаңси бастаған кеудесін қақ айыра шақырмаққа аузын 
ашты, бәрібір баяғыдағы сырнай үні тарғылданып шықты. – Аааа, уууу, аааа? Тау жаңғырыққан жоқ, 
мелшиіп әр тасы көкбеттеніп дүмбілез жатыр(353-б.). ...Ақшағыл арман – Ақшоқыға аман-сау жетті 
де, қарсы алдында тұрған діңгекті иіскеп, жүгіре-жүгіре деміккен танауын қасыды. Бұдан соң көзіне 
жас  алып  тұрып,  баяғыша  жас  шағындағыдай  арқырап,  таза  әрі  зор  дауыспен  күйек  шақырды.  –
Аааааааа,  ууууууууу,  ааааааааа,  ууууууууу,  ууууууу!  Бұл  үнді  күллі  тау  әулеті  үздік-создық  ұзақ 
қақпақылдады,  қайталады-ау......  Ағаш  қоршаудың  ішінен  Жасбұғының  рақатқа  батқан  ессіз  үні 
естіледі. –Аааааа, уууууу, аааааа, ууууу!!?(354-б.).Үзіндіде берілген ақпараттың семантикалық түсінігінің 
жағдаяттық  компоненті  әр  айтылымда  көрініс  тапқан,  бірақ  олардың  үстірт  құрылымының  сипаты  бір 
емес.  Мысалы,  А-а-у-у-а!  айтылымының  құрылымы  дәстүрлі  предикаттық-аргументтік  құрылымға  сай 
келмейді, бірақ оның семантикалық түсінігі дискурстың жалпы мәні негізінде анықталады. Дискурстың 
өнімі мәтіннен алған үзіндідегі осындай құрылымда мәннің эмоциональды мағынасы берілген: «Өзегімді 
өкініш  өрті  жандырып  барады.  Дәуренім  өтті»,  келесі  осындай  айтылымдардың  мағыналары  мен  оның 
семантикалық түсінігінің қалпына келтірілген түрін келтірейік: –А-а-а-а-у-уу-аааа! мәннің эмоциональды 
компоненті,  негізгі  мағынасы  «Мен  өзімді  жағымсыз,  әлсіз  сезінемін»,  -  Ааааа,  ууууу,  аааааа! 
Эмоциональды  компонент,  негізгі  мәні  «Менің  жаным  ышқынуда»,  Ааааааааа,  уууууууууу,  ааааааааа, 
ууу! айтылымы мәннің иллокутивтік-дейктикалық компоненті, негізгі мәні «Менің дәуренім өтті, тұман 
сейілмейді», эмоциональды мәні «Мен өзімнен де, өмірден де түңілдім». ... -Аааа, уууу, аааа! айтылымы 
Жасбұғыға  тиесілі,  эмоциональды  компонент,  негізгі  мәні:  «Мен  үйірге  өзім  иемін,  мен  шатпын,  өмір 
қандай рахат», ...-Ааа, ууу, ааа? айтылымы қайтадан Кербұғыға тиесілі, эмоциональды компонент, негізгі 
мәні:  «Шынымен  де,  менің  дәуренім  өткені  ме?»,  –  Аааа,  уууу,  аааа?  эмоциональды  компонент, 
«Шынымен  де  өмірімнің  шаттығы  осымен  аяқталды  ма,  өзегім  өртеніп  барады»,  –Аааааааа,  ууууууууу, 
ааааааааа, ууууууууу, ууууууу! айтылымы тағы да Кербұғыға қатысты, мәннің эмоциональды компоненті, 
негізгі  мәні:  «Қайран,  жастық  шақ,  осылай  арқырар  едім-ау!»,  –Аааааа,  уууууу,  аааааа,  ууууу!!?  бұл 
айтылым тағы да Жасбұғыға қатысты, эмоциональды компонент, негізгі мәні: «Мен рақаттанып тұрмын, 
өмір қандай ғажап!».Өзіміз қалпына келтіріп отырған ақпараттың толық күйі  дискурстың жалпы мәнін 
тірек  етуден  туындап  тұр  да,  сол  мәннің  ішінде  референциялы  компонент  көмекке  келіп  отыр,  атап 
айтқанда, референттер атауы (Кербұғы, Жасбұғы, марал, күйік, үйір т.с.с.), есімдіктер (бұл,өзімен қоса ), 
интонация  (леп  сазды  және  сұрау  сазды-  бұлар  оқырманға  жазушы  таңбалаған  сұрау  (?),  леп  (!) 
белгілерінің таңбасымен, сондай-ақ олардың қабаттасып қолданылуы арқылы (!!?) белгілі бір қызмет етіп 
тұр. Мәннің коммуникативтік компонентіне «сөйлеуші стратегиясының» заттанып, таңбаға түсірілуі мен 
әр нақты айтылымның тұтас дискурспен байланысын, сонымен қатар алдыңғы мәтінмен байланыстырып, 
соған сай қабылдануын ыңғайлау деген болсақ, біз талдауға нысана еткен үзіндіде бұл мынадай сипатта 
көрініс  тапқан:  сөйлеуші  үшеу:  1)  автор,  2)  Кербұғы,  3)  Жасбұғы.  Сөйлеушінің  негізгі  мәндік 
тапсырмасын орындауда екінші, үшінші қатысушыларға тіл бітірген, бұл дискурс мәні қабылдаушыларда 
(оқырмандарда)  бұрыннан  бар  білімге  сүйенілген  (мал  шаруашылығымен  айналысатын  кәсіп  иелеріне 
бұл өмір шындығы таныс, сонымен бірге қабылдаушылар жадында бұрыннан ауыз әдебиеті арқылы тілсіз 
кейіпкерлерге  тіл  бітіру  дағдысы  бар,  сонымен  қатар  адамның  өміріне  ұқсастығы  бар).  Бұл  тұста 
логикалық компонент іске қосылып тұр. Автор өзі тудырған туындысының әр кейіпкерінің сана-сезімін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г. 
58 
өзінше,  өз  ақылы  негізінде  туғызып  отыр,  сонда  оның  ақыл-ойынан  туындаған  үш  топқа  жіктеуге 
болатын (автордың өз атынан баяндауы мен Жасбұғының, Кербұғының пайымдауын) астырт және үстірт 
құрылым жұптастығы пайда болған. Бірақ шын мәнінде бұл бір ғана тілдік тұлғаның ақыл-ой жемісінің 
нәтижесі, сондықтан да авторға тән айтылымдар (мәтіннен авторға бағытталғанда) осы барлық дискурс 
тақырыбына сай оны шоғырландыру жүйесі болып саналады. Оның дискурсқа түсуінде қабылдаушылар, 
оқырмандар  тарапынан  туындайтын  тағы  да  осындай  астырт  және  үстірт  құрылымдар  жұптастығы 
түзіледі,  осылайша  мәтін  тіні  өз  жалғасын  тауып,  бірімен-бірі  өріледі.  Семантикалық  түсінік  астырт 
құрылымға сай түседі. Н.Хомский көрсеткендей, терең не астырт құрылым мағынағы сай құрылады да, 
ондағы  әр  пайымдау  (пропозиция)  бір-бірімен  байланысқа  түседі,  осыдан  астырт  құрылым  түзіледі. 
Астырт  құрылымның  үстірт  құрылыммен  арақатынасы  ойлау  операцияларының  дәнекерлігі  арқасында 
орындалады,  қазіргі  терминологиямен  айтсақ,  грамматикалық  трансформация  жолымен  жүзеге  асады. 
Бұл тұстағы айтылып отырған грамматика термині Н.Хомскийдің көрсеткен сөздің түзілу және түсінілу 
кезінде пайдаланылатын ойда, санада тіркелген сөз түзу мен астырт және үстірт құрылым байланысын 
жүзеге  асыратын  ұстанымдар  жүйесі  [4.30].  Жағдаяттық  компонент  әр  предикаттық-аргументтік  не 
предикаттық  актанттық,  субъект  -  предикаттық  құрылымға  ие  сөйлемдерден  көрініс  тапқан.  Кербұғы 
бүгін  де  су  ішкен  жоқ  Кербұғы  –  субъект,  агенс,  ішкен  жоқ  –  предикат.  Осы  предикат  үш  аргументті/ 
актантты  өзіне  бекітіп  тұр:  Кербұғы  (субъект,  агенс),  бүгін  (сирконстант),  су  (объект).  Логикалық 
компоненттік сипатына сай бұл айтылым мазмұнының презумпциясы бар: 1) Кербұғы бұрын су ішетін. 2) 
Кербұғы бірнеше күннен бері су ішпеген. 3) Кербұғының су ішпеу себебі бар (белгілі себептермен не өзі 
ішпей тұр, не оған су бермеуде, не оған ішетін басқа сұйықтық (сүт не т.б.) берілген). Сонда бұл айтылым 
мазмұнына қатысты бөліктердің қай-қайсысы да презумптивтік. Бұл дискурс  барысында пропозициялы 
құрылымда  тасымалданған  ақпараттың  дұрыс  қабылдануына  алғышарт  жасайды,  сонымен  бірге  келесі 
айтылым мазмұнын болжауға, қабылдауға дайындық пайда болады, коммуникативтік компонент сипаты 
танылады.  Бұл  әр  компонент  тұтас  мәннің  дұрыс  берілуі  мен  қабылдануын  қамтамасыз  етеді  де, 
осылардың  негізінде  біртұтас  дискурстың  сәтті  орындалуы  жүзеге  асады.  Сөздің  туындауына  негіз 
болатын  осы  мәндік  компоненттер  осы  болмысымен  дискурстың  ұйымдастырылуына  да  тірек  болады, 
өйткені  дискурс  сөзсіз,  тілсіз  (вербальды  не  бейвербальды)  мүмкін  болмайды.  Қорыта  айтсақ, 
семантикалық  компоненттердің  үндестігінен  туындайтын  семантикалық  түсінік  құрылымының  түзілу 
грамматикасы  дискурстың  түзілу  грамматикасына  негіз  болады.  Сондықтан  да  сөйлемнің,  мәтіннің, 
дискурстың  семантикалық  құрылымының  түзілу  заңдылықтарының  ортақ  негізге  –  семантикалық 
түсінікке – сәйкестенуі заңды.  
 
1 Лурия А.Р. Основные проблемы нейролингвистики. - М., 1975. - 414 с 
2 Кибрик А.Е.. Очерки по общим и прикладным вопросам языкознания. - М.: Изд-во МГУ,1992. -336 с.  
3 Мельчук И.А.. Опыт теории лингвистических моделей «СМЫСЛ - ТЕКСТ». М., 1974. -250 с 
4  Хомский  Н.  Язык  и  проблемы  знания.  Перевод  Б.Ю.  Городецкого.  Б.:  БГК  им.  И.А.Бодуэна  де 
Куртенэ, 1999. -252 с. 
5 Бөкеев О. "Кербұғы" // Ұйқым келмейді. - Алматы, 1990. - 402 с. 
 
ӘОЖ 811.512.122:39 
Г.Л. ПЕРМЯКОВПЕН ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН ТОПТАСТЫРУ 
ПРИНЦИПТЕРІНДЕГІ ҰҚСАСТЫҚ 
 
Ш.П. Қарсыбекова - 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Аңдатпа: Бұл мақалада паремиология ғылымының мақал мәтелдер мен әр алуан қанатты, нақыл сөздерді жан-
жақты  зерттеуге  байланысты  пайда  болған  тіл  білімінің  дербес  те  жаңа  салаларының  бірі  ретінде 
қарастырылған.Мақал-мәтелдерді мән-мағынасына және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты топтастыра зерттеу 
ерекшеліктері  қарастырылған..  Бұл  салада  бүкіл  Шығыс  халықтарының  мақал-мәтелдерін  жан-жақты  зерттеп, 
олардың  жүйелі  түрдегі  ғылыми  классификациясын  жасаушы  белгілі  кеңес  ғалымы  Г.Л.Пермяковтың  ұсынып 
отырған топтастыру жүйесі мен принциптеріне сүйене отырып, қазақ мақал-мәтелдерінің топтастырылу принциптері 
айқындалған.  
Кілт  сөздер:  паремиология,  логика-семиотикалық  инварианттар,  логика-семантикалық  топтар,  мағыналық-
тақырыптық топтар, мақал-мәтелдер, сәйкестік пен сәйкессіздік, абстракцияланған ұғым. 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал