Хабаршы вестник кӛркемӛнерден білім беру



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/9
Дата14.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

3
 
 
ISSN 1728-8657 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
 
 
«Кӛркемӛнерден білім беру: 
ӛнер - теориясы - әдістемесі» сериясы
 
 
 
Серия «Художественное образование: 
искусство - теория - методика» 


 
 
4
4
 
 
(
(
2
2
9
9
)
)
,
,
 
 
2
2
0
0
1
1
1
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4
 
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
 
 
«Кӛркемӛнерден білім беру:  
ӛнер - теориясы - әдістемесі» сериясы 
 
Серия «Художественное образование:  
искусство - теория - методика»  
№ 4 (29) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2011 

5
 
Хабаршы.  «Кӛркемӛнерден  білім  беру:  ӛнер  -  теориясы  -
әдістемесі» сериясы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. - 2011. – №4 (29).-
108 бет. 
Вестник. Серия «Художественное образование: искусство - теория 
методика». - Алматы: КазНПУ им.Абая. - 2011. - №4 (29). - 108 с. 
 
 
 
 
Бас редактор 
пед.ғыл.д., профессор  Б.А.ӘЛМҰХАМБЕТОВ 
 
Редакция алқасы: 
ҚР СО мүшесі, пед.ғыл.к., профессор  Б.Е.Оспанов, 
пед.ғыл.д., профессор  Л.К.Керімов, 
пед.ғыл.к., доцент  Н.А.Михайлова, 
ӛнер. ғыл.к., аға оқытушы  М.Э.Султанова, 
пед.ғыл.к., доцент  Н.Б.Рахметова, 
пед.ғыл.к., доцент  Ш.Ә.Ақбаева (жауапты хатшы) 
 
 
 
Главный редактор 
д.п.н., профессор Б.А.АЛЬМУХАМБЕТОВ 
 
Редакционная коллегия: 
член Союза художников РК, к.п.н., профессор  Б.Е.Оспанов, 
д.п.н., профессор Л.К.Керимов, 
к.п.н., доцент Н.А.Михайлова, 
к.иск., ст.преподаватель М.Э.Султанова, 
к.п.н., доцент Н.Б.Рахметова, 
к.п.н., доцент Ш.А.Акбаева (ответ.секретарь) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2011 

6
 
КӚРКЕМ СУРЕТТЕГІ КӚКЖИЕК СЫЗЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
М.Т. Абдрахманов - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Кӛркем сурет» факультеті, 
«Академиялық сурет» кафедрасының аға оқытушысы 
 
Кӛкжиек сызығы деп – аспан мен жердің түйісуінен пайда болатын 
сызықты  айтамыз.  Кӛкжиек  сызығы  кең  жазық  далада,  ашық  теңіз 
бен  мұхиттарда  анық  кӛрінеді.  Кӛкжиек  сызығы  әрдайын  адамның 
кӛз  деңгейінің  бойынан  ӛтеді.  Адам  баласы  қандайда  бір  деңгейде 
тұрса да (кең жазықтықта,  шатырдың тӛбесінде, таулы шыңда,  тіпті 
ұшақпен ұшса да) кӛкжиек сызығы ӛзгермей кӛз деңгейінде қалады. 
Сондықтан салынатын бұйымның кӛрінісі кӛз деңгейдің қай бӛлігін-
де  орналасқанын  анықтап  алғаннан  кейін  ғана  суреттің  орнығуын 
бастау керек.  
Суреттемелі зат ауалық кеңестікте немесе бӛлме кеңестігінде орна-
ласса да, натурадан қарап суретті салар алдында оның кӛкжиек сызы-
ғына қандай қатынаста орналасқанын анықтау керек (жоғары немесе 
тӛмен). 
Кӛкжиек сызығы, кӛздің деңгейіндегі елесті горизонтальды жазық-
тықтың затпен қиылысуынан қалыптасады. 
Егер біз жоғары кӛтерілсек немесе тӛмен түссек, кӛздің деңгейінің 
ӛзгеруімен байланысты кӛкжиек сызығының орналасуы да ӛзгереді. 
Заттың кӛз мӛлшерінен тӛмен немесе жоғары орналасуына байла-
нысты кӛрінетін бейнесі әртүрлі болады. Сызықтан жоғары орналас-
қан заттардың астыңғы бӛлігі, табаны анық кӛрінсе тӛмен орналасқан 
нәрселердің тӛбесі кӛрінеді. Адамнан қандай да бір жаққа алыстаған 
горизонтальды сызықтардың перспективалық бағыты едәуір ӛзгереді. 
Горизонтальды  сызықтардың  перспективасын  жақсы  ажырата  білу 
міндет. Перспективада жазықтықтармен шектелген заттардың беттері 
кӛбінесе горизонтальды кӛрініс береді, олардың негізі барлық бейне-
нің  бір  түзу  сызықта  қиылысқан  кӛрінісін  дұрыс  анықтай  алу  үшін 
қажет. 
Перспективалық  сызықтарды  кез-келген  горизонталды  кубтың  не-
месе карниздің қыры бойымен анықтауға болады.   
Кӛкжиек  сызығы  біздің  кӛзіміз  сызылған  бейне  бойынша  (верти-
каль бойынша) неғұрлым алыстаса, солғұрлым үлкен ылди бұрышы 
пайда болатынын байқаймыз. Кӛз деңгейінде орналасқан горизонтал-

7
 
ды  сызық  кӛкжиек  сызығымен  түйісіп  горизонтальды  сызықты  бей-
нелейді. 
Үйдің шатырына кӛңіл аударайық. Олардың кӛздің деңгейінен жо-
ғары  орналасады,  яғни  кӛкжиек  сызығынан  биік.  Олардың  шеттері 
алыстаған сайын тӛмен қарай түседі. 
Егер үйдің екінші немесе үшінші қабатынан кӛше бойымен үйлерге 
кӛз салсақ, астыңғы қабаттағы пәтерлердің терезелері кӛкжиек сызы-
ғынан  тӛмен  орналасқаны,  және  шеттері  алыстау  кезінде  жоғары 
қарай бағытталғанын байқаймыз. Кӛз деңгейіндегі горизонталды сы-
зықтар  горизонталды  қалпінде  қалады.  Егер  барлығын  бір  бағытта 
отырып созсақ, олар кӛкжиек сызығының бір нүктесінде қиылысады, 
шын  мәнісінде  бұл  нүкте  мүлде  жоқ.  Горизонталды  сызықтардың 
перспектикалық бағытын кітап сӛрелерінде жақсы байқауға болады. 
Горизонтальдық сызықтардың бұрыштық ылдиы.  
Натурадан сурет салған кезде горизонталды сызықтардың тек жора-
мал ылдиын кӛрсету аз. Натурадағы еңкейістің бұрышын дәл анықтап 
суретте кӛрсету керек. Мысалы үстелдің үстіне кітапты кӛз мӛлшері-
нен тӛмен және кӛру сәулелері оның шеткі қырларының бірде-біреуіне 
перпендикулярлы  болмайтын  етіп  орналастырамыз.  Кітаптың  гори-
зонталды  қабырғаларын  біз  тӛменнен  жоғары  кӛкжиек  сызығына 
қарай  жүруін  қабылдаймыз.  Мұндай  кӛріністі  жақсы  айқындау  үшін 
кітаптың қолдана кӛз бағытына перпендикулярлы орналасқан сызғыш 
немесе қарындаштың кӛмегімен жақсы іске асыруға болады. 
Горизонталды  қабырғалардың  кӛзге  кӛрінетін  ылди  бұрыштарын 
арақашықтықта анықтауға болады. Егер созылған қолда ұстап тұрған 
қарындашты  горизонталды  орналастырып,  кӛру  сәулесіне  перпен-
дикулярлы  кітаптың  тӛрт  қырлы  бұрышының  деңгейіне  сәйкестіре 
ұстасақ,  кітаптың  горизонталды  қабырғаларының  еңкейу  бұрышын 
кӛреміз.  Бұл  бұрыштарды  суретте  қарындаштың  орнына  горизон-
талды сызығын жүргізіп кӛрсету керек, ал кітаптың қабырғаларының 
орнына шығатын тиісті ылди түзулерді саламыз. 
 
 
1.
 
Қамақ  Ә.О.  «Бейнелеу  ӛнерін  оқыту  жүйесінде  суретсалуға  байлудың 
педагогикалық негіздері». - Тараз 2002. 
2.
 
Медьведев Л.Г. Академический рисунок. – Омск, 2009. 
3.
 
Адамқұлов Н.М., Тұрдығұлов Ж.А. Жобалау негіздері. -  Алматы, 2007. 
4.
 
Қамақ  Ә.О.  Бейнелеу  ӛнерін  оқыту  жүйесінде  сурет  салуға  байлудың 
педагогикалық негіздері. -  Тараз, 2002. 

8
 
5.
 
Оспанов Б.Е. «Национальная культура как элемент конструирования содержа-
ния учебного предмета изобразительного искусства». – Алматы, 2010. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  роль  и  значение  художественном  творчестве 
законной перспективы, а так же его внедрение в учебно-воспитательный процесс. 
 
Түйін 
     Бұл  мақалада  перспектива  заңдылығының  кӛркем  шығармашылықтағы  орны 
мен маңызы және оқу-тәрбие процесіне ендірудің жолдары қарастырылады. 
 
Summary 
This article examines the role and importance of artistic creativity of legitimate prospects, 
as well as its implementation in the educational process. 
 
 
 
 
 
ДИЗАЙН В ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЕ 
 
А.Ш. Абижанова –  
магистр педагогических наук 
Академия Дизайна и Технологий «Сымбат» преподаватель 
  
Известно, что каждая концепция образования прогнозирует, проек-
тирует  культуру,  которая  должна  быть  развита  у  подрастающего 
поколения.  При  традиционной  парадигме  образования  сложилось 
понимание  «образа  культуры»  как  образа  «идеала  образованности» 
через  знания  и  познание.  Такой  моделью  образа  культуры  служит  и 
ныне  действующая  модель  общеобразовательной  школы.  В  итоге 
растет количество дисциплин «раскрывающие образ культуры» путем 
увеличения,  объема  знаний  без  совершенствования  самого  содер-
жания и методов образования [1,5]. 
Сегодня  происходит  становление  новой  образовательной  пара-
дигмы,  в  котором  образование,  прежде  всего,  рассматривается  как 
подготовка человека к жизни, включение его в прошлое, настоящее и 
будущее  культуры,  в  ее  движение.  Согласно  ей  предлагается  новая 
модель формирования образа культуры в образовании, а именно как 
«проектной культуры». 
Результатами  исследований  в  области  философии,  искусствове-
дения  установлено,  что  одним  из  важнейших  типологических  при-
знаков  современной  культуры  является  проектность  как  стилевая 

9
 
черта современного научного и гуманитарного познания, мышления, 
связанная  с  творческой    деятельностью  человека.  Такое  понимание 
проектности  как  стиля  мышления,  отвечающего  новому  положению 
человека в мире и его взаимоотношению с окружающей средой, при-
вело  к  вопросу  о  культурно-типологическом  статусе  проектности. 
Отсюда  выводится  проектность,  как  актуальнейшая  ценность  и 
проблема  содержания  образования.  Исходя  из  этого  положения, 
понятие  «проектная  культура»  определяется  как  совокупный  опыт 
материальной  культуры,  воплощенный  в  искусстве  планирования, 
изобретения, создания и выполнения [2,45]. 
Сами процессы планирования, изобретения, создания и исполнения 
-  это  функциональные  методы  познания,  необходимые  во  всякой 
деятельности. 
Поэтому  считается  необходимым  усвоение  данного  опыта  через 
организацию  учебной  деятельности  учащихся.  Для  этого  необходи-
мо,  чтобы  школьные  учебные  предметы  были  ориентированы  на 
полное раскрытие всех методов научного и гуманитарного сознания, 
содержащихся в проектной культуре. 
Такой взгляд требует нового подхода к отбору содержания образо-
вания и к принципам его организации. Исключительное значение при 
таком отборе содержания образования придается введению в школу 
нового  учебного  предмета  «Дизайн»,  в  котором  гуманитарный  и 
естественнонаучный  компоненты  представлены  в  системе  содержа-
тельных  связей  и  методологически  обеспечивают  деятельностную 
направленность  новой  дисциплины.  Дизайн  считается  одной  из 
главных  и  наиболее  развитой  и  теоретически  осмысленной  сферой 
деятельности  человека  по  законам  красоты  вне  искусства.  Он 
охватывает  область  проектирования,  производства  бытия  вещей, 
создаваемых с учетом их пользы, удобства и красоты [3,6]. 
Особенно это важно сегодня, когда в обществе приходят к понима-
нию необходимости эстетизации материально-предметной среды как 
одного  из  компонентов,  обеспечивающих  высокий    уровень  общей 
культуры,  который,  в  свою  очередь,  позволит  развиться  проектной 
деятельности  (дизайну).  Все  это  предполагает  возможность  полного 
осуществления идеи проектной культуры в сфере образования через 
проектную  деятельность  как  составляющую  часть  всех  сфер  и 
профессий,  тогда  как  «идея  образованности  человека»  при  тради-
ционной  парадигме  образования  не  включала  в  себя  проектно-
художественные  и  предметно-средовые  характеристики  и  ценности, 
входящие в совокупный опыт всего «массива» проектной культуры и 
опыта по их применению. 
С учетом вышесказанных объективных факторов необходим пере-

10
 
смотр  содержания  образования  и  дальнейшее  научное  осмысление 
идеи формирования проектной культуры в сфере образования. 
Рассматривая дизайн как продуктивный, междисциплинарный вид 
деятельности, направленный на функционально-эстетическую гармо-
низацию  предметно-пространственного  окружения  человеческого 
бытия,  мы  считаем,  что  включение  его  основ  как  определенной 
модели  развития  личности  учащихся  в  образовательный  процесс, 
соответствует  современной  парадигме  образования,  ориентирован-
ного на развитие личности средствами гуманизации [4,2-3]. 
Мы считаем,  что  именно  дизайн  наиболее адекватен современной 
школе,  в  деле  ее  реальной,  а  не  идеализированной  гуманизации. 
Главное  основание  для  такого  утверждения  заключается  в  том,  что 
дизайн  направляет  эстетические  способности  детей  в  окружающую 
реальность,  активизирует  в  них  созидательное,  творческое  начало. 
Изучение  дизайна  способствует  расширению  познавательного 
интереса  учащихся,  целостному  эстетическому  восприятию 
окружающего  мира  и,  особенно,  творческому,  преобразовательному 
освоению предметно-пространственной среды. 
На основе дизайна может быть выработана та формула и итератив-
ности обучения и воспитания, которой, мы считаем, недостает школе. 
Дизайн  в  образовании  представляет  эффективную  и  универсальную 
форму гуманитарно-эстетического образования, воспитания и разви-
тия  творческих  способностей  детей,  полного  учета  их  интересов,  и, 
наконец, выбора будущей профессии. 
При этом цель изучения дизайну в школе заключается не столько в 
ранней профессионализации, а сколько в использовании ее потенциала 
для многостороннего развития школьников. Это, прежде всего, стрем-
ление научить детей вести исследование доступных им проблем, раз-
вить  их  воображение  и  мышление,  способность  организовывать, 
планировать  свою  работу,  оценивать  результаты  и  воплощать  их  в 
жизнь. 
Известно  также,  что  дизайн  во  многих  развитых  странах  с 
рыночной экономикой (например, Великобритания, Япония) является 
одной из главных линий государственной политики. В этих странах 
дизайн  в  большинстве  случаев  введен  в  систему  образования,  как 
общеобразовательный предмет на уровне средней школы. Включение 
элементов  дизайна  в  общеобразовательную  школу  наблюдается  а 
отдельных государствах СНГ (Россия, Украина). 
Таким образом,  мы полагаем, что изучение основ дизайна в школе 
должно стать органичной частью общего образования. 
Однако  в  традиционной  системе  общего  образования  РК  роль  и 
место  дизайна  практически  не  учитываются.  В  настоящее  время 

11
 
процесс становления дизайнерского образования в нашей Республике 
происходит  автономно,  только  в  высшей  школе,  и  не  соотносится  с 
проблемами  средней  общеобразовательной  школы,  с  начавшейся  ее 
новой реформой, 
Поэтому  определение  роли  и  места  дизайна  в  системе  общего 
среднего  образования  РК,  изучение  возможностей  его  усвоения 
учащимися  на  междисциплинарном  уровне,  разработки  интегриро-
ванных  образовательных  программ  и  их  апробация  в  школе  пред-
ставляет актуальную проблему образования. 
Актуальность  данной  проблемы,  ее  не  разработанность,  потреб-
ность  введения  дизайна  в  школу,  определили  общую  тему  исследо-
вания - «Формирование проектно-графической культуры школьников 
средствами графики и дизайна» [5,8-10]. 
 Первоначально  для  введения  в  школу  предметных  областей 
дизайна,  мы  считаем  целесообразным  объединить  их  с  учебными 
материалами  школьного  предмета  «Изобразительное  искусства»  в 
рамках интегрированного инновационного курса «Я - художник, ар-
хитектор, дизайнер» (5-6 классы). 
Затем,  с  содержанием  черчения  в  рамках  интегрированного  курса 
«Техническая графика и основы дизайна» (8-9 классы) [6,27].  
Такое  сочетание  учебных  предметов  позволяет,  с  одной  стороны, 
обеспечить обязательные требования государственного образователь-
ного  стандарта,  а  с  другой  связать  изучение  изобразительного 
искусства  и  черчения  с  основами  дизайна,  с  учетом  единства  их 
проектной деятельности. На этой же ступени обучения ориентация и 
развитие  творческих  способностей  учащихся  к  дизайну  могут  быть 
реализованы через организацию факультативных занятий по разным 
областям  и  видам  проектно-художественной  деятельности  (техни-
ческое  рисование,  проектная  графика,  графический  дизайн,  дизайн 
рекламы и др.). 
  
1.
 
 Графическое  образование  в  12-летней  школе.    /  12-летнее  образование: 
Научно-методический журнал. – Астана, 2007. - №3 (3). – С.71-77.   
2.
 
 Дизайн в системе общего среднего обозования. / Сборник оброзовательных 
программ. – Караганда,1998. – Деп. КазгосИНТИ, 26.10.98 г. - №8467 - №8470. 
Ка 98.  
3.
 
  Дизайн  в  вышей  школе:  Сб.  науч.тр.  /  Всесоюзный  научно-исследова-
тельский  институт  технической  эстетики  /  Гл.ред.  Л.А.Кузьмичев.    –  М.: 
ВНИИТЭ, 1994.  
4.
 
 Хасенов  М.М.,  Сухотеплова  А.Ф.  /Дизайн  в  школе/  «Бейнелеу  ӛнері  және 
сызу». - Алматы, 2009.  
5.
 
 Керімов  Л.К.  Мәдениет  саласындағы  ақпараттық  технология  бойынша 

12
 
оқытудың ерекшелігі. Республикалық ғылыми әдістемелік теникалық журналы 
/ «Этнокӛркеммәдениет». – Алматы, 2010.  
6.
 
 Ақбаева  Ш.Ә.  Бейнелеу  ӛнерін  оқыту  әдістемесі  /  Оқу  құралы.  - 
Алматы,2007.    
 
Түйін 
Бұл  мақалада  дизайн  ӛнері  арқылы  оқушылардың  эстетикалық  қасиетін 
тәрбиелеуіне кӛмек беретіні қарастырылады.  
 
Резюме 
    В  данной  статье  рассматривается  вопросы  дизайна  в  средней  общеобразова-
тельной школе, а также его влияния на эстетического воспитание учащихся. 
 
Summary 
This  article  discusses  design  issues  in  secondary  school,  as  well  as  its  impact  on  the 
aesthetic education of students. 
 
 
 
 
БОЛАШАҚ ӚНЕР МАМАНДАРЫНЫҢ  
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӚЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.А. Ақбаева -  
П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжінің 
 «халық аспаптар» бӛлімінің оқытушысы 
 
Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық дамуын-
дағы  жаңару  үрдістерінде  ӛткен  тарихымызбен  мәдени  мұралары-
мызды қайта қарауды,  рухани мәдени құндылықтарымызды саралап, 
оны колледж бен мектептің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізу арқылы жас 
ұрпақтар тәрбиесін ұлттық негізде жүргізуге қолайлы жағдайлар жа-
салған деп білеміз. Дамыған 50 елдер қатарына қосылу үшін нарық-
тық экономикаға негізделген бәсекеге лайықты жаңа заманда жаңаша 
ойлайтын,  ӛнерлі,  ӛнегелі,  мәдениетті  тұлғаны  дайындау  шарт.  Бұл 
шарттың орындалуы қазіргі жас ұрпақтың біліктілігіне ұлттық үрдіс-
те тәрбиелейтін мақсатқа жету жолы  ол -  ӛнер пәндерін заман тала-
бына  сай  жан-жақты  зерделеп,  нақты  ӛнер  маманын  дайындайтын 
арнайы пәндермен жүйелі бірлікте қарастыру болып табылады.  
Бұл  білім  саласын  әлемдік  деңгейге  кӛтеруді  кӛздеген  еліміз 
ұстанған бағыт. Қазақстандағы орта білім беруге негізделген даярлау 
жүйесінің  кӛздейтін  мақсаты  -  жан-жақты  дамыған,  жас  ұрпақты  ӛз 

13
 
халқының  асыл  қазынасы  болып  табылатын  болашақ  ӛнер  маман-
дарын дайындап олардың кәсіптік біліктілігін арттырып ӛнегелі дәс-
түрлерімен сусындатып, соның негізінде тарихи, мәдени білім қорын 
жинақтаған, терең білімді, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, ӛз 
бетімен  білімін  жетілдіре  алатын,  ең  бастысы  мамандығы  бойынша 
қажетті  білім,  әр  істе  белсенді  әрекет  жасай  алатын  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  -  тәрбиенің  ӛзекті  мәселесіне  айналды.  Бұл  мәселе-
лерді  шешу  оқытушының  ӛзіндік  кәсіптік  шеберлігі  мен  даярлығын 
жоғарылату мақсатында жаңа педагогикалық технологияны меңгеру-
ді қажет етеді. Себебі, мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы, материал-
дық  және  рухани,  мәдени  тұрғыдан  кемелденуі,  жас  ұрпақтарымыз-
дың  алар  білімі  мен  тәрбиесінің  деңгейіне  тікелей  байланысты. 
Сондықтан да қоғамның білім және тәрбие беру жүйесін жаңарту мен 
жетілдіру мәселелері оқытушының алдына жүктелген үлкен міндет. 
Оқыту білім-тәрбие беру үрдісі адам баласын ерте заманнан-ақ ой-
ландыра бастады. Оған дәлел ерте грек: Демокрит, Гераклит, Сократ, 
Платон, Аристотельдерді және Орта Азия: Әбу Нәсір әл-Фараби, Әбу 
Әлі ибн Сина, Ходжа Ахмет Иассауи, Асан қайғы, Қорқыт ата сынды 
ғұламалар  баға  жетпес  құнды  еңбектер:  ХІХ-ХХ  ғасырдағылардағы 
білім-тәрбиенің  дамуы  демократ-ағартушыларымыз  Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев  есімдерімен  байланысты.  Демократ-
ағартушыларымыздың 
ізін 
жалғастырушылар 
Ж.Аймауытов, 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  ӛз  еңбектерінде  ұрпақ 
тәрбиесіндегі  маманның    біліктілігін  қалыптастырудың  жолдарын 
ғылыми тұрғыда арнайы қарастырды. 
Ӛмір талабына сай қоғамымыздың рухани және мәдени кемелденуі 
мен ӛзгерісі кезеңінде ӛнер пәндерін оқыту, студент жастарға жауап-
кершілікті,  білімділік  пен  тәрбиелілікті,  кез  келген  уақытта  маман 
ретінде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. 
Ал  енді  ӛз  мәселемізге  тоқталатын  болсақ,  20-30  жылдары  кәсіби 
музыка ӛнерінің дамуында  алғашқы музыкалық  оқу орындарының  
алғаш  отау  құрып,  нақты  құрылуы  кезеңі  болды.  Атап  айтатын 
болсақ, бірінші кезеңде 1924 жылға дейін ӛнер оқу пәні ретінде жүзе-
ге  асырылмаған.  Музыкалық-эстетикалық  тәрбиені  ұйымдастыру-
дың  негізгі  ұстанымдарын  Т.Жүргенов,  Қ.Жұбанов,  С.Мендешев, 
Т.Тәжібаев,  А.И.  Сембаев,  А.Жұбанов,  А.С.  Садықов  сияқты  Қазақ-
станның  мәдениеті  мен  педагогика  ғылымының  кӛрнекті  қайрат-
керлері  әзірледі.  Ал,  1930-1940  жылдары  музыкалық  білім  беруде 
түбегейлі  ӛзгеріс  белгіленді.  Алғаш  рет  А.Жұбановтың  «Әліп  би» 
(Музыкалық әліппе) атты музыка бойынша оқу құралы жарық кӛрді. 
Сонан  соң  1950  жылдардан  бастап  білім  беру  жүйесінде  белгілі 
биіктеу  басталды.  Мұнда  бірнеше  музыка  саласы  бойынша  сапалы 

14
 
оқулықтар,  дидактикалық  және  әдістемелік  еңбектер  жарық  кӛре 
бастады. 
Педагогикалық  білім  мен  практикада  жастарды  ӛнердің  түрлі 
тәсілдерін  пайдалана  отырып  тәрбиелеуде  жеткілікті  мол  тәжірибе 
жинақталды.  Білім  беру  дамуының  әр  түрлі  кезеңдерінде  оның 
мақсаттарын негіздеу және жолдарын жетілдіру педагогика ғылымын 
зерттеп  жүрген  ғалымдардың    еңбектерінде  мазмұндалған.Ғылыми 
әдебиеттерде  дәстүрлі  кӛркем  мәдениеттің  құрылымы  жан-жақты  
талданған.  Олар:  Г.А.  Цукерман,  Б.М.  Мастеров  халықтық  кӛркем 
мәдениетті екі топқа бӛледі: 
Біріншісі: Музыкалық, ауызша-драмалық, хореографиялық, декора-
циялық-қолданбалы ӛнер саласында кәсіптік ӛнер кӛрсетілген халық-
тың кәсіби ӛнерінде негізделгн дәстүрлі кӛркем мәдениет жүйесі.  
Екіншісі:  Кәсіптік  емес  кӛркем  әдебиеттің  ерікті,  еркін  белсенді 
әрекетінде негізделген жүйе. 
Мәдениет пен ӛнер сияқты  ең ірі  бағыттардың,  мәдениеттің ӛзара 
байланысына орай әлем кӛркем мәдениеті деңгейіне жетуге, дамуға, 
жетілдіруге керемет мүмкіндік алды. 
Енді  тарихқа    біраз  үңілетін  болсақ,  1930-жылдардың  басындағы 
үлкен  мәдени  оқиға  болды.  Республикамызда    драмалық,  вокалдық 
және музыкалық  бӛлімдері  бар  бірінші  орта музыкалық оқу орын-
дары-музыкалық  –  драмалық  техникумның  ашылуын  ерекше  атап 
кетуге болады. 
Ӛзінің    жан-жақтылық,  кӛпқырлы    міндетін  атқаруына  орай  бұл 
техникум сол кезде тек қана болашақ музыканттар мен әртістер оқып 
қана  қойған  жоқ,  сонымен  қатар  қазақ  халық  әндерін  жинау  және 
ӛңдеу  жұмыстары  жүргізілді,  халық  музыка  аспапарын  қайта  құру 
жұмысы жүргізілген оқу комбинаттары ашылды. 
Республикадағы  мәдениет  пен  ӛнер  саласында  жоғары  және  орта 
арнаулы оқу орындарын құру жұмысын ССРО халық комиссариаты 
советінің  «Қазақстанға  кадр  даярлау  жӛніндегі»    (1933  ж.)  қаулысы 
мағыналы күш берді.  
1932 ж. Алматыда фортепиано, шекті аспап, ән, хорды дирижерлеу, 
музыка  теориясы  мамандықтары  бойынша  мамандар  даярлаудың 
күндізгі  және  сырттай  оқу  бӛлімдері  бойынша  жүзеге  асыратын  
П.Чайковский атындағы музыкалық училище ашылды. 
Қазірде колледж ӛзінің білім беру бағдарламасы және оқу әдістері-
нің  жан-жақты  даралануымен,  жоғарғы  сапалылығымен,  ерекше 
икемділігімен  ерекшеленетін  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  кӛп 
бағытты,  кӛп  деңгейлі  мекемесі  болып  табылады.  Колледжде  іске 
асырылатын  оқу  бағдарламалардың,    жобалардың  және  жоспарлар-
дың  жоғары  деңгейде  болуы    бітірушілерді    кәсіби  міндеттердің 

15
 
күрделі  түрін  шешуге  дайындаудың  қажеттілігімен,  музыка  маман-
дарының кәсіби қызметін кеңейтумен түсіндіріледі. 
Жоғары  деңгейдегі  теориялық  білім  мамандарының  даярлығының 
мазмұнына  жаңа  сапа  береді:  кәсіптік  тұрғыда  қамтамасыз  етіледі, 
оқушылар  білімінің  даралануы  артады,  шығармашылық  қызметтің 
дағдылары жоғары түрде дамиды. 
Колледждің институционалды үлгісі мыналарға бағытталған: 
1.
 
Оқу орнының мамандарды икемді, әр алуан  түрлермен даярлау, 
мамандардың біліктілігін арттыру және маманды қайта даярлаудағы 
кӛпқызметті идеяларды жүзеге асыруы. 
2.
 
Маман  міндетінің  кеңеюі  және  күрделенуі  есебінен  түлектің 
мамандандырылу деңгейін анықтау. 
3.
 
Үзіліссіз  білім  беру  жүйесінің  басқа  салаларының  жақын 
мамандық  мазмұнымен  жалпы  ғылым,  жалпы  кәсіптік  және  арнайы 
даярлық байланысын тереңдету. 
4.
 
Білім  беру  мазмұнының  әр  түрлі  үйлесімділіктегі  қызмет 
объектісінің жүйелі қалыптасуының қажеттілігі есебімен іргелі және 
арнаулы даярлыққа кӛңіл бӛлуді күшейту. 
Қазір пәндік-әдістемелік басылымдық орнына мақұлданған немесе 
жаңа  ғана  рәсімделген  бағдарлар  мен  құндылықтар  келіп  жатыр. 
Олардың қатарына, атап айтқанда, білім беруді жобалау жатады. Бұл 
жобада болашақ педагогтің жаңаша білім беру, оқытудың жаңа әдіс-
тері  мен  технологияларын  ӛңдеп  жетілдіру  және  тәжірибеге  енгізу 
кіреді. 
Жобаның идеясы мен маман мұғалім емес, кәсіби мұғалімді дайын-
дауға  арналағн.  Алайда,  біздің  түсінуімізше,  дәстүрлі  кәсіби-педа-
гогикалық  білім  берулегі  кемшіліктерде  мұғалімді  маман  ретінде 
дайындаудан бас тарту жолымен түзелмейді. Ӛйткені, бұл белгілі бір 
пәнге  дайындауды  жеткілікті  бағаламау  мен  ӛткен  проблемалардың 
жаңғыруына  әкеліп  соғады.  Біздің  пікірімізше,  білім  берудің  мақса-
тындағы бағдарламада маман мұғалімді дайындау кәсіби біліктілікті 
қалыптастыру мен дамытудың құрамдас бӛлігі болу қажет. 
Жоғарыдағы  айтылғандарға  байланысты  нақтылайтын  бір  жайт 
сол: білімді маман дегеніміз -  арнайы оқу орнының оқыту барысында 
мамандық  және  соған  сай  кәсіби  біліктілік  алған  түлегі.  Демек, 
маманды кәсіпке дайындау деңгейінің маңызды сипаты оның білікті-
лігі болып табылады. 
Біліктілік-қызметкердің іс-әрекетінің  нақты бір түрінде  белгілі бір 
күрделі еңбекті атқаруға мүмкіндік беретін қабілетінің даму деңгейі. 
Біліктілік  қызметкер  меңлерген  теориялық  біліммен,  практикалық 
машық  кӛлемімен  айқындалады  және  қызметкердің  маңызды  әлеу-
меттік-экономикалық тұрғыдағы сипаты болып табылады [1]. 

16
 
Кейбір  зерттеушілер,  кәсіби  білім  беруді  ұйымдастырушылар, 
менеджерлер  мен  практиктер  педагог  біліктілігі  деген  ұғымға  кең 
мағына  береді.  Мәселен,  Н.В.  Кузьмина  педагогикалық  біліктіліктің 
басты  белгісі  педагог  тыңдаушыларға  мазмұндайтын  пәнді  білу 
немесе  неғұрлым  іс-әрекет  пен  рӛлдерді  орындау  ғана  емес,  баланы 
үйрете  білу,  оның  білімге  деген  қызушылығын  тудыру,  жеке  тұлға 
ретіндегі  және  мінездегі  белгілі  бір  қасиеттерін  қалыптастыру  деп 
санайды [2]. 
Кей  зерттеушілер  біліктілік  ұғымын  «құзыреттілік»  аталымымен 
нақтылайды: «біліктіліктің, құзыреттіліктің маңызды белгілері болып 
мынадай  критерийлердің  комбинациясымен  белгіленетін  деңгей 
саналады: 
1)
 
іскерлік пен білімді меңгеру деңгейі (іскерлік пен білім саласы); 
2)
 
іскерлік пен білімнің кеңдігі және диапазоны; 
3)
 
арнайы тапсырмаларды орындауға қабілеттілік; 
4)
 
ӛз жұмысын ұтымды ұйымдастырып, жоспарлау қабілеті; 
5)
 
тосын  жағдайларда  ӛз  білімін  қолдана  білуге  қабілеттілігі 
(техника,  технология,  еңбек  ұйымдастыру  мен  оның  шарттары 
ӛзгерген жағдайда, тез бейімделу) [3]. 
Оқу орны түлектерінің болжамдық моделін құрастыру және мұның 
құрылымына  мынадай  бӛліктер  кіреді:  кәсіби  іс-әрекетке  кіріспекші 
адамның  алдында  тұрған  орта;  түлектен  тілек  етілетін  дүниетаным 
мен  мінезқұлық,  тұлғалық  ділінің  ӛлшемдерін  бейнелейтін  дүниеге 
кӛзқарас;  қажетті  теориялық  және  қолданбалы  дүние  білімдер 
жүйесінен тұратын білім; алда тұрған оқыту немесе еңбек етуге талап 
етілетін  дағдылар  мен  іскерліктер;  жеке  тұлғаның  дара  мүддесі  мен 
мүмкіндіктеріне мақсатты түрде сүйене отырып, қалыптастыруға сай 
қажетті шығармашылық сапалар; ғылым мен оқу пәнінің арақатына-
сын ықтиятты талдау арқылы білім мен оқу материалының мазмұнын 
болжап және таңдап алу, соның нәтижесінде оқу жоспарлары, бағдар-
ламалары, оқулықтар мен әдістемелік материалдар жасалады; таңдап 
алған материалды оны игеру қажетті мен мүмкіндігі диагностикалау 
негізінде  жіктеу  мен  жүйелеу;  оқытудың  үдерістік  жақтарын  негіз-
деу,  бұдан  ғалымдар  мен  оқытушылардың  жобалаушылық  және 
орындаушылық іс-әрекеттерінің ӛзара байланысуы ұйғарылады; кәсі-
би білім беру жүйесінде дер кезінде шешім қабылдау мүмкіндіктері. 
Қазіргі кезде кәсіби білім берудің жаңа міндеттерін тиімді шешуге, 
ықпал  етуге  қабілетті  технололгиялары  мен  мазмұндары  белсенді 
түрде  ізделуде.  Мәселен,  әлеуметтік-психологиялық  біліктілікті  қа-
лыптастыру  үшін  супервизорлық  әдіс  ұсынылады.  Бұндай  әдістегі 
кәсіби іс-әрекетте ӛзін саналы маман ретіндегі мақсаты арқылы ӛзінің 
нысанымен ықпалдастыққа кӛмек кӛрсете алуын түсінуі, осы әрекет-

17
 
те  ӛзара  ықпалдастыру  мен  саналы  бағытталуында  жеке  қатысуына 
басқа  жағынан  түсінуі;  ӛзінің  қор  даралығына  сай  кеңес  беру  мен 
байқау  іскерлігін  жасауы.  Супервизорлікті  қолдану  арқылы  оқыту 
оқитынның жеке тәжірибесіне сай жүргізіледі. 
Педагогикалық іскерлік іс-әрекеттің барлық жақтарын қамтуға тиіс 
болса,  ал  шеберлік  жекеленге  педагогикалқ  ахуалдарда  сәттілікке 
жетуден  кӛрінеді,  сондықтан  мұның  қалыптасу  үдерісі  айтарлықтай 
ұзақ кезеңді қамтиды. 
Педагогикалық  шығармашылық  сатысына  жетуде  маман-оқыту 
мен тәрбиелеу үдерісіне жаңа озат идеялар, технологиялар мен жаңа 
мазмұн  ұсынып,  оларды  енгізеді.  Бұл-оқыту  мен  тәрбиелеу  сапасын 
елеулі деңгейге кӛтеруге әкеп саяды. Іс-әрекеттің едәуір кең саласын 
қамтитын  іскерлік  пен  шеберлікке  қарағанда,  жаңа  инновациялық 
кӛбіне  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жекеленген  түйінді  проблемалары 
мен міндеттерін шешу кезінде кӛрінеді. 
Сабақты ұйымдастыруға студенттердің білім алу тиімділігін елеулі 
дәрежеде  арттыратын  бірқатар  ерекше  ұстанымдар  негіз  болады. 
Олар: 
1.
 
Іс-әрекеттің  жекеленген  маңызды  микроахуалдарға  мүшелене-
тіндігі туралы ұстаным: бұған сүйену нақты бір жағдайда ӛзін ұстау 
стартегиясы  мен  тактикасының  байланысын  студенттерге  ұғындыру 
жӛнінде жаттығулар жүйесін жасауға мүмкіндік береді. 
2.
 
Коммуникативтік  ұстаным:  бұл  -  студенттік  және  мектеп  ауди-
ториясымен  ӛзара  ықпалдасу  кезінде  студенттің  түсінігі  мен  бесл-
сенділігін арттырды. 
3.
 
Рефлексия  ұстанымы:  бұл  -  сабақтардың  тұтастай  алғандағы 
нақты нәтижелерін және бұлардың болашақ педагогтің кәсіби қалып-
тасу үдерісіне қосқан үлесін әр студент пен топтық талдауы арқылы 
тиімді, қайтарымды байланысты қамтамасыз етті. 
4.
 
Арнайы  оқу  орнындағы  практикалық  сабақтар  мен  мектепті 
түйістіріп  отыру  принципі:  бұл  -  білім  мен  іскерлікті  дер  кезінде 
қолдануға ықпал етті. 
Кәсіби біліктіліктің әр деңгейінің мазмұны кәсіби іскерлік арқылы 
қалыптасады.  Бұл  -  бір  ізбен  істелетін  кәсіби  әрекеттердің  кәсіби 
міндеттерді іске асыруға  бағытталған, теориялық және практикалық 
білімдердің сүйенген нақты жүйесі болып келеді. 
 
1.
 
Иванов Н.П. Квалификация//Российская педагогическая энциклопедия: В 2 
томах. Т.1. – М., 1993. - С. 424-426. 
2.
 
Кузьмина  Н.В.  Исследование  педагогической  деятельности.  -  Ленинград, 
1970. - 210 с. 

18
 
3.
 
Торчикова С.В. Методические рекомендации по курсу “Теория и методика 
воспитательной работы”. - Саранск, 1995. - 40 с. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  формирование  профессиональных 
компетенций  будущих  кадров  в  сфере  искусств,  а также автором анализируются 
труды отечественных известных ученых педагогов и искусствоведов.  
 
Түйін 
    Бұл  мақалада  ӛнер  саласындағы  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыру  мәселелері  және  де  әйгілі  отандас  ӛнертанушылар  мен  педагог 
ғалымдардың еңбектеріне анализдік терең талдаулар жасалған 
 
Summary 
This article discusses issues of professional competence development of future training in 
the  arts,  as  well  as  the  author  analyzes  the  works  of  domestic  well-known  scientists  and 
teachers of art historians. 
 
 
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал