Хабаршы вестник «Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар»



жүктеу 5.08 Kb.

бет1/13
Дата16.06.2017
өлшемі5.08 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ISSN 1728-8940 
 
 
 
 
 
ХАБАРШЫ
 
ВЕСТНИК
 
«Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар» сериясы  
Серия
 «Социологические и политические науки» 

2(42) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А
А
л
л
м
м
а
а
т
т
ы
ы
,
,
 
 
2
2
0
0
1
1
3
3
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 

ПРОБЛЕМЫ ПОЛИТИЧЕСКОЙ НАУКИ 
САЯСИ ҒЫЛЫМДАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
ЖАҢҒЫРУ ЖƏНЕ ЖАҺАНДАСТЫРУ ҮРДІСІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ӨЛШЕМДЕРІ: 
МƏДЕНИ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
 
Н.Б. Сейсен – с.ғ.к., доцент, саясаттану жəне əлеуметтік-философиялық пəндер кафедрасы 
 
Бүгінгі күні «жаңғырту» теориясы, батыстық немесе ресейлік теория ретінде, мағынасын ашу арқылы 
түсіндірілмеуде. Ғылыми əдебиетте оны баяндау кезінде бірде бір алғышарттарын кездестіре алмайтыны-
мыз өкінішті. Тек Т.Парсонс пен Р.Мертонның жазған жұмыстардың ықпал етуімен XX – ғасырдың 50-60 
жылдарында  АҚШ-тың  университеттік  ғылымында  туындап,  «үшінші  əлем»  елдері  бойынша  мұны 
американдық  мамандар  (С.Липсет,  Ф.Риггс,  Д.Энтер,  Р.Уарт,  С.Хантингтон,  жəне  т.б.)  орнықтырған 
болатын. Сөйтіп, олар осы елдердің қазірігі заманғы қоғамға (индустриалды жəне демократиялық) өтуіне 
бейімделуші,  сондай-ақ,  пісіп-жетілген  дəстүрлі  тəртіп  үрдістерін  түсіндіруге  тырысты.  Көп  ұзамай, 
аталған теорияны АҚШ-тың ресми мемлекеттік ведомостволары оларды аталған елдермен қатынастарын-
дағы  саясатты  негіздеу  үшін  өз  бақылауына  алды.  Зерделеу  нысандарына  осы  теорияны  қолдану  үшін, 
көбінесе,  Азия,  Африка,  Латын  Америкасының  біраз  елдері  алынды,  бірақ  олардың  арасында  КССРО 
болған жоқ, өйткені, бұл елмен қатынаста «жаңғырту» емес, «жақындасу» термині неғұрлым орынды деп 
саналды. Бұл КССРО-дан қаймығатын, бірақ оны мойындап, санасатын уақыт болатын.  
Коммунизмнің  келмеске  кетуі,  КССРО-ның  ыдырауымен  байланысты,  бəрі  де  өзгереді.  Бұрынғы 
Одақтың барлық мемлекеттері секілді, Қазақстан да құлдырап, нашар дамушы елдер қатарына қосылды. 
Соған  байланысты,  Қазақстан  Республикасы  бірінші  Президентінің  саясаты  дамыған  елдермен,  оның 
ішінде, жаңғыртуға ұмтылушы Малайзия жəне Сингапур мемлекеттерімен ұқсас бағытты ұстанды. Осы 
термин либералдық саяси жəне экономикалық реформаларды қорғау миссиясын өзіне алған қазақстандық 
саясаткерлер  мен  теоретиктер  арасында  орнығып,  жандана  бастады.  Бұдан  əрі,  осы  терминді  қазіргі 
Қазақстанның реформаторлық мəністі барлық үрдістерін белгілеу үшін, пайдалана бастады.  
Қазақстанда жаңғыртушылық үрдістердің қалыптаса бастаған салыстырмалы аспектісінде құндылық-
ты  бағдарлардың,  солармен  бірге,  өзгерістерін  тікелей  Ресей  тарихымен  байланыстырдық.  Дегенмен, 
«жаңғырту» термині бұрынғы кеңестік кеңістік үшін, жаңа құбылыс болғанымен, оның адамзат өміріне 
кіріккеніне үш жүз жылдай уақыт өтті. Кезінде I-ші Петр патша көтерген жаңғыртудың алғашқы толқыны 
өз  қайта  құруларымен  біздің  ғасырдың  басына  дейін  жетті.  Бұл  кезең  Қазқстанның  Ресей  империясына 
қосылуын  аяқтады.  Бұл  толқында  Ресей  империясы  қанатын  кең  жайып,  қуатты  елге  айналды.  Екінші 
толқынның бастамашылары большевиктер болды. Олар дəл сол уақытта патшалар көтерген істі жалғас-
тырып, елді жаңғырту шараларын одан əрі алып жүрді. Мұның өзі, қазақ халқының санасы мен құнды-
лықты  аспектілерінде  көрініс  тапқаны  күмəнсіз.  Олар  «шынайы  соцализм»  деп  атаған  кезеңге  түрліше 
баға  беруге  де  болады,  бірақ  кезкелген  жағдайда,  нарықтан  тыс  жəне  демократиялық  емес  құралдар 
арқылы жүзеге асырылған жаңғыртушылық стратегияның ала-құла болуы өзінің сапасында емес, қызметі 
нəтижесінде  қол  жеткізілуі  Қазақстан  тарихында  «капитализмге  соқпай,  федолизмнен  соцализмге  өту» 
деп аталады. Азаматтық жəне құқықтық құрылымдары қалыптаспаған елде өзгеше болуы мүмкін бе еді? 
«Бір  елде  соцализмді  құру»  деп  аталатын  осы  жаңғырту  (немесе  индустриаландыру)  субъектісі,  бір 
партия жəне оның көсемі тұлғасында орталықтандырылған мемлекет шегінде құрылды. Ол үшін, социа-
лизм  Батыстың  дамыған  елдерімен  өнекəсіпті  жəне  əскери  тең  құқықты  иемденуші  қуатты  мемлекет 
синонимне  айналды.  Социализм  идеясы  бір  жағынан,  Батыстан  технологиялық  алшақтықты  жою  үшін, 
барлық  адам  ресурстарын  жұмылдыру,  екінші  жағынан,  содан  мемлекеттік  тəуелсіздікті  сақтау  сияқты 
екіұшті міндетті шешуге мүмкіндік беретіндей, мақсатты ұстанды. Бұл батыстық (капиталистік) əлемнің 
шетінде  жаңғыртылушы  елге  айналу  мүмкіндігі  жолын  кесетіндей  көрінді.  Шынында,  белгілі  бір  сəтке 
дейін,  мұндай  модел  жеткілікті  жұмыс  қабілеттілігін  иемденді,  дегенмен,  бүгінгі  күні  оның  толықтай 
сарқылғанын жəне тиімсіз болғанын айта кетуге болады.  
Соцализмнің кеңестік келбетінің күйреуі – бұл, ең алдымен, аталған модельдің дағдарысы. Ол батыс-
тық қоғамда жаңа  технологиялық алға жылжумен  уақыттың  үйлесуі бойынша сəйкес келген жаңғырту-
дың  қазіргі  үшінші  толқыны  басталғанын  көрсетеді.  Егер,  бірінші  толқыны  Еуропада  индустриалды 
қоғам  бұрыннан  болуымен  сəйкесті  десек,  екіншісі  –  индустриалды  қоғамның  дамуы,  ал  үшіншісі  – 
батыстық  қоғамның  индустриалдығынан  кейінгі  кезеңіне  өтуімен  тұспа-тұс  келуі.  Біздің  жаңғыртушы-
лық толқындарымыз қазіргі заманғы батыстық қоғам қалыптасуының негізгі кезеңіне сəйкес келетіндей, 
олардың  шақыруына  беретін  жауабымыз  болып  табылдады:  жаңғырту  дегеніміз  –  жаңа  бағытқа,  оның 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 

қолданысына  жауап  беретін  реакциясы.  Ол  Қазақстанға  батыстық  əлеммен  қандай  да  бір  азда  болсын 
тепе-теңдікті  ұстап  тұруға  мүмкіндік  берді.  Батыс  болса,  логикалық  жағынан  алсақ,  өз  өмір  тіршілігін 
одан  əрі  дамытты,  ал  біз  стратегиялық  жеңіліске  ұшыраудан  қауіптеніп,  солардың  ізін  ала  жаңғыртыла 
бастадық.  Қалай  десек  те  біздің  ойымызша,  жаңғырту  кез  келген  жағдайда,  кезінде  біреу  бастаған  істі 
қайталаушы, көшіріп алушы екінші үрдіс. 
Жаңғыртуды қалай түсінсек те, түрлі кезеңдерде мазмұны өзгерді, тіпті, кеңестік уақытта көпшілікке 
аян  даңғаза  ұраны  көрініс  тапты  –  «қуып  жету  жəне  басып  озу...».  «Басып  озу»  əрдайым  осы  ұранның 
қияли  элементін  құрады,  «қуып  жету»  болса,  кезкелген  жаңғыртудың  шынайы  міндеті,  оны  көбінесе, 
«қуып  жетуге  ұмтылу»  деп  атайды.  Сондай-ақ,  жоғарыда  жаңғыртудың  екі  моделі  болатындығын  атап 
кеткенбіз: вестернизация жəне «қуып жетуге ұмтылушы» жаңғырту. Біріншісі батыстық емес елдердің өз 
құндылықты  жүйесі  мен  тіршілік  ету  жағдайын  (мысалы,  оларды  отарлау  саясатын  жүзеге  асыру 
барысында) тікелей Батысқа күштеп байлауды ұйғарды. Мұнда жаңғырту субъектісі Батыстың өзі болды. 
Екінші моделі өзінің ұлттық – мемлекеттік тəуелсіздігін сақтайтын жаңғыртушы елге осындай субъекті 
болу жүктелді. Осы тəуелсіздік дəрежесі жаңғырту үрдісінде вестернизация жəне «қуып жетуге ұмтылу-
шы моделінің» арақатынасын анықтайды. 
Екі  жағдайда  да  жаңғырту  дегеніміз  –  түпкілікті  мақсатының  айқын  қызметі  арқылы  саналы  түрде 
межесін  болжаумен  күні  бұрын  жоспарланған  нəтижесін  дамыту.  Сонысымен,  бұл  іштей  тұтастырыла 
қойылған  мақсаттың  «табиғи-тарихи  үрдісін»  алып  жүруші  сипатын  дамытудан  айрықшаланады,  яғни, 
телеологиялығы, ал ішкілері себебінің мүмкін болуы.  
Қалай десек те Батыс өз дамуында ешқашан да «дəстүрлі қоғамнан қазіргі заманғысына өтудің» мінде-
тін алдына қоймағандығын түсінеміз, бұдан көптеген авторлар жаңғыртудың мəн-мағынасы мен мазмұ-
нын көре білді, яғни, «қазіргі заманғы» терминін оның алдында ма, өзге орында ма дегенді қарастырған 
емес. Батыс қоғамына, жалпы алғанда, өзін қазіргі заманғы жəне кезкелген жағдайда алғашқысы ретінде 
сезіну  тəн.  Жаңаның  ескіден,  қазіргі  заманғысының  дəстүрліден  айырмашылығы  жаңасы  шын  мəнінде 
қалыптасқанда ғана мойындалып танылады. Тіптен, батыстық іске аспайтын амалдар да болашақта теңде-
сі жоқ идеалды қоғамды орнатудан гөрі, мадақталмай-ақ, сын нысанына ұшыраса да қолданысты қоғам 
қазіргі заманғысы саналады. Сонымен бірге, Батысқа соның шегінде бұрыннан бар қоғамды қазіргі заман-
ғы деп атаудың өзі орынсыз. Батыстық адам тəртібі бұрыннан қалыптасқан өз қоғамына көңілі толмай, 
көптеген өзгерістер енгізіп, жақсара түсуін қалауы да мүмкін, алайда, кезкелген жағдайда ол өзін қазіргі 
заманғы əлем шегінде өмір сүрудемін деп санайтын болады. Ол үшін, қазіргі заман өзі қатысатын, өзінің 
үміттері мен қамқорлығы шын мəнінде сезінетін тұсы. 
Еуропалық  емес  адам  Батыспен  жанаспай,  өз  көзімен  көрмей,  осылай  ойлауы  мүмкін.  Тіршілігінде 
онымен өзін салыстыруға ниеті болмай қалады. Қазіргі заманның барлығының да бір мəселесі болмайды 
(мысалы, қазіргі заманды Батыс қалай түсінеді), əрбір мəдинеттің өз мəселесі болады, оны өзінше шешеді, 
бірақ осылардың бірде біреуі түпкілікті шешімін білмейді [1], – деген Б.Г. Капустинның пікірімен келісу-
ге  болады.  Қазірден  бастап,  олар  үшін,  Батыс  қазіргі  заман  синониміне  айналды,  ал  қазіргі  заманғы 
олардың қолы жете бермейтін идеалдары. 
Қазіргі  заман  сөзі  дəл  мағынасында  –  бұл  əр  адамда  өзінің  өркениетті  ұқсас  санасының  болуы  жəне 
осы  ұқсастығының  дағдарысы  салдарынан,  жаңғыртудың  жүргізілуі.  Қоғам  мүмкіндікті  кемшіліктеріне 
қарамастан,  онда  өмір  сүруші  адамдар  теңестірілді.  Бұл  қоғам  реформалау  кезінде,  түзету,  жақсартуға 
байланысты  адамдардың  өзіндік  пікірлеріне  зəру  болды,  бірақ  жаңғыртуға  емес.  Осыдан  кезкелген 
реформа  жаңғыртуға  теңестірілмейтін  байқау  қиын  емес  .Батыста  жүргізілуші  реформалар  (мысалы, 
кейнсидық), жаңғырту емес, өйткені, батыстық адамнан оның ұқсастығын бас тарту талап етілмеді. Олар 
түрлі идеология ықпалында болды – либералдықтан социал-демократиялық немесе консервативтік. Бірақ 
адамдар да Батысқа тəн өзіндік ұқсастығын үзген емес. Батыс қоғамы өзінің барлық өзгерістері кезінде, 
əрдайым бір қалпын сақтады, сондықтан, қазіргі заманғы болар. 
Осыдан  келіп  шығатыны:  Батыс  үшін,  қазіргі  заманғы  талаптар  ерекше  жəне  өмірлік  маңызы  бар 
мəселе болып табылмайды. Ол мұнда тек өзгеше шешіледі, бұған жаңғыртудың барлық белгілі модельде-
рі ұсынылады. Əрине, Батысқа вестернизация немесе қуып жетуге ұмтылушы жаңғырту туралы айтудың 
өзі ыңғайсыз. Дəл осы Батыс үшін, қазіргі заман, Б.Г. Капустиннің айтуынша, «бұл идеал немесе құмарт-
қан  мақсат  болып  табылмайды,  кезкелген  қоғамдық  тəртіптің  нормативтік  негіздерін  бұзатын  «келеңсіз 
күші» ретінде ғана көрініс табады, олар «нені тұрғызса», соған қол жеткізеді» [2]. Яғни, жəй ғана айтар 
болсақ, тұрақты түрде дəстүрлікке қарсы шаралар ғана қолға алынады. Қазіргі заман мұнда – қоғамдық 
өмірдің  тарихилығы,  ағымдығы,  өзгергіштік  синонимі,  мұның  өзі,  оның  өзіндік  себептері  жəне  ондағы 
мүмкіндіктері қамтамасыз етілген. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 

Əрине, бұл үрдісіті жаңғырту деп атауға болады. Бірақ өзіндік тарихы бар елдің кезкелген дамуында – 
бас  сөзділік,  қайталанушылық  синониміне  тап  боламыз.  Онда  осындай  логикаға  сүйене  отырып,  тарих 
пəніне арналған барлық оқулықтарды жаңғырту бойынша оқулықтар атауын қайта өзгерту керек шығар. 
Ондай  жағдайда,  жаңғртуды  бозбала  шақтан  толысу  шағына  немесе  өмірдің  төменгі  формаларынан-
түрлерінен жоғары деңгейлеріне өту деп неге атамасқа? Тарихта өтуші ауысым өндіріс, басқару форма-
ларының тəсілдері, көзқарастар, құндылықты бағдарламалардың тұрпаттары, егер, бұл бұрынырақ біреу-
лер жоспарламаған табиғи құбылыс болса, əрине, даму барысында жаңғыртумен санаса алмайды. 
«Қазіргі  заман  мəселелерінен»  «жаңғырту  мəселесінің»  айырмашылығы  (қазіргі  замнғы  қоғамға  өту) 
жағдайында  басқалармен  салыстырғанда,  өз  елінің  «артта  қалушылығы»,  «қазіргі  заманға  сай  еместігі» 
секілді адам санасы туғызған ойлар көңілді мүлдем құлазытады. Мұндай санамен өмір сүру қазіргі заман-
ның жоғалтып алған мəртебесін өзіне қайтарып алу мақсатымен «намысты оятатын емдеудің» қажеттілігі 
туралы  ойларды  туындатады.  Санаға  дəстүрлі  қоғамда  өмір  сүруші  халық  емес,
.
тарихи  уақыттан  тыс 
оның  қазіргі  заман  немесе  ескі  заманға,  сондай-ақ,  білімді  жəне  түрлі  мəдени  дүние  аражігін  ажырата 
білетін, ақыл-ойы кең элитаға бөлінуі секілді тартымды ойлар кіреді. Онда осыған дейін қалыпты, үйрен-
шікті жүрген адамға, кенеттен ескіріп, күні өткен, адам ұялатындай, лайықсыз көрінетін жəйтардың ойға 
оралуын қалай түсінеміз? 
Міне, осыдан өзі үшін үлгі болатын адамға еліктеумен, өзінің бойындағы көзге көрінбейтін қасиетте-
рін  шығаруға  деген  құлшынысы,  тілегі  пайда  болады.  Сондықтан,  қазақстандық  элита  өзінің  қоғамдық 
миссиясында бұқара санасына жаңа ұқсастықты енгізуге құштар болады. Осының өзі, адамның ішкі сана-
сезіміне  оятуға  араналған  жаңғырту  болып  шығады.  Бұл  əркімнің  «қазіргі  заманға  лайықтылығын» 
құндылықты  өлшемде  санасында  қалыптастырудан  тұрады.  Сол  үшін,  Қазақстанда  барлық  реформалар 
қолданылды.  Олар  адамның  бəз  қалпын  сақтау  арқылы,  өз  бойында  өзгерістер,  кемшілікті  жақтарын 
жақсарту, жетілдіру  т.б. құлшынысын ақтап шықты, бұл кезде өз республикасын басқа елдермен, басқа 
халықпен салыстыру арқылы, қандай кемшіліктер орын алғанына көз жеткізді. 
В.Г.  Федотова  көптеген  авторлар  секілді  жаңғыртуды  «дəстүрлігінен  қазіргі  заманғы  қоғамға  өтуді 
жүзеге  асыру  кезінде,  жай  ғана  емес,  оның  өзіне  тəн  ерекше  түрін  дамыту  қажеттілігін  анықтаумен», 
батыстық  емес  елдерге,  оның  ішінде  Қазақстанға  тəн  дамыту  туралы  қозғалған  əңгімені  жан  –  жақты 
түсіндіруге тырысқан. Мұдай баяндауда жаңғыртудың мақсаты ғана емес, сонымен бірге, қай елден үлгі 
алу  керек,  қайсысына  еліктеу  керек,  қайсысымен  теңесу  қажет  дегенді  атап  көрсетеді.  Мұнде  тек  бір 
мəселе беймəлім болып қалып қалған: осының бəрі кімнің сілтемесі? Егер, «кеңестік қоғамның алдында 
батыстық қоғамдарды қуып жету мақсаты тұрса», онда мұның алдына кім осындай мақсатты қойды? [3].
 
Мұнда тарихтың обьективтік заңдарына сілтеме жасаудың реті де жоқ. Адамдардың сыртынан əрекет 
етушілерден айырмашылығы сол, жаңғырту бұрыннан белгілі жəне саналы түрде жоспарланған нəтижеге 
қол  жеткізілуін  білдіреді.  Ол  кезкелген  жағдайда,  алға  қойылған  міндетті  шешу  үшін,  барлығын  да 
жұмылдырушы саяси ерік-жігердің болуын талап етеді. Саяси билік мұнда түйінді роль атқарады. Деген-
мен, қоғамды жақсарту идеясы адамдардың түрлі топтары бөлінетін жəне қолдайтын дамудың ақиқатты 
бағдарламасы, билік басындағы саяси элитаның санасында ғана болады. Соңғысы осы үрдістің бастама-
шысы  ғана  емес,  оған  мемелекеттің  барлық  қуатты  машинасын  қызмет  етуге  қоя  алады.  Жаңғырту, 
бірінші  кезекте  саясат,  биліктің  саналы  түрде  атқаратын  қызметі,  оның  саяси  стратегиясы.  Ол  қоғам 
алдында жаңғырту міндетін қоя отырып, қазірігі заманға лайықтылығы жауапкершілігін өзіне алады. 
Істің осы жағына өрістеуші үрдіс табиғи сияқты болып көрінетіндіктен, əрдайым көңіл бөле бермей-
міз.  Шынында,  мұнда  дамушы  үрдісті  саналы  түрде  тұжырымдаумен,  іс-əрекетті  бағдарламалығынан 
жоғарлатуға тырысамыз, яғни, табиғилынан гөрі жасандылығына бой ұрамыз. Əрине, жаңғырту, сондай-
ақ, объективтік себептермен (мысалы, елдің артта қалушылығы) түсіндіріледі, бұл да дұрыс. Бірақ аталған 
бағдарлама, тарихтың объективтік шақыруына дəл сол жауабын қамтиды.  
Соцализм құрылысы түріндегі жаңғырту, енді өмірдің өзі көрсетіп бергеніндей, кеңестік қоғамда, əрі 
қарай тұрақтай алмады, орталықтандырылған мемлекеттің күйреуімен аяқталды. Жаңғыртудың соцалис-
тік (этатистикалық) моделі Батыстағы либералдық нарықтығын алып, пайдаланумен алмастыру, алдында-
ғыдан да ауыр сезілетін нəтиже беруде. Осы модельдер, оларға қандай баға берілсе де тарихтың, халық-
тың атынан биліктің субъективтік таңдауының нəтижесі болып табылады. Қазақстандағы дəл осы билік 
қоғам қандай болу керек, қай елге теңесу қажет, өзінің алдағы жағдайы қалай болатындығын, əрдайым өзі 
ұйғарады.  Біздің  либералдық  реформаларымыз,  осы  мағынада  алдындағыларға  қарағанда  этатистер 
болады. Əрине, олар мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуына мүлдем қарсы, бірақ Қазақстанның 
Батысқа ұқсауына қуана келіседі, бұған өктемшіл билік те қарсы емес. Сонда, биліктен басқа, адамдарды 
өз елінде басқаның жарғысы бойынша өмір сүруге мəжбүр еткені ме?  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 

Жаңғыртудың маңызды шараларын өзіне алған билік өзі үшін, бір ғана құқықты мойындайды – елді 
бақылаусыз,  қалай  болса,  солай  бір  өзі  басқару.  Мұндай  билік  қандай  жағдай  болсада  демократиялық 
бағытты ұстай алмайды, тіптен, Батыста оның саяси беделі оңды деп танылса да, өзін демократияны ұстап 
тұрғандай  көрсетуге  тырысады.  Демократиялыққа  қатысты,  екініші,  дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  ГФР 
мен  Жапонияның  демократияландыруын  үлгі  ретінде  ауыз  толтыра  айта  алмайсың,  өйткені,  бұл  көп 
жағдайда, соғыста жеңімпаз ел атанған АҚШ-тың бұйрығымен еріксіз жүзеге асырылды. Қазірдің өзінде 
олар  АҚШ-тың  сыртқы  саясаты  ықпалынан  шыға  алмауда.  Алайда,  бұл  елдердің  өз  экономикаларын 
қалпына  келтіруіне  американдық  билік  тарапынан  орасан  зор  көмек  көрсетілгенін  жоққа  шығаруға 
болмайды. Бұл осы елдердің Қазақстан Республикасына қарағанда, батыстық экономикалық жүйеге тез де 
өркеиетті жақындауына əсерін тигізді. 
Алайда, биліктегі саясат Батысты неғұрлым көбірек көшіріп алуға тырысса, соғұрлым олардың қолда-
натын  саясаты  сайқымазақ  болып  шығады.  Саясаттағы  батысшылдықтың  Батыстан  айырмашылығы, 
соңғысы  табиғи  жолмен  құрылса,  ал  біріншісініңкі  –  жасанды  құрылым,  сондықтан,  «негізсіз»  болып 
шығады. Əрине, көшірме түпнұсқа емес. Жаңғырту бұл көшіру шеберлігі, түпнұсқасын жасау емес. Та-
рихтың өзі мұны қабылдамайды, көшіргіш саясаткерлерді жəне еліктегіштерді мойындамайды. Басқа да 
қолайсыз шаралар секілді тарихи ұрлыққа да төзуге болмайды [4]. Бүгінгі күні Батыстағы жаңғырту мо-
делін қолдану ескірген, жарамсыз деп танылуда. «70-ші жылдарда, – деп атап көрсетеді Б.С. Старостин, – 
жаңғырту маңайындағы жақсы көңіл-күй біртіндеп оған түңіле қарауға ауысты. Іс жүзінде, ойластырыл-
ған экономикалық өсу моделі ешбір жерде ойдағыдай жұмыс істемеді. Саяси институттандыру моделі де 
тиімсіз  болып  шықты...  Ұсынылған  модельдері  сынға  ұшырай  бастады.  Батыстың  көрнекті  ғалымдары-
ның осы модельдері авторларының ресми саясатқа  жіпсіз байланғандығынан  сақтауына тура келді» [5]. 
Егер, бұл таза идеологиялық атқарымдарды орындайтын саясат қызметшісіне айналса, бұл қандай теория 
болғаны – деп сауал қойды көпшілік. 
Бастапқы  модельдердің  келесі  өзгертілуін  қарастырудың  мəнісі  жоқ,  өйткені,  бұл  туралы  ғылыми 
əдебиетте  жеткілікті  мөлшерде  баяндалған.  Жалпы  тенденциясы  саяси-орталықтандырылған  моделін  өз 
дəстүлері  мен  құндылықтарына  сүйенетін  жаңғыртудың  дамушы  идеясын  мəдени  орталықтандыруға 
алмстырудан тұрады. В.Г. Федотова оны жаңғыртудан кейін атауды ұсынады, сөйтіп, ғалым əділ ұйғарым 
жасағанындай, жаңғыртуды жүргізу барысында институттандырылуы мен мəдени (құндылықты) қарама-
қайшылығы алынбайды.  Дəстүрлі құндылықтары  жаңа институттардың пайда болуына бастамашылдық 
жасай ала ма? Бұған Жапония  мен  Оңстүстік Шығыс Азия үлгісі көз жеткізеді, алайда, мəселе  мынада: 
сонда құрылған қоғам Батыстағы секілді, қазіргі заманға толықтай сай болып табыла ма немесе сонымен 
салыстырғанда, батыстық модельдің «азиялық элементін» енгізуші өзге түрі ме?  
Жаңғыртудан  кейінгі  терминнің  өзі  мағынасы  бойынша  жаңғыртуды  теріске  шығарады.  Алайда, 
жаңғыртудың  өзі  емес,  оның  тарихта  орны  болды,  қазіргі  уақытқа  дейін  сақталуын  жалғастыруда  жəне 
осы жолда қандай да бір мəнді нəтижелерге қол жеткізу мүмкін болады. Қазақстан да бұдан қалыс қалған 
жоқ. Десек те, Қазақстанмен салыстырғанда, Ресейдегі қазіргі жаңғырту нəтижелері күтілгенімен сəйкес-
тігі алшақ: Ресей Батыспен жақындаса түсуден аулақ, көпшілігі содан алшақтаған. Американдық саясат-
танушы Стивен Коэннің айтуынша, «Ресей жүзжылдық ағымында жаңғырту жолынан жеңіл өтті. Кейде 
бұл үрдіс ауыртпашылықсыз жүрді, кейде бұл «апаты арқылы жаңғыртылуы» болды. Бірақ қазіргі заман-
ғысынан кері шегіну ешқашан нəтижеге жеткізген емес» [6]. Ресеймен шұғылданушы американдық саяси 
ғалымның  біздің  тарихымыздың  қазіргі  заманғы  «өтпелі»  кезеңаралығына  баға  беруге  байланысты 
(тоталитаризмнен демеократия мен капитализмге) пікір-таласта Коэн осы кезаралықты «демодернизация» 
деп атады (демократияны жұлмалау деген мағынаны білдіреді).  
Егер, біз жаңғыртуға бағыт алумен, шын мəнінде ескі саясатты жалғастырдық, тек басқа ұрандатуды 
қолдандық, олай болса, өткеннің мағынасы тіпті түсінікті болып шығады. Егер, бұрын осы саясат держа-
ваның  ұлылығын,  тіпті,  Батыстан  артықшылығын  («əлемде  соцалищмді  жеңіп  шығушы  тұңғыш  ел») 
көрсетумен санамызды улап, бүркемеледі, мұның өзі, халықтың ауыр өмір тауқыметіне шыдауға, билік-
пен еріксіз келісуге шарасыз көндірді,енді халыққа ұлылық – басқа халықтардың шегі, ал соған қатысу – 
солардан  үйрену  дегенді  алға  тартты.  Өзінің  қазіргі  заманға  сай  еместігін,  яғни,  мəдениетсіздік,  рахым-
сыздығын  мойындау,  биліктің  халыққа  ұсынатын  жаңа  ұқсастығы.  Бұқараға  «санасына  естен  тандыра 
құюды»  енгізу  дəнекерлігі  (бұрын  соцалистік  сананы  енгізу  сияқты),  енді  естен  тандыра  сендіру  емін 
ақтап алуға тырысуда. Бірақ дəл осындай санамен одан əрі даму жайлы айтпаса да болатын шығар. Өзін 
сыйлай  білетін  адам  дамуының  да  шегі  бар,  ұлтты  кемісітуге  жауабы  –  кім  сені  қорлайды,  соған  деген 
күншілдік, көре алмаушылық, ал өзің жақсы болсаң, əрдайым үлгі етеді. Адамды мəдениетсізсің, рахым-
сызсың  деп  сендірші,  ол  шынында  соған  сəйкес  əрекетке  барады.  Қорыта  айтқанда,  даму  емес,  жоғары 
жақтың ойына келгенін істейтіндігін, ал төменгілер тəртіпсіздік пен берекесіздікке жол беретінін көреміз. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 

Дегенмен, зерттеуші Межуев В.М. өз пайымдауында байқағанындай, «...Мəселе тек ұрандарды алмас-
тыруда емес. Бүгінгі күні керек десеңіз, ұлттық игілігімізді жоққа шығаратын жəне қорлайтын сипатын 
жаңғыртудың  басты  кемшілігін  бүркемелейтін  ұран  да  жоқ»  [7].  Жаңғырту  мəнісі  бойынша  дəстүрлі 
қоғамнан қазіргі заманғысына өту тəсілі ретінде емес, формасы бойынша ғана өзін сарқып бітірді. Қазіргі 
заман  қоғамдық  дамудың  индустриалды  кезеңі  арқылы,  сонда  бірдейленеді,  ал  бүгінгі  күні  осы  кезеңі 
индустриалдығы, ақпараттандыру, жаһандастырудан кейін қалай деп атасақ та, басқасына ауысады. 
Жаңа бағыт дəуірі біреулердің пікірінше, кейіннен алмасады, басқалардың пікірі бойынша жаңасына 
кіріп, өзіне арналған кезеңінде қорытындыланады. Əлем көп атаудың куəсі болды. Əзірше бір мағыналы-
сы анықталған жоқ. Тек бір жəйт қана айқын: ескі қоғамнан жаңасына өту əлі күнге дейін белгілі ұқсас-
тықтың  барлық  формалары  дағдарысы,  сондай-ақ,  индустриалдау  дəуірінің  барлық  жаңғыртушылық 
идеологиялары дағдарысымен, яғни, либералдығынан социалистігіне дейін. Жаңғыртудан кейінгі (немесе 
одан да кешірек жаңа бағыты) дəуір адамы өзін идея мен құндылықтардың қандай жүйесімен бірдейлен-
діруге  мəжбүр  болады  –  бұл  əзірше  ортақ  шешім  қабылданбаған  жəне  басы  ашық  мəселе.  Осы  өтуі 
туындатқан  айқынсыздық  жағдайы  өзінің  санасында  «қазіргі  заманға  лайықсыздығының»  барлығын  да 
теңестіретіндей, бүгінгі күні қандай болса да ұсынылатын кезкелген бірдейліктің артықшылығына күмəн-
дануға итермелейді. 
Былай деп айтуға болады: қалай десек те біреудің айрықша артықшылығы қазіргі уақытта болмайтын 
қазіргі  заман  барлығы  үшін  мəселеге  айналады,  өйткені,  қазіргі  заманғысына  өту  (жаңғырту)  барлық 
елдер  мен  халықтардың  ортақ  ісі,  ортақ  тағдыры  болып  шығады.  Бірақ  мұндай  өтуді  жаңғырту  деп 
атағаннан гөрі, ғаламдық дамыту дегеніміз дұрыс болар. Соңғысы қуып жетуге ұмтылушы жаңғыртудың 
шынайы  баламасы  болады.  Біреулердің  бұйрығымен  басқалардың  өмір  сүруіне  мəжбүр  етуші  саясатқа, 
басқалардың  мүдделерімен  өзінің  ұлттық  мүддесін,  ал  шегінде  –  тұтастай  əлемді  үйлестіруші  саясат 
көбірек қарсы тұрады. Басқаларымен келісімде өмір сүру осындай саясаттың басты құндылығы. 
Жаһандастырудың жаңғыртудан айырмашылығы қазіргі заман жəне соған өтудің мүлдем өзге түсіні-
гінде  қорытыңдыланады.  Аталған  өтуі  мұнда  жекелей  мемлекет  емес,  бүкіл  əлемдік  қоғамдастықтың-


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал