Хабарлаған болатын. Кешкі сағат 17



жүктеу 0.77 Mb.

бет6/7
Дата03.04.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

– «Балапан» арнасына бала 

ла-

рымыздың қызығушылығы өте жоғары 

екенін байқап жүрміз. Тіпті баланың тілі 

қазақ тілінде анық шығуына да зор 

үлесін қосып жүргеніне көзіміз жетіп 

отыр. Себебі таңертеңнен кешке дейін 

тек орыс тіліндегі балалар телеарнасын 

көретін бала мен «Балапан» телеарнасын 

көретін баланы салыстырсаңыз, «Ба-

лапан» көрермені қазақ тілінде жатық 

сөйлейді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл 

телеарна тек спутниктік және кабельдік 

желі арқылы таралғандықтан, көп-

шілікке қолжетімді болмай отыр. Бы-

лайша қарасаңыз, кейбір балалардың 

құқығы шектеліп отыр деуге де келеді. 

«Балапан» телеарнасын «Қазақстан» 

және «Хабар» телеарналары секілді 

толқын арқылы таратуға болмай ма? 

– Елбасының тікелей тапсырмасымен, 

мемлекеттің қаржыландыруымен эфирге 

жол алған «Балапан» балдырғандар үшін 

жасалған үлкен сый деп есептеймін. Бұл 

қадамның ұрпақ тәрбиесіне тигізер оң 

ықпалын айтып жатудың өзі артық. Сіз өз 

салыстыруыңызды алға тартып отырсыз. 

Шындығында, таза мемлекеттік тілде та-

ратылатын арнаны көріп өскен бүл 

дір-

шіндеріміздің қазақ тілінде жатық сөйлеуі 



– заңды құбылыс. 

Ұрпақ жалғастығы, дәстүр сабақтастығы 

жоқ жерде біз тұғырлы ел бола алмаймыз. 

Дені сау, рухы биік, пайым-парасаты 

жоғары, таным-түсінігі терең ұрпақ қана 

елдің көшін алға сүйрейді. Осыны ескеріп, 

жас буынға өнегелі тәрбие беру мақсатымен 

«Балапан» телеарнасы ғана емес, көптеген 

газет, журналдар да ашылды, ашылып 

жатыр. 


Бұл – «бесігімізді түзеуді» қолға ал ған-

дығымыздың айқын көрінісі. Жалпы, бала-

лар мәдениеті, әдебиеті, өнері, білімі үшін 

тер төгіп жүрген азаматтарымыздың алдын-

да бас иген дұрыс.

Ал «Балапан» телеарнасын республика 

бойынша жиілік арқылы тарату мәселесіне 

келер болсақ, бүгінде Көлік және комму-

никация министрлігінің байламы бойынша 

Қазақстан Республикасы аумағында эфирлі 

сандық телевизиялық хабар таратуды 

енгізуге байланысты Қазақстан Республи-

касының радиожиіліктер жөніндегі ведом-

ствоаралық комиссиясы аналогтық (бір 

бағдарламалық) телевизиялық хабар 

таратуға жиілік бөлуді тоқтату туралы шешім 

қабылдады. 

Аталған шешім негізінде Қазақстан ау-

мағында цифрлық хабар таратуды енгізудің 

жиіліктік-аумақтық жоспары әзірленді. 

Сонымен бірге жиілік ресурстарының 

тапшылығына байланысты аналогтық хабар 

таратуға жиілік бөлу мүмкін емес және ол 

жиіліктік-аумақтық жоспардың өзгеруіне 

ықпал етеді. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан 

Республикасындағы 2010-2014 жылдарға 

арналған ақпараттық және коммуника-

циялық технологияларды дамытудың сала-

лық бағдарламасы» аясында Қазақстан 

Республикасы аумағында цифрлық хабар 

таратуды кезең-кезеңімен енгізу шаралары 

жүргізілуде. 

Осы ретте «Балапан» телеарнасы 2011 

жылы 18 қаңтарда Мемлекет басшысы іске 

қосқан теле-радио хабарларын таратудың 

ұлттық спутниктік OTAU TV желісі арқылы 

республика аумағына таратылады. Мұны-

мен қоса «Балапан» телеарнасы 44 ка бель-

дік телевизия операторлары арқылы бүкіл 

республика аумағына тарайды. 

Тұтастай алғанда, 2015 жылдың ба-

сында халқының саны 2 мыңнан асатын елді 

мекендердің барлығы цифрлық сападағы 

телеарналармен қамтамасыз етіледі.

Ендеше, көп ұзамай «Балапан» теле-

арнасы әрбір шаңырақтың көгілдір экра-

нынан көрінетін күн алыс емес.

– Депутат Алдан Смайыл «Бала лар-

дың денсаулығы мен мінезіне зардабын 

тигізетін зиянды ақпараттан қорғау 

туралы» деп аталатын заң жобасын 

жазып шығыпты. Қазіргі таңда небір 

шетелдік ақпараттық экспансияның 

құрсауында қалған Қазақстан үшін 

мұндай заң керек-ақ. Халық қалаулысы 

әзірлеген заңды енді тек қабылдау ғана 

керек болып тұр екен. Сіздің бұл заң 

жобасына қатысты қандай алып-

қосарыңыз бар? Әлде министрліктің өзі 

осындай негіздегі заң жобасын әзірлеп 

жатыр ма?

– Қазақстан Республикасының «Теле-

радио хабарларын тарату туралы» заңының 

28, 29 баптарында балалар мен жас өс-

пiрiмдердiң денсаулығы мен мінезіне, 

психикасына әсер ететін зиянды ақпарат-

тардан қорғау нормалары қарастырылған. 

Осыған орай Қазақстан Республи 

ка-

сының конституциялық құрылысын күш теп 



өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мем ле-

кет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты 

насихаттау немесе үгiттеу көрiнiстерiн қам-

титын, экстремизмдi немесе тер ро ризмдi, 

қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас 

ұруды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дi ни, 

тектiк-топтық және рулық астам шыл дықты 

насихаттауды, ұлтаралық және кон 

фес-

сияаралық араздықты қоздыруға, суицидтi 



насихаттауға бағытталған ақпаратты, 

сондай-ақ порнографиялық және арнайы 

сексуалдық-эротикалық сипаттағы өнiм-

дердi қамтитын теле-радио бағдарлама-

ларын таратуға тыйым салынады.

Сонымен қатар жергiлiктi уақыт бойынша 

06.00-ден 22.00-ге дейiнгi мезгілде ба-

лалар мен жасөспiрiмдердiң тәндiк, пси-

хикалық, имандылық, моральдық және 

ру 


хани дамуы 

на зиян келтiруi мүмкiн 

телебағдар ламаларды, «Мәдениет туралы» 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 

«Е 18» деп индекстелген фильмдердi көр-

сетуге жол берiлмейдi. Теле-радио хабар-

ларын тарату операторлары шетелдiк теле-

арналарды ретран 

сляциялау кезiнде 

ұйым дастыру шылық және техникалық iс-

шаралар ар қылы аталған фильмдер мен 

теле бағ дар ламаларды  көруге  қолжетiм-

дiлiктi шектеу жөнiндегi шараларды қол-

дануға міндетті.

Сондықтан бұл мәселеге байланысты 

жеке заң қабылдау керек деген депутаттың 

бастамасы осыған дейін іс жүзінде жүргізіліп 

келеді.


Жалпы, теледидар көру немесе басқа 

технологияларды балалардың пайдалануы 

тек заңдарға тіреліп тұрған жоқ. Ең әуелі 

отбасыдағы тәрбиеге байланысты болса 

керек. Оған қазіргі ата-аналардың да, ұстаз-

дардың да сауаты жеткілікті деп ойлай-

мын. 

– Бүгінгі ақпарат тасқыны артып 

отырған заманда отандастарымыз 

театр дан гөрі, теледидар алдына үңіл-

генді ұнатып барады дейді. Еліміздің 

мәдениет сарапшылары осы мәселеге 

қатысты арнайы дөңгелек үстел өт-

кізгенін білеміз. Сол жерде «театр кө-

рермендерін көбейту үшін отандық 

арналардан спектакльдерді үзбей 

көрсету керек» деген де ұсыныс ай-

тылды. Бұған қатысты не айтасыз? Сіз 

нені ұсынар едіңіз?

– Бүгінде көрермен театрға келмейді 

деп айту қиын. Керісінше, театрға келетін 

көрермен санымен қатар, еліміздегі театр-

лар саны да кәдімгідей артып келеді. Бір 

ғана  Астананы алсақ, бес жыл бұрын 

елордада небәрі екі театр жұмыс істесе, 

қазіргі таңда оның саны алтыға жеткен. 

2006 жылы Астана театрларындағы қойы-

лымдарды 68 мың адам тамашаласа, 2011 

жылдың қорытындысы бойынша, бұл 

көрсеткіш 200 мыңға дейін артқан. Сон-

дықтан театрға халық келмейді деп айту 

ағаттық дер едім. Керісінше, соңғы 10 жыл 

ішінде Қазақстандағы театр ошақтары 20 

пайызға көбейген, яғни сұраныс бар деген 

сөз. 

Бұл орайда театр өнері саласында 



классикалық жоғары көркемдік өнерге 

деген ықыластың артып отырғандығын 

айтқан орынды болар. Бүгінгі көрермен өте 

талғампаз. Олардың эстетикалық сұраныс-

тарын қанағаттандыру мақсатында соңғы 

жылдары біздің сахналық алаң дарымызда 

Борис Эйфман, Сергей Вихарев, Юрий 

Григорьевич және басқа да әлемдік дең-

гейдегі хореографтар мен балет мейс терлер 

жұмыс істеуде. Мемлекеттің қол дауымен 

отандық опера мен балеттің үздік орын-

даушылары Ла Скала театры ака демия-

сында, Вена операсында, Мариинск 

театрын да, Перголези Спонтини қорында, 

Болоньедегі Итальян опера мектебінде 

тағылымдамадан өтті. Қазіргі кезде Астанада 

классикалық опера және балет театрының 

құрылысы жүргізілуде. Бұл ең алдыңғы 

қатарлы шы 

ғармашылық және техно-

логиялық талап тарға жауап беретін қазіргі 

заманғы театр болмақ. 

Жалпы, театрға көрермен тарту мәсе-

лесіне келсек, бұл орайда бірқатар жұмыс 

атқарылып жатыр. Оның дәлелі – «Көрермен 

агенттіктерінің» құрылуы. Қазір театр жар-

намалары радио, газет, теледидарда, 

интернетте, театрлардың сайттарында үзбей 

жарияланып, міндетті түрде жарнамалық 

тақталарда афишалар ілінеді. Интернет 

арқылы театр билеттерін сату үрдісі де 

кеңінен пайдаланылып келеді. 

Бүгінгі таңда республикалық театрлардың 

бірқатар үздік қойылымдарын «Хабар», 

«Қазақстан» телеарналары түсіріп, элек-

тронды тасымал құралдарына аударылған. 

Жазылған қойылымдар театрлардың 

рұқсаты бойынша репертуардан алынған 

соң ғана теледидардан көрсетілетін 

болады. 


Театр жаңалықтарына телеарналарды 

тарту, онда отандық театрлардың спектакль-

дерін жиі көрсетіп тұру, премьералар жайлы 

жарнамалық роликтер беру, мұның бәрі – 

театр көрермендерінің санын көбейту 

бағытында атқарылып жатқан жұмыстар.



– Биыл – Астана үшін ерекше жыл. 

Біріншіден, «Астана – түркі әлемінің 

мәдени астанасы», екіншіден, «Астана 

– достастықтың мәдени аста 

насы» 

атанып отыр. Елбасы Н.Ә.На 

 

зар 

баев 

биылғы Жолдауында осы мәртебелі 

жылды ерекше атап өту жөнінде 

тапсырма бергенін білеміз. 

– Алдымен «Астана – түркі әлемінің 

мәдени астанасы» жылы аясында елордада 

30-ға жуық шара өтетінін айтқым келеді. 

Нақтырақ айтсақ, «Жаңа мыңжылдықтағы 

жаңа астана» тақырыбымен фотосурет-

шілердің халықаралық кездесуі, мүсін-

шілердің бесінші кездесуі, Қазақстандағы 

Әзірбайжан күндері, фольклорлық би 

топтарының фестивалі, «Астана төңірегіндегі 

мыңжылдық» көшпелі өркениет фестивалі 

жоспарланған. Бұл шаралардың барлығы 

түбі бір тамырлас елдермен арадағы рухани 

байланысты одан әрі нығайтуға кең серпін 

бермек. Тағы бір мақтанышпен атап өтерлігі 

ТҮРКСОЙ-ға мүше 14 елдің арасында Қа-

зақстан елордасының ең бірінші болып 

мәдени астана ретінде жарияланғаны дер 

едім. 

Өзіңіз айтып өткендей, маусымның 15-



16 күндері Астанада «Жаңа әлемдегі еу-

разиялық мәдениет» атты мәдениет сала-

сының белді өкілдерінің халықаралық 

форумы өтті. Қазақ елі жиған шығарма-

шылық интеллигенцияның осынау еу-

разиялық форумының ортақ ізгі құнды-

лықтарды таратуға үлкен серпін бере тіндігіне 

сенімім зор. Еуразия – әртүрлі өркениеттер 

мен мәдениеттердің ежелгі тарихтан бірге 

тіршілік етіп келе жатқан аумағы. Сондықтан 

бұл форум мәдени байланыстарды кеңейту, 

ортақ гуманистік құндылықтарды ілгері 

жылжыту үшін шығармашыл қауым-

дастықтың басын қосудың, күшін біріктірудің 

жаңа кезеңіне айналуға тиіс. 

Әлемнің әр қиырынан келген мәртебелі 

меймандарға қасиетті қазақ жері, еліміздің 

ордасы, Тәуелсіздігіміздің символы – Астана 

қатты әсер етті. 

Ұлан-байтақ Еуразия кеңістігін жайлап 

жатқан халықтардың жаһандық деңгейдегі 

әр алуан іргелі істеріне белсене араласып, 

маңызды халықаралық және өңірлік ұйым-

дардың тізгіндерін қолға ұстап келеді. 

Айтулы іс-шара елдеріміздің арасындағы 

рухани дәнекерлікті нығайта түсуге үлес 

қосады. Сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі 

халықтардың мәдениет және өнер 

жетістіктерін ортаға салу төл мәдениетімізді 

насихаттауға және заман ағымына сай 

өркендетуге ықпал етеді деп ойлаймыз. 

– Мәдениет тақырыбынан ақпарат 

саласына қайта ауыссақ. Журналис-

тердің төл мерекесіне қандай дайын-

дықпен келгелі отырсыздар?

– Журналистиканың қай заманда да 

қоғамның қозғаушы күші, халық пен билік 

арасындағы алтын арқау болып келе 

жатқаны белгілі. Ақпарат адамзат үшін 

ауадай қажет, алтыннан да бағалы болып 

тұрған ХХІ ғасырда жұртшылықтың жур-

налистер қауымына деген талап-тілегі де 

күшейе түсуде. Бүгінде журналист үшін 

қоғамға жедел әрі сапалы ақпарат ұсынып, 

өзінің танымалдығын арттырып, имиджін 

бекемдеу үшін бір ғана кәсіби біліктіліктің 

аздық ететіні – ақиқат. Осы заманғы жур-

налиске ақыл да, асаулық та, ұшқырлық та, 

табандылық пен тапқырлық та аса қажет 

екенін қаламгерлердің өздері де жақсы 

түсінеді. 

Ең бастысы, талантқа тұсау жоқ, жақсыға 

бұғау жоқ. Атап айтқанда, 16 жылдан бері, 

яғни 1997 жылдан бастап Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев журналистика саласында 

дара шапқан дарындарға Президент 

сыйлығы мен гранттарын тағайындап 

келеді. Бұл – сала қызметкерлеріне жасалған 

үлкен қамқорлық әрі әріптестеріміз үшін 

айрықша құрмет.

Биыл министрлік тарапынан да жур-

налистиканың қым-қуыт тірлігінде қара 

үзіп, кәсіби тұрғыда өзін дәлелдеп жүрген 

әріптестерімізге құрмет көрсетуді жөн деп 

таптық. 

Жалпы, тарихты тұлғалар жасап, ғалым-

дардың тұжырымдап, зерделейтіні белгілі. 

Ал сол тарихқа енетін барша оқиғаның 

ортасында болып, күнделікті тарихты жазып 

жүргендер бүгінгі журналистер екенін 

мойындауымыз керек. Тәуелсіздік табыс-

тарын тарата жазып, мемлекетіміздің іргелі 

іс-шараларын іркілмей халыққа жеткізуде 

журналист қауымның сіңіріп жатқан еңбегі 

зор деп білемін. Кез келген оқиға басынан 

дәл әрі дәйекті ақпарат беру немесе терең 

талданған материал ұсыну жолында қалам 

иесінің көзге көрінбес кедергілерді кесіп 

өтіп, түрлі кездейсоқ сәтті басынан 

өткеруіне тура келетінін кәсіби журналист 

ретінде де растай аламыз. Соған орай биыл 

тұңғыш рет қазақ және орыс тілдерінде 

«Солай болған», «Был случай» деген атпен 

Қазақстан  жур на листерінің  естеліктерінен 

құралған кітаптар жарыққа шықты. 

Әріптестерді өзара ынтымаққа ұйыстырып, 

жаңа дүниелерді жазуға шабыт беретін 

кітаптар алдағы кезде жалғасын табатын 

болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Салтан СӘКЕН

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Жалпы, халыққа уәж айтудан гөрі, сол халықтың датына құлақ асқан жөн 

болар. Жөн сөз айтар болсақ, барша журналиске, елді жеңіске жетелейтін 

жетістіктерді жазып жүргендерге де, намысты қамшылап, кемшілікті көрсетіп 

сын айтып жүргендерге шығармашылық шабыт тілеймін. 

Ақпаратымыздың айдыны кеңейіп, ана тіліміздің абыройы артып, 

мәдениетіміз мәуе жайып жатқан бүгінгі заманға біз Тәуелсіздіктің арқасында 

қол жеткізіп отырмыз. Елбасымыз айтқандай, Тәуелсіздікті қорғай білу, 

егемендігімізді еңселі күйінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әрбіріміздің ел 

алдындағы азаматтық әрі перзенттік парызымыз болуға тиіс. Іске сәт!

«Сыбағадан» өз сыбағамды ала аламын ба?

Мемлекеттік органдардың бұйрықтары қайда жарияланады?

Менің «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал сатып алып, ата кәсіппен 

айналыспақ ойым бар еді. Жалпы, Алматы облысы бойынша осы бағдарлама 

аясында жұмыс істеп жатқандар көп пе?

Сабыржан ИГІЛІКҰЛЫ, Алматы облысы 

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қол-

дау қоры» АҚ-тың «Сыбаға» бағдар ламасы 

бойынша 1,5 жылда 6860 млн теңгенің 

1 041 жобасы қаржыландырылып, 39 мың 

ірі қара  сатып алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 

несиелерді игеру жұмыстары Алматы 

облысында өте белсенді жүруде. Бұл 

өңірде 977 млн теңгенің 129 жобасы 

бойынша 6 мың бас ірі қара сатып алынған 

болатын. Биыл атаулы бағдарламаны 

жүзеге асыруға тағы да 3,7 млрд теңге 

бөлінді. Оның 350 млн теңгесі – Алматы 

облысының үлесінде. Қазіргі таңда бұл 

қаржының 264 млн теңгесі игерілді. Бұл 

бағдарламаға қа 

тысқысы келетін кез 

келген азамат тұр ғылықты жері бойынша 

қажетті құ 

жаттарды тапсырып, өтініш 

жазуы тиіс. Ұтымды жо баларға міндетті 

түрде қолдау көрсетіледі», – дейді қордың 

басқарма төрайымының орынбасары 

Нармұхан Сарыбаев.

ДАТ!


БАЙҚАУ

Таяуда елорда төрінде 

«Астана – түркі әлемінің мәдени 

елордасы» жылы аясында 

Мәдениет және ақпарат 

министрлігі мен Түрік мәдени 

орталығының ұйымдас тыруы-

мен өткен Қорқыт атындағы 

дәстүрлі музыкалық аспапта 

орындаушылардың өнер 

фестивалі табысты өтті.

Қобыз атасы Қорқыт есімін иеленген 

фестивальға Қазақстаннан өзге, Қыр-

ғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан елдерінен 

де жас өнерпаздар келіп, қатысты. Негізінен 

үш номинация бойынша сынға түскен ше-

бер орындаушылар прима қобыз, шертер 

аспаптарымен қатар, баглама, кеман, уд, 

кеманче, кабак тамбур деп аталатын 

ерекше музыкалық аспаптарда өнер 

көрсетті.

Аталған аспаптар бойынша байқаудың 

бірінші жүлдесі Ботакөз Тәшімова мен 

Ербол Мұхамедиевке бұйырса, екінші 

және үшінші орынға негізінен әзірбайжан

өзбек жастары ілікті.

Бүгінде шаңқобыз, сыбызғы, жетіген, 

сазсырнай аспаптары ел арасына кең тарай 

бастады. Басқа түркі халықтарында осы 

аспаптармен үндес канун, нэй деп аталатын 

да аспаптар бар. Осы аспаптар бойынша 

бірінші жүлде Мәдина Сүлейменоваға 

бұйырды. Қырғызстандық Азамат Отун-

чиев пен қазақстандық Серік Нұрмолдаев 

екінші орынды иеленді. Ал фестивальдің 

бас аспабы – қобыз номинациясының 

бірінші жүлдесіне Мақсат Медеубек пен 

Әйгерім Қарсақбаева лайық деп танылды. 

Фестивальдің бас жүлдесі Қазақ ұлттық 

өнер университетінің 1-курс студенті 

Тоқтар Ағыраевқа бұйырды. 

Мақсат МЕДЕУБЕК, 

қобызшы, фестиваль жүлдегері:

– 

Мен негізінен «Тұран» этно-

фольклорлық тобында өнер көрсетемін. 

Бірақ бұл жолы аталған дәстүрлі өнер 

фестиваліне жеке орындаушы ретінде 

қатыстым. Өнер үнемі ізденістен тұрады 

десек, осы байқауға қатысу арқылы өз 

мүмкіндіктерімді саралап, осы ба-

ғыттағы қазақтың айрықша қолтаңбасы 

бар екендігін көрсеткім келді. Фес-

тивальға әр елден небір майталман, 

шебер орындаушы жастар келген. 

Қазылар алқасы тарапынан да іріктеу, 

таңдау жағы өте қатал болды. Дегенмен 

еңбегім бағаланып, лайықты жүлдеге 

қол жеткізіп отырмын. Бұл да болса 

қобыз аспабы киесінің қол 

дағаны, 

ұстаздарым мен өнердегі әріп тес те-

рімнің қолдауы деп білеміз. Ұлттық 

дәстүрлі аспаптарымызды әлемге паш 

ететін осындай үлкен мәдени шаралар 

бізде жиі өткізіліп тұрса, игілікті іс болар 

еді.

Көнеден келе жатқан қасиетті қобыз үні 

мен басқа да ұмыт бола бастаған түркі-

лердің саз аспаптарының дауысын жүрекке 

жеткізген бұл шара көптеген жас таланттың 

жарқырап шығуына үлкен септігін тигізді. 

Даңғаза әуендер билік құрып тұрған қазіргі 

кезеңде ұлттық өнеріміз осылайша 

дәріптеліп, түбі бір түркі әлемінің тамырлы 

тарихын тереңнен қозғап, мәңгілік 

сарындарды қайта жаңғыртқан бұл 

фестиваль халықтың сағына күткен өнер 

кешіне айналды десек те болады.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен 

арнайы дипломдар табыс етілді. 

Ұйымдастырушылар бұл шара алдағы 

уақытта дәстүрлі жалғасын табатындығын 

айтып отыр. 



Таңатар АЙТҰЛЫ

Көне 

сарындарды 

жаңғыртқан 

шара

№111 (793) 

27.06.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Еуропа чемпионатына қатысқан 

төрт футболшы Қазақстанға келеді

Әуелі Чемпиондар лигасының алғашқы 

екі кезеңдегі жеребелері тартылды. Қазақ-

станның өткен маусымдағы чемпионы – 

Қарағандының «Шахтері». Кеншілер клу-

бы Чемпиондар лигасына екінші кезеңдік 

електік додадан қосылатын болды. Жере-

бе бойынша, биылғы еурододаны Чехия-

ның «Слован» (Либерец) клубымен бас-

тайтын болды. Бірінші ойын 17 немесе 18 

шілде күні Чехияда өтеді. Қарымта кездесу 

24 немесе 25 шілде күні Қарағандыда өтуі 

керек.

«Слован» (Либерец) – Чехияның гам-



бринус-лигасындағы азулы команда лар-

дың бірі. Өз елінің 2002, 2006 және 2012 

жылғы чемпионы. 2009 жылы Чехия ның 

қола жүлдегері атанып, 2000 жылы Чехия 

кубогын жеңіп алған.

Өздеріңіз білесіздер, Чехия құрамасы 

Украина мен Польшада өтіп жатқан Еуропа 

чемпионатына қатысты. Ширек финалға 

дейін жетіп, тырнақалды кездесуінен басқа 

матчтарда салиқалы ойын өрнегін көр-

сетті. Осы құрама сапында жай оғындай 

жарқылдаған, екінші нөмірлі қоңырқай 

жүзді қорғаушы Теодор Гебре Селасси 

Қарағандыға келетін «Слован» клубы ның 

сапында ойнайды. Тамырында Эфиопия 

қаны соққан қорғаушының қалай ойнай-

тын дығын бәріңіз де көрген боларсыздар. 

Ендеше, Қарағанды жанкүйер ле ріне одан 

қолтаңба алу үшін әлден кезекке тұра бе-

руге болады. Тек басқа команда сапына 

ауысып кетпесе дейік. Өйткені ол Еуропа 

Ф

УТБО



Л

«Барыс» қай топта ойнайды?

Бабадан қалған жекпе-жек



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал