Хабарлаған болатын. Кешкі сағат 17



жүктеу 0.77 Mb.

бет2/7
Дата03.04.2017
өлшемі0.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Көпұлтты қоғамның полицейлері де көпұлттан құралуы керек пе?

Қанат ҚАЗЫ

блеясы төрағасының орынбасары Ералы 

Тоғжанов халық пен полиция қызмет-

керлері арасындағы сенімділікті нығайтуға 

байланысты шаралар 2008 жылдан бері 

жүзеге асып жатқанын алға тартады. 

«Бұндай жобаларға өз ішімізде ғана емес, 

шетелдер тарапынан да қызығушылық 

танылған еді. Жалпы, өткен 1,5 жыл ішінде 

16 мемлекет өкілдері Қазақстанға этно с-

аралық мәселе бойынша тәжірибе ал-

масуға келді. Сөз жоқ, бұл еліміздің этнос-

 аралық қарым-қатынасында, қоғамдық 

келісімге байланысты ұстанымында Пре-

зидент Н. Назарбаев енгізген үлгінің тиім-

ділігін көрсетеді. Ал бүгінгі жоба сондай 

ұстанымды одан сайын нығыздай түседі», 

– дейді Ералы Тоғжанов. 

ЕҚЫҰ-ның негізгі құндылықтарынан 

саналатын ондай ілкі дүниені қазақстандық 

полицей басшылары да әбден қолдай-

тындықтарын аңғартады. Ішкі істер ми-

нистрінің орынбасары Қайрат Тыныбеков 

әлгіндей жобаның этника аралық тұрақ-

тылықпен байланысты барлық проб-

лемаларды талқылауға тиімді пікір алаңы 

ретінде қалыптасатынына сенімі зор. 

Сондықтан да Қазақстанның Ішкі істер 

министрлігі қоғамдағы ұлтаралық келісім-

нің полиция қызметкерлері арқылы 

сақталуы тақырыбын қамтитын жобаны 

бек құптайды. Бұндай ерік-жігердің ұлт-

аралық қақтығыстардан бастап экстре-

мистік және ұлттық сипаттағы қатердің 

алдын алуға да септігін тигізетіні белгілі. 

«Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 

құқық қорғауға қатысты бастамаларды, 

сондай-ақ көпұлтты мемлекеттегі полиция 

қызметін жетілдіруге бағытталған ЕҚЫҰ 

жігерін толықтай қолдайды. Соңғы 

жылдары біздің ведомство өз қызметінің 

тиімділігін арттыратын бірқатар өзге-

рістерді бастан кешірді. Заманауи қыл-

мыстарға қарсы тұрарлық иннова циялық 

технологиялар сатылап еніп те жатыр, 

ұлтаралық сипаттағы қылмыс 

тардың, 

құқық қорғаудың алдын алу шара лары 

жетілдірілуде. Ал қоғамның қалыптасу 

ерекшелігін ескерсек, жаңа жобадан 

ұтпасақ, ұтылмасымыз айқын», – дейді ІІМ 

өкілі Қайрат Тыныбеков.

ЕҚЫҰ тарапынан жасалған ұсы ным-

дарға келетін болсақ, сарапшылар ұлт-

аралық қатынас мәселесіне полицейлер 

қызметінің маңызды рөл атқаратынын 

мойындайтын мемлекеттік саясат болуы 

керектігін алға тартады. Ең бастысы, 

полицейдің этникалық мәселедегі өкілдік 

берілген орган ретіндегі қоғамдық 

имиджін белсенді насихаттау қажеттігін де 

сарапшылар алға тартады. «Қазақстан 

Үкіметі адам құқықтары, оның ішінде аз 

ұлттардың құқықтары құзырлы һәм кәсіби 

Тағдыр тәуелсіз Қазақстанға көп этнос-

тылықты жазды. Ендеше ел бірлігі, ұлыс тар 

татулығы – ең басты байлық. Өйткені 

бүгінгі қол жеткеннің бәрі де тыныштық 

пен тұрақтылықтың нәтижесі. Сондықтан 

да тағдыр тәлкегімен Қазақстанда тұрақ-

таған алуан-алуан ұлт өкілдерінің ара-

сындағы өзара келісімге сызат түсірмеу – 

мемлекеттік саясаттың бүгінгі басымдығы. 

Ал ондай саясаттың салмағы ең алдымен 

қоғамның тәртібін қадағалайтын поли-

цейлерге түсетіні белгілі. Ендеше көпұлтты 

қоғамдағы құқық қорғаушы қызметкер 

өзін қалай ұстауы шарт? Оның қызметінің 

ерекшелігі неде? Бұндай сауалға күні кеше 

тұсауы кесілген «Көпэтносты Қазақстандағы 

полиция қызметі» атты жоба арқылы жауап 

табуға болатындай. Оның мақсаты – 

көпұлтты қоғамдағы полиция қызметінің 

өзіне тән міндеттерін жүзеге асырудағы 

әлеуетін жетілдіру. Жоба аясында Қазақстан 

полициясы мен азаматтық қоғам инс-

титуттары арасында ынтымақтастық 

орнайтыны, ішкі істер министрлігі құры-

лымдарының этносаралық келісімді 

нығайту бойынша жұмысы күшейетіні 

қаперге алынған.

Бақсақ, дәл осындай қадамға елдің 

полицейлері де, ұлтаралық саясаттың 

тізгінін ұстаған институт та әу бастан дайын 

секілді. Мәселен, Қазақстан халқы Ассам-

Аттестаттау арқылы өз 

ішінде «тазалау» жұмысын 

жүргізіп жатқан полицияда 

тағы бір тың дүние жүзеге 

аспақ. Ағымдағы маусымнан 

бастап келесі жылдың 

желтоқсанына дейін елімізде 

«Көпэтносты Қазақстандағы 

полиция қызметі» атты 

жобаға жол ашылды. Бұған 

Қазақстан халқы Ассам-

блеясы, Ішкі істер министрлігі, 

ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері 

жөніндегі Жоғарғы комиссары 

мен ЕҚЫҰ Орталығы бірлесе 

қолдау білдіріп отыр.

полиция қызметінсіз жүзеге аспайтынын 

түсінеді деп ойлаймын. Сонымен қатар 

ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары ретінде мен күн 

сайын түрленіп жатқан қоғамдағы тәртіп 

пен игілікті сақтаудағы полиция рөлін 

жоғары бағалаймын. Алайда полицияға 

сенім ең алдымен сол полиция атқаратын 

қызмет ерекшелігіне қатысты қалып-

тасады», – дейді Жоғарғы комиссар Кнут 

Воллебек. Оның айтуынша, қазіргі зама-

науи ерекшелік – қоғамда этникалық және 

діни әртүрлілік міндетті қағидаға айналып 

барады. Сондайдың салдарынан қоғам-

дағы кей жағдайда аз ұлттар полиция 

қызметкерлерін өздерін қорғайтын емес, 

керісінше басып-жаншу құралы ретінде 

қарайтындай көзқарастар да қалыптасуы 

мүмкін. Ондай көзқарастың өршуі тек 

полицияның ғана емес, мемлекеттің де 

біліксіздігіне қатер төндіруі ғажап емес. 

Өйткені полиция мемлекеттің өкілі болып 

табылады. 

Бір сөзбен түйіндей айтсақ, «қазақ-

стандық ұлт» терминінің орнын ендігіде әр 

ұлттан құралған «қазақстандық полицей» 

сөзі басуы мүмкіндей көрінеді. Әйтсе де 

бұл – әзірге жоба ғана. Айтпақшы, жоба 

аясында Алматы және Оңтүстік Қазақстан 

облыстарының жоғары, орта құрамдағы 

полиция офицерлері үшін тәжірибелік 

семинарлар ұйымдас тырылады. Полиция 

қызметкерлерін даярлау жөніндегі оқу 

орталығы үшін арнайы мамандар оқыту 

жұмыстарын да өткізу жоспарлануда.

Кнут ВОЛЛЕБЕК, 

ЕҚЫҰ Аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы 

комиссар:

– Менің ойымша, біз егер де по-

лиция қызметіне қоғамдағы көпшілік 

ұлттардан өкілдерді тарта алсақ, бұның 

өзі ең алдымен сол қоғамдағы аз-

шылықты құрап отырған ұлттардың 

полицейге деген сенімділігін арттыра 

түсетін еді. Біз ондай қадам арқылы 

этникааралық қатынастарды нығайтып 

қана қоймаймыз, полиция қызметінің 

тиімділігін де арттырамыз. Осы арқылы 

этникааралық қысымдар мен қақ ты-

ғыстардың алдын алу қадамдарын да 

берік етіп қалыптастыруға болады. Бұл 

– әлемдік мойындалған тәжірибе. 

Астана

Мансұр ХАМИТ (фото)



Егініміз енді шірімейді

Егінге орақ түсер маусым жақындаған 

сайын, расында, ауыл шаруашылығы ве-

домс твосында тыным болмай барады. Бұған 

дейін жаңа өнімді қамбаларға қа былдамас 

бұрын элеваторларды барынша бос ұстау 

қарекеттері байқалған. Егінді өңір дің өнімі 

астық екпейтін аймаққа сапырыла тасылған 

еді. «Жыл басынан бері 133 мың тонна ас-

тық ауыстырдық. Ору басталғанға дейін 

бұны 500 мың тоннаға жеткізуді көздегенбіз. 

Алайда бұл да қанағат тандыратын мәселе 

емес, тағы қосымша 500 мың тонна астықты 

ауыстыру қажеттігі көрініп тұр», – дейді 

«Қаз Агро» холдингінің басқарушы дирек-

торы – басқарма мүшесі Бақыт Құдасбаева. 

Есепке салсақ, бүгінгі таңда солтүстіктегі 

егінші қауымның қамбалары 64 пайызға 

аузы-мұрнынан шығыпты, шамамен 7 млн 

тонна астық сақталуда екен. Бұл да – әжеп-

тәуір көрсеткіш. Дегенмен министрлік ауыс-

тыратын астықты қоспағанда, күзге дейін 

3,8 млн тонна астықтың экспорт талатынын 

алға тартады. 

Ал жаңа өнімге келсек, биыл да был-

тырғы проблема алдыдан шықпасына ешкім 

кепіл емес. Осыны ескерген болуы керек, 

мамандар биыл астық сақтаудың балама 

тәсілін кеңінен қолдануға ұм тылатын секілді. 

Атап айтқанда, астық 

тарды полиэтилен 

қапшықтардан бастап, жа бындымен жауып, 

ашық алаңқайда сақтау тәсілдерін де 

қолданбақ. Мәселен, ашық алаңда үйілген 

астықты 1-3 жыл бойы сақтаудың 

герметикалық жүйесі қарас тырылады. Онда 

астықты қорғайтын жапқыш ретінде 

қалыңдығы – 0,25 мм, беріктігі жоғары, 

уыттылығы жоқ поли этилен қолданылады. 

Бұл астықты кемір 

гіштерден, құстардан, 

ылғал мен ауаның кіруінен қорғайды. 

Осылайша, әлгі ма териалды қолдану оның 

бұзылуы мен жоғалуынан сақтауға мүмкіндік 

береді. Сақтау мерзімі екі жылға дейін рұқ-

сат етілсе, материалды сапалы қолданған 

жағдайда оны үш рет пайдалану мүмкін 

болады. 


Айтса да былтырғы жылы артық ас-

тықтың азабын тарта жаздаумен қатар, 

дайын өнімді жинау барысында да бірқатар 

проблемалардың беті ашылған болатын. 

Оның ішінде егін егетін шағын шаруалар 

астықты жинауға қауқары жетпей, соның 

салдарынан сапасына сын түсіп, көп қинал-

ға н еді. Мамандар бұған қатысты бірден 

техникалық базаның әлсіздігін бетіне басқан. 

Расында, шағын қожалықтар бітік піскен 

егінді шабуға техникасы жетіспей, ірі ком-

паниялардың тезірек техниканы бо сатуын 

тілегеннен басқа амалы қалмап еді. Сосын 

ірі қожалықтар орып біткеннен соң ғана 

шағын шаруаның қолына жалға бе рілетін 

техника тиген. Екі арада біршама уақыт өтіп, 

біраз астық ылғалдан жапа көріп еді. 

«Шаруалардың осы проблемасын шешу 

үшін «Астық-2012» деген атаумен жаңа ли-

зингтік мүмкіндік ұсынылады. Атап айтқанда, 

жеңілдікті талаптармен лизингке анағұрлым 

арзан әрі қызмет көрсетуде көп шығынды 

қажет етпейтін қазақстандық һәм ресейлік 

астық техникалары – «Нива», «Енисей», 

«Essil», «Вектор» комбайндары ұсынылатын 

болады. Бағасы да арзан – орта есеппен 10 

млн теңгеден басталады. Бұл сұранысқа ие. 

Мәселен, «ҚазАгро 

Қаржы» жүргізген 

мониторингке сәйкес, тек қана соңғы екі 

жыл ішінде шаруалар 263 «Essil», 206 «Ени-

сей» және 162 «Вектор» комбайндарын 

сатып алды», – дейді «Қаз Агро» холдингінің 

басқарушы дирек торы Бақыт Құдасбаева. 



Қанат ҚАЗЫ,

 

Астана



Ауыл шаруашылығы министрлігі былтырғы рекордтық астықтан басы 

айналмаса да, егіннің ысырабына қатысты біраз әбігерге түскені мәлім. 

Әлгіндей әбігер әлі де басылмағанға ұқсайды. Енді ше, алдағы орақ 

науқаны алыс емес. Сондықтан да министрлік жаңа өнім қамбаға 

құйылғанға дейін көне астықтың сататынын сатып, қалғанын ауыстырып 

құтылмақшы. Кеше министрліктегі баспасөз мәслихатында егін 

қоймаларының жай-күйі мен шағын шаруаларды техникалық қолдау 

жайында әңгіме өрбіді. 

БИЛІК


АГРОКЕШЕН

ИНТЕГРАЦИЯ 



Мемлекеттік орган басшылары 

халықты онлайн режимде 

қабылдауға көшулері тиіс

Келешекте Еуразиялық 

парламент пайда болады

Орталық мемлекеттік аппарат электронды поштаны белсенді 

қолданулары керек. Бұл туралы кеше Астанада ҚР Ұлттық мұрағаты 

ғимаратында электронды құжат айналым тақырыбында өткен 

республикалық семинарда ҚР Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлім 

меңгерушісі Мірболат Жақыпов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат 

агенттіг

і.

ЕурАзЭқ-тің парламентаралық ассамблеясы енді еуразиялық 

парламентаралық ассамблея болып, кейіннен Еуразиялық 

парламент болып өзгереді. 

 «Электронды поштаны қолдану қажет. 

Соның ішінде тек заңды, ішкі әрі қорғалған 

пошталарды. Көлік және коммуникация 

министрлігі мұндай поштаны жасап 

шығарды. Мұнда mail.ru, yahoo және тағы 

басқа бұқаралық пошталар туралы әңгіме 

болып отырған жоқ. Олармен барлық 

байланысты құрту қажет және біздің 

өзіміздің жүйені енгізу керек. Өйткені біз 

электронды пошталарды жиі бақылаймыз, 

онда көптеген бұзушылықтар анықталып 

жатыр. Сонымен қатар сіздер білесіздер, 

ол пошталарды оп-оңай бұзып, ондағы 

ақпараттың барлығын шығарып алуға 

болады», – дейді ол. 

 Оның айтуынша, ҚР Президентінің 

тапсырмасымен жүргізілген талдау қағаз 

түріндегі ведомствоаралық құжаттардың 

артқандығын көрсеткен. Соған байланысты 

М. Жақыпов барлық орталық мемлекеттік 

аппаратқа жыл соңына дейін толығымен 

электронды құжат айналымға көшіру 

тапсырмасы берілгендігін қадап айтты.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемле-

кеттік орган басшылары халықты онлайн 

режимде қабылдауға көшулері тиіс. «Мем-

лекеттік орган басшылары халықты он лайн 

режимі арқылы қабылдауға көшулері тиіс. 

Бұл құжат айналымға түсетін жүктемені 

бәсең 

детуі тиіс. Басшыларды аталмыш 



техно логияларға дағдыландыру керек», 

– деп атап өтті М. Жақыпов.

Сондай-ақ М. Жақыповтың атап өт ке-

ніндей, қазіргі уақытта Президент Әкім-

шілігі халықтан түскен арыз-та лаптарын 

міндетті түрде электронды нұсқаға ау-

даруды жолға қойған. Бұл басқа да ми нис-

трлік пен әкімдіктер үшін үлгі болуы тиіс.

Мұндай мәлімдемені кеше Ресей 

Мемлекеттік думасының жетекшісі Сергей 

Нарышкин жасады. «2015 жылдың 1 қаң-

тарына Еуразиялық экономикалық одақ 

құру сияқты ауқымды бастама пар-

ламентаралық қарым-қатынастар кешенін 

құрылымдық деңгейде өзгертуге алып 

келеді. Нәтижесінде, еуразиялық пар-

ламент құрылады. Әрине ол бірден бол-

майды, кезең бойынша дамиды» – деп 

түсінік берді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 

1 қаңтарынан бастап Ресей, Белоруссия 

және Қазақстан елдерінің арасында 

Бірыңғай экономикалық кеңістік іске 

қосылды. Кедендік одақ жөніндегі бастама 

болашақта Еуразиялық экономикалық 

одаққа айналдыру бағытында жұмыс 

жасалып жатыр. 

Сәкен КӨКЕНОВ


№111 (793) 

27.06.2012 жыл, 

сәрсенбі


                

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ТҮЙТКІЛ


Тозған техникамен тілсіз жауды 

тежеп көріңіз!

ҚОҒАМ


Әскердегі әлімжеттікпен күрестің бір жолы ретінде казармаларға веб-камералар орнату керек пе?

Талғат 

ТӘЖІКБАЕВ, 

53975 әскери бөлім 

командирі нің  тәр бие 

және құқық жөнінде-

гі орынбасары:

Әзімбай ҒАЛИ, 

саясаттанушы, 

запастағы 

полковник:

Болат САЙЛАН, 

Ауған соғысының 

ардагері, тарих 

ғылымының 

докторы:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

–Әскердегі әлімжеттікті веб-камералар орнату арқылы тыюға 

болады дегенге мен өз басым сенбеймін. Одан да бұл төңіректе 

мықты идеология жүргізіп, ғылыми талдау жасау арқылы себеп-

салдарын анықтап, қайткенде қателікті түзеуге болатынын мамандар 

бірлесе ақылдасып, одан кейін мұны іске асырудың стратегиясы мен 

тактикасын жасағанымыз дұрыс секілді. Бір сөзбен айтқанда, бізге 

әскери реформа жасау қажет. Ал камера адамның санасын өзгерте 

алмайды. Адамның санасын, ақыл-ойын дамыту үшін мықты 

идеология керек. Кеңес үкіметі кезінде сарбаздарға арнайы саяси 

сабақтар өткізіліп тұратын. Осыны қайта жаңғыртуымыз керек. 

Берілген тапсырманы үздік орында ғандарды әскерден ерте босату 

секілді, оларды ынталандыру шараларын жүргізгеніміз дұрыс. Одан 

кейін әскерге барғандардың барлығына әскери билетті үлестіріп бере 

бермей, тек жақсы көзге түскендерге, тәрбие жағынан белсенділік 

көрсеткендерге ғана беру қажет. Сонда ғана біз бұл төңіректегі 

мәселені шеше ала мыз. 

–Казармаларға веб-камера қоюмен әлімжеттік тыйыл-

майды. Егер сарбаз өзінен төмендегілерге әлімжеттік көр-

сетемін десе, ол бәрібір сыртқа шығарып болса да қоқан-

лоқы көрсете береді. Бұл жерде барлық мәселе адамның 

сана-сезіміне, алған тәрбиесіне байланысты. Әйтпесе 

әскерде күшейтілген тәртіп жоқ емес, бар. Бірақ сол нұсқау-

лардың, жарғылардың орындалуын кейбір тентектер 

орындамай жатады. Оларға тәрбие беру  – біздің мін-

детіміз. Дегенмен жастарды ұлттық идеологиямен тәрбие-

леп, заңды орындауға үгіттемесек, әскерде ғана емес, 

жалпы, азаматтық қоғамда да келеңсіздіктер тыйылмайды. 

Сон дықтан келешек өскелең ұрпаққа идеологиялық, пси-

хологиялық, рухани ықпал жасап, олардың санасына  – 

сіл кініс, тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет.  

–Қазір кейбір балабақшаларда веб-камералар орнатылған. 

Тіпті ата-аналар компьютер арқылы балабақшаның ішінде 

баласының не істеп отырғанына дейін көріп отыруына мүмкіндік 

бар. Әскердегі әлімжеттікті тыю үшін казармаларға да осындай 

камералар орнату қажет. Әскердегі кейбір құпия қызметтерден 

басқасының барлығы ашық әрі демократиялы болуы керек. 

Әскерде жас сарбаздар өзін азаматтық қоғамда жұмыс істеп 

жүргендей сезінуі тиіс. Мәселен, Израиль армиясын қарап 

отырсаңыз, онда сарбаздарға кейде қисынсыз, жөнсіз бұйрықтарды 

орындамауға да рұқсат берілген. Тіпті онда қыздар да қызмет етеді. 

Алайда оларда әлімжеттік, зорлық-зомбылық деген жоқ. 

Сондықтан бұл төңіректе өр кениетті елдердің тәжірибесін қарап, 

оны өзіміздің мента литетке сай етіп, заманға сай кәсіби әскер 

құруымыз керек. Ал шекара қызметіне әскерге кеше келген 

жастарды емес, арнайы ысылған, дайындалған, тәжірибелі 

сарбаздарды жіберген жөн. 

Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Шәмшидин ПАТТЕЕВ, 

«Түркістан» газетінің бас редакторы

Бақыт ҚАЛЫМБЕТ, Алматы қаласы 

Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының тілдерді дамыту және 

үйлестіру бөлімінің бастығы

Яғни мемлекеттік тілді қолдау мақ са тында 

елде осындай жүйе қалыптастырған. Өз 

басым мұны қолдаймын. Бізге де осын дай 

жүйе қалыптастырсақ өте дұрыс болар еді. 

Айта кетерлік жайт, біздің елімізде жар-

намалардың барлығы дерлік орыс тілінде 

бе 


ріледі. Тіпті орыс тілінде мағынасы 

соқырға таяқ ұстатқандай анық берілетін 

жарнамалар қазақ тіліндегі нұсқасында тү-

сініксіз, қалай болса, солай беріле салады, 

тіпті әріптік қателер де кездесіп қалып 

жатады. Жарнамадағы мұндай шикіліктер 

– шұрайлы ана тілімізге жасалған үлкен 

қиянат. Әйтсе де тек қана мемлекеттік 

тілімізде жарнама беруге күш салмақ түгіл, 

Және тек жарнама үшін ғана емес, 

барлық жағынан екі тілдің қызметін 

айқындайтындай заң қажет. Онсыз 

бұл мүмкін емес.   

Осы орайда айтарым, мем ле-

кет тік тілдің мәртебесін айқындау 

үшін тек жарнамалық тұрғыдан 

іс-әрекеттер жасау аздық етеді. 

Мәселен, қазір халықтың 

көбісі орыс тілінде сөйлейді. 

Тұтыну шының 

талабына, 

тілдік  қол да нысына  сәйкес, 

жарнама берушілер де 

көбінесе орыс тілінде 

жар нама беруге әуес. Ал 

о с ы ғ а н  

қ а ра м а   с та н , 

жар намалардың  бә рін 

тек қазақ тіліне кө шіру ге 

тапсырыс  бе ру   шілер  қар-

сылық білдіруі мүмкін. Сон дық-

тан біз алдымен ха лықтың, жас тар-

дың  тілін  қазақы лан дыруға  ты ры суымыз 

қажет.  Шынды ғында,  мем ле кеттік  тілді 

қолдаудың сан түрлі жолдары бар. Біз 

соның қоғамға ыңғайлысын, халықтың 

қолдауына ие болатындай әдістерін 

таңдап қол 

дануы 

мыз керек. Яғни 



мәселенің байыбына бармай, асығыс 

қадамдарға бару дұрыс емес. Тіпті бұл 

қоғамда үлкен талас-тар тыс, нараз ы-

лық тудыруы да мүмкін.



Украинадағыдай мемлекеттік тілден басқа тілдегі 

жарнамалардың бағасын еселеп көтеру керек пе?

Владимир БОЖКО,  

ҚР Төтенше жағдайлар министрі: 

–Бүгінгі таңда Республика бойынша 

172 өртке қарсы қызмет деполарын салу 

қажеттігі туындап отыр. Деполар саны 

жеткіліксіз. Қазіргі қызмет жасап 

тұрғандарының көпшілігі ескі, 

құрылғанына 50-60 жыл болған. Өртке 

қарсы қызмет мекемелері ең алдымен 

Астана, Алматы қалаларында, Алматы, 

Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан 

облыстарында салынуы тиіс. 

Шынында да, Астана мен Алматы 

қалаларының аумағы да, халық саны да 

күн санап өсіп келеді. Алайда өрт сөндіру 

қызметі деполарының саны қала аумағы-

мен, халық санымен пропорционалды өс-

пей отыр. Бұл өз кезегінде өртке қарсы 

қызмет саласы мамандарының тілсіз жауды 

дер кезінде ауыздықтауына кедергі келтіріп 

жатады.


Д. ДАНАЕВ, ҚР Төтенше жағдайлар 

министрлігінің Өртке қарсы қызмет 

комитеті төрағасының орынбасары, өртке 

қарсы қызмет полковнигі: 

–2011 жылы республика аумағында 

15 194  өрт шықты, бұл 2010 жылдың 

осы кезеңімен салыстырғанда 20,3%-ға 

азайғанын білдіреді. Өртте 488 адам 

қаза тауып, 598 адам  жарақат алды. 

Өрттен болған материалдық шығын 4 

млрд 992 млн 863 мың теңгені құрады.

Өрттерді талдау нәтижесі көрсетіп 

отырғандай, өрттердің басым көпшілігі  

тұрғын үй секторында болады. 2011 

жылы барлық өрттің жалпы санынан 

шамамен 70 % тұрғын үй секторында  

болды, бұл ретте 2010 жылмен 

салыстырғанда тұрғын үйден шығатын 

өрттің саны 19,4 пайызға қысқарған.

2012 жылдың бес айы ішінде 

республикада 6 257 өрт шығып, одан 

келген материалдық шығын 1 млрд 815 

млн 65 мың теңгені құрады, өртте 230 

адам қаза тауып, 249 адам түрлі дәрежеде 

жарақат алды. 931 адам мен 5 млрд 786 

млн 417 мың теңге сомасын да тауар-

материалдық құндылықтары құтқарылды.

Министрлік мамандарының мәліметін-

ше, өртке қарсы күрес қызметі нормасы 

бойынша бір депоның қызмет көрсету 

радиусы үш шақырым  яғни 942 га болуы 

тиіс. Ондағы техника мен қызметшілер 

саны сол мекенжайда тұратын халық саны-

на және тұрғын үйлер мен нысандар саны-

на қарай өсіп отырады. Оны төмендегі кес-

теден көруге болады. Мысалы, аумағы 

2000 га, халық саны 5-10 мың болатын 

елді мекенге бір өртке қарсы депо екі авто-

машинасымен қызмет көрсетуі керек. Сол 

сияқты аумағы 8-10 мың га болатын, 500-

800 мың тұрғыны бар елді мекенде 10 

депо, 20 автомашина болуы қажет. 

Өртке байланысты мәселе туындамас 

үшін қала құрылысын жоспарлау 

барысында өртке қарсы қызмет мекемелері 

ұмыт қалмауы тиіс. Өкінішке қарай, бізде 

қазірше олай болмай тұр. Нәтижесінде, 

өртке қарсы деполардың жетіспеушілігі 

байқалуда. Қазір әлеуметтік нысандар 

тұрғызудың орнына көп жағдайда, бір 

телім жер болса, көпқабатты үй тұрғызып 

сатып, пайда табуды ойлайтындар басым. 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал