Хабарлаған болатын. Кешкі сағат 17



жүктеу 0.77 Mb.

бет1/7
Дата03.04.2017
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

Маусымның 24-і күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комите-

тінің Шекара қызметі «белгісіз бес адам «Ынтымақ» 

шекара бекетінің лейтенантына шабуыл жасады» деп 

хабарлаған болатын. Кешкі сағат 17.30 шамасында 

Оңтүстік Қазақстан облысының Көктерек елді меке-

нінде Сарыағаш шекара жасағының офицерінің қа-

сына бөтен бес адам көлікпен келіп, оған шабуыл жа-

сап, соққыға жыққан, тапаншамен қорқытып, көлікке 

күш теп отырғызуды көздеген. Офицер шабуылды тоқ-

тату және өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақ-

са тында қару қолданып, аспанға және көлік дөң ге-

лектеріне ескерту оқ атқан. Көлікті тастап кеткен 

ша  буыл шылар оқиға орнынан қашып кеткен еді. Тек-

серу кезінде көліктен шолақ мылтық табылды. Қаруды 

қол дану нәтижесінде,  кездейсоқ өтіп бара жатқан бір 

адам зардап шекті. Жергілікті тұрғынға оқ тиіп, ол 

ауруханада көз жұмды. Ал түрлі дәрежедегі жарақаттар 

алған офицерге медициналық көмек көрсетілген 

болатын. Кеше, маусымның 26-сы күні ҚР ҰҚК Шекара 

қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы «Шабуыл 

жасаған барлық бесеу ұсталды. Төртеуі құқық қорғау 

органдары мен бірлесе жүргізген арнайы операция 

барысында қолға түсіп, ал бесінші адам өз еркімен 

Сарыағаш АІІБ-не келіп берілді», деп хабарлады. Бірақ 

азаматтық тұлғалардың шекара қызметінің офицеріне 

жасаған шабуылының себептері мен олар ҚР ҚК қан-

дай баптарымен қылмысқа тартылатыны жөнінде 

ведомство мамандары мәлімет таратпай отыр. Ал 

абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан қарау-жарақты 

ұстау ережелерін бұзу оқиғасы бойынша шекарашы-

офицердің үстінен ҚР ҚК 390-бабы 2-бөлімінде қа-

рас тырылған қылмыс белгілеріне сәйкес қылмыстық 

іс қозғалды. 

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

Шекарашыға 

шабуылдағандар ұсталды

ОЙ-КӨКПАР



Украинадағыдай мемлекеттік тілден басқа тілдегі жарнамалардың бағасын еселеп көтеру керек пе?

Тозған техникамен тілсіз жауды тежеп көріңіз!

Қазіргі уақыта ел де, елді мекен 

де көп. Соған сәйкес, өрт оқиғасы 

да жиі тіркеліп тұрады. Далада да, 

қа лада да. Өрттің себебі де көп. Ең 

бас 


тысы – өрт қауіпсіздігінің 

сақтал мауы. Өрттен келер залал 

да орасан. Өкі нішке қарай, кейде 

адам шы ғы ны орын алып, орны 

толмас өкініш 

ке де тап болып 

жатамыз. Кейде тұр ғындар «өрт 

сөндірушілер дер ке зінде келмеді, 

кешігіп келді» деп на разылықтарын 

айтып жатады. Рас, ондай жағ-

дайлар да кездесіп тұ рады. Оның 

да өзіндік себептері бар. Олардың 

бірі – елімізде өрт сөндіру қызметі 

де поларының  же тіс пеуі,  ал  бары-

ның техникалық тұр ғыдан дұрыс 

жабдықталмауы.

Бүгінгі таңда елімізде өрт сөн-

діру қызметі деполары жұмыс 

істеп тұрған елді мекендер саны 

– 271. Оның  36-сы – үлкен қа ла-

лар. Алай да сол елді мекендердегі 

408 өрт ке қарсы күрес меке ме-

лерінің 80 пайызы өткен ғасырдың 

50-70 жыл 

дарында құрылған. 

Сондықтан да олар заман көшінен 

кейін қалған. Тех 

никалық жаб-

дықталуы нашар. Ны сандары ес-

кір ген. 

Сонымен қатар аймақтардағы 

5-10 мың тұрғыны бар көптеген 

ел ді мекендерде өрт сөндіру қыз-

меті деполары атымен жоқ. Нәти-

жесінде, аймақтардағы өртке қар-

сы күрес ме 

кемелері радиусы 

50-100 шақырым жерлердегі 

ауыл дарға қызмет көрсетуге мәж-

бүр. Ал ондай қашықтықта орын 

алған өрт ошағын сөндіруге өрт 

сөндірушілердің уақтылы жете 

алмайтыны – айтпасақ та белгілі.

Сол себепті бүгінгі таңда ел 

аумағында өртке қарсы  қызмет 

деполарының санын арттыру қа-

жеттігі туындап отыр. 

Өрт – тілсіз жау. Ол айтып 

келмейді. Кешіксең, кешірмейді. 

Сәл тосылсаң, ол тажал әп-сәтте-

ақ айналасын жалмап тынады. 

Сондықтан ондай жаумен күресу 

үшін төрт қаруың түгел, сақадай 

сай бо луың қажет. Ал бүгінгі күнгі 

біз дің елдегі жағдай қандай? 

Сала басшысының айтуына 

қарағанда, біздегі жағдай же-

тісіп тұрған жоқ. Еліміздің көп-

теген аймақтарында өртке 

қар сы қызмет деполары жетіс-

пей ді, ал барының жағ дайы 

мәз емес. Олардың көп шілігі нің 

құрылғанына 50-60 жыл болған. 

Жаңалыққа жаны құштар 

қазақ жаңа технология дәуіріне 

тозығымен емес, озығымен енуге 

ниетті. Нанотехнологиямен нан 

тауып жемесек те, инновацияның 

иісі мұрнымызға келіп-ақ қалды. 

Бұған да шүкір дейік. Өндіріс 

тұралап, өнеркәсіптің өкпесі 

өшкен кезден де өттік қой. 

Кеткені кетті, қалғанына қанағат 

дедік. Индустриялық бағдарлама 

қабылдадық. Қазақстанның 

барлық облысында әлеуетіне 

қарай әр алуан жобалар жүзеге 

асырылуда. 

ТҮЙТКІЛ


Жалғасы 3-бетте 

Жалпы, инновация дегеніміз – қолда барды жаң-

ғыр ту, жетілдіру деген сөз екен. Өзіңдікін жаман де-

ген  де, жақсысын бере қоюға ықыласты тағы жоқ. Ен-

де ше, ескіні есептен шығармай, ебін тауып «ғұмы рын» 

ұзарт са бұдан ұтарымыз мол көрінеді. Бұл жолда қия-

мет тің қыл көпірінен өтудің қажеті жоқ дейді ма ман-

дар. Тек жыл сайын Қазақстанда патенттелетін өнер-

та 

бысты өндіріске аман-есен жеткізіп отырса 



бол ғаны... Мәселе осыған тірелгенде қуанышың су 

сеп   кендей басылады. Елімізде қазір 50 мыңға жуық 

өнер табыс тіркелген. Солардың бағы ашылып, өн-

діріске енгені бірен-саран. Жаңашыл экономиканың 

өзе гі – өнімнің бағасын барынша арзандату. Мәселен, 

инно  вацияға иек артқан елдерде шығарылатын тауар 

құны жылма-жыл 5-10 пайызға арзандай береді екен. 

Алушыға да, сатушыға да тиімді. Олай болса, өз аяғы-

мен келіп тұрған өнертабысты кәдімгі кіріс көзіне 

айналдыра алмауымыздың өзі қызық.

Әрине, еріншектің ертеңі бітпейтіні секілді сыныққа 

да сылтау дайын. Алайда айналамызға анықтап қарап, 

әлемдік тәжірибені таразылауға тиіспіз. Ғылым мен тех-

никаның кез келген жетістігі басты үш қағида бол ған да 

ға на өмір сүруге қабілетті. Біріншіден, жаңа тех но ло гия-

ның «дүниеге» келіп, кәдеге асатын жерінің бо луы. Екін-

ші ден, өнертабысқа патентті немесе лицен зия ны сату 

ар қылы өзге елдерден өндіріс ашып, пайда табу. Үшін-

шісі, бірнеше ел бірігіп, жалпыға ортақ тауар шы ғару 

мүм кіндігі. Осы үш қағида төрткүл дүниеге ин но ва ция-

ның идеалы ретінде танылған АҚШ, Жапо ния мен Оң-

түс тік Корея және Қытайдың мысалынан көрініп тұр. 



Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ

Алматы


+29..  +30

о

+17..  +19



о

+28..  +30

о

+15..  +17



о

Астана


АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

Дедім-ай, ау!

-бетте

3

ИƏ



ЖОҚ

– Жоқ, бұл жерде ең алды-

мен заңдық тұрғыдан мұның 

қан шалықты дұрыстығын анық-

тап алуымыз керек. Өйткені біз-

де екі тілге бірдей басымдық 

бе рілген. Егер Украинадағыдай 

бас қа тілдегі, оның ішінде орыс 

тілін дегі жарнама бағасын есе-

леп көтеретін болсақ, заңға 

қай шы келеміз. Ертеңгі күні заң 

жү зінде дауласқан адам сотта 

мұ ның  заңсыздығын  айтып, 

оңай-ақ жеңе алады. Өйткені 

біз бұл әрекетіміз арқылы заң-

сыз дыққа барамыз. Сондықтан 

алдымен мұның нормативтік 

құқықтық базасын жасап алуы-

мыз керек. 

– Бұл – менің өз көзіммен 

көріп, тәнті болған жайт. Ісса-

па рмен Украинаның астанасы 

Киев ке барғанымда көшелер-

де гі жазулардың, жарнамалар-

дың  барлығының тек украин 

тілін де жазылғанын байқадым. 

Жол бастаушы жігіттен мұның 

сы рын сұрағанымда егер жар-

нама орыс тілінде берілетін 

болса, бірнеше есе қымбат бо-

ла тынын, сондықтан жарна-

маға тапсырыс берушілердің 

де бас қа тілде жарнама беруге 

құ 


лықсыз екенін айтты. Бұл 

жерде басты нәрсе жарнама 

емес, оның берілу тілі болып 

отыр.  



Кеңестің бір шапанының астынан шыққан Қазақстан мен Украинадағы 

тілдік ахуал мүлдем екі түрлі. Біздің еліміздегі жарнамалардың басым 

бөлігі орыс тілінде, ал Украина елінің астанасы Киевтің көшелерінен 

украин тілінен басқа тілдегі жарнамаларды табу мүмкін емес. Бұл сірә 

елдегі мемлекеттік тілді қолдау саясатының мықтылығынан болса 

керек. Өйткені аталмыш елде сауда орындарының атаулары да

кинотеатрлардан берілетін шетелдік кинолар да жергілікті тілге 

аударылып беріледі екен. Мемлекеттік тілді қолдау мақсатында 

елдегі жүргізіліп жатқан саясатқа сәйкес, халықтың да өз 

тілдеріне деген құрметі аса жоғары көрінеді. Әрине көшедегі 

билбордтан бастап, шенеунікке дейін украин тілінде сөйлеп 

тұрса, қарапайым халық қалайша өз тілінде сөйлемесін. 

Айта кетерлік жайт, Ресеймен Украинаның бауырлас ел 

екенін ескерсек, елдегі мұндай өзгеріске орыс халқы-

ның да теріс қабақ танытқаны байқалмайды. Айтпақ-

шы, Украинада мемлекеттік тілден басқа тілдегі 

жарнама бағасы бірнеше есе қымбат көрінеді. 

Бәл кім, бізге де ана тілімізді қолдау мақсатында 

Украи наның осы әдісін қолдану керек шығар?!   

Еуропа чемпионатына 

қатысқан төрт 

футболшы 

Қазақстанға келеді

-бетте

-бетте

-бетте

4

5



7

Дархан МЫҢБАЙ:

ДАТ!

Дархан МЫҢБАЙ:

Журналистер 

күнделікті 

тарихты жазады



149,31

186,37

23,47

12502,66

966,31

1587,50

4,50

1,24

1279,60

91,65

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Владимир ЖИРИНОВСКИЙ, 



Ресей Мемлекеттік 

Думасының депутаты:

– Барлық бұқаралық ақпарат құ-

рал дарын демалысқа жіберу керек. 

Кем дегенде – бір айға!  



(http://www.vesti.ru/ сайтынан)

А с т а н а   у а қ ы т ы м е н   1 8 . 0 0   б о й ы н ш а

Өнертабысты өндіріске енгізбей, 

инновация өрге баса ма?

Шәмшидин ПАТТЕЕВ, 

«Түркістан» газетінің 

бас редакторы:

Бақыт ҚАЛЫМБЕТ, Алматы қаласы 

Тілдерді дамыту, мұрағаттар және 

құжаттама басқармасының тілдерді 

дамыту және үйлестіру бөлімінің бастығы:

бетте

6

А



б

ай ОМАРОВ (к

о

лла


ж)

«Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш 

ауданындағы «Ынтымақ» шекара бекетінде 

лейтенантқа шабуыл жасаған төрт ер азамат 

ұсталды, ал бесіншісі өз айыбын мойындап келіп, 

берілді», деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің 

«Оңтүстік» аймақтық басқармасынан. Естеріңізде 

болса, жексенбі күні тағы бір шекара бекетіндегі 

келеңсіздіктің салдарынан жазықсыз жан жапа 

шеккен болатын.

№111 (793) 

27 маусым, сәрсенбі

2012 жыл


Қалдар БЕК

       БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАР

Жалғасы 7-бетте 

Марина мен 

Маргарита

Мамандар Марина мен Маргаританың қабілет-

тері  Лондон  Олим пиадасы ның  фина лында  өнер 

көрсетуге жетеді дегенді айтады. Ендеше, маман-

дар да бірнәрсені білгендіктен айтатын болар.

Қазақ бес жылдан соң 

өз көлігіне мінеді

Қазақ бес жылдан соң 

өз көлігіне мінеді


№111 (793) 

27.06.2012 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

 

Әлем елдері гербтерінің көбінде арыстан бейнеленген



Дүниежүзіндегі мемлекеттердің гербтерінде қай жануарлар 

көбірек бейнеленген?

Бақдәулет НҰРЫМБЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы 

Әлемнің 29 елінің мемлекеттік 

гербтерінен арыстан бейнесі көрініс 

тапқан. Яғни арыстан бейнесі азия-

лық, африкалық, еуропалық ел-

дердің мемлекеттік елтаңбаларында 

көбірек бейнеленген. Ал самұрық 

құс бей неленген мемлекеттік гербтер 

әлемнің 22 елінде кездеседі. Сондай-

ақ мемлекеттік гербтерде жылқы 

мен сиыр бейнесі көрініс тапқан 

елдер саны жетеу екен. Мысалы, 

Австрия, Албания, Мысыр, Индо-

незия, Иор дания, Ирак, Йемен гер-

бінде қыран құс немесе самұрық құс 

бейнеленсе, Үндістан мемлекеттік 

гербінде – үш арыстан, Грузия 

гербінде – екі арыс 

тан, Гамбия 

гербінде – екі арыстан, Болгария 

гербінде бір арыстан көрініс тапқан. 

Сондай-ақ Ұлыбритания мен 

Солтүстік Ирландия біріккен король-

дігі гербінде арыстан мен жылқы 

қатар бейнеленсе, Армения гербінде 

қыран құс пен арыстан қатар орын 

алған. Кения гербінен қос арыстан 

мен ортасында балта ұстаған әтеш 

бейнесін, Исландия гербінен өгіз, 

самұрық, айдаһар бейнесін көруге 

болады. Гайана мен Малайзия гер-

бінде – екі жолбарыс, Буркина-Фасо 

гербінде – екі жылқы, Барбадос гер-

бінде – дельфин мен бірқазан, Багам 

гербінде – қоқиқаз бен балық, Ботс-

вана гербінде – екі зебра мен сиыр-

дың басы, Андорра гербінде – сиыр, 

Венесуэла гербінде жылқы бейне-

ленген. Қазақстанның мем лекеттік 

елтаңбасында қанатты пырақ бейнесі 

көрініс тапқаны белгілі.

Қандай жағдайда шетел азаматтарының 

Қазақстанға келуіне рұқсат етілмейді?

Осы қандай жағдайларда шетелдік азаматтарға Қазақстанның табалдырығын аттап 

басуға рұқсат етілмейді? 

Мадияр Сұңқарханов, Алматы облысы

ҚР-ға шетел азаматына мынадай жағдайларда 

келуге рұқсат етілмейді: 

Мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық 

тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мақ-

сатында; егер ол ҚР тәуелсіздігіне қарсы шықса және 

бірлігі мен тұтастығының бұзылуына үндесе; егер ол 

мемлекетаралық, ұлтаралық және діни іріткі салса; 

егер бұл ҚР азаматтары мен басқа да тұлға ларының 

заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға қажет 

болса;

егер ол террористік қызметі үшін сотталған болса, 



сот арқылы аса қауіпті рецидивист болып танылған 

болса; егер ол Қазақстаннан қуып шығарылған 

болса; егер бұған дейін келгенде ҚР шетел аза-

маттары құқықтық ережелері туралы заңнамасын, 

кедендік, валюта немесе республиканың басқа да 

заңна маларын бұзғаны туралы деректер болған 

болса; егер ол келу туралы қолдаухатты қозғаған 

кезде өзі туралы өтірік деректер хабарлап және 

қажетті құжаттарды тапсырмаған болса.

Басы 1-бетте

Өнертабысты өндіріске енгізбей, 

инновация өрге баса ма?

Екінші Дүниежүзілік соғыста ойсырай 

жеңілген Жапония қысқа мерзімде қалай 

ес жиды дейсіз? Әрине, инновацияға 

қыруар қаржы салудың арқасында 

көтерілді. Табиғат байлығынан жұрдай ел 

жыл сайын 300 млн АҚШ долларын бөлу 

арқылы әлемдегі озық өнертабыстарға 

патенттер мен лицензияларды сатып алды 

да өндіріске жіберіп отырды. Нәтижесі 

тамаша. Кеткен шығын тез қайтты, пайда 

шаш етектен. 

Әсіресе, аспан асты елінің қарқыны 

қатты. Мұнда ой еңбегінен бастап, көлік, 

қондырғы, түрлі тұрмыс құралдарына 

дейін қазақша айтқанда ұрланып, көшіріле 

салады. Made in China сауда белгісі басыл-

ғасын, қалған жұрт оны қытайдікі деп 

қабылдамағанда қайтсін?! Қытайлық-

тардың бір кереметі, осы техникаға қажетті 

қосалқы бөлшектердің 70 пайызын 

өндіріп, бір оқпен екі қоянды атуды тамаша 

меңгерген. Әрі беріден кейін «түпнұсқа» 

мен «жалған нұсқаның» аражігін 

ажыратудан қаласыз. 

АҚШ инновацияға ішкі жалпы өнімінің 

4 пайызын жұмсаса, Қытай бар-жоғы 0,8 

– 1 пайызын арнайды. Сөйте тұра 

қайтарым ересен, кіріс мол. Іргедегі Ресей 

де іргелі ғылымға қаржы салуда. 90-

жылдардың басында АҚШ-тың «Силикон 

даласына» қарай «аққан миды» Сколково 

инновациялық орталығын құру арқылы 

қайтарып алуға қам жасап жатыр. Ешбір 

шикізат, қазба байлық ақыл-ой жетістігін 

алмастыра алмайды. Алпауыт елдер мұны 

баяғыда түсініп, идеяны ұлттық құндылық, 

мемлекет саясатының ажырамас бөлігі деп 

жариялап қойды. 

Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ, 

академик, техника ғылымының докторы:

– Ежелден өнертабыстың қоғам 

өміріндегі ерекше орнын, елдің ішкі, 

сыртқы саясатына тигізетін ықпалын 

жете сезінген АҚШ, Жапон және Батыс 

Еуропа елдері, бүгінде оны бұйым 

шығарудағы бәсекелестіктің айқын-

даушы құралы деп санайды. Өнертабыс 

жаңалықтарын дер кезінде зияткерлік 

меншік ретінде тиісті құжаттармен 

қорғау – олар үшін өмірлік заң. Жоға-

рыда аталған мемлекеттердегі ұлттық 

мүдде, бірде-бір өнертабыс жаңалығы 

қоғамнан тыс қалмауы керек. Жалаң 

ұран емес, мемлекет саясатының нақты 

көрінісі. Себебі, оларға сырттан келетін 

үлкен қаржы арнасы – зияткерлік мен-

шік. Ғылым мен технология кеңістігіндегі 

көшбастаушы мемлекеттер ғана емес, 

Индияның ортанқол математиктерінің 

компьютерлік бағдарламаларды 

дайындап, сыртқа сатудан бір жылда 

табатын пайдасы, әйгілі шетелдік 

мұнай, газ компанияларының табы-

сынан әлдеқайда қомақты.

Гүлдария БӘШЕНҚЫЗЫ, 

физика ғылымының кандидаты:

– Ресейдің талпынысы түсінікті. 

Шикізатқа негізделген экономиканың 

болашағы жоқ. Табиғат байлығы тау-

сылады. Тығырықтан шығарар жолды 

жаңа технология арқылы табу керек. 

Ол үшін әуелі мықты мамандар қажет. 

Мықтылардың дені баяғыда шетел 

асып кеткен. Мысалы, графен деп 

аталатын әлемде теңдесі жоқ нано-

материалды ойлап тапқан қазіргі АҚШ 

ғалымдары – бұрынғы ресейліктер. 

Графен – мүлде салмақсыз, сөйте тұра 

құрыштан 200 есе (!) берік. Оның кө-

мегімен жасалған көлік, зымыран, 

ұшақтардың ұланғайыр мүмкіндіктері 

айтпаса да белгілі. «Боингтан» артық 

ұшақ, «Мерседестен» мықты көлік 

шығару қиын. Дегенмен Сколково 

орталығын құрудағы мақсатынан-ақ 

олардың іргелі ғылымға, соның ішінде 

кез келген материяның негізін құрайтын 

атом мен молекуланы меңгеруге 

түбегейлі кіріскенін көреміз. 

Қазақстандағы өнертабыстың тағ-

дырына қайта оралатын болсақ, біздегі 

өнертапқыш өз бетімен, өндіріс өз бағы-

тымен жүргендей әсер қалдырады. Техно-

парктер мен инновациялық қор қолдаса 

өнертабыстың тәжірибелік үлгісі жасалады, 

ол әрі қарай сынақтан өтпейді, өндіріске 

бармайды. Сонымен бәрі бітеді. Бізде 

бәсекеге қабілетті отандық ізденістерді 

заңды түрде жүзеге асыратын нақты 

тетіктер жоқ. 2011 жылы қазақ стандық 

компаниялар 100 млрд теңгеден астам 

қаржысын инновацияға жұмсаған. Алайда 

қуануға асықпаңыз. Жұмсалған қаржының 

80 пайызы дайын шетелдік нұсқаларды 

сатып алуға кетіпті. Қаржының 18 пайызы 

жаңа өнімдерді зерттеуге қаралса, отандық 

инновациялық ізде ністерге бөлінгені – екі-

ақ пайыз. 

ОЙТҮР

ТКІ


Жаннұр ЖАҚСЫЛЫҚОВ, 

өнертапқыш:

Шыны керек, бізде өнертабыспен 

жан бағу мүмкін емес. Өнертабыстан 

өндіріске дейінгі жол ұзақ та қиын. Тіпті 

енген күнде де пайда әкелеріне ешкім 

кепілдік бермейді. Сондықтан, қалталы 

инвесторлардың көбі тез әрі мол 

қайтарым беретін алып-сатуға қаржы 

салады. Мысалы, мен өзім танитын бір-

неше ауқатты азамат отандық өндіріске 

бір тиын да қаржы салмайды. Олар 

Қазақстанда күн батареяларын шы-

ғаратын құны – айталық, 50 млн АҚШ 

доллары тұратын зауыт салғанша, 

Қытайдан барып дайын өнімді сатып 

ала салады. Оларды да түсіну керек. 

Қашан елімізде айқын заң, түсінікті 

нарықтық ереже-тәртіп болады сол 

кезде ғана жағдай түзелуі мүмкін. 

Отандық өнертабысты қызғыштай қору 

қажеттігі Бірыңғай экономикалық кеңістік 

аясында ашылатын алып нарықтың 

«тәбетіне» байланысты күшеюі тиіс. Одақ-

тастарымыз болса да Ресей мен Беларусь 

әуелі нарық заңына арқа сүйейді. Өз 

өнімдерін ұсынады, өз пайдаларын 

көздейді. «Қазақстан қашан бізге тауар 

береді» деп қарап отырмасы анық. Ендеше 

біз де қимылдауымыз керек. Екінші қауіп, 

сырттан төніп тұр. Қазақстан Дүниежүзілік 

сауда ұйымына мүшелікке өтер күн жақын. 

Өнертабысқа экспансияның көкесі сонда 

басталуы ғажап емес. Тез арада кәдеге 

асады-ау дейтіндей отандық өнертабыс 

үлгілерін жинақтап, оларға Халықаралық 

патент ұйымынан куәлік алу қажет. Әйтпесе 

күні біздің өнертапқыштардың ақыл-ой 

еңбегі қорғаусыз қалады. Отандық өнер-

табас шетелдіктерге су тегінге кетеді. 

ЖИЫН



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал