Х а б а р л а р ы известия



жүктеу 5.08 Kb.

бет20/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

 
Тірек сөздер: абориген, ихтиофауна, жерсіндіру, популяция, кəсіптік аулау. 
Аннотация.  Мақалада  Алакөл  көлдер  жүйесіндегі  жүргізілген  жерсіндіру  жұмыстары  мен  қарқынды 
кəсіптік аулаудың нəтижесіндегі балықтардың мекендеу ортасының өзгерісі мен ихтиофауналық құрамының 
сипаты туралы мəліметтер келтірілген. 
 
Алакөл  көлдер  жүйесі  Балқаш-Алакөл  ойысындағы  көлдер  тізбегінің  орта  буыны  болып 
табылады.  Ол  тізбек  Балқаш  көлінен  басталып,  Қытай  Халық  Республикасындағы  Ебі-Нұрмен 
аяқталады [1]. Алакөл көлдер жүйесінде ірі үш айдын – Сасықкөл, Қошқаркөл жəне Алакөл.  
Осы жүйедегі ең ірі көл бұл – Алакөл, су беті ауданы 2650 км
2
, ұзындығы 104 км, ені 52 км, ең 
терең жері 54 м, орташа тереңдігі 22,1 м жəне теңіз деңгейінен 347,3 м биікте орналасқан. Алакөл 
ағынсыз  көл,  алмұрт  пішіндес,  солтүстік-батыстан  оңтүстік-шығысқа  қарай  созылып  жатыр. 
Алакөл  көліне 15-тен  аса  өзендер  құйылады,  олардың  ішіндегі  негізгі 6 өзен:  солтүстік  жəне 
солтүстік-шығысында – Үржар  өзені  (көлдегі  су  мөлшерінің 50 % құрайды),  Қатынсу (8,8 %), 
трансшекаралық  өзен  Еміл (27,4 %), оңтүстік  жəне  оңтүстік-шығыста – Жаманөткел (5 %), 
Ырғайты  жəне  Жаманты (8,8 %). Көлдің  ортасында,  солтүстік-шығыс  жағалауына  жақындау  үш 
арал орналасқан. Ең ірісі Үлкен Аралтөбе, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа созылып жатыр. 
Ұзындығы 8 км, ең үлкен ені – 5,7 км, ауданы – 26,5 км
2
, биіктігі су бетінен – 88,4 м. Ал ең кіші 
аралдың ұзындығы – 1,5 км, ең үлкен ені 0,5 км, ауданы 0,7 км
2
, батыстан шығысқа қарай созылып 
жатыр.  Кіші  Аралтөбе  аралы  оңтүстігінде  орналасқан,  солтүстіктен  оңтүстікке  жəне  оңтүстік-
шығысқа қарай созылған. Оның ұзындығы – 3,2 км, ең үлкен ені – 1,1 км, ауданы – 2 км, биіктігі су 
деңгейінен – 148,2 м [1]. 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
115 
Жүйедегі  көлемі  жағынан  екінші  орынды  иеленетін  Сасықкөл  көлі,  оның  ауданы 736 км
2

ұзындығы – 49,6 км,  ені – 19,8 км,  ең  жоғарғы  тереңдігі 4,7 м.  жəне  орташа  тереңдігі 3,3 м. 
Сасықкөл  көлі  ағыcты  көл,  батыстан  шығысқа  қарай  созылып  жатыр.  Сасықкөл  көліне  үш  өзен 
келіп құяды: оңтүстік-шығыста – Тентек өзені, солтүстікте – Қарақол өзені, батыста – Ай өзені. Ең 
ірі өзен Тентек жəне Сасықкөлдегі бүкіл су көлемінің 40 % құрайды.  
Қошқаркөл көлі Сасықкөл мен Алакөл көлдерінің ортасында орналасқан. Көлдің ауданы 120 км
2

ұзындығы – 18,3 км, ені – 9,6 км, ең жоғарғы тереңдігі 5,2 м, орташасы 4,1 м. Ағысты көл, эллипс 
тəрізді формалы, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Қошқаркөлге құйылатын ағыстар 
жоқ, негізінен су Сасықкөл арқылы қамтамассыз етіледі [1].  
Алакөл көлдер жүйесі, Қазақстандағы кəсіптік су айдындары ішінде, ихтиофауна құрамы ұзақ 
уақыт бойы зерттелмеген су алабтарының қатарынан еді. Іс жүзінде 2001 ж. ғана бассейндегі толық 
ихтиофауналық құрамы жəне де балық түрлерінің жүйедегі таралуы анықталды.  
Зерттеушілердің  Алакөл  көлдер  жүйесіне  алғашқы  қадамдары  ХVIII  ғ.  ортасынан  басталды. 
Бірақ,  бұл  жүйедегі  көлдерде  мекен  ететін  балықтар  құрамына  аз  назар  аударылды,  өйткені  ол 
кезеңдерде  көптеген  ғалымдар  жалпы  Балқаш-Алакөл  бассейндері  ихтиофауна  құрамына  назар 
аударып, ал жеке Алакөл көлдер жүйесіне көңіл бөлмеді. 1948–1949 жылдары жүргізілген зерттеу 
жұмыстары нəтижесінде, Балқаш көлінде мекендейтін аборигенді 12 түрдің тек 5 түрі ғана Алакөл 
көлдер жүйесінде тіршілік ететіне белгілі болды (1-кесте) [2-4]. 
 
1-rесте – Балқаш көлі жəне Алакөл көлдер жүйесіндегі аборигенді ихтиофауна құрамы 
 
№ 
Түрлер 
Балқаш көлі 
Алакөл көлдер жүйесі 

Schizothorax argentatus - Балқаш қара-балығы 
+ + 

Schizothorax pseudaksaiensis - Көкбас 
+ – 

Diptychus dybowskii - Қабыршақсыз көкбас 
+ + 

Diptychus maculatus - Қабыр-шақты көкбас 
+ – 

Phoxinus phoxinus - Кəдімгі гольян 
+ – 

Phoxinus poljakowi - Балқаш гольяны 
+ – 

Phoxinus brachyurus - Жетісу гольяны 
+ – 

Diplophysa labiatus - Біртүсті талма-балық 
+ + 

Diplophysa strauchi - Теңбіл талма-балық 
+ + 
10 
Diplophysa dorsalis - Сұр талма-балық 
+ – 
11 
Nemachilus stoliczkai - Тибет-талма балығы 
+ – 
12 
Perca schrenki - Балқаш алабұғасы 
+ + 
 
1954  ж.  Алакөл  көлдер  жүйесіндегі  зерттеу  барысында  ҚазКСР  ҒА  зоология  институтының 
экспедиция уақытында балқаш гольяны мен Северцов талма-балығы тіркелді [5].  
1961 ж. Н. П. Серов Алакөл аймағындағы аборигенді 8 түрдің тізбегін келтіреді, алғашқы рет 
тибет талма-балығын енгізіп, жəне Северцов талма-балығының кездесетінін тағы да дəлелдеді. Екі 
түр де Тентек өзенімен Үржар өзені ағысы Құсақ өзенінен табылды [6].  
70  жылдардың  басында  Алакөл  жүйесіндегі  аборигенді  балықтардың  тізімі 10 түрді  құрады 
[7]. 1974 ж. А. С. Стрельников Алакөл су алабтарындағы қабыршақты көкбас балығы мен балқаш 
гольянының бар екендігіне күмəн келтіреді.  
1993 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықтағы жүргізілген зерттеулер барысында 8 аборигендік 
түрлік  құрамы  анықталды. 2002-2003 жылдары  бұл  тізімге  Тентек  пен  Үржар  өзендерінің  орта 
ағысында, Ырғайты мен Қатынсу өзенінің жоғарғы ағысында, жəне Қошқаркөл көлінде кездескен 
Северцов талма-балығы қосылды [8, 9].  
Жоғарыда  келтірілген  мəліметтерді  жəне  балық  систематикасындағы  қазіргі  заман  талабына 
сай өзгерісін ескере отырып, Алакөл көлдер жүйесінің ихтиофаунасына 9 аборигендік түр кіретіні 
анықталды. Мұнда Балқаш-Іле су алабтарындағы барлық аборигенді түрлердің енетіні анықталды, 
қабыршақты көкбас балығынан басқасы (2-кесте).  
Қазақстандағы  ірі  көлдер  жүйесінің,  Алакөл  көлдер  жүйесінің  ихтиофаунасындағы  түрлік 
құрамының  кедейлілігі,  ихтиофаунаны  бағалы  кəсіптік  түрлермен  «байыту»  көзқарасы  қалып-
тасты.  Алакөл  көлдер  жүйесінде  су  алабтарындағы  жерсіндіру  жұмыстарының  жарты  ғасырлық 
тарихы бар, ол 1930-шы жылдары сазанды жерсіндіру жұмыстарымен басталды.  

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
116  
2-кесте – Алакөл көлдер жүйесіндегі аборигенді ихтиофаунаның тізімі 
 
№ 
Латынша 
Орысша 
Қазақша 

Phoxinus phoxinus 
Гольян обыкновенный 
Кəдімгі гольян 

Schizothorax argentatus 
Маринка балхашская 
Балқаш қара-балығы 

Diptychus dybowskii 
Осман голый 
Қабыршақсыз көкбас 

Triplophysa strauchii 
Губач пятнистый 
Теңбіл талма-балық 

Triplophysa stoliczkai 
Голец тибетский 
Тибет талма-балығы 

Triplophysa dorsalis 
Голец серый 
Сұр талма-балық 

Barbatula labiata 
Губач одноцветный 
Біртүсті талма-балық 

Noemacheilus sewerzowi 
Голец Северцова 
Северцов талма-балығы 

Perca schrenki 
Окунь балхашский 
Балқаш алабұғасы 
 
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарына дейін Алакөл көлдер жүйесінің ихтиофаунасында балқаш 
қара-балығы  мен  балқаш  алабұғасының  ғана  кəсіптік  маңызы  бар  еді.  Бірақ  бұл  балық  түрлерін 
кəсіптік  игеру  ол  кезде  əлдеқайда  əлсіз  болған.  Алакөл  көлдер  жүйесінің  балық  шаруашылық 
маңыздылығы 1932–1933 жж. сазанды сəтті жерсіндірілуімен байланысты көтерілді. Жерсіндіріл-
ген сазанның саны қарқынмен өсті. Оның аулануы 1939 ж. 19 тоннадан 1944 ж. 574 тоннаға дейін 
көтерілді. 1960 ж. ортасында сазанның аулануы шарықтау шегіне жетіп – 3,8 мың тоннаны құрады. 
Одан ары қарай кəсіпте дұрыс пайдаланбаудың салдарынан жəне қордың сарқылуынан, оның саны 
біртіндеп  төмендей  бастады,  жəне  қазіргі  таңға  дейін  өз  шегіне  жетіп,  түрді  сақтау  шараларына 
байланысты, аулауға түгелдей шектеу қоюды қажет етіп отыр [10, 14].  
1951  ж.  Жайық  өзенінен  əкелініп,  Тентек  өзеніне  сүйрікті  (Acipenser ruthenus)  жерсіндірілді. 
Бірақ, Алакөл жүйесіндегі бұл түрдің жайлы  жерсініп  кетуіне  жағдай  болмады. Сүйріктің  биоло-
гиясы бойынша тұщы сулы, ең ірі өзендерде – Еділ, Жайық, Ертісте тіршілік етеді. Уылдырығын 
тасты, құмды субстраттарда 3-8 м тереңдікте шашады. Жүйедегі Сасықкөлге құйылатын ең ірі өзен 
Тентек қана, мұндай сипатқа оның тек қана төмен ағысында азғана ауданы сəйкес келеді. Сонымен 
қатар, ең  төменгі  сағалық бөлігі қалың қамыспен  өсіп кеткен. Өрістеуге  жəне  уылдырық  шашуға 
жеткілікті аудан таппай, сүйріктің ересек, яғни өндіруші топтарының саны жойылып кетті [11].  
1953 ж. Алакөл көлдер жүйесіне оңғақ (Tinca tinca) балығы енді. Бұл балықтың жерсінуіне бір 
қарағанда  барлық  жағдай  бар  сияқты  еді.  Бірақ,  оңғақ  балығы  табиғи  ареалында,  Нұра  өзенінің 
оңтүстік  аумағында  кездеспейді,  Алакөл  көлдеріндегі  жаздағы  жоғарғы  температурасы  оның 
жерсінуіне мүмкіндік бермеді [5].  
Алакөл  көлдер  жүйесіндегі 60-шы  жылдары  сəтті  жерсіндірілген  құнды,  тағы  да  бір  түр – 
көксерке (Sander lucioperca). Бірінші партиясы 1963 ж. Алакөл көлінің, Көктұма ауылы аумағында, 
екіншісі – 1968 ж.  Сасықкөл  көлінің,  Тентек  өзенінің  сағасына  жіберілді.  Ол 1970 ж.  Алакөл 
көлінде,  одан  ары  қарай  Қошқаркөл  мен  Сасықкөл  көлдерінде  кəсіпке  енді. 1980 ж.  көксеркені 
аулау 1,5 мың тоннаға жетті. 80-шы жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында Алакөл мен 
Сасықкөл  көлдерінде  көксеркенің  дерматофибросаркома  ауруына  шалдығып,  ауруға  байланысты 
жаппай  қырылуы  мен  кəсіптік  аулау  қарқынына  байланысты  қоры  азая  бастады.  Қазіргі  уақытта 
бұл балыққа да аулауға уақытша тиым салынды. Қордағы өндіруші бөліктің қалпына келіп, табиғи 
жағдайда өздігімен толығатын үйір қалыптасқанша, кəсіптік қысымды тоқтата тұру қажет.  
Қарқынды  кəсіптік  игеру  мен  мекен  ету  ортасының  өзгерісі,  жерсіндірілген  балықтармен 
бəсекелес  бола  алмаған  балқаш  қара-балығы,  нəтижесінде 70-ші  жылдардың  басында-ақ  кəсіптік 
маңызы жоғалды. Ал балқаш алабұғасы қазіргі таңға дейін кəсіптік маңызы бар түр ретінде Алакөл 
көлінде сақталуда.  
1968–1988  жж.  жерсіндірілген  ақ  амур  (Ctenopharyngodon idella)  мен  ақ  дөңмаңдай 
(Hypophthalmichthys molitrix)  аз  мөлшерде  енгізу  барысынан,  сонымен  қатар,  өздігінен  көбейетін 
үйірдің  қалыптасуына  жағдайдың  болмауынан,  кəсіптік  саны  өспеді.  Екі  түр  де  пелагофилді, 
уылдырықтарын  ірі,  аумақты  ұзындықтағы  өзендерде  шашады.  Алакөл  көлдер  жүйесінде  мұндай 
өзендер  болмағандықтан,  санын  көбейте  алмады.  Аулауда  олар  өте  сирек,  жəне  жекелеп  қана 
кездеседі.  

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
117 
Сонымен  қатар,  бұдан  да  басқа  мысалдарды  айта  кетуге  болады.  Əр  уақытта  жерсіндірілген 
мөңке мен тыран балықтары сəтті жерсініп, сандары жағынан алдыңғы орынға шығып, кəсіптегі ең 
көп таралған түрлердің бірі болды. Бұқтырма су қоймасынан жерсіндірілген тыран балығы жақсы 
экстерьерлі  көрсеткіштерімен  Алакөл  көлдеріне  əкелініп  жерсіндіріліп,  Алакөл  көлінің  кəсіптік 
аудандарында (солтүстік, батыс) қоректік қордың жетіспеушілігінен тұтынушылардың сұранысына 
ие болмайтын ергежейлі түрге айналуда.  
Бозша мөңке (Carassius gibelio) Алакөл көлдер жүйесіне ресми мəліметтер бойынша Бұқтырма 
су  қоймасынан 1973 ж.  əкелініп  жерсіндірілген.  Бірақ,  бұдан  ерте  уақытта  келіп  ену  болжамын 
жоққа  шығармаған  да  жөн. 1975 ж.  Сасықкөл  көлінде  мөңке  балығының  жекелеп  аулануы  бас-
талды. 1977 ж.  аулау  нысаны  ретінде  Қошқаркөлде  де  кездесе  бастады.  Одан  ары  қарай  мөңке 
жүйедегі  барлық  көлдерде,  өзендердің  сағасынан  бастап  тулы  аумағына  дейінгі  барлық  жерлерге 
таралды.  
1976  ж.  Тентек  пен  Еміл  өзендеріне  микиж  (Oncorhynchus mykiss)  балығының  шабақтарын            
3,5-4,0 мың данасын жіберді. Бірақ, бұл жерсіндіру жұмыстары да ешқандай нəтиже бермеді, сəтсіз 
жерсіндірілген жұмыстардың бірі болып қала берді.  
Тыран (Abramis brama) балығын жерсіндіру туралы алғашқы рет 60-шы жылдары А.С. Стрель-
ников  сөз  қозғаған  еді.  Алакөл  көлдер  жүйесіне 1987 ж.  тыран  балығын  жерсіндіруіне  бірінші 
себеп – сазан санының қысқаруы. Екінші себеп – балқаш алабұғасының аулаудағы санының қысқ-
аруы  (Сасықкөл  мен  Қошқаркөлдегі  алабұғаны  көксеркенің  жоюына  байланысты, 1985 ж. 
алабұғаны тек Алакөл көлінде ғана аулаған еді.) Үшіншіден көксерке балығының аулаудағы тұрақ-
сыздығы. Осыған байланысты ол кезде Алакөл көлдерінде балық өндірісі тұрақты қорсыз еді [12].  
Осы  жағдайдан  шығудың  жолы,  кəсіптегі  тұрақтылықты  көбеюде  аса  көп  жағдайды  керек 
етпейтін,  тек  тыран  ғана  сақтайды  деген  тоқтамға  келді.  Қазіргі  кезде  тыран  көлдердің  барлық 
жерлеріне  таралған,  тек  тұщы  аумағы  ғана  емес,  Алакөл  көлінің  тұзды  бөлігінде  де  кездеседі. 
Тыранды  Алакөлге  жерсіндірген  уақытта,  жерсіндірудегі  жағымсыз  тəжірбиелерді  ескерілмеген. 
Қазіргі уақытта тыран балығы сазанның уылдырық шашу орны мен қоректік қорына бəсекелестік 
танытып, сазан қорының қалпына келуіне кедергісін тигізуде.  
1993–2001  жж.  жоғарыда  келтірілген  түрлерден  басқа,  тағы  да  жоспарланбай  жерсіндірілген            
5 түр – торта (Rutilus rutilus), амур шабағы (Rhinogobius similis), медака (Oryzias latipes), элеотрис 
(Micropercops cinctus), өзен абботтинасы (Abbottina rivularis), қырлы құрсақ (Hemiculter leucisculus) [7].  
Торта  (Rutilus rutilus) балығы  су  алабына  кездейсоқ,  тыранмен  бірге  түсуі  ықтимал. 1993 ж. 
алғашқы рет Ұялы өзенінің орта ағысында кездескен. Қысқа уақыт ішінде, бұл түр су алабындағы 
көлдерде  (Қошқаркөл  мен  Сасықкөлде)  таралды.  Сонымен  қатар,  торта  Үржар  өзенінің  төменгі 
ағысында да кездеседі [12].  
Жоғарыда келтірілген мəліметтерді ескере отырып, жылдар бойғы зерттеу нəтижелері бойын-
ша Алакөл көлдер жүйесінде қазіргі кездегі ихтиофаунасы 6 тұқымдасқа жататын 24 түрлі балық-
тан тұрады, оның 9 түрі аборигенді жəне 15 түрі жерсінген (интродуциенттер) балықтар (3-кесте). 
Аборигенді  балықтардың  өзара  бір-бірімен  қоректік  бəсекелестік  болмаған,  бірақ,  сазан 
балығы жерсіндірілген соң, олардың өзара қоректік қорға таласы басталды.  
Көксерке  балығын  Алакөл  көлдер  жүйесіне  жерсіндіру  алабұға  балығының  саны  кемуіне 
себебін тигізді, соның нəтижесінде 80 жж. ортасында Сасықкөл мен Қошқаркөлде кəсіптегі аула-
нуы тиылды. Ол өзінің кəсіптік ауланудағы жоғарғы санын тек Алакөл көлінде ғана сақтап қалды. 
Бірақ,  еуропалық  нарықтағы  көксеркенің  жоғарғы  бағада  бағалануы  оның  ресми  түрдегі  жəне 
браконьерлік  аулану  қарқыны  жоғарылауына  байланысты  көксеркенің  саны  қысқарып,  нəти-
жесінде алабұғаның пелагикалық популяциясының саны қалпына келуде. Сонымен қатар, алабұға 
балығына тыранның да қоректік қор мен уылдырық шашу орнына бəсекелестік тудырады. Тыран 
балығының  көксеркеге қарағанда Алакөлдің тұзды аудандарында  да  кездесіп, өзінің экологиялық 
төзімділігімен  жəне  санын  өте  жоғарғы  деңгейде  сақтауымен,  алабұға  балығына  айтарлықтай 
бəсекелестік туғызады [12]. 
Кəсіптік  түрде  қазіргі  уақытта 5 түрлі  балық  ауланады:  тыран,  торта,  мөңке,  алабұға  жəне 
көксерке.  Алтыншы  түр – сазан,  популяцияның  өндіруші  бөлігі  қалпына  келгенше  аулауға 
ұсынылмаған.  Алакөл  көлдерінің  абориген  түрлерінің  ішінен  əлі  бірде  бір  түр  Қазақстан  Респуб-
ликасының Қызыл Кітабына енген жоқ. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
118  
3-кесте – Алакөл көлдер жүйесі ихтиофаунасының түрлік құрамы 
 
Түрдің атауы 
№ 
латынша 
орысша 
қазақша 

Abbottina rivularis 
Амурский лжепескарь 
Амур жалған май шабағы 

Abrams brama orientalis 
Лещ восточный 
Шығыс тыран 
3 Carassius 
auratus 
Азиатско-европ. карась 
Азия-еуропалық мөңке 

Carassius auratus auratus 
Карась китайский 
Қытай мөңкесі 

Carassius auratus gibelio 
Серебряный карась 
Күміс мөңке 

Ctenopharyngodon idella 
Белый амур 
Ақ амур 

Cyprinus c. carpio 
Европейский сазан (карп) 
Сазан, тұқы 

Diptychus dybowskii 
Голый осман 
Қабыршақты көкбас 

Hemiculter leucisculus 
Востробрюшка 
Қырлықұрсақ 
10 
Hypophtalmychthys molitrix 
Белый толстолобик 
Ақ дөңмаңдай 
11 
Рhoxinus phoxinu 
Обыкновенный гольян 
Кəдімгі гольян 
12 
Pseudorasbora parva 
Китайский чебачок 
Қытай шабағы 
13 
Rutilus rutilus 
Сибирская плотва 
Сібір торта 
14 
Schizothorax argentatus 
Балхашская маринка 
Балқаш қара-балық 
15 
Triplophysa labiata 
Одноцветный губач 
Біртүсті талмабалық 
16 
Triplophysa strauchi 
Пятнистый губач 
Теңбіл талмабалық 
17 
Triplophysa dorsalis 
Серый голец 
Сұр талмабалық 
18 
Triplophysa stoliczkai 
Тибетский голец 
Тибет талмабалығы 
19 
Nemacheilus sewerzowi. 
Голец Северцова 
Северцов талмабалығы 
20 
Oryzias latipes 
Медака 
Медака 
21 
Perca schrenki 
Балхашский окунь 
Балқаш алабұғасы 
22 
Sander lucioperca 
Обыкновенный судак 
Кəдімгі көксерке 
23 
Micropercops cinctus 
Китайский элеотрис 
Қытай элеотрисі 
24 
Rhinogobius similis 
Амурский бычок 
Амур бұзаубасы 
 
Балықтар  популяциясының  құрылымы  қайсы  су  алабын  алып  қарасақ  та  консервативті         
жəне баяу өзгергіш болып келеді жəне оны тұрақты дамуының индикаторы деп есептеуге болады. 
2010  жылғы  су  деңгейіңнің  көтерілуі  балықтардың  көбейіп,  өсіп-өнуіне  жəне  жайылымдардың 
ұлғайуына алып келді. Балық популяциялары су деңгейінің төмен болуынан қиын жағдайда болған 
еді.  Соңғы  жылдары  аулауда  балықтар  құрамының  өсуі  байқалады  жəне  аборигенді  түрлердің  де 
ихтиоценозы  айтарлықтай  көбейген.  Кəсіптік  балық  популяцияларының  құрылымы  тұрақталған, 
бірақ  кейбір  түрлерде  кіші  жастағы  балықтар  үлесі  болмашы  болсада  көбірек.  Бұл  байқалып 
отырған индикатор Алакөл көлдерінде жуық арада балық аулау лимитінің өсуі мүмкін деген сөз. 
Негізгі  кəсіптік  ауланатын  тыран  қорының  жағдайы  ұзақ  жылдар  бойы  қауіпсіз  жағдайда 
болды.  Тыранның  ұзындықта  өсу  қарқындылығы  барлық  көлдерде  төмендеген  жəне  ергежейлі 
түрлері көп. Бұл тыранды аулау көлдерде қарқынды жүріп жатпағанын көрсетеді.  
Ал  көксерке  популяциясының  жағдайы  қиындау.  Көксеркенің  популяция  құрылымы  су 
деңгейі  төмен  жылдары  оны  аулау  лимиттен  асып  кеткендігін  көрсетеді.  Аулауда  үлкен  жастағы 
дарақтар  аз  кездеседі  жəне  аулаудың  негізгі  үлесін 3-4 жастағы  енді  жыныстық  жағынан  пісіп 
жетілген дарақтар құрайды. Барлық жағдайларды ескерер болсақ көксерке популяциясына кəсіптік 
күш  түсіп  жатқанын  байқауға  болады  жəне  жуық  арада  бұндай  жағдайды  болдырмай,  кəсіптік 
аулану  лимиттен  аспауын  қадағалау  керек.  Осыған  байланысты  үйірін  сақтап  жəне  көбейту  үшін 
қажетті шаралар ретінде 2015 жылға Алакөл көлдер жүйесінде лимит берілмей отыр. 
Сазанның  қоры  біртіндеп  көбейіп  жатыр. 2015 жылға  кəсіптік  қоры  көп  емес,  сондықтан 
қалпына келе жатқан сазанның кəсіп қорын жойып алмас үшін аулауға ұсыныс берілмейді. 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
119 
Мөңке  жəне  торта  сияқты  балықтардың  орташа  ұзындық  жəне  салмақтық  көрсеткіштері  бір 
қалыпты  жəне  бұл  аталған  балықтардың  сандық  мөлшерінің  артуына  сазан  сияқты  кəсіптік  құны 
жоғары балықтың қоректік жəне уылдырық шашу жерлеріне бəсекелес болатындықтан жол бермеу 
керек.  Мұндай  жағдайда  мөңке  жəне  торта  балықтарының  кəсіптік  аулануын  күшейту  керек, 
басқаша айтқанда популяцияның толығуынан кəсіптік аулануы жоғары болуы тиіс. 
Абориген  түр  Балқаш  алабұғасының  пелагикалық  формасының  жағдайы,  яғни  популяция-
сының  жастық  қатары,  өсу  қарқындылығы  жəне  басқада  биологиялық  көрсеткіштері  қалыпты 
жағдайда [13, 14].  
 
ƏДЕБИЕТ 
 
[1]  Филонец П.П. Очерки по географии внутренних вод Центрального, Южного и Восточного Казахстана. – Алма-
Ата: Наука, 1981. – 186 с.  
[2]  Никольский  А.М.  Об  ихтиологической  фауне  Балхашского  бассейна.  Протокол  заседания  Зоологического 
отделения 24 января 1885 г. Тр. СПб. об-ва естествоиспытателей. 1885. – СПб. Т. XVI, вып. 1. – С. 18-21.  
[3]  Берг Л.С. Рыбы Туркестана // Изв. Турк. Отд. Имп. Русск. геогр. об-ва. Т. IV. Научные результаты Аральской 
экспедиции, вып. II. – СПб., 1905. – 261 с.  
[4]  Берг  Л.С.  Рыбы  пресных  вод  СССР  и  сопредельных  стран. 4-е  изд. – М.-Л.:  Изд.  АН  СССР, 1949. – Ч.  3.  –            
С. 927-1382.  
[5]  Основы  рационального  использования  рыбных  запасов  Ала-Кульских  озер:  Отчет  о  НИР,  Институт  зоологии 
АН КазССР. – Алма-Ата, 1954. – 136 с.  
[6]  Серов  Н.П.  Опыт  разделения  Балхашской  ихтиологической  провинции // Тр.  конф.  по  рыбному  хоз-ву 
республик Ср. Азии и Казахстана. – Фрунзе, 1961. – С. 201-211.  
[7]  Биологические основы освоения рыбных ресурсов и воспроизводства запасов промысловых рыб в Алакольской 
системе озер: Отчет о НИР (заключительный этап). № ГР 70055681. КазНИИРХ. – Балхаш, 1970. – 222 с.  
[8]  Сохранение и устойчивое использование генофонда редких и ценных видов и пород рыб. Раздел: Алакольская 
система озер: Отчет о НИР (промежуточный) / НПЦ РХ. – Алматы, 2002. – 55 с.  
[9]  Сохранение и устойчивое использование генофонда редких и ценных видов и пород рыб. Раздел: Алакольская 
система озер (промежуточный): Отчет о НИР. НПЦ РХ. – Алматы, 2003. – 84 с.  
[10]  Некрашевич  Н.Г.  К  систематике  и  экологии  сазана  Алакульских  озер // Тр.  института  ихтиологии  и  рыбного 
хозяйства. Т. 4. – Алма-Ата: АН КазССР, 1963. – С. 98-123.  
[11]  Горюнова А.И., Серов Н.П. Акклиматизация рыб в Казахстане // Тр. Совещ. по проблеме акклиматизации рыб и 
кормовых беспозвоночных. – М.: АН ССР, 1954. – С. 109-113.  
[12]  Амиргалиев  Н.А.,  Тимирханов  С.Р.,  Альпейсов  Ш.А.  Ихтиофауна  и  экология  Алакольской  системы  озер: 
Монография. – Алматы: Бастау, 2006. – 368 с.  
[13]  Определение рыбопродуктивности рыбохозяйственных водоёмов и/или их участков, разработка биологических 
обоснований предельно-допустимых объемов изъятия рыбных ресурсов и других водных животных и выдача рекомен-
даций по режиму и регулированию рыболовства на водоемах международного, республиканского и местного значений 
Балхаш Алакольского бассейна / Отчет НИР ТОО «КазНИИРХ» 1-часть. – Алматы, 2013. – С. 140.  
[14]  Определение рыбопродуктивности рыбохозяйственных водоёмов и/или их участков, разработка биологических 
обоснований предельно-допустимых объемов изъятия рыбных ресурсов и других водных животных и выдача рекомен-
даций по режиму и регулированию рыболовства на водоемах международного, республиканского и местного значений 
Балхаш Алакольского бассейна / Отчет НИР ТОО «КазНИИРХ» – Алматы, 2014. – С. 164. 
 

1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал