Х а б а р л а р ы известия



жүктеу 5.08 Kb.

бет19/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

КҮКІРТ ЖƏНЕ ЛЕОНАРДИТТІҢ ƏСЕРІНЕН ҚЫЗАНАҚТЫҢ 
(SOLANUM LYCOPERSIUM) ФОСФОРДЫ СІҢІРУІН ЗЕРТТЕУ 
 
К. Гул, Г.Ж. Тұрметова, А.К. Убайдуллаева  
 
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан  
 
Тірек сөздер: фосфор, күкірт, леонардит, қызанақ, өсімдік. 
Аннотация.  Ауылшаруашылығында  қолданылып  жатқан  химикаттардың  əсерінен  табиғаттың  тепе-
теңдігі бұзылып, халықтың денсулығына да кері əсерін тигізуде. Сондай- ақ, химиялық заттарды аз пайда-
ланып, оның орнына органикалық тыңайытқыштарды қолдану барған сайын артып барады. Сонымен қатар, 
леонардит шикізатының жəне одан алынатын гумин жəне фульвоқышқылының да маңыздылығы артуда. Бұл 
зерттеу жұмысында 4x4x4 схема бойынша бір өсімдікке (қызанақ), 4 түрлі леонардит дозасы (L) (0, 50, 100, 
150 (г/м
2
) , 4 түрлі күкірт дозасы (S) (0, 50, 100, 150 г/м
2
) жəне 4түрлі фосфор дозасы (P) (0, 3,75; 7,50; 11,25 г/м
2

қолданылды. 150 күндік өсу периодынан кейін өсімдік жинап алынды. Өсімдікке жəне топыраққа талдаулар 
жасалды. Алынған қорытындыда L

x P
3
 нұсқасында өнім параметрлерінде маңызды түрде артуы байқалды. 
Сонымен қатар, леонардит жəне күкірт қолданған нұсқаларында өсімдік бойында ең жоғарғы көрсеткіш L

x P
2
 
дозасында  байқалды.  Өсімдік  бойындағы  фосфордың  артуы  L
3
  дозасында  болды.  Бұл  дозаларды  бақылау 
нұсқалармен салыстырғанда, өсімдіктің бойының, енінің жəне өсімдіктегі фосфордың артуына себеп болған. 
Ал леонардиттің қолданылуы топырақ жəне қызанақтағы басқа макро жəне микроэлементтердің артуына да 
əсерін тигізген. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
110  
Қазақстан  Республикасының 2020 жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  жоспарына  сай,  агро-
өнеркəсіптік кешеннің барлық саласын жоғары деңгейде дамытып, азық-түлікке деген сұранысты 
қанағаттандыру  үшін  отандық  ауыл  шаруашылығын  жаңа  үдемелі  индустриялды-инновациялық 
деңгейде дамыту қажет.  
Өсімдіктердің  қалыпты  өсуі  жəне  жоғары  өнім  беруі  үшін  қажетті  элементтер  топырақта 
жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Фосфордың топырақта жеткіліксіз болуы, басқа қосылыстармен 
реакцияға түсуі жəне ерімейтін фосфат қосылыстарының түзілуінің нəтижесінде топырақтағы ма-
ңызды мəселелердің туындауына себепші болады [1].  
Негізінде,  көп  қолданылатын  минералды  тыңайтқыштардың  біріне  фосфор  тыңайтқыштары 
жатады.  Сондықтан  да,  егістік  алқаптарында  көбінесе  фосфорға  деген  сұраныс  артуда.  Мұның 
негізгі себептеріне: біріншіден, топырақтағы фосфор мөлшерінің төмен болуы, екіншіден, фосфор-
дың  өсімдіктер  үшін  сіңіре  алатын,  жарамды  формада  болмауы  жəне  тыңайтқыштармен  берілген 
фосфордың маңызды мөлшерінің топырақ тарапынан өсімдікке жарамсыз күйінде болуы. Осыған 
байланысты топырақтағы фосфордың жетіспеушілігі жəне тыңайтқыштардың көп қолданылуының 
нəтижесінде топырақ құнарлылығының деңгейі төмендеп отыр. 
Жалпы  алғанда,  фосфор  топырақта  органикалық  жəне  бейорганикалық  түрінде  кездеседі. 
Өсімдіктер  топырақта  еріген  күйіндегі  бейорганикалық  ортафосфаттарды  ғана  пайдаланады. 
Топырақтағы  өсімдік  жəне  жануар  қалдықтарының  құрамындағы  органикалық  фосфор  да,  топы-
рақтың  фосфор  қоры  болып  саналады.  Өсімдіктердің  органикалық  фосфорды  пайдалануы  үшін 
топырақта оның ыдырауы жəне шіруі үрдістері жүруі қажет [2, 3 б.].  
Топырақтағы бейорганикалық фосфор  қосылыстарының  түрлері  топырақтың pH ортасына  да 
байланысты. Егер pH жоғары топырақта фосфор кальций фосфат түрінде болса, қышқылды топы-
рақтарда Fe жəне Al фосфаттары  күйінде  кездеседі [4]. Ал, pH > 7 топырақта  апатит  минералы 
фосфордың негізгі қоры болып келеді. Фосфордың мөлшері өсімдіктің тұқымында жəне жемісінде, 
тұқымның түзілуінде (қалыптасуы) міндетті элемент болып саналады [5].  
Күкірт барлық тірі ағзалар үшін қажет қоректі элементтердің бірі. Ол топырақтың pH ортасын 
төмендетеді,  микроэлементтердің  өсімдіктер  тарапынан  сіңіруін  арттырады.  Ал  гумин  қышқыл-
дарына келсек, ол – өсімдіктер мен топырақты микроэлементтер, витаминдер жəне қоректік заттар-
ға  толығымен  қанықтыра  алатын,  айтуға  тұрарлық  табиғи  органикалық  зат.  Гумин  қышқылының 
қайнар  көзі  ретінде  жұмсақ  қоңыр  көмірдің  тұндырмасын  Леонардит  деп  те  атауға  болады. 
Мұндағы гумин қышқылы жоғары концентрацияға ие [6, 7].  
Леонардит – əлі  көмір  дəрежесіне  (батпақ > торф > көмір)  жетпеген,  сонымен  қатар,  тотығу 
дəрежесі,  гумин  қышқылының  құрамы  жəне  карбоксил  топтарының  жоғары  болуымен  ерекше-
ленетін органикалық зат [8].  
Гумин  қышқылдарының  түсі  қара,  құрамында 52-63 % көміртегі  болады.  Олар  суда  нашар 
ериді,  бірақ  сілтінің  жеңіл  (аз)  ерітіндісінде  ериді,  молекулалық  массасы  жоғары,  қышқылдық 
сипаты төмен болады. 
Леонардиттің құрамындағы гумин қышқылы топырақтың pH-ын нейтралды жағдайға келтіріп, 
өсімдіктердің  қалыпты  өсуіне  мүмкіндік  жасайды.  Тампондау  фракциясының  ерекшелігімен 
леонардит  қышқылды  жəне  сілтілі  топырақтарды  нейтралды  ортаға  келтіре  алады.  Нəтижесінде 
қоректік элементтер өсімдіктер сіңіре алатын күйге өтеді. Сонымен қатар, леонардит топырақтың 
физикалық, химиялық жəне микробиологиялык құрылысына да оң əсерін тигізеді [9, 10].  
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – күкірт жəне леонардиттің жылыжай жағдайында өсірілген 
қызанақ  өсімдігінің  фосфорды  сіңіруіне  əсерін  зерттеу.  Жұмыста  фосфордың  жылжымалылығын 
арттыру  үшін  күкірт,  фосфор  жəне  леонардиттің  əртүрлі  дозасы  қолданылып,  қызанақтың  өсуі, 
өнімі,  жеміс  сапасы  жəне  минералды  қоректену  дəрежелері,  сонымен  қатар,  өсімдіктегі  жалпы 
фосфор мен pH мөлшерлері де анықталды.  
 
Зерттеу материалы мен əдістері 
 
Зерттеу жұмысы ХҚТУ-іне қарасты Ботаникалық бақтың жылыжайында жүргізілді. Зерттеуге 
қолданылған топырақ егістік алқабынан алынды. Топырақтың фосфорды сіңіру мөлшері аз, pH = 7,5. 
Зерттеу  материалы  ретінде  қызанақтың (F1«Çilek», F1«Kiraz») гибридті  сорттары  қолданылды. 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
111 
Зерттеуде 0-50-100-150 гр/м
2
  мөлшерде  күкірт  ұнтағы  пайдаланылды.  Күкірт  ұнтағы  көп  жыл-
дардан  бері  топырақ  мелиорациясында  қолданылып  келеді.  Ол  топырақта  микроорганизмдер 
арқылы микробиологиялық тотығуға ұшырап, күкірт қышқылын түзеді. Бұл қышқыл топырақтың 
pH  ортасының  төмендеуіне  əсер  етеді.  Топырақтағы pH-тың  төмендеуіне  байланысты P, Fe, Zn 
сияқты қажетті элементтердің ерігіштігі жəне сіңімділігі артады.  
Зерттеуде  фосфор  тыңайтқышы  ретінде  қос  суперфосфат Ca(H
2
PO
4
)
2 ·
H
2
O (43-44 % P
2
O
5
)              
10-20-40  гр/м
2
  мөлшерлері  қолданылды.  Бұл  ең  көп  қолданылатын  фосфор  тыңайтқыштарының 
бірі. Мұндай тыңайтқыштың 100 кг құрамында 45 кг фосфор қышқылы бар.  
Зерттеу  барысында  леонардиттің 0-25-50-75г/м
2
  мөлшерлері  қолданылды.  Леонардит 
тыңайтқышының химиялық ерекшелігі: 85 % гумин қышқылы + фолий қышқылынан, 90 % орга-
никалық зат, 15 % – ылғал жəне pH = 6,7 [11, 12]. Жұмыста S, P жəне леонардиттің интеракцияла-
рының  өзара  əсерлері  зерттеліп,  ауылшаруашылығында  қолдануға  болатын  ең  тиімді  жəне 
оптималды  мөлшерлері  анықталды.  Əрбір  зерттеу  комбинациясы  «фосфор  х  күкірт», «фосфор x 
леонардит», 3 қатар, əр қатарда 3 өсімдік болатындай түрде орналастырылды (1-кесте). 
 
1-кесте – Қызанақ өсіруде қолданылған күкірт, леонардит жəне фосфордың мөлшерлері, гр/м
2
 
 

Леонардит P 
S
0
 0 
L
0
 0 P


S

50 L 

25 P

3,75 
S

100 L

50 P

7,50 
S

150 L

75 P

11,25 
 
Нəтиже 
 
Зерттеу  жұмысында  қызанақтың  бойының көрсеткіштері  бойынша  «фосфор  х  күкірт» интер-
акциясы статистикалық тұрғыдан маңызды болып табылды. P
0
 х S
1
 нұсқасында қызанақтың бойы 
басқа  нұсқаларға  қарағанда,  ең  жоғарысы – 175,49 см/өсімдік  болды.  Ал, P
2
  х  S
0
  нұсқасында 
қызанақтың  бойы  басқа  нұсқаларға  қарағанда 143,06 см/өсімдік – ең  қысқасы  болды.  Сондай-ақ, 
қызанақтың  бойының  көрсеткіштері  жағынан  «фосфор  х  леонардит»  интеракциясы  да  статисти-
калық тұрғыдан маңызды, P
2
 х L
2
 нұсқасында қызанақтың бойы басқа нұсқаға қарағанда ең жоғары 
көрсеткішке  ие – 186 см/өсімдік  болды.  Ал, P
0
  х  L
3
  нұсқасында  қызанақтың  бойы  басқа  нұсқаға 
қарағанда  ең  қысқа,  яғни 164,62 см/өсімдік  болды.  Күкірт  жəне  леонардит  тəжірибелерінде 
көрсетілгендей,  қызанақтың  бойы  леонардит  қолданған  топырақта – орташа 177,76 см/өсімдік 
болса,  күкірт  қолданған  топыраққа  қарағанда  ұзынырақ,  яғни  орташа 161,86 см/өсімдік  болды           
(2-кесте). 
 
2-кесте – Күкірт жəне леонардит қосылған топырақта өсірілген қызанақтың бой көрсеткіштері 
 
 
Зерттеу  жұмысында  қызанақ  жемісінің  саны  жағынан  «фосфор  х  күкірт»  интеракциясы 
статистикалық  тұрғыдан  маңызды. P
3
  х  S
3
  нұсқасында  жеміс  саны  басқа  нұсқаларға  қарағанда, 
көбірек – 10 дана/өсімдік болды. Ал, P
0
 х S
3
 нұсқасында жеміс саны басқа нұсқаларға қарағанда, ең 
азы – 5 дана/өсімдік болды.  
Сонымен қатар, жеміс саны жағынан «фосфор х леонардит» интеракциясы да статистикалық 
тұрғыдан маңызды. Өйткені P
3
 х L
2
 нұсқасында жеміс саны басқа нұсқаларға қарағанда көбірек – 
13 дана/өсімдік болды. Ал, P
0
 х L
0
 нұсқасында жеміс саны басқа нұсқаларға қарағанда, азырақ – 7 
дана/өсімдік болды. 
 P 

P

P

P

S орт 
161,86 
 
P

P

P

P

L орт 
177,76 
S
0
  173,38 154,41 143,06 157,62 156,86 
L
0
  177,40  173,06 164,73 182,16 174,84 
S

175,49 162,62 145,56 162,57 161,56 


178,62  177,95 175,17 179,61 177,84 
S

153,94 166,51 165,45 160,17 161,52 
L

166,95 177,17  186,0  184,0  178,53 
S

171,0  170,06 163,90 165,01 167,49 
L

164,62  184,95 192,61 177,27 179,86 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
112  
Күкірт жəне леонардит тəжірибелерін қарастырғанда, жеміс саны леонардит қолданған топы-
рақта – орташа 10,31 дана/өсімдік болса, ал күкірт қолданған топырақта – орташа 7,5 дана/өсімдік 
болды (3-кесте). 
 
3-кесте – Күкірт жəне леонардит қосылған топырақта өсірілген қызанақтың жеміс санының көрсеткіштері 
 
 
Топырақтың pH көрсеткіші  бойынша  «күкірт  х  фосфор»  нұсқалары  арасында  интеракция 
статистикалық тұрғыдан S
0
 x P
1
 өсімдіктерінің pH мөлшері басқа нұсқаларға қарағанда ең жоғары – 
7,36 болған. Сонымен қатар, ең төменгі pH көрсеткіші S
3
 x P
1
 нұсқасында – 6,5 болды.  
Топырақтың pH ортасының көрсеткіші  бойынша «леонардит х фосфор» нұсқалары  арасында 
интеракция статистикалық тұрғыдан L
1
 x P
0
 нұсқасының топырақ pH-ы басқа нұсқаларға қарағанда 
ең жоғарғысы – 7,4 болды. Сонымен қатар, L
3
 x P
1
 өсімдігінің pH көрсеткіштері басқа нұсқаларға 
қарағанда ең төмені – 6,7 болды (4-кесте). 
 
4-кесте – Күкірт жəне леонардит қосылған топырақтың pH көрсеткіштері 
 
Леонардит жəне күкірт нұсқаларын салыстырғанда, леонардит қолданған топырақтың pH-ы – 
жалпы  орташа 7,0 болса,  ал  күкірт  қолданған  топыраққа  қарағанда  жоғары – жалпы  орташа          
6,6 болған.  
 
5-кесте – Қызанақ өсімдігі жапырағының фосфор көрсеткіштері 
 
 
Жылыжай  жағдайында  өсірілген  қызанақ  жапырақтарындағы  Р  концентрациясының 0,35-
0,75 % арасында болуы, бұл өсімдіктің Р-мен жеткілікті қоректенгендігін көрсетеді (5-кесте). Егер 
Р  концентрациясы 0,20 %-дан  төмен  болса,  өсімдікте  Р-дің  жеткіліксіз  екенін  білдіреді [13]. 
Осыған  сүйене  отырып,  жылыжай  жағдайында  өсірілген  қызанақ  жапырақтарының  барлық 
нұсқаларында Р концентрациялары сын көтеретін деңгейде екендігін айтуға болады.  
Қорытынды. Жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты – топырақтағы ерімейтін фосфордың 
белгілі  бір  мөлшерін  қайтадан  өсімдіктер  тарапынан  сіңіре  алатын  күйге  айналдыра  отырып, 
сапасы  жоғары  өнім  алу.  Осы  мақсатта  жүргізілген  жұмыстың  нəтижелері  бойынша  леонардит 
қолданған  топырақта  өскен  қызанақтың,  күкірт  қолданған  топырақта  өскен  қызанаққа  қарағанда, 
барлық  өсу  параметрлерінде  (бойының  ұзындығы,  жеміс  саны,  жеміс  ірілігі)  нəтижелері  жоғары 
болды.  Бұл  параметрлердің  жоғары  болуының  себебі – леонардит  қосылған  топырақ  құнарлы-
лығының (75 %) жоғары  болуы.  Ал,  топырақ pH-ы  топырақтағы  физикалық,  химиялық  жəне 
 
P

P

P

P


орт
 
7,5 
 
P

P

P

P

L
орт
 
10,31 
S
0
 7,0  6,0  8,0  8,0  7,0 
L
0
 7,0  9,0  9,0  10,0 8,75 
S

6,0 7,0  8,0  8,0 7,25 


9,0 10,0 11,0 11,0 10,25 
S

7,0 8,0  9,0  9,0 8,25 
L

9,0 11,0 12,0 13,0 11,25 
S

5,0 6,0  9,0 10,0 7,5 
L

9,0 11,0 12,0 12,0 11,0 
 
P

P

P

P

S
орт
 
6,6 
 
 
P

P

P

P

L
орт
 
7,0 
S

7,39 7,36 7,33  7,2  7,32 
L

7,44 7,38 7,35 7,25 7,35 
S

7,2 7,0 7,0 7,0 7,05 
L

7,4 7,2 7,2 7,2 7,25 
S

6,9 6,8 6,7 6,8 6,8 
L

7,1 7,0 6,9 7,0 7,0 
S

6,7 6,5 6,6 6,6 6,6 
L

6,9 6,7 6,8 6,8 6,8 
 
P

P

P

P

 
P

P

P

P

S

0,7 0,59  0,6  0,78  L

0,5 0,61 
0,83  0,74 
S

0,5 0,61 0,76 0,85 L

0,51 0,58 0,8  0,81 
S

0,46 0,65 0,81 0,87 L

0,35 0,65 0,68  0,82 
S

0,40 0,63  0,8  0,98  L

0,53 0,65 0,75  0,78 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
113 
биологиялық құбылыстарға əсерін тигізеді. Зерттеу нəтижесінде күкірт қолданған топырақтардың 
pH-ы  леонардит  қолданған  топырақтарға  қарағанда,  төмендеу.  Зерттеуде  қолданылған  күкірт 
тыңайтқышы  топырақтың pH-ын  түсіруі  нəтижесінде  өсімдікке  қажетті  элементтердің  сіңімділігі 
артқан. Күкірт жəне леонардиттің фосфор қолданылмаған нұсқаларында – қызанақта өнім аздығы 
жəне  тозаңданудың  толық  жүрмегендігі  анықталды.  Ал,  фосфор  дозаларының  артуына  байла-
нысты, бұл ақаулардың жойылғаны байқалды. 
Қорыта  айтқанда,  күкірт  жəне  леонардит  қосылған  топырақта  өсірілген  қызанақтың  бой 
ұзындығына оң əсер ететін ең тиімді нұсқа L
2
 x P
2
 – 186 см/өсімдік, ал жеміс санына оң əсер ететін 
ең  тиімді  нұсқа  L
3
 x P
3
 – 13 дана/өсімдік,  топырақтың pH көрсеткішінің  түсуіне  оң  əсер  ететін 
нұсқа S
3
 x P
1
- pH = 6,5 жəне өсімдік жапырақтарындағы фосфор концентрациясының артуына оң 
əсер ететін ең тиімді нұсқа S
3
 x P
3
 – 150,0 г/м
2
 x 12,0 г/м
2
; 0,98 % болып табылды. 
 
REFERENCES 
 
[1] Morgun V.V. Fiziologicheskiye osnovy formirovaniya vysokoi produktivnosti zernovykh zlakov. Fiziologiya i bio-
khimiya kulturnykh rastenii. – 2010. – N 5. – Р. 371-392. (in Russ.). 
[2] Braschi I., Ciavatta C., Giovannini C., Gessa C.  Combined Effect of Water and Organic Matter on Phosphorus 
Availability in Calcareous Soils. Nutrient Cycling in Agroecosystems2003. 67; 67-74. 
[3] Bondos T. – The effect of nitrogen and phosphorus on wheat yields, Şimnic variety, on the luvicsoil from ARDS Şimnic. 
Proceedings Analele Universităţii din Craiova, 2012. 42(1): 85-8 
[4] Awad A.M., Ramadan H.M., El-Fayoumy M.E. Effect of Sulphur, Phosphorus and Nitrogen Fertilizers on Micronutrient 
Availability Uptake and Wheat Production on Calcareous Soils. Alexandria Journal of Agricultural Research, 1996. 41:(3), 311-
327. 
[5] Busman L., Lamb J., Randall G., Rehm G., Schmitt M. – The nature of phosphorus in soil. University of Minnesota, 
USA, 2002 
[6] Fapailin C., Choochad S., Kanokwan S., Arawan S., 2013. Antioxidant Activity, Vitamin C Content and Growth of 
Chinese Kale in Response to High Humus Seedling Media and Beneficial Microorganisms. CMU. J. Nat. Sci. (2013) Vol. 12(2) 
[7] Ece A., Saltalı K., Eryiğit N.,& Uysal F. (2007). The effects of leonardite applications on climbing bean (Phaseolus 
vulgaris L.) yield and soil properties. J. Agron. 6, 480–48 
[8] Selim E.M., Shedeed S.I., Asaad F.F., El-Neklawy A.S., 2011. Interactive effects of humic acid and water stress on 
chlorophyll and mineral nutrient contents of potato plants. J. Appl. Sci. Res. 7:531-537 
[9] Tikhonov V.V., Yakushev A.V., Zavgorodnyaya Yu.A., Byzov B.A., Demin V.V. Deistviye guminovykh kislot na rost 
bakterii. Pochvovedeniye. 2010. N 3. Р. 333–341. (in Russ.). 
[10] Perminova I.V., Zhilin D.M. Guminovyye veshestva v kontekste zelyonoi khimii. Еds. V. V. Lunin. – M. : Izd-vo 
Mosk. Un-ta, 2004. – Р. 146-162 (in Russ.). 
[11] Orlov D.S. Svoistva i funktsii guminovykh veshestv. Guminovyye veshestva  v  biosfere.  –  Moscow:  Nauka,  1993.                
Р. 16–27. (in Russ.). 
[12] Perminova I.V. Guminovyye veshestva – vyzovy khimikam XXI veka. Khimiya i zhizn’. 2008. N 1. Р. 50–55.  
[13] Winsor G., Adams P., 1987. Glasshouse Crops. Vol. 3. Р. 109-135. 
   
ИССЛЕДОВАНИЕ РАСТВОРЕНИЯ ФОСФОРА ПОМИДОРАМИ (SOLANUM LYCOPERSIUM)  
ПОД ВЛИЯНИЕМ СЕРЫ И ЛЕОНАРДИТА  
 
К. Гул, Г. Ж. Турметова, А. К. Убайдуллаева  
 
Международный казахско-турецкий университет им. Х. А. Ясави, Туркестан, Казахстан 
 
Ключевые слова: фосфор, сера, леонардит, томат (Solanum lycopersium). 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются  различная  степень  взаимодействия  друг  на  друга  фосфора, 
леонардита и серы при выращивании томатов сортов F1 «Чилек», F1 «Kiraz» в тепличных условиях в целях 
уменьшения растворенных частиц фосфора в почвах Казахстана. Результаты показывают, что фертильность 
и размер выращенных томатов (Solanum lycopersium) в большей степени зависят от использования леонар-
дита  чем  серы  в  почве.  Минеральные  удобрения,  используемые  при  экстенсивном  хозяйстве  отрицательно 
действуют  на  структуру  почвы  и  здоровье  человека.  В  настоящее  время  использование  безвредных  и 
безопасных химических удобрений и растущего интереса к органическим компонентам повышает важность 
леонардита  и  его  производных  (таких  как  гуминовые  кислоты,  фульвокислоты)  в  сельскохозяйственной 
деятельности. Картина этого исследования представлена следующим порядком 4x4x4 факторный метод проб: 
одно растение (томат), 4 части леонардита (L) (0, 25, 50, 75 г/м
2
), четыре части серы (S) (0, 50, 100, 150 г/м
2
) и         
4  части  фосфора  (Р) (0, 3,75; 7,50; 11,25 г/м
2
).  Растение  собирают  в  конце  этого  периода (150 дней), 
выполняется макро- и микро-анализ присутствия элементов. Согласно полученным результатам, указанные 
микрокомпоненты способствовали значительное приросту и урожайности. 
 
Поступила 20.05.2015 г. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
114  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF BIOLOGICAL AND MEDICAL 
 
ISSN 2224-5308 
Volume 3, Number 309 (2015), 114 – 120 
 
TO A QUESTION OF FORMATION OF A FISH FAUNA  
OF ALAKOLSKY SYSTEM OF LAKES  
 
A. M. Yelshibekova, E. K. Danko, D. K. Zharkenov 
 
LRA «Kazakh scientific research institute fish economy», Almaty, Kazakhstan. 
E-mail: elshibekova_ainur@mail.ru  
 
Keywords: native, fish fauna, acclimatization, population, trade. 
Abstract.  Alakollake systemis the middlelink inthe system oflakes in the Balkhash-Alakol depression.This 
system begins from Balkhash lakein the west and endsat Ebi-Nurlake in the territory of the People's Republicof 
Chinain the east.In Alakol lake system highlights three major lakes - Sasykkol, Koshkarkol and Alakol. The first 
study of the system date back to the mid-eighteenth century. As a result, it was found that the composition of fish 
fauna of Alakollakes system found 9 native fish species. In particular, there are all native species, typical for the Ile-
Balkash basin, except one - scaly osman. Until the 30’s of the last century the only fish species in fish fauna Alakol-
lakes system were balkhash marinka (Schizothorax argentatus) and balkhash perch (Perca schrenki). But the catch 
scaleof these species in those days were insignificant. Fishery value of the system has increased dramatically after a 
successful acclimatization of carp in 1932-33yy. In the article we present the results of studying the effects of 
acclimatization in the aboriginal fish fauna, as well as the estimation of the effect of intensive fishing on the 
environment and on the qualitative composition of the fish fauna of Alakollakes system. 
 
 
ƏОЖ 597  
 
АЛАКӨЛ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИХТИОФАУНАНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР  
 
А. М. Елшибекова, Е. К. Данько, Д. Қ. Жаркенов 
 
ЖСШ «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты», Алматы, Қазақстан 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал