«гуманитарлық Ғылымдағы ізденістер мен жаңалықтар»



жүктеу 5.96 Mb.

бет1/54
Дата30.05.2017
өлшемі5.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



Л.Н.Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университеті 

Филология факультеті 

 

 

 



 

«ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР МЕН 

ЖАҢАЛЫҚТАР» 

 

 

Докторанттар мен магистранттардың халықаралық ғылыми-

практикалық конференциясы материалдарының жинағы 

 

12 сәуір 2017 жыл  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана – 2017 



 

 

ӘОЖ 80(81) (063) 



КБЖ 80/81 

Г 91 

 

 



 

 

Жалпы редакциясын басқарған: 

ҚР ҰҒА академигі С.А. Қасқабасов 

 

 



Редакция алқасы: филология ғылымдарының докторы  Ж.Ә.Аймұхамбет, 

филология ғылымдарының кандидаты Қ.М.Байтанасова, 

филология ғылымдарының кандидаты Қ.Қ.Сарекенова 

 

  



 Г 91 «Гуманитарлық ғылымындағы ізденістер мен жаңалықтар» атты  

докторанттар мен магистранттардың халықаралық ғылыми-практикалық  

конференциясы. 12 сәуір, 2017 жыл / Жалпы редакциясын басқарған:        

ҚР ҰҒА академигі С.А. Қасқабасов. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы  

ЕҰУ баспасы, 2017. – 522 б. 

 

 



 

ISBN 978-9965-31-835-1 

 

 



Жинаққа  «Гуманитарлық  ғылымдағы  ізденістер  мен  жаңалықтар»  атты 

докторанттар 

мен 

магистранттардың 



IV 

халықаралық 

ғылыми 

конференциясындағы  әдебиеттену,  тіл  білімі,  фольклор,  мәдениеттану  мен 



журналистика  бағыттары  бойынша  көкейкесті  мәселелерге,  жаңа  ізденістерге 

бағытталған  баяндамалар енгізілді.   

 

 

ӘОЖ 80/81 (063) 



                                                                                        КБЖ 80/81 

 

 



 

ISBN 978-601-301-700-6 

 

 

© Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2017 



 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘОЖ 82-1 



 

ЕҢЛІК-КЕБЕК ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ, ЖАЗЫЛУЫ МЕН 

ЖАРИЯЛАНУЫ  

Ағали Ә.С. 

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

I курс магистранты, 

Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Жұртбай Т.Қ.  

                                      Астана, Қазақстан 

 

Резюме 

В статье рассматривается варианты произведения Шакарима Кудайбердиева  «Енлик-

Кебек» и написание одного из первых произведений в драматургии пьеса   Мухтар  Ауезова 

«Енлик-Кебек». 

 

Summary 

In the article versions of the work of Sh. Kudaiberdiev «Enlik-Kebek» and writing onr of the 

first works in dramaturgy the play of Mukhtar Auyezov «Enlik- Kebek» are considered. 



 

Әдебиетіміз  бен  ұлттық  рухымызға  қолбайлау  болып  келген  кеңестік 

идеологияның құлдырауы еліміздің ғылымына зор өзгеріс әкеліп, зерделеу мен 

зерттеу нысаны жаңа арнаға бет бұра бастады. Қоғамдық көзқарастың жаңаруы 

әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттерінен  саналатын  әдеби  мұраларды  тың 

серпіліспен  зерттеуді  қажет  етеді.  Осы  негізде  жаңаша  пайымдаулар  жасалып, 

ұлттық  рухани  мүдде  тұрғысынан  тың  толғамдар  түйінделді.  Шәкәрім 

Құдайбердіұлы,  Әріп  Тәңірбергенов,  Көкбай  Жанатаев,  Уәйіс  Шондыбаев, 

Мағауия  Құнанбаев,  Тұрағұл  Құнанбаев,  Төлеу  Көбдіков,  Мұқа  Әділханов, 

Баймағамбет  Айтқожаұлы,  Тайыр  Жомартбаев  сынды  Абайдың  ақын  

шәкірттері  халқымен  қайта қауышты.  Мұралары ел  игілігіне айналып, ғылыми 

жүйеге түсе бастады.  

Ғұмыр кешкен  заманы  бір, алаш деген тілегі ортақ, қаламгерлік мұраты 

ұқсас ақын-жазушыларды танып-білудегі зерттеушілер ұстанымы мен   мүдде – 

пайымынан  әдебиеттану  ғылымы  даму  алып  жүйеленбек.  Заман  ағысына 

қаймықпай  қарсы жүзіп,  қазақ әдебиетінің күрделі кезеңдері мен жетістіктерін 

басынан  өткерген  әрі  даму  бағытын  анықтаған    қазақ  әдебиетіндегі  ірі 

тұлғалардың  бірі  –  Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  Бала  жасынан  ұлт  зиялыларының 

ақыл - өнегесімен сусындаған Шәкәрім қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.   

Халқымыз тарихтың талай талқысына түскенімен, тәуелсіздік алғалы бері 

өткен  дәуірлердің  сан  ғасырлық  жолынан  сабақ  ала  отырып,  кемел  келешекке 

қадам  жасады.  Сол  тарихпен  бірге  жасасып  келе  жатқан  төл  әдебиетіміз 

көптеген көне сырларды бойына бүгіп жатыр.  

Осындай оқиғалардың бірі ел арасында үлкен дау тудырған, ірі руаралық 

қақтығыстармен ерекшеленіп тарихтан орын алған Еңлік пен Кебек трагедиясы.   


 

Қалмақпен  соғысып,  жау  шапқаннан  зәрезап  болған  ел  мен  сол  елдің 



тізгінін  ұстаған  екі  ру  арасындағы  тұтанғалы  келе  жатқан  шапқыншылықтың 

алдын алып, ата жолын аттаған екі боздаққа қатал үкім шығарады.  Шабысқалы 

келген  екі  ел  басылып,  Тобықтының  батыры  –  Кебек  пен,  Матайдың  сұлуы    -  

Еңлік    ат  құйрығына  байланып,  ажалға  кесіледі.  Қос  қыршынның  хикаясы  ел 

аузында  сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетті.  Араға  бір  ғасыр  салып  Абайдың 

ұйытқы  болуымен  қазақ  әдебиетінің  талқысына  түсіп,  жаңа  туындылар  легін 

әкелді.  

Еңлік  пен  Кебек  оқиғасына  байланысты    әртүрлі  жанрда    жазылған    бес 

көркем  шығарма  бар.  Олар  –  «Дала  уалаяты  газетінде»  жарияланған 

«Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» және «Қазақ турасынан хикая» 

атты  екі  әңгіме,  Мағауия  мен  Шәкәрімнің  «Еңлік-Кебек»  поэмалары  және 

Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы. 

Алғашқы  нұсқа  1892  жылы  «Дала  уәлаяты  газетінің  29,  31,  32,  34-40- 

сандарында  екі  тілде  –  «Қазақтардың  естерінен  кетпей  жүрген  бір  сөз»  және 

«Незабытое  прошлое    и  настоящее  киргизов»  деген  атпен  шықты.  Соңынан 

«Ұмытылған» деп  қол  қойылыпты. Орыс тіліндегі нұсқаның  тақырып соңында  

«Сибирский вестник» газетінің 60-санынан алынып басылғаны туралы мәлімет 

берілген  [1,640].  Ғалым  Қайым  Мұхамедханұлының  пікірінше,  Абайдың  ақын 

шәкірттері  жазатын  Еңлік  пен  Кебек  туралы  оқиғаның  түп  тамыры  осы 

прозалық нұсқада жатыр. [2, 3].    

1900  жылы  тағы  да  сол  «Дала  уәлаяты  газетінің»  46-50  сандарында 

«Еңлік-Кебек»  сюжеті  жаңғырады.  Ғалым  Р.Нұрғали    1900  жылғы  нұсқа  1892  

жылғы  әңгіменің  көшірмесі  деп  тұжырым  жасап,  оның  себебін  жыл  соңында 

газет  оқырмандарының  назарын  аудару  үшін  жарияланған  деп  түсіндіреді.  

[3,19].    Сегіз  жыл  бұрын  жарық  көрген  әңгімеге  аздаған  өзгерістер  енгізіп, 

кейіпкерлер атын өзгерткенімен, бастапқы сарын сол күйінде сақталған.  

Абай  Еңлік-Кебек  сюжетін  ұлы  Мағауия  мен  інісі  Шәкәрімге  аманаттап, 

олар ақынның көзі тірісінде поэма етіп жазып шықты. Бірінші жазған Мағауия 

болды.  Мағауияның  өз  қолжазбасы  сақталмаған.  Дайырбай  Қожанұлы  деген 

М.Әуезовке тапсырған жалғыз қолжазба арқылы бізге жетіп отыр.  Ел арасына 

тараған  аңызды  жырлауда  Мағауия  тарихи  шындықты  екі  жастың  жазықсыз 

құрбандығына  апарып  тірейді.  Сол  себептен  Еңлік  пен  Кебек  –  қатыгез 

зорлықшыл  топтың  қолынан  құрбан  болған    бейкүнә  жандар  да,  ал  оған  үкім 

шығарған  Кеңгірбай  –  «іші  қатты,  залым  би»  болып  сомдалған.  Шығарманың 

басында: 

Заманның ғаділетсіз надандығын, 

Қозғады жүрек тілім, сөйле мығым, 

Баяғыны көксейді білімсіздер 

Мінекей көрсетейін жамандығын.  

-  деп автор өз ойын айтады.  

Бұл  тұрғыдан  алғанда  Мағауияның  поэмасы  тарихи  шығарма  емес. 

Шәкәрім  поэмасындағы  сияқты  оқиғаның  қай  уақытта  қай  жерде  болғандығы 

туралы ақпарат жоқ. Автордан тек: 


 

Батыр Кебек қиссасын білуші едім 



Көп  кейіген  жүрегім  дейді  шығар  -  деген  ақпар  ғана  ала  аламыз.  Тарихи 

оқиға тек фон ғана. Сондықтан, бата бұзған екі жасты ақтадың, талай ұрпақ «Би 

ата» деп табынған Кеңгірбай биді қараладың деп кінә арта алмаймыз. Ақынның 

авторлық  идеясы  өз  заманында  онсыз  да  тұсалды.  Мағауияның  сол  кезеңдегі 

шындығын  қоғам  қабылдай  алмайтын  еді.  Соны  байқаған  Абай  бұл 

шығарманың  халыққа  таралуына  тиым  салды.  «Мағауия  жазған  «Еңлік-

Кебекте»  рушылдықтың  белгісі  де  жоқ.  Найман,  Тобықты  деп  қарамайды, 

«халық»  деген  ұғым  бар.  Өз  елінің  –  Тобықты  ру  басыларының  Еңлік  пен 

Кебекке қаталдығын Мағауия кешпейді» [4, 128]. 

Тарихи  шындық  пен  көркемдік  шындық  аралас  жатқан  оқиғаның 

әдебиетке  қоныс  аударуына  тікелей  Абайдың  және  оның  әдеби  ортасының 

ықпалы  болған.  Бұл  жерде  Абай  бір  жағынан,  ел  арасында  «бұзақы»  атанып, 

теріс  бата  алған  екі  ғашық  –  Еңлік  пен  Кебекті  келешек  ұрпақ  алдында  ақтап 

алуға  тырысса,  екінші  жағынан,  ел  тағдыры  мен  ер  тағдыры  таразыға  түскен 

сюжетті  тақырып  етіп  бере  отырып,  жас  дарынның  қаламын  ұштау  мақсатын 

алға тартса керек. 

 

Абайдың  идеясын  арқау  еткен  Мағауияның  поэмасынан  кейін  Еңлік  пен 



Кебек  оқиғасы  Шәкәрім  қаламында  да  жалғасын  тапты.  Шәкәрім  «Еңлік-

Кебегінің»  де  нақты  қай  уақытта  жазылғаны  белгісіз.  Ақынның  қолымен 

жазылған  нұсқасы  саталмаған.  Бізге  1912  жылы  Семейдің  «Жәрдем» 

баспасында  «Жолсыз  жаза  яки  кез  болған  іс»  деген  атпен    жек  кітап  болып 

шыққан нұсқасы ғана жетті.  

Шәкәрім  поэмасына  тоқталар  болсақ,  мұнда  оқиғаға  қатысушы 

адамдардың  барлығы  өмірде  болған  адамдар.  Жер-су  аттары  да  бүгінгі  күнге 

дейін  халық  қолданысында.  Ол  поэмасын  бастамас  бұрын  оқиғаның 

тарихилығына  тоқталады.  Сол  заманның  тарихи  деректерін,  қазақ  пен  қалмақ 

арасындағы  соғыс  нәтижесінде    рулар  арасындағы  жер  бөлінісін  көрсетеді. 

Мысалы: 

Содан кейін қалмақты қазақ қуған,  

Жиылып шаба берді ойдан, қырдан. 

Тарбағатай, Шыңғыстың жан-жағында 

Көшпелі көп қалма бар бұрын тұрған.  

Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан 

Норжайсаң, Шәкушектен өте қашқан.  

Ата қоныс – Арқаны босатып ап,  

Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.   

-  деген  жолдар  қазақ  руларының  қалмақтан  босаған  жерге  орналасуы, 

соның ішінде Кеңгірбай мен Қараменде бастаған елдің Матай руы қоныстанып 

қойған  жерге  сыналай  келіп  отырғаны  жалпы  негізгі  тартысқа  апаратын  жол 

деуге  болады.  Себебі,  жер  мәселесіне  келгенде  Кеңгірбай  бидің  аса  қатал 

екендігін тарихи оқиғалар дәлелдейді.  

 «Еңлік-Кебек»  оқиғасын  ендігі  жырлау  кезегі  Абай  еккен  дәннен  қуат 

алған Мұхтар Әуезовке келді.  



 

Мұхтар Әуезов Еңлік пен Кебек басынан кешірген оқиғаның жаңғырығын 



жас  кезінен  сіңіріп  өскен.  Жазушы  Абайдың  ең  сүйікті  баласының  бірі 

Тұрағұлмен  араласатын  болған.    Тұрағұл  -  сол  елдің  арқа  тұтар  азаматы, 

танымал  шешені  халықтың  тарихы  мен  салт-жоралғысын  білетін  адам.  Ғалым 

Т.  Жұртбай  «Еңлік-Кебек»  пьесасының  жазылуына  Тұрағұлдың  үлкен  әсері 

болғанын жазады [5, 80]. 

«Еңлік-Кебек»  трагедиясы  1917  жылы  жазылып,    1920  жылы  мамырда 

киіз үй сахнасында Ж.Аймауытовтың режиссурасымен Семейде қойылады. 

 

Пьесадағы  сюжеттік  желі,  идеялық  нысаны,  өңделген  тұстары  белгілі 



ғалым,  Р.Нұрғалидың  монографиясы  мен  театр  зерттеушісі  Б.Құндақбаевтың 

еңбегінде  талданған.  «Еңлік-Кебек»  трагедиясына  академик  Рымғали  Нұрғали: 

«Ұлттық    топырақта  драматургиялық  дәстүрдің  жоқтығына  қарамай,  басқа 

елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере 

алатын трагедия жасады» [3,57], -деп жоғары бағасын берген.  

 

Мұхтар  Мағауиннің  де  Шәкәрім  қаламынан  туған  поэмаға  байланысты 



айтылған  пікірін  аса  құнды  деп  танимыз.  «...ұмытылмауға  тиіс,  кейінгіге  ой 

қалдырар,  ғибраты  мол  хикая  –  Еңлік  пен  Кебектің  тағдыры.  Шығарманың 

негізгі  арқауы    махаббат  трагедиясы  болғанымен,  автор  замана  кейпін 

нақтылау,  оқиғаның  ескі  күндерде  өткенін,  ендігі  жерде  мұндай  келеңсіз  істер 

болмауына  тиісін  дәлелдей  түсу  үшін  хикаяның  өмірлік  фонына  айрықша  мән 

береді,  шағын  көлемді  тарихи  ақпар  жасап,  Ақтабан  Шұбырынды  күндерін, 

елдің қырғынға ұшырап, азып-тозуын сипаттай келе, қазақтардың қайтадан күш 

жиып,  жауға  қарсы  аттанғанын,  үлкен  жеңістерге  жеткенін  айтады.  Автор 

мақсаты  -  жоңғар  соғыстарының  шежіресін  жасау  емес,  Еңлік-Кебек 

трагедиясына  себеп  болған  қоғамдық,  әлеуметтік  жағдайларды  айқындау. 

Сондықтан  да,  ақын  ойрат  одағы  жойылғаннан  соңғы  кезеңде  шығыс 

облыстарға  ауа  көшкен  рулардың  өзара  күресіне  арнайы  тоқталады.  Хандық  

өкімет құлап, әркім өз басына би болған замандағы бұл қақтығыс ел мүддесінен 

емес, ру мүддесінен, ағайынға тиесілі жайлау, қыстауды тартып алу мақсатынан 

туындаған  еді.  Әрине,  тар  жерде  тек  отырып,  аштан  қырылмадың  деп 

Тобықтыны  кінәлау  қиын,  бірақ  кең  қонысының    бір  өңірін  қаны  қарайып 

келген ағайынға қимаған Матайды да ақтау мүмкін емес. Енді ағайын арасында 

күрес  басталды.  Дәл  осындай  кезеңде  албырт  көңіл.  Ақ  махаббат  табыстырған 

Тобықты  жігіті  Кебек  пен  Матай  қызы  Еңліктің  тағдыры  қандай  болмағы 

айтпаса  да  түсінікті»  [2,19],-  деп  поэма  тарихилығы  мен  көркемдік  арнасына 

тоқталады. 

М.Әуезовтің  пьесасы  -  сахналық  қойылым  болғандықтан  нақтылықтан 

гөрі көркемдік жағына баса назар аударылған шығарма. Пьесада да, поэмада да 

көркемдік    сипат  пен  тартысты    оқиғаның  өзегі,  басы  болып  тұрған  негізгі 

бейне Нысан абыз образы.  

Ол Шәкәрімде: 

Ол кезде бақсы болған Нысан абыз, 

Шын дәулескер бақсының өзі нағыз. 

Жын айта ма кім білсін, шын айта ма, 


 

Айтқаны келеді деп қылады аңыз. 



-  деп  абыздың  бақсылық  әрекетін  азырақ  айтып  өтеді.  Ал,  М.  Әуезов 

сахна  тәртібінің  көркемдік  ерекшеліктеріне  бағына  отырып  жасаған.  Мұнда 

Нысан  абыз  батагөй  бақсы,  әрі  өз  руының  қамын  ойлайтын  ақсақал  ретінде 

көрінеді.  Абыздың  монологына  назар  аударсақ:  «Жаратқанның  жарлығына 

ризамын,  аз  ауыл  тобықтының  алақанына  салған  батагөйі  қылды.  Сақал-

шашым ағарғанша, тұғырымнан тайғаным жоқ. Қарқара би-төре, батыр-балуан 

әлі  де  болса  алдымнан  өтеді,  оң  батама  ынтық  болады.  Келе  жатқан  күндерді, 

көмескіні  болса  да  сенеді»  -дейді.  Бұл  арқылы  Нысан  абыздың  өз  тірлігіне  

болжағандарының  барлығы  келмесе  де  елдің  сенетініне  риза  қария  бейнесін 

көреміз.  

Пьесада  М.Әуезов  нақтылы  айтпаса  да  негізгі  Кеңгірбай  ойын  поэмамен 

үндес  алады.  Кеңгірбай  пьесада  жеке  тұрып,  монолог  айтпаса  да,  Шәкірім 

поэмасында  суреттелетін  түпкі  ойы  білінеді.  Себебі  бұл  тарихты  Мұхтар 

Әуезов өте жақсы білетіндіктен Кеңгірбай биді қанша ақтап алайын десе де, өз 

ойын жазбауы, білдірмеуі мүмкін емес. Тарихты бұрмалау да мүмкін емес. 

  

М.Әуезовте  тартыс  драмалық  шығарманың  талабына  сай  шым-шытырық 



шырғауға  түседі.    Ол  тартыс  Кебек  пен  өзі  сенген  елі  –  тобықты  билеушілері, 

Кебек пен Есен, Еспенбет бастаған қанышерлер мен Еңлік-Кебек 

Махаббаты, Абыз, Жапалдар  арасында ұштасып, сюжеттің бөліктерін шырмап 

тұр. Драматург бар оқиғаның кілтін билер сахнасына әкеліп тірейді. 

 

Жоғарыда  аталған  нұсқалардың  барлығына  ортақ  фабула  бар,  ол: 



Тобықты  жігіті  абызға  барып,  болашағын  болжатады.  Бірақ  абыздың  ажалды 

болжамына  көңіл  бөлмейді.  Көп  кешікпей,  аң  аулап  жүргенде  Еңлікке 

жолығып,  көңіл  қосады.  Еңліктің  айттырып  қойған  жері  бар.  Оның  үстіне 

тобықтылар мен Еңліктің елі матайлар бір-бірімен  жауласқан рулар. Жүректері 

бірге  соққан  екі  жас  еш  кедергіге  қарамастан  қашып  кетеді.  Олардың  ендігі 

тағдырын елдің тұтқалары шешіп, өлімнен басқаны лайық көрмейді. Бұл шешім 

орындалады да, екі жастың артынан сәби қалады.  

Нысан  абыздың  болжамы,  абыз  аузымен  айтылған  Еңліктің  келбеті, 

аңшылық  суреттері  мен  кейіпкерлердің  кейбір  сөздері  түгелдей  қайталанған. 

Бұл  бір  жағынан,  авторлар  арасындағы  әдеби  байланыс  пен  дәстүрлік 

сабақтастықты  көрсетсе,  екінші  жағынан,  авторлардың  аңыз  астарындағы 

ақиқатқа қиянат жасамағанын байқатады.     

Қорыта  айтқанда,  «Еңлік-Кебек»  жалаң  махаббат  трагедиясы  емес,  күллі 

қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтік  трагедиясы.  Еңлік  пен  Кебек  оқиғасының 

түйіні  –  матай  мен  тобықты  руларының  арасындағы  бітіспес  тартыс.  Оларды 

тартыстырып 

қойған 

себептің 



өзін 

қазбалай 

келгенде, 

қазақ-қалмақ 

қырғынының  кесірінен  жер  дауын  өршітіп  отырған  алагөздікті,  ру 

басыларының  өзара  керісін,  заманасы  тудырған  сана  мен  салттың  салдарын 

көреміз.  Авторлар  «Еңлік-Кебек»  сюжетін  арқау  ете  отырып,  ру  мен  ру 

арасындағы  кикілжің,  қазақ  тұрмыына  ежелден  таныс  жер  дауы,  жесір  дауы, 

қоғамдағы  көпшіліктің  жеке  адам  тағдырына  араласуы,  көптің  пікірі  жекенің 


 

ойын  тұмшалап  тастауы,  ой  бостандығы,  махаббат  еркіндігін  шектеу  сияқты 



әлеуметтік мәселелердің бетін аша алған. 

 

Еңлік пен Кебектің өткен өмірі жайлы шығармалар – халқымыздың өткен 

ғасырлардағы  өмір  сүру  салтына,  қаһарлы  билері  мен  қайратты  батырларына, 

сол батырларды қалтқысыз сүйе білген ару қыздарына соғылған ескерткіш.  



 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.  Дала  уәлаятының  газеті.  Әдеби  нұсқалар  (1888-1894).  Құрастырушы 

Субханбердина Ү.-Алматы: Ғылым, 1989. -656 б 

2.  Мұхаметханов  Қ.  «Еңлік-Кебек  солай  туған»  //Семей  таңы.  1987,  16 

сентябрь. – Б.3-4.  

3. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты: Монография. – Алматы: Жазушы 1968.  

-176 б   

4. Мұхаметханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 1-кітап. –Алматы: Дәуір, 1993, 

-224. 

5. Жұртбай Т. Бесігіңді түзе: Роман-эссе. -Алматы. Жазушы, 1997.-560б 



 

 

ӘОЖ 82-1/-9 

 

ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ  «АЛАПАР МЕН ДИНГО» ӘҢГІМЕСІНІҢ 

ПОЭТИКАСЫ 

 

Ашимова М.Г. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 

ІІІ курс PhD докторанты, 

                                       Алматы, Қазақстан 

 

Резюме

 

 



В  данной  статье  рассматривается  поэтика  рассказа  Шерхана  Муртазы  «Алапар  и 

Динго».  Праведность  и  чистота  присуще  произведениям  писателя.  Во  в

сех  его 

произведениях всегда присутствует 

морально-социальная справедливость.

 

                                                                                                                                       



 

Summary 

In  this  article 

explores

  the  poetics  of  story  of   

Sherkhan  Murtaza  "Alapar  and  Dingo." 

Justness  and cleanness inherently to works of writer. In  all  his morally-social justice. 

 

Халық    жазушысы,  мемлекеттік  сыйлықтың    лауреаты,  елінің  біртуар 



асыл  азаматы,    Жуалы  өңірінің  тумасы  Шерхан  Мұртазаның  биыл  75  жасқа 

толу    мерейтойы  қарсаңында  тәуелсіздік  кезеңіндегі  туындыларының  бірі, 

«Алапар мен Динго» әңгімесінің поэтикасына тоқталуды жөн көрдік. Еліміздің 

егемендік  жылдарында  Шерхан  Мұртазаның  қаламынан  «Соғыстың  соңғы 

жесірі»,  «Тәуекел  той»,  «Алапар  мен  Динго»,  «Шыршаның  жыры»,  «Бұршақ», 

«Жарамазан»,  «Мыңбұлақ»,  «Тұз  кесел»,  «Нахал  торғайлар»,  «Бабаның 



10 

 

оралуы»,  «Сарыала  қаз  –  Феникс»,  «Шағалалар  мен  қаңғыбастар»,  «Теке 



бұрқақ» 

[1;] 


сияқты 

 

классикалық 



әңгімелері 

туды. 


Жазушының 

шығармаларының  барлығының  дерлік  кейіпкерлері  –  адамдардың,  сонымен 

қатар  үй  хайуанаттарының,  құстардың,  тұз  тағыларының,  яғни  тіршілік 

әлеміндегі  әр  алуан  жан-жануарлардың  символдық  сипаттағы  іс-әрекеттері 

мейлінше  шыншылдығымен,  қысқа  да  нұсқа  шымыр  қайырымдарымен,  ішкі 

жан-дүниеңді  шаншып-шаншып  алатын  өткірлігімен,  кейде  ашынтып,  кейде 

сүйсінтіп 

жіберетін 

көркем 

жинақтауларымен 



баурап 

алатыны 


бар. 

Жазушының 

табиғаттың 

тұтастығын 

теңшеген 

тіршілік 

атаулыны 

философиялық  тұрғыдан  көрсетуге  баса  көңіл  бөлетін  әңгімелері  әсерлі  де 

тартымды.  

«Алапар  мен  Динго»  әңгімесінің  негізгі  нысана  етіп  алып  отырған 

кейіпкерлері  де  –    хайуанаттар.  Бірі,  сонау  Бурылтаудан  алып  келінген 

австралиялық  жабайы  иттің  тұқымы,  «Дикая  собака  Дингоның»    үрім-

бұтағынан  тараған.  Бұл  Дингоны  балалар  совет  жазушысы,  прозаик  Рувим 

Фраерман да өз повесіне 1939 жылы арқау етеді.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал