Графикалық компьютерлік модельдеу



жүктеу 1.02 Mb.

бет1/4
Дата10.04.2017
өлшемі1.02 Mb.
  1   2   3   4

Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

1



 

 

 

 

 

 

 

Т. Хакимова  

 

 

 

 

 

 

 

ГРАФИКАЛЫҚ  

КОМПЬЮТЕРЛІК  МОДЕЛЬДЕУ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 

2008  

Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

2



ББК 32.973я73 

Х 16 

Баспаға әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-

математика факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа 

кеңесі ұсынған 

 

Пiкiр жазғандар: 

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор  Шакенов К. К. 

(әл-Фараби атындағы  КазҰУ) 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жангисина Г. Д. 

(Алматы Технологиялық Университеті) 

 физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент  Керимбаев Н. 

(Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті) 

        

Х 16  

Хакимова Т. 

           Графикалық компьютерлік модельдеу. Оқу құралы.—  

           Алматы: Нұр-пресс, 2008.— 132 б. 



 

ISBN 9965-813-43-4 

 

Графикалық  компьютерлік  модельдеу — дербес  компьютерлерді  пайда-



ланудың  кеңінен  тараған    бағыттарының  бірі.  Графикалық  компьютерлік  мо-

дельдеудің  қолданылуы  аясы  өте  кең.  Ол  мультимедиялық  программалар, 

теледидар  жарнамаларын,  киноның  арнайы  эффектілерін  құрудан  бастап  ма-

шина  құрылымын    компьютерлермен  жобалау  мен  іргелі  оңды  зерттеулерді 

қамтиды. 

Оқу құралының мақсаты, студенттердi дербес компютерде жоғары дәре-

жеде  жұмыс  iстеудi ‰йрету,  қазiргi  кездегi  көптеген  қолданбалы  бағдарлама-

лардың  ж‰йесiн  пайдалана  бiлу  м‰мкiндiгiн  қалыптастыру  және  алған  бiлiм-

дерi  мен  тәжiрбиелерiн  болашақта  кәсiптiк  қызыметтерiнде  дұрыс  пайдалана 

бiлу,  мәлiметтердi  өңдеуде  компьютерлік  графиканың  м‰мкiндiктерiн  жоғар-

лату.  Оқулық  бес  бөлiмнен  тұрады 1-шi  Графикалық  компьютерлік  моде-

льдеуді оқытудың негізгі мақсаттары және WORD редакторында графиктерді 

пайдалану, 2-шi EXCEL-дің  графиктік  м‰мкіндіктері, 3-ші  Мәліметтер  қоры 

және  ақпараттық  ж‰йелер, 4-ші  Компьютерлерді  желілілерге  біріктіру  және 

Гиппермәтінді белгілеу HTML тілі, 5-ші Білімді тексеру тестік сұрақтар. 

Оқулық  жалпы  компьютерлік  білімді  арттыруға  және  компьютердің 

көмегімен кез-келген  графиканы орындап, ‰йренуге м‰мкіндік береді.  

 

                                                                    

ББК 32.973я73 

 

© Хакимова Т., 2008. 



ISBN 9965-813-43-4                         © Нұр-пресс, 2008. 

Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

3



 

 

 

 

 

 



КІРІСПЕ

 

 



Графикалық  компьютерлік  модельдеу  компьютерлiк  графиканың 

пайдаланылуы  адамның  кеңiстiктiк  ойлауы  тәрiздi  маңызды  сапасын 

дамытуға жаңа м‰мкiндiктер ашады. Бұл, әсiресе, геометрия, тригоно-

метрия  және  сызба  геометрияларын  оқыту  барысында  айқын 

байәалады. 

Графикалық  компьютерлік  модельдеу,  компьютерлiк  графика 

технологиялары  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  сызба 

геометрия  курсын  оқытудың  барынша  тиiмдi  құралы  болып  табы-

лады. Әсiресе, ол орта мектепте геометриядан қалыпты дайындығы 

жоқ,  сызба  геометрия  курсын  оқу  процесiнде  айтарлықтай 

қиындыққа тiрелiп ж‰рген студенттер ‰шiн өте тиiмдi. 

Геометриялық фигуралардың өзара қиылысуының әр т‰рлi проек-

циялары  мен  контурларды  тек  статикада  ғана  емес,  сонымен  бiрге 

динамикада да демонстрациялау м‰мкiндiгi бар. 

Оқу  барысында  кеңiстiктегi  елестету  мен  ойлауды  дамыту 

жоғары  математиканы  ары  қарай  ойдағыдай  меңгеруге,  әсiресе, 

эллиптикалық,  логарифмдiк  және  тригонометриялық  функцияларды, 

сондай-ақ, комплекстiк айнымалы функцияларды жақсы меңгеруге 

негiз болады. 

Кеңiстiктiк  елестету  тек  конструкторға,  скульптурға,  архи-

текторға немесе дизайнерге ғана қажет емес. Ол сондай-ақ, ғылыми 

қызметкерлер – математиктер, физиктер, химиктер, биологтар ‰шiн 

де  аса  маңызды  болып  табылады.  Тiптi  абстрактылы  сала  болып 

есептелетiн  сандар  теориясы  ‰шiн  геометриялық  болжам  аса 

пайдалы,  әрi  қажеттi  болып  есептеледi.  Мысалы,  Ферма,  Эйлер, 

Дирихле  және  Риман  тәрiздi  атақты  математиктердiң  жұмыстары 

барлық сандар ‰здiксiз жиында өтетiн қандай да бiр геометриялыә 

процестердiң, яғни комплекстiк саланың бейнесi болып табылады. 

Әлем  көп  өлшемдi,  ХХI  ғасырдың  адамдары  ‰шiн  әлемнiң 

басқа  да  өлшемдерiне  бара-бар  алуға  қажеттi  сапаларын  дамыту 

өте маңызды.  


Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

4



Графикалық  компьютерлік  модельдеу,  компьютерлік  графика 

жұмыстары – дербес  компьютерлерді  пайдаланудың  кеңінен 

тараған бағыттарының бірі. Графикалық компьютерлік модельдеудің, 

компьютерлік  графиканың  қолданылуы  аясы  өте  кең.  Ол  муль-

тимедиялық  программалар,  теледидар  жарнамаларын,  киноның 

арнайы  эффектілерін  құрудан  бастап,  машина  құрылымын  

компьютерлермен  жобалау  мен  іргелі оңды  зерттеулерді  қамтиды. 

Оқыту  саласына  компьютерлік  графика  жаңа  м‰мкіндіктер  әкелуде. 

Бейнелерді  талдау  процесінде  олардың  мазмұнын,  формасын, 

өлшемін,  т‰сін  қозғалмалы  т‰рде  басқаруға  м‰мкіндігі  бар.  Оқу 

компьютерлік  ж‰йелерде  графиканың  қолданылуы  ақпаратты 

тарату,  жылдамдығын  арттырып  қана  қоймай  кез  келген  маман 

‰шін  аса  маңызды  болып  табылатынын    іс-әрекетін  сапаларын 

интиуция  образдық  ойлау  тәрізді  қасиеттерін  дамытуға  м‰мкіндік 

береді.  Графикалық  компьютерлік  модельдеу,  компьютерлік 

графиканы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің негізінде ж‰ргізілуі 

тиіс,  сондай-ақ  іс-әрекеті  мен  практикалау  шығармашылық  жұмысы 

‰ндестік  табуы  тиіс,  ол  өз  кезегінде  шығармашылықты  қабылдап, 

т‰сіну  қабілеттерін  дамыту.  Негізгі  информатика  курсында 

графикалық редактор  Paint Brush редакторының м‰мкіндіктерімен 

шектеледі.  Ал  аталған  редакторды  оқыту  талаптары  қазіргі  уақыт 

талабына  сай,  компьютерлік  графикаға  деген  қызығушылығын 

ескере  отырып,  кәсіптік  графикалық  редактор Photo Shop оқытуы 

ұсынылады. 

 Бұл  курстың  бағдарламасында  қарапайым  графикалық 

редакторлардың  жұмыс  істеу  дағдылары  қалыптасқан.  Бағдарлама 

төмендегідей дидактикалық принциптерге негізделеді: ғылымилық, 

тиімділік, ж‰йелілік, бірізділік, көрнекілік.  

Осы принциптердің ішінде ғылымилық принципі ерекше көңіл 

аударуды  талап  етеді,  өйткені  осы  негізгі  бағыт  бойынша  оқыту 

барысында  образды ойлау қабілеті қалыптасады; 

-

 



 дербестік,  заттың  абстрактілі  образдан  абстрактілі  шартты 

схемалық образдарға көшуі және керісінше; 

-

 

 образдағы  теориялық  байланыстар  мен  тәуелсіздіктерді 



келтіру  м‰мкіндігі      (кеңістіктен  құрылымдық,  функционалдық, 

уақыттық); 

-

 

 образдың  дамытылуы,  оның  көп  аспектілігі  мен  санақ 



н‰ктесінің ауысуымен сипатталады; 

-

 



 образ  құрудың  әр  т‰рлі  тәсілдерін  меңгеру  және  оларға 

амалдар құру қолдану.

 


Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

5



 

 

1.

 

ГРАФИКАЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК 



МОДЕЛЬДЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ 

МАҚСАТТАРЫ 

 

 

 

 

 

 

-

 



 Қазіргі  компьютерлік  графиканың  теориялық  негіздері 

т‰сініктерін қалыптастыру; 

-

 

 қоршаған  ортадағы  ‰йлесімділік  туралы  болжамды  т‰с, 



фактура, линия, форма, кеңістік уақыт, қозғалыс, өзара әрекеттесу 

ұғымдары арқылы қалыптастыру; 

-

 

 компьютерлік  графиканың  ақпарттық  құралдарының    көп 



т‰рлілігі туралы болжамды  қалыптастыру;         

-

 



 компьютерлік  графиканың    программалық  құралдарының 

көп т‰рлілігі немесе көп образдылығы туралы нақты болжамды 

қалаптастыру; 

-

 



 Adobe  PhotoShop – растрлық графикалық редакторлардың 

жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;  

-

 

 шығармашылық    қабілетін,  шығармашылық  белсенділігін 



мен бағыттылығын дамыту;  

-

 



 сынау,  өзіндік  сынау,  ғылыми  көзқарас,  адамгершілік, 

қасиеттілілікті қалыптастырып, дамыту.  



Графикалық  компьютерлік  модельдеу  негіздерін  оқыту 

кезеңдері: 

Бірінші кезең. Бұл кезеңнің  негізгі  мақсаты - компьютерлік 

графиканың  теориялық  негіздері    бойынша  алған  білімді  бір 

ж‰йеге келтіру және оларды кеңейтіп тереңдету.  Бұл кезеңдегі 

оқытудың негізгі т‰рі  лекция болып табылады.  

Екінші  кезеңнің  негізгі  мақсаты – графикалық  редакторда  

жұмыс істей білу іскерлікті жетілдіру, дамыту.  

‡шінші кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – компьютерлік 

графика  құралдарымен  жұмыс  істеу  іскерлігі  мен  білімін 

бекітіп, тереңдету, шығармашылық қабілетті дамыту.     



Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

6



Графикалық  компьютерлік  модельдеудің      теориялық 

негіздері:      

-

 



 компьютерлік    графиканың  т‰рлері; 

-

 



 растрлық  графика; 

-

 



 векторлық графика; 

-

 



 растрлық және  векторлық графика арасындағы байланыс; 

-

 



 фракталдық графика туралы т‰сінік.   

Графикалық компьютерлік модельдеудің негізгі ұғымдары: 

-

 



Бейненің, экранның, принтердің  м‰мкіндіктері;             

-

 



Т‰с  және  т‰стер  моделі  ( RGB, CMYK, HSB) ; формат 

ұғымы  (PSD, TIFF.GIF, PCX, BMP, JPEG) форматтары. 



 Графикалық  компьютерлік  модельдеудің    аппараттық 

құралдары 

 Бейнелерді визуаландыру  құралдары, шығарудың цифрлық 

құрылғысы.  Басу  құрылғысы,  бейнені  енгізу  құралы - сканер;  

сканерлердің т‰рлері тексті және безендіруді-илюстрацияларды 

енгізуге арналған сканерлер, сканерлердің арнайы типтері.    

Графикалық  компьютерлік  модельдеудің    программалық 

құралдары  

Компьютерлік  графика  құруға  және  бейнелерді  өңдеуге 

арналған программалар пакетіне шолу.   

 



Компьютерлік  анимация туралы т‰сінік.  WEG – графика. 

 



Adobe  PhotoShop 6.0 растрлық редакторы. 

Программаның  қызметі  мен  м‰мкіндіктері;  редактордың 

интерфейсі.  Бейнелерді  көру,  бейнелерді  алу  тәсілдері,  бейне-

лердің  типтері.  Бөліктерді  ерекшелеу,  ерекшелеу  инструменттері, 

ерекшеленген  бөліктерді  т‰рлендіру,  сурет  салу  және  бояу 

құралдары.  Контурлар  мен  фигуралар,  каналдар  мен  маскілер, 

қабаттар  мен  жұмыс,  тондық  және  т‰стік  коррекция,  текспен 

жұмыс,  арнайы  эффектілерді  құруға  арналған  фильтрлер, 

бейнелерді  экспорттау, бейнені басып шығару. 

 

1.1. WORD РЕДАКТОРЫНДА ГРАФИКТЕРДІ 

ПАЙДАЛАНУ 

 

Word баска программалардан графиктер енгізуге және өзінің 



де  сол  тәрізді  график  т‰ріндегі  бекіне-керіністерін  тұрғызуға 

м‰мкіндік  береді.  Мәтіндік  кұжат  ішіне  сыртта  даярланған 



Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

7



графикті  ол  сиятындай  етіп  орналастыру  ‰шін  Енгізу=>Сурет 

(Вставка=>Рисунок)  командасын  орындап,  ішінде  сол  сурет 

орналасқан  файлдың  атын  көрсету  керек.  График  т‰ріндегі 

(иллюстрация) суреттерді алдымен алмастыру буферіне көшіріп 

алып,  соңынан  барып  оны  курсор  тұрған  орынға  буферден 

енгізу арқылы да орналастыруға болады. 



Графиктерді орналастыру принциптері 

Word  сырттан  келген  графикті  мәтін  элементі  ретінде 

қабылдайды, яғни оны басқа шамадағы мәтіндік символ ретінде 

қарастырады. График бастапқы құрылған кездегі көлемімен мәтінге 

енгізіледі. Егер график көлемі мәтін жолынан ені бойынша асып 

кетсе, онда ол сол мәтіндегі жол еніне қарай масштабын кішірейтіп 

барып орналасады. Графикті енгізу барысында мәтін қатарлары-

ның оны орналастыру ‰шін автоматты т‰рде аралары ашылады. 

Құрамына  график  енгізілген  мәтінге  жаңа  қатарлар  қосу  бары-

сында, сурет мәтінмен бipгe төмен жылжып отыратын болады. 

Графиктік  элементті  белгілеп  алу  ‰шін  оның  кез  келген 

н‰ктесінде  тышқанды  сырт  еткізсе  жеткілікті,  сонда  график 

шекаралары  бойымен  кішкене  квадраттар  пайда  болады.  Мәтін 

ішіндегі  белгіленген  графикке  басқа  элементтер  сияқты  т‰рлі-

т‰рлі  өңдеуді  жургізуге  болады.  Графикті  мәтін  жолдарына 

ыңғайлы т‰рде орналастыру ‰шін оны кадр iшінe енгізу қажет. 

Ол  ‰шін  алдымен  графикті  белгілеп  аламыз,  содан  кейін 

Енгізу

Кадр  (Вставка⇒Кадр)  командасын  орындау  қажет. 

Нәтижесінде ішіне белгіленген график енгізілген кадр құрылып 

шығады.  

Құжатта орналастырылған графикті т‰пнұсқасына байланысты 

өзгертіп отыру ‰шін мәтінге енгізу кезінде Байланыстар (Связи) 

опциясын  орнату  қажет.  Өкінішке  орай,  бұрын  орналастырылған 

суреттер  ‰шін  "бастапқы  файл - сурет"  байланысын  орнату 

қарастырылмаған. 

Графикті  т‰пнұсқасына  байланысты  жаңартып  отыру  ‰шін, 

алдымен  оны  белгілеп  алып,  сосын  Тузету

Байланыстар 

(Правка=>Связи)  командасын  орындау  керек.  Сол  кезде  пайда 

болатын  терезеде  т‰пнұсқамен  байланысты  анықтайтын  аттар 

белгіленіп тұрады. Осы сәтте Қaзip жаңарту (Обновить сейчас) 

командасын орындау арқылы байланыс орнатылады. Терезедегі 

суретті басқаға ауыстыруға болады, ол ‰шін бастапқы нұсқаны 


Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

8



ауыстыру операциясын орындау қажет, сонда мәтінге бұрынғы-

ның орнына жаңа сурет қойылатын болады. 

Көбінесе  баспаға  шығару  алдында  байланыстарды  автоматты 

т‰рде жаңарту ici орындалады. Сондықтан мәтін баспаға басыл-

ған сайын график те жаңарып отырады. 

Графиктік элементтерді редактордың өз м‰мкіндіктерімен де 

құруға  болады. Word-та  сызықтарды,  тұйық  аймақтарды  (толты-

рылған  немесе  іші  бос),  ішіне  мәтін  орналасқан  төртбұрыштарды 

(рамка), т. б. салуға болады. 

Word-та сурет салу 

Қарапайым  графикалық  элементтерді  (т‰зу  сызық,  қисык 

сызық,  дөңгелектер,  іші  боялған,  боялмаған  көпбұрыштар, 

мәтінмен  толтырылған  тіктөртбұрыштар) Word құрамындағы 



графиктік редактордың көмегімен салуға болады. Сурет салатын 

элементтермен  тек  редактордың  парақ  беттерін  белгілеу 

режимінде ғана жұмыс icтeyгe болады. Word программасы сурет 

салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты т‰рде ауысады. 



Графиктік редактор саймандары 

Тузу сызық сызу - Word графиктік редакторының ең қара-

пайым  м‰мкіндігі.  Сызық  сызу  ‰шін  экранның  төменгі  жағындағы 



Сурет  салу  саймандар  панеліндегі  т‰зу  сызық  бейнесі  тұрған 

батырманы сырт еткізсе жеткілікті. 

Тышқан курсорын т‰зудің бастапқы орналастырып, сол жақ 

батырманы  баса  отырып,  сызықтың  соңғы  н‰ктесіне  қарай 

курсорды  жылжыту  керек.  Осылайша  т‰зу  сызық  салып  алған 

соң, оны горизонтпен 0°, 30°, 45°, 60° немесе 90° бұрыш жасайтын 

етіп  орналастыру  ‰шін  сызықты  тұрғызу  процесінде  Shift  

пернесін жібермей ұстап тұру қажет . 

Сызық салып алған соң, оның төңірегінде тышқанды екі рет 

сырт еткізсеңіз, экранға «Салынған объект» ("Рисованный объект") 

деген  сұхбат  терезесі  шығады.  Енді  сызық  параметрлерін,  яғни 

оның сызылу стилін (тұтас немесе пунктирлі), т‰сін, қалыңдығын 

және т. б. таңдап алуға болады. 

Бұл  сұхбат  терезесін  "Сурет  салу"  саймандар  панелінің 

сызықтың  бірнеше  т‰pi  бейнеленген  батырмалар  көмегімен  де 

шақыруға болады. 



Дөңгелектер мен эллипстерді  саймандар панелінің көмегі-

мен  салуға  болады.  Ол  ‰шін  эллипс  бейнесі  тұрған  батырманы 



Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

9



сырт  еткізіп,  сосын  курсорды  бастапқы  н‰ктеге  орналастырып, 

тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басулы  к‰йде  ұстап  тұрып, 

эллипсті  кажетті  мелшерге  дейін  ‰лкейту  керек.  Осы  әрекетті 

орындау  кезінде  эллипс  центрі  де  жылжытылып  отырады,  оны 

бip н‰ктеге бекітіп алу ‰шін салу барысында Ctrl пернесін басып 

ұстап  тұрса  болғаны.  Шеңбер  салу  ‰шін  оны  салу  барысында 



Shift  пернесін  жібермей  ұстап  тұру  керек,  оның  да  центрін 

жылжытпай  бекіту  мақсатында Ctrl  және  Shift  пернелерінің 

екеуін де жібермей ұстап тұруға болады. 

Тіктөртбұрышты  тұрғызу  ‰шін  алдымен  оның  бейнесі 

тұрған  батырманы  сырт  еткізіп,  содан  кейін  курсорды  тіктөрт-

бұрыш  төбелерінің  біріне  келетін  н‰ктеге  апарып,  тышқанның 

сол  жақ  батырмасын  басып,  оны  жібермей  ұстап  тұрып, 

тіктөртбұрышты  толық  етіп  салу  керек.  Ctrl  пернесін  басып 

тұрып,  тіктөртбұрыштың  центрін  белгілі  бip  орынға  бекітуге 

болады. Ал квадрат салу ‰шін оны салу барысында Shift  пернесін 

басулы  к‰йде  ұстап  тұру  қажет.  Алдыңғы  жолдардағыдай  Ctrl 

және Shift пернелерін де бірдей қолдануға болады. 

 

Тузу сызықты форматты экран 

 

Доға. Бұл батырманың көмегімен шеңберлер мен эллипстер 

доғаларын  салуға  болады.  Оны  салу  барысында  Shift  пернесін 

жібермей  ұстап  тұрып, 45°-тi  шеңбер  секторын  тұрғызуға 


Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

10



болады.  Сондай-ақ  Ctrl  пернесін  басып,  шеңбер  немесе  эллипс 

центрін бip орынға бекітіп  алу м‰мкіндігі бар. 



Кез  келген  көпбұрыш  оның  бейнесі  салынған  батырма 

көмегімен  салынады.  Курсорды  көпбұрыштың  бip  төбесіне 

орналастырып  алып,  сол  жақ  батырманы  жібермей  ұстап  тұру 

арқылы  көпбұрыштың  бip  қабырғасын    салуға  болады. 

Көпбұрыштың  келесі  төбесін  анықтау  ‰шін  тышқанды  сырт 

еткізіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пepнeci 

көпбұрыш  қабырғасының  горизонтпен  жасайтын  бұрышын 

тұрақты  етіп  ұстап  тұруға  м‰мкіндік  береді.  Соңғы  қабырғаны 

өшіріп  қайта  сызу  ‰шін  Backspace  пернесін  қолдануға  болады. 

Соңғы  алғашқы  төбемен  дәл  т‰cipy ‰шін  Esc  пернесін  басу 

керек, сонда олар автоматты т‰рде бip н‰ктеге т‰седі. 

 

1.2. САЛЫНҒАН СУРЕТТІ ЖИЕКТЕУ,

 

ОНЫҢ ІШІН 



БОЯУ ЖƏНЕ ӨРНЕКТЕУ

 

 



Кез келген бір суретті салып алған соң, келесі м‰мкіндіктерді 

қолдануға болады: 

 

Сурет салу панеліндегі Сызықтың т‰сі (Цвет заполнения) 



батырмасы  көмегімен  контурлық  сызықтың  тұтастығы  мен 

т‰сін өзгерту; 

 

тұйық  сызықпен  қоршалған  фигураның  ішкі  аумағын 



бояу ‰шін Толтыру т‰сі (Цвет заполнения) батырмасын пайда-

лануға болады. Ол батырманы тышқанмен сырт еткізу т‰стерді 

таңдауға м‰мкіндік беретін сұхбат терезесін ашып береді; 

 



ұсынылған нұсқалар (шаблондар) арқылы тұйық аймақты 

белгілі  бip  өрнекпен  толтыру  м‰мкіндігі  де  бар.  Ол  ‰шін  кон-

текстiк менюді ашып, Объектіні форматтау (Форматирование 

объектов)  командасын,  сосын  экранға  шығатын  толтыру 

(Заполнение) парағын пайдалану керек 

Салынған  объектілерді  ары  қарай  өңдеуге  болады.  Ол  ‰шін 

алдымен  өзгертілетін  объект  белгіленуге  тиіс.  Белгілеу  сол 

элемент  курсормен  көрсетіп  тұрып,  тышқанды  сырт  еткізу 

арқылы  іске  асады  (элементті  құрайтын  сызықты  көрсетіп 

тұрып  "сырт  еткізу",  сонда  белгіленген  объект  шекаралары 

бойынша  кішкене  квадраттар  пайда  болады.  Шекарадағы  осы 

квадраттарды  курсормен  іліп  алып,  созу  арқылы  графиктік 


Графикалық компьютерлік модельдеу 

 

11



элементтердің  масштабын  өзгертуге  болады.  Фигуралар 

құрайтын элементтер ‰шін объектіні белгілегеннен кейін  пайда 

болатын  т‰йінді  н‰ктелерді  жылжыта  отырып,  объект  пішінін 

жөндеп  т‰зетуге    болады.  Ол  ‰шін  Сурет  салу  панеліндегі  




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал