Государство и религия №4 (31). indd мемлекет және дін




бет1/19
Дата13.03.2017
өлшемі16 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Государство и религия  №4 (31).indd

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІ
Астана, 2014 жыл
4 (31) 2014

2
ББК 86:67.0
Р 31
Р 31 «МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт 
министрлігі Дін істері комитетінің журналы, № 4 (31), 2014 – 120 б.
Р 31 «ГОСУДАРСТВО И РЕЛИГИЯ»: Журнал Комитета по делам религий 
Министерства культуры и спорта Республики Казахстан, № 4 (31), 2014 – 120 с.
ISBN 978-601-7060-21-3
«Мемлекет жəне дін» журналы орталық жəне жергілікті мемлекеттік қызметкерлер, 
дінтанушылар,  саясаттанушылар,  əлеуметтанушылар,  жоғары  оқу  орындарының 
студенттері, қоғамдық жəне діни бірлестіктер мен БАҚ өкілдері үшін арналған.
Журнал  «Государство  и  религия»  предназначен  для  сотрудников  центральных  и 
местных  органов  государственной  власти,  теологов,  политологов,  социологов, 
студентов  вузов,  представителей  религиозных  и  общественных  объединений  и 
СМИ.
Басылымға жауапты:
М. Сәрсембаева
Ответственная за выпуск:
М. Сарсембаева 

3
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің журналы
№ 4 (31), 2014
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН»
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН
4 (31) 2014
Қазақстан Республикасының Мәдениет 
және спорт министрлігі Дін істері комитетінің басылымы
2008 жылдан бастап әр тоқсан сайын шығады
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ
Әзілханов М.А.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі
Шойкин Ғ.Н.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Дін істері комитетінің төрағасы
Кулекеев Б.К.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 
Дін істері комитеті төрағасының орынбасары
Иманбаев М.Ө.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Дін істері комитетінің басқарма басшысы
Журнал Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 
04.12.2014 жылы қайта тіркелген.
Тіркеу куәлігі №14777-Ж

4
МАЗМҰНЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 
Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиында 
сөйлеген сөзі ..............................................................................................5
«Терроризм және интернет» тақырыбында 
өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференциясының материалдары ............................................... 7
Қазақстан дінтанушыларының IV Форумының 
материалдары ..........................................................................................16
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 
Комитеттерінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
спорт министрлігі Дін істері комитетіндегі көшпелі 
отырысының материалдары ............................................................24
«Жастардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жастар 
арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, 
толеранттылықты насихаттау» тақырыбындағы 
брифингтің материалдары ................................................................32
Нормативтік құқықтық актілер ........................................................38
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт 
министрлігі Дін істері комитеті қызметкерлерінің 
жариялымдары  ......................................................................................43
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Дін істері комитетінің оқиғалар хроникасы ..............................56

5
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің журналы
№ 4 (31), 2014
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН»
Мемлекет басшысы жиналғандарды мерекемен 
құттықтап,  Қазақстан  бүгінде  өз  тарихының  тағы 
бір белесіне сенімді түрде өткенін айтты.
–  Уақыт  ағысы  бізді  Қазақстан  Республикасы 
тұңғыш  рет  өзін  тәуелсіз  мемлекет  ретінде 
жариялаған  1991  жылғы  16  желтоқсандағы  ұлы 
күннен  тез  алыстатып  барады.  Халық  жасаған 
таңдаудың сарқылмас тарихи күшін біз жыл өткен 
сайын  терең  сезініп  келеміз.  Ол  –  еркін,  еге-
мен  елде  татулықта,  бір-біріне  деген  сенім  және 
келісімде өмір сүру таңдауы, өз тағдырын қашанда 
өзі  айқындап,  болашағын  жасау,  –  деді  Қазақстан 
Президенті.
Нұрсұлтан  Назарбаев  «Нұрлы  Жол»  жаңа 
экономикалық  саясаты  жаһандық  сын-қатерлерге 
лайықты жауап болғанын атап өтті.
–  Біріншіден,  әлемдік  алмағайып  жағдайда 
инфрақұрылымдық  дамуға  ден  қою  –  қазіргі 
әлемдегі  табысты  елдерге  тән  ортақ  тренд. 
Екіншіден,  сапалы  жолдар  мен  коммуникация-
лар  салу  арқылы  біз  өңірлік  және  жаһандық 
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ТӘУЕЛСІЗДІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ 
ЖИЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
экономикалық  байланыстарға  тереңірек  бойлай-
мыз.  Үшіншіден,  инфрақұрылым  құрылысының 
ірі 
жобалары 
шетелдік 
инвестициялардың 
тұрақтылығын  сақтайды.  Олар  ұзақмерзімді  эко-
номикалық  өсімді  қамтамасыз  етеді.  Төртінші-
ден,  бұл  –  лайықты  еңбекпен  қамтудың,  еңбек 
өнімділігі  мен  халықтың  әл-ауқатын  арттырудың 
берік  кепілі.  Бесіншіден,  «Нұрлы  Жол»  –  барлық 
өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер, – деді Мемлекет 
басшысы.
Сонымен 
бірге, 
Қазақстан 
Президенті 
жаһандық  экономика  үшін  күшейіп  келе  жатқан 
қатерлердің бар екеніне тоқталды.
–  Бүгінде  барлық  елдерге  қиын.  Әлемдік 
нарықта  көмірсутек,  металл  және  басқа 
экспорттық  өнімдердің  бағасы  құлдырауда.  Бізге 
де  қиын  болады.  Осыны  қаперге  алған  жөн. 
Сондықтан  бекітіліп  қойған  бюджеттің  шығыс 
бөлігін  бізге  де  қысқартуға  тура  келеді.  Бірақ 
ол  әлеуметтік  шығыстарға  әсер  етпейді,  –  деді 
Нұрсұлтан Назарбаев.

6
Мемлекет  басшысы  өзінің  тапсырмасы-
на  сәйкес  Үкіметке  халық  алдындағы  барлық 
міндеттемелерді  қамтамасыз  етуі  тиістігін  еске 
салды.  Сонымен  қатар  Қазақстан  Президенті 
Үкімет  пен  Ұлттық  банктің  алдына  маңызды  екі 
міндет  қойды,  ол:  экономиканы  долларсыздан-
дыру  және  инфляциялық  таргеттеуге  көшу.  Бұлар 
«Нұрлы  жол»  жаңа  экономикалық  саясатының 
құрамдауышына айналуы тиіс. 
Елбасы  қазақстандықтардың  қазіргі  буынының 
еңбегі  ел  тарихында  айрықша  орын  алатынын 
айтты.
–  Бұл  –  1995  жылы  наурызда  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  құрылуы,  1995  жылы  30  тамыз-
да  ел  Конституциясын  бүкілхалықтық  қабылдау, 
1998  жылы  Астананы  елордасы  деп  жария-
лау.  Біздер,  қазақстандықтардың  қазіргі  буы-
ны,  біртұтас  халық  ретінде  болашақтың  басты 
бағдарын  айқындадық.  Біз  алдымен  2030  Стра-
тегиясын,  сосын  «Қазақстан-2050»  Стратегиясын 
әзірлеу  арқылы  тарихта  алғаш  рет  оқиғалардың 
соңынан  ілеспей,  алға  озатын  болдық,  –  деді 
Нұсұлтан Назарбаев.
Мемлекет  басшысы  бірнеше  маңызды  дата-
лар  атап  өтілетін  алдағы  жылдың  ерекшелігіне 
тоқталды.  Атап  айтқанда,  Қазақстан  халқы  ассам-
блеясы  жылының  аясындағы  іс-шаралар  және 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  бүкіл 
халық  тарапынан  қабылдануының  20  жылдығы 
өтеді.  Сонымен  қатар  ұлттық  тарихымыз  бен 
мәдениетіміздің  маңызды  датасын  –  Қазақ 
хандығы  құрылуының  550  жылдығын  атап  өтетін 
боламыз.
Сондай-ақ  Қазақстан  ТМД  елдерімен  және 
бүкіл  әлеммен  бірге  Ұлы  Отан  соғысындағы 
фашизмді  жеңген  жеңістің  70  жылдығын 
мерекелейді.
–  Біз  үшін  соғысқа  қатысқан  буынның 
ерлігі  туралы  естелік  әрқашан  қасиетті.  Біз  – 
әрдайым  өз  өткеніне  алғыс  сезімімен  және 
кешіріммен  қарайтын  халықпыз.  Тарихи  өткен 
шақты  біз  қашанда  тұтас  күйінде  және  оң 
көзқараспен  қабылдауымыз  керек.  Ол  барлық 
қазақстандықтарды бөлуге емес, біріктіруге тиіс, – 
деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан  Назарбаев  тәуелсіз  Қазақстанның 
бүкіл  тарихы  тұтасу  мен  бірігуге  негізделгенін 
айрықша атап өтті.
–  Бірлікті  сақтау  және  нығайту  –  ең  игі  іс. 
ХХI  ғасырда  тек  бірлігі  бекем,  еңбегінен  рахат 
тапқан,  азаматтары  тату  ел  ғана  бақытты  өмір 
сүреді. Біздер, қазақстандықтар, оны жүрегімізбен 
сезіндік.  Тәуелсіздік  жылдары  біз  рухани 
тұрғыдан шынығып, шыңдалдық, – деді Қазақстан 
Президенті.
Мемлекет  басшысы  Мәңгілік  Ел  идеясы 
мызғымас  тұрақтылықтың  символы  бола отырып, 
ертеңгі  күнге  жол  сілтейтін,  болашаққа  сенімді 
білдіретін идея екеніне назар аударды.
Қазақстан  Президенті  қазіргі  замандағы 
халықтың  тағдырын  айқындайтын  екі  басты 
қағидатты атады.
– Бұл – ұрпақ және құндылықтар сабақтастығы, 
сондай-ақ 
ұлттың 
ширақтығы, 
жастардың 
инновацияға  бейімдігі.  Біз  өз  тарихымызды  ба-
тыл  әрі  лайықты  түрде  игеруге  тиіспіз.  Әрдайым 
бірлігіміз болса, біз бұдан да қуатты бола түсеміз. 
Біздің  жалпыұлттық  Мәңгілік  Ел  идеямыздың, 
Мәңгілік  Отанымыздың  мән-маңызы  осында,  – 
деді Мемлекет басшысы.
Іс-шара  соңынан  Тәуелсіздік  күніне  арналған 
мерекелік концерт болып, оны ШЫҰ-ға мүше мем-
лекеттер үкіметтерінің басшылары да тамашалады. 
«www.akorda.kz» 
Қазақстан Республикасы Президентінің 
ресми сайты, 15.12.2014 жыл

7
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің журналы
№ 4 (31), 2014
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН»
«ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА 
ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК 
КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ
2014  жылғы  25  қарашада  Астана  қаласында 
«Терроризм  және  интернет»  тақырыбында 
халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция 
болып  өтті.  Аталған  конференцияны  Қазақстан 
Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрлігі 
Дін  істері  комитеті  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  жанындағы  Қазақстан  стратегиялық 
зерттеулер  институтымен  және  Еуропадағы 
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана 
орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Конференция  жұмысына  Қазақстан  Респу-
бликасы  Президенті  Әкімшілігі  мен  мемлекеттік 
органдардың  өкілдері,  Парламент  депутатта-
ры,  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымы  мен  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  са-
рапшылары,  отандық  ғалымдар  мен  Интер-
нет  қауымдастық  мамандары  қатысты.  Аталған 
шараға,  сонымен  қатар,  алыс-жақын  шет 
елдердің  14  мемлекетінен,  оның  ішінде  АҚШ, 
Ұлыбритания, Германия, Австрия, Италия, Біріккен 
Араб  Әмірліктері,  Ресей,  Молдова,  Өзбекстан 
елдерінің  ақпараттық  қауіпсіздік  және  терроризм 
мәселелерімен  айналысатын  беделді  ғалымдары, 
сарапшылары мен мамандары қатысты.
Конференция  барысында  Интернетте  және 
әлеуметтік  желілерде  экстремизм  мен  террор-
измді  насихаттауға  қарсы  іс-қимыл  бойын-
ша  халықаралық  ынтымақтастықтың  құқықтық 
аспектілері,  Интернет  кеңістікте  терроризм  идея-
ларын  насихаттау  деректеріне  мониторинг  жасау 
мен  анықтау  мәселелері,  тұрғындардың  діни  сау-
атын  көтеруде  Интернеттің  мүмкіндіктерін  пайда-
лану  және  кибертерроризм  мәселелері  кеңінен 
талқыланды. 
Конференция 
қатысушыларына 
арнаған 
құттықтау  сөзінде  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  Әкімшілігі  Басшысының  орынбасары 
Б.А.Майлыбаев  Қазақстанның  терроризмге  қарсы 
күресуде  халықаралық  қауымдастықтың  сенімді 
әріптесі  ретінде  бірізді  ұстанымды  басшылыққа 
алып  отырғанын  атап  өтті.  Атап  айтар  болсақ, 
елімізде  діни  экстремизм  көріністерінің  алдын 
алу  және  терроризмнен  төнетін  қауіп-қатерлерге 
тосқауыл  қоюдың  тетіктері  мен  әдістері  нақты 
айқындалған 
айтарлықтай 
құқықтық 
база 
қалыптастырылған,  Діни  экстремизм  мен  терро-
ризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыл-
дарға  арналған  мемлекеттік  бағдарлама  іске 
асырылуда.  Б.Майлыбаев  осы  ретте  елімізде 
діни  экстремизм  және  терроризмге  тосқауыл 
қою  бағытындағы  алдын  алу  жұмыстарына 
қоғамдық  күштерді  мейлінше  кең  тартуға  және 

8
тұрғындармен  өткізілетін,  оның  ішінде  Интернет 
кеңістікте  іске  асырылатын  ақпараттық-насихат 
жұмыстарын  жаңғыртуға  баса  назар  аударылып 
отыратындығын айтып өтті. 
Конференцияда  сөз  алып,  баяндама  жасаған 
Қазақстан 
Республикасы 
Қауіпсіздік 
кеңесі 
хатшысының  орынбасары  –  Қауіпсіздік  кеңесі 
хатшылығының 
меңгерушісі 
Әбдімомынов 
Азамат  Құрманбекұлы,  Қазақстан  Республикасы 
Мәдениет  және  спорт  вице-министрі  Әзілханов 
Марат 
Алмасұлы, 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті  жанындағы  Қазақстан  стратегиялық 
зерттеу  институтының  директоры  Ерлан  Карин, 
американдық 
«Джеймстаун» 
қорының 
са-
рапшысы  Джакоб  Зенн,  Тәуелсіз  мемлекеттер 
достастығының  Терроризмге  қарсы  орталығы 
бөлімінің  басшысы  Дмитрий  Салин,  италияндық 
«Vox  Populi»  ғылыми-зерттеу  орталығының 
президенті, 
түркітанушы-профессор 
Эрмано 
Визинтайнер  ғаламтор  желілерінде  діни  экстре-
мизм, радикализм және терроризм идеяларының 
насихатталуы  мәселесін  кеңінен  қозғай  оты-
рып, жаһандық сипатқа ие болып отырған терро-
ризм  мәселесін  және  оның  ғаламтор  кеңістігінде 
таралуының алдын алуда әлемдік қауымдастықтың 
ынтымақтасуының 
маңыздылығына 
арнайы 
тоқталды.
Конференцияда сөз алған ресейлік «Лаборато-
рия  Касперского»  компаниясының  стратегиялық 
жобалау  бойынша  директоры  Андрей  Ярных, 
ұлыбританиялық  «Albany»  оперативтік  тобының 
жетекшісі  Джереми  Томас,  италияндық  ISAG 
International институтының президенті және «Гео-
политика»  журналының  бас  редакторы  Тиберио 
Грациани,  Біріккен  Араб  Әмірлігінің  радикализм, 
діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл 
жөніндегі  Халықаралық  «Хедая»  орталығының 
өкілдері  Джемил  Килинч  пен  Уильям  Ричардсон 
Интернет  кеңістіктегі  кибертерроризмге  қатысты 
мәселелерді  айта  келіп,  виртуалдық  сипатта 
көрініс табатын әлеуметтік желілердің бақылаусыз 
қызметінің  мемлекетке  төндіретін  қауіп-қатерлері 
туралы ашып көрсетті.
Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымының 
Трансұлттық 
қауіп-қатерлер 
департаментінің  Терроризмге  қарсы  күрес 
бөлімінің  кеңесшісі  австриялық  Ярко  Иокинен, 
Вена  университетінің  Шығыстану  институтының 
исламтанушысы, профессор Рудигер Лолкер, Кав-
каз  технологиялар  университетінің  Ақпараттық 
технологиялар 
институтының 
директоры 
әзірбайжандық  Абзетдин  Адамов,  италияндық 
«Il  nodo  di  Gordio»  зерттеу-талдау  орталығының 
баспасөз-қызметінің 
басшысы 
Алессандро 
Марокки,  ақпараттық  технология  және  IT-
индустрия  маманы  германиялық  Макс  Шалл  Ин-
тернет  және  әлеуметтік  желілердегі  экстремизм 
мен  терроризм  қатерімен  күресудегі  әлемнің 
бірқатар  елдерінде  қолға  алынып  отырған  бас-
тамалар  мен  ұстанымдарына  кеңінен  тоқталып, 
ғаламтор  желісіндегі  терроризмді  насихаттайтын 
заңға  қайшы  контентпен  күресудің  техникалық, 
құқықтық  және  саяси  аспектілерін  жан-жақты 
тарқатып айтып берді. 
Конференцияда  баяндама  жасаған  Өзбекстан 
Республикасының  Руханилықты  насихаттау  орта-

9
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің журналы
№ 4 (31), 2014
«МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ДІН»
лығының  құқықтық  насихаттау  бөлімінің  бас-
шысы  Маткаримова  Гүлчехра  Абдусаматқызы, 
Молдава  Республикасының  Сыртқы  істер  және 
Еуропалық  интеграциялану  министрлігінің  депар-
тамент  директоры  Виталий  Русу,  Қазақстандағы 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  өкілі  Властимил  Са-
мек, ресейлік Group-IB компаниясының ақпараттық 
қауіпсіздік  себептерін  зерттеу  бөлімінің  басшы-
сы  Дмитрий  Волков,  Еуропадағы  қауіпсіздік  және 
ынтымақтастық ұйымы Кеңсесінің БАҚ бостандығы 
бойынша  аға  кеңесшісі  Михаил  Унланд  және 
Түркменстандағы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  ал-
дын  алу  дипломатиясы  жөніндегі  Аймақтық 
орталығының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі 
Армандс Пуполс ғаламтор желісіндегі экстремистік 
және  радикалдық  идеялардың  қоғамның  руха-
ни тұтастығы мен тұрақтылығына төндіретін қауіп-
қатері және оның алдын алуда бұқаралық ақпарат 
құралдарының  орны  мен  рөліне  жан-жақты 
тоқталды.
Конференция  жұмысына  қатысқан  Қазақстан 
Республикасы  Бас  Прокуратурасының  С.Есқараев 
атындағы  институтының  директоры  Салтанат 
Тұрсынбекова ғаламтор желілеріндегі экстремизм 
мен  терроризм  идеяларына  қарсы  күресудегі 
мемлекеттік  және  арнайы  органдардың  қызметі 
туралы  кеңінен  айтып  берген  болса,  отандық 
Досай  Кенжетай,  Есбосын  Смағұлов,  Ғазиз 
Телебаев, Айнұр Әбдірәсілқызы және басқа да са-
рапшылар мен ғалымдар Интернеттегі терроризм 
қауіп-қатерінің мәселелері мен алдын алу жолда-
рын ортаға салды. 
Конференция  түстен  кейінгі  уақытта  «Ин-
тернетте  және  әлеуметтік  желілерде  құқыққа 
қайшы  контенттер  мен  радикалды  идеология-
ны  таратуға  қарсы  іс-қимыл  шаралары  бой-
ынша  құқықтық  аспектілер  және  халықаралық 
ынтымақтастық»,  «Мониторинг  және  Интернет-
кеңістікте  терроризмді  насихаттау  фактілерін 
айқындау  проблемалары»,  «Тұрғындардың  діни 
сауатын  көтеру  мәселелерінде  Интернет  кеңістік 
мүмкіндіктерін  пайдалану»  және  «Кибертерро-
ризм  –  діни  экстремизмнің  салдары  ретінде» 
тақырыптарындағы  4  секциялық  отырыспен 
жалғасын тапты. 
Конференция  қатысушалары  теріс  идеялар-
ды  ұстанатын  әртүрлі  топтардың  ғаламтор  мен 
әлеуметтік  желілерді  өз  идеяларын  насихаттауға 
және  өз  қатарларына  жаңа  мүшелерді  тартуға 
шебер  пайдаланып  отырғанын  айта  келіп,  БАҚ 
беттерінде 
зорлық-зомбылыққа 
негізделген 
экстремистік  және  радикалдық  идеялардың  та-
ралу  жолдарына  пәрменді  тосқауыл  қою 
тетіктерін  жасақтаудың  күн  тәртібінде  алдыңғы 
қатарға  шығып  отыр,  Интернет  кеңістікте  тер-
роризм  мен  радикализм  идеяларының  таралуы 
мен  насихатталуының  алдын  алуда  мемлекеттің 
және азаматтық қоғам институттары мен БАҚ-тар 
тығыз  ынтымақтастықта  жұмыстар  жүргізу  қажет, 
Интернет  кеңістістікте  террористік  идеяларға 
пәрменді  тосқауыл  қою  үшін  мемлекеттік 
деңгейде қабылданып отырған шаралармен қатар 
халықаралық  қауымдастықтың  әлеуетін  біріктіру 
керек және осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру 
мақсатында үнемі тәжірибелермен алмасып отыру 
қажет деген тұжырымға келді.

10
«Vox Populi» ғылыми-зерттеу орталығының 
президенті, түркітанушы-профессор 
Эрмано Визинтайнер, Италия
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ – 
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТӨНГЕН 
ҚАУІП РЕТІНДЕ
Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселелері әлемдік са-
ясатта жетекші орын алады. 
Өткен  онжылдықтағы  лаңкестік  оқиғалары 
бүкіл  әлемді  дүр  сілкіндірді.  2001  жылдың 
11  қыркүйегінде 
«Әл-Қаида» 
халықаралық 
лаңкестік  ұйымының  мүшелері  Нью-Йорктегі 
Дүниежүзілік  сауда  орталығына  шабуыл  жасап, 
оны жойып жіберді. 
Осы  оқиғадан  кейін  әлемдік  қауымдастық 
лаңкестіктен  келетін  қауіпті  жете  түсініп,  бұл 
халықаралық  терроризмге  қарсы  бағытталған 
Ауғанстандағы және Ирактағы соғыс қимылдарына 
ұласты.
Осы  іс-шаралар  әлем  елдерінде  кон-
фессияаралық  шиеленісті  ушықтырып,  исламофо-
бия  толқынын  туғызды.  Терроризм  осы  тұрғыдан 
алғанда әлем елдерінің қауіпсіздігіне төніп тұрған 
қатер екендігі сөзсіз.
Жаһандану  терроризммен  күресуге  қабілетті, 
оның  халықаралық  сценарийлері  асимметриялық 
соғыстың даусыз кейіпкері етіп отыр.
Осы  себептердің  барлығы  өте  күрделі  болып 
табылатын құбылысты жаппай басқару адамзатты 
жауаптылыққа әкелуі тиіс.
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «G-global: 
XXI  ғасыр  әлемі»  атты  кітабында  –  бұл  кітап 
қазіргі  танда  итальяндық  «VXP-NDG»  баспа-
сында  басылымда  жатыр  –  «заманауи  әлемде 
тең  күш  принципіне  емес,  керісінше  ашықтық, 
сұхбаттастық  пен  өзара  сенімге  негізделетін 
жаһандық  қауіпсіздік  архитектурасын  құруға 
мүмкіндік беретін құқықтық, тарихи және мәдени 
ерекшеліктерді  ескеретін  өзара  әрекеттестік 
қажет» деген болатын. 
Мультикультурализмнің саяси дағдарысы, «араб 
көктемін»  басынан  өткерген  Таяу  Шығыс  пен 
Солтүстік Африканың кейбір елдерінде дінаралық 
және  ұлтаралық  қайшылықтардың  күрт  асқынуы, 
жекелеген  посткеңестік  елдерде  орын  алған 
этносаралық  шиеленістер  діндер,  мәдениеттер 
мен өркениеттер арасында ұлттық және жаһандық 
деңгейдегі  диалогтың  іске  асуын  тұрақты  түрде 
қолға алудың маңызды екенін дәлелдейді.
Қазіргі  күнде  тек  Батысқа  ғана  емес,  соны-
мен  қатар  барлық  әлемдік  қауымдастыққа  қарсы 
бағытталған жаңа проблема «Ирак пен Сириядағы 
ислам  мемлекеті»  немесе  оның  көшбасшысы 
Әбу  Бәкр  әл-Бағдади  жариялаған  неохалифаттық 
ИШИМ әрекетінен туындап отыр.
Исламның  радикалды  және  анти-батыстық 
түсіндірмелері.
Исламға  қарсы  бағытталған  идеологиялық  ис-
ламизм тарихи даму барысында пайда болып, «ба-
рынша  күш  салу,  талпыну»  мағынасын  білдіретін 
жихад  сөзін  пайдаланатын  фундаменталистік 
қозғалыстар  Құранды  түсінуге  қатысты  мәселеде 
өздерімен  келіспейтіндерді  дінсіздікпен  немесе 
діннен шығумен айыптай отырып (2) діни зорлық-
зомбылықты насихаттайды. 
Олар 
Мұхаммед 
пайғамбар 
заманынан 
кейін  орын  алған  барлық  жаңашылдықтарды 
bida  (еретиктік)  деп  санайды.  Бұл,  өз  кезегінде, 
араб  әлемінен  тыс  орныққан  Орталық  азиядағы 
түркілік,  немесе  парсылық  ортадағы  ислам  дінін 
ұстанушыларды  діннен  бас  тартушылар  немесе 
көпдінге  сенушілер  (күпірлік)  деп  айыптауға  жол 
ашады (3).
Олар Пайғамбар айтты делінетін Әл-Бухаридің 
«Сахих» деп аталатын жинағындағы әз-Заман идея-
сынан  туындайтын  заман  өзгерісін  білдіретін 
«Бұдан кейін қазіргіден нашар болатын заман бол-
майды», – деген сөзіне мән бермейді.
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.  Назарбаев  осы  ретте  «Халықаралық  экстре-
мизм  мен  терроризмді  қандай-да  бір  түрде  бол-
масын дінмен ақтауға жол берілмеуі тиіс. Барлық 
діндерді  ұстанушыларды  кез-келген  түрдегі  тер-
роризм  мен  экстремизмнің  дінге  қарсы  және 
адамзатқа  қарсы  екеніне  көздерін  жеткізу  қажет» 
деп санайды.
Діни  төзімділік  пен  сұхбатқа  қарсылық  та-
нытатын  идеологиялар,  бір  сөзбен  айтқанда 
Қазақстанда  2003-2012  жылдар  аралығында 
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 
4  съезі  өткен  және  діндер  көшбасшыларымен 

11
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің журналы
№ 4 (31), 2014


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал