Гүлсім рамашева, Түпқараған аудандық Азаматтық Бастама қоғамдық бірлестігінің төрайымы



жүктеу 197.91 Kb.

Дата02.04.2017
өлшемі197.91 Kb.

Гүлсім РАМАШЕВА, 

Түпқараған аудандық Азаматтық Бастама 

қоғамдық бірлестігінің төрайымы: 

-Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  Кеңесі нің 

отырысында  кеңес  мүшелері  бірауыздан 

Президент    сайлауын  мерзімінен  бұрын  өт-

кізу  туралы  Үндеу  қабылдады.  Бұл  Үндеуді 

бүкіл Қазақстан халқы қолдап отыр. Өйте тін 

себебі:  -  әлемдік  экономикалық  дағдарыс 

кез  інде  біздің  елімізде  мерзімінен  бұрын 

сайлау өткізу- «Нұрлы жол – болашаққа бас-

тар жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асы-

руға,  «Қазақстан  -2050»  бағдар ла ма сын да 

көр сетілген  елімізді  дамытуға  ба ғытталған 

жос парды қоғамның дамуына сай жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл сайлау науқаны – Президентті Қазақстанды  дағдарыстан алып шығуға 

мүмкіндік беретін басты мандаты. Әлемде тұрақсыздық орын алған жағдайда, 

өз ұстанған бағытымыздан айнымай, Қазақстанды жаңарту және алдыңғы 30 

елдің қатарына ену үшін қажет. Осы сайлау арқылы Мемлекет басшысының 

төңірегіне  топтасып,  еліміздің  одан  әрі  қарқынды  дамуына,  азаматтардың 

әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндік беретінімізге сенімдіміз. 

Біз ҮЕҰ, ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бас-

таманы қолдаймыз. Барша халықты қолдауға шақырамыз! Азаматтық қоғам 

мемелекет тарапынан қолдау тауып, ҮЕҰ өкілдері елде болып жатқан кез-

келген  процестерге  емін-еркін  қатысып,  араласып,  оған  өзіндік  үлесін  қоса 

алатын  жағдайға  жеткен  кезде  ғана  қоғам  қалыптасты  деуге  негіз  бар. 

Ендеше  демократиялық  даму  бағытын  ұстанып  отырған  Қазақстанда  аза-

маттық қоғам толық орнықты дей аламын және барша қазақстандықтарды 

Елбасының төңірегіне топтасуға шақырамын! 

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№11 (702)

19 АҚПАН,

2015 жыл

Газет 1931 жылдың 

5 тамызынан шыға бастады.

e-mail: akketikaraii@mail.ru



ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

АРДАГЕРЛЕР 

АРДАҚТАУҒА ЛАЙЫҚ



ҮН ҚОСУ

Митингіге  аудан  әкімінің  орынбасары     

С.Ерғазиев, Баутин ауылы әкімі Д.Меңдіханов, 

аудандық  қорғаныс  істері  бөлімі  бастығының 

уақытша  міндетін  атқарушы  А.Мазақбаев, 

«Азаматтық  бастама»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрайымы Г.Рамашева, Ауған соғысы ар дагері 

М. Кенжалиев естелік сөз сөйлеп, бей біт күн  нің 

жастарына  ақ  тілектерін  арнады.  Жалау 

Мыңбаев  мектеп-гимназиясының  оқу шылары 

көркемсөз оқыды. 

Митингіге  қатысушылар  ескерткішке  гүл 

қойып,  аудан  имамы  Опа  Жүсіп  сұм  соғыста 

қыршын  кеткендер  мен  Қ.Берішбаевтың  ру-

хына дұға бағыштады.

  «Ауған    соғысы  –  тарих    қойнауының    бір  

парағы»  атты  Кеңес  әскерлерінің  Ауған  же-

рі нен  шығарылғанына  26  жыл  толуына  орай 

Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясында  аудандық 

ішкі  саясат,  мәдениет  және  тілдерді  дамыту 

бөлімінің  ұйымдастыруымен  кездесу  кеші  

өткізілді. Кездесу кеші Ұлы  Жеңістің  70  жыл-

дығы  аясында  ұйымдастырылды. Кешке Ау-

ған соғысының ардагерлері Қ.Ходжаев, А.Нияз-

баев, Б.Өсербаев, С.Дүйсенбаев, Х.Ура залиев, 

З.Сабиков    қатысты.  Кеш  бары сында  оқушы-

лар    ардагерлерге    сұрақтар    қойып,  жауап 

берілді. Кеш  соңында  кешке  қатысушы  оқу-

шылар  ардагер  ағалармен  мектеп  алдына 

шығып, аспанға  бейбіт өмір дің нышаны іспетті 

көк түсті шар  ұшырып, естелік  суретке  түсті. 

Өмі рінің  өлшеулі  бір  бөлігі, жалындаған  жас-

тық  шағын оқ  пен  от  арасында  өткізіп, тағ-

дырдың    жазуымен    елге    аман-сау    оралып, 

ту ған  же рімен  қауышқан  майдангер  ағалар-

мен  кез десу  кеші  өте  әсерлі  өтті.



Гүлсім ҚАРЫМСАҚОВА

АУҒАН СОҒЫСЫ - ТАРИХ 

ҚОЙНАУЫНЫҢ БІР ПАРАҒЫ

Ауған  жерінен  Кеңес  әскерінің  шығарылғанына  биыл  26  жыл  толды.  Ауған 

жерінде  ерлікпен  қаза  тапқан  жерлесіміз  Қалмырза  Ағзамұлы  Берішбаевтың 

құрметіне бой көтерген Баутин ауылындағы ескерткіш жанына интернационалист 

жауынгерлер,  мектеп  оқушылары,  жергілікті  атқарушы  орган  қызметкерлері, 

әскери  бөлім  сарбаздары,  ҮЕҰ  өкілдері,  ауыл  тұрғындары  жиналды.  Митингі          

1 минуттық еске алу шарасымен басталды.  

Айдана МҰРАТОВА,  

Түпқараған аудандық 

«Жастар саясаты орталығының» маманы:

-Биыл Ассамблея жылы біздің орасан нақты 

істер  мен  жаңа  жетістіктердің  жылы  болады.

Сонымен  қатар  Ассамблея  жылымен  тұспа- 

тұс  келіп  тұрған,  Президент  сайлауы  өткелі 

отыр, біз жастар Президент сайлауын бір ауыз-

дан қолдаймыз! Елбасы саясатындағы басты 

қағида –бірлік деп білсек, бірліктің берекесі – 

бейбітшілік екенін тереңнен ұқ қа нымыз абзал. 

Жаңашылдықты жаңа қырынан  қырағы лық-

пен  танитын  жастар  қауы мы  да  біздің  Түп-

қараған  аудандық  «Жастар  саясаты  орталы-

ғы»  ұжы мының  бұл қолдауына үн қосатыны на 

сене міз!  Мерзімінен  бұрын  өтетін  президент 

сай лауын  қолдай  отыра,  жастарды  үнқосуға 

шақырамын!



МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН 

ӨТЕТІН САЙЛАУ- 

ДҰРЫС ШЕШІМ

Аманғали НИЯЗБАЕВ, 

Ауған соғысының ардагері:

-Елбасы  сайлауын  кезектен  тыс  биыл  

өткізу  туралы,  Қазақстан  Халқы  Ассам-

блеясы  мүшелерінің  ұсынысын  қолдағым 

келеді, және жалпы барша халық қолдайды 

деген сенімдемін. Елбасының еліміздің даму 

жолында  жасаған  еңбегі  өлшеусіз.  Пре зи-

дентіміздің  «Мәңгілік  ел»,  «Нұрлы  бола-

шаққа  –  бастар  жол»  Жолдауларында  ай-

тылғандай халықтың ұстанымы – тыныштық 

пен татулық, тұрақтылық болмақ. Біз, Ауған 

соғысы  ардагерлері,  әрқашан  Елбасын 

қолдаймыз, көршілес елдердегі алауыздық 

салдарынан туындап отырған, ақпараттық соғыс пен саяси соғыстың алдын 

алуға, тәжірибелі, білімді Елбасымыздай саясаткер тұлға керек. Мерзімінен 

бұрын  өтетін  сайлауға  неге  қарсылық  білдіруіміз  керек  екен?  Керісінше, 

қаржылық дағдарыс әлемді билеп отырған мына алаң да, елең шақта біз 

жүйелі  жұмысымыздың  жігін  сөгіп,  тігісін  тарқатып  алмау  үшін  бұл  дұрыс 

шешім. Біз күні кеше Ауған соғысының соңғы нүктесі қойылған күнді атап 

өттік.  Ел  бізді  келіп  құттықтап  жатыр,  менің  ойымша  бұл  тек  Ауған  ар-

дагерлерінің ғана мерекесі емес, барша бейбітсүйгіш адамзаттың мерекесі, 

соның  ішінде  біздің  қазақстандықтардың  әрбірінің  де  жеке  мей рамы  деп 

есептеймін. Біз соғыс көрген буын ретінде бейбітшілік үшін жүргізілетін бар-

ша саясатты қолдайтынымыз сөзсіз! 

Ұлтаралық  татулық пен  тұрақты лық тың  феномені  

- Қазақстан  халқы  Ас сам блея сының  20 жылдық    ме-

ре   кесіне  орай    6  ақ пан  күні      дене  шынық тыру    және 

спорт    бө лімінің    ұйымдасты руымен    ерлер  ара сында 

бас кетболдан  аудандық  жарыс өтті.  Жастар арасында 

салауатты өмір сал  тын қалыптасты руды мақсат еткен  

жа рысқа  әр  елді-ме кеннен,  сонымен  қатар  ау данға 

қарас ты  өндірістік  мекемелерден  ал дын-ала  ұйым-

дастырушылар  тара пынан  жібе рілген  ережеге  сай, 

бірнеше  сұра ныстар  қабылданып,  баскетбол  жа ры-

сында 6 команда бақ сынасты. Жа рыстың өту тәртібіне 

сәйкес  екі  топқа  бөлініп,  айнамалы  жүйеде  өткізілді. 

Жарысқа қа тысушы командалар ерекше да йын дықпен 

қатынасып, жоғары дә ре жеде ойын көр сетті. Жарыста 

І-орын ды  «Кос ми»  ко ман дасы,  ІІ-орынды  «М.Әбді-

халықов  орта  мектебі»,  ІІІ-орын  «Спорт  мектебі»  ко-

мандасы қанжығасына бай лады. Жа рыста ерекше көзге 

түскен  спорт шылар  «Үздік  қорғаушы»,  «Үздік  ша-

буылшы»    сонымен  қатар  «Үздік  ойын шы»  номина-

циялары мен  мара пат талды.  Же ңім паз  ко ман даларға 

дип ломдар мен ақ шалай сый лықтар та бысталды. 

 ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

ЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ  

БАСКЕТБОЛ БӘЙГЕСІ


2

akketikaraii@mail.ru



№11 (702) 19 ақпан 2015 ж.

СОТ ЗАЛЫНАН

Азаматша  Н.З.  11-қазан  2014  жылы  сағат  20.00  шама сында 

Форт-Шевченко қаласындағы ор талық базарға қарсы аялдамада 

тергеумен  анық талмаған  белгісіз  тұлғалардан  пай даланылуы   на 

ты йым салынған жалпы салмағы 23 кг болатын 6 бас бекіре ба-

лықтарын  заңсыз  сатып  алып,  жұбайының  бас қаруындағы 

«Toyota» маркілі автокөлігімен тасы малдаған.      

Сот  отырысында  Н.З.,  таққан  айыпты  мойындап,  11.10.2014 

жылы Форт-Шевченко қаласына ағайын дарына жұбайының бас-

қаруындағы  «Toyota»  маркілі  автокөлігімен  келгендерін,  сағат 

20.00 шамасында ағайындарының үйінен шығып, Форт-Шевченко 

қала сындағы  аялдама  жанындағы  дүкеннен  су  сатып  алып 

шыққанда бейтаныс жігіт өзіне бекіре балықтарын 1500 теңгеден 

сатып алуды ұсынғанын, өзіне бекіре балықтары керек болғасын, 

сатушы  жігітпен  сау даласып  1000  теңгеден  25  кг  деп  25  000 

теңгеге 6 дана бекіре балықтарын сатып алып, сатушы жігіт қапқа 

салынған  балықтарды  автокөлігінің  жүк  салғы шына  салып 

бергенін  айтты. Сондай-ақ, жұбайына қойдың етін сатып алғанын 

айтқанын, сол себепті ол өзі бекіре балығын сатып алғанын және 

автокөлігіне  тиегенін  білмегенін.  Ақтау-Форт-Шевченко  тас  жо-

лының  43-шақырымында  полиция  қызмет керлері  автокөлігін 

тоқтатып, жүк салғышын тексер генде сатып алған бекіре тұқымдас 

балықтары табылып алынғанын. Өзі бекіре тұқымдас балықтарын 

сатуға  тыйым  са лынғанын  білгенін,  алайда  балықтың  бағасы 

төмен  және  денсаулығына  байланысты  қажет  болғасын  сатып 

алғанын, жасаған іс-әрекетіне өкінетіні жөнінде айғақ берді.

11.10.2014  жылы  Н.З.-ның  қатысуымен  инспек тордың  куә-

лардың қатысуымен толтырылған тәркілеп алу және табу актісіне 

сай Н.З. жұбайының басқа руындағы «Toyota» маркілі автокөлігін 

қарау бары сында жүк салғышынан 6 дана бекіре тұқымдас ба-

лықтары табылып алынған болатын.

12.10.2014 жылғы өлшеу актісіне сай Н.З.-дан табылып алынған 

6 дана бекіре тұқымдас балық тарының жалпы салмағы 23 кг екені 

анықталады. 

Маңғыстау  облысы  бойынша  балық  инспекциясы  басқар-

масының балықты қарау туралы 13.10.2014 жылғы хаттамасына 

сай сотталушыдан алынған ішек-қарындары жоқ бекіре тұқымдас 

балықтары  екені  және  балық  ресурстарына  келтірілген  шығын   

191 682 теңгені құрайтыны анықталды.   

«Балық  ресурстары  мен  басқа  да  су  жануарларын,  олардың 

бөліктері  мен  дериваттарын  пайдалануға  шектеу  мен  тыйым 

салуды  енгізу,  оларды  пайдалану  орындары  мен  мерзімдерін 

белгілеу туралы» Қа зақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 

7 нау рыздағы № 303 Қаулысының 25-тармағына сай мына: өсімін 

молайту  кәсіпорындарын  (мемлекеттік  тап сырысты  орындау 

шеңберінде);  ғылыми-зерттеу  үшін  аулауды  жүзеге  асыратын 

ғылыми  ұйымдарын;  бекіре  тұқымдас  балық  түрлерін  аулауға 

квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қос-

пағанда,  жеке  және  заңды  тұлғаларға  бекіре  тұқым дас  балық 

түрлерін аулауға тыйым салу енгізілген. 

Сот  Н.З.-ның  іс-әрекетін  ҚК-нің  290-бабымен,  яғни,  пайда-

ланылуына тыйым салынған жануарларды са тып алу, тасымалдау 

деп дәрежелейді.   

Түпқраған  ауандық  сотының  үкімімен  Н.З.  Қазақстан  Рес-

публикасы  Қылмыстық  Кодексінің  290-бабымен  кінәлі  деп 

танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығын 

шектеу жазасы таға йындалды.

Үкім күшіне енгесін іс бойынша дәлелді заттар 6 дана жалпы 

салмағы  23  килограмм  бекіре  тұқымдас  ба лықтары  мемлекет 

пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне еніп, орындалды. 

Әрине,  денсаулықты  түзетуге  септігі  тиер  болса,  балықтың 

арзан  бағасына  қызықпай,  керісінше  тиісті  дүкен  сөрелерінен 

заңдастырып, сатып алғанға не жетсін.      



Р. БЕЙСЕНОВ,

Түпқараған аудандық  сотының судьясы

БЕКІРЕ БАЛЫҚТЫҢ- 

ӘЛЕГІ

Бекіре  балығының  бел  кеспесі  далада  жат­

пайтыны  айдан  анық,  яғни,  оның  заңсыз  жолмен 

ауланатыны  белгілі.  Ал  сол  қылмыстық  жолмен 

заңсыз ауланған балықты сатып алудың қылмыс 

екенін  көп  жағдайда  азаматтар  біле  бермейді 

немесе  қасақана  осындай  әрекеттерге  барады. 

Осындай  қылмыстарға  ҚР­ның  қылмыстық  ко­

дексінің  арнайы  бабында  қылмыстық  жа уап­

кершілік көзделген. Бүгінгі айтпағымыз, аудандық 

сотта  ашық  сот  отырысында  қаралған  осындай 

қыл мыстық іске қатысты.

Аудан  жастарын  ҚР  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  Кодексіндегі 

жаңа заң тармақтарымен, жолда жүру ережелеріндегі өзгеріс термен 

таныстыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жас тарды заңға 

бағынуға  тәрбиелеу  мақсатында  өткен  аудандық  семинарға 

аудандық  сот,  аудандық  прокуратура,  аудандық  ішкі  істер  бөлімі 

қызметкерлерімен  қатар  мектептің  жоғары  сынып  оқушылары, 

колледж студенттері, мекемедегі жастар қатысты. 

Семинарды аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің бастығы Алмагүл Жұмажанқызы ашып, жүргізіп отырды. 

Аудандық соттың судьясы Р.Бейсенов: 

-  Кәмелетке толмаған балаларға әкімшілік айыппұл бүгінгі таң да 

10 АЕК, яғни 1982 теңгенің 10 еселегенде  19 820 теңгеден аспауы 

керек.  Кәмелетке  толмаған  колледж  студенттері  болса,  олар 

шәкіртақысынан өтеуге тиіс, ал басқа табысы жоқ болса, ата-ана-

сына  салынады,  -  деп  «Кәмелетке  толмағандардың  әкім шілік 

жауаптылығы» тақырыбындағы баяндамасында түсінік берді.

Сонымен қатар аудан прокурорының көмекшісі Т.Майланов жаңа 

жылдан бастап қолданысқа енгізілген заңдармен,  Құқық тық қаты-

настармен жастарды таныстырды. 

- Кезінде әкімшілік күш туралы Кодекстің 13 тарауы 20 

баптан тұратын болса, қазіргі таңда ол 15 баптан тұрады 

– меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. 

Кезінде  кейбір  баптар  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

туралы  Кодекстің  талаптарына  сәйкес  жауапқа  тар-

тылатын  болса,  қазір  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартылады. Ал қылмыстық жауапкершіліктің өзі нешеге 

бөлінеді десек, осы 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 

теріс  қылық  және  қылмыстық  іс-әрекет  болып  екіге 

бөлінеді.  Теріс  қылықтарға  кезінде  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  Кодексінің  136-бабының  көздеген,  яғни 

бөтен  біреудің  мүлкін  ұсақ-түйек  ұрлау,  қазіргі  қыл-

мыстық Кодекстің 187-бабына сәйкес хаттама жасақтау 

негізінде  жауапкершілік  көз делген.  Яғни,  ұсақ-түйек 

жымқыру 10 АЕК  мөлшеріне де йінгі айыппұл салынады. 

Көшелерде тыныштық бұзбау үшін, белгілі бір уақытқа 

дейін  жауапкершілікке  тартылмау  үшін,  ата-анаңызды 

жауапкершілікке тартпауға, ты ныштықты сақтай отыра, 

мемлекетпен бекітілген құқықты сақтап, қадағалап жүру, 

құқықтық  мемлекетті  қалыптастыру  үшін  өз  үлестеріңізді  қосады 

деп сенемін, - деді. 

«Жастар  саясаты  орталығы»  директоры  Г.Бултенова  «Заңға 

бағыну – ортақ міндет» тақырыбында баяндама жасады. Се минарға 

қатысушылар ойларындағы сұрақтарын қойып, жауап тарын алды. 

Семинарда  жолда  жүру  ережелері,  кәмелетке  толмаған  жас өс-

пірімдердің  кешкі  мезгілдегі  жүру  уақыттары,  қоғамдық  орын-

дардағы  әдепсіздік  пен  тәртіпсіздік  үшін  қолданылатын  заң  аясы 

турасында мағлұматтар берілді. 

Кез  келген  халықтың  ұйытқысы  –  жастар.  Бүгінгі  таңда  түп-

қарағандық жастардың саны алты мыңнан асты. Яғни 14-29 жастың 

аралығында аудан көлемінде осынша белсенді, жігерлі жастар бар. 

Жастардың тәрбиесіне баса мән беріліп, олардың үйдегі, мектептегі 

ортадағы  тәртібі  жіті  назарда  болып,  «Тәртіпсіз  берілген  білім, 

адамзаттың  қас  жауы»  -  деп  ғұлама  әл-Фараби  айтпақшы,  жас-

тардың  бойларына  білім  мен  тәртіпті  қатар  сіңдіре  білсе,  қазақ 

жастарының жұлдызы жарқырай түсетіні анық. 



Жадыра ЖОЛДАСОВА

ЖАҢА ЗАҢ – ЖАҢА ТАЛАП

Аудандық  мәдениет  үйінде  10  ақпан  күні  аудан  жастарының  қатысуымен  «Жаңа  заң  –  жаңа 

талап»  тақырыбында  жастар  саясаты  орталығының  жоспары  бойынша  аудандық  семинар 

ұйымдастырылды. Се минарға Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет жә не тілдерді дамыту 

бөлімінің  басшысы  А.Ордабаева,  Түпқараған  аудандық  соттың  судьясы  Р.Бейсенов,  Аудан 

прокурорының көмекшісі Т.Майланов, әкімші лік полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, 

поли ция капитаны  Ғ.Әжібаев қатысты. 

Аудандық мәслихат депутаттарының 2014 жылдың қорытындылары 

бойынша сайлаушылар алдында есеп беру 

К Е С Т Е С І

Округі

Депутаттың  аты-жөні

Есеп беру уақыты

Есеп беру орны

№1

Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы.



17 ақпан 2015 жыл сағат 15°° Е.Өмірбаев мектебі, 

№2

Қойшыбаев Серік Мырзабайұлы



20 ақпан 2015 жыл сағат 15°° «Балбөбек» балабақшасы,

№3

Берішбаева Айна Шотанқызы



26 ақпан 2015 жыл сағат 15°° «Құлыншақ» балабақшасы

№5

Жаңбырбаев Ерік Бақбергенұлы



27 ақпан 2015 жыл сағат 14°° «Тоқ жүйесі» МКК 

№6

Тасболатов Амантай Қыдырұлы



2 наурыз 2015 жыл сағат 15°° «Ертөстік» балабақшасы

№7

Шырақбай Мәнет Теңелбайқызы



4 наурыз 2015 жыл сағат 15°° «Бәйтерек» балабақшасы

№8

Абдірахманов Оңайбай  Рахиұлы



6 наурыз 2015 жыл сағат 10°° «Жайлау» серіктестігі

№9

Нәбиев Амантай Мергенұлы



11 наурыз 2015 жыл сағат 

10°°

Сайын Шапағатов ауылының 

әкімшілігі

№10

Шарипов Айтбай Төлеушұлы



12 наурыз 2015 жыл сағат 

11°°

З.Баймырзаев мектебі

№11


Қосуақов Айбек Қосуақұлы

14 наурыз 2015 жыл сағат 

15°°

Шахта орта мектебі



ОБЪЯВЛЕНИЕ

ТОО  «Мехстрой»  сообщает  о  проведении  общественных  слу-

шаний  по  плану  природоохранных  мероприятий  на  2015  год,  для 

выполнения строительно-монтажных  работ на месторождении Се-

верные Бузачи.

Общественные слушания состоятся 12  марта  2015 года, в 11 

часов  в  конференц.зале  НДП  «Нур  Отан»  г.Форт-Шевченко  Туп-

караганского  района,  при  участии  общественных,  местных  ис-

полнительных,  а  также  иных  государственных  органов  Мангис-

тауской области.

С  материалами  плана  природоохранных  мероприятий  на  2015 

год, можно ознакомиться в офисе ТОО «Мехстрой» по адресу : г. 

Актау,  Мунайлинский  район,  село  Баянды,  в  районе  Адайской  ав-

тобазы.


Телефоны: 8 (7292) 20­35­75, е­mail: mehstroy@ramblerl.ru

Түпқараған аудандық мәслихатының сессиясы төрағасының 

ШЕШІМІ

 №43­ш                                                                           19 ақпан  2015 жыл                                       

Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының  кезекті жиырма сегізінші 

сессиясын  шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару 

және өзін-өзі басқару  туралы» Заңының 10- бабына сәйкес 

 ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2015 жылғы 2 наурызда Форт-Шевченко 

қаласында шақырылсын.

Сессия төрағасы                               А. ШАРИПОВ 

Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының 

кезекті жиырма сегізінші сессиясының күн тәртібі:

1.Білім беру ісін инновациялау және дарынды балалармен жұмысты жақсарту туралы 

2. №11  округтен сайланған депутат А.Қосуақовтың өзінің депутаттық міндеттерін орындау жайы туралы есебі

3. Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының шекарасын  белгілеу туралы

4. Аудандық мәслихаттың  2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің 

және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың  қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы

5. Аудандағы сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

6. Аудандық мәслихаттың  жиырма тоғызыншы сессиясының төрағасы туралы

Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихаты 

депутаттарының назарына!

Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының  кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2015 жылғы 2 наурызда сағат 15.00 –де  

аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында басталады.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі 2015 жылғы 2 наурызда   сағат 14.00 аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында бас-

талады.

Күн тәртібінде: Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына арналған мәдени және әлеуметтік іс-шаралардың орындалу барысы туралы



Аудандық мәслихат хатшысы                           А. ДОСАНОВА

3

akketikaraii@mail.ru



Білім

№11 (702) 19 ақпан 2015 ж.

Түпқарағандағы  Баутино  поселкесі  әскери  қамалға 

ілесе осы елді отарлау мақсатымен салынған елді мекен. 

Алғашқы  тұрғындары  Ресейден  әртүрлі  жеңілдіктер 

жасалып,  көшіріліп  әкелінген  казак-орыстар.  Әуелгі  аты 

Николаевск  станицасы  деп  аталған.  Кеңес  үкіметі 

орнасымен ол Баутин болып өзгертілді. Алексей Егорович 

Баутин сол станица тұрғыны, кедей балықшы. Соғыстан 

ауырып оралған соң, күнкөріс қамымен Форттағы қызыл 

рота  деп  аталатын  әскери  жасаққа  арыз  жазып  кіреді. 

Қызыл  рота  осында  құрылған  алғашқы  әскери  мекеме 

еді. Қызыл үкімет құрған ол ешқандай соғыс қимылына 

қатысқан жоқ. Міндеті, уездік қалада тыныштық сақтаумен 

шектелді. Мүшелеріне азық–түлік беріліп тұрды. Архивте 

А.Е.Баутиннің  оған  кіру  жөнінде  арызы  сақталған.  Ау-

құралы,  қайығы  жоқ  кедейдің  4  баласы  мен  әйелін 

асырайтын жалғыз көз ротадан алып тұратын азығы ғана 

болды.  1919  жылы  Фортта  ақтар  билігі  орнады.  1920 

жылы  Орал  казак  әскерінің  атаманы  генерал  лейтенант 

В.С.Толстов  армиясымен  шегініп  келді.  Толстов  1921 

жылы Стамбулдан «Из красных лап в неизвестную даль» 

атты  кітап  жазып,  бұл  оқиғаларды  бүге-шігесіне  дейін 

баяндады. Сонда станица тұрғындарының казак әскерін 

жақтырмай  қарсы  алғандары  да  айтылады.  Ақыры 

атаман  қамал  ішінде  өтірік  атыс  ұйымдастырып,  көп-

шілікке  «әскерім  қызылдар  жағына  шығып  кетті»  деген 

әңгіме  тарата  қойған.  Соған  сеніп  қалған  А.Баутин,     

Х.Оңғалбаев, Андрей Ювко, т.б. қамалға келіп, сол жерде 

тұтқынға  алынады.  Баутиннің  «революциялық  қызметі» 

осылай  аяқталады.  Толстов  бұлардың  ішінен  А.Баутин 

мен А. Ювконы атқызып тастайды. А. Ювко да жақтасатын 

ешкімі жоқ, қаңғып жүрген солдат болатын. Қазақтарды 

атуға  атаман  қорқады.  Себебі,  бүкіл  ел  көтеріліп  кетуі 

мүмкін еді. Баутиннің атылуы, қазақтардың соты туралы 

мәліметтер  ҰҚҚ  архивінде  сақталған.  Олар  туралы  мен 

Ж.Мыңбаев туралы кітабымда жаздым. 

Ж.Мыңбаев кедей балықшы, жұмысшы, Форттағы орыс 

мектебінде  оқыған.  Кейіннен  КирЦИК  төрағасы,  Қырғыз 

Республикасы деген атымызды, Қазақ Республикасы деп 

өзгерткен.  Маңғыстауды  Қазақстанға  қосқан.  Қазақ стан-

ның  астанасын  Ташкент  қылу  үшін  күрескен.  Бұрын ғы 

Түркістан губерниясына қараған Қазақтың көп жерін қай-

тарып алған. Ол әнші А. Затаевичке бірнеше қазақ әнін 

орындап  берген,  өзі  редактор  болып  қазақша  бірнеше 

жыл газет шығарған журналист, нағыз ұлтжанды азамат. 

Сисен  Демеубаев  марқұм  да  «Жалындап  өткен  жас 

ғұмыр»  деген  кітабында  оның  көп  қырын  ашты.  Қоғам 

қайраткерлері Н. Оңдасынов, Ә. Кекілбаев, Қ. Көшербаев, 

т.б.  ол  туралы  көптеген  пікірлер  айтты.  2007  жылы  Ақ-

тауда Ж.Мыңбаевқа ескерткіш қойылды. Ал, өзінің зираты 

Алматының  ескі  зиратында,  М.Әуезовке  жақын  жерде. 

Мен «Қарашаңырақ» кітабымда А.Е.Баутин, жаза лау шы-

лар дың былайғы жұртты қорқыту құралына ай налып қаза 

болған бақытсыз бір жан деп, елді мекен атын Ж.Мыңбаев 

атына өзгерту туралы ұсынысымды айтқан едім. Бірақ ол 

елеусіз қалды. Әлі де кеш емес. Баутино поселкесі, пор ты 

Ж.Мыңбаев  сияқты  нағыз  ұлт жанды  азаматымыздың 

атын алуға тиіс.

Кеңестік әсіре саясат қолдан жасалған революционер 

А.Е.  Баутинді  аз  құрметтеген  жоқ.  Артынан  отбасына 

қала  ортасынан  үлкен  үй  салып  берді,  зейнетақы  таға-

йындады,  шойыннан  ескерткіш  құйып  орнатты.  (Денесі 

сол ескерткіш астына қайта жерленді). Үй әлі сақталған. 

Қазір  онда,  жалпы  Маңғыстауда  А.Баутиннің  бірде  бір 

ұрпағы тұрмайды. Ертеректе Ресейге көшіп кеткен. Содан 

хабарсыз. 

Замана  шындығы  ашылған  соң  жұртшылық  Баутинді 

революционер  деп  емес,  керісінше  қиын  жағдайдың 

құрбаны деп еске алатын болды. Онда да азшылық.  Ал 

халық ұлы Ж.Мыңбаев есімі аспандап барады. Ендеше 

кезінде солақай саясат жіберген қателікті түзетіп, Баутин 

атындағы кентті Ж. Мыңбаев атымен атаудың кезі келді 

деп білеміз. Бұған сіздер не айтасыздар, оқырмандар?!

Әбілқайыр СПАН,

Махамбет сыйлығының иегері

Түпқарағанда  патша  заманында  Николаев  станица сы  деп  аталған 

елді  мекенге  Кеңес  үкіметі  басшылығы  халыққа  ешқандай  ең бегі 

сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есі мін берген. А.Е. Баутин -  кедей 

казак-орыс,  қаратабан  балықшы,  қызыл  рота  жа уынгері  болған.  1919 

жылы көктемде Фортқа ақтар генералы Железнов келіп, билікті қо лына 

алып,  бірталай  адамды  түрмеге  қамаған,  ішінде    Жалау  Мыңбаев, 

Алексей  Баутин,  Андрей  Ювко  бар.  Жергілікті  ха лықтың  қатты  нара-

зылығынан  кейін,  Ж.  Мыңбаев  және  басқа  адамдарды  шы ғарған,  тек 

Алексей Баутин мен Андрей Ювконы  атқан. А.Е.Баутин - «жазалаушы-

лардың  былайғы  жұрт ты  қорқыту  құралына  айналып,  қаза  болған 

бақытсыз  бір  жан»  (Ә.Спанов  «Жалау  Мыңбаев»,  2000ж.,  235-бет).  

Кеңес  үкіметі  оны  қолдан  революцио нер  қылған,  кент  ортасына 

ескерткішін ор натқан. Күні бүгінге дейін сол елді мекен Баутин атымен 

аталады. Сол елді мекеннің атауы Қазақ елі тәуелсіздік алғалы өзгеруі 

керек еді. Әлі кеш емес, ол елді мекенннің атауын Маңғыстауға, жалпы 

қазақ  халқына  өл шеусіз  еңбек  сіңірген,  жай    арбакештен  Қа зақ  елі 

үкіметінің  төрағасына  дейін  көтеріл ген  Жалау  Мыңбаевтың  есіміне 

аударуды  ұсы намыз.    Оның  Маңғыстау  еліне,  жалпы  қазақ  хал қына 

сіңірген  еңбегі  туралы  ел  тарихы,  халықтың  көр некті  өкілдері  туралы 

толымды  кітаптар  шығаруда  орасан  еңбек  етіп  келе  жатқан  Спан 

Әбілхайыр  ағаның  «Жалау  Мыңбаев»(Алматы,  2000ж.),  марқұм  та-

рихшы  Демеубаев  Сисеннің  «Жалындап  өткен  жас  ғұмыр»(  Алматы, 

2006ж.)  атты  ең бектерінде  егжей-тегжейлі  жазылған.  Әбе кеңнің 

жоғарыдағы  еңбегінде  Баутин  кентінің  атауын  Жалау  Мыңбаевтың 

атына  аудару  туралы  ұсынысы  бар,  бірақ  ол  ұсыныс  қана ғат тан-

дырылмаған. 1964 жылдың күзінде Гурьев облыстық партия комитетінің 

бірінші  хатшысы  Нұртас  Оңдасы новтың  Маңғыс тауға  келіп,  жергілікті 

ша руа шылық  бас шыларымен  кездескенде  айтқан  сөзі:  «Жә кең дер 

шіркін азамат қой. Құлақ тарыңда жүрсін. Біздің  Қырғыз Республика сы 

деген атымызды өзгертіп, қазақ  аты мызды алып берген сол ағаларыңыз. 

Маң ғыс тауды Түрк менстанға берілген жерінен қайта алған қызметі сірә 

құлақтарыңызда шығар. Одан басқа Өзбекстанмен шектес біраз жерге 

қазақтарды қоныстандырған да сол Жалау Мыңбаев еріміз. Тіпті дендеп 

кеткеніміз сонша, Таш кентке қозы өрісіндей-ақ жер қа лыппыз. Міне, Жә-

кең сондай азамат болған. Ол бәрімізге мақтаныш». (Ә.Спан. «Жалау 

Мыңбаев», 2000ж., 233-бет). 

Осы  уақытқа  дейін  ешқандай  тарихи  не месе  басқа  құжатта 

А.Е.Баутиннің еңбегі туралы  жазылған емес. Ал Жалау Мың баевтың 

жарғақ құлағы жастыққа тимей, қай қызметте жүрсе де халықтық, елдік, 

ел аралық проблемаларды шешіп жүргені  ту ралы жоғарыда жазылған 

кітаптардан бас қа да жазылған еңбектер бар. 

2007  жылы  Ақтау  қаласының  теңіз  жақ  ортасына  Жа лау  атамызға 

еңселі ескерткіш орнатылып, оны ашқан кезде сол кездегі облыс әкімі 

Қ.Көшербаев: «Ел басына күн туған сол бір жылдары елдің тұтастығын 

сақтап,  бірлігін  нығайтуға  күш  салған  Маң ғыстаудың  қайсар  ұлы, 

көрнекті  мем лекет  қайраткері  Жалау  Мыңбаев,  т.б.  мақсаты  биік 

арыстарымыз  жазықсыз  құрбан  болып,  «халық  жауы»  атанды...  Біз 

бүгінгі өміріміз үшін тарихтың қай тұсында да елінің азат тығы, бірлігі, 

ынтымағы мен болашағы үшін күресіп, соның жолында жанын құрбан 

еткен  қайсар  бабаларымызға  қарыздар  екенімізді  ешуақытта 

ұмытпауымыз  керек...  Бұл  ес керт кіштің  орналасқан  жерін  қарасаңыз, 

теңіз  жағасына  көтерілген  тіке  баспалдақ  Жә кеңнің  өмір  жолын  бей-

нелегендей,  ол  қатардағы  жұмысшыдан  үкі мет  төрағасына  дейін 

көтеріліп, қай салада жүрсе де елімізге орасан көп еңбек сіңірген аза-

мат».


Қазіргі кезде елдімекен, т.с.с.  атау қою, өзгертуге мораторий алынып 

тасталуына байланысты жер-жерде осы жұмыс жандана бастады. Осы 

мүмкіндікті пай даланып, ын талы топ Баутин кенті атауын Ж.Мыңбаев қа 

аударуға жұмыстанып жатыр.

Оқырмандарды осы ұсынысты қолдауға шақыра мыз!                     

Асылбек ДЕРБІСІН

РЕДАКЦИЯ ПОШТАСЫНАН

БАУТИНО ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ АТЫМЕН АТАЛУЫ КЕРЕК 

Жалау  Мыңбаевты  білмейтін  жұрт  жоқ  шығар.  Жалаудың 

жалаулатқан  ұлтшыл  емес,  ұлтжанды  саясаты    ұранды  ұс­

таныммен елдігімізге ерен еңбек етті. Осы соңғы бес жылда 

қызу талқыға түсіп, газет бетінде Баутин ауылы атауы өзгере 

ме?  Өзгерсе  қандай  атау  болады  деген  сан  сауалдың  төңі­

регінде  ойлар  мен  мәселелер  көрініс  тапса,  ақын  Фариза 

Оңғарсынова Ақкетікке келген соңғы 2011 жылғы сапарында 

Баутин ауылын «Бәйтерек» деп атауды ұсынған болатын. Бұл 

жәй ғана ұсыныс, тілектер. Ал төмендегі редакция поштасына 

келген жергілікті жазушы, журналист, Әбілхайыр Спанның да, 

оқырман  Асылбек Дербісіннің де ұсынысы сіздерге ой тастар 

деген ниетте халық талқысына ұсынамыз. Өз ауылыңыздың 

атауын  егеменді  ел дің  әлемге  ашылған  терезедей  салмағы 

бар екенін ескеріп өзгертуді жөн санасаңыз, салмақты ой мен 

ұсыныс жолда уыңызды күтеміз!  

Рысхан  Табихқызы  Бектілеуова  осы  ме ке-

меде  кадр  жөніндегі  инс пектр.  Әкесі  Табих  та 

осы көп са лалы коммуналдық кәсіпорын да көп 

жылдар бойы бас бухгалтер болып қызмет еткен 

екен.  Рысхан  еңбек  жолын  Маңғыстау  балық 

тоңазыту  басқармасы ның  жа нын дағы  «Ро-

машка»  балалар  бақ ша сында  меңеруші лік 

қызметтен  бастайды.  Гурьев  педагогика лық 

институтының мектеп жасына дейінгі педагогика 

және  психология  факультетін  бітіреді.  Бала-

бақша  жабыл ғасын  1993  жылы  комму налдық 

шаруашы лық  меке месіне  (комхоз)  қоймашы 

болып  жұмысқа  орналасады.  Ал  2004  жылдан 

бері осында кадр жөніндегі инспектр болып қыз-

мет етеді.

Рысхан  Табихқызын  сөйлет ке німізде  біз ге 

былай деп баяндады:

-  Мен  жұмысқа  келген  жылдары  комхоз 

тұрғындарға су жеткізу, жы лумен, электр жары-

ғымен  қамтамасыз  ету,  көгалдан дыру,  монша 

және қонақүйлері қызметтерін көр сететін. Онда 

үлкен  ұжым  едік.  Қазірде  қа ланың  қалдық 

суларын  полигонға  төгу,  залалсыздандырумен 

ай налысуда.    Бүгін де  жекешелендіруге  байла-

нысты меке ме міздің құ жат тары ретте луде. Ал-

дағы  уа қытта  қыз мет  көрсететін  жаңа  мекеме 

болып құры луымыз мүмкін. Қайта ашыл ған жағ-

дайда  мекемеге  бұрынғыдай  қаланы  абат-

тандыру,  көгалдандыру  сияқты  жүк темелер 

берілсе,  біздің  ұжымымыз  бұ рынғы  өздерінің 

жұ  мыстарын толық көлемде істер еді. Бұл біздің 

ұсынысымыз, әрі ойымыз, - деді.

Келесі қызметкер Меңдібике Жиғанға ли қызы 

Алекеева осында 2002 жылдан бері экономист 

қызметін  атқарып  келеді.  Цели ноградтың  фи-

нанс  және  кредит  тех никумын  экономист 

мамандығы бойын ша бітірген. Қала лық финанс 

бөлімінде,  салық  ко ми тетінде  бөлім  бастығы 

болып жұмыс жасаған.

Меңдібике  мен  Рысханнан  мекеме  жұмы сы 

жайында  сұрағанымызда  екеуінің  атынан 

Рысхан;

- Алғашқыда шетелдік фир малар ашыл ғанда 



біздің  мекемеге  жұмысқа  келушілер  аз  болды. 

Көбі ақысын көп төлейтін шетелдік фирмаларға 

кетіп қалып,  кадр жетіспеген күндер де  болды.  

Оларға  қарағанда  меке менің  айлығы  аз  болса 

да бізде көптеген адамдар жұмыс жасады және 

жасап та жатыр. Әрине, жұрттың бәріне айлығы 

көп  жұмыс  табу  мүмкін  емес.  Ал  біздегі  жұ-

мысшылар оған қарамастан өз істерін жүргізіп, 

көптен  бері  еңбек  етіп  келеді.  Әлі  де  болса 

жұмыста рын  жалғастыруда.  Алдағы  күндерден 

үміт теніп, жұмыстан шықпай, бір жақсы күндер 

туар,  деп  жүрген  кадр ларымыз  же терлік.  Атап 

кетсек, өз міндеттерін абы роймен, адал атқарып 

жүрген  азамат тар  қатырында  бухгалтер-Айгүл 

Қауқашева,  қой машы-Нұрсұлу  Сержанова, 

оператор-Жаңыл  Шәдібаева,  автомобиль 

жүргізу шілер-Құдай берген 

Оңдасынов, 

Темірбай Бө пе жанов, Сапар Қапанов, Ұлтанқұл 

Жапанов, техника қауіпсіз дігі жөніндегі ин женер-

Жұпаргүл Қылыш баеваны ай туға бо лады.

Қазір  ғылым  дамып,  өркениетті  елдер  қа-

тарында  болғандықтан  өз  білімімізді  кө теріп 

отырмасақ  болмайды,  артта  қалып  қоямыз. 

Сондықтан  біз  оған  да  мән  беріп,  білімімізді 

көтеріп отырамыз. Бұрыннан жұмыс жасап келе 

жатқандарымыз  жаңа дан  келген  жастарды 

жұмыстың  тәсілдері  мен  қыр-сырына  үйретіп, 

адал  жұмыс  жасауға  баулимыз.  Мұндай 

тәжірибе бұ рыннан бар. Келешек жастардың қо-

лында болғандықтан жастарға әрдайым көмек-

тесіп отыру пары зымыз деп білеміз, - деді. 

Міне,  комхоз  жұмысшы-қызметкерлері  өз 

істерін осылай адал атқарып, қолдан кел генше 

тұрғындарға бар қызметтерін көр сетіп келді, әлі 

де жалғасатын болады. Жалпы қызмет көрсету 

деп  айтқанмен,  айтуға  оңай.  Жұрттың  арыз-

шағымдарына құлақ асып, оны орындау да бір 

жағынан күрделі мәселе. Дегенмен, осы уақытқа 

дейінгі  істерін  жалғастырып,  жұмыс  көлемі 

болған  жағ дай да  абыройлы  жұмыс  істеу 

парызымыз  деп  отыр.    Әрбір  еңбек  етуші 

азаматта осындай ниеттің болғаны дұрыс болар 

еді. 


Мұқанбетулла КЕМЕР

ЖАСТАРДЫ БАУЛУ БАСТЫ -МАҚСАТЫМЫЗ

«Каспий коммуналдық қызметі» мекемесі көп жылдардан бері жұмыс 

істеп келеді. Мұнда істейтін қызметкерлер мен жұ мыс шыларды «тері 

сіңген  еңбеккерлер»  деп  атауға  болады.    Көптен  бері  осы  мекеменің 

«отымен  кіріп,  күлімен  шығып»  жүрген  адамдар  жетерлік.  Бүгін 

солардың бірқатарына тоқ талғымыз келіп отыр.

ЕҢБЕК АДАМЫ

Білім

4

akketikaraii@mail.ru



ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

Меншік иесі:

Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және аќпарат министрлігінде  тіркеліп,

 №13362-Г куєлігі берілген.

Газет жарияланымдарындаѓы автор пiкiрi редакцияныњ т‰пкiлiктi кµзќарасы болып есептелмейдi. 

Жарияланѓан материалдарды сiлтемесiз кµшiрiп басуѓа болмайды.

Жарнама, хабарландырулар мазм±нына редакция жауап бермейді. 

Редакцияѓа жолданѓан материалдарѓа рецензия жасалмайды жєне ќолжазба авторѓа ќайтарылмайды.

Тақырыптық суреттер ғаламтордан алынады



Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС  Ақпарат және дизайн орталығында беттелдi.

Мекенжайымыз:      

Аќтау ќаласы ,  14 ш/а,  Облыстыќ єкімдік ‰йі,    2-ќабат.        Қабылдау бөлмесі    8 (7292) 42 97 95    



e-mail:mangistau-media@mail.ru

Таралымы:1050

Индекс: 65809.

газеттің бағасы келісімді.

 «CASPY PRINT» ЖШС 

баспаханасында басылды.

130000, Аќтау ќаласы, 22 ш/а. 

тел: 750999, 750666.

Беттеуші дизайнер:  Асем РАБАЕВА

Редактор: Милана ЕЛЕУСІНОВА

Тілшілер: Жадыра ЖОЛДАСОВА; Мұқанбетулла КЕМЕР

Редакцияның мекенжайы: 

Маңғыстау облысы, Түпқараған 

ауданы, Форт-Шевченко қаласы,кіші 

акимат ғимараты. № 21-22 кабинет



 ТЕЛ/факс: 8(72938) 22-59-6,  

 e-mail:  akketikaraii@mail.ru



Түпқараған аудандық қоғамдық-саяси газет

ТҮ

ПҚ

АРАҒА

Н

Директор:

Маңдайлы  ҚОСЫМБАЙ

АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

19  АҚПАН

түнде:  -6    күндіз:  -2

20  АҚПАН

түнде:  -4    күндіз  -1

21 АҚПАН

    түнде: -4      күндіз -2

22 АҚПАН

түнде:  -5    күндіз  -2

Жетекшісі: Сағындық РЗАХМЕТОВ

Фототілші: Айсағали ҚЫДЫР

№11 (702) 19 ақпан 2015 ж.

ХАБАР АЙТУ

Бимағамбетов  Серік  Бақытжанұлының  жүз 

күндік  садақасы  тамбайғазысымен  1-наурыз  күні 

(28-ақпан қонақасы) берілетінін ағайын-туыс, таныс–

біліске хабарлаймыз.



Хабар айтушы: Тумаластары, балалары.

Болатын жері: Форт-Шевченко қаласы, Бөгет 

ауылы,  Әбдіхалықов көшесі, №2 үй;

Сонымен  бірге  апталықтың  бір  күні  семинарға  арналды. 

Семинарда  Әсемгүл  Төлжанова,  Бибігүл  Алпамысова, 

Айшолпан  Дайрабаева,  Аманкүл  Сұлтанова  ашық  сабақ, 

Ақбидай Берішбаева сыныптан тыс шара, І деңгейлі мұғалім 

Рыс  Есқалиева  «Сыни  тұрғысынан  ойлау»  атты  коучинг 

өткізді. 

Семинар  кезінде  4-сынып  оқушыларына  Батырхан  Тәжі-

ғұлова  «Әлем  әміршісі-еңбек»  атты  ашық  тәрбие  сағатын 

өткізді. Қазіргі білім саласында оқыту  болашақ ұрпақтың ой-

өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап 

етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – бал-

қытылған алтын» деген қанатты сөзін еске алмау мүмкін емес. 

Балаға қалай бағыт берсең, солай өсетіні әрбір адамға белгілі. 

Осыған  қол  жеткенде  ғана  мектеп  оқушы    үшін  рухани 

ошағына,  жетпес  қазынасына  айналатыны  сөзсіз.  Осы 

қағидаларды  берік  ұстанған  ұстаз  тәрбие  сағатын  жаңаша 

форматта  өткізуді  қолға  алған  болатын.  Мектептегі  әрбір 

сабақ,  әрбір  іс-шараны    Кембридж  бағдарламасымен  оқып 

келген  мұғалімдер  жаңаша  дәстүрде  оқытып  келеді.  Осы 

бағдарлама  бойынша  оқып  келген  мұғалімдердің  жетекшісі 

Батырхан  мектеп  мұғалімдерін  таныстырумен  қатар,  білім 

саласындағы реформаны көпшілікке де көрсетуді қолға алды. 

Тәрбие  сағаты  жаңаша  мазмұнды  форматта  өтті.Топтық 

жұмыс жасау үшін  оқушыларды «Білім», «Басқару»,«Өнер», 

«Спорт» тобына домбыра, доп, қалам, қойын дәптер арқылы 

бөлді.  Тәрбие  сағатына  қала  әкімі  Аманғали  Сүлейменұлы, 

білім бөлімінің басшысы Айбаршын Қуанышқалиқызы, дене 

шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, әлемнің үш дүркін  

чемпионы  Қанат  Қошқарбайұлы,  мектеп  директоры  Гүлнар 

Ибраева  қатысып,  оқушылармен  бірге  постер  қорғап,  оз 

ойларын  жұмыс барысында өрбітіп отырды. Тәрбие сағаты 

еңбек тақырыбына арналып, әуелі оқушылар еңбек туралы өз 

білетіндерін кластер арқылы қорғап, адам еңбегінің саналы 

еңбек екенін, табиғаттан үйреніп адамдар еңбек ету арқылы 

КӨП ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ

Е.Өмірбаев атындағы орта мектепте «Білім 

басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге 

жол салынар» атты апталық болып өтті. 

Апталықта, «Кітапхана оқырманы», «Кім тез 

оқиды?», орысша мәнерлеп оқу, «Ғажайып 

тіл» сайыстары, Бастау математикалық 

турнирі, «Талантыммен танылам» атты өнер 

сайыстары болып өтті.

Түпқараған ауданы, Таушық селосындағы МКҚК «Айгүл» балабақшасында  жоспарлы  

ашық оқу іс-әрекеттер апталығы ұйымдастырылды. 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесіндегі  бес  білім  саласы  бойынша  балаға  таным 

қалыптастыруы,  Педагогтардың  тіл  мәдениетін  жетілдіріп,  өз  ана  тілінде  анық  сөйлеуге  тәр-

биелеу, тәрбиешілердің кәсіби-құзыреттілігін дамыту, тәрбие мен білім сапасында әріптес тер  мен 

тәжірибе  алмасуды  мақсат  еткен  оқу  іс-әрекеттер  апталығында  бейнелеу    пәні  маманы                         

М.Сейдахмет  шығармашылық  білім  беру  саласы,  мүсіндеу  бойынша  «Мысықтың  ыдысы» 

тақырыбында ашық оқу іс-әрекеті, видео экранмен өткізіп, көрнекіліктері  бала қызығатындай 

тартымды болды. 

ІІ-сәбилер «Айналайын» тобы тәрбиешісі  А.Ержанова қатынас білім беру саласы тіл дамыту-

да  «Қыстап  қалған  құстар»  тақырыбындағы  ашық  оқу  іс-әрекеті  жоспарлы  өтті.  Балалар  үн 

таспадан құстардың дыбысын естіп, мәз болса, ІІ-сәбилер «Айналайын» тобында, дене тәрбиесі 

маманы  М.Қазиева  «Денсаулық»  білім  беру  саласы  бойынша,  дене  тәрбиесінен  «Шынықсаң- 

шымыр  боларсың»  атты  эстафеталық  жарыс  ұйымдастырды.  Балалар,  «Қызғалдақтар», 

«Сарғалдақтар» атты екі топқа бөлініп, жарысқа қызығушылықпен қатысты. Сайыс нәтижесінде 

жеңімпаз топ дипломмен марапатталды. 

Сонымен  қатар,  І-сәбилер  «Балапан»  тобы  ерте  жастағы  бүлдіршіндерге  тәрбиешісі                          

Г. Батырова әлеуметтік орта білім беру саласы бойынша ашық  оқу-іс әрекетінен,   «Бауырсақ» 

ертегісін сомдады. Балалар қуыршақ театрын тамашалады. Ертегідегі аңдардың атрибуттарын 

пайдалана  отырып,  әр  аңның  қимылын,  дыбысын  салып  балалар  ойынға  белсене  қатысса,   

«Құлыншақ» ересек  тобы тәрбиешісі М. Жүсіпова «қатынас»  білім беру саласы бойынша сауат 

ашу оқу іс-әрекетінде «Б» дыбысы және әріпін таныстырды. 

Таңғажайып  сәтке  бақа  келіп,  балалардың  білімін  тексерді.  «Жоқ  дыбысты  тауып  айт» 

тақырыбындағы  дидактикалық  ойынды  балалар  қызығушылықпен  ойнады.  Дәптермен  жұмыс 

жүргізілді. Нәтижесінде, жұмбақ шешті, буынға бөліп үйренді, дыбыс пен әріп айырмашылығын  

білді. Тәрбиеші алдына қойған мақсатына жете білді.

Балабақшада үш тұғырлы тіл алға қойылды. «Қатынас» білім беру  саласы ағылшын тілінен 

жас  маман  Маралбекова  З.  «Жемістер»  тақырыбында  ашық  оқу  іс-әрекет  ұйымдастырылып 

өткізілді.  Оқу  іс-әрекеті  ойын  түрінде  ұйымдастырылды.    Жаңа  техналогия  пайдаланылды.  

Экраннан «Жоқ жемісті тап» , «Дәмінен  татып біл » ойынын ұйымдастырды. Балалар жемістердің 

атауын, ағылшынша жатқа айтып, оқу іс-әрекетке ынтасымен қатысты. Ұйымдастырылған ашық 

оқу  іс-әрекеттер  әдістемелік  отырыста  талданып,  нәтижесінде  жас  мамандар  өз  білімдерін 

шыңдай түсті. 



А. БАЯНОВА,

балабақша әдіскері

әр түрлі кереметтер жасағанын  оқушылар    өздері   айтып берді. Келген қо-

нақ тарға да оқушылар сұрақ қойып, еңбегімен еленіп, ұжым басқарып отырған 

тұлғалардың жұмысымен, қызығы мен қиындығы қатар жүрген еңбек жолы мен   

танысты.  Сонымен  бірге  «Ой  бөлісіңіз!»  атты  бөлімінде  «Жақсы лардың 

жақсысы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін, видеороликтер арқылы  

еңбек ету қажеттілігін  келген қонақтар оқушыларға өз жұмыстарымен бай-

ланыстыра  отырып,  әңгімелеп  берді.  Сонымен  бірге    оқушылар  өздерінің 

өнерлерін  көрсетті,  еңбек  туралы,  кім  болғысы  келетінін  өлең  жолдарымен 

жеткізді. Сынып оқушыларының жеткен жетістіктері көрсетіліп, алдағы уақытта 

білім, өнер,спорт саласындағы жеңістерінің көбейе беретініне уәде берді. Кеш 

соңында қала әкімінің әсерлі әні тыңдалды, ұжым басқарып отырған тұл ға-

лармен сұхбаттасу арқылы, «Көп еңбек еткенге бақыт та басын иеді» деген 

нақыл сөздің мағынасын оқушылар  терең түсінісіп тарасты. 



Клара МҰХАНОВА, 

Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі, 

I санатты, III деңгейлі мұғалім.  

Топтық  жұмыс  әр  топта  өздерінің  аттарына  сәйкес 

отбасындағы әкенің, ананың, баланың рөлі туралы пос-

тер, эссе қорғауға берілді. 

«Біз біргеміз» жаттығуы  әр   ата- анаға бірден жауап 

беруге  сұрақтар  қойылып,  жағдаяттық  сұрақтар  беру 

арқылы  ата- аналардың пікірлерінен ой бөлісті.  «Реф-

лексия» бөлімі арқылы ата – аналар бірі - әке, бірі – ана, 

бірі – бала рөліне еніп өз ойларын ашық айта білді. Өз 

рөлдерін өлең шумақтары арқылы арнап, жиын соңында 

алған  әсерлері  туралы  көңіл  күйлерін  білдіріп,  ұсыныс- 

тілектерін  жазып,  стикерге  жапсыру  арқылы  білдіріп 

жатты. 

Ұстаз деген киелі есімге лайықты, өз қолтаңбасы  бар 



мұғалімдердің  бірі,  Өрлеу  біліктілік  курсынан  өткен  – 

математика  пәнінің  мұғалімі  8  «а»  сынып  жетекшісі  – 

Абирова  Айгүлдің  тынымсыз  еңбегінің,қағылез,  пысық, 

еңбекқор  ісіне  ата-  аналар  біздер  сүйіне  де,  сүйсіне  де 

қызығып  1  сағат  уақыттың  қалай  өткенін  де  байқамай 

қалыппыз. Жаңа заман талабына сай біліктілік курсынан  

өткен  осындай  педагогтан  білім  алып  жатқан  бала-

ларымыздан  да  күтеріміз  мол.  Өз  сыныбының  оқушы-

ларына өз баласындай қамқорлық  жасап, өз ісіне қызы-

ғушылығы мол осындай ізденімпаздығымен әлі де талай 

биік  белестерді  алатынына  сеніммен  қарай  отырып, 

сынып  жетекшісі  Абирова  Айгүлге  және  Ж.Мыңбаев 

атың дағы гимназия директоры Хадиша Сүйесінге мектеп 

осындай  білікті де, білімді ұстаздармен толығып, шығар-

машылық  табыстарға  жете  берсін  деген  тілегімізді 

«Ақкетік арайы» газеті арқылы білдіруді жөн көрдік.   



8 «а» сынып ата- аналары.

АШЫҚ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТТЕР АПТАЛЫҒЫ



Сахарбаев  Қуатбайға  қосалқы  шаруашылық  жүргізу  үшін 

қосымша жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) 

құқығын беру туралы 44 гектар жер теліміне  19 шілде 2060 жыл-

ға дейін құқығы берілген Түпқараған ауданы әкімдігінің 25 мау-

сым 2012 жыл №411 қаулысына сәйкес жасақталған 04 шілде 

2012  жылғы  келісім  шарты  және  мемлекеттік  акт  жо ғалуына 

байланысты жарамсыз деп танылсын.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН

МАҚСАТ- БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ



АТА-АНАЛАР АЛҒЫСЫ

Жақында Ж.Мыңбаев атындағы мектеп – гимназия сының 8 «а» гимназия сыныбында Абирова 

Айгүл дің жетекшілігімен жүргізілген ата-аналарға арналған кау чинг-сессия өткізілді. Абай  ата  мыз 

«Адамның  адам шылығы  –  ақыл,  ғылым,  жақсы  әке,  жақсы  ана  жақсы  бала  жақсы  ұстаздан 

болады»  айтқандай  мықты  ұстаздан  жақсы  білімгер,  үлгілі  оқушы  шығатынын  осы  бір  өткен 

каучинг-сессиядан  осы  сыныптың  ата-аналары  біраз  нәрсені  түсінгендей  болдық.  Бұл  бұрын- 

соңды  болмаған  жиналыс  болды.  Каучинг-сессияның  мақсаты  да  баланың  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  отбасы  тәрбиесінің  алатын  орны  туралы  түсінік  қалыптастыру,  әке,  ана  және 

баланың отбасындағы рөлі туралы мағлұмат беру  болып табылады.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал