Главный редактор



жүктеу 1.3 Mb.

бет1/14
Дата01.03.2017
өлшемі1.3 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

№1(10)2014

1

№ 1(10)2014

2

№1(10)2014

3

Журнал«Аstana Innovations»

№1/10/2014

СОБСТВЕННИК

АО «Астана Innovations»



ИЗДАТЕЛЬ: 

ТОО «Деловой Мир Астана»



ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР: 

Шолпан Сыздыкова



ПРЕДСЕДАТЕЛЬ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА: 

Медер Маселов



РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ: 

Талгат Ашим 

Еркен Айтбаев

Азиза Копбосынова

Досжан Досымкулов

Асем Кусаинова



Координатор проекта

Жанна Саурова



Ответственный редактор

Мария Гусаренко



Дизайнер

Камила Маханова



Литературные редакторы

Гулянда Колтубаева

Гулжан Кадирова

Фотографы:

Вероника Лернер

Михаил Шаповалов

Материалы публикуются по заказу 

ГУ «Управление администрирования СЭЗ 

«Астана-новый город»

Тираж: 1000 экз. 

Подписано в печать: 16 мая 2014 года

Периодичность выхода – 4 раза в год.

Журнал зарегистрирован в Комитете информации и 

архивов Министерства культуры и информации РК.

Свидетельство № 12317-Ж от 26.03.2012.



Адрес редакции: 

Казахстан, г. Астана, ул. Сыганак, 25, 

БЦ «Ансар», оф. 10/02

тел./факс: +7(7172) 550-658, 550-657

е-mail: dm99@mail.ru, dm@dmastana.kz

www.dmastana.kz

Отпечатано в типографии «Print House Gerona», 

г. Алматы, ул. Сатпаева 30А/3, офис 124, 

тел.: +7 (727) 250-47-40

Мнение авторов публикаций 

не обязательно отражает мнение редакции. 

Перепечатка материалов из журнала  

только по согласованию с редакцией.

Система менеджмента качества ТОО “Деловой 

Мир Астана” сертифицирована аккредитованным 

органом по подтверждению соответствия и  

соответствует требованиям СТ РК ИСО 9001-2009

МАЗМҰНЫ/СОДЕРЖАНИЕ/CONTENT

МАЗМҰНЫ/СОДЕРЖАНИЕ

4-7 АҚПАРАТТЫҚ КӨРІНІС

8-9 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Кептеліссіз қала

10-12 БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ 

ЕХРО-қалашық – таңғажайып әрі керемет

13-15 «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯЛАР  

Ақылмен залалсыздандырамыз

Қаланы қалай тазартамыз?

16-19 Е-ҚАЗАҚСТАН

Бір стартаптың тарихы. Гоголь көшесінен 

Google штаб-пәтеріне дейін 

20-21 ПЕРСПЕКТИВА

Мемлекет пен бизнес: ортақ мақсат

22-23 ИНВЕСТКЛИМАТ

Инвесторларға арналған жұмақ

24-25 ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС 

Өз үйім – берік қамалым

26-27 ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС

Қазақстандық өндірушілердің инновациялық 

тәжірибесі

28-31 ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС

Мөлдір бизнес

Астанадағы шыны зауыты

32-35 ИННОВАТОР

Болат Ермағамбет: Жаңаша ойлап, жаңаша 

еңбектену қажет

36-37 БРИФИНГ

Бастамашылар бастайды әрі жеңіп шығады

38-39 НОУ-ХАУ

Отандық зерттемелер суицидпен күресте

40 ЖАҢА ЖОБАЛАР

«Ақылды» аялдама: жайлы жол жүру

41 АЛҒАШҚЫ СТАРТАПТАР

Мультисенсорлық панель немесе үйреншікті 

заттарға жаңаша көзқарас

42-43 БИЗНЕС-ИНКУБАТОР

Барлығы табысты бастама үшін

44-45 БАЙҚАУ

Болашақтың қаласы балалар көзімен

46-47 IС-ШАРА

Барлықтарыңыздың назарларыңызға - Astana 

Startup Weekend!!!

48-51 ИНФОПАНОРАМА

52-53 ИНФРАСТРУКТУРА

Город без пробок

54-56 ГОРОД БУДУЩЕГО

ЕХРО-город – чудесный и удивительный

57-59 «ЗЕЛЕНЫЕ» ТЕХНОЛОГИИ

Утилизируем с умом

Как сделать город чище?

60-63 Е-КАЗАХСТАН

История одного стартапа. С улицы Гоголя 

в штаб-квартиру Google 

64-65 ПЕРСПЕКТИВА

Государство и бизнес: связанные одной целью

66-67 ИНВЕСТКЛИМАТ

Рай для инвесторов

68-69 ОТЕЧЕСТВЕННОЕ ПРОИЗВОДСТВО

Мой дом – моя крепость

70-71 ОТЕЧЕСТВЕННОЕ ПРОИЗВОДСТВО

Инновационный опыт казахстанских 

производителей

72-75 ОТЕЧЕСТВЕННОЕ ПРОИЗВОДСТВО

Прозрачный бизнес 

Стекольный завод в Астане

76-79 ИННОВАТОР

Болат Ермагамбет: Нужно мыслить и творить 

по-новому

80-81 БРИФИНГ

Инициативные начинают и выигрывают

82-83 НОУ-ХАУ

Отечественная разработка в борьбе 

с суицидом

84 НОВЫЕ ПРОЕКТЫ

«Умная» остановка: поездки с комфортом

85 ПЕРВЫЕ СТАРТАПЫ

Мультисенсорная панель или новый взгляд 

на привычные вещи

86-87 БИЗНЕС-ИНКУБАТОР

Все для успешного старта

88-89 КОНКУРС

Город будущего глазами детей

90-91 МЕРОПРИЯТИЕ

Внимание всем - Astana Startup Weekend!!!


№ 1(10)2014

4

АҚПАРАТТЫҚ КӨРІНІС

Еуропалық дЕңгЕйдЕ

«Астана Innovations» АҚ Орталық Азия елдерінде ақпараттық технология трансфертінің инновациялық концепциясын жасау, бейімдеу, тарату және енгізуге 

бағытталған е-INTERASIA халықаралық жобасының бірінші кезеңін табысты аяқтады. 2014 жылдың наурызында Ригада жоба бойынша есептік кеңес 

өткізіліп, онда Қазақстанның астаналық компаниясымен атқарылған жұмыс жоғары бағаға ие болды. 

е-INTERASIA жобасы қаржыландырылып, Еуропалық Одақтың ғылыми зерттеулер мен технологияларды 

дамыту жөніндегі жетінші рамалық бағдарламасының құрамында іске асырылып жатқандықтан, Латвия, 

Германия, Эстония, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан серіктестермен бірлесіп Астана Innovations 

Еуропалық комиссия грантын іске асыру бойынша жұмыс жасауда. 

Дәл осы рамалық бағдарламалар Еуроодақ елдеріндегі ғылыми зерттеулер мен технологияларды 

жасауды үйлестірудің негізгі ұйымдастыру түрі болып табылады. ЕО елдері рамалық бағдарламалардың 

жалпы қорын құрады, ғылымды дамытудың басым бағыттарын белгілейді және көпжақты халықаралық 

жобаларды конкурстық негізде қаржыландырады. 

Заманауи инновациялық технологияларды транзиттік экономикасы бар елдерде тарату жөніндегі ЕО бағдарламалары 1994 жылдан бастап жүзеге асы-

рылып келеді.  Қазіргі – жетінші рамалық бағдарлама – Орталық Азия елдерінде шоғырланады. Ол ақпараттық технология трансфертінің инновациялық 

концепциясын, технология мен оқытуды, сондай-ақ арнайы логистикалық порталды жария етуге арналған ең озық өнімдерді жасау, бейімдеу, тарату және 

енгізуді қолдайды.  

19-20 мамырда 

VII Астаналық 

экономикалық 

форум аясында, ТМД 

алдыңғы қатарлы және 

жоғары технологиялы 

орталықтарының бірі – 

«ҚазМедиаОрталығы» 

телерадиокешенінде 

ASTEX-2014 көрме-

конференциясы өтеді. 

Мұнда қатысушыларды 

тосынсыйлар күтіп тұр 

– АКТ әлеміндегі жаңа 

шешімдер: голограммалардың соңғы технологиялары, виртуалды киіну бөлмесі, 

3D-принтерлер. 

ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен, «Зерде» Ұлттық ақпараттық 

коммуникациялық холдингімен және «АКТ дамыту қоры» КҚ ұйымдастырылған 

іс-шара Астанада тағы да атақты шетелдік спикерлердің басын қоспақ.  Олардың 

қатарында шетелдік компаниялардың басшылары, ірі инвесторлар, бизнес-

тренерлер, профессорлар, әлемдік интернет-бизнес ойыншылары, аналитиктер бар. 

Е-commerce трендтері туралы қазақстандық аудиторияға әңгімелеп беретіндер: 

Рангачар Кастури – профессор, радиоэлектроника және электротехника стандартта-

рын (АҚШ) жасау саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын IEEE Computer 

Society компьютерлік қауымдастығының президенті,  сондай-ақ Роберт Беллак, cars.com 

құрылтайшысы және АҚШ-тағы электронды коммерция нарығының рейтинг бойын-

ша екінші қатысушысы – New Egg компаниясының бас директоры.

Шақырылған қонақтар семинарлар мен воркшоптар өткізеді. Электронды 

бизнестегі инновациялық зерттемелер, АКТ саласын B2C және B2B бағыттарында 

дамыту тақырыптарын АҚШ-тағы бизнес-идеяларға арналған алғашқы интернет-

инкубаторлардың бірі – Idea Lab компаниясының атқарушы директоры Марк Гуд-

штейн және , Rustic Canyon Ventures компаниясының инвестициялық серіктесі Дэвид 

Трэверс жалғастырады. «Ақылды» индустрияны жасау тәжірибесімен Amazon.com 

және Blue Origin ғарыштық әуе компаниясының негізін салушы Джеф Безос 

бөліседі. 

Е-коммерция астанада

2012 жылы Астана әкімдігі мен «Астана Innovations» 

компаниясының қолдауына ие болған Medkarta.org 

астаналық стартапы жаңа даму деңгейіне көтерілді. 

Енді қазақстандық медициналық сервистің 

артықшылықтарын iPhone мобильді телефондарына, 

iPad планшеттеріне, сондай-ақ iTunes персоналды 

компьютерлеріне арналған қосымшалар дүкені – App 

Store пайдаланушылары да қолдана алады. 

Medkarta – адамға өз денсаулығы туралы көбірек 

білуге көмектесетін, қант диабеті, гипертония, 

семіздік, жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупінің 

қаншалықты екенін есептейтін, сондай-ақ қажетті 

нұсқаулықтар алуға болатын сервистері бар қосымша.  

Жасап шығарушылар қосымшада медициналық 

формулаларды, тәуекелдер бойынша мәліметтерді 

және жаһандық зерттеулерден нұсқаулықтарды 

пайдаланады. «Сандық технологиялар көптеген 

аурулардың емдеу әдістерін жетілдірген тәрізді 

адамдардың өмір салтына және денсаулығын 

сақтауға, емдеуші дәрігерін таңдауға және олармен 

әңгімелесу мәдениетіне деген қарым-қатынасын 

жоғары деңгейе көтере алады», – деп есептейді жоба 

негізін салушы Сәбит Наукенов. Жалпы, ол бірден 

medkarta.org сервистері диагноз қоймайтынына, 

сондықтан да науқас тарихындағы соңғы сөз әрқашан 

білікті емдеуші дәрігермен айтылуы тиіс екеніне 

пайдаланушылардың назарын аударады. 



Біздің бренд 

App Store-да

№1(10)2014

5

АҚПАРАТТЫҚ КӨРІНІС

EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалуына 

байланысты Астана қаласында қала нысандарын: көшелер мен скверлерден 

бастап кіреберістер мен автобус аялдамаларына дейін жарықтандыру үшін 

фотоэлектрлі панельдерді пайдалану жоспарлануда. 

EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны 

өткізу жөніндегі дирекция және фотоэлектрлі модульдер өндіретін Astana Solar 

кәсіпорны Өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол 

қойды. Көп ұзамай халықаралық көрмеге дайындықтың бүкіл кезеңіне арналған 

Бірлескен іс-шаралардың толық жоспарына қол қою да жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, кездесуде компания өкілдері елорда өмірінің түрлі салалары-

на «жасыл технологияларды» енгізу саласындағы кооперацияның негізгі 

аспектілерін, сондай-ақ тұрғындар арасында баламалы энергия көздерін тарату 

мәселелерін талқылады.



Жарық – әрбір үйге

Идеядан жобаға дейін

А

станада жастарға арналған инновациялық идеялар мен жоба-



лар конкурсы болып өтті, оны Астана қаласының Жастар саясаты 

мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Үлес 20200» ҚҚ 

ұйымдастырды.  

Ведомствада атап көрсеткендей, мұндай іс-шаралар ең үздік инновациялық 

ғылыми-техникалық зерттемелерді анықтауға, астаналық студенттер мен 

өнертапқыштардың белсенділігін арттыруға, олардың жобаларына қолдау 

көрсетуге, сондай-ақ жас ғалымдармен тәжірибе алмасу алаңын құруға 

арналған. 

– Конкурстың басты талабы жобалардың инновациялық құрамына, бірегейлігіне, 

экономикалық тиімділігіне негізделді, – дейді ұйымдастырушылар. – Жүлделі 

орындарға үміткерлер қатарында – өмірді жақсартуға қабілетті, елдің 

индустриялық-инновациялық дамуына үлес қоса алатын идеялар бар. Барлық 

инноваторлар өздерінің назардан тыс қалмайтынын, олардың идеялары 

маңызды әрі пайдалы екенін білуі тиіс. 

Әдіілқазылардың пікірінше, ең жақсы нәтижені атмосфералық ауаны ластау 

мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және «Домбыра» 

мобильді қосымшасы бойынша жобаларын ұсынған Л. Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің студенттері көрсетті. Сондай-ақ Назарбаев 

университетінің 

студенттері жылу 

алмастырғыш 

құбырларды қақтан 

тазарту бойынша жо-

басын ұсынды. Одан 

басқа, жас инноватор 

Арман Бекеевтің 

жобасы комиссия 

мен қатысушылардың 

қызығушылықтарын  

тудырды. Оның 

жобасының мәні 

жылқы сүтінен сүт 

коктейлін жасаудың жаңа әдісіне негізделген. Ұлттық стильдегі, қымыз негізінде 

жасалған ноу-хау сусынның нәзік жемісті сергіткіш дәмі бар.  

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Астана Innovations» АҚ 

технологиялық бизнес-инкубациялау конкурсына жеңілдікпен қатысу 

мүмкіндігін алды. 

Көз ауруына қарсы 

жаңа әдіс 

А

станадағы №2 қалалық ауруханада шел (көз) 



ауруына қарсы заманауи микрохирургиялық 

емдеу әдісін – факоэмульсификацияны 

қолданады, деп хабарлады astana.kz сайты 

астаналық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме 

жасай отырып. 

Шел (көз) ауруы – 

көз шынысының 

тұмандануымен 

байланысты және 

көз жанарының түрлі 

асқынуларын тудыра-

тын, тіпті соқырлыққа 

дейін жеткізетін  

офтальмологиялық 

ауру. Бүгінгі күні шел (көз) ауруын емдеудің жалғыз 

ғана тәсілі бар – факоэмульсификация шағын отасы, 

оның нәтижесінде тұманданған шыны жасанды шыныға 

айырбасталады.  Факоэмульсификация – бұл шелді 

ультрадыбысты шолғының көмегімен алып тастайды. 

Бұл отаның артықшылығы – асқыну қаупі өте төмен 

әрі тігістер де аз, науқасты оңалту мерзімі де аз болып 

табылады. 

«Ота «инесіз», жергілікті тамшылы анестезия арқылы 

амбулаториялы түрде жасалады, 15-20 минут уақыт 

кетеді, ешбір ауыру белгісі білінбейді. Ота жасалғаннан 

кейін 2-3 сағат өткен соң, науқас клиникадан 

шығарылады. Кейбір жағдайларда науқас клиникада бір 

түн қалып, дәрігердің бақылауында таңертеңгі тексеруге 

дейін болғанды мақұл көреді. Науқас ота жасалғаннан 

кейін бірден жақсы көре бастайды, ал барынша жақсы 

көру қабілеті екі күннен екі аптаға дейінгі уақытта 

қалыптасады», – дейді дәрігерлер. 

Биылғы жылдың үш айы ішінде №2 қалалық 

аурухананың көз микрохирургиясы бөлімінің маман-

дары 74 науқастың көзіне ота жасап, сақтап қалғанын 

атап айту керек. 



№ 1(10)2014

6

АҚПАРАТТЫҚ КӨРІНІС

құрылысшы-термиттер

Г

арвард университетінің инженерлері термит 



роботтарды жасап шығарды, олар өздерінің 

биологиялық ағайындарына қарағанда бұзбай, 

қандай да бір сызбалар мен жоспарларсыз 

тек жергілікті рельеф туралы мәліметтер мен өз 

«әріптестерінің» хабарламаларына ғана сүйене отырып, 

салыстырмалы түрде ірі әрі күрделі құрылыстар 

тұрғызады.  

Термиттердің табиғат аясында өздерін ұстау жөніндегі 

сараптамасы, нақты айтқанда, олардың стигмергия-

сы – бір-біріне ақпарат бере алу қабілеті және ортақ 

әрекеттерін үйлестіру Радхик Нагпал өнертабысының 

негізін қалады.   

Ғалымдардың пікірінше, бұл өнертабысты өзендер мен 

теңіздердің тасуы кезінде түрлі бөгеттер құрылысын 

салу, немесе зілзаладан зардап шеккендерге арналған 

уақытша баспана тұрғызу үшін пайдалануға болады. 



«ақылды» қару 

Ү

стіміздегі жылдың басында белгілі 



америкалық инвестор Рон Конуэй «ақылды» 

қару – бөгде адамның қолында болғанда оқ 

атпайтын пистолет жасау конкурсын жарияла-

ды. Ондай конкурстың жеңімпазы қомақты сыйлық 

– миллион АҚШ долларын алады. 

Америкалық ғалымдардың қару ұрлау санын және 

оны қоғамдық орындарда рұқсатсыз пайдалану 

қаупін азайтуға арналған зерттемесі де бірінші орынға 

үміткер бола алады. Armatix компаниясының 22 

калибрлі пистолетінің жиынына қолсағат енеді және 

ол радиожиілік сәйкестендіргіш принципі бойынша 

жұмыс істейді. Қару тек 35 сантиметр қашықтықта 

чип орнатылған сағат болған жағдайда ғана атады. 

Сәйкестендіргіш жеке және оны тек пистолет иесі 

реттейді.   

Жаңа әдістеме 

өнімділікті арттырады

 

 

Ө

сімдіктің қанша жарықты қажет ететінін өлшейтін жаңа әдіс климаттың 



өзгермелілігіне төзімді өнімді өсіру ісінде пайдалы болуы мүмкін.  

Өсімдіктердің фотосинтетикалық құрылымы адам көзінің ішкі 

торқабығына ұқсас болып келетінін анықтады, яғни сіңіретін күн 

жарығының мөлшеріне аса сезімтал, сондықтан жарық ағынының үдемелілігіне 

жылдам әрекет ете алмайтын 

өсімдіктердің қоршаған ортаның 

өзгерістеріне бейімделуі қиын.  

«Біз алғаш рет өсімдіктердің 

жарықтың жоғары үдемелілігінен 

өздерін қорғай алу қабілетінің 

мөлшерін анықтай алдық», – 

дейді зерттеменің бірлескен 

авторы және Лондондағы Мэри 

патшайымы университетінің 

химия-биология мектебінің 

жасушалық және молекулалық 

биология бөлімшесінің басшысы профессор Александр Рубан. «Климаттың өзгеруі 

температураның, ылғалдылықтың және жарықтың өзгеруіне әкеледі. Өсімдіктің 

жарықты қабылдай алу қабілетін білу – фермерлер мен селекционерлер үшін 

құнды ақпарат болуы мүмкін», – деп нақтылай түсті ол. 



Үнемдеу қабылдағыштары   

Қ

оғамдық ғимараттарды басқарудың жаңа модулі электр энергиясына 



төленетін есеп-шоттарды 18 пайызға дейін кеміте алады. Осының 

барлығына жайлылықты жоғалтпай қол жеткізуге болады! 

АҚШ Энергетика министрлігінің Тынық мұхит Солтүстік-Батыс Ұлттық 

зертханасының бір топ зерттеушілерінің жетекшісі Майкл Брэмбли, ғимарат 

ішіндегі адамдар санына қарай ғимарат вентиляциясының деңгейін реттей 

алатын құрылғының 

тұсауын кесті. Бұл 

реттеу барлық 

вентиляциялық 

жүйелерге – 

өнеркәсіптік, кеңселік, 

едендік және төбе 

механизмдеріне 

таралады. 

Бұл әдістің за-

манауи жүйелердің 

көбінің әрекет ету 

принциптерінен 

айтарлықтай 

айырмашылығы 

бар: қазір бөлмеде бір адам ғана болса да, желдеткіш бар күшімен жұмыс істеп 

тұрады.  

Әзірге зерттелу үстіндегі жаңа компонент бөлмедегі адамдардың санын есептеп, 

нақты мәліметтерге сүйене отырып, энергия беру мен механизмдердің жұмыс 

істеу қарқынын реттейді. 

Сарапшылар осылай реттеу мен жарық беру жалпы алғанда 28 пайызға дейін 

электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік беретініне сенімді.


№1(10)2014

7

АҚПАРАТТЫҚ КӨРІНІС

қанттан жасалған батарея

АҚШ биотехнологтары қант пен синтетикалық ферменттердің 

жиынтығынан батарея жасап шығарды. Жаңа өнертабыстың 

энергетикалық сыйымдылығы өте жоғары, бұл осы секілді энергия 

көздерін тұрмыстық техника мен гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік 

береді.


 Вирджиния политехникалық университетіндегі Персиваль Чжан 

және оның әріптестері ұзақ уақыт бойы әртүрлі синтетикалық 

және табиғи ферменттермен тәжірибелер жасап келді. Зерттеу 

барысында мамандар қантты тиімді ыдырататын, сондай-ақ оның 

ыдырау өнімдерінен барынша көп бос электрондар мен энергия 

ала алатын ақуыздың ерекше жиынтығын бөліп көрсетті. 

Жаңа батарея жұмыс істеуі үшін бар-жоғы үш құрамдас бөлік 

қажет – қанттың, ауаның және судың аздаған мөлшері. Фермент-

тер мен «отынның» өзі пайдалануда қауіпсіз деп атап көрсетіледі: 

батареяның жұмыс істеуі кезінде жарылуы мүмкін сутегі мен басқа да газдар бөлініп шықпайды.  Ғалымдар өздерінің өнертабысының 

жоғары тиімділігі баламалы қуат көзіне деген сұранысты жуық арада арттыра түседі деп есептейді.  

Инновациялық 

материал ретіндегі 

асшаянның сауыты 

Ц

еллюлозаны өңдеуге арналған ионды сұйықтықтарды пайда-



лану мәселелерін зерттейтін ғалымдар асшаянның сауытта-

рын мықты талшықтарға айналдыруға болады деп есептейді, 

содан соң оларды теңіз суынан құнды металдарды алу үшін 

пайдалануға болады.  

Зерттеушілер асшаянның сауыттарынан тікелей алынатын ұзын хитинді 

талшықтарды экстракциялауда ионды сұйықтықтарды пайдаланды. 

Мамандар хитин молекуласын едәуір белсенді полимер – хитозанға 

конверсиялайды. Алынған материал иондарды сұйытылған су 

ерітіндісінен алуға болатынын көрсетті. Алайда мінсіз нұсқада хитин 

негізіндегі талшықтар қайта бөлініп, қайтадан пайдалануға болатындай 

қасиетке ие болуы қажет екені атап айтылды.  

Көптеген мамандар бұл зерттеме ең жаңа экологиялық үйлесімді 

материалдар жасаудағы маңызды қадам екеніне сенімді. 

Күн батареяларына 

арналған «Тазалаушы»

«Sinfonia Technology» атты ірі жапондық компания күн 

панельдерін шаң-тозаң мен құстардың саңғырығынан тазалай-

тын құлтемірді жасап шығарды. 

Аталмыш құрылғы толық автономиялығымен ерекшеленеді: 

жақын орналасқан күн панельдері арасында өздігінен жылжи 

алады, оларды пішініне қарамастан жақсылап жуып, тәуліктің 

қараңғы уақытында да жұмыс істей береді. Мамандар бұл 

секілді құлтемір әртүрлі күн электр станцияларында өте пайдалы 

болады деп есептейді.  

Құлтемір суға арналған сыйымдылықтармен және жуу 

құралдарымен, қатты щеткамен, сүрту құрылғысымен, 

сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс істеу бетін 

жарықтандыру үшін инфрақызыл жарықдиодтармен 

қамтамасыз етілді. Құрылғыға сымсыз байланыс жүйесі орна-

тылды, сол арқылы планшетті пайдалана отырып, жұмыс істеу 

барысын, аккумулятордың қалған қуатын, сондай-ақ қалған 

сұйықтықты жиі тексеріп отыруға болады. 

Sinfonia Technology берген бағалауға сәйкес бұл құрылғыны 

пайдаланған электр қуатын өндірушілерге қарапайым күн 

панельдерін жуу ісінде үнемдеулеріне мүмкіндік туады. 


№ 1(10)2014

8

КЕпТЕліссіз қала

Уақытты үнемдеу мен қауіпсіздік – қаланың заманауи 

инфрақұрылымы сай болуы тиіс өзекті қағидаттар. Астана үшін 

қоғамдық көлік мәселесін шешу маңызды басымдықтардың бірі 

болып табылады. 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Қала  әкімшілігі  шешімін  табуды  мақсат  еткен  ке-

зек  күттірмейтін  міндеттердің  бірі  көлік  қолжетімділігін 

қамтамасыз ету, жол желілерінің өткізгіштік қабілетін арт-

тыру,  заманауи  навигациялық  жүйелерді  пайдалана  оты-

рып көлік ағынын басқару болып табылмақ. Мұның бәрі 

қалада іске асырылатын интеллектуалдық көлік жүйесінің 

ауқымды жобасын жүзеге асыру үшін бағытталған. 

Оның  бірнеше  түрлі  бағыттары  бар:  қала  көшелері 

мен  даңғылдарында  бағдаршамдарды  бейімдеп  рет-

теу,  ақпараттық  табло  мен  ауыспалы  ақпараттың  жол 

белгілерін  орнату,  жол  ағынына  талдау  жүргізу  және  осы 

учаскелерде қоғамдық көліктердің басым қозғалыстарын 

қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  көше  қиылыстарында 

бейнебақылау  орнату.  Сондай-ақ  МКЖ  жобасы  аясында 

онлайн  режимде  барлық  мәліметтерді  шоғырландырып, 

өңдеу  орны  болып  табылатын  жүйенің  «миы»  –  Көлікті 

басқару орталығы құрылатын болады. 

Астана  қаласы  Жолаушылар  көлігі  және  автомобиль 

жолдары  басқармасының  ақпараттарына  сәйкес,  қазіргі 

уақытта  қаланың  ИКЖ  техникалық-экономикалық 

негіздемесі жасалды, жобалық-сметалық құжаттамаларды 

дайындау жүргізілуде. 

«Ақылды»  жүйенің  жобасын  іске  асыру  кезең-

кезеңмен алты жыл көлемінде, 2019 жылға дейін жүргізетін 

болады.  Қалалықтар  оның  ең  басты  артықшылығы  – 

қоғамдық  көлік  пен  арнайы  көлікке  арналған  басым 

қозғалысты  енгізуді,  нақты 

қозғалыс  трафигіне  қатысты 

бағдаршам 

нысандарының 

жұмысын бейімдеуді лайықты 

бағалайтын болады. 

Жалпы,  қазірдің  өзінде 

Астана 

тұрғындары 



мен 

қала  қонақтары  жолаушы-

лар  тасымалы  жүйесіндегі  оң 

өзгерістерді  атап  көрсетуде. 

Мысалы,  сатып  алынатын 

отынның  шығынын  азайту 

мен  қоршаған  ортаға  қалдық 

газдардың  шығуын  азайту 

мақсатында  Астана  қаласы 

әкімдігімен  қалалық  авто-

бус  парктерінің  барлығын 

сығымдалған 

табиғи 

газ 


(СТГ)  метанға  ауыстыру  ту-

ралы шешім қабылдады. Осыған байланысты 2014 жылғы 

12  ақпанда  IVECO  (Италия)  компаниясымен  ағымдағы 

жылы СТГ газ двигательдерімен жабдықталған 350 авто-

бус  жеткізу  туралы  шарт  жасалды.  Барлығы  2017  жылы 

қауіпсіздік, экологиялылық және жайлылық саласындағы 

заманауи талаптарға жауап беретін осындай 850 көлікті са-

тып алу жоспарлануда. 

Одан басқа, елордада биылғы жылдың өзінде қаланың 

орталығында  қолданыстағы  көлік  қозғалысына  түзету 

енгізу арқылы жеті негізгі аялдамаларды ұйымдастырып, 

жеті  жаңа  экспресс-маршруттарды  енгізу  жоспарла-

нуда.    Бұл  шешім  Астанада  ай  сайын  жаңа  тұрғын  үй 

кешендерінің,  сауда  және  әкімшілік  орталықтардың 

пайдалануға  берілуіне  байланысты  туындап  отыр,  ал 

қолданыстағы  маршруттық  желінің  негізгі  бөлігі  со-

нау  Целиноград  заманында  салынған  болатын.  Пробле-

маны  шешіп,  көлік  желілерін  оңтайландыру  бойынша 

нұсқаулар  беру  үшін  2013  жылы  «Typsa»  компаниясы 

шақырылған болатын, оның мамандары қаланың барлық 

жолаушылар  ағынына  мониторинг  жасап,  Астана  аудан-

дарын  қозғалғыштығына  және  көлік  түрлерін  пайдалану 

санаттарына қарай бөле отырып, 30 мыңнан астам адам-

дармен сауалнама жүргізді. 

Сараптық  компанияның  алған  мәліметтері  негізінде 

маршруттық  желілерді  бірнеше  кезеңдерге  өзгерту  бойынша 

шешім  қабылданды.  Алғашқы  кезең  2016  жылға  дейін, 


№1(10)2014



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал