Главная передача и дифференциал автомобиля. Устройство



жүктеу 158.78 Kb.
бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі158.78 Kb.
#23504
түріСабақ
  1   2
Презентация Басты беріліс және дифференциал

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің басты берілісі,дифференциалы және құрылысы

Құрастырған: арнайы пән мұғалімі

С.К.Кубиев

Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы

Автомобильдің басты берілісі айналу моментін үлкейтіп беруге және оны жарты осьтерге 90⁰ бұрышпен жеткізуге арналған


Автомобильдің басты берілісінің жұмыс сызбасы 1 - қақпақ; 2 – жетекші валдың тісті тегершігі ;
3 – жетекші тісті тегершік; 4 – жетектегі тісті тегершік; 5 -жетекші (артқы) дөңгелектер;
6 – жарты осьтер;
7 – басты берілістің картері

Басты беріліс

Басты беріліс

  • Басты беріліс: жетекші және жетектегі тісті тегершіктен тұрады.
  • Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу моменті ілініс,беріліс қорабы және кардандық берілістер арқылы,әркез іліністе болатын қисық тісті тісті тегершіктің жұбына беріледі.Суретте екі дөңгелек те бірдей бұрыштағы жылдамдықпен айналады.Ал егер автомобиль бұрылған кезде,дөңгелектер әр түрлі жылдамдықпен айналу керек. Егер ойыншық машинаны алсақ,олардың артқы дөңгелектері бір бірімен қатты жалғасқан,оны еденмен сүйресек,онда сіздің еденіңіз сызылып қалғанын көресіз.Ойыншық машинаның әрбір бұрылысында екі дөңгелектің біреуі сүйретіліп артынан қара із қалдырады.Кәдімгі шын автомобильдің бұрылыстағы қалдырған ізіне анықтап көз салсақ,ішкі дөңгелекке қарағанда сыртқы дөңгелектен бұрылыстың орталығына дейінгі ара қашықтық едәуір үлкен болады. Егер әрбір дөңгелек бірдей айналса,онда автомобильдің бұрылуы мүмкін болмас еді.Бұдан түйетініміз,ойыншыққа қарағанда шын автомобильде бұрылу кезінде дөңгелектер асфальтта ешқандай із қалдырмайды.Мұндай механизмді дифференциал деп атайды.

Дифференциал

  • Автомобильдің дифференциалы автомобильдің бұрылысы кезінде немесе тегіс емес жолдармен жүрген кезде жетекші дөңгелектердің жартылай осьтерінің арасында айналу күшін бөліп таратуға арналған. Дифференциал дөңгелектерге әр түрлі бұрыштық жылдамдықпен және әр түрлі қашықтықта ,қандай да болмасын жолдың жабынына қарамай,сырғанамай қозғалуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда дифференциалға жететін айналу күшінің 100% жетекші дөгелектер арасында 50 х 50, және басқаша қатынаста (мысалы, 60 х 40) бөлініп таратылуы мүмкін. Өкінішке орай,қатынас 100 х 0 болуы да мүмкін.Бұл кезде,бір дөңгелек бір орнында (шұңқырда)тұрады, ал басқасы бұл уақытта тайғанақтайды (дымқыл жерде,балшықта,қарда). Бұл құбылыс автомобильдің тайғанақтамауына,жүргізушіге күн сайын тозған дөңгелектерді ауыстырмауына мүмкіндік береді. Дифференциал басты бөлікпен бірге құрастырылған және ол: екі жарты осьтің тісті тегершігінен және сателлиттің екі тісті тегершігінен тұрады.

жүктеу 158.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет