Гілікті полицияның қызметін бақылау, қадағалау шаралары жүргізіледі



жүктеу 0.56 Mb.

бет6/6
Дата09.03.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

Гүлсара МАДИЕВА,

Алматы қаласы қылмыстық істер 

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 

сотының маманы

Елімізде  соңғы  кездері 

дауласушы  тараптарды  тату-

ластыру мәселелеріне ерекше 

мән беріліп келеді. Соған орай, 

медиация белсенді түрде дамып 

келеді. 2011 жылы 28 қаңтарда 

«Медиация туралы» заңы және 

2011 жылы 28 қаңтарда № 402-IV 

«Медиация сұрақтары бойынша 

кейбір заң актілеріне өзгеріс-

тер мен толықтырулар енгізу 

туралы» заңы қабылданып, бұл 

мәселені  құқықтық  тұрғыда 

реттеуге пәрмен берді.

Жалпы, медиация – тарап-

тардың ерікті келісімі бойын-

ша жүзеге асырылатын, медиа-

т о р д ы ң   ж ә р д е м д е с у і м е н 

тараптар  арасындағы  дауды 

реттеу рәсімі болып табылады. 

Медиацияның негізгі мақсаты 

– дауды екі тарапты да қанағат-

тандыратындай  етіп  бітіру, 

тараптардың  дауласу шылық 

деңгейін төмендету.

Медиация  еріктілік,  та-

рап тардың  тең  құқылығы, 

медиатордың тәуелсіздігі мен 

бейтараптылығы,  медиация 

рәсіміне араласуға жол бермеу-

шілік  және  құпиялық  қағи-

дат тары негізінде жүргізіледі. 

Қазақстан  Респуб ликасының 

заңдарында өзгеше белгілен-

бесе, жеке және (немесе) заңды 

тұлғалар қатысатын азаматтық, 

еңбек,  отбасылық  және  өзге 

де  құқықтық  қатынас тардан 

туындайтын, сондай-ақ, онша 

ауыр  емес  және  ауырлығы 

орташа  қылмыстар  туралы, 



Еңбек еленді

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне орайластыры-

лып өткізілген жиын марапатқа толы болды. Осы шарада «Қарулы 

Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқановқа 

«Мәлік Ғабдуллин» медалін тақты. Сонымен қатар, Ақмола 

облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотының төрағасы Б.Баймырзин «5510 әскери 

бөліміне – 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты жиналыста Ақмола облысы ардагер судьялары 

кеңесінің  төрағасы, доғарыстағы судья М.Ғибәділов Ақмола 

облыстық соты және ҚР Судьялар одағы Ақмола филиалының 

көмегімен басып шығарылған «Отан үшін отқа түскен судьялар» 

атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Ақмола облыстық сотының 

төрағасы Н.Әбдіқанов сот жүйесінің мәртебесін нығайтуға 

қосқан үлесі үшін және тарихи маңызы бар кітапты басып 

шығарғаны үшін М.Ғибәділовке алғысын білдірді.

Жиналыста облыстық соттың баспасөз қызметі әзірлеген 

Ұлы Отан соғысының ардагер судьяларының құрметіне фильм 

көрсетілімі  ұйымдастырылды.  Шара  соңында  Қазақстан 

Республикасы Судьялар одағы Ақмола филиалының төрағасы 

Б.Баймырзин  Жеңіс  күні  құрметіне  өткізілген  спорттық 

жарыстың қорытындысын жариялады.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Құжатты тіркеуде 

қиындық жоқ

 

Тәжірибеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан азаматтары-



ның  көпшілігі  құжатқа  құнтсыздық  танытады.  Мәселен, 

азаматтардың дүниеге келгеннен бастап, өмірден өткенге 

дейінгі кезеңдегі құжаттарын рәсімдеу әділет органдарына 

жүктелген. Қарап отырсақ, кейде жаңа туған баласына да 

құжат алмай жүре беретін немкетті ата-аналардың барлығын 

байқаймыз. Дүниеге келген жаңа адамды рәсімдеуге салғырттық 

танытатын жандардың жылжымайтын мүлікті тіркетуге де 

асықпайтыны түсінікті. Міне, осындай жандар баспанасынан 

айырылып, сан соққанда ғана жылжымайтын мүлікті дер 

кезінде, заңдық тұрғыда тіркеудің маңыздылығын түсінеді. 

Оның үстіне, қазір электрондық қызмет жетілдіріліп келеді. 

Соның арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеуде біршама 

жеңілдіктер қарастырылған.   

Қазақстан азаматтары бұдан былай жылжымайтын мүлікке 

қатысты құқықты тіркеу үшін талай мекемеден қағаз жинап 

әуре болмайды. Енді мемлекеттік тіркеу бес күннен бір күнге 

дейін қысқарып, жинайтын құжаттар саны да азайып отыр. 

Нотариус та келісім рәсімделгеннен кейін бір күн ішінде кез 

келген жан өз құқығын әділет органдарында тіркей алады. 

Келісімге қол қойылғаннан кейін нотариус сатып алушының 

жазбаша келісімімен өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен 

құпталған құжаттарды электронды түрде «Е-нотариат», яғни, 

бірыңғай нота риалдық ақпараттық жүйенің бағ дарламасы 

арқылы аумақтық әділет органына жібереді. Қазір бұл жаңалық 

жер-жерде жан-жақты түсіндірілуде. Өйткені, отандастарымыз 

өз құқығын біліп, өзгеге есе жібермеуі керек.



Т.ДӘУРЕМБЕКОВ,

Алматы қаласы Әділет департаментінің 

жетекші маманы

«СОТ КАБИНЕТІ» 

ТИІМДІЛІГІН КӨРСЕТТІ

Білген жөн

Дау мұраты – бітім

МЕДИАЦИЯ

 

немесе араағайындық алғышарттары

қылмыстық  теріс  қылықтар 

туралы  істер  бойынша  қыл-

мыстық сот ісін жүргізу бары-

сында қаралатын даулар (жан-

жалдар)  және  атқарушылық 

іс жүргізуді орындау кезінде 

туындайтын қатынастар медиа-

цияның  қолданылу  саласы 

болып  т абылады.  Медиа-

цияның  отбасылық  қатынас-

тар  саласында  да  өзіндік 

ерекше ліктері  бар.  Мысалы, 

некені жалғастыруға, ата-ана 

құқықтарын жүзеге асыруға, 

балалардың тұрғылықты жерін 

белгілеуге,  ата-аналарының 

бала ларды бағып-күтуге салы-

мына қатысты ерлі-зайып тылар 

арасындағы келіс пеушіліктер, 

с о н д а й - а қ ,   о т б а  с ы л ы қ 

қатынастардан  туын дайтын 

басқа  да  келіс пеушіліктер 

медиация  арқылы  шешілуі 

мүмкін. Қорыта айтқанда, өзара 

дауласушы екі тараптың бірін-

бірі  сотқа  қарай  сүйремей, 

ортақ тілге келіп, бір-бірімен 

түсіністікке қол жеткізуі осы 

медиацияның  араағайындық 

қызметіне тікелей байланысты 

болып  тұр.  Сол  үшін  де  бұл 

саланы  дамыту,  қолданысқа 

енгізу аса өзекті.   

Н.АМАНКУЛОВА,

Қарғалы аудандық 

сотының төрайымы

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ 



8

№51 (2829)

17 мамыр 2016

zangazet@mail.ru

Таяуда Батыс Қазақстан облысы 

бойынша ҚАЖД және облыстық ІІД 

бірлесіп Теректі аудандық ішкі істер 

бөлімінің Подстепное учаскелік поли-

ция пунктінде және Орал қаласында­

ғы №18 учаскелік полиция пунктінде 

жергілікті пробация қызметі үшін 

бөлінген  кабинеттер  ресми  түрде 

ашылды. Шараға бұқаралық ақпарат 

құралдарының өкілдері қатысты.

Осыған дейін ашылып, бүгінде 

жұмысын бірізге түсіріп үлгерген 

Қостанай қалалық ішкі істер бөлімі 

«Оңтүстік» учаскелік полиция пункті­

нің тәжірибесі негізінде қолға алынған 

пробация кабинеттерінде жұмысқа 

қажетті кеңсе жиһаздары мен компью-

терлер орналастырылған. 

Қызметтік компьютерлерге про-

бация қызметінің есебінде тұрған 

сотталғандар тарапынан жасалатын 

құқық  бұзушылықтарды  уақтылы 

анықтап, оларға шара қолдану үшін ҚР 

ІІМ «Web­интерфейс», БП ҚСжАЕК 

«Ақпараттық  қызмет»,  «ҚҚжАО 

ААЖ» іздестіру жүйесі орнатылған. 

Сондай­ақ, учаскелік полиция пункт­

терінде орналасқан пробация қыз­

меттерінің қызметкерлері ҚР ІІМ 2014 

жылғы 18 тамыздағы (2015 жыл дың 

9 маусымында өзгерістер мен то лық­

тырулар енгізілген) №517 бұй ры­

ғы ның шеңберінде аймақ бо йын ша 

учаскелік инспекторлармен про бация 

қызметінің есебінде тұрған адам­

дардың мінез­құлқына бақылау жасау 

бойынша өзара іс­қимылды еркін 

жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, 

учаскелік  полиция  пункттерінде 

орналасқан пробация қызметтерінің 

кабинеттері есепте тұрған қоғамнан 

оқшаулаумен байланысты емес жа­

заға сотталғандар үшін де тиімді әрі 

ыңғайлы. Атап айтсақ, №1 Теректі 

аудандық пробация қызметінің есебін-

де қоғамнан оқшаулаумен байланысты 

емес жазаға тартылған 46 сотталған 

тұр. Оның 29­ы Подстепное учаскелік 

полиция пункті қызмет көрсететін 

ауылдық округтерде тұрады. Аталған 

сотталғандар бұрын Федоровка ауы-

лында орналасқан пробация қыз мет­

теріне есепке тіркелуге барса, енді уа­

қыт пен қаражат үнемдеу арқылы өз­

дерінің тұрғылықты жерлері бойынша 

орналасқан пробация қызметтеріне 

баратын болады. 

М.ЯКУБОВА,

Батыс Қазақстан облысы 

бойынша ҚАЖД ПҚ 

БЕ бастығы

Дода


Игі іс

Шара


Орайы келген әңгіме

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ



– Ринат Сарқытұлытергеу абақ­

тысындағы бүгінгі жағдай қалай? 

Қа мауда  отырған  адамның  ұзын 

саны қанша?

– Мұндай түзеу мекемесінде өзге 

колониялардағыдай тұрақты кон тин­

гент болмайды. Қазіргі таңда сот тал­

ғаны бар, сот үкімін күтіп отырғаны 

бар – 509 адам бақылауымызда. Жаза­

ны ізгілендіру саясатына байланыс­

ты абақтыда ұсталатындардың саны 

да айтарлықтай кеміді. Соның нәти­

же сінде бұрынғыдай емес, жасаған 

қылмысы қоғамға қауіп төндірмейтін 

көптеген айыпталушыларға қамауға 

алу  түріндегі  бұлтартпау  шарасы 

жөн­жосықсыз қолданыла бермейді. 

Соттар заңдарымызда көзделген тәр­

тіпке сәйкес, ондай айыпталушыны 

сот үкімі шыққанға дейін кепілмен 

босатады немесе үй қамауында ұс тау­

ға шешім қабылдайды. Ал, жасаған 

қыл мысына қарай тағайындалған жаза 

мерзімі 5 жылдан аспайтындар тергеу 

абақтысындағы шаруашылық қызмет 

көрсету жасақтарында жұмыс істейді.

– Олардың дені қандай қылмыс 

жасағандар?

– Ұрлық­қарлық, тонау, алаяқтық, 

есірткіге қатысты бірінші рет қылмыс 

жа сағандар, мәжбүрлеп емделу шара-

лары қолданылғандар.

– Қылмыстың мұндай санатын 

жасағандарды қоғамнан оқшау ла­

май­ақ айыппұл салу, қоғамдық жұ­

мыстарға тарту, бас еркінен шектеу 

тәрізді жазалармен шектеп, тергеу 

абақтысына жібермеуге де мүмкіндік 

бар емес пе?

– Жаңадан қолданысқа енгізілген 

Қылмыстық  кодексте  қоғамнан  оқ­

шау лаумен байланысты емес балама 

жазаларды қолданудың тәртібі мен 

жай­жапсары жан­жақты көрсетілген. 

Бұрындары кез келген қылмысқа ауыр 

жаза кесетін сот органдары да осы 

бағытқа қарай бет түзеп келеді. Негізгі 

мақсат қалай дегенде де қылмыспен 

келтірілген залалдың толығымен өте­

луін қамтамасыз етіп, азаматтардың 

конституциялық құқығын қорғау болып 

табылады.



– Сонда сотталғандар мойнында­

ғы залалдың жоғарғы шегі қандай?

Ойын  алаңына  600­ге  тарта  жа-

засын өтеушінің арасынан құралған 

«Астана» және «Нұр» командалары  

шықты.  Алғашқы  кездесуде  «Нұр» 

командасының аяқдоп шеберлері про-

куратура қызметкерлерімен бақ сынас­

ты. Тартысты өткен бәсекеде аяғын 

шалыс басқандар басымдылық таны-

тып, қадағалау органы өкілдерін жеңіп 

шықты. 

Екінші кездесуде де қылмыстық 



атқару жүйесінің командасын соттал­

ғандар айқын басымдылықпен жең­

ді. Ақтық бәсекеде қос жеңімпаз ко­

ман даның да футболшылары жақсы 

дайындықта  екендіктерін  көрсетті. 

Аптасына үш рет футбол ойнайтын 

сотталушылар  алаңда өздерін еркін 

ұстап, шеберліктерін байқатты. Олар-

ды тағдырлас жанкүйерлері қолдап 

отырды. 


Сайыс қорытындысына сай «Аста-

на» командасының ойыншылары тур-

нир жеңімпазы атанды. Екінші орын – 

«Нұр», ал, үшінші орын облыстық про­

куратураның «Барыс» командасы на 

бұйырды. Қылмыстық атқару жүйе­

сінің қызметкерлері соңғы орынға тұ­

рақтады.  

Футбол алаңында үздік ойын көр­

сеткендерді түзеу мекемесінің басшы­

лығы мақтау қағаздарымен марапатта-

ды. Оларға азық­түліктер мен тәттілер 

тарту етіп, түскі асқа ерекше тағам 

да йындалды.  Осылайша қатаң режим-

дегі сотталушылар бір күн еркін жүріп 

тұ рып сергіп қалды.

Сайысты ұйымдастырушы облыстық 

прокуратура қызметкерлері бұл шараны 

алдағы уақытта да жалғастырмақ.  

Оңтүстік Қазақстан облысы 

прокуратурасының 

баспасөз қызметі

Жақында Қылмыстық атқару жү­

йесі  комитетінің  Алматы  қаласы 

және Алматы облысы бойынша де-

партаментіне  қарасты  ЛА­155/13 

ме кемесінде жазасын өтеп жатқан 

сотталғандар  арасында  тәрбиелік 

мәні зор шара өтті. Мұндай бастама 

сотталғандардың болашаққа деген оң 

көзқарасы мен талпынысын, соны-

мен қатар, Отанға деген патриоттық, 

сүйіспеншілік сезімін оятуға ықпалын 

тигізгені даусыз.

Іс­шараның өз деңгейінде ұйым­

дастырылуына  және  сапалы  өткі­

зілуіне  мекеме  қызметкерлерімен 

бір ге жазасын өтеушілер де бір кісідей 

атсалысты. Концерттік бағдарлама ба-

рысында көптеген патриоттық әндер 

шырқалды. Сотталған Ж.Жұмабаева, 

А.Өзбекова, Д.Довиденко, О.Түзел­

баев, Б.Орынбасаров сияқты өнер­

паздар сахналық қойылымда да, ән 

шырқауда да өзгелерден үздік деп 

танылды. 

Сондай­ақ, сотталғандар арасында 

спорттық іс­шаралар өткізіліп, во-

лейбол және шағын футбол бо йынша 

жасақ  арасында  жарыстар  ұйым­

дастырылды. Шағын футбол бойынша 

бірінші орынды №2 учаскелік жасақ, 

екінші орынды №1 учаскелік жасақ 

спортшылары иеленді. Темір торда 

отырса да, өнерін ұштап, спорттан қол 

үзбеген жандардың көбеюі құптарлық. 

Өйткені, мұндай азаматтардың ертең 

қалыпты ортаға бейімделуі оңай. Осы-

ны ескерген ұжым сотталғандардың 

қызығушылығын  ескеріп,  түрлі 

жарыстарға мұрындық болуда.

Мекеме бастығы, әділет подпол­

ковнигі Е.Ұзақов жарысқа қатысушы­

ларға табыс тіледі.

Б.НАМАЗОВА,

ЛА­155/13 мекемесінің

САТЖБ бастығы,

әділет майоры

«ТЕРГЕУ 


АБАҚТЫСЫНДА 

ТӘРТІП ҚАТАҢ»



Ринат ҚАСЫМБЕКОВ, 

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 

Алматы қаласы бойынша департаментіне қарасты 

ЛА-155/18 тергеу абақтысының бастығы

әділет подполковнигі:

– Тергеу абақтысының шаруашылық 

қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп 

жатқандардың сот үкімімен белгіленген 

қарызы шамамен миллион теңгені ма­

ңай лайды. Сондықтан да, қылмыстық 

әре кеті арқылы жекелеген тұлғалар мен 

мемлекетке залал келтіргендер түзеу 

мекемесіндегі шаруашылық қызмет 

көрсету жасағында еңбек етіп, тапқан 

табыстарының белгілі бір бөлігін ауда-

рып, шығындарын өтейді. Кейде залал-

ды орнына келтіруге сотталушының 

ет  жақын  туыстары  да  көмектесіп, 

шығынды өз қаражаты есебінен төлеп 

жатады.


– Түзеу мекемесінде жазасын өтеп 

жатқандардың қанша пайызы жұ­

мыспен қамтылған?

– Шамамен 500­ге жуық адамның 

50­і жұмыспен қамтылған, қалғанда ры 

шаруашылық қызмет көрсету сала­

сындағы әртүрлі шаруаларды атқа­

рады.


– Тәжірибелеріңізде бастапқыда 

сот үкімімен жазаға тартылып, кейін 

мүлде ақталып шыққандар мен мер­

зімі төмендетілгендердің деректері 

кездесіп тұра ма?

–  Тағайындалған  жаза  мерзі мі 

төмендетілгендер бар. Соттың апел­

ля циялық  сатысының  шешімімен 

бастапқы соттың шығарған үкімі өзгер­

тіліп, ертерек еркіндікке шығып ке-

тетіндер де кездесіп тұрады. Ал, енді 

ақтау үкімінің шығарылғанын өз тәжі­

ри бем нен кездестірмеппін.

– Қылмыстық атқару жүйесінің 

Алматы  қаласы  бойынша  депар­

таментіне қарасты іргетасы сонау 

патша заманында қаланған ЛА­155/1 

тергеу  абақтысын  жаңа  үлгімен 

салынған ЛА­155/18 түзеу мекемесі­

не қосу жөнінде арагідік әңгіме лер 

көтеріліп  жүр.  Өзіңіз  айтқандай, 

жаза ізгілендіріліп, ұсталатын адам­

дардың контингенттері азайса, қар­

жыны үнемдеу мақсатында неге екі 

мекемені біріктірмеске? Пікіріңіз 

қандай?

– Мұндай мәселенің күн тәртібінде 

тұрғаны  рас.  Алайда,  оны  шешу­ 

шеш пеу жоғарыдағы құзырлы орын 

басшыларының еркіндегі нәрсе деп 

ойлаймын.



– Егер қаланың қақ ортасындағы 

тергеу абақтысы осында көшірілетін 

болса, мұнда үлкен контингентпен 

жұмыс істеуге мүмкіншілік жетеді 

деп ойлайсыз ба?

– Толығымен жетеді. Жаңа тергеу 

абақтысы 1800 адамға лайықталып са­

лынған. Демек, орын жетеді.



– Жеке құрамның тәжірибесі мен 

кәсіби шеберлігі жөнінде не айтар 

едіңіз?

– Қызметкерлеріміздің дені бұл сала­

ның жұмыс ерекшелігін білетін, жұртпен 

ортақ тіл табыса алатын, өмірден көрген­

түйгені мол тәжірибелі адамдар. Олар 

өздеріне жүктелген жауапкершіліктің 

қаншалықты ауыр екенін жүректерімен 

сезіне білетін мамандар. Жеке құрам 

арасында сыбайлас жемқорлыққа жол 

бермеу, қыз меткерлердің берген антына 

адал болуы жөнінде сала мамандары мен 

басшыларын шақырып, ылғи да пайдалы 

әңгі мелер өткізіп тұрамыз.

– Өзіңіз басқаратын тергеу абақ­

тысында сыбайлас жемқорлық сипа­

тындағы қылмыстарға барған қыл­

мыс тық  атқару  жүйесінің  кейбір 

қыз мет кер лерінің үстінен қозғалған 

қыл мыс тық істерді жариялы түрде 

қа рап, ашық сот мәжілісін өткізіп, 

жат әрекетке барғандардың қандай 

жазаға тартылатынын көрсету өзге­

лерге сабақ болу үшін тәжірибеге ен­

гі зіл ген еді. Мекемеге басшы болып 

тағайындалғалы бері қол асты ңыз­

дағы қызметкерлер тарапынан қыл­

мыс жасау деректері ұшырасты ма?

– Шүкір, әзірге ондай жағдай орын 

алған емес. 

– Ал, сотталғандар арасында тәр­

тіп бұзатындар кездесе ме?

– Ұсақ­түйек тәртіп бұзатындардың 

кездесіп тұратыны рас. Ондайлармен 

тәлім­тәрбие шараларын өткізіп, тәртіп 

бұзудың себеп­салдарына талдау жа-

сап, мұндай деректің жазасын өтеушіге 

күні ертең қандай зардабын тигізетінін 

түсіндіреміз.



– Қазір сотталғандарды мерзімі­

нен бұрын шартты түрдегі жазаға 

босату жөнінде проблемалар бар ма?

– Бұрын сотталғандарға мінездеме 

берілетін. Ол қазір де солай. Алайда, 

бұрынғымен салыстырғанда түзеу ме-

кемесі әкімшілігінің жұмысы едәуір 

жеңілдеді. Мерзімінен бұрын шартты 

түрдегі жазаға босатылуға жататын 

қызметкерлердің өтінішхаттары сот тар­

ға жолданады. Солай бола тұрса да, бұл 

бағытта түйіні шешілмеген мәсе лелер 

жетерлік. Кейбір судьялар мер зімінен 

бұрын шартты түрде жазаға боса ты ла­

тын дарға мекеме әкімшілігі тарапынан 

бір үлгідегі мінездемелердің берілетін-

дігін айтып қалып жүр. Мүм кін, он-

дай жағдай басқа түзеу мекемелері-

нен де ұшырасатын шығар, ал, тергеу 

абақтысында әрбір сотталушыға жеке 

тұлға ретінде оның қылмыс жасаған 

сәтінен бастап, жасаған іс­әрекетіне 

заңдық тұрғыдан мінездеме беріледі. 

– Тергеу абақтысының қызмет­

кер леріне белгілі бір жеңілдіктер қа­

растырылған ба? 

– Былтырдан бастап баспана жалдап 

тұратын қызметкерлерімізге қол да­

ныстағы тәртіпке сәйкес пәтер ақысы 

төлене бастады. Ол үшін қызметкер 

отбасы мүшелерінің тізімі мен жалдап 

тұрып жатқан пәтер иесінің арасындағы 

келісімшартты тапсыруы керек.



– Әңгімеңізге рақмет.

Пікірлескен

Елеусіз МҰРАТ,

«Заң газеті»

«СЕН ҚОҒАМҒА 

КЕРЕКСІҢ!»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы №167/9 түзеу мекемесін­

де жазасын өтеушілер прокуратура және қылмыстық атқару 

жүйесі қызметкерлерімен футбол ойнады. Айта кетейік, «Қайта 

әлеу меттендіру: сен қоғамға керексің!» жобасы аясында өткен 

сайыс темір тордағыларды қоғамнан шеттетпей, өмірге бейімдеу 

мақсатында ұйымдастырылды.

ПРОБАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

ӨНЕРЛІЛЕР 

ТЕМІР ТОРДА ДА АЗ  ЕМЕС




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал