Гілікті полицияның қызметін бақылау, қадағалау шаралары жүргізіледі



жүктеу 0.56 Mb.

бет3/6
Дата09.03.2017
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Аса ауыр қылмыстардың 

қаралатын  мерзімі  қанша 

уақыт  алады. Жоғарыда кел­

тірген фактілерге қара ғанда 

Еліміз тәуелсіздік алған жыл­

дардан бастап сыбайлас жем­

қорлыққа қарсы күресті табанды 

жүргізіп келеді. Мұндай қадам 

тек біздің елде ғана жүргізіліп 

отырған жоқ. Себебі, алға дамуды, 

өркениетті қоғамға жетуді мақсат 

еткен кез келген мемлекет өзінің 

алғашқы жұмысын жемқорлықты 

жоюға арналған жоспар құрудан 

бастайды. Өзіміз үлгі етіп жүрген 

дамыған  елдердің  барлығы 

қоғамды сыбайластықтан аулақ 

ұстауға тырысып, халқын бір 

мақсатқа  жұмылдыра  білген. 

Олар дың тәжірибесіне көз жібер­

генде сыбайластықты жеңу мәсе­

лесіне әр мемлекеттің әртүрлі 

тәсіл  қолданғанын  байқауға 

болады.  Мәселен,  бір  елдер 

жем қор ларға жазаны қатаңдату 

арқылы кеселді жоюға талап қыл­

са, енді бір елдер мемлекеттік 

қызметкерлердің  жалақысын 

көтеріп, жұмыстың абыройын 

асқақтату арқылы сыбайластыққа 

тыйым салуға тырысқан. Және сол 

ел халқының менталитетіне қарай 

жемқорлыққа қарсы жүргізілген 

саясаттың қол жеткізген оң нәти­

жесі де жоқ емес. Әсіресе, мемле­

кеттік қызметте заманауи жаңа 

технологиялардың енгізілуі көп 

нәрсенің оң шешімін табуына 

ықпалын тигізіп отыр. Бұл баста­

ма біздің елімізде де қазір кең 

қолданылуда. 

ШАҢЫРАҚ 

ШАЙҚАЛМАСЫН!



Азаматтық істерді қарайтын сотқа ажырасамыз деп бел 

буып келгендердің дені материалдық жағдайға қатысты 

даулардың салдарынан некелерін бұзуда. Ер азаматтардың 

отбасына жауапкершілікпен қарамауы, күнделікті қажет­

ті ліктерін толық қамтамасыз ете алмауы шаңырақтың 

шайқалуына себеп болуда. 

Кейде отағасы шамасы келгенше бағып отырғанымен, 

жұбайы  оған  қанағат  етпейтін  жағдайлар  да  аз  емес. 

Шаңырақтың шайқалуына әдетте ерлі­зайыптылардың бір­

бірін алдап, өтірік айтып, өзара сенімнен айырылуы да себеп. 

Перзентке зар отбасылар күн санап артуда. Тапқан табыстарын 

тек өздеріне ғана жұмсауды армандағандықтан, ата­ене, қайын 

жұртпен бөліскісі келмегендіктен кикілжіңдер туындап жатады. 

Күйеуінің өз әйеліне қол көтеріп, орынсыз тоқпақтай беруі де 

бір күні әйелдің ажырасуға тілек біл діруіне алғышарт болады. 

Үй иесінің маскүнемдікке немесе нашақорлыққа салынуы, 

құмар ойындарына беріліп, ұрлық жасауға әдеттеніп кетуі, 

бала­шағаның қажеттіліктерін мүлде ұмытуы көп жағдайда 

отбасының бұзылуымен аяқтала ды. Сондай­ақ, кейде жаңа 

құрылған  отбасының  бұзылуына  екі  жас  туыстарының 

арасындағы түсініспеушілік те себеп болатыны өкінішті. Ер 

адамның өз отбасын тастап, өзге әйелмен қол ұстасып кетуі де 

көп кездеседі. Сонымен, ажырасудың мың сан себептері бар. 

Ресми деректер бойынша, соңғы жылдары елімізде некеге 

тұрғандар  саны  азайып,  ажырасқандардың  саны  артқан. 

Мәселен, 2013 жылы – 168 417 неке қиылса, 2014 жылы – 159 

328, ал, 2015 жылы 148 769 жұп неке қидыруға өтініш білдірген. 

Керісінше, ажырасу саны жылдан­жылға артып, 2014 жылы – 

52 673, 2015 жылы – 53 293 дерек тіркелген. Ұлыбританияның 

беделді басылымы «The Economist» жариялаған соңғы «Әлем 

статистикасында»  Қазақстан  ажырасудан  10­орында  тұр. 

Мұндағы дерек бойынша, мың адамға шаққанда елімізде 

ажырасу көрсеткіші – 2,7. Алайда, Қазақстан үйлену жағынан 

да алдыңғы ондықтың ішінде, яғни, 9­орында. Мың адамға 

шаққандағы үйлену көрсеткіші де соғұрлым жоғары – 9,7.

Елімізде некені бұзу АХАЖ органдарымен қоса сот арқылы да 

бұзылады. 2015 жылы Семей қалалық сотында қаралған барлық 

17263 азаматтық істің ішінде 1782­сі  ажырасуға қатысты болып 

отыр. Оның ішінде, татуластыру рәсімдері бойынша 294 оқиға 

тіркелді. Ал, 2016 жылдың басынан бері 561 некені бұзу өтініші 

қаралып, 141­і медиация тәртібімен шешілген. Осылайша, сотқа 

төрелік етуде өз тарапымыздан барынша түсіндірме жұмыстарын 

жүргізіп, шаңырақтардың шайқалмауына ықпал етуге тырысып 

жатамыз. 

Ж.ЕНСЕБАЕВА,

Семей қалалық сотының судьясы

«СУДЬЯЛАР ЖОҒАРЫ 

ТАЛАПТАРҒА САЙ 

БОЛУЫ КЕРЕК»



Мемлекет басшысы Азаматтық процестік кодекстің 

өзгертілген  нұсқасына  алғаш  рет  жариялы  түрде  қол 

қойды. Бұл бұрын­соңды болмаған жайт және кодекстің 

ел үшін маңыздылығын көрсетеді. Бес институционалдық 

реформаны жүзеге асыруға арналған Ұлт жоспары мемле­

кеттің болашағына жол сілтеп, бағыт­бағдар береді. 

Құжатта  жоспарды  жүзеге  асыратын  100  нақты  қадам 

көзделген. Мәселен, «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» 

бөлімінде еліміздің сот жүйесін реформалауға қатысты іргелі 

мәселелер қамтылған. Соған орай, ең бірінші, сот жүйесі 

сатылары оңтайландырылды. Сондай­ақ, Ұлт жоспарындағы сот 

жүйесіне қатысты әр қадам, сот төрелігін халыққа қолжетімді 

етуде. Яғни, сот жұмысы ашық. Және заңға сай, жариялы 

түрде жүзеге асуда. Ал, ҚР Азаматтық­процестік кодексінің 

жаңа тәртіптері процеске қатысушылар үшін ыңғайлылық 

пен жеделдікті және тараптарды татуластыруды, сондай­ақ, 

заманауи технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз 

етуімен маңызды. Мысалы, азаматтық­құқықтық дауларда сот 

істерін қарауға прокурор қатысуының қысқартылуы, барлық 

сот процестеріне аудио­бейнетіркеу құралдарының енгізілуі 

өз кезегінде азаматтардың сотқа деген құрметін арттырып, 

сенімін нығайтуда. Себебі, тараптардың істеріне мемлекеттік 

айыптаушылардың араласпауына сотқа жүгінушілер оң көз­

қарас танытуда. Бұған қоса процестің бастапқы сатыларында 

тараптардың келісімге келуін ынталандыру мақсатында бірін ші 

және апелляциялық сатыдағы соттарда мемлекеттік баж салығын 

толық көлемде, ал, кассациялық сатыда – алғашқы төленген 

соманың 50 пайызы мөлшерінде қайтаруға мүмкіндік  берілді. 

Аталған кодексте сот төрелігін дамытуға ықпал ете тін медиация 

институтын жетілдіру шаралары жан­жақты қарастырылып, 

тараптардың татуласуы, яғни, даудың сотқа дейін реттелуі 

барынша көзделген. Қазақстан Президентінің ҚР Азаматтық 

процестік кодексін жаңартуда медиацияны қолдану аясын 

барынша кеңейтуді тапсырғанын еске алсақ, заңда Мемлекет 

басшысының тапсырмасы толық орындалған деуге негіз бар. 

Бұған тараптарды бітімге шақырумен тек медиаторлар ғана емес, 

бірінші және апелляциялық саты судьялары мен адвокаттардың 

да айналысуы дәлел.

  Кодекстегі  іс  жүргізудің  жеңілдетілген  түрін  кеңінен 

қолдану, сот жүйесін оңтайландыру, т.б. нормалар, ең алдымен 

соттың азаматтарды қорғау тиімділігін арттырды. Сот жүйе­

сіне қатысты өзгерістің бәрі, яғни, заңдардың жаңаруы уақыт 

талабынан туындап отыр. Өйткені, бүгінде еліміз даму жолында. 

Соған сай, қоғамдық қатынастардың, әлеуметтік­экономикалық 

процестердің ауқымы да артуда. Мұның бәрі өз кезегінде соттар 

мен судьяларға ең жоғары талаптарға сай болуды және сот 

төрелігіне халықтың қолжетімділігін жеңілдетуді жүктейді.



Гүлнар БЕКТҰРҒАНОВА,

Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ



Берікжан БАЙЖҮНІСОВ, Алматы облысы қылмыстық істер 

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: 

«ЖАС СУДЬЯЛАРДЫҢ КӘСІПҚОЙ 

МАМАН БОЛЫП ШЫҒАТЫНЫНА 

КӘМІЛ СЕНЕМІН»

қылмыстық  істер  аз  емес 

сияқты. Ұзақ мерзімге соттал­

ғандардың арасында өмір бақи 

бас бостандығынан айырыл­

ғандар бар ма?

–  Қылмыстық  процестік 

кодекске  сәйкес,  басты  сот 

талқылауы қисынды мерзімде 

аяқталуы тиіс. Алдын ала тыңдау 

өткізіліп басты сот талқылауы 

тағайындалғаннан соң аудандарға 

іссапарға  шығып  істерді  1  ай 

мерзім  аралығында  бітіруге 

тырыса мыз. Бүгінде қарап жатқан 

істердің  80  пайызы  Алматы 

қаласының үлкен аудандарында 

жасалған аса ауыр қылмыстар. 

Судьялар жәбір ленушілер мен 

сотталушы тарап тарының өкіл­

дерін әрі­бері сабылтпас үшін 

жолжаспарға  шығып,  істі  сол 

жақта аяқтап келеді. 

Ал, енді ұзақ мерзімге бас 

бостандығынан айырылғандар 

көп. Мысалы, Талғар ауданында 

бір қылмыскердің ісін қарадым. 

Төрт адамды өлтіріп, бесіншісін 

өлтіруге  оқталған.  Оған  25 

жылға бас бостандығынан айыру, 

оның ішінде 5 жылын түрмеде 

отыру үкімін шығардым. КТК 

телеарнасындағы  «Қылмыс 

пен  жаза»  бағдарламасында 

Алматы  облысында  жасалған 

ауыр  қылмыстар  жайлы  көр­

сетіліп тұрады. Өмір бақи бас 

бостандығынан  айырылған 

сотталушы жоқ. Биыл жыл басы­

нан бері 39  қылмыстық іс келіп 

түсті, былтыр осы мерзімде 12 

болған, демек, өсім бар. 

– Осы ауыр қылмыс жаса­

ған дардың ішінде сот проце­

сінде ақталып шық қан дар бар 

ма? 

–  Әрине,  бар.  Былтырғы 

жылы  Талғар  ауданында  топ­

танып жасалған қылмыс ішінде 

бір  әйел  адам  толығымен  ақ­

талып  шықты.  Одан  басқа  да 

екі адамға қатысты ақтау үкім­

дері  оқылды.  Қайталап  қыл­

мыс жасайтындар да көп. Аса 

қауіпті қылмыстардың жазасы 12 

жылдан жоғары болады. Қазірге 

терроризммен байланысты қыл­

мыстар  қаралған  жоқ.  Деген­

мен, есірткіге байланысты қыл­

мыстың  қоғамды  алаңдатып 

тұр ған жайы бар. Оны сату белең 

алып барады.

– Судьяларға істі бөлу қалай 

жүзеге асырылады, біреудің 

қарайтын ісі аз, біреудікі көп 

болмай ма? Сондай­ақ, жасөс­

пірімдердің арасында аса ауыр 

қылмыс жасағандар бар ма? 

Әйелдер қолымен жасалатын 

қылмыстарға да тоқтала кет­

сеңіз.

–  Біздің  жүктеме  аз  емес. 

Мұнда сегіз судья жұмыс жасап 

жатырмыз. Дәл қазір әр судьяда  

3­4 істен бар. Судьяларға істі 

үш жылға дейін, оның ішінде, 

үшеуінің қызмет атқарғанына 

бір жыл ғана болды. Жастарға 

тәлімгерлік көрсетіп, тәжірибесі 

мол  судьялар  барынша  көмек 

береді. Оның сыртында облыс 

бойынша онлайн режімі бойынша 

оқу­семинар жұмыстары жүр­

гізіліп, лекциялар оқылады, заң 

саласында  қандай  өзгерістер, 

жаңалықтар бар, соның бәрінен 

құлағдар етіледі. Осының бәрі 

жас судьяларға жасалып жатқан 

қамқорлық. Біраз уақыттан соң 

жас  судьялар  кәсіпқой  маман 

болып шығатынына сенемін. 

– Ақпарат құралдарымен 

қ а р ы м ­ қ ат ы н а с т а р ы ң ы з 

қалай?

– Соттың жұмысын бұқара­

лық ақпарат құралдары арқылы  

жариялап отыру біздің негізгі 

бағытымыз. Былтырғы жылы 15 

рет телеарнадан хабар берілді. 

Облыстық соттың сайтында 24 

материал  жарияланып,  газет, 

журналдарға  республикалық 

және жергілікті басылымдарға 

мақалаларымыз шығып тұрды. 

Оның сыртында, дөңгелек үстел, 

брифинг, ашық есік күндері бар.

–  Уақыт  бөліп  ой  бөліс­

кеніңіз ге көп рахмет.

Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

 «Заң газеті»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

бөлу автоматтық жүйеде жүреді. 

Ол қазының жүктемесіне қарап 

компьютер  арқылы  бөлінеді. 

Аса ауыр қылмыстардың ішінде 

кәмелеттік  жасқа  толмаған­

дардың  қолымен  жасалған 

қылмыстар да баршылық. Осы 

айдың  өзінде  екі  іс  қаралды, 

біреуі 15­те, екіншісі 18­ге толған 

қос  балаға  қылмысына  қарай 

жаза тағайындалды. Әйелдердің 

қолымен жасалып жатқан қыл­

мыстар да бар. Олардың арасында 

топтасып қылмыс жасағандар 

бар. Мысалы, шешесі қызымен 

бірігіп әкесін өлтірген іске был­

тырғы жылы нүкте қойылды.

–  Қол  астыңыздағы  жас 

судьялардың тәжірибе жинақ­

тауы  көңіліңізден  шыға  ма, 

қанша айтқанмен, бұл жұмыс­

тың жауапкершілігі де, жүк­

телер міндеті де ауыр ғой.

–  4  судьяның  еңбек  өтілі 

Айталық бұрын мемлекеттік 

қызметкерлер мен азаматтардың 

тікелей, бетпе­бет жұмыс істеуі 

жең  ұшынан  жалғасуға  алып 

келетін.  Өздеріне  пайда  табу 

үшін кейбір қызметкерлер құжат­

тардың берілу уақытын әдейі 

созып, кезекті көбейтіп, азамат­

тарды  таныс  арқылы  мәселе 

шешуге итермелейтін. Мемле­

кеттік қызметтегі мұн дай ол­

қылық  қарапайым  халық тың 

билікке  деген  сенімін  төмен­

деткенін  де  жасырмаймыз. 

Заманауи технология осындай 

кемшіліктерді келмеске кетірді. 

Бүгінде мемлекеттік қызметтің 

көпшілігі  электрондық  жүйе 

арқылы орындалады. Бір құжат 

жасау  үшін  кезекке  тұрып, 

бірнеше  қызметкерге  тәуелді 

болу дың, жалтақтаудың керегі 

жоқ.  Мәселені  бір  терезеге 

құжат өткізу арқылы шешуге 

болады.

Мұндай жағымды істерден 



сот саласы да шет қалған жоқ. Сот 

құрылымында да арыз­шағымды 

қабылдау, істерді судьяларға бөлу, 

сот процесіне қатысушыларға 

хабарлама жіберу секілді істердің 

бәрі заманауи технологияның 

көмегімен жеңілдеді. Енді аза­

мат тар  сотқа  арыз­шағымын 

үйде, кеңседе отырып­ақ жолдап, 

оның қозғалысын бақылай алады. 

Істер компьютердің көмегі мен 

судьяларға  автоматты  түрде 

бөлінеді. Бұл судьялар жүкте­

месін бірқалыпты сақтауға да 

мүмкін дік туғызып отыр. Сондай­

ақ,  судьяның  тараптармен 

тікелей  байланысуына  жол 

беріл мейді.  Әрі  республика 

соттарындағы барлық сот мәжіліс 

залдары  дыбыс­бейнежазу 

құрылғыларымен қамтамасыз 

етілген. Сот отырысы толықтай 

таспаға жазылатындықтан тарап­

тардың орынсыз сын айтуына, 

жала жабуына жол жоқ. Сонымен 

қатар, сот отыры сы ашық өтетін­

діктен енді сыбайластыққа қатыс­

ты айыптаулар да жойылды. 

Мемлекет  басшысы  Нұр­

сұлтан  Назарбаевтыӊ  Ұлт 

жос пары ның  13­қадамында  – 

жемқор лыққа  қарсы  күресті 

күшей ту, сонымен бірге, жаңа 

заңнама лар  әзірлей  отырып, 

Мемлекеттік қызмет істері және 

жемқорлыққа қарсы іс­қимыл 

агенттігінің құрылымында құқық 

бұзушылықтың  жүйелі  түрде 

алдын алу және сауықтыру үшін 

жемқорлыққа  қарсы  арнайы 

бөлім құру туралы нұс қау көр­

сетілген. Қазір бұл бағыт та да 

жүйелі жұмыстар жүр гізілуде. 

Ең  бастысы,  ел  азамат тары 

жемқорлықты  жеңуге  бола­

тынына,  ол  үшін  кемшілік­

терді жасырып қалмай, сыбай­

ластық туралы дер кезінде айту 

керектігіне көз жеткізді.

Г.ЖЕКСЕМБІНОВА,

Алматы облысы Қаратал 

аудандық сотының судьясы

Кесел


ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢЕТІН КҮШ — БІРЛІК

№51 (2829) 

17 мамыр 2016

5

zangazet@mail.ru



ТЕМІРҚАЗЫҚ

Соттың шешімінсіз еш-

кімді де өз мүлкінен айыруға 

болмайтыны  Консти ту­

цияда көрсетілген. Мен шік 

құқығын  қорғаудың  кең 

тараған  тәсілі  мә мілені 

жарамсыз деп тану тура-

лы талап арызбен сот қа 

жүгіну болып та былады.

Мәміленің нысанына, мазмұнына 

және  қатысушыларына,  сондай-ақ, 

олардың ерік білдіру бостандығына 

қойылатын талаптар бұзылған жағдай-

да мүдделі тұлғалардың, тиісті мемле-

кеттік органның не прокурордың талап 

арызы бойынша мәміле жарамсыз деп 

танылуы Азаматтық кодекстің 157-ба-

бында көзделген. Мәміле заңмен бел-

гіленген нысанға ие болғаннан кейін 

ғана заңдық маңызға ие бола алады, 

бұл мәмілеге қатысушылардың еркін 

білдіреді. Заңбұзушылықтардың басым 

бөлігі Азаматтық кодекстің 159-бабы-

мен реттелген мәміленің жарамсыз-

дығының негіздері болып табылады.

Статистикалық деректерден аза-

маттық-құқықтық қатынас тараптары-

ның бұзылған  құқығы,  бостандығы 

мен  заңмен қорғалатын мүддесін сот 

арқылы қорғауға жиі жүгінетінін бай-

қауға болады. Мәмілені жарамсыз деп 

тану арқылы бұзылған құқықтарды 

қорғау туралы даулар Азаматтық про-

цессуалдық кодекс нормаларына сәйкес, 

істердің соттылығына қарай мүліктің 

орналасқан жері бойынша қаралады. 

Заң – қоғамды реттеуші күш. Заң бар жерде 

тәртіп болады. Ал, заңға бағыну – әдептен. Адам 

баласы өзін қалай сыйласа, қоғамдық қатынас-

тарды реттейтін заңдарға да құрметпен қарап, 

олардың талаптарының бұзылуына жол бермеуі 

тиіс. Сондай-ақ, Ата Заңымыздағы «заң мен сот 

алдында жұрттың бәрі тең» деген талабын өзіне 

өмірлік ұстаным етіп алғаны абзал. 

Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партия-

сының XVI съезінде 5 институционалдық ре-

форманы ұсына отырып оның ауқымды жұмыс 

екенін, реформалар билік пен халық ерікті 

болған кезде ғана жүзеге асатынын ерекше атап 

өткен болатын. Мұндайда жаңару процесіне 

мемлекеттік қызмет қаншалықты үлес қоса 

алады, ол әрбір қызметкердің жеке ісіне айнала 

ала ма деген сұрақтың туындайтыны орынды. 

Яғни, алдыңғы қатарға әлеуметтік-адамгершілік 

құндылықтар мәселесі шығатыны рас. Осының 

барлығы мемлекеттік қызметшілердің мораль-

дық-этикалық бейнесіне, яғни, әдебіне жоғары 

талаптар қояды. Бұл Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне 

деген ерекше қызығушылық тудырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 

жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен 

қабылданған  Әдеп  кодексі  –  бұл  алдымен 

қоғамда қалыптасқан моральдық-адамгершілік 

құндылықтар негізінде әзірленген этикалық 

ережелер жиынтығы. Жаңа кодексте 2005 жылы 

қабылданған  мемлекеттік  қызметшілердің 

Ар-намыс кодексіндегі дәстүрлер мен негізгі 

принциптер жалғасын тауып отыр. 

Қазір «мемлекеттік қызмет» түсінігі модер-

низациялануда. Ол «елге қызмет ету» түсінігінің 

синониміне айналып келеді. Осындай ұғымдар 

мемлекеттік қызметшілердің этикалық норма-

ларына өзінің қолтаңбасын қалдырары сөзсіз. 

Осылайша мемлекеттік қызметшілердің әдебі 

мемлекеттік аппараттың сервистік мінездемесі-

не жауап беруі тиіс. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолда-

нысқа енгізілген кодекс әлемдік тәжірибеге 

негізделіп әзірленді. Сондықтан, ол кез келген 

жағдайда, жұмыс орнында, әріптестерімен қа-

рым-қатынас кезінде, жұмыстан бос уақытта 

қызметшілердің мінез-құлқының нақты стан-

дарттарын белгілейді. Мінез-құлықтың нақты 

стандарттары нақты нәтиже беру үшін және 

қоғамның  мемлекеттік  органдарға  сенімін 

нығайтуға әсер ету үшін қызметшілердің этика-

лық әрекетін қалыптастыруды көздейді. 

Әдеп кодексінің мақсаты – халықтың мемле-

кеттік органдарға сенімін нығайту, мемлекеттік 

қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары 

мәдениетін қалыптастыру және қызмет этикасы 

ережелерін бұзудың алдын алу болып табылады. 

Мысалы, мемлекеттік қызметшілер жаңа кодекс-

ке сәйкес, қызметтен тыс уақытта қоғамдық 

орындарда адамдардың қадір-қасиетін және 

қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін 

масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі 

тиіс. Сонымен қатар, кодексте мемлекеттік 

қызметшілердің әріптестерімен қызметтік қа-

рым-қатынас кезінде жол бермеуі тиіс әдеттері 

көрсетілген. 

Тағы бір жаңалық – әдеп жөніндегі уәкіл 

институтының енгізілгенінде. Ол бірінші ке-

зеңде орталық мемлекеттік органдарда, кейін 

облыс әкімдіктері мен Астана, Алматы қалалары 

әкімдіктері аппараттарында енгізіле бастады. 

Қазірдің өзінде бұл институт еліміздің барлық 

облыстарында енгізіліп, жұмыс істеп жатыр 

деуге болады. Осындай институтты енгізу мем-

лекеттік қызмет саласында заңдылықтарды бұзу 

профилактикасына бағытталып отыр. Уәкілдің 

негізгі міндеті – қызметтік этика нормаларын 

түсіндіру, қызметшілерге консультациялық 

көмек көрсету, қызметшілердің құқықтары мен 

заңды мүдделерін қалпына келтіру мен қорғау 

бойынша шаралар қабылдау, сонымен қатар, 

мониторинг жүргізіп, этикалық талаптардың 

сақталуын бақылау. Ол, сондай-ақ, қызметшілер 

мен азаматтарды жеке қабылдап, азаматтық 

қоғам институтымен, мемлекеттік органдармен 

байланыс орната алады. Тіпті, басшылыққа ұсы-

ныс енгізуге мүмкіндігі бар. Уәкілдің функция-

лары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған 

мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.  

Әдеп жөніндегі уәкіл анонимді сауалнама 

жүргізу арқылы ұжымда моральдық-психо-

логиялық жағдайды анықтайды. Сауалнама 

шеңберінде түрлі сұрақтар қойылады. Мақ-

сат – ұжымның жағдайын диагностикалау, 

қалыптасқан қарым-қатынастың мінездемесін, 

сондай-ақ, қызметшілердің жұмысына деген 

ынтасын білу. Мәселен, сауалнамада «Жұмы-

сыңызды қалай бағалайсыз?», «Жұмысыңыз 

өзіңізге ұнай ма?», «Әріптестеріңіздің қасында 

жұмыс істегіңіз келе ме?» деген сұрақтар болуы 

мүмкін. Сауалнаманы талдаудан кейін персонал-

ды басқару механизмдерін жетілдіру бойынша 

мемлекеттік орган басшылығына ұсыныстар 

берілетін болады. 

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын үйлес-

тіру және оны әдістемелік қамтамасыз ету 

Мем лекеттік қызмет істері министрлігімен 

іске асырылады. Жаңа заңға сәйкес, этикалық 

бақылау саласындағы институционалдық негіз 

де өзгеріп жатыр. Осындай заңбұзушылықтар-

дың профилактикасы ендігі кезекте барлық 

аймақтарда құрылған этика жөніндегі кеңеске 

жүктеліп отыр. Этика жөніндегі кеңес құрамына 

мемлекеттік орган жетекшілері, мәслихат депу-

таттары, БАҚ, үкіметтік емес ұйым өкілдері, 

сондай-ақ, қоғамның сенімін алған тұлғалар мен 

өмірлік тәжірибесі мол адамдар енгізілген.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ, 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері 

министрлігінің бас сарапшысы

Елге ерен еңбегі сіңген аза-

матпен кездесуге  мектеп оқушы-

лары  ерекше  қызығушылық  

танытып, шараға белсенді түр-

де қатысып отырды. Ибраһим  

Имановқа көкейде жүрген сан 

түрлі сауалдарын қойды. Облыс 

прокурорының қиын да жауап-

кершілігі мол қызмет бабына 

қатысты сұрақтарын жаудырды. 

Кездесуде, сондай-ақ, қоғамдағы 

болып жатқан түрлі оқиғалар, 

мектеп жасындағы балалардың 

сабақтан тыс уақыттағы тәрбие-

сі де әңгіме арқауына айналды. 

Өз кезегінде облыс проку-

роры елімізде сапалы да қол-

жетімді білім  берудің  тиімді 

тұс тары, кәмелет жасына толма-

ғандар тарапынан жасала тын 

қылмыспен күрес мәселесін сөз 

етті. Сонымен қатар, балалар ды 

қоғамда болып жатқан келеңсіз 

жайттардан қорғау, оларға тәр-

бие беруде ата-ананың жауап-

кершілігі зор екенін атап өтті. 

Осы бағытта прокуратура ор-

гандарында ауқымды шаралар 

атқарылып жатқанына тоқталды. 

– Қазір мектептердегі бұза-

қы балаларды есепке алғаннан 

кейін олармен ұстаздар жұмыс 

істейді. Арнайы құрылған мо-

бильді топтар әңгімелесіп, тура 

жолға салуда. Мұның өзі біз 

үшін үлкен көмек болып отыр. 

Жыл сайын жасөспірімдермен 

жасалатын қылмыстар саны да 

азаюда, – деді И.Иманов. 

Облыс прокурорымен күнде 

кездесудің сәті түсе бермейтінін 

жақсы білетін ата-аналар бол-

са перзенттерін ғаламтордағы 

түрлі сайттардан қорғау керек-

тігін, олардың жасөспірімдердің 

психикасына  кері  әсер  етіп 

жатқанын тілге тиек етті. Осы 

бағытта құқық қорғау органдары 

тарапынан қандай шаралар қолға 

алынып жатқанын сұрады. Бұл 

мәселеге орай, облыс прокуроры 

қадағалау органдары тарапынан 

Сарап


МӘМІЛЕНІ ЖАРАМСЫЗ  ДЕП ТАНУ — 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал