Гілікті полицияның қызметін бақылау, қадағалау шаралары жүргізіледі



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата09.03.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6

гілікті полицияның қызметін бақылау, қадағалау 

шаралары жүргізіледі.

 Жергілікті полиция басшылары Ішкі істер 

министрлігінің арнайы кадрлар резервінен жер-

гілікті әкімшіліктің келісімімен тағайындалады. 

Бұл талаптың қажеттілігін министр мырза полиция 

жетекшілері ұжымды басқаратын болғандықтан 

олардың  арнайы  теориялық және практикалық 

дайындығы болуы қажеттігімен байланыстырды. 

Жергілікті полиция бастығы негізінен заңгерлік 

білімі, арнайы кәсіби біліктілік деңгейі, биік 

азаматтық бейнесі, жоғары әскери дайындық 

өлшемдері негізге алынып тағайындалады.

Cұхбат


(Соңы 4-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

Ойталқы


АҢДАТПА

5-бет

4-бет

№51 (2829) 17 мамыр 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 3-бетте)

Баспасөз — 2016

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ

ЖЕҢЕТІН КҮШ — БІРЛІК

ЗАҢҒА БАҒЫНУ —

ӘДЕПТЕН


Алтын көпір

(Соңы 3-бетте)

Қоғамдық  кеңес  негізінен  заң 

сала сының тәжірибиелі өкілдерінен 

тұрады. Оның құрамына қоғам және 

мем лекет  қайраткерлері,  танымал 

адво кат, төрелік қызметкерлері, білімі-

мен, практикалық тәжірибиесімен құ­

қықтық салаға ұсыныстар бере ала-

тын  заңгерлер  енгізілді.  Отырысқа 

Пар ла мент Мәжілісінің депутаттары 

А.Сма ғұлов, Г.Ихсанова және Адам 

құ қықтары жөніндегі ұлттық орталық 

бас шы сы В.Калюжный қатысты. 

Министрдің есебін тыңдау бойын-

ша өткізілген отырыс облыстық Әділет 

департаменті басшыларының, сот және 

сот медициналық сараптама бөлімше 

директорларының қатыстуымен бей-

небайланыс режимінде өткізілді. Есеп 

беру    барысында  Министр  ведомс­

твоның 2015 жылғы және 2016 жылдың 

бірінші жартыжылдығындағы жұмысын 

қорытындылады. 

Мемлекет басшысының және Үкі­

мет тің актілер жобаларына заң сарап-

тамасын жүргізу қызметі бағытында 

ма ңыз дылығы жөнінен кем түспейтін 

ауқымды жұмыс жүргізілді. Тек 2015 

жылы  1  823  құжат  түсті,  олардың: 

1 568­і – Үкімет қаулысының жобалары, 

161­і – Президент жарғысының жоба-

лары, 94­і – Премьер­министр өкімінің 

жобалары.

2015 жылға арналған Стратегиялық 

жоспардың мақсаттары мен міндет­

тері нің орындалуы 2015 жылы 90,8 

пайызды құрады. Бұл ретте, Әділет 

министрлігіне бекітіліп берілген инди-

каторлар (кәсіпорындарды тіркеу – 

ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ 

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ



Мемлекет басшысының бастамасымен мемлекеттік органдарда 

аза мат тық сектордың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге 

асы ра тын қоғамдық кеңес институты құрылғаны мәлім. Осыған орай, 

Премьер- министр 2016 жылға арналған орталық атқарушы орган бас шы-

лары ның халықтың және қоғамдық кеңестің алдында есеп беру кестесі 

бекі тіл ген еді. Соған сәйкес, жақында Әділет министрлігінде Әділет 

ор ган дары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы 

өткізі ліп, онда Әділет министрі Берік Имашевтің есебі тыңдалды. 

21- орын; меншікті тіркеу – 19-орын; 

келісімшартты орындау – 9-орын) 

бойынша жиынтығында 45­позицияға 

көтерілуге қол жеткізілді, ал бұл Қа­

зақстан  Республикасының  жалпы 

рей тингтегі көрсеткішін 41 пайызға 

жақсартқан  болатын.  Сонымен 

қатар,  министр    бүгінде  қоғамдық 

бақылау  рөлінің  күшеюіне  орай 

Қоғамдық  ке ңес  әділет  органдары 

қызметінің көп теген бағыттарында 

саясатты  қалып тастыруға  толық 

құқықты  қаты су шы  бола  алады. 

Бұл  тұрғыдан  ал ған да  Қоғамдық 

ке ңес мүшелерінің тәжі ри бесі мен 

білімін министрлік қыз метінің негізгі 

мәселелерін шешуге ұтымды және 

тиімді пайдалануға болатынын атап 

өтті.  Сонымен қатар, ол Қоғамдық 

кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап 

берді. 


Жалпы, министрдің есебі ма құл­

данып,  Қоғамдық  кеңес  мүше лері 

министрлік қызметінің тиімділігін жақ­

сарту бойынша ұсыныстар берді. 



ҚР Әділет министрлігінің 

баспасөз қызметі

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ӘКІМ-ҚАРАНЫҢ 

ҚОЛШОҚПАРЫНА АЙНАЛМАСА ИГІ

Бұл жөнінде кеше Парламент Мәжілісінде 

өткен жергілікті полиция қызметіне арналған Үкі­

мет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет 

Қасымов депутаттар сауалына жауап беру ба-

рысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 

аймақтардағы ішкі істер департаменті бұл қыз­

метті үйлестіруді толықтай өз міндетіне алған. 

Орталықтан оларға тек қауіпсіздік үшін қару­

жарақпен, білікті кадр лармен қамтамасыз ету 

тұрғысынан көмек көрсетіліп тұрады және жер-



Еліміздің құқық саласындағы жаңа институт — жергілікті полицияны құрудағы бас ты 

мақсат тәртіпбұзушылықтың алдын алу шараларын жергілікті билікті, қоғамдық ұйым-

дарды және тұрғындарды тарта отырып күшейту болатын. Өйткені, қылмыстың, заңға 

қайшы әрекеттің қайда, неліктен және кімдердің жасайтындығын, келеңсіз жағдайлардың 

алдын қалай алуға болатындығын айқындау, нақты шаралар қабылдау орталықтан гөрі, 

өңірлерде жеңіл әрі тиімді. Барлық жағдайлар жергілікті халықтың, әкімшіліктің көз ал-

дында болып жатады. Сондықтан, оларды тәртіп сақтау қызметіне жақындату арқылы 

полиция қызметінің пәрменділігін арттырудың мүмкіндігі зор.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ САҚТАЛМАУЫНА НЕ  СЕБЕП?

К

үн жылынса елімізде өрт қаупі де күшейеді. Базар, мейрамхана, кіші-

гірім дәм ханалар мен тұрғын үйлердің астында орналасқан түрлі ны-

сандардан келе тін өрт шығыны аз болмай тұр. Алматы қаласындағы 

«Корова бар» дәм хана сынан шыққан өрттің дауы басылмай жатып, «Адем» 

сауда үйінде өрт тұтану қаупі нен адамдарды эвакуациялағаны мәлім бол-

ды. Осы орайда өрт қауіпсіздігін қалай күшейтеміз?

Азат ҚОНЫСБЕК, 

кәсіпкер:

– Расында, соңғы кездері елімізде 

жаз келісімен өрттер жиілейтін 

болып барады. Әсіресе, базар 

өрттерінің шектен тыс жиілегеніне 

қайранмын.



Нұрлан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ, 

заңгер:

– Қауіпсіздік шарасының әлсіздігінен өрт кезінде 

қыруар шығынға ұшырап отырмыз. Мәселен  2013 

жылдың 13 қыркүйегінде «Олжа» базарынан басталған 

өрт «Аян», «Керемет», «Алатау» базарларын да 

шарпып үлгерген. 

БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ КӨЛЕМІ 

БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде 

өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ ЖОО және 

ЖОО­дан кейінгі білім беру департаментінің ди­

рек торы Серік Өмірбаев: «Биыл еш өзгеріс жоқ, 

мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгей мен 

бірдей, яғни, жалпы гранттардың саны 31 700. 

Қа зіргі уақытта мамандықтар бойынша грант тар 

үлестірілген жоқ. Себебі ол Үкімет Қаулысы мен 

бекітіледі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс көле­

міне  қатысты  Қаулы  жобасы  қарауда  жатыр. 

Грант тарды мамандықтарға үлестіру жағы белгілі 

болғанда, бірден жариялайтын боламыз», – деді.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 

мың 092 бала, оның ішінде 83 330 қазақ тілінде 

оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ­

ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде  

63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқыған­

дар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. 

Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді. 

А.ҚҰРМАНҒАЛИ

ЖАҢА ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Алматыда әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің ғылыми кітапханасында ҚР Тә уел­

сіздігінің 25 жылдығына орай, Тұңғыш Пре зи дент 

оқу залы ашылды. Зал қорының негізгі дерек­

көздерінің бірі – Президенттің жеке кітап тары мен 

ел тәуелсіздігінің алғашқы жылда рына арналған 

тарихи зерттеулерден тұратын мате риал дар. 

Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев және оның отбасы, 

оқу шы және студенттік кезеңдері, еңбек жолы және 

қоғамдық­саяси қызметтері туралы суреттер, кар-

тиналар, архивтік құжаттардың көшір мелері, кітап-

тар, шығармалар мен видеофильм дер де кеңінен 

ұсынылған. Сонымен қатар, қорда Президенттің 

өзі құрметті профессоры болып табылатын ҚазҰУ 

ұжымына арналған құттықтау хаттарымен және 

жолдауларымен де танысуға болады.



С.ОРЫНБАСАРҰЛЫ

МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ 

ХҚКО­ға ҚОНЫСТАНДЫ 

Алматы облысының Қаратал ауданындағы 

Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында 

медиация кабинеті ашылды. Судья Ж.Нүсіпова 

медиация кабинетінің ашылуы дер кезінде және 

өзін ақтайтын қадам, өйткені, қазіргі кезде жан-

жалдарды сот қорғауынсыз шешу үшін татуласу 

рәсімдерін қолданудың өзекті екенін атап өтті. 

Медиаторлар орталықтары елеусіз даулар мен 

кикілжіңдерді  шешуге  едәуір  қолдау  көрсете 

ала ды. «Дауларды «Медиация туралы» заңды 

қолдана отырып шешудің бірқатар оң белгілері 

бар: рәсімдік күрделілігі аз, жанжалдарды шешуге 

және татуласуға қол жеткізуге бағытталған», – деп 

атап өтті кәсіби емес медиатор С.Сағатбеков. Ме­

диация кабинеті анықтамалық материалдармен 

және буклеттермен жабдықталған.

Т.ИБАШЕВА

Берікжан 

БАЙЖҮНІСОВ, 

Алматы облысы 

қылмыстық істер жөніндегі 

мамандандырылған 

ауданаралық сотының 

төрағасы:

«ЖАС СУДЬЯЛАРДЫҢ 

КӘСІПҚОЙ МАМАН 

БОЛЫП ШЫҒАТЫНЫНА 

КӘМІЛ СЕНЕМІН»

– Берікжан Әбенұлы, аса ауыр 



қылмыс жасаған қылмыскерлердің 

ісі міндетті түрде апелляциялық, 

кассациялық сатыларда қаралады. 

Себебі, екі тараптың біреуі міндетті 

түрде төменгі сатыдағы соттың 

үкіміне наразылық білдіріп жатады. 

Бұл төменгі сатының беделін 

түсірмей ме?

2

№51 (2829) 

17 мамыр 2016

zangazet@maiI.ru

ҚҰРМЕТ

Астана қалалық соты сот 



төрелігін  жүзеге  асырудың 

с апасын  арттыруда  және 

сотқа деген халықтың сенімін 

нығайтуда сот саласында ұзақ 

жылдар  қызмет  етіп,  қазіргі 

уақытта құрметті демалысқа 

шыққан, кәсіби судьялар дың 

көмегін пайдалануда.

Астана  қалалық  сотында 

өткен  жиында  Тәлімгерлер 

кеңесінің  төрағасы,  судья 

Гүлнар Әбдіғалиева құрметті 

демалысқа шыққан судьялар 

ж а с   суд ь я л а рд ы ң   к ә с і б и 

мамандануына  тәжірибелік 

көмек  көрсетіп,  олардың 

әдебін, іс-әрекетін де талқылап, 

психо логиялық қолдау көрсе-

тетінін  атап  өтті.  Сондай-

Қостанай облыстық сотының төрағасы 

Асламбек Мерғалиев өңір тұрғындарымен 

интернет-конференция өткізді. Шара туралы 

хабарландыру  алдын  ала  облыстық  сот 

сайтында және «Қазақстан-Қостанай» облыс-

тық телеарнасы арқылы берілген болатын.

Облыстық сот сайтындағы төрағаның 

блогына әлеуметтік мәртебесі бойынша 

түрлі топтағы азаматтар өз сауалдарын 

жолдады. Бірер сағат ішінде төрағаның 

атына 10 сұрақ келіп түсті. Сайтқа жолданған 

сауалдардың барлығына уақытылы жауап 

берілді.  Ауыл  және  қала  тұрғындары, 

кәсіпкерлер мен зейнеткерлер төрағаға 

азаматтық, әкімшілік және қылмыстық 

істер бойынша шығарылған сот актілеріне 

қатысты сауалдарын қойды. Сауалдардың 

арасында азаматтық-құқықтық дауларға 

қатысты мәселелер де болды. Атап айтқан-

да, алимент өндіру, мұрагерлікті қабылдау 

мерзімі, соттылық, тұтынушы құқығын 

қорғау және де «Сот кабинеті» электронды 

сервисін қолдану мәселелері.

Мәселен, бүгінде зейнеткерлікке шық-

қан  азаматша  Наталья  Чекаловаға  90- 

жыл дары ескі досы Ресейге біржолата 

қоныс аударғандықтан өз саяжайын қал-

дырған. Азаматша жиырма жылдан бері 

ол жерге жеміс-жидек пен көкөніс өсірген 

екен. Осы жылдары өзге елдерге қоныс 

аударған дардың көпшілігі өз саябағын 

иесіз  қалдырғаны  мәлім.  Азаматша 

жергі лік ті әкімдіктің заңдастырудан бас 

тартуына байланысты саябақты өз атына 

тіркей алмай жүр екен. Сауалға орай сот 

төрағасы А.Мерғалиев: «Сотқа шағым жазу 

үшін жазбаша құжаттар керек. Мәселен, 

Ресейдегі азаматшаның саябақты сыйға 

тартқандығы туралы нотариалды бекітілген 

арызы жеткілікті», – деп түсінік берді.

Өзінің тиімділігін көрсеткен интернет-

конференция бұдан былай да өз жалғасын 

табатын болады.



Қостанай облыстық сотының 

баспасөз қызметі      

Қағазсыз құжат айналымына бетбұрыс 



Қазақстан Республикасы Әскери сотының әкімшісі «Сот жүйесіне 

жаңа ақпараттық технологиялардың енуі» деген тақырыпта дөңгелек 

үстел ұйымдастырды. Шараның мақсаты – «Сот кабинеті» сервисін 

көпшілікке жеткізу, қағазсыз электрондық құжат айналымына 

көшу және де аталған сервистерді қолдану барысында туындаған 

мәселелерді талқылау болып табылады.  

Бастама


АРДАГЕР СУДЬЯЛАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР

ақ,  Тәлімгерлер  кеңе сіне 

шақырылған  доғарыстағы 

судья лар Тілеулес Махметов, 

Максим  Қалдығұлов,  Роза 

Жақанова сот төрелігін әділ 

жүзеге асыруға жасалып жатқан 

М а ң ғ ы с т ау   о бл ы с т ы қ 

сотын да соттың БАҚ-пен және 

үкіметтік  емес  ұйымдармен 

байланысын нығайту мақ са-

тында  кезде су  өткізілген 

бола тын. Шараға Маңғыстау 

облыстық соты төрағасының 

міндетін атқарушы Р.Хайруллин, 

Маңғыстау облысы бойынша 

Соттар әкімшісінің басшысы 

М.Епенова, Маңғыстау облыс-

т ы қ   с от ы н ы ң   суд ь я л а р ы 

А.Молбаева, Г.Иманғалиева, 

Х.Каженова,  аудандық  және 

оған теңестірілген соттардың 

БАҚ-пен байланыс жұмысын 

үйлестіруші  судьялары  мен 

бұқаралық ақпарат құрал дары-

ның және үкіметтік емес ұйым-

дардың өкілдері қатысты. 

Кездесуде сөз алған Р.Хай-

рул лин  сот  қызметі  үшін 

БАҚ-пен, ҮЕҰ-мен байланыс 

орнатудың маңызды екендігіне 

тоқталып өтті.  Ал, соттардың 

БАҚ-пен байланыс жұмысын 

үйлестіруші-судья А.Молбаева 

Соттардың БАҚ-пен және ҮЕҰ-

Еліміздің экономикасында шағын және 

орта кәсіпкерліктің алатын үлес салмағы 

жылдан-жылға артып келеді. Осы орайда, 

бюджет қоржынын толтыруға сүбелі үлес 

қосып  отырған  бұл  саланың  дамуына 

мемлекет те мүдделі болып табылады. 

Бұл  мүдделілік  мемлекет  тарапынан 

шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды 

дамуына  оң  жағдай  жасау  бағытында 

мақсатты жұмыстардың жүргізілуінен анық 

көрінеді.

Кәсіпкерліктің дамуына тежеу болып 

келген үлкен кедергілердің бастысы құзыр-

лы органдар тарапынан түрлі тексеру-

лердің  жиі  болып  жататындығы  екені 

белгілі. Ондай тексерулер кезінде жұмыс 

ырғағының бұзылатыны өз алдына, тек-

серушілер  тарапынан  сыныққа  сылтау 

іздеп, бопсалау, тіпті ашықтан ашық пара 

сұрау жайлары да орын алып жататыны 

құпия  емес.  Осы  орайда,  прокуратура 

тарапынан мұндай заңсыз тексерулердің 

болуына жол бермеу бағытында мақсатты 

жұмыстар жүргізілуде.   

Құқықтық  статистика  және  арнайы 

есеп  комитеті  басқармасының  бөлім 

басшысы Толқын Мұқышеваның айтуын-

ша, бірнеше жылдан бері Ақмола облыс-

тық  прокуратурасында  кәсіпкерлерді 

заңсыз тексеруге жол бермейтін арнайы 

топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл 

топ «Бизнес тірегі» деп аталатын жоба 

шеңберінде жұмыс жүргізеді. Осы күнге 

дейін жүзден астам кәсіпкердің бұзылған 

құқығы қалпына келтірілген. 

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 

еліміздің жаңа Кәсіпкерлік кодексі жұмыс 

істей бастады. Жаңа кодексте мемлекет пен 

бизнес өкілдерінің әріптестігіне негізделген 

жаңа заңнамалық тетіктер іске қосылды. 

Бұл ең алдымен, кәсіпкерлерді жоспарлы 

жалпы тексерулерден босату, бұрынғыдай 

«заңсыздықты анықтаудан» «ескерту және 

үлгілі кәсіпкерлерді көтермелеу» түсінігіне 

көшуге негізделген. Мемлекеттік органдар 

тарапынан тексерулер ендігі уақытта заң 

бұзушылық туралы түрлі көздерден ақпарат 

алынып,  оның  растығына  деген  сенім 

көрсеткіші жоғары болған жағдайларда 

жүргізіледі. Құзырлы органдар тарапынан 

жоспарлы  негізсіз  тексерулер  қатары 

барынша қысқартылады. 

Өткен жылы ғана прокуратура тара-

пы нан  негізсіз  тексерулер  жүргізген 

67  лауазымды  тұлға  жауапкершілікке 

тартылды. Бүгінгі күні мемлекеттік орган-

дар тарапынан жүргізілетін тексеру лердің 

дені мамандардың қолымен жүргізіледі. 

Бұл арада адам факторы болатыны және 

жемқорлық  заңсыздықтарға  мүмкіндік 

жас алатыны  белгілі.  Осы  орайда, 

қадағалаушы орган заманауи ақпараттық 

технологияларды  енгізуге  жете  көңіл 

бөлуде. Осыған байланысты қадағалаушы 

орган тарапынан тексеруші және тексеріле-

тін субъектілердің біркелкі тізбесі жасалды. 

Жаңа жүйеде субъектілер туралы бұрынғы 

тексерулер мен қолдағы бар мәліметтер 

бойынша талдау жинақталған. Осыған 

орай, тексерушілер тарапынан кез келген 

жемқорлыққа  қатысты  әрекетке  жол 

бермеудің амалы жасалады. Сондай-ақ, 

жаңа жоба бұрын жұмыс істеп келе жатқан 

«Бизнес тірегі» жобасының мүмкіндіктерін 

онан әрі кеңейтуге игі ықпалын тигізуде. 

Ендігі уақытта кәсіпкердің онлайн режи-

мінде  тексеру  барысын  қадағалауына 

мүмкіндігі бар. 

Құзырлы органдар тарапынан заңсыз 

тексерулердің орын алуының тағы бір себебі 

– құқықтық сауатсыздықта жатқаны күмән-

сіз. Прокуратура тарапынан кәсіпкерлер 

палатасымен осы бағытта бірлесе жұмыс 

жүргізу үшін меморандумға қол қойылған. 

Кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын 

көтеру бағытында түрлі ақпараттық көпшілік 

шаралар өткізіліп тұрады. 



Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 

Әскери сот әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов жаңа ақпараттық 

технологияларды қолдану бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын 

атап көрсетті. Мәселен «Сот кабинеті» сервисімен 2016 жылдың 1 қаңтары 

мен 27 сәуірі аралығында республика әскери соттарына 650 талап арыз 

түскен, оның ішінде 352 талап арыз электрондық түрде, яғни, 54,2 пайызды 

құраған. Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік органдар арасындағы 

бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесі» және «Сот кабинеті» сервисі 

бойынша мәселелер талқыланды.



Қазақстан Республикасы  Әскери соты әкімшісінің 

баспасөз қызметі

Бейнебайланыс арқылы сабақ өткізілді



Қызылорда облыстық сотында «Электронды жүйе тиімділігі» 

тақырыбында бейнебайланыс арқылы оқып үйрену сабағы өтті. 

Шарада Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандық соты бейнебайланыс 

арқылы дәріс алды. Оқып үйрену сабағын Қызылорда облыстық 

сотының соттар әкімшісінің басшысы А.Жұмамұратов жүргізді. 

Іс-шарада  «Аудио-бейне  жүйесінің  қолданылу  ерекшеліктері» 

тақырыбында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы баяндама 

жасады. Аталған тақырыпты облыстық соттар әкімшісінің ақпараттық 

технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы 

Ш.Аманқұлов толықтырды. Сонымен бірге, Сот кабинеті туралы Қызылорда 

қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кульманова, «Сот қызметкерлерінің 

сот ғимаратына кіріп шығуының СКУД жүйесі арқылы реттелуі» туралы сот 

приставы Т.Райымбеков айтып өтті.



Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Білікті маман дайындауға көмек



Сот жүйесінің білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасауы 

заңгерлерді дайындауға, студенттердің кәсіби ептілігі мен дағдысын, 

құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған. 

Шығыс  Қазақстан  облысының  мамандандырылған  ауданаралық 

экономикалық сотының ұжымы жақында  Қазақстан-Американдық еркін 

университетіне барып кездесу өткізді. Шара барысында С.Туратпаев 

экономикалық сот жұмысының ерекшелігі, оның қарауына жататын істердің 

санаттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, студенттік іс-тәжірибеден өту 

тәртібі мен сот жүйесіне жұмысқа қабылдау мәселесі сөз болды.

Кездесу өткізу аясында көптеген студенттер сот жүйесінде жұмыс 

істеуге ниетті жандарға қойылатын талаптарға қызығушылық білдірді. 

Сәбит Шыңғысұлы қойылған сұрақтардың барлығына жауап берді. 



Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық сотының баспасөз қызметі    

Сот ұжымы сенбілікте



Өзімізді қоршаған ортаның таза болуы өзімізге тікелей байланысты. 

Қыстай жауған қалың қар мен көк мұздан, қалған қоқыстардан қор­

шаған ортаны тазартып, ескі ағаштарды кесіп, орнына жаңа тал егіп, 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал