Гидрология рубержка


 Гидрология ғылымының салалары, зерттеу объектілері



жүктеу 180.29 Kb.
Pdf просмотр
бет21/21
Дата06.11.2022
өлшемі180.29 Kb.
#23387
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Гидрология рубержка
9 лекция
34. Гидрология ғылымының салалары, зерттеу объектілері
Гидрология жердің жəне оның су қабығының физикалық, географиялық
қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады. Гидрология пəнінің
көмегімен келесі су объектілері: мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер
бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ жəне жер асты сулары
зерттеледі.
Мұхиттар мен теңіздерде өтіп жатқан процестердің өзендер мен
көлдердегі жəне мұздықтардағы процестерден көп айырмашылығы
болатындықтан жалпы гидрология пəні мұхиттар гидрологиясы
(мұхиттану) жəне құрлықтар гидрологиясы болып екіге бөлінеді.
Зерттеу объектілері бойынша құрлықтар гидрологиясы мына салаларға
тармақтанады:
1) өзендер гидрологиясы (потимология);
2) көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология);
3) батпақтар гидрологиясы (тельматология);


4) жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология);
5) мұздықтар гидрологиясы (гляциология);
Гидрологияның зерттеу нысандарына мұхиттар, теңіздер, өзендер мен
көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ жəне жер асты
суларының физика-химия қасиеттері жатады. Жалпы гидрология
мұхиттар гидрологиясына (мұхиттану) жəне құрлық гидрологиясына
жіктеледі. Құрлық гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша: өзендер
гидрологиясы; көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология);
батпақтар гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының
гидрологиясы (гидрогеология); мұздықтар гидрологиясы (гляциология)
болып, ал зерттеу бағыты мен əдіс-тəсілдеріне қарай жалпы гидрология,
гидрография, гидрометрия, инженер идрология жəне гидрологиялық
болжам салаларына жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы
– дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология жəне биология
процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану,
теңіз физикасы), мұхит биологиясы мен геологиясына, мұхит
гидрографиясына, т.б. бөлінеді.

жүктеу 180.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет