Гидрология рубержка



жүктеу 180.29 Kb.
Pdf просмотр
бет15/21
Дата06.11.2022
өлшемі180.29 Kb.
#23387
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Гидрология рубержка
9 лекция
22.Əлемдік су теңдестігі
Жердің су теңдестігі — белгілі бір уақыт кезеңінде жер бетіндегі кіріс
(атмосфералық жауын-шашын, өзен ағыны) пен шығынның (булануы)
сандық сипаттамасы. Тұтас алғанда жердің жəне оның ірі бөліктерінің су
тендестігі жөніндегі ең толық жəне анық мəліметтерді М.И.Львович
жасады (1986). Əлемдік мұхитқа судың келуімен, атмосфералық


жауын-шашынмен, құрлықтың шеткі аймақ бөліктерінен ағып келетін өзен
суымен байланысты. Ал мұхит бетінен судың булануының жылдық
мөлшері 455 мың км3 болғанда, 1260 мм-ге жетеді. Тұтас алғанда бүкіл
жер шарына судың келуінің негізі біреу — атмосфералық жауын-шашын
жəне су шығынының да негізі біреу — жылына 1030 мм-ді құрайтын
булану (немесе 525 мың км3)
23. Гидрология ғылымының даму тарихы
Су туралы тылым атауы-гидрология -
екі грек созінен курылган: "гидро" - су жане "логос" - білім, тылым.
Гидрологиянын алгашкы басталуы
адамзат тарихында, шамамен 6000
жыл бурын, Ежелгі Мысырда пайда болды. Казіргі заманты Финляндия
мен
Карелия аумагында муздын калдыы
элі кунге дейін ерігенде, мысырлыктар
карапайым гидрологиялык бакылаулар
жургізді-Асуаннан 400 км жотары жартастарда жыл сайыны Нілдін тегілу
кезендерінде су денгейін белгіледі. Кейінірек Ежелгі Мысырда томенгі
Ниломерлер деп аталатын
"'гидрологиялык" бекеттердін тутас желісі (30-та жуык) курылды. Кейбір
ниломерлер бай архитектуралык курылыстар болып табылады: озен
арнасындаты мэрмэр кудыктары эдемі
эшекейленген тас баганасы
ортасынан, онда су таскынын кетеру
биіктігін белгілеген.
24. Су объектілерін зерттеу əдістері
Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында
мынадай негізгі əдістерді пайдаланады, олар 1) тұрақты бақылау
(стационар); 2) экспедициялық; 3) тəжірибелік
(эксперименттік), 4) теориялық.
Тұрақты бақылау əдісі су объектілерінің гидрологиялық режимі
элементтерінің мерзімдік қозғалысын (динамикасын) зерттеу үшін қызмет
етеді. Гидрологиялық режим дегеніміз — су объектілерінің жайкүйінің
белгілі бір заңдылықпен кұбылуы яғни су деңгейінің, шығынының,
температурасының, мұз қату кұбылыстарының жəне т.б.
сипаттамаларының тəуліктік, маусымдық жəне көпжылдық
құбылмалылығы. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау
гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бақылаулар


бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканың мақсатына
сəйкестендірілген. Бақылау материалдары өңдеуден өткен соң
географиялық қорытындылар шығару үшін, анықтамалар құрастыру үшін,
атластар мен гидрологиялық сипаттамалардың картасын жасау, сонымен
бірге теориялық жəне қолданбалық мақсаттар үшін кеңінен
пайдаланылады.
Экспедициялық əдіс қысқа мерзім ішінде су объектілерінің
физика-географиялық сипаттамалары жөнінде маңызды деректер алуға,
далалық ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік береді. Экспедициялық зерттеулердің нəтижесінде алынған
деректер мамандарға гидрологиялық ұқсастық əдісін (метод аналога)
сенімді түрде пайдалануға жағдай туғызады.
Тəжірибелік (эксперименттік) əдіс жалпы гидрологиялық
құбылыстармен қатар процестердің жекелеген жақтарын түпкілікті
зерттеуге қызмет етеді. Зертханада немесе далалық жағдайда жасалатын
тəжірибе көмегімен өзен арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз
қату жəне еру, судың топыраққа сіңуі мен беткейлерден ағып түсуі, су
бетінен жəне жер бетінен булану жəне басқа да көптеген құбылыстар
зерттеледі.
Зерттеудің теориялық əдісі гидрологиялық мақсаттарды физиканың
жалпы заңдары жəне математикалық тəсілдердің көмегімен шешуге
негізделген. Теориялық əдістің нəтижелері дəйекті материалдың
көмегімен тексеріліп отырады.
Су объектілері жəне олардың режимі жөніндегі ең толық мəліметтер
жоғарыда келтірілген төрт əдіс бірге пайдаланылған жағдайда алынатын
болады.

жүктеу 180.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет