Гидрология рубержка


 Гидрологияның құрамдас бөліктері



жүктеу 180.29 Kb.
Pdf просмотр
бет12/21
Дата06.11.2022
өлшемі180.29 Kb.
#23387
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Гидрология рубержка
9 лекция
16. Гидрологияның құрамдас бөліктері
«Гидрология» сөзі екі грек сөзінің (гидро — су, логос — ғылым, ілім)
қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.
Гидрологияның құрамдас бөліктері : мұхиттар гидрологиясы (мұхиттану)
жəне құрлықтар гидрологиясы болып екіге бөлінеді.
Зерттеу объектілері бойынша құрлықтар гидрологиясы мына салаларға
тармақтанады:


1) өзендер гидрологиясы (потимология);
2) көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология);
3) батпақтар гидрологиясы (тельматология);
4) жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология);
5) мұздықтар гидрологиясы (гляциология);
Құрлықтар гидрологиясы зерттеу объектілерінен өзге негізгі зерттеу
бағыты жəне тəсілдері бойынша мынадай салаларға бөлінеді:
- су қабығында кездесетін жалпы заңдылықтарды жəне оның (судың)
ауа қабығы (атмосфера), жер қыртысы (литосфера) арасындағы
жалпы байланыстарды зерттейтін сала — жалпы гидрология саласы;
- жер беті суларының географиялық таралу заңдылықтарын, нақты
су объектілерінің жазбаларын жəне олардың өзара байланыстарын,
сонымен бірге географиялық жағдайын олардың режимі мен
шаруашылықтағы маңызын қарастырумен айналысатын сала —
гидрография саласы;
- су объектілерінің режимін бақылау əдістерімен, ондағы
қолданылатын құрал-жабдықтар, сонымен бірге бақылау нəтижелерін
өңдеу əдістерімен айналысатын сала - гидрометрия саласы;
- халық шаруашылығының сұранымдары бойынша гидротехника,
мелиорация, жол кұрылысы жəне басқа салалар қажеттілігі үшін
гидрологиялық сипаттамаларды анықтаумен айналысатын сала —
инженерлік гидрология (гидрологиялық есептеулер) саласы;
- мақсатына гидрологиялық режимді, құбылыстардың мерзімдік əрі
кеңістікте дамуын алдын ала есептеудің ғылыми дəлелденген тəсілдерін
зерттеу əрі қолдану жұмыстары кіретін сала — гидрологиялық болжам
саласы. Жер қыртысында кездесетін жер асты суларын зерттеумен
гидрогеология, ал топырақ суларын зерттеумен гидрогеология мен
топырақтану ғылымдары шұғылданады. Атмосферадағы суларды,
əсіресе атмосфералық жауын-шашынды, зерттеумен метеорология мен
климатология айналысады. Сұйықтардың қозғалыс заңдарын жəне
олардың алға қойған тəжірибелік мақсатты шешу үшін қолдану əдістерін
гидравлика пəні.зерттейді. Гидрофизика ілімі табиғаттағы сулардың
физикалық қасиеттерін зерттесе, су кұрамының жəне оның химиялық
касиеттерінің мерзімдік жəне кеңістікте өзгерулерімен гидрохимия
айналысады.
Судағы өтіп жатқан биологиялық процестермен жəне судың өзін қоршаған
ортамен болатын əсерлесуін гидробиология зерттейді.


Еліміздің су қорларын ысырапсыз əрі үнемді пайдалану жəне оны қорғау
мақсатында қазір мұхиттар гидрологиясы ғылымының көмегімен мынадай
аса маңызды мəселелер шешілуде:
- белгілі бір жердің су қорларын əрі су теңдестігін бағалау:
- судың есептелінген шығынын (максимал, минимал, орташа т. б.) жəне
жыл бойғы үлестірімін белгілеу;
- өзен алаптарынан, көлдерден жəне жобадағы бөгендерден буланатын
суды есептеу;
- өзен арналарының жəне бөген жағалауларының қалыптасуын зерттеу;
- .өзен, көл жəне бөгендердегі температуралық əрі мұз қату процесін
сипаттау;
- гидрологиялық режимнің негізгі элементтерін алдын ала болжау;
- табиғат суларының ластану жəне өзін-өзі тазарту процестерін зерттеу,
сонымен бірге су объектілерінін ластануымен күресу тəсілдерін
ойластыру;
— су қорларын қуаң жəне ылғалды аудандардың арасында қайта бөлу
нəтижесінде мүмкін болатын өзгерістерді зерттеу.
Еліміздің экономикасын дамыту мəселесі бойынша гидрологияға
жүктеліп отырған аса маңызды əрі зор міндеттері гидрометеорология
ғылымының, үлкен беделге ие болғанын жəне оның халық
шаруашылығымен байланысының тереңдей түскенін көрсетеді.

жүктеу 180.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет