Геометриялық – графикалық ПӘндерді оқытудың сапасын арттыру жолдары



жүктеу 53.53 Kb.

Дата31.03.2017
өлшемі53.53 Kb.

УДК  514.18 

Д.Д. Абілдабекова, Ә.Ш. Маубекова 

 

(Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы) 

 

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ



 – ГРАФИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ 

ЖОЛДАРЫ

 

 

Аннотация.

  Білім  жүйесінде    заман  талаптарына  сай  түбегейлі  өзгерістер  болуда.    Мұндай 

өзгерістерге  сабақ  өткізу  барысында  сабақ  өткізудің  инновациялық  -  прогрессивті  тәсілдері  мен 

формаларын,  сабақ  өткізілетін  орындардың  оқытудың  жаңа  құралдарымен  жабдықталуына  қол  жеткізуге 

болатыны баршамызға мәлім.  

Бүгінгі  таңда  оқыту  сапасын  арттыру      -    көп  еңбекті  талап  ететін  іс.  Сол  себепті,  оқыту  сапасын 

арттыру мақсатында оқытушы алдына қойылатын талап - жаңа оқыту формалары мен түрлерін, тәсілдерін 

оқыту үрдісінде қолдана білу. 



Түйін  сөздер:

  геометриялық-графикалық  пәндер,  инновациялық  тәсілдер,  тестік  тапсырмалар, 

блоктар, графикалық фронтальды сұрау. 

Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы білім жүйесінде түбегейлі өзгерістердің болуына өз 

ықпалын  тигізуде. Бұл  өзгерістер  сабақ  өткізу  барысында,  сабақ  өткізудің  прогрессивті  тәсілдері 

мен  формаларын,  сабақ  өткізілетін  орындардың  оқытудың  жаңа  құралдарымен  жабдықталуын 

талап етеді.  

Оқыту сапасын арттыру  - бұл көп еңбекті талап ететін іс. Сол себепті, бүгінгі таңда оқыту 

сапасын  арттыру  мақсатында  оқытушы  алдына  қойылатын  талап  -  жаңа  оқыту  формалары  мен 

түрлерін, тәсілдерін қолдана білу. 

«Сызба  геометрия»,  «Инженерлік  графика»  пәндерін  оқыту  барысында  көптеген 

қиындықтар  кездеседі,  оның  ең  бір  басты  себебі  кешегі  оқушы  бүгінгі  білімгерлердің  кеңістіктік 

ойлау қабілетінің  орташа дамуына  байланысты болып отыр. Сонымен қатар, «Сызба геометрия», 

«Инженерлік графика»  пәндерімен танысу білімгерлердің ортаға бейімделу мерзіміне сай келеді.      

«Сызба  геометрия»,  «Инженерлік  графика»  пәндерінен  өткізілетін  сабақтардың  сапасына 

тікелей себебін тигізетін факторлар: 

-

 

өткізілетін сабақ түрлерінің біртектілігі;  



-

 

тапсырма берудегі формализм; 



-

 

графика курсы бойынша теорияның алатын  орнының дұрыс бағаланбауы; 



-

 

сабақ  барысында  игерілген  білім  деңгейін  анықтауда  бақылау  құралдарының  жеткіліксіз 



қолданылуы.  

Осы  факторларды  ескере  отырып,  студенттерге  білімді  меңгеруді  жақсарту  мақсатында 

сабақтарды  өткізудің  және  меңгерілген  білім  деңгейін  анықтаудың      инновациялық  тәсілдерін 

қолдану тиімді. 

Осыған  байланысты  мысалы:    «Инженерлік  графика»  пәні  бойынша  ағымдық  бақылаумен 

қатар, оқу үрдісінде игерілген білім деңгейін тексеруде тестік тапсырмалар, сынақ сабақтар, іскер 

ойындар  және  блоктар  бойынша  тапсырмалар    енгізуді  қарастыруға  болады.  Тестік  тапсырмалар 

жасырын  жабық    түрде  болады,  яғни  таңдауға  үш  немесе  одан  да  көп    дайын  жауаптар  

ұсынылады. 

Тестік тапсырмаларды келесі тақырыптар мен бөлімдер бойынша дайындауға болады: 

-  «Сызбаларды  графикалық  безендіру»  бөлімі  бойынша  және  осы  бөлім  бойынша  сынақ 

сабақ дайындалады. 

- «Проекциялық сызу. Сызба геометрия негізі» бөлімі бойынша.   

-  «Нүкте,  түзу,  жазық  фигуралар  мен  геометриялық  денелерді  проекциялау»  тақырыптары  

бойынша; 

- «Тіліктер», «Қималар» және   «Тетікбөлшектеу» тақырыптары бойынша.   

Енді  білімді  меңгеру    деңгейін  анықтауға  ұсынылатын  сынақ  сабақ  нұсқасын  қарастып 

көрейік. «Сызбаларды графикалық безендіру» бөлімі бойынша дайындалған сынақ сабақ жазбаша 

түрде өткізіледі, ол теориялық және практикалық бөлімнен тұруы керек.  

Теориялық бөлім келесі тақырыптарды міндетті түрде қамтиды: 

- сызба сызықтары; 

- сызба қаріптері; 

- сызбаға өлшемдерді түсіру; 

- еңістік пен конустық. 



Практикалық бөлімде графикалық тұрғызуларды: 

- шеңберді тең бөліктерге бөлу; 

- түйіндестіруді  орындау қажет. 

«  Көріністер,  тіліктер,  қималар»  бойынша  дайындалған  сынақ  сабақ  –  сабақтың  оқылған 

тақырыптарды  қорытындылау  және  жүйеге  келтіру  түріне  жатады.    Бұл  сабақ  білімгерлердің 

көлемді оқу материалдарын жүйелі түрде қайталауға ынталандырады. 

Мұндай сынақ сабақ екі дидактикалық мәселелерді шешуге: 

-   теориялық білімді меңгеру деңгейін анықтауға; 

- жеке тапсырмалардың орындалуы бойынша тақырыптың меңгерілу деңгейін анықтау мен 

бағалауға бағытталған. 

Сабақтың  дұрыс  ұйымдастырылуының  ең  бір  шарты  берілетін  тапсырмалардың  әртүрлі 

болып келуінде.  

 

Білімді тексеру ауызша, жазбаша және аралас түрде жүргізілуі мүмкін.  



Білімді тексерудің ең қызық түрі, аралас болып табылады, мұнда жеңілдетілген графикалық 

жұмысты  орындаумен  бірге,  студентке  жазбаша  түрде  жауап  беруге  де  болатын  тапсырма 

беріледі.  

Сол сияқты зертханалық сабақтарда жаңа материал берілместен бұрын, сызудан 5-7 минутқа 

арналған  техникалық  диктант  жазудың  да  көп  пайда  әкелетінің  ескеруге  болады.  Әрбір  білімгер 

өзіне тиесілі топтама бойынша тақырыпты қаншалықты игергендігі туралы өзіне баға бере алады. 

Мысалы: «Сызбаларды графикалық безендіру» бөлімі бойынша: 

1.

 



Негізгі жуан сызықтың қолданылуы... 

2.

 



МСТ 2.302-68 мастабтардың келесі түрлерін тағайындайды... 

3.

 



МСТ 2.304-81 тағайындаған қаріптер биіктігі... 

4.

 



МСТ 2.303-81 тағайындаған қаріптер түрлері...   

Сабақтағы  студенттердің  танымдылық  іс,  әрекетін  жетілдіру  оқыту  тиімділігін  арттырудың 

басты  жолдарының  бірі.  Танымдылық  іс  әрекетті  жетілдірудің  басты  бір  жолы  студенттердің 

«Сызба  геометрия»,  «Инженерлік  графика»    сабақтарында  орындайтын  өзіндік  жұмыстары. 

Студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  оқу  процесінде    кездейсоқ  құбылыс  емес,  ол 

сабақтың жоспарланған бөлігі болу керек. Студенттерді өзіндік жұмысқа тартатын негізгі құрал - 

жүйелі  танымдық  графикалық  тапсырмалар  болуы  керек.  Студенттердің  техникалық  ойлау 

қабілетін  дамытатын  жұмыс  -  өз  бетінше  тақырып  бойынша  құрастырылған  графикалық  жұмыс. 

Бұл  жағдайда,  әрбір  студент  өзінің  қисындасқан  графикалық  жұмысын  құрастырады,  мұндай 

тапсырма студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады. 

Графикалық  фронтальдық  сұрау  бұрын  алынған  білімнің  маңыздылығын  көрсете,  ауызша 

тілдің  дамуына,  жүйелі  түрде  барлық  студенттердің  теориялық  білімін  анықтауға  мүмкіндік 

береді.  Студенттерге  жұмыс  дәптерлеріне  өткен  тақырып  бойынша  негізгі  кескіндерді  сызу 

ұсынылады.  Бұл  кезде    дәріс  жазбаларын,  зертханалық  сабақтарда  жасалынған    жазбаларды 

қолдануға  болмайды.  Графикалық  фронтальдық  сұрау  студенттің  әрқашанда  сабаққа  дайын 

болуын талап етеді.  

Міндетті түрде тақырыпты бекіту үшін жеңілдетілген тапсырмалар қолдану ұсынылады. 

 

Тестік сұрау билеті

 

 

Билет 1 


Инженерлік графика 

 

Көріністер, тіліктер, қималар 



Сұрақтар 

Жауаптар 

1.А нұсқамасы бойынша көрсетілген 

көріністі басты деп есептей отырып, 

үстінен қараған көрініске сай кескінді 

көрсетіңіздер. 

 

2.А-А тілігіне сәйкес болатын 



кескінді көрсетіңіздер. 

3. Бес қиманың ішінен қайсысында 

қате жіберілген? 

 

4.Қай сызбада толығымен кескін 



берілген? 

 

Сол  сияқты  студенттердің  игерген  білім  деңгейін  тексеруге  курс  бойынша  блоктарға 



бөлінген тапсырмалар қолдану ұсынылады.   

 

Сызбаны  дұрыс  оқи  білу,  сызу  мемлекеттік  стандартан  басталатын  болғандықтан,  бірінші 



блокты  МСТ – ке арнай отырып, « Зердені шынықтыру» деп атауға болады. 

1.

 



МСТ 2.301-68 қалай аталады ? 

2.

 



 А4 пішімінің өлшемі. 

3.

 



Қосымша пішім өлшемі. 

4.

 



А3 пішімінің өлшемі. 

5.

 



297х420 қандай пішімге тән өлшем ? 

6.

 



Берілген 1 - суреттегі сызбаларда қолданылатын сызықтар    түрлерін атаңыздар. 

 

1-сурет 

                                        

7.

 



Екінші суретте қандай МСТ- ке  сай сызбада өлшемдер қойылған ?  

 

2-сурет 

 

8.

 



Қандай МСТ қарыптерді тағайындайды? 

 


 

Екінші блок «Сұрақтар торы» - бұл блок өткен тақырыпқа шолу жасауда пайдалы. Мұнда әр 

студент  өткен  тақырып  бойынша  әртүрлі  ребус  жасап  және  ұсынылған  ребус,  кроссвордтарды 

шеше алады. 

Вертикаль бойынша:1. Инженерлік дискриминант бойынша салынатын қисық. 2.Шеңбердің 

проекциясы. 3..., 4... . 

 

3-сурет 

 

Үшінші  блок  «Есепті  шешу»  -  бұл  блок  тапсырмаларын  дененің  екі  берілгені  арқылы 



үшінші  көрінісін  салуда,  аксонометриялық  проекциялар  мен  эскиздерді  тұрғызуда  қолдануға 

болады.  

Төртінші блок  «Графикалық тұрғызулар» - бұл  блок тапсырмаларын орындауда студенттер  

өздерінің  сызбаны  орындау  техникасын  жетілдіреді.    Осы  блок  тапсырмалары  бойынша 

студенттер сызбаны аяқтауы керек. Тапсырма мұқияттылық пен ұқыптылыққа үйретеді.  

 

 



 

4 - сурет 

 

Қорыта  келгенде,  білімгерлердің  геометриялық-графикалық  пәндер  бойынша  үлгерімдері 



жоғарылап,  сапалы  графикалық  құжаттарды    орындауда    графикалық  фронтальдық  сұрау, 

техникалық диктант жазу, сынақ сабақ, тестік сұрау, блоктар тапсырмаларын қолдана білу белгілі 

бір нәтижеге жеткізеді деп айта аламыз.   

ӘДЕБИЕТТЕР  

1

 

.  Ботников  А.Д.  Пути  совершенствования  методики  обучения  черчения.  М.:  Просвещение,1983  - 



129с.  

2

 



.  Василенко  Е.А.  Методика  преподавания  начертательной  геометрии  и  инженерной  графики.  М.: 

Просвещение,1990 - 176 с. 

3

 

. Шарикян Ю.Э. Методика преподавания курса машиностроительною черчения. М.: Высшая школа, 



1990 - 128 с. 

4

 



. Кузьмина Н.В. Методы системного педагогического исследования. – Л.:ЛТУ, 1980. – 172 с. 

5

 



. Ройтман И.А. Методика преподавания черчения. М.: Гуманит. изд.ВАЛДОС, 2002 -240с. 

6

 



. Мерзон Э.Д., Артьемов М.Ф. Исследование развития пространственного мышления при изучении 

начертательной  геометрии    и  черчения.//  Начертательная  геометрия  и  инженерная  графика:  Сб.  науч.  мет. 

статей. М.: Просвещение, 1973 -53 с.  

7

 



.  Найниш  А.  Дидактические  основы  и  пути  оптимизации  методики  обучения  начертательной 

геометрии: Автореферат дис. доктора пед.наук. М.: МГУП, 2000 – 122с. 

 

Абілдабекова

 Д.Д., Маубекова Ә.Ш. 

Геометриялық 

– графикалық пәндерді оқытудың сапасын арттыру жолдары 

Түйіндеме.  Сызба  геометрия  және  инженерлік  графика  техникалық  бакалавр  мамандықтарын 

оқытуда  базалық  пән  болып  табылады.  Мақалада  білімді  бақылау  үшін  инновациялық  эдістерді    қолдану 

белсенді әрекеттерін арттыру жолдарын қарастырады. 

Түйін  сөздер:

  геометриялық-графикалық  пәндер,  инновациялық  тәсілдер,  тестік  тапсырмалар, 

блоктар, графикалық фронтальды сұрау. 



 

АбилдабековаД

.Д., Маубекова А.Ш. 

Пути повышения качества обучения геометро

-графическим дисциплинам 

Резюме.  Начертательная  геометрия  и  инженерная  графика  при  обучении  бакалавров  технических 

специальностей являются базовыми дисциплинами. В статье рассматриваются пути повышения активизации 

познавательной деятельности с применением инновационных методов контроля знаний.  

Ключевые  слова:  геометро

-графические  дисциплины,  инновационные  методы,  тестовые  задания, 

блоки, фронтальный графический опрос. 

 

Abildabekova D.D., Maubekova A.S. 

Ways to improve learning geometrical graphic disciplines 

Summary.  Descriptive  Geometry  and Engineering  Graphics  in teaching undergraduate  engineering  majors 

are  the  basic  disciplines.  The  article  looks  at  how  to  enhance  the  cognitive  activity  with  the  use  of  innovative 

methods of control knowledge.  

Key words: geometrical graphics discipline, innovative methods, tests, blocks, front graphic survey. 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал