Географияны оқытудағы жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың АҚпараттық ҚҰзыреттілігін



жүктеу 44.88 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі44.88 Kb.

ӘОЖ 658.386.08

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Исабаев Ануар Токтамысович, магистр

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

Anuar1089@mail.ru

Бұл   мақалада   географияны   оқытуда   жаңа   технологияларды   пайдалану   арқылы

білім   алушылардың   ақпараттық   құзіреттіліктерін   қалыптастыру   кезеңдері   мен

жіктелуі,   болашақ   география   пәні   мұғалімдерін   кәсіби   педагогикалық   дайындауды

ұйымдастыру   барысында   іс-тәжірибеге   бағыттау   және   ақпарапттық

технологиялардың көмегімен шешу мәселелері қарастырылған.

В   данной   статье   рассмотрены   этапы   формирования   и   классификации

информационных компетенции студентов, решение проблем организации практической

направленности   педагогической   подготовки   будущих   учителей   географии   через

применение информационно-коммуникативных технологий. 

This   article   describes   the   stages   of   the   formation   and   classification   informational

competence of students, problem solving, action-oriented organization pedagogical training of

future teachers of geography through the use of information and communication technologies.

Кілттік   сөздер:  Географияны   оқыту   әдістемесі,   Жаңа   технология,   модульдік

оқыту, құзіреттілік, ақпараттық теқнология.

Қазіргі жаһандану заманында Қазақстанның әрбір азаматы ой-өрісі кең дамыған,

идеяшыл, өз саласының мамандығын өте жоғары деңгейде игеруі тиіс. Жоғары деңгейдегі

маман   болу   үшін   білім   алушының   ақпараттық   құзіреттілігін   қалыптастыру   керек.

География   саласында   білім   алып   жүрген   студенттердің   бойындағы   ақпараттық

құзіреттілікті   қалыптастыру   үшін   білім   алушыға   ең   алдымен   географияны   оқытудың

әдісін үйреткен жөн болар.

Географияны   оқыту   әдістемесі   –   педагогика   ғылымының   бір   саласы.   Оның

зерттейтін   негізгі   пәні   болып,   болашақ   ұрпақтарды   кейбір   ғылымдардың   (геология,

экономика,   демография   және   т.б.)   элементтерімен   байланысты   физикалық   және

экономикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі саналады[1].

Географияны   оқытуда   жаңа   педагогикалық   технологиялардың   көптеген   түрлерін

пайдалана   отырып   сабақ   өткізуге   болады.   Жаңа  педагогикалық   технологиялардың

жіктелуін мына кестеден көруге болады.

     

     


Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Оқушы іс-әрекетін

белсендіруге негізделген

педагогикалық

технология

Оқыту үрдісін тиімді

ұйымдастыру және

басқаруға негізделген

педагогикалық технология

Оқу материалын

дидактикалық-әдістемелік

жетілдіруге негізделген

педагогикалық технология

- Тірек белгілері мен тірек 

конспектілері негізінде 

оқыту;


- Ойын;

- Проблемалық оқыту;

- Жаңа ақпараттық--

коммуникативтік;

- Витегенді оқыту;

- Тренингтік;

- Интеграциялау;

- Өздігінен даму;

- Дамыта оқыту.

Дидактикалық бірліктерді 



ірілендіру;

- «Мәдени диалог»;

- «Экология және 

диалектика» жүйесі;

- Ойлау іс-әрекетін кезеңмен

қалыптастыру теориясын 

жүзеге асыру;

- Сатылай кешенді талдау;

- Бейнетехнология.

- Бағдарламалап оқыту;

- Саралап оқыту;

- Жекеше оқыту;

- Оза отырып оқыту;

- Топтық және ұжымдық 

оқыту;

- Компьютерлік оқыту;



- Модульдік оқыту;

- Мультимедиялық;

- Жобалау.


Осылардың ішінен қазіргі заман қарқынды оқыту технологиялары мынадай:

Қашықтықтан   оқыту   технологиясы  –   бұл   нақты   білім   көлемін   игеру  үшін   өз

бетінше білім алушының педагогтің бақылауымен өзара әрекетте жүргізілетін оқытудың

әдіс-тәсіл,   құралдары   мен   формаларының   жиынтығы.   Бұл   студенттің   физикалық

шектеулік   концепциясынан   аймақтық   қашықтыққа   қарамастан   білім   мен   оқыту

құралдарын алмасу арқылы білімалушылық ресурстарын игеруіне мүмкіндігін береді.

Шоғырландырып   оқыту   технологиясының  негізіне   педагогикалық   тәжірибедегі

белгілі   әдіс   «пәнге   зейін   шоғырландыру»   жатады.   Бұл   технологияның   мәні   сабақтың

блогтарға   біріктірілуінен   тұрады.   Мұндай   оқу   процесін   ұйымдастыру   формасы   адам

қабылдауының   табиғи   психологиялық   ерекшеліктерімен   оқу   процесін   неғұрлым

жақындата түседі.

Модульдік оқыту технологиясы дәстүрлі оқыту технологиясына балама оқыту түрі

ретінде   ХХ   ғасырдың   60-шы   жылдарының   бас   кезінде   Батыс   Еуропа   мен   АҚШ   оқу

мекемелерінде пайда болды. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз

бетінше   жұмыс   істей   алу   мүмкіндігі,   оқудың   әдісі   мен   тәсілдері   бойынша   оқытудың

дербестігін қамтамасыз етеді.

Қарқынды

оқыту

техноло-

гиялары

Қашық-

тықтан

оқыту

Модульдік

оқыту

Бағдарла-

малық

оқыту

Шоғыр-

ландырып

оқыту

Компью-

терлік

оқыту

Проблема-

лық оқыту


Проблемалық   оқыту   технологиясы  -   бұл   оқутышының   жетекшілігімен

ұйымдастырылатын   білім   алушының   өз   бетінше   оқу   проблемаларын   шешуші   және

технологияны қолдану барысында білімалушының жаңа білім, білік және дағдыларының,

белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылық ойлауының қалыптасуына ықпал ететін

оқыту технологиясы. Оқытушы проблемалы оқытуды қолдануда білім алушыға білімнің

дайын жауабын хабарламастан бұрын қойылған проблеманы шешу үшін оны қызықтыру

арқылы   міндет   қояды.   Проблемалы   оқытуда   түйінді   түсінікке   проблемалық   ситуация

жатады.


Компьютерлік оқыту технологиясы – бұл оқыту құралы ретінде оқыту мақсаттары,

ғылымилық   мазмұны   және   дидактикалық   әдістердің   қолдануына   органикалық

байланысынан   тұратын   техникалық   және   программалық   құралдардың   кешені.   Ол

үйретуші-компоненттер жүйесінде іске қосылады және келесі компоненттерден тұрады:

-

Техникалық орта (қолданылатын есептеуіш техникасының түрі);



-

Программалық   орта   (оқыту   технологиясын   іске   асыратын   программалық

құралдар жиынтығы);

-

Пәндік орта (ғылым, техника, білім салалары бойынша нақты пәннің мазмұны),



-

Әдістемелік орта (нұсқаулықтар, тізімді бағалау әдістері және т.б.).

Осының   негізінде   қазіргі   уақытта   компьютерлік   оқыту   құралдарының   көптеген

түрлері пайда болды. 



Бағдарламаланған оқыту технологиясы – бұл арнайы құралдардың 

(бағдарламаланған   оқулықтар,   ерекше   үйретуші   машиналар,   компьютер   және   т.б.)

көмегімен   алдын-ала   құрастырылған   бағдарлама   бойынша   өз   бетінше   жеке   білім   алу

технологиясы.   Ол   әрбір   студентке   оның   жеке   дара   ерекшеліктеріне   сәйкес   білім   беру

мүмкіндігін қамтамасыз етеді[2]. 

Жаңа   педагогикалық   технологияны   қолдана   отырып,   географияны   оқытуда

төмендегідей басты ұстанымдарды ескерту қажет. 

1. Жаңа   педагогикалық   технологияны   пайдалану   арқылы   географиялық   оқу

материалдарын оқытудың бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу.

2. Оқу-тәрбие   үрдісінде   география   пәнін   оқытуда   пәнаралық   байланыстардың

болуы.

3. Географияны   оқытуда   туындаған   экологиялық,   экономикалық,   әлеуметтік



проблемаларды анықтап, оны түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу[3].

Құзіреттілік ұғымы «білім», «білік», «дағды сияқты» ұғымдарды қалыптастырады.

Құзіреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да

бір практикалық және теориялық міселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. 

Негізгі   құзіреттіліктер   түріндегі   күьілетін   нәтижелер   ретінде   ұсынылған   бңлңм

беру жүйесінің мақсаттары:

-

проблеманың шешімін табу құзіреттілік/өзіндік менеджмент;



-

ақпараттық құзіреттілік;

-

коммуникативтік құзіреттілік.



Ақпараттық құзіреттілік ақпараттық ізденісті жоспарлау, алғашқы 

аппараттарды   бөліп   алу,   қайта   бөлінген   ақпараттарды   бөліп   алу,   ақпараттарды

алғашқы өңдеу кезінде – логикалық операцияларды пайдалану болып табылады. 

- Сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдау;

- Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға, осы  мақсаттарға

жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру; 

- Өз бетінше талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және

ақпараттарды тасымалдау.

Оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. 

Логикалық операцияларды талдау:

Жинақтау;



Қорыту;


Құрылымдау;

Дәлеледеме, модельдеу;



Ойлау, эксперимент.

Алғашқы ақпаратты бөліп алу.

- бақылау/жоспар   бойынша   экспериментті   оның   мақсаты   мен   ьарысына   және

ақпараттық   ізденістердің   міедеттеріне   сәйкес   жүргізеді,   ақпаратты   адамға   сұрақ   қоя

отырып алады;

- сұрау   арқылы   жинаған   ақпараттарын   өз   бетінше   жоспарлайды,   мониторинг

жүргізеді, оның мақсатын ақпаратты іздеу міндеттеріне сәйкес жоспарлайды және жүзеге

асырады.

Ақпаратты   өңдеу   кезінде   логикалық   операцияларды   пайдалану   барысында

түсіндіреді, дәйектемені бағалайды, ұсынылған ақпаратты тапсырмаға сәйкес түсіндіреді

және таратады, берілген негізге сүйеніп, жіктейді, сәйкестігі мен қайшылығын табады,

берілген өлшемдер /негіздер/ бойынша белгілерін анықтайды, қойылған мақсатқа сәкес

салыстырмалы   талдау   жасайды,   талдау   белгілерін   өз   бетімен   анықтайды   және

қорытындылайды, нақты жағдаятта қолдану үшін берілген белгі бойынша белгілі сандар

ішінен алгоритм іріктейді, алынған ақпаратты қолдану мақсатында құрылымын негіздейді

[4].

Сонымен қорыта айтқанда, еңсесін енді көтеріп, алға ұмтылып келе жатқан еліміз



үшін жан-жақты, бойында ақпараттық құзіреттілік қалыптасқан азаматар өте қажет. Тек

сол кезде ғана Қазақстан өркендеп, өрлей алады.    

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

Кушимова А.Ғ. «Орта мектепте географияны оқыту әдістемесі» Алматы 2003



2.

Даменова А. «Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі менерекшелігі» //

Қазақстан мектебі 2012 №2

3.

Құрманбекова   А.С.   «қазіргі   заман   оқыту   технологиялары   және   олардың



ерекшеліктері» // Қазақстан жоғары мектебі 2012 №1

4.

Әшімбаева  Б.М.  «Білім  беру  үрдісіндегі  оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін



қалыптастыру» // Білім көкжиегі 2011 №11




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал