География сабағында компетентті-бағдарлық Әдісті қолдану а. Н. Майманова Орал ц. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»



жүктеу 51.74 Kb.

Дата22.05.2017
өлшемі51.74 Kb.

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА КОМПЕТЕНТТІ-БАҒДАРЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ

А. Н. Майманова

Орал ц.

Елбасы  Н.  Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -  

Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  бойынша  бес  жылдық  үлттык  жоспарды  қабылдау  жөнінде 

нақты міндет қойды.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің қатарына кіруі  процесінде  де 

маңызды  болып  табылады.  Еліміз  үшін  маңызды  болып  табылатын  аталған  стратегиялық  міндетті 

шеіпу  жағдайында  түлғаның  ең  басты  функциялық  сапалары  белсенділік,  шығармашыл  түрғыда 

ойлауға  жэне  шешім  қабылдай  алуға,  кэсіби  жолын  таңдай  алуға  қабілеттілік,  өмір  бойы  білім  алуға 

дайын түруы болып табылады.  Бүл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан  Республикасында  білім 

беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  анық  көрсетілген. 

Ондағы  басты  мақсат жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене 

жэне  рухани  түрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  физикалық  күбылмалы  элемде 

элеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  болып 

табылады.

«Competent»  сөзі  французша  «компетентті»  «заңға  сай»,  латынша  «сай  болу»,  «қабілетті», 

«талап қою»,  «жарамды»,  ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.

Компетенттілік  деп  оқушының  алған  білімі  мен  дағдыларын  тәжірибеде,  күнделікті  өмірде 

қандай  да  бір  практикалық  жэне  теориялық  проблемаларды  шеіпу  үшін  қолдана  алу  қабілеттілігін 

айтады.

«Компетентті» үғымның мазмүны мынадай 2 аспектіде көрініс береді:



•  Компетенттілікті меңгерген, заңға сәйкес

•  Белгілі бір саланы білетін түлға.

Компетенция  деп  -   оқудың  жэне  өздігінен  білім  алудың  нәтижесінде  қалыптасатын  жэне 

адамның 


әлеуметтік  мобильділігін  анықтайтын  ,  білім  мен  тәжірибеге,  қүндылықтар  мен 

бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттерді айтады.

Оқытудың сапасын күтілетін нэтижелер түрғысынан жетілдіруді  компетенттік тэсіл  қамтамасыз 

ететін  болғандықтан,  оны  жүзеге  асыру  үшін  білім  мазмүнынан,  білім,  біліктілік,  дағдыға, 

шығармашылық,  іс  әрекет  тәсілдері,  эмоционалдық,  қүндылық  қатынастар  тәжірибесінде  негізделген 

түйінді компетенттіліктерді ажыратып алу қажеттілігі туады.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік  мақсаты  -   Қазақстың  ¥сақ  шоқысының  орнын  анықтай  алуға,  пайда  болуын, 

геологиясын,  пайдалы  қазбаларының  таралу  заңдылықтарын,  климатының  ерекшеліктерін,  ішкі  суы 

арасындағы себеп -  салдарлы байланысты аша білуге дағдыландыру.

Дамытушылық  мақсаты  -   Сарыарқаның  әсем  табиғаты  туралы  ойларын,  білік  дағдыларын 

дамыту.  Оқушылардың танымдық, іздемпаздық, ойлау, сөйлеу белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты -  оқушыларды елжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, табиғатты жэне 

оның байлығын қорғауға,  аялауға, табиғат әсемдігін сезінуге баулу.

Сабақтың әдісі:  оқыта -  үйрету, картамен жүмыс, сүрақ -  жауап, баяндау.

Сабақтың  көрнекілігі:  слайд  -   презентация,  Қазақстанның  физикалық  картасы,  Атлас, 

«Сарыарқа» күй табақшасы,  бейнетаспа.

Сабақтың жоспары:  I кезең -  үйымдастыру

II кезең -  үй тапсырмасын тексеру

III кезең -  жаңа тақырыпты меңгерту

IV кезең -  білім мен икемділігін бекіту

V кезең -  үйге тапсырма беру

VI кезең -  бағалау кезеңі

VII кезең -  қорытындылау

Сабақтың барысы:

I   кезең:  Оқушылармен  амандасып,  кім  -   жоғын  сүраймын.  Содан  соң  сабаққа  дайындығын 

тексеремін.



I I  кезең: Үйге берілген тапсырма қандай еді?

Фронтальды сүрақтар қою арқылы тексеру:

1.  Қазақстанға Шығыс Европа жазығының қай бөлігі енеді? (Оңтүстік -  шығыс)

2.  Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр томен жатыр? (132 м)



3.  Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан? (Солтүстік Қазақ жазығы)

4.  Солтүстік  Қазақ  жазығының  пайдалы  қазбалары?  (Соколов  -   Сарыбай,  Қашар  кен 

орындарында байыту комбинаты ж р ы с  істейді, Лисаковскіде никель қоры мол)

5.  Солтүстік Қазақ жазығы оңтүстігінде немен шектеседі? (Сарыарқамен)

6.  Солтүстік Қазақ жазығы қандай табиғат зоналарына кіреді? (Орманды дала, дала зоналары)

IIIкезең:  Шүғыл сүрак:  Табгігат компоненттеріне яелер жатадъі? 

ж ануарлар 

ауа 

тау ж ы ны сы



Олай  болса,  біз  Қазақстан  жерінің  табиғаты  алуан  түрлі,  бірін  -   бірі  қайталамайтын  табиғат 

кешендерінен түратынын білдік.  Осыған сәйкес көркем табиғаты бар, жазиралы даласы, үлкен массивті 

күмдары,  аласа,  биік  таулы  өлкесі  бар  байтақ  елімізді  ірі  9  физикалық  -   географиялық  табиғат 

аймағына  бөлдік.  Біз,  соның  ішінде  Шығыс  Европа  жазығы,  Түран  жазығы,  Солтүстік  Қазақ 

жжазығымен таныстық. Енді бүгін біз Сарыарқамен танысамыз.  (САРЫАРҚА КҮИІ)

Сарыарқа  -   Қарағанды,  Ақмола,  Солтүстік  Қазақстан,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстанның  батыс 

бөлігін қамтиды.

Сарыарқа  атауының шығуы -   арқа -  қырат деген мағына  береді,  сарыны  қосу  себеп -   арқаның 

ақ  елеулі  даласына  байланысты  қойылған.  Кейде  Қазақтың  ¥ сақ  шоқысы  деп  те  аталады.  Бүл  атау 

географиялық  қүрылысына  байланысты,  себебі  Сарыарқа  таулары  герцин,  каледон  тектогенезінде 

пайда болып, кайназой, мезазой аралығында сыртқы күштердің әсерінен үгіліп, мүжіліп аласарған.  Осы 

тау сілемдерінің арасында қатты жынысты шоқылар кездеседі, соған байланысты қойылған.

Сарыарқа  -   қазақтың  байлығының  көзі  ғана  емес,  сонымен  қатар  өнердің,  мәдениеттің  жэне 

тарихтың кеніші.  Сарыарқаның асыл тумалары сонау Абылай заманындағы Бүқар жырау,  қаз  дауысты 

Қазыбек,  ақындар  Шөже,  Шашубай,  жазушылар  С.  Сейфуллин  жэне  Қ.Аманжолов,  композиторлар 

Тәттімбет,  Мәди,  ¥ л ы   Отан  соғысының  қаһарманы  Н.  Әбдіров,  ғалымдар  А.Чижевский  жэне  Е. 

Бөкетов,  қазақтың  түңғыш  ғарышкері  Т.Әубәкіров  сияқты  атақты  адамдар  Сарыарқаның  атын 

шығарған.  Бүл  өңірде  Ш.Уәлиханов  дүниеге  келген.  (БЕЙНЕФИЛЬМ)  САРЫАРҚАНЫҢ ТАРИХЫ -   1 



М И Н 36 СЕК.  (3:22-4:58).

Географиялық  орны:  Бүл  өлке  Орталық  Қазақстанның  көп  бөлігін  алып  жатыр.  Ол  батыста

Торғай  үстіртімен,  шығыста  Сауыр  -   Тарбағатай  тау  жүйесімен,  солтүстігінде  Солтүстік  Қазақ

жазығымен,  оңтүстік -   батысында  Түран  ойпатымен  шектеседі.  Батыстан  шығысқа  дейінгі  үзындығы

1200 км, ені шығыс бөлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында.

а ф и

Сурет 1.  Географиялық орны.

Жер  бедері  мен  геологиялық  қүрылысы:  Сарыарқа  негізінен  үсақ  шоқылы  аласа  таулардан 

түрады.  Оның  шығыс  бөлігі  батысына  қарағанда  биігірек.  Ең  биік  тауы  -   Қызыларай.  Оның  биік 

нүктесі  -   Ақсоран  (1565  м).  Одан  солтүстікке  қарай  Қарқаралы  (1403  м),  Кент  (1460  м)  таулары, 

Баянауыл  (950  м),  шығысында  Шыңғыстау  (1300  м)  таулары  алып  жатыр.  Бүл  таулар  негізінен



граниттен  тирады.  Мүндағы  ірі  ойыс  -   Теңіз  -   Қорғалжың  казаншүңкыры.  Ол  Сарыарқаның  батыс 

бөлігін  екіге  бөліп жатыр.  Оның  солтүстік -   батысында  -   Көкшетау,  оңтүстік -   батысында  -   ¥лытау 

тау жүйелері орналасқан.  Көкшетау тауы -  900 м, ¥лытау -   1134 м.

Қарқаралы  тауы.  Қарқаралы  деген  атауы  қазақтың  әйелдерінің  қарқара  деп  аталатын 

моншақтармен көркемделіп,  жібек,  вельвет жэне үкінің қауырсындарынқолданып тігілетін бас  киіміне 

сәйкес  алынған.  Осы  қарқара  тәріздес  Қарқаралы  таулары  кемпірқосақтың  барлық  түстерімен 

жарқырайды.  Оның ең биікнүктесі Комсомол (1403  м).

Баянауыл тауы.  Ең биік нүктесі -  Ақбет шыңы (1027м).

Көкшетау  тауы.  Таудың  етегін  Бурабай  таулы  орманы  алып  жатыр.  Ең  биік  нүктесі  -   Синюха 

тауы  (887м).  Мүнда  Бурабай  мемлекеттік  үлттық  табиғи  паркі.  Көкшетауды  әсем  табиғатына 

байланысты «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды.

Сарыарқада  мыңдаған  жыл  бойы  жел,  су  әсерімен  үгілген  таулар  мен  неше  түрлі  тас  мүсіндер 

«Жүмбақтас»,  «Оқжетпес»,  «Мыстан  кемпір»  т.б.  граниттер  ойға  келмейтін  эртүрлі  формаларда 

сақталынған.

«Оқжетпес»  шыңы:  «Өте  ертеде  цазацтар  далада  көиііп  -   ңонът  жүргепде  осы  иіыңда  бір 

таубүркіт  өмір  сүреді.  Ол  хандардың  жагымсыз  цылъщтаръта  цырги  көзбен  царст  отырады  екен. 

Хандар  осы  бүркітті  атайът  десе,  оцтары  цүс  үясъта жетпейді.  Біреулер үясъта  иіыгът  өлтірейін 

десе,  иіыга алмайды».  (БЕЙНЕФИЛЬМ) КӨКШЕТАУ ӨЛКЕСІ.  58 СЕК.  ('15:11-16:10).

Пайдалы  қазбалары:  Пайдалы  қазбаларға  бай  өлке.  Қарағанды,  Екібастүз  көмір  өндірудің  ірі 

ошақтары  болып  табылады.  Жезғазған,  Қарсақпай,  Атасу,  Саяқ,  Қоңырат  кен  орындары  мыс,  темір, 

марганец кендеріне  бай.  Осыларды  қорытып,  байыту мақсатында Қарағанды,  Жезқазған,  Балқаш жэне 

Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жүмыс істейді.

Сурет 2.  Пайдалы қазбалары

Климаты:  мүхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты қүрғақ, к о н ти н ен т.  Қысы суық, 

қаңтардың  орташа  температурасы  -14",-18"С,  жазы  ыстық,  қүрғақ,  шілденің  орташа  температурасы 

+20",+24иС.  Жылдық ылғал мөлшері 200-300 мм.

Өзен  -   көлдері:  Басты  өзендері  -   Есіл,  Нүра,  Сарысу,  Шідерті.  Орталық  Қазақстанды  түщы 

сумен  қамтамасыз  ету  мақсатында  Ертіс  -   Қарағанды  каналы  салынған.  Түщы  көлдер  -   Көкшетау 

аймағында Бурабай, Шортанды, Қорғалжың көлі.  Қорғалжыңда қорық бар.

Сонымен  қатар  осы  өлкеде  мекен  ететін  кейбір  жануарлар  жэне  өсімдіктер,  атап  отсек,  қызыл 

қарағай, ақбөкен Қызыл кітапқа енген.

Табиғат  бүл  өлкеге  байлықты  аямай  берген.  Жерасты  табиғи ресурстары  мол.  Бүл  жер  Евразия 

континентінің  қысы  -   жазы  жайылымы  бола  алатын жүрегі.  Сарыарқаның  эр  ауданында  мемлекеттік 

қорғалатын 88  археологиялық қазбалары бар.  Тарихи ескерткіштерге де бай өлке.

Кесте  1.

______ Табигат зоналары.  Өсімдіктері мен жануарлары._____ ____________________________________

Табиғат зоналары

Қамтитын аумағы

Топырағы


Өсімдігі

Жануарлары

Дала

Көкшетау, 



Атбасар өңірі, 

Есіл өзенінің 

бойы

Қара топырақ



Егіндік

дақылдар,

Қарағай,

қайың


ормандары

Бүғы, елік, қасқыр, 

түлкі, көлдерінде 

қүстар көп, қоқиқаз, 

тырналар

Шөлейт


Теңіз, Сарысу 

жазығы, ¥лытау, 

Қарқаралы, 

Шыңғыстау

Қошқыл

қара


қоңыр топырақ

Жусан, 


бетеге,  боз, 

арша, тал

Ақбөкен, күзен, түлкі, 

қарсақ


Жезқазған маңы,

Шөлдің қоңыр

Тобылғы,

Қарақүйрық, қосаяқ,

Солтүстік Балқаш

топырағы


қара жусан,

саршүнақ


Шөл

маңы


қарағай

(БЕЙНЕФИЛЬМI  ТАРИХИЕСКЕРТКІШТЕРІ.  1 М И Н 30 СЕК.  (21:52-23:26).

IV 


кезең:  Тақырыпты бекіту мақсатында географиялық диктант жэне логикалық сызбанүсқаны 

толтырады:

Г еографиялық диктант.

1.  Сарыарқа батысында...шектесіп,...дейін созылып жатьф.  (Торғай үстіртімен; Алтайға дейін)

2.  Орталық Қазақстанды түщы сумен қамтамасыз ету мақсатында...салынды.  (Ертіс -  Қарағанды 

каналы)


3.  Дала зонасының...топырағында...өседі.  (Қара; Егінді дақылдар, қарағай, қайың ормандары)

4.  Сарыарқаның негізгі өзендеріне...,...,...жатады? (Есіл, Нүра,  Сарысу)

5.  Сарыарқаның ең биіктауы....  (Қызыларай)

6.  Сарыарқа батыстан шығысқа...созылып жатыр.  (1200 шқ)

7.  Сарыарқаның батыс бөлігінің ені...шақырым.  (900)

8.  Сарыарқа өзендері негізінен...  қоректеніп,... тасиды.  (Қар суымен; көктемде).

Логикалық сызбанүсқа:

-----------------------

ШыӨыс 

60ЛІГІ


тауы,  биіктігі

Тау жыныстары

Өсімдіктері

V кезең:  Сарыарқа өлкесінің экологиялық ахуалы туралы қосымша іздену.

VI кезең:  Оқушыларды сабаққа қатысы бойынша бағалаймын.

VII  кезең:  Сабақтың  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  айтып,  қорытындылаймын.  Оқушылармен 

қоштасамын.

Міне,  осындай  жүйеде  өтілген  эрбір  сабақ  оқушы  жадында  жатталып,  эрі  үзақ  есте  сақталып 

қалары  сөзсіз.  Мүғалім  оқушымен  сабақ  барысында  үздіксіз  жүмыс  істеуі  керек.  Сонымен  бірге 

оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет.  Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті 

шыңдала  түседі.  Өз  жүмысымды  қорытындылай  келе,  оқу  жүйесіне  экономикалық  жэне  физикалық- 

географиялық  карталар,  атап  айтқанда  жоғарыда  тірек-сызбада  көрсетілгендей  кеңінен  қамтылып 

шығарылса демекпін.

Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  С.Бахшиева.  12  жылдъщ  білім  беру  және  оцуиіы  түлгасы.  //  12  жылдъщ мектеп  мүгалімі/У 

№11,  2006 жыл

2.  О.М. Түргапбаева.  Ғеогафия сабаңтарында есетпер ишгаруга жаттъщтырудың тиімді әдіс- 

тәсілдері.  / /1 2 жылдъщ мектеп мүгалімі/Z№7,  2005 жыл

Өсімдіктері






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал