Ген. Арқада Тоқа деген ру аты да бар



жүктеу 228.23 Kb.

бет1/2
Дата09.01.2017
өлшемі228.23 Kb.
  1   2

e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

№41

(9635)

10 қыркүйек

2014 жыл


ТОҚА ШОҢМАНҰЛЫ

Шоңманұлы Тоқа 1830 жылы Жаңаарқа  же-

ріндегі  Көктал өзенінің бойында дүниеге кел-

ген. Арқада Тоқа деген ру аты да бар. Сол Тоқа

руынан  айырып  атау  үшін  үзеңгілестері

күйшіні Сайдалы Сары Тоқа деп атап кеткен.

Тоқа  өз  төңірегінде  ел-жұртқа  әділдігімен

танылған, өнерпаз күйшілігімен даңқы шыққан

Тоқаның екі жылдай жер ауып, айдауда жүріп

қайтуы да өз заманының зорлық-зомбылығымен

көп беттескенін аңғартады.  Тоқа өз кезінде

Тәттімбет,  Ықылас,  Қыздарбек,  Дайрабай

сияқты күйшілермен қадірлес, сыйлас болған.

Найманның Шашақ деген домбырашысымен,

бала күйші атанған Сүгір Әлиұлымен күй ай-

тысына  түскен.  Қырғыз  Шәбденнің  асына

қатысып, күй сайысында бас жүлдені жеңіп

алған.  


Тоқа-халық композиторы, Тәттімбет күй тарту

мектебін  дамытушылардың  бірі,  шертпе

күйдің  шебері.  Тоқа  жасынан-ақ  асқан

домбырашылық өнерімен ел-жұртына белгілі

болған.    Тоқаның    күйлерін    толық  сақтап,

насихаттаған туысы әрі шәкірті Ұлмағамбет

пен оның баласы Асылбек.   Халық күйшінің

атын атамай, «Тотаң»,- деп дәріптеп отырған.

Арқадағы 

күйшілердің 

ішінде 

аты


Тәттімбетпен қатар аталған Тоқа жастайынан

шешендігімен, өнерпаздығымен ел ішіне аты

шыққан. 

Арқа  еліндегі  Қызылмойын  Қуандық  пен

Бәйжігіт, Итаяқ пен Тәттімбет күйлерін түгел

тартқан, оның сыртында өз жанынан көптеген

күйлер шығарған. 

Тұлғалар-туған жердің мақтанышы!



БАЙДАЛЫ БЕКШЕҰЛЫ 

Байдалы 


Бекшеұлы 

(1725-1820)

ауданынмыздағы   Атасу өзенінің бас жағындағы

Айдаһарлы тауының  бөктеріндегі Жалпаққора

деген  қыстақта дүниеге  келген.  Байдалы  би

Абылай  мен  Уәлихан  тұсында  өмір  сүрген.

Жастайынан ауыл арасында билік айтып, ел

ісіне араласқан. Орта жүзге билік айтып, хан-

дар  саясатына  бағдар  беріп  отырған  билер

кеңесінің  ішінде  Байдалыны  Абылай  хан

«Сегіз биім, сегіз биімнің ішіндегі семіз биім»

деп ерекше құрметтеген. 



ШОҢ ТЕЛҚОЗЫҰЛЫ

Шоң Телқозыұлы 1831 жылы туып, 1901

жылы  дүниеден  өткен.  Ауыл  молдасынан

сауат ашқан Шоңды Ақмоладан  бергі бекет-

тегі  оқымысты  орыс  тамырына  бес  жылқы

беріп, тағы да үш жыл оқытады. Орыс тілін

жақсы  меңгерген  Шоң  шетел,  оның  ішінде

орыс,  араб,  парсы  әдебиеттерінің  үлгісімен

жете танысады. 

Көзі ашық, көкірегі ояу зерделі жас жұртқа

сыйлы болып, он сегіз жасында Тама Нұрша

болысқа хатшы болады. Ал, Қараағаш  еліне

ол жиырма жасқа жаңа іліккен бетте болыс

болған. Кейін Ақмола дуанына қарасты қырық

сегіз  болыстың  дауын  шешетін  жер  бөлімі

басқармасының  мүшесі  қызметін  қосымша

атқарып келген. 

Кешегі кеңестік өкіметі саясаты тұсында да

өз  ұлтының  қамын  ойлап,  жоғын  жоқтаған

небір  даналарымыз  бен  жақсыларымыздың

есімдерін  атауға  тыйым  салынған  тұстың

өзінде    көкірегі  ояу,  көшелі  қарияларымыз

олар жайлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп айтып от-

ыратын еді.  Кешегі  даналарымыздың  сөзі

мен  нақыл  сөздері  сол  замандағы   құйма

құлақ  қарияларымыздың  арқасында   ел ара-

сына  тарап,  біздерге  жетті.    Тәуелсіздік

алғаннан бергі уақытта ата-бабаларымыздың

ұрпақтан-ұрпаққа  қалдырған  рухани  асыл

мұралары жайлы ашық айтатын болдық. 

Ендеше, халқының  бірлігі,  болашағы  үшін

өзі  өскен  ортасына   ықпал етіп, тек адамгер-

шілік пен  ізгіліктің  дәнін  сепкен Шоңкең есі-

мін    қастерлей    білу    бүгінгі  және  келешек

ұрпақ  үшін де  қасиетті  парыз.

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Ақиық  ақын, жазушы, қоғам және  мемлекет

қайраткері Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас)  1894

жылы  Ақмола уезі, Нілді болысында дүниеге

келген.  Туған  жері  әкесінің  қыстауы

Ортаудағы Қарашілік (қазіргі Шет ауданының

жері)  деп  аталып  жүр.  Ал  туысқандары

Ә.Ахыбеков,  С.Бармұханбетовтердің  ай-

туынша  күз  айларында,  Иманақ  тауларына

жақын жерлердегі Сейфолланың жайлауында

қыстауға көшпей тұрғанда туған.

С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді

күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» да-

стандарында заманалық мәселелер көрсетілген.

«Қызыл атта» отызыншы жылдардың бас ке-

зінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында

орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады.

«Ақсақ  киік»,  «Аққудың  айрылуы»

шығармаларында туған даланың табиғатын,

адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.

С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары ту-

ралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пье-

сасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір

бейне» повесі, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов,

Қ.Бекхожиннің  тағы басқалардың поэмалары,

Е.Ысмайылов,  С.Қирабаев,  Т.Кәкішев,  тағы

басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, естелік-

тері жарық көрген. 1937 жылы қуғын-сүргінге

ұшырап,  түрмеде  болып  атылды. 1958 жылы

кінәсіздігі  расталып, ақталды.

С.Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді

мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер

аталады. 1985 жылдан Целиноград қаласында

(қазіргі  Астана  қаласы)  С.Сейфуллин

мұражайы жұмыс істейді.

Шалқыған  біздің  жақтың көлдері бар

Ағашты, биік таулы жерлері бар

Өзен, су,  көлдер  жайлап,  тау қыстайтын

Меймандос,  берекелі  елдері бар.

Думанды  шалқар  көлдері-ай

Еркін дала белдер-ай.

Каздай қатар мыңғырып,

Тізіліп көшкен  елдер-ай.

Ай-ай, Сарыарқа, Елің  алыс,

Қалды  шалыс,

Жат  жерде  талай  елмен  болдық  таныс.

Жеріне біздің жақтың  лайық  ері.

Ер  палуан,  аңшы-мерген,  әншіл  сері

Жасынан  жүйрік  мініп  өскен  бұлаң,

Жау  жүрек,  ер  көңілді  жігіттері.

Сілтеуші  ек  құлаш тұлпардай,

Жазушы  ек  қанат  сұңқардай,

Асауменен  алысып,

Қашағанды  құтқармай.

А-ай, Сарыарқа,  Елің алыс,  

Қалды  шалыс

Жат жерде  талай елмен  болдық  таныс.

Қыздары  біздің  жақтың қара қасты,

Тісіне  ұқсатарсың меруерт  тасты.

Сымбатты,  көркем  бойлы  тал  шыбықтай,

Мамық төс,  сұңғақ  мойын,  сүмбіл  шашты.

Еркін  бейбіт  ауылым-ай.

Жас  өрім  талдай  сәулем-ай.

Қырдың  ерке  сұлуы

Сағындым сені  бауырым-ай.

А-ай, жан  сәулем, 

Өрім  талдай,

Жазық  маңдай,

Аузыңнан  шыққан  лебің  шекер  балдай.

Қыздары  біздің  жақтың  қара көзді,

Сырнайдай  дауыстары,  тәтті  сөзді.

Қызыл  гүл,  албыраған  еріндері,

Шырайлы,  ашық  көңіл,  бал  мінезді

Еркін  бейбіт  ауылым-ай,

Жас өрім,  талдай  сәулем-ай.

Қырдың  ерке  сұлуы

Сағындым   сені,  бауырым-ай.

А-ай,  жан  сәулем, Өрім  талдай,

Жазық  маңдай,

Аузыңнан  шыққан   лебің  шекер,  балдай.



СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Біздің жақта



БАЙДАЛЫ БИДІҢ

НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ  

Жау көңілін қылышпен басқан жігіт,

Батыр емей немене асқан жігіт?

Жау дегенде найза алып шыға алмаған,

Қорқақ емей немене сасқан жігіт! 

******************** 

Адамың өлсе қойысқан,

Малың өлсе сойысқан

Қысылшаң халге келгенде,

Қол ұшын берер туысқан

Ауылыңа жау тақалса,

Айғайласып қуысқан

******************** 

Білімді  мен  білімсіздің  арасынан  алыс  жоқ,

тәттіде-жаннан  тәтті  жоқ,  жақында  ажалдан

жақын жоқ.

*********************

Молданың айтқанының бәрі шариғат емес,

Бұрынғылардың айтқанының бәрі қағидат емес.

Жақсы дос жанның саясы.

Алсай Шақа Мақажан туралы  Шоң:

«Шақа бар, Шақада бір алтын сақа бар» деген.

Қардай таза болсаң, нең кетер, 

Үлкенге іні, кішіге аға болсаң, нең кетер,

Мерейлі жас күліп тұрып ер жетер.

Төлебайдың ашуы алқымында-

Төлебай даудың басы, бек сайдың тасы.

Нар баласы бақырмас.

Аяңдағыны беріп, алақаныңды жайғаннан сақта.

Құда болғанша жөн сұрас,

Құда болғаннан кейін құл да болса сыйлас.

Жақсы адам – желсіз тымық, оның түтіні түзу.

Арсыздың  ал сөзіне  нанба, алтын берсе алма,

Пәлесіне қалма- Тұқым-тұқымыңа таңба.

Кеттебек кесірлілігінен,

Иса өзі білетіндігінен

Менен ақыл сұрамады.

Қырғыз елінде жүріп айтқаны:

Біздің жақта жаманды сөз етіп елемейді,

Ауылға келгенді тергемейді.

Шоңның сөздері 

Тоқаның шығармашылығын зерттеген Ақселеу Сейдімбек

ағамыз  күйшінің  мұрасы  бізге  толық  жетпегенін,  Қазан

төңкерісінен  кейін  Алаш  зиялыларының  жері  өкіметтің

қатаң қадағалауында болғанын, соның зардабынан ел ішінде

Тоқа  мұрасының  таралуына,  тыңдалуына  қатаң  тыйым

салғанын жазады. Алайда, Тоқа күйлері алғаш рет А.Затае-

вич жинағына енеді. «Қазақтың 1000 ән-күйі» жинағында

Тоқаның шертпесін тартып беруші ретінде дауылпаз ақын,

қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің аты тіркелген. С.Сей-

фуллин  берген  тағы  бір  күй  «Абылайхан  атты  әскерінің

шеруі» деп аталады. Оның да Тоқаның төл шығармасы екені

анықталып отыр. 

Академик Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» кіта-

бында  алғаш  рет  Тоқа  күйші  туралы  өмірбаяндық

мәліметтер  келтірген.  Кеңестік  дәуір  жылдарында  Тоқа

күйлерін ел мүлде жадынан шығарып алды. Дегенмен, «Қыз

Жібек» фильмі шыққанда Тоқа сазы елді бір сілкінтіп та-

стады,  композитор  Нұрғиса  Тілендиев  Сайдалы  Сары

Тоқаның «Саржайлау» күйін осы фильмге арнайы оркестр-

мен лейтмотив ретінде жазып, ел ықыласына бөленді. Осы

күйді алғаш жеткізуші Мағауия Хамзин болатын.



САЙДАЛЫ САРЫ ТОҚАНЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

10 қыркүйек 2014 жыл

2

Өмір  жолдары

Сәкен 1905-1909 жж. Нілді кенішіндегі  баста-

уыш мектепте, 1909-1911 жж. Ақмоладағы  екі

сыныпты приход мектебінде, 1913 ж. Омбыда

құрылған қазақ жастарының «Бірлік» мәдени

– ағарту ұйымының сол қанатын басқарады.

1917ж. мамыр айында Ақмолада Қазақ коми-

тетін құруға қатысады. Әуелде орынбасары,

кейін төрағасы  болады. Осы комитетпен қатар

«Жас қазақ» ұйымын құрып, оның «Тіршілік»

газетінің жұмысын басқарады. 1917 ж. күзде

Ақмолада ұйымдасқан Совдептің президиум

мүшесі, Ақмола уезіндегі ағарту ісінің комис-

сары болып сайланады. 1918 ж.Колчак әскері

Ақмоланы алып, қаңтар айында ішінде Сәкен

бар Совдеп мүшелерін Қызылжарға (Петро-

павл) жаяу айдады. 

Одан атаман Анненковтың азап вагондарына

мінгізіп, Омбыға, Новосибирьге, Барнаулға,

Семейге апарып, сол жолмен қайта Омбыға

алып келді. Сәкен Омбыдағы тұтқын лагері-

нен 1919 ж. наурыз айында қашып шығып,

Алтай губерниясы арқылы Павлодарға, одан

Баянауылға  барып  паналайды.  Сол  жылы

күзге таман Есен бойындағы елге келіп, біраз

аялдап,  Бетпақ  дала  арқылы  Кеңес  үкіметі

билеп тұрған Әулиеатаға (Тараз) жетеді. 1920

ж.  мамыр  айында  Ақмолаға  оралып,  уездік

атқару комитетінің төрағасының орынбасары

және  іс  басқару  бөлімінің  меңгерушісі

қызметіне  тағайындалады.  1920  ж.  жазда

бүкіл  қазақ  өлкесін  басқаратын  Ревкомның

құрамына сайланады. 

Осы  жылы  12  қазанда  ҚазКСР  Орталық

атқару комитетінің президиум мүшесі болып

сайланады. 1922 ж. «Еңбекші қазақ» газетінің

редакторы, оқу халық комиссарының орынба-

сары болып тағайындалады. 

1922 -1924 жж. ҚазАКСР Халық Комиссар-

лары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

1925 -1928 жж. Қызылорда халық ағарту ин-

ститутында,  1928–1929  жж.  Тәшкен

педагогикалық институтында, 1930-1937 жж.

Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық

институтында қазақ әдебиеті тарихынан сабақ

береді. 1927 – 28 жж. «Жыл құсы» альманахы

мен «Жаңа әдебиет» журналын шығаруға бел-

сене  қатысады.  Ұзақ  уақыт  «Әдебиет  май-

даны»  журналының  редакторы  қызметін

атқарды. 1934 ж. Қазақстан коммунистік жур-

налистика институтының профессоры болды.

1914  ж.  «Өткен  күндер»,  1922  ж.  «Асау

тұлпар» өлеңдер жинағын шығарды. 1917 ж.

«Бақыт жолына», 1920 ж. «Қызыл сұңқарлар»

пьесаларын жазды. 

1924 ж. «Домбыра», 1926 ж. «Экспресс», 1928

ж. «Тұрмыс толқынында» жинақтарын, 1927

ж. «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі мен

«Жер қазғандар» повесін, 1929 ж. «Көкшетау»

поэмасын жариялады. 1933 ж. «Альбатрос»,

«Қызыл ат» поэмаларын, 1935 ж. «Социали-

стан» атты өлеңдер жинағын шығарды. 1934

– 35 жж.  «Айша» әңгімесі, «Біздің тұрмыс»

романы, «Жемістер» атты публицистикалық

хикаяты, көптеген өлеңдері жарық көрді. 1936

ж.  ақын  шығармашылығының  20-жылдығы

кеңінен аталып өтті. 

Сәкен қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш

рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1937 жылы Сәкен Сейфуллин «халық жауы»

деген  айып  тағылып  ұсталып,  1938  ж.  23

ақпанда Алматы қаласында атылды. 1957 ж.

21  наурызда  бұрынғы  қылмыстық  ісі

тоқтатылып, толық ақталды.

ШЫҒАРМАЛАРЫ

Сәкен  Сейфуллин  қазақ  совет  балалар

әдебиетінін,  негізін  қалаушы,  балалардың

сүйікті  жазушысы.  Оның  «Маузер»  (1929),

«Бандыны қуған Хамит» (1922), «Бұлшық ет»

(1923), «Балалар» (1925), «Келіншектің бесік

жыры» (1926), «Пионерлер» (1929), «Октябрь

күні» (1929), «Біз комсомол» (1935); «Ананың

хаты» (1925), «Анаға жауап» (1926) деген со-

циалистік реализм әдісімен жазылған өлең-

әңгімелері совет үкіметінің алғашқы орнаған

жылдарынан 

бастапақ 

өзінің


жаңашылдығымен балалардың сүйіп оқитын

шығармаларына  айналды.  Сәкеннің  бұл

шығармалары-балалар әдебиетінің социали-

стік реализм жолымен қайта дамыған жаңа

дәуірінің  бет  ашары  болды.  Октябрь

революциясының жеңісі жайында Сәкен Сей-

фуллин  жас  өспірімдерге  арнап  жеңіл  де

әсерлі тілмен олардың сахналарда тақпақ етіп

айтуына  лайықтап  «Октябрь  күні»  (1929)

деген өлең жазды.   

Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек

еткен адамдардың енбегінің табысын сүйсіне

жырлайды.      Сәкен  «Қалаушылар  жыры»

деген  өлеңінде  әңгіме-ертегілерге  деген

құмарлық  сезімінің  ерте  оянуына  көп  әсер

етеді.  «Өткен  күндер»  деген  атпен  Қазан

қаласында басылып шығады.  Сәкеннің «Кел,

жігіттер»,  т,  б.  осы  сияқты  резолюциялық

мазмұнды  өлендері  осы  тұста  жазылады.

Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін

жалпы жұртшылықа танытады .

Сәкен Ақмола қаласына келіп, алғашқы Со-

веттерді құру ісіне, араласады«Тіршілік» атты

бұқаралық бағыттағы газетті ұйымдастырып,

оның бетіне халықтын қас дұшпандары-ел жу-

андарын, оларды жақтаушыларды әшкереледі.

Сәкен  айдауда,  қуғында  жүрген  кезінде  де

өлең  жазуын  бір  тоқтатқан  емес.  Ол

өлеңдерінде  ақын  өзінің  халық  үшін,  оның

жарқын  келешегі  үшін  күреске  бел

буғандығын  ашық  айтады.  Әсіресе  осы

тұстың  туындысы  —  «Жас  қазақ  марсель-

езасы» 

өлеңі 


қазақ 

жастарының

революциялық гимніне айналды.

1920  жылы  Сәкен  Ақмолаға  келіп,  жаңа

кұрылған  совет  үкіметінің  оқу-ағарту,

баспасөз жұмысын басқарады. Сол жылы ол

Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің пре-

зидиум мүшесі болып сайланады. Коғамдық

қызметпен  қатар,  жазушылық  еңбегі  өрлеу

үстінде болған Сәкен сол 1920 жылы «Қызыл

сұңқарлар» атты әйгілі пьесасын жазады. Со-

нымен бірге оның совет тақырыбына жазған

көптеген өлеңдері осы кезде жарық көреді.

1922 жылы Сәкен Қазақстан Халық ағарту

комиссарының орынбасары болды. Сол жылы

советтердің III съезінде Қазақстан Халық ко-

миссарлар  советінін  председателі  болып

тағайындалды. Одан кейін «Еңбекші қазақ»

«Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы

болды.  1924  жылдан  1937  жылға  дейін

республикамыздың  көптеген  мәдени-ағарту

мекемелерінде жауапты қызметтер атқарады.

Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті та-

рихынан  лекциялар  оқиды.  «Әдебиет  май-

даны»  (қазіргі  «Жұлдыз»)  журналының

редакторы міндетін атқарады. Сәкен Сейфул-

лин қызмет бабында осыншалықты аса жау-

апты, сан-салалы жұмыстарды атқару үстінде

де  жазушылық  еңбегін  әсте  доғарған  емес.

Жиырмасыншы  жылдарда  Сәкеннің    «Асау

тұлпар»,  «Домбыра»,  «Экспресс»  атты

өлеңдер жинағы, оның өз өміріне байланысты

жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» атты ро-

маны жарық көреді. Бұдан кейінгі жылдарда

ол «Жер қазғандар», «Бандыны куған Хамит»

повестері мен кептеген әңгімелерін, «Совет-

стан»,  «Қызыл  ат»,  «Көкшетау»,  «Маузер»

поэмаларын  жазды.  1936  жылы  бүкіл

Қазакстан жұртшылығы Сәкен Сейфуллиннің

әдеби  қызметінің  жиырма  жылдығын  той-

лады. Жазушының қазақ совет әдебиетіндегі

зор  еңбегін  жоғары  бағалаған  партия  мен

үкімет оны «Еңбек Қызыл ту» орденімен на-

градтады. С. Сейфуллин 1938 жылы қайтыс

болды.

1917-1918  жылдары  жазған  «Жолдастар»,



«Далада»,  «Кел  жігіттер!»,  «Асау  тұлпар»,

«Жас  қазақ  марсельезасы»,  тағы  басқа

өлеңдері халыққа тез тарап, жырға айналды.

1918  жылы  бірінші  мамыр  күні  Ақмолада

Сәкен Сейфуллиннің «Бақыт жолында» дра-

масы  қойылды.  1917  жылы  Мұхтар

Әуезовтың «Еңлік-Кебегімен» қатар жазылған

бұл  пьеса  қазақ  әдебиетіндегі  алғашқы

драмалық шығармалардың бірі-болды.

Түрмеде «азап» вагонында, лагерьде   Сәкен

өлең жазудан қол үзбейді, жарқын болашаққа

деген  сенімін  жолғалтпайды.  1920  жылдың

қазан  айында  Сәкен  Сейфуллин  Қазақ

Автономиялық  Советтік  Социалистік

республикасының құрылуын жариялаған

құрылтай съезге делегат болады. Съезде ол

Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитетінің

мүшелігіне  сайланып,  жас  республиканың

үкімет  құрамына  кіреді.  С.  Сейфуллин  көп

жылдар бойы республикалық «Еңбекші қазақ»

газетін басқарып, оның төңірегіне дарынды

әдеби күштерді жинады. Осы жылдары Сәкен

қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қорына еніп

отырған  жалынды  өлеңдерін,  поэмаларын,

әңгімелерін, повестерін, очерктерін жазды. 1922

жылы  С.  Сейфуллиннің  үш  кітабы  басылып

шықты. «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт

жолына» және «Қызыл сұңқарлар» пьесалары.

Жазушының  бір  жыл  ішінде  бірден  үш

кітабының шығуы бұрын болмаған оқиға еді…

С. Сейфуллин прозасының шоқтығы «Тар жол,

тайғақ  кешу»  мемуарлық  романының  шығуы

Қазақстанның мәдени және қоғамдық өміріндегі

елеулі оқиға болды. Бұл кітапты Сәкен архивтік

деректерге, революциялық оқиғаларға тікелей

қатынасқан адамдардың естеліктеріне сүйене от-

ырып жазды. 

Жалынды күрескер-патриот, сегіз қырлы, бір

сырлы:  ақын,  жазушы,  драматург,  публицист,

сыншы,  әдебиеттанушы,  композитор,  педагог,

қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сей-

фуллин  есімі  халық  есінде  мәңгі  сақталады.

Сәкен Сейфуллин  шығармашылық ерекшелігі

мен  идеялық-саяси  ұстанымымен  бедерлі

айғақтайтын туындыладың  авторы. Оның "Тар

жол,  тайғақ  кешу"  атты  мемуарлық  роман  ы,

"Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" драма-

лары - өз заманының рухын танытатын елеулі

шығармалар. 

Қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша еңбек

сіңірген С. Сейфуллин әдебиеттің басқа жанр-

ларында да айтарлықтай із қалдырған. Оның

әдеби-сын  мақалалары,  баяндамалары  мен

сөйлеген  сөздері  ұлттың  мәдени-рухани

өміріне сергек араласқан сыншылдық ойының

құнарлылығын және пәрменділігін танытады.

Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымында күні

бүгінге  дейін  құнын  жоймаған.  "Қазақ

әдебиеті" атты зерттеу еңбегінің мәні зор. 

1923 жыл Сәкеннің ұлт мүддесін тереңінен

ойлайтын,  әсіресе,  ұлт  тағдырының  тіл

тағдырына тікелей байланысты екенін, онсыз

тәуелділіктің толыққанды болмайтынын терең

түсініп, күреске бел байлаған кезі болды. 

Большевиктер партиясының 1923 жылдың 17-

25  сәуір  аралығында  өткен  XII  съезі  ұлт

мәселесін әңгіме еткен соңғы жиыны оны қатты

ойландырады. Онда орыс мәдениеті басқа ұлттар

мәдениетін  жеңбей  қоймайтынын,  орыс

ұлтының басқалардан басымдылығын нығайту

жөніндегі  ойлар  ашық  айтылған  болатын.

Осыны  күйзеле  тыңдаған  Сәкен  өз  ұлтының

тағдырына қалай қолқабыс тигізудің амалын із-

дейді.


Ол қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге көтерілу

қамын  ойлап,  күрделі  мәселелерді  көтере  ба-

стайды. Өз ұлтының арғы-бергі тарихына көз

сала  отырып,  содан  үлгі  алар  өнеге  тұтар

тұлғалардың іс әрекетін қастерлей қарастыра ба-

стайды. Бүкіл қазаққа ілім-білім нұрын шашқан

Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлын

ардақ тұтқан. 

Елдің  мүддесін  тіл  мүддесімен  тұтастыра

қаузаған Ахмет сынды дала данышпанының

тағдыры  қыл  үстінде  жүрген  күннің  өзінде

Сәкеннің бұл қылығы үлкен адамгершілікпен

астасқан өр рух нышаны еді. 

Сәкен қазақ тілін кеңсеге, яғни мемлекеттік

мекемеге енгізбей елде тұтастық болмайты-

нын, көсегеміздің көгермейтінін айтып, тіке-

лей  іске  кіріседі.  Қазақ  тілінің  беделін

көтермей,  қазақтың  беделі  көтерілмейтінін

уағыздай бастайды. 

1923 жылы 9 маусымда "Кеңсе істерін қазақ

тілінде жүргізу керек" деген мақаласын жа-

риялайды. Жалпы тіл мүддесін қорғайтын 9

мақала  жазған  екен.  Өзі  басқарып  отырған

"Еңбекші  қазақ"  газетін  тиімді  пайдаланды.

Сәкеннің ыждаһаттылығының арқасында 1923

жылдың 22 қарашасында Орталық Атқару Ко-

митеті декрет қабылдаған. Сол бойынша кеңсе

істері 1924 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақ

тілінде жүргізілетін болған. Сәкен шығарған

әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып,

дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен

ерекшеленеді.  Сәкен - қазақ маңдайына біт-

кен  біртуар  дара  тұлғалардың  бірі.  Ол  өз

ұлтын  қалтқысыз  сүйіп,  халқына  айрықша

еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік

жүйені оның идеялық дем берушісі, коммуни-

стік  партияны  халықтарға  бақыт  пен

бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген

күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды комму-

нистік партияның саяси платформасын ұлттың

көгеріп-көктеуіне  пайдаланбақшы  болып,

жан-тәнімен қимылдады. Алайда, мемлекеттік

төңкерістер  мен  идеологиялық  өзгерістерге

қарамастан Ресейде өзгеріссіз қалған империялық

озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты жүздеген-

мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде

басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да

армандарын  қиялға  айналдырып,  өмірлерін

қасіретке тап қылды. Демек, тарихи тұлғалардың

тағдырын  парақтағанда  олар  қандай  жолды

таңдағаны бойынша бағаланбау керек, халқына

қаншалықты қызмет еткені, қаншалықты еңбек

сіңіргені,  қаншалықты  жілігі  татитын  мұра

қалдыра алғаны бойынша лайықты бағасы бе-

рілуге  тиіс.  Тарихи  әділдіктің  де,  ғылыми-

әдіснамалық  объективті  ұстанымның  да

қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде, Сәкен -

халқымен  мәңгі  бірге  жасайтын,  халқының

мәңгі сый-құрметіне лайық біртуар тұлға.



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал