Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



жүктеу 308.49 Kb.

бет3/3
Дата22.02.2017
өлшемі308.49 Kb.
1   2   3

№25 ЖОББМ-нің 8 сынып 

оқушысы Адел Идрисова

 



ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА 70 ЖЫЛ



 

 ТҰҢҒЫШТАР ТҰҒЫРЫ 



66

Мәшһүр әлемі



 



ТАҒЗЫМ

Мәшһүр мәңгі

Өткен күннің ерімейтін белгісі

Танымынан тауға ұқсайтын 

кең мүсін,

Желтоқсанның сары аязы қақтаған, 

Жоғалмайтын, жаурамайтын 

жел-құсым.

Баянауыл ойы – жайлау, басы – мұң,

Қайран қазақ, достары аз, қасы мың,

Баянтаудың кеудесінде күмісім,

Көпейұлы Мəшһүр Жүсіп асылым.

Сен толтырдың алты Алаштың сөз қабын.

Бауырынан бояу алған боздағым,

Заманынан, амалынан озғаным

Нені айтсаң да қазақ жайын қозғадың.

Қалам болды, қағаз болды құралың,

Қуғын көрдің, қиындыққа шыдадың.

Нені айтсаң да, не істесең де пырағым,

Кеткен күннен ел есесін сұрадың.

Қарлы аязға, кəрлі оязға тоңбадың,

Іздедің сен алты Алаштың арманын.

Елсіз қалған, жерсіз қалған қазақты,

Қарлығаштай қанатыңмен қорғадың.

Сенің даусың жылдар үзбес жаңғырық,

Айта берер кейінгі ұрпақ əн қылып.

Керекуге кімдер келіп кетпеген,

Тек Мəшекең, Мəшһүр-Жүсіп мəңгілік!

Тынымхан Ақжол,

№19 ЖОББМ 11-сынып оқушысы

Керекуге келдің бе?!

Керекуге келдің бе?

Ертіс бойын көрдің бе?

Мəшһүр ата мешіті

Ақырындап ендің бе?

Баянға жол түсті ме?

Жасыбай көлін көрдің бе?

Мəшһүр жүрген мекеннен

Бұлақтан су іштің бе?

Баянтауға тандандың,

Жанарларың жанған күн.

Ата жатқан Ескелді

Қандай сырды аңғардың?

Мəшһүр ата кітабын,

Қолдарыңа алдың ба?

Қабат-қабат көп тарих,

Оқыдың ба, талдың ба?!

Кереге болып келіп ең,

Басқұр болып қайттың ба?

Көрермен болып келіп ең,

Мəшһүр болып қайттың ба?

Əлі өсерсің, өнерсің,

Іздемесең, не берсін,

Қазақ көргің келсе егер,

Ескелдіге келерсің…



Төлеутай Айгүл,

№19 ЖОББМ 

11-сынып оқушысы

–  Сəуле  Сартайқызы,  №19 

жалпы  білім  беру  мектебінде 

«Мəшһүртану» оқу курсы сіздің 

бастауыңызбен  ашылды  деп 

естиміз. Осы игі істі бастауға не 

түрткі  болды?  Біраз  тоқталып 

өтсеңіз…

–  2008  жылы  өз  отбасымызбен 

Мəшһүр-Жүсіп  кесенесіне  барып, 

құрмалдық  беріп,  құран  оқыттық. 

Сол  кезде  менде  басқа  сезім,  бір 

ой  пайда  болды.  Мəшһүр-Жүсіп 

шығармашылығын  əдебиетшілер 

таныс  болғанымен,  оның  шығар-

машылығы  мектеп  бағдарлама-

сында  енгізілмеген.  Сондықтан 

ғұлама жерлесімізді балалар біле 

бермейді. Ақын шығармаларының 

тəрбиелік  мəні  зор,  əрине,  жүрек 

тазалығына,  ой  тазалығына,  өз 

дінімізді қастерлеуге тəрбиелейді. 

Мұның  барлығын  біздің  оқушыла-

рымыз  білсе  екен  деген  ой  келді 

маған. Мəшһүр атамыз көпке дейін 

жұртқа  кеңінен  танымал  бола  ал-

мады.  Біздің  Павлодар  облысы 

топырағында  туып-өскен  əулиені 

басқа  жерде  тіпті  аз  біледі.  Егер 

өзіміз  Мəшһүр-Жүсіп  атамыздың 

туындылары  мен  философиясын 

кеңінен  білсек,  біздің  оқушыла-

рымыз  білсе,  жүрген  жерлерінде 

оның  кім  болғанын  айтып  жүреді 

ғой.  Өзіміздің  Павлодар  облы-

сында  туып-өскен,  əулие,  ғұлама 

тұлғаны келешек ұрпаққа таныту – 

біздің  міндетіміз.  Баянауылдағы 

атамыздың  зиратынан  үлкен  ой-

мен оралдым.

Мектепте  «Мəшһүртану»  кур-

сын ашуды жөн деп білдім де, өз 

ойымды сол кездегі мектеп дирек-

торы  Б.Ғ.Суханхуловаға  айттым. 

Менің бұл идеям ұжым тарапынан 

қолдау  тапты  да,  «Мəшһүртану» 

факультатив  курсын  аштық.  Фа-

культатив курсын ашқанда мықты 

мамандар қажет екені белгілі. Бұл 

басталғаннан-ақ сабақты жүргізу-

ге қазақ тілі мен əдебиеті мұғалім-

дері  Шөлбаева  Қаламқас  Бай-

дуллақызы  мен  Əлкеева  Гүлсия 

Саматқызын  тарттым.  Аталған 

мұғалімдердің  курстың  бағдарла-

масын жасап, ары қарай алып ке-

тетініне 

сенімді  бол-

дым.  С.Торайғыров 

атындағы  мемлекеттік  универси-

тетінде  ашылған  «Мəшһүртану» 

ғылыми-практикалық  орталығы-

ның  жетекшісі  Айтмұхамет  Қа-

сымбайұлы  Тұрышевпен  ақыл-

дасып,  бағдарламасы  жасалып, 

сабақ кестесіне енгізілді.

–  «Мəшһүртану»  курсы  мек-

тебімізде  қашаннан  басталды 

жəне  қай  сыныптарда  жүргізі-

леді?  Қаламыздың  басқа  мек-

тептерінде де осындай арнаулы 

курстар жүргізіле ме?

– Алғаш рет «Мəшһүртану» кур-

сы 2008-2009 оқу жылы басталды. 

Міне, биыл бес жыл болады. Бұл 

курс  2-9  сыныптар  аралығында 

жүргізіледі.  Курс  сабақ  кестесіне 

енгізілген.  Павлодар  қаласында 

толықтай  «Мəшһүртану»  курсы 

біздің  мектебімізде  ғана  жұмыс 

жасауда. Мен бұны мақтанышпен 

айта аламын.

–  Байқауымызша,  мектебіміз-

де «Мəшһүртану» курсы бастал-

ғалы да бір бесжылдықта артқа 

тастаппыз.  Содан  бері  осы  ба-

ғытта қандай жұмыстар жүргізі-

луде?

– Факультатив курсы ашылғалы 

бері  біз  С.Торайғыров  атында-

ғы  ПМУ  «Мəшһүртану»  ғылыми-

тəжірибелік  орталғының  маман-

дарымен  табысты  жұмыс  істеп 

келеміз.  Сондай-ақ,  мектебімізде 

«Мəшһүр-Жүсіп»  атындағы  ғылы-

ми-этнографиялық 

мұражайын, 

Мəшһүртану  кабинетін  аштық. 

Ақын  шығармалары  жинақталып, 

мектебімізде хрестоматия, əдісте-

мелік нұсқаулары жарық көрді.



–  Кез  келген  жұмысты  баста-

ғаннан соң, əрине, оның жемісін 

көргіміз келетіні хақ. Бүгінгі күн-

де қандай жетістіктерге жеттіңіз-

дер?

– Біздің балаларымыз қалалық, 

облыстық  «Мəшһүр-Жүсіп  оқула-

рына» қатысып, жүлделі орындар-

ға ие болып жатыр. Əрине, мұның 

бəрі де көңілімізге қуаныш ұялата-

ды.

–  Сəуле  Сартайқызы,  сізге 

тағы бір сұрақ қоюды жөн көріп 

отырмыз.  Сіздің  қазіргі  кезде 

«Мəшһүртану»  курсы  бағытын-

да  жүргізіліп  жатқан  істерге 

көңіліңіз тола ма?

–  Көңілім  толады.  Қолымыздан 

келгенше  Мəшһүр  Жүсіп  атаның 

шығармашылығын  оқытуды  одан 

ары  дамытқымыз  келеді.  Оның 

ұрпағына  айтар  бізге  беймəлім 

өсиеттері  мен  құнды  мұралары 

көп. Бірақ, кейде, көп нəрсе қара-

жатқа,  біздің  жағдайымызға  бай-

ланысты болады ғой.



–  Алдағы  уақытта  Мəшһүрта-

ну бағытына қандай өзгерістер 

енгізгіңіз  келеді?  Сіздің  баста-

ған  ісіңіз  ары  қарай  жалғасын 

таба ала ма?

–  Əрине,  таба  алады.  Өйткені 

өзіміздің  оқу  шаңырағымызда  ғұ-

лама, əулиені насихаттау əлі іске 

аса  бермек.  Факультатив  курсы-

ның  бағдарламалары  5-6  сынып-

тарға лайықталып жасалған. Кейін 

барлық  сыныптарға  арналған 

бағдарламалар  да  шығарылды. 

Мектебімізден  əрбір  сыныпқа  ар-

налған  оқулық,  хрестоматиялар 

жарық  көрсе  екен  деген  ойым 

бар. Бұл алдағы күннің еншісіндегі 

жоспарлар да іске асатынына се-

немін.

–  Сəуле  Сартайқызы,  сіздің  игі 



бастамаларыңызға  сəттілік  ті-

лейміз.  Мəшһүр-Жүсіп  əруағы 

сізді  əрқашан  қолдай  жүрсін!  Та-

ғылымды сұхбатыңызға рахмет.



Сұхбатты жүргізгендер: 

жас журналистер 

Бектурганова Самал, 

Жангирова Гүлзада

КЕСЕНЕ 

БАСЫНДА 

КЕЛГЕН ОЙ

Павло-

дар қаласы №

19 ЖОББМ-

дегі «Мәшһ

үртану» фа

культатив к

ур-

сы 2008-20

09 оқу жыл

дарынан б

асталды. 

Бұндай істің б

астаушысы б

олған мекте

біміздің 

оқу ісінің м

еңгерушісі – 

Мұхаметжа

нова Сәу-

ле Сартайқ

ызымен мект

ептің «Жас ж

ур-

налистер» ү

йірмесінің мү

шелері 

сұхбаттасты.

7

Көңіл пернелерінен



 



О ПОЭЗИЯ! 



Бүгінгі «О, Поэзия» 

айдарының қонағы 

Успен ауданы, 

Қоңырөзек ауылы, 

Павлов жалпы 

орта мектебінің 

11-сынып 

оқушысы 

Үдербаева Зүлфия 

Юсупқызы.

Ана тілім

Ана тілім – анам тілі,

Ақ сүтімен бойымызға дарыған.

Ана тілім – б

абам тілі,

Мұра етіп ұрпағына қалдырған.

Ана тілім – мақт

анышым,

Ана тілім – б



ай тілім.

Жеткіземін тек сенімен

Жүрегімнің б

ар сырын…

Тілімменен өмір сүрем,

Тілімменен ер же

тем!

Өз тілімде білім алып,



Тілім үшін күресем!

Махамбет


Қос батырым – қос қыран,

Исатай мен Махам

бет.

Есімдері мəңгілік,



Ел аузында жатт

алған.


Əрі ақын, əрі шешен,

Əділікті ту еткен.

Жырымен де, күшімен де,

Жауға қарсы күреск

ен

Батыр ата – Мах



амбет,

Артыңда қалды мо

л мұра,

Отаншылдыққа үйре



ткен.

Отан


Отаным – салар əнім, айтар жырым,

Сəби кезден жүрегімде ұяладың.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл деген

Отансыз қалай өмір сүре аламын?!

Ол маған бақыт берген, шаттық берген,

Отан деп білімге мен үңілемін.

«Отан!», «Отан!» – деп соққан жүрегімнің

Үнімен өмір сүріп келемін мен.

Қазақстан

Отаным менің – Қазақстан

Даңқымен бар əлемді таңырқатқан.

Елбасым – мақтанышым, ел тірегі

Туған халқын жер жаһанға танытқан.

Мен – бақытты ұрпақпын!

Дəл осындай елде туған.

Мəңгі бақи жасай берсін,

Даңқың көкке аса берсін

Мақтанышым, туған елім,

Күн сəулесі – Қазақстан!

Махамбет поэзиясы

Тəуелсіздік жолында аямаған,

Өмірін де, өнерін елі үшін,

Патриоттық сезімі ұялаған

Оқағанда жырларын ер ақынның.

Мəңгілік ғасырларға ұластырды,

Ұлы ақын мұрасын ұрпқтары.

Сүйіп оқып жырларын, əнін айтып,

Күйін тартса жырына жыр қосады.

Мектебім

Тұр ғой ауыл ортасында

Мектебіміз – асқар Тау.

Анаға да, атаға,

Үлкенге де, кішіге,

Қамқор болған ақ отау.

Қасиетті шаңырақ,

Киелі менің мектебім.

Ауыл түгіл ауданның,

Көркі болған мектебім!

Мақтанышым, намысым!

Жасай бер мəңгі мектебім!

Ақтық сапар

«Жас кезінде бейнет, қартайғанда зейнет бер» дегендей адамның жастық кезі күреспен өтеді. Ал қар-

тайғанда адам тыныштықты бір тұрақтылықты қалап тұратын секілді. Ауруханада жалғыз жатқан қарттың 

бетіндегі қатпар-қатпар əжімдер кешегі жастық шағындағы күндердің айғағы, болашағы үшін тірнектеп жи-

наған еңбегін бейнелеп тұрғандай. Өмір мен өлімнің бел ортасында тұрса да ризашылығымен өкініші де 

бар секілді, жастарға қарап «менде сендердей болдым, барлығы бір орында тұрмайды» деген бейнелерді 

тілсіз əжімдері айтып тұрғандай. Толғанған қарттың ойы келмеске кеткен достарында болды. Өмірдің өзі 

бар достардың қатарын сиретіп, көпшілігін қара жер қойнауына шығарып салды. 80 жастан асып, 85 жасқа 

жол тартқанда доссыз қалғанын түсініп, баяғы өмірін аңсап, шырылдап өмірге «жалғыз келдің, жалғыз 

кетесің» деп күрсінді. 

Бір кезеңдегі әр түрлі тағдырлар

Адамдардың көбісі алданған сол себепті басқаға сенімсіздік көр-

сетеді. Екіншісі бақытсыз болғандықтан өзгені бақытсыз етеді. Бірі 

шетелде тұруды арман етсе, екіншісі өмір мен өлім аузында жү-

реді. Оның бір ғана үміті жаратқанның берген нұры. Біреу тір-

нектеп дүние жинап күн кешеді, ал басқасы жоқ деген сөзді 

білмейді. Өйткені түсінік жоқ. Барлық адамдардың қателігі – 

адам адамды түсінбеуінде. Бір қоғам болса да неше түрлі 

сұрақтар, сан түрлі тағдырлар. 

Уақыт – ұлы емші

Уақыт  –  ұлы  емші  екен!  Өмірдің  кейбір  ащы  тұстары 

бітпейтін көрінеді. Алайда, жылдар сала бергенде кешегі 

қиындықтар өзіне күн шашып тұратын секілді. Кешегі зіл 

қара тастай батқан жара бүгін жазылды. Адам көп сабақ 

алып, енді басқаша күн кешуге бел буды. Ойланып тұрып, 

құбылыстарға қарап, табиғат емес адам екен ғой өзгерген 

дейміз. 

Назгүл 

РАБИЛОВА

Ана


Аналар – асыл жандар, ару жандар,

Биязы сөздерімен жаулап алар.

Ананың сөзін ұғып, өзін ұғып,

Ақ сүтін ақтай білгін, балдырғандар.

Көзінді ашып, көргенің ана болар,

Дүниеге келгенде адам танып.

Анаға табынбайтын жан жоқ шығар,

Қаншалық кетседағы білімі асып.

Тағзым 

(Əулие Ырғызбай атаға арнау)

Жетсем деп болашақта арманыма,

Қараймын тəтті үмітпен алдағыға.

Басымды иіп тұрып сыйынамын,

Əулие Ырғыз Ата аруағына.

Жаспын ғой, жанарымда толған нұр бар, 

Ақ құстай көк аспанда самғағым бар.

Мендей боп білсін Ата қасиетін,

Бүгінгі жас жеткіншек ұл мен қыздар.

Көз жасын сүрткен Ата жылағанның,

Сүйеген қолтығынан құлағанның.

Сипаттап бере алмайды ешбір адам,

Тілі жетпес тылсымдарын ұлы адамның.

Ол барға қанағат деп несіп етті,

Ол жеңді қайғы менен қасіретті.

Жаны мен жүрегімен қасиетті,

Ұрпаққа айтып кетті өсиетті.

Береді жақсы адамға күнде бата,

Тəу етер қалса кімде қапа.

Тек қана қазақ емес, барша халық.

Аруағын əлпештейді Ырғыз ата.

О, менің Ырғыз Атам, ұлы əулием,

Бар адам сүйер сені жүрегімен

Бір Алла, Пайғамбарға жəне Сізге,

Сыйынып əр күн жүремін мен!

Нұрсұлу Маратқызы,

Шәкәрім атыдағы Се-

мей мемлекеттік 

университетінің III-курс 

студенті, С.Торайғыров 

атындағы ПМУ-да 

академиялық ұтқырлық 

бағдарламасы аясында 

білім алуда 


футболдан өткен Европа чемпиона-

тында Испания футбол құрамасы 

мен Германия футбол құрамасы 

финалдық кездесуінде 1:0 есебі-

мен  Испания  футбол  құрамасы 

женіс  тұғырынан  көрінген  бола-

тын.  Гол  авторы  испандық  Фер-

нандо  Торрес.  2000-шы  жылдары 

Испания құрамасы түрлі спорттық 

бəсекелерде,  мысалы,  Əлем 

Чемпионаты  мен  Еуропа  Че-

мионаттарының 

барлық 

спорт  түрлерінен,  фут-



болдан, баскетболдан, 

роликтік  хоккейден 

гандбол,  волейбол-

дан жəне теннистен 

өткен  Дэвис  Ку-

богінің иегерлері.

Испания  халқы  қонақжай.  Кешкі  уа-

қытта  достарыңмен  бірге  қаланың  əдемі 

көшелерінде  серуендеп,  кафе  немесе 

мейрамханаларға  кіруге  болады.  Ал  өз 

айналана  көңіл  бөліп  қарасаң,  жан-жақта 

апельсин ағаштары, қаланың əр бұрышын-

да  əуезді  əн  орындалады.  Таңдау  түскен 

қалаға  демалуға  келген  əр  қонақ  өздерін 

жайлы сезіну үшін барлық жағдай жасал-

ған. Испанияда 1700-ге жуық жағажай бар. 

Бұл  ел  əлемге  танымал  қонақ  үйлерімен 

де даңқы шыққан. Испанияның əр аймағы-

на  саяхат  жасаудың  өзіне  тəн  ерекшелік-

тері  бар.  Испанияда  керемет  атмосфера 

сезіледі, ұмыталмастай демалуға болады.

Дайындаған Назгүл ОСПАНОВА

МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: А. Тилей,  

Ə. Абетжанова, Н. Рабилова, 

Ұ.Төлеу, А. Ерманат, 

М. Сүлейменов.



Ақылдастар алқасы: 

Қ. Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А. Тойшыбайұлы, А. Эсеналиева.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 159

ДемAll


8

 



ШЕШЕНДІК СӨЗ

Испания  Еуропаның  Оңтүстүк  баты-

сында  орналасқан  мемлекет.  Испания 

Корольдігі  1469  жылы  құрылды.  Ел  ас-

танасы  Мадрид  қаласы.  Территориялық 

құрылымы  жағынан  əлемде  50-ші  орын 

алады.  Испанияның  ең  ірі  қалаларына: 

Мадрид,  Барселона,  Валенсия,  Севилья 

қалалары  жатады.  Əкімшілік  құрылысы 

жағынан  Испания  17  автономиялық  ай-

маққа жəне 15 провинцияға бөлінеді.

Еуропаның  мəдени  қалаларының  бірі 

Мадрид  еуропадағы  қалалар  арасында 

үлкендігі  жағынан  үшінші  орын  алады. 

Испания  елінде  Барселона  үлкендігінен 

екінші орын алады жəне Жерорта теңізі-

мен  шектеседі.  Валенсия  –  Испанияның 

туризмі дамыған қалаларының бірі. Қала 

Испанияның  шығысында,  Турия  өзенінің 

төменгі ағысында орналасқан.

Испания туризмі

Испанияның əрбір қаласы тарихи мəнге 

ие. Астанасы Мадрид қаласында Король 

сарайы,  София  патшайымның  мұража-

йымен  қатар,  əлемге  танымал  мұражай-

ларының бірі – Прадо мұражайы бар.

Жерорта  тенізінің  батысында  Балеар-

лық  архипелаг  созылып  жатыр.  Жан-

жағын  қоршаған  тауларда  өсімдіктердің 

көптеген  түрлері  кездеседі.  Балеарлық 

архипелагінің демалыс мекендерінде Ма-

йорка аралы бар. Арал – Испанияның ең 

керемет  демалыс  орынының  бірі  болып 

табылады. Климаты жазда өте ыстық, ал 

қыста  жеңіл  климатымен  ерекшеленеді. 

Майорка аралының астанасы Пальма де 

Майорка қаласы.

Ибица  аралы  –  клубтық  əндерді,  би-

лерді  ұнатататын  жалынды  жастарға  ар-

налған  демалыс  орны.  Бұл  курортық  зо-

нада өмір түнгі уақытта, түнгі клубтар 

ашылғаннан  бастау  алады.  Клубтық 

маусым  Ибицада  маусым  айының 

ортасынан басталып, қыркүйектің со-

ңына дейін жалғасын табады.

Канарлық  арал  –  Канарлық  арал-

дар  жылына  он  екі  ай  қызмет  көр-

сететін  Испанияның  демалыс  орны. 



АДАМ БАЛАСЫ 

КЕРУЕН…

Қорқыт атаның нақыл сөздері

*Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.

*Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып 

енбейді.

*Қанша қалың жауғанмен, қар көктемде қалмайды.

Гүл жайнаған шалғын да, қара күзге қалмайды.

*Топырақ тау болмайды.

*Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса,

Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.

*Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық 

жей алмайсың.

*Тəккапарлықты тəңір сүймес.

*Ат жемейтін ащы шөптің – шыққанынан шықпаға-

ны игі,

Адам ішпес ащы судың – аққанынан ақпағаны игі,



Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғаны-

нан тумағаны игі.

*Сауыттың қасиеті қылышпен ұрғанда, аттың қасиеті 

жаудан алып шыққанда көрінер.

*Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.

Дайындаған Мәдениет СҮЛЕЙМЕНОВ

Бұлтсыз ашық аспан мен таза ауа, шуақты күннің көзі, Атлант 

мұхитының және Жерорта тенізінің жағажайлары, көңіл-күйді 

көтеретін әсем ән мен жалынды фламенко, сан алуан тағам түр-

лері бұның барлығы Испанияның әсем бейнесіндей.

Мұнда  жылдын  барлық  мезгілдерінде 

келіп демалуға болады.

Тенерифе  аралында  климат  бір  қалып-

тылығымен  ерекшеленеді.  Бұл  аралдын 

оңтүстігінде əрдайым ыстық болса, ал сол-

түстігінде  дымқыл  климатымен  танымал. 

Тенерифе  жағалауында  əр  түрлі  реңктегі 

құмдар мен алтын түстен бастап қара вул-

канды құмдарды байқауға болады. Тенери-

фе курорттарына Лос Кристианос, Пауэрто 

де  ла  Крус,  Эль  Медано,  Плайя  Параисо 

демалыс мекендері кіреді.

Гран  Канария  шағын  арал  болғандық-

тан  оны  бір  күнде  аралап  өтуге  болады. 

Тропикалық климат сақталған бұл жерде 

маусым,  шілде,  тамыз  айларында  ауа 

райы  +30С  жетуі  мүмкін.  Ал  Ла  Пальма 

аралында  Испаниядағы  ең  үлкен  көбе-

лектер  жəне  экзотикалық  құстарға  толы 

саябақтар бар.

Мәңгілік мереке елі

Испания елінде мəнгілік мере-

келік  атмосфера  сезіледі.  Таң-

ғажайып  елде  сізді  жалынды 

фламенко биі, коррида жəне көп-

теген қызыққа толы əлем күтеді.

Фламенко  фестивалі  –  Испа-

нияның  Кадис,  Херес,  Севилья, 

Кордова,  Гранада,  Барсело-

на  жəне  Мадрид  қалаларында 

өткізіледі.  Бұл  қалалардын  өзі-

не тəн музыкалық ерекшлігі мен 

дəстүлері  бар.  Бүгінгі  таңдағы 

заманға  сай  хореографтардың 

«Фламенко» биіне сұранысы зор 

болғандықтан,  халықтың  да  аса 

қызығушылығына  ие.  Себебі, 

бидің  бұл  түрі  хореографияға 

жаңа леп əкеледі. 2010 жылдың 16 қара-

шасында ЮНЕСКО шешімімен «Фламен-

ко» биіне əлемдік мұра статусы берілді.

Коррида  түбірі  «correr»  тура  мағына-

сыда аударғанда «қашу«деген мағынаны 

білдіреді. Корридаға қатысатын бұқалар-

ды арнайы жасақталған фермаларда өсі-

реді.  Алаңға  шығар  алдында  бұқаларды 

іріктеп алады. Мысалы: бұқаның жасы 4-6 

жас  аралығындағы  немесе  килісі  450  кг 

кем емес бұқалар тандалады. Ал, жүрек 

жұтқан торердан төзімділік пен сабырлы-

лықты талап етеді.

Испанияның  ХХ  ғасырынан  бастап  ең 

негізгі  спорт  түрлерінің  бірі  футбол  са-

налады.  Баскетбол,  теннис,  велоспорт, 

гандбол, мотоспорт, Формула-1 спорт түр-

лері кең таралған. Елдегі спорттың қанат 

жаюына Барселонада өткен жазғы Олим-

пиадалық ойындар ықпал етті. 2008 жылы 



Таңғажайып 

Испания


1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал