Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



жүктеу 308.49 Kb.

бет2/3
Дата22.02.2017
өлшемі308.49 Kb.
1   2   3

– Мұстафа Өзтүріктің шəкірті екеніңзді 

біліп жатырмыз. Танымал таэквондошы-

ның  командасына  қалайша  тап  болды-

ңыз?

– Алматыда жүргенде Марат деген досым 

«сен  спортқа  көбірек  жақынсың»,  деп  кунг-

фу,  каратэ  үйренуге  Төлеген  деген  жаттық-

тырушыға алып барды. Ол кезде бұл спорт 

түрлері  бойынша  жаттығу  жасырын  өтетін. 

Жасырын  дайындықтар  таудың  арасында, 

жертөледе өтетін. 1990 жылы маусым айын-

да Алматыға Мұстафа Өзтүрік келді. Ол Қа-

зақ  мемлекеттік  циркінде  таэквондо  өнерін 

көрсетті.  Танымал  таэквондошының  өнерін 

тамашалауға  мен  де  бардым.  Біздің  жатақ-

хананың жанында Чайковский атындағы му-

зыка училищесінде Мұстафа Өзтүрік мектебі 

ашылды. Ал қыркүйек айында оқуға келгенде 

достарыммен  бірге  сол  мектепке  жиналып 

бардық. Жаттығуды Асқар Абдрахманов де-

ген ағамыз жүргізеді екен. Мұстафа ағамыз 

Қазақстанға  келгенде  екі  адамға  Қара  бел-

беу  берген  еді.  Біріншісі,  Мұстафа  Өзтүрік 

атындағы мектептің басшысы Асқар Абдрах-

манов, екіншісі, атақты қылқалам шебері, Қа-

зақстан Таэквондо федерациясының бірінші 

президенті Бексейіт Тулкеев. Асқар ағамыз-

ға келіп жазылдық та, жаттығуға кірісіп кеттік. 

Асқар ағамыздың бұрыннан дайындап жүр-

ген  7-8  шəкірттері  бар  екен,  олар  жеке  да-

йындалып жүреді екен. Бірде жаттығу кезін-

де  Асқар  ағаға  барып,  «мына  жігіттермен 

жекпе-жекке шықсам бола ма» дедім. Ұстаз 

олардың таэквондомен 1,5 жылдан бері ай-

налысатынын айтты. Сонда да өзімді сынап 

көргім  келді.  Асқар  аға  салмағы  90  кг  Аль-

берт деген жігітті шақырып алды. Менің сал-

мағым 58 кг. Оған жан-жақтан қарсыласыңды 

қатты ұрып жіберме деп айтып жатыр. Қар-

сыласым сол кезде менің 2 жыл кунфумен, 

1  жыл  каратэмен  айналысқанымды  білмеді 

ғой. «Бастаңдар» деді. Сол сəтте көзілеспес 

жылдамдықпен қолмен беттен ұрып, секіріп 

аяқпен  мойыннан  теуіп  жалп  еткіздім.  Жер 

сілкінгендей  болып  дүңк  ете  калды.  Ешкім 

түсінбей қалды, ол анау жерде сұлап жатыр. 

Екінші,  үшінші  ретте  де  дəл  солай  болды. 

Жекпе-жектен кейін менен «бұрын бұл спорт 

түрімен айналыстың ба?» деп сұрап жатыр. 

«Жоқ»  деймін  мен  оларға.  «Көркем-сурет 

училищесінің  1  курс  студентімін»  деймін. 

«Шұғаның  жігітімін,  Павлодардан  келдім» 

деп  қоямын.  Сол  жекпе-жектен  кейін  Асқар 

ағамыз Алматы қаласындағы Пионерлер са-

райында  таэквондашылардың  жаттығатын 

негізгі орталық залының барын айтты. Жат-

тықтырушы мені Мұстафа ағамен танысты-

рам деп, сонда келуімді сұрады. Мен əрине, 

келісімімді бердім. Ал 1990 жылы мені Мұс-

тафа Өзтүрік атындағы таэквондо мектебінің 

аға жаттықтырушысы етіп тағайындады. Бір 

күні  Асқар  аға  Мұстафа  ағамен  таныстыр-

ды. Ол кісінің көзіне бірден түстім. Мұстафа 

аға  атымды  сұрады.  Мен  «Исатай»  дедім. 

Мұстафа: «онда бүгіннен бастап Исахан бо-

ласың»,  –  деді.  Содан  бері  Исахан  болып 

жүрмін.  Ол  кісі  маған:  «Саған  бір  тапсыр-

мам бар. Жаттығуларыңды тек қазақ тілінде 

жүргізетін бол», – деді. Мен онымен келістім, 

жаттығуларымды  ана  тілімде  өткізуге  сөз 

бердім. Сол күннен бері жаттығуларды қазақ 

тілінде өткізіп жүргеніме 25 жыл болыпты.

– Өзіңіз жайында айтсаңыз, спортқа қа-

лай келдіңіз?

– Менің туып-өскен жерім – Павлодар об-

лысы,  қазіргі  Ақтоғай  ауданы  бұрынғы  Ко-

минтерин совхозының 3-ші бөлімшесі, Шұға 

деген кішкентай ауыл. Шұға ауылында «Жа-

ңаталап»  8  жылдық  мектебін  1982  жылы 

бітірдім. 1982-1985 жылдары Павлодар сов-

хоз-техникумында  мал  дарігері  мамандығы 

бойынша  білім  алдым.  Ал  1985-1987  жыл-

дары əскер қатарында болдым. Мен суретші 

болуды  жастайымнан  арман  еткенмін.  Сол 

арманның  жетегінде  1988  жылы  Алматыға 

келдім.  Қалаған  оқуыма  түсе  алмадым.  Бі-

рақ мен Алматыда қалып, құрылыста жұмыс 

істеп  жүрдім.  1989  жылы  дайындық  кур-

сында білім алдым. 1990 жылы Н.В. Гоголь 

атындағы  Алматы  көркем-сурет  училищесі-

не көркем безендірушінің окуына түсіп, 1994 

жылы  көркем  сурет  училищесін  тəмамда-

дым.  1999-2002  жылдары  Абай  атындағы 

Қазақ мемлекеттік педагогикалық универси-

тетінің сызу жəне көркем безендіру маман-

дығы бойынша білім алып шықтым. Ал кейін 

2009-2011  жылдары  Қазақ  спорт  жəне  ту-

ризм Академиясында білімімді шыңдадым.

Спорттық өмірім ауылдан басталған. Əкем 

Шотжан палуан болған кісі. Ол кісі мені еркін 

күреске  үйретіп,  баулыды.  6-сыныпта  оқып 

жүргенде ауылдағы мектебімізде күрес үйір-

месі  ашылды.  Еңбек  пəнінен  сабақ  беретін 

Куаныш деген ұстазым алғаш күрестің қыр-

сырын үйретіп, шынықтырды. Мектепте зал 

болмайтын, бір кішкентай дене шынықтыру 

пəні өтетін бөлме ғана болатын. Үйден бір-

бір  матрастан  құшақтап  келіп,  сол  бөлмеге 

төсеп,  үстіне  палатка  төсеп  күресетінбіз. 

Той-томалақтар-

да,  техникумда 

оқып 

жүргенде 



жəне  əскер  қата-

рында болғанда да 

күресіп жүрдім.

–  Мұстафа  аға-

дан  таэквондолық 

жекпе-жетен  өзге  не 

үйрендіңіз?

–  Өмірде  ұстазымнан 

көп  нəрсе  үйрендім.  Мұс-

тафа ұстазымды пір тұтам. 

Бірінші  Алла,  екінші  осы 

ұстазымның  арқасында  мені 

бүкіл ел, дүниежүзі таныды.

–  Мұстафа  аға  қандай  жан 

еді.  Оқырманды  ол  кісінің  біз 

білмейтін қырлары мен сырлары-

на қанық етсеңіз.

–  Мұстафа  тек  қана  спортшы  емес, 

білікті журналист болатын. Жеті тілді мең-

герген  өте  білімді,  ұлтын  сүйетін  ұлтжан-

ды,  атамекенін,  Қазақ  халқын  қатты  жақ-

сы көретін елінің адал ұлы еді. Кез келген 

қазақ  азаматына  сай  үлкенді  үлкен  деп 

құрметтейтін,  кішіні  кішідей  ізет  ететін, 

баланы  баладай  қамқорлайтын,  кез  кел-

ген адаммен оңай тіл табыса кететін, өте 

қарапайым,  инабатты,  адамгершілігі  мол, 

жат елде елін көрмей өссе де əр сөзін ма-

қалдап, мəтелдеп сөйлейтін шешендігі де 

бар еді.


–  Мұстафа  Өзтүріктің  қандай  қасиет-

терін бағалайсыз?

–  Ол  кісіні  тілін,  дінін  ұмытпаған,  елім 

деп  еміренетін  ер  азамат  десем  еш  қате-

леспеймін.  Мұстафа  ағаның  осы  сынды 

асыл  қасиеттерін  қатты  бағалаймын.  Ұста-

зымнан үйренгенімді сөзбен жеткізу мүмкін 

емес. Мұстафа ағамыз елім деп келгеннен 

кейін бе, бізге шəкіртке сияқты емес, бауыр 

ретінде  қарағаны  есімізде.  Мұстафа  аға-

мыз  шəкірттерінің  ішінде  мені  қатты  жақсы 

көретін деп ойлаймын. «Исахан» деп ерек-

ше  еркелететіні  жадымда  қалыпты.  Мұста-

фа  ағамыздың  тағы  бір  асыл  қасиеті  –  ол 

шəкірттері  болсын,  басқа  адам  болсын, 

ешкімді бөле-жара алаламайтын. Өсек-аян-

ды  жаны  сүймейтін,  тек  өзінің  ұстанымына 

сай өмір сүрді.

– Жалпы Қазақстанда таэковондо қан-

дай  деңгейде  дамуда?  Өрісі  мен  өрлеуі 

қалай?

–  Қазақстанда  қазіргі  таңда  таэквондо 

жақсы дамуда. Еліміздің барлық қалаларын-

да  Таэквондо  федерациясының  клубтары, 

мектептері жұмыс жасайды. Бұл спорт түрі 

олимпиадалық  спорт  түрі  болған  соң,  ха-

лық аралық конфедерацияға кіргеннен кейін 

таэквондоның  даму  қарқыны  өте  жоғары 

деп бағалаймын.

Мұстафа ағамыз туралы бір қызықты ес-

телік айтып берейін. Мұстафа ағама қолым 

ти-


м е й , 

1,5  ай-


дан 

кейін 


х а б а р л а с ы п , 

кездестім. 

Аманда-

сып  жатып,  «аға  Сізді  таба 



алмай  қалдым  ғой»,  дедім.  Сонда 

аға тұрып: «Исахан сен менің қайда екенімді 

ұшқан құстан сұрасаң, менім қайда екенімді 

айтар еді», – деді. Содан кейін мен осылай 

айтпайтын болдым. Бірде Мұстафа аға Пио-

нерлер сарайындағы үлкен спорт залға аяқ 

киімін  шешіп  кіріп  келе  жатыр  екен.  Сон-

да  бір  ағамыз:  «Мұсеке  аяғыңды  шешпе», 

дейді. Ол кісі «Бұл жер қасиетті жер, сондық-

тан  мұнда  аяқ  киіммен  кіруге  болмайды», 

дейді.  «Білемін,  бірақ  аяқ  киіміңізді  ұрлап 

кетеді ғой», дейді оған. «Неге уайымдайсың, 

ол  менің  аяқ  киімім  ғой»,  дейді.  Сол  кезде 

кеңестік  өкімет  тарап,  елдің  астаң-кестеңі 

шығып жатқан заман еді ғой. 

– SMS+ газетіміздің жас оқырмандары-

на ақ тілегіңізді арнасаңыз.

–  Оқырман  жастарға  айтарым,  Мұстафа 

Өзтүрік  ағамыз  сияқты  еліңді  сүй,  тіліңді, 

дініңді құрметте. Ағамыздың тағы бір айтқан 

сөзі: «Атақты болу оңай, адам болу қиын». 

Міне  сондықтан,  сіздер  атақ-даңққа  емес, 

еліңнің  адал  азаматы  болуды  мақсат  ету-

леріңіз  керек.  Спортпен  дос  болыңыздар, 

спортпен айналысыңыздар. Өйткені, спорт – 

денсаулық  кепілі.  Ал  еліміздің  болашағы  – 

жастардың  денсаулығы  мықты  болғаны 

жақсы. Сіздерге ізгі ниетін білдірген Мұста-

фа  Өзтүріктің  сүйікті  шəкірті,  жерлестеріңіз 

Исахан деп біліңіздер.



–  Тартымды  да  танымды  əңгімеңізге 

рахмет!

Әңгімелескен Жанар ӘБДІҚАЛИҚЫЗЫ

Сізге 

спортпен 

шұғылдануға 

не кедергі?

Денсаулық үшін күрестің негізгі 

бағыты  –  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру.  Салауатты  өмір  сал-

тын  қалыптастырудың  басты  бір  ба-

ғыты  –  спортпен  шұғылдану.  Көп  қазақ 

үшін  спортпен  айналысу  біз  үшін  ерекше 

ерелік  сияқты.  Спортпен  шұғылдану,  дене 

шынықтыру  «ерлік»  емес,  өмір  салты  болу 

керек. Оның үстіне елімізде түрлі жаттықтыру 

залдары  мен  спорт  мектептері  жетерлік.  Алай-

да біздің жастар спорт залдарға бару үшін ақша 

керек деп ақталады. Дегенмен, олардың спортпен 

шұғылдануына не кедергі екенін біліп көрелік. 

Ақмарал Ерманат, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті

Спорт  менің  өмірімде  айтарлықтай  орын 

алады.  Алайда  спортпен  дене  қалыпымды 

сақтау  үшін  айналысатынымды  жасырмай-

мын. Екінші орында – денсаулығымды нығай-

ту  үшін.  Мен  өз  басым  волейбол  ойнағанды 

ұнатамын. Спортпен кəсіби айналыспасам да 

өзімше уақытымды спортқа арнағанды дұрыс кө-

ремін. Бірақ кейде уақытымды дұрыс жоспарлама-

ғаннан спорт залға бара алмай қаламын. 



Жүнісхан Дəурен, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті

Бүгінгі  күні  жастарға,  оның  ішінде  С.То-

райғыров  атындағы  ПМУ  студенттеріне 

спортпен  айналысуға  барынша  жағдай 

жаслған. Дене тəрбиесі сабақтарынан бө-

лек, «Сұңқар» спорттық кешенінде спорт-

тың  қай  түрінен  десеңіз  де  үйірмелер 

жұмыс  жасайды.  Сол  үйірмелерге  баруға, 

спортпен  айналысуға  уақытымызды  арнағымыз  келмеген 

өзіміз кінəліміз. Өйткені, бала күнінен бойға сіңбеген, əдет

  

   болып қалыптаспаған. 



Ғалымжан Кəбір,

С.Торайғыров атындағы 

ПМУ Студенттік 

жасақтың командирі 

Мен  өз  басым  спортпен 

шұғылданғанды 

сүйемін. 

Спортқа  əрдайым  уақыт  та-

бамын.  Уақытым  сабаққа  да, 

спортқа  да  жетеді.  Еш  қиналмай-

мын.  Өйткені,  менің  қоғамдық 

жұмысым  тікелей  күш  тəр-

биесімен  қатысты  бол-

ғандықтан,  спортпен 

а й н а л ы с у д ы 

ұнатамын. 

 



БІЗДІҢ САУАЛ



МҰСТАФА АҒАМА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 

ЖАТТЫҒУ ЖҮРГІЗЕМІН ДЕП 

СӨЗ БЕРДІМ

Бүгінгі «Еркін сұхбаттың» қонағы, 

Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, 

таэквондодан 3 дүркін әлем 

чемпионы, қара белбеу 5-Дан 

иегері Исатай Шотжанұлы 

Қабеков.

5

Замана керуені



>

 

Соқпағы көп өмір көшіңнің соңы, ортасы емес, алдыңғы жол-



да жүру қалай? Ел естімеген, елге жетпеген сара жолды салу 

кез келгеннің қолынан келе бермес. Біз ғылымның, өнердің алғашқы 

баспалдығын салып кеткен тұлғалардың өмір тарихына үңіле бер-

мейміз. Өзінің жеке басынан бұрын, халық қамын ойлаған жандарды 

ұмытпау бүгінгі біздің басты міндетіміз.

Қазақ  боксының  атасы 

атанған  тұңғыш  боксшы  Шо-

қыр  Бөлтекұлы  жəне  оның 

жары қазақтың мың бұралған 

бишісі,  қазақтан  шыққан  тұң-

ғыш балерина Нұрсұлу Тапа-

лованың  өмір  тарихы  траге-

дияға толы. Қазақ үшін барын 

берген  тұлғалар  бүгінде  неге 

елеске айналып барады? Ха-

лық өзі өсіріп, неге өздері қа-

пияларынан шығарып келеді?

Нұрсұлу  Елубайқызы  Та-

палова Ақтөбе облысы Ойыл 

ауданынында дүние есігін аш-

қан.  Бала  күнінен  би  өнеріне 

ынтық  болды.  Болатын  бала 

жанып  тұрады,  келешекте  өз 

ізін  қалдыратын  адам  қалың 

топтың  арасынан  жарқырап 

тұрары хақ. Бір кездері Ойыл 

ауданына  Ахмет  Жұбанов 

гастрольдік  сапарға  барып, 

11  жасар  кішкентай  Нұрсұ-

лудың  дарынына  куəгер  бо-

лып,  оған  кəсіби  білім  алуға 

жол  сілтеді.  Н.Топалова  өз 

естелігінде:  «Жеті  жылдық 

мектепте  оқып  жүргенде  көр-

кемөнерпаздар  үйірмесінен 

іріктеліп, он үш жасымда Абай 

атындағы академиялық опера 

жəне балет театры жанында-

ғы  би  мектебіне  түскен  едім. 

Сонда  Күлəш  Байсейітова-

ның  қамқорлығында  жүріп, 

Шара апайдың да көмегін көп 

көрдім.  А.Александров,  Г.У-

ланова,  Е.Лифанова,  Ю.Ко-

валев  сияқты  өнер  иелерінің 

де биші болып қалыптасуыма 

əсері тиді», – деп жазады.

Ол 24 жасында Қа-

зақ  ССР  еңбек 

сіңірген  əртісі 

деген  атаққа 

ие 


болады. 

Қазақ  сахна-

сының  жарық 

жұлдызына  ай-

налып,  бар  өмірін 

биге  арнай  білді. 

Оның  басты  бай-

лығы  –  Алланың 

берген  өнері  еді. 

Осы 


сөзімнің 

дəлелі  ретін-

де 

Болат 


А ю х а н о в -

тың «Менiң 

б а л е т i м » 

деген 


кi-

т а б ы н д а : 

« Н ұ р с ұ -

лу  –  бисiз 

өмiрiн  елестете  алмайтын 

нəзiк  жан.  Ол  Галина  Ула-

новамен  «Бақшасарай  бұр-

қағында»  Заремнiң  рөлiн 

ойнады.  Нұрсұлу  Зареманы 

классикалық 

дайындықсыз 

биледi. Алайда оның Зарема-

сы нағыз шығыстың аруы бо-

лып  шықты!  Оның  биiн  көрiп 

отырып биге елiтiп кетпеу, ға-

жайып  сұлу  биiне  қарай  оты-

рып,  оның  тартымды  əсерiне 

ерекше бой алдырмау мүмкiн 

емес.  Нұрсұлу  Тапалова 

дəс-түрлi  классикалық  би 

өнерiнiң  толып  жатқан  қым-

қуыт  қиындығын  орасан  зор 

ерекше  күшiмен  жеңе  бiлдi. 

Ол  қиындығы  мол  ерекше 

тəсiлдердi  бейнелер  арқылы 

сомдап,  олардың  нəзiк  сезiм-

дерiн  көрерменге  айырықша 

жеткiзе  бiлдi.  Бұл  бишi  нағыз 

ұлтының бағына жаралған», – 

деп жазды. Расында қазақтың 

маңдайына  біткен  дара  қыз-

ға  қызғана,  қызыға  қараған 

жандар  көп  болды.  Жасынан 

өнерге  деген  өлердей  ма-

хаббаты  оны  биік  шыңдарға 

жетелегенмен,  оның  жанына 

зіл қара тас салған замандас-

тары  да  кездесті.  Сөйтіп  ба-

лерина  1953  жылы  театрмен 

қоштасып, Жамбыл атындағы 

филармонияға жұмысқа кіріп, 

ол жерде де өзінің би өнерін-

де тұғыры биік жан екенін дə-

лелдей білді.

Құдай  қосқан  қосағы  қа-

зақтан  шыққан  тұңғыш  бокс 

өнерінің  атасы  Шоқыр  Бөл-

текұлы екеуі өз салаларының 

майталманы  болса  да  еш-

қашан  қарапайымдылықты 

жоғалтқан  емес.  Олар  еш 

уақытта  дүниенің  кірі  –  ал-

тынға,  ақшаға,  байлыққа 

қызыққан  емес.  Олар  үшін 

ең бірінші орында тұрған өз 

кəсіптерінің  шебері  атану 

болды,  олар  тағдыр-

дың  сан  тауқы-

метін бірге көріп, 

бірақ  ешкімге 

тіс  жармай 

к е т к е н . 

Бүгінде  Шоқыр  Бөлтекұлы 

тəрбиелеген  шəкірттері  қазақ 

жерінің  түпкір-түпкірінде  жүр, 

спортта  үнемі  бірінші  орын-

ды  алатын  боксшылардың 

бəрі  осы  Шоқыр  Бөлтекұлы-

ның  арқасында  деп  білеміз. 

Өкініштісі балетте, бокста жүр-

ген  жас  бишілер  мен  спорт-

шыларымыз  осы  жандарды 

білмей  жатады.  Ал  олар  қа-

зақ  өнері  мен  спорты  үшін 

өмірлерін  сарп  етті.  Кезінде 

Бауыржан Момышұлының өзі: 

«Екі-ақ нағыз қазақ бар, бірі – 

мен,  бірі  –  Шоқыр»,  –  деген 

екен.  Сонда  Шоқыр  атамыз-

да кезінде барлық қағаздарға 

ов-ты  алып  тастап,  ұлы  деп 

жаздырған  екен.  Осыдан-ақ 

Шоқыр  атамыздың  қандай 

болғанын білуге болады. Нар 

тұлғалы азаматты бүгін нелік-

тен тасада қалдырып жатыр? 

Шындығына  келетін  болсақ 

бір-екі  жеңістен  кейін  кейбір 

спортшыларға  үй  беріп,  бар-

лық жағдай жасап, тіпті спорт-

шылар мектебін де ашып жа-

тыр. Неліктен қазақ боксының 

атасы  Шоқыр  Бөлтекұлына 

арнап, бір көшенің атын беріп, 

немесе жарыстар өткізіп, мек-

теп атын бермеске? Мақтауға 

лайықты тұлға екені даусыз.

Түйін. Бір мəлеметтер бо-

йынша  Нұрсұлу  Тапалова 

өмірінің  соңғы  жылдары 

ащы  сумен  дос  болыпты 

деген  сыбыс  əңгімелер  ха-

лық  арасынан  көп  естиміз. 

Алайда, оның мұңын түсін-

ген біреу болған жоқ. Оның 

өнерін өкінішке орай ешкім 

тірі 

кезіңде 

қадірлеген 

жоқ.  Біздің  кемшілігімізде 

осында – өз халқымыздың 

нар  қасқаларын  өзіміз  жы-

латып, 

бақытсыз 

ететініміз. Сол се-

бепті  сара  жол-

ды салып кеткен 

дарындыларды 

ұмытпай, қастер-

лейік!

Назгүл РАБИЛОВА

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

БАТЫРЛАРДЫҢ ДАҢҚЫ

1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысының жеңіспен 

аяқталғанына 70 жыл толды. Бұл дүниежүзіндегі 

адамзаттың есінде қалатын сұм соғыс болды. Осы 

соғыста қаза тапқан адамдардың саны көп болды. 

Сол кездегі Кеңестік өкіметтің 20 миллиондай ада-

мы қаза тапты. Қазақстанда да көптеген жауынгер-

лер жауға қарсы жан аямай шайқасты.

1941  жылы  22  маусымда  фа-

шистік Германия əскері КСРО-мен 

орнатқан  келісімді  бұзып,  жария 

етпестен  КСРО  аумағына  басып 

кірді.  Ұлы  Отан  соғысы  осылай-

ша  басталды.  Гитлерлік  Германия 

осыған  дейін  Еуропаның  көптеген 

мемлекеттерін басып алған еді.

1940  жылдың  орта  кезінде-ақ 

Гитлер  əскері  КСРО-ға  басып  кі-

рудің  жоспарын  жасауға  кіріскен 

болатын.  Бұл  жоспар  бойынша 

фашистік  Германия  əуедегі  жəне 

соғыс  теңіз  күштері  КСРО-ға  бір 

мезгілде  шабуыл  жасап,  1941 

жылдың  күзінде  бұл  соғысты  аяқ-

тау  тиіс  еді.  Сол  жоспарға  сəйкес 

Германия Кеңестік өкіметті 6 айда 

жаулап алуды көздеді. Олар бірне-

ше айдың ішінде Мəскеу түбіне жа-

қындап қалды. Сол кездегі Кеңестік 

одақ  халқының  мақсаты  –  жанын 

берсе де, қалайда елін, жерін қор-

ғап алу болды.

Соғыстың  алғашқы  кезеңінде  14 

атқыштар  жəне  атты  əскер  диви-

зиясы,  6  бригада  құрылып,  май-

данға  жіберілді.  Қазақстандық  36 

жеке  атқыштар  бригадасы  30-дан 

астам  ұлттан  құрылды.  Алматы, 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қыр-

ғызстаннан  шақырылған  жігіттер-

ден  316-атқыштар  дивизиясы  құ-

рылып, оның командирі генерал М. 

В.  Панфилов  болды.  Армия  қата-

рына  1196164  қазақстандық  қосы-

лып, əрбір бесінші адам майданға 

аттанды.

Қазақстандықтардың 

жауын-

герлік  даңқы,  əсіресе,  Мəскеу 



түбіндегі  шайқаста  шықты.  316  – 

атқыштар  дивизиясына  Мəскеуге 

апаратын  негізгі  өзекті  жолдың 

бірі – Волокаламск тас жолын қор-

ғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан 

Момышұлы  басқарған  1075  ұлан 

атқыштар  полкі  жау  шабуылына 

ерлікпен  тойтарыс  берді.  28  танк 

жоюшылар тобы Дубосеково разъ-

езінде жаудың 18 танкісін жойып жі-

берді. Кейіннен «28 панфиловшы» 

ерлігі аңызға айналды. Бəрі дерлік 

қаза  тапты,  бірақ  жауды  өткізбеді. 

Сондай-ақ  Мəскеуді  қорғау  тари-

хында панфиловшылар дивизиясы 

бөлімдерінің  саяси  жетекшілері  П. 

Вихров, М. Габдуллин, автоматшы-

лар  Т.  Тоқтаров,  Р.  Амангелдиев 

мəңгі  өшпес  із  қалдырды.  1941 

жылы 17 қарашада оған 8-ші гвар-

диялық дивизия атағы беріліп, Қы-

зыл  Ту  орденімен  марапатталды. 

1942  жылы  бұл  дивизия  30-гвар-

диялық  дивизия  болып  қайта  құ-

рылды.

1941-1943  жылдары  қаңтар-



да  Ленинград  шайқасы  бастал-

ды.  Қазақстандықтардың  үштен 

бірі  Ленинград  түбінде  шайқасты. 

316-атқыштар  дивизиясы  (1941 

ж.  9  қыркүйек)  жəне  314-дивизия 

Ленинград облысының 22 елді ме-

кенін азат етуге қатысты.

1942  жылы  шілде  –  1943  жылы 

ақпан күндерінде Сталинград шай-

қасы  басталды.  Сталинград  май-

данын  барлық  жағынан  Қазақстан 

қамтамасыз  етті.  Сталинградтың 

түбінде  көптеген  қазақстандықтар 

ерліктің  небір  тамаша  үлгісін  көр-

сетті.  Жамбылдың  ұлы  Алғадай 

осы  Сталинград  түбінде  ерлікпен 

қаза  тапты.  Г.Сафиулин,  М.Баска-

ков сияқты азаматтардың басқарған 

əскери бөлімдері жауды талқандау 

барысында  көп  үлес  қосты.  Мыса-

лы, М. Баскаков басқарған батарея-

ның  43  зенитшісі  трактор  зауытын 

қорғап,  жаудың  11  танкісін  жойып 

жеберді.  36  зенитші  қаза  тапты, 

бірақ  бір  адам  да  шагінбеді.  1942 

жылы  19  желтоқсанда  қарағанды-

лық  ұшқыш  Н.  Əбдіров  Боховская-

Пономаревка  ауданындағы  əуе 

шайқасында  ұшағын  жау  танкілері 

шоғырына  қүлатып,  ерлікпен  қаза 

тапты.  29  жəне  38-атқыштар  ди-

визиясының  жауынгерлері  жауды 

Сталинградтың  Киров  ауданына 

енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөн-

дейтін  зауыттың  тоқтаусыз  жұмыс 

істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы 

бұл  дивизиялар  72  жəне  73-гвар-

диялық  дивизияларға  айналып, 

«Құрметті  Сталинград  дивизиясы» 

атағына  ие  болды.  Сталинград 

түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев 

пен А. Бельгин өздерінің ерлігі нəти-

жесінде  Кеңестер  Одағының  баты-

ры атағына ие болды.

Соғыстың  алғашқы  күндерінен 

бастап  қазақстандықтар  барлық 

майданда  шайқасты.  Қазақстан-

дық  жауынгерлер  сонымен  қатар, 

Украинаны, Белоруссияны, Балтық 

бойын, Молдовияны азат етуге қа-

тысты.  Мыңдаған  қазақ  жігіттері 

Кеңес  əскерінің  құрамында  Шы-

ғыс  Еуропа  халықтарын  Гитлердің 

тепкісінен  азат  етуіне  де  атсалыс-

ты.  Қазақтың  қайсар  ұлдары  өз 

Отаны  үшін  фашистерге  қарсы 

шығып, қасық қаны қалғанша беріс-

педі.



1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал