Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



жүктеу 308.49 Kb.

бет1/3
Дата22.02.2017
өлшемі308.49 Kb.
  1   2   3

1

 (60)



28 қаңтар 2015 жыл

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

2

-бет

Байқау интервью, хабарлама, зерттеу мақаласы, әлеуметтік сауалнама, «Менің сүйікті 

университетім» тақырыбын арқау еткен көркем-публицистикалық материал бағыттары бо-

йынша үздік журналистерді, үздік педагог-журналистерді және үздік ақындарды 

анықтайды. Ал үздіктер С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінің 55 жылдығы қарсаңында марапатталады.

Байқаудың Бас жүлдесі иегеріне планшет.

Бірінші орын иесіне сыйымды-

лығы 500 тб қатты диск.

Екінші орын үшін 320 гб 

қатты дискі. 

Үшінші орынға 100 гб қатты дискісі табыс етіледі. 

Байқауда көзге түскен әрбір 

үздік материалдар сый-сыйапатсыз қалмайды. 

Үздік деп танылғандарға флеш-жады сыйға тартылады.

Оқушылар мен Студенттер назарына!



Егер Сен журналистиканың жұлдызы болғың келсе, қолыңа 

қалам ал. «Жас қалам-2015» байқауында бағыңды сынап көр. 

Байқауға өткізілетін материалдар С.Торайғыров атындағы ПМУ медиаорталығының 230 кабинетіне электронды 

нұсқада немесе smsplius@mail.ru электронды мекен-жайға тапсырылады. Байланыс телефонымыз: 67-36-48, ішкі 12-74.

Мұстафа 

Өзтүріктің 

шәкірті, 

таэквондодан 

3 дүркін әлем 

чемпионы

Гендерлік саясат 

немесе еркек пен 

әйел тең бе?



3

-бет

4

-бет

Исатай Шотжанұлы:

Мұстафа ағама қазақ тілінде жаттығу 

жүргіземін деп сөз бердім

Кемеңгер әмірші – 

Жәнібек

Павлодар жастарының газеті


2

ЕРКЕК 

ПЕН ӘЙЕЛ ТЕҢ БЕ?

Насихат


Əйел туралы сөз қозғау əрі 

оңай  əрі  қиын.  Əйел  –  ина-

батты  қыз,  қылықты  қарын-

дас,  сүйікті  жар,  аяулы  ана, 

асыл əже. Ал биліктегі əйел-

дердің бейнесі қандай екенін 

анықтап көрелік.

Көшпелі  қазақ  елі  əйел-

дерді  əлімсақтан  бері  жо-

ғары  бағалаған.  «Еркек  – 

түздің  адамы,  əйел  –  үйдің 

қамы»  демекші  еркектің 

миссиясы – отбасын асырау, 

ал  əйелдікі  –  дүниеге  бала 

əкеліп,  дұрыс  тəрбие  беру. 

Соңғы  кезде  қоғамымызда 

«гендерлік  саясат»  деген 

ұғым пайда болды. Гендерлік 

саясат бұл – өмір құндылық-

тарының  барлық  саласына 

қатысты  ер  мен  əйел  ара-

сындағы теңдік орнатуға ба-

ғытталған  мемлекеттік  жəне 

қоғамдық іс-əрекеттер. Яғни, 

гендерлік  саясат  еркек  пен 

əйел арасындағы теңдік үшін 

қажет. Негізінен бұл ұғымның 

шығу  төркіні  батыс  жұрты 

болса керек. Ол жақта ХІХ ға-

сырға  дейін  əйелдерді  адам 

құрлы  көрмепті.  Нəтижесін-

де  батыс  əйелдері  осындай 

бассыздыққа  шыдамай  кө-

теріліске шығады. Содан ХХ 

ғасырда  «гендерлік  саясат», 

«фенимизм» 

терминдері 

пайда бола бастады.

Мүмкін  бұл  саясат  ба-

тыстықтарға  шынымен  де 

керек  болған  шығар.  Ал  қа-

зақтарға  қаншалықты  қажет 

еді? Бірақ, бұл ұғым желдей 

есіп,  барлық  мемлекетте  өз 

орнын  тауып,  қазақ  елін  де 

айналып өтпеді. Тіпті Қазақс-

тан Республикасының құзыр-

лы  органдары  бұл  саясатты 

орнатпақ болып көп тер төк-

кені белгілі. Мысалы, «Əйел-

дердің  жағдайын  жақсарту 

жөніндегі  Пекин  тұғырнама-

сы,  БҰҰ  Əйелдерге  қатысты 

кемсітудің  барлық  нысан-

дарын  жою  туралы  конвен-

циясы, əйелдердің саяси құ-

қықтары  туралы  конвенция, 

тұрмыс  құрған  əйелдердің 

азаматтығы  туралы  конвен-

ция,  ДЕҰ-ның  1951  жылғы 

№100 ерлер мен əйелдердің 

тең  құқылы  болу,  еңбекте 

тең  сыйақы  алуы  туралы 

конвенциясы жəне тағы бас-

қа  осындай  халықаралық 

келісімшарттар 

аясында 

отбасына,  əйелдер  мен  ер-

лердің теңдігіне қатысты ке-

шенді мемлекеттік саясатты 

жүзеге асыру» осыған дəлел. 

Оған  қоса  ҚР  Конституция-

сының «Адам жəне азамат» 

бөлімінің 14 бабында: «Тегі-

не,  əлеуметтік,  лауазымдық 

жəне  мүліктік  жағдайына, 

жынысына,  нəсіліне,  ұлты-

на, тіліне, дініне, көзқарасы-

на,  нанымына,  тұрғылықты 

жеріне  байланысты  немесе 

кез  келген  өзге  жағдаяттар 

бойынша  ешкімді  ешқандай 

кемсітуге  болмайды».  Бұл 

жерде  əйелмен  еркек,  тіпті 

барлық  адамдар  бір-бірімен 

тең екені көрсетілген…

Батыстан  келгеннің  бəрі 

жақсы  деуге  болмас.  Көпке 

топырақ  шашпайын,  бірақ, 

қыз-келіншектеріміз  қазақ-

тың  түсіне  де  кірмеген  бей-

неде киініп, бірі еркектерден 

кем  қалмаймыз  деп  көлік 

жүргізіп,  бірі  бұрқыратып 

улы  түтінді  жұтқандарына 

көз  үйренді.  Ал  сол  жақтан 

жеткен  гендерлік  саясаттың 

«Қандай  жағымсыз  жақтары 

бар?»  немесе  «Гендерлік 

саясат  қазақтарды  қайда 

апарады?»  деген  сауалдар 

санамызда сан күдік туғызып 

отыр. «Екі кеменің басын ұс-

таған  суға  кетеді»  демекші 

əйелдерде  қазіргі  қоғамға 

сай  екі  таңдау  бар:  не  тұр-

мысқа  шығып,  отбасының 

сүйіспеншілігіне  бөлену,  не 

бəрін  қойып  мансап  (карье-

ра) қуу. Өкінішке орай соңғы 

кездегі  статистикалық  мəлі-

меттерге  сүйінсек  «кəрі 

қыздардың» саны бойдақ 

азаматтарға 

қараған-

да  əлдеқайда  көп  екен. 

Сонда 

халқымыздың 



демографиясы қалай өс-

пекші?


  «Жұмақтың  кілті  –  ана-

ның  аяғының  астында»  деп 

əйелдердің  дəрежесін  ас-

панға асқақтатқан мұсылман 

жұртының  Пайғамбары  Мұ-

хаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)  үм-

метіміз. «Мен Пайғамбардан 

(с.ғ.с.): «Я, Расулуллаһ, жақ-

сылықты  алдымен  кiмге  iс-

теймiн?» – деп сұрағанымда, 

Ол  (с.ғ.с.):  «Анаңа!»,  –  дедi. 

Одан  кейiн  ше?  –  Анаңа! 

Ал, одан кейiн ше? – Анаңа! 

Ал, одан кейiн ше? – Əкеңе. 

Əкеңнен  кейiн  жақындық 

дəрежесiне  қарай  туысқан-

дарыңа  (Хадистi  Əбу  Ьа-

сымнан (р.л.ғ.) Имам Бухари 

риуаят еттi). Міне, аналарды 

қаншалықты  қалай  қадірлеу 

керектігін айтқан.

Ата 


– 

бабаларымыз: 

«Ана  –  бір  қолымен  бесікті, 

екінші  қолымен  əлемді  тер-

бетеді»  –  деп  айтып  кеткен. 

Егер тарихымызға көз жүгірт-

сек,  батыр  аналарымыз  да 

аз  болмаған.  Сонау  түркі-

лердің  əйел  патшасы  –  То-

мирис пен Замира, Ұлы Отан 

соғысында  ерекше  ерлік 

көрсеткен Алия мен Мəншүк, 

1986 жылғы «Желтоқсан оқи-

ғасына»  ержүректігімен  көз-

ге түскен Лəззат пен Сəбира 

секілді  батыр  қыздарымыз-

ды айтып кетпеске болмас.

Сөзтүйін.  Қалай  десек 

те, гендерлік саясат қоғам, 

уақыт  талабы.  Əйтсе  де, 

əйелдердің  басты  мақса-

ты  –  перзент  сүю  екенін 

ұмытпаса  игі.  Əйелдер 

биліктің  тұтқасын  ұстай-

тын  мықты  азаматтарды 

дүниеге  əкеліп,  елін,  хал-

қын ойлайтын ибалы қыз, 

иманды  ұл  өсірсе  қазақ 

үшін  одан  асқан  қандай 

саясат 

болуы 

мүмкін?

Насихат СҚК 

төрағасы 

Бексұлтан 

Қабышев

Насихаттың белсенділері 

«Гендерлік саясат немесе 

еркек пен әйел тең бе?» 

деген сауалды жастар пікір-

таласына салды

Лаура Мұхитова, 

ПМПИ студенті

Мен  гендерлік  саясаттың  біздің  мемлекетте 

орын  алуына  қарсы  емеспін.  Бұл  бір  жағынан 

заман  талабына  сай  болса,  екінші  жағынан 

əйел  адамдардың  өз  құқықтарын  дəлелдеп, 

мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  көмектеседі. 

Алайда,  осы  саяси  іс-əрекет  дұрыс  деп  əйел 

адамдар бар өмірін жұмысқа, өз дəрежесін кө-

теруге арнамау керек. Бұрыннан қалыптасқан нəзік жандылардың 

ана,  қыз,  қарындас  ретіндегі  рөлі  мен  олардың  өмірде  алатын 

орны қаншалықты маңызды екенін ұмытпаған жөн.

Ержігіт Тағай, 

ПМУ студенті

Жаратылыс  тұрғысынан  əйел  мен  еркек 

тең  емес.  Əрқайсысы  өзіне  тəн  қасиеттері-

мен  ерекшеленеді.  Егер  бір-бірінен  ешбір 

айырмашылығы  жоқ  өзара  тең  жаратылыс 

болғанда, Алла тағала еркек-əйел етіп бөліп 

жатпай, бəрін біркелкі əйел немесе еркек етіп 

жаратар еді ғой. Еркек пен əйел үнемі таби-

ғатындағы  өздеріне  тəн  ерекшеліктерімен 

екеуі бірін-бірі толықтырып отырады. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» 

дегенді бекер айтпаған. Ана деген мейірімділігі шексіз – əйел, жа-

ратылысынан  мейірімділігі  бала  тəрбиелеу  үшін  берілген.  Елді 

басқаруда тек қана мейірімділік аздық етеді. Ал Əке жаратылысы 

қаталдығымен, батылдығымен ерекшеленеді. Қазақ: «Ананың тілі 

атаның күшінде» дегенді бекер айтпаған. Мұндағы, Атаның күші 

деген – саясат, бизнес т.б. Əр нəрсенің өз орны бар деген сөз бар 

қазақта.


Амангүл Тілей, 

ПМУ студенті

Қазіргі қоғамда «əйел мен еркек тең бе»? 

деген  сауалдар  қаптап  кетті.  Саяси  тұрғы-

дан алып қарасақ, қазір əйел адамдар сая-

сатқа  көп  араласуда.  Содан  болар  еркек 

істейтін  жұмыс  əйелдердің  де  қолынан  ке-

леді деген қағида қалыптасып алған. Шын-

дығында,  əйел  мен  еркек  еш  уақытта  тең 

бола алмайды. Неге десеңіз, Аллаһ Тағала 

əуел бастан əйел мен еркекті тең жаратпа-

ған. «Еркек үйдің егесі, əйел үйдің шегесі» деп бекер айтпаған қа-

зақ. Тағы да, «Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен 

əлемді тербетеді» дейді дана халқымыз. Мейлі тербетсін. Бұл де-

генім əйел адам ештеңе істей алмайды деген сөз емес. Ананың 

қолынан бəрі келеді. Бірақ сонда да еркек əйел адамнан бір саты 

жоғары тұруы қажет.

Динара Мұсабаева

ПМУ студенті

Əрине бұл саясат бізге керек. Əйелдер мен 

ерлер  тең  қатарлы  жұмыс  атқару,  ана  мен 

баланың  жағдайын  түзеу,  ерлер  тарапынан 

əйелдерді  ұрып-соғуды  болдырмау  деген 

мəселелер  үшін  қажет  деп  есептеймін.  Бұл 

феминизм  емес,  мемлекет  жүргізіп  отырған 

саясат қой. Мұсылман дініне сай əйел бастық 

болмауы керек дейді. Сондықтан, ел тізгінін 

ұстайтын ерлер бастық болғаны дұрыс. Ал облыс əкімі жəне пре-

зидент сынды лауазымдарға əйел тағайындылмағаны дұрыс. Біз-

ге гендерлік саясат жүргізу туралы бұйрық келді, амал жоқ жүргі-

зетін елімзі ғой.

Әділет Мейірманов, 

ПМУ студенті

Əрине  жаратылысынан  тең  емес!  Бірақ 

казақ кызы əрқашанда өз орнын блген ғой. 

Казақ  тарихын  зерделесек,  сан  ғасырлар 

бойы  ерен  ерлігімен,  асқан  парасатымен 

елді баскарған əйел адамдар аз емес. ХХІ 

ғасыр  –  білімділер  ғасыры  болғандықтан, 

еркек  жəне  əйел  деп  бөліп-жармаймын. 

Еліміз  өркендеп,  тыныштықта  өмір  сүретін 

болсақ, біз үшін одан артық не керек. Сондықтан айтарым, қыздар 

өз орнын біліп, төске өрмелемей, қазақы дастүрден аттамайтын 

болса, бұл туралы сөз қозғап та керегі жоқ.



«SMS+»  жастар  газетінің 

2015  жылдың  алғашқы  нөмірі-

нен  бастап  С.Торайғыров  атында-

ғы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің 

«Насихат»  саяси  –  құқықтық  клубының 

қызметі  мен  клуб  мүшелерінің  сарап-

тамалық  жұмыстарын  «Насихат»  ай-

дарында  жариялап  отыруды  жөн 

көрдік.  Бүгінгі  санда  «Насихат» 

клубы  қоғамдағы  ер  жігіттер 

мен  қыздардың  арасын-

дағы 

көшбасшылықты 

анықтауға  тырысады. 

Көшбасшылық  кімнің 

қолында?

ЕРКЕК 

ПЕН ӘЙЕЛ ТЕҢ БЕ?

ГЕНДІРЛІК САЯСАТ

немесе


3

Қазақ хандары 

Дана да дара, қайсар да қайтпас мінезді 

хандар мен патшалар, сұлтандар мен би-

лер  халық  есінде  ұмытылмай  ғасырлар 

сарынынан  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен. 

Олар  билік  құрған  кезеңдерде  елдік  тұр-

ғысынан  маңызды  оқиғалар  мен  өзгеріс-

тер өтіп жатты. Дəл бүгін олардың ұрпақ-

тары  ел  басқарған  тұлғалардың  істеріне 

баға беріп, олардың кемеңгерлігі мен да-

ралығын мадақтаймыз. 

Жəнібек  хан  туысы  Керей  ханмен  бір-

лесіп  Қазақ  хандығының  негізін  қалаған. 

Міне, Жəнібек хан туралы көпшілігіміздің 

білетініміз  осы  ғана.  Дегенмен,  тарихи 

деректерге сүйене отырып жазған тарих-

шылардың  мақалаларын,  бес  ғасырдан 

бергі уақыт сүрлеуімен жеткен аңыз-əңгі-

мелерді қарастырып көрелік. 

Жəнібек  ханның  есімі  ортағасырлық 

жазба  деректерде  хандар  шежіресіне 

байланысты,  Қазақ  хандығының  негізін 

калаушы  ретінде  жəне  кейбір  шығарма-

ларда Қасым ханның əкесі ретінде кезде-

седі.  Оның  тікелей  өмірі  жайында  ешбір 

жазба дерек жоқ. Ол – Ақ Орданың соң-

ғы ханы, атакты Барақ ханның Мір-Сайд, 

Мір-Қасым  атты  ұлдарынан  кейінгі  кіші 

ұлы.  Сол  себептен  болу  керек,  ХVІ-ХVII 

ғғ. казақ тарихшысы Кадырғали би Жала-

йыр оны «Кіші Жəнібек хан» деп ауызына 

алады. 

Хан әулетінің шежіресі

Жəнібек  ханның  аталары  Дешті  Қып-

шақтың  белгілі  тұлғалары.  Ол  əулеттен 

хандық  билік  үзілмеген.  Жəнібек  ханның 

Орыс  ханға  дейінгі  аталары:  Барақ  пен 

Койыршақ  хандар  –  Ақ  Ордада  хан  бол-

ған  тұлғалар.  Барақ  хан  XV  ғасырдың 

жиырмасыншы  жылдарында  Ақ  Орда 

мен  Алтын  Ордада  хан  болған.  1426 

жылы  Сыр  өңірі  үшін  күресте  Мауерен-

нахр  билеушісі  Ұлығбекті  Сығанақ  түбін-

де  жайратып  салады.  Атасы  Қойыршақ 

хан 1391-1395 жылдары Ақсақ Темір мен 

Тоқтамыс хан арасындағы соғыстарда ал-

ғашқы  билеушінің  жағында  болады.  Сол 

себепті де ол Тоқтамыс хан Алтын Орда-

дан қуылғаннан соң, Дешті Қыпшақта хан 

болады.  Хайдар  Разидың  жазуына  кара-

ғанда  Жəнібек  ханның  атасы  хандықта 

ұзақ  отырмаған.  Ал  үшінші  атасы  Орыс 

хан  туралы  деректер  көп.  Ол  1361-1378 

жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордада хан 

болған.

ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшесі,  Əл-Фа-



раби атындағы ҚазҰУ, тарих, археология 

жəне  этнология  факультеті,  Қазақстан 

тарихы  кафедрасының  профессоры, 

т.ғ.д. Б. Кəрібаев өзінің мақаласында бы-

лайша  өрбітеді.  «Орыс  ханнан  Шыңғыс 

ханға  дейінгі  хандар  шежіресі  деректер 

мен  оларға  негізделген  зерттеулерде  екі 

түрлі  түсіндіріледі.  «Тауарихи  гузида-ий 

нусрат  нама»  мен  Əбілғазының  «Түрік 

шежіресінде»,  «Шыңғыс  хан  –  Жошы 

хан – Тоқайтемір – Өзтемір – Хожа-Бадық 

(Бадағұл)  –  Орыс  хан»  делінсе,  Натан-

зидың  «Ескендірдің  Анонимі»  бойынша 

«Орыс хан – Шымтай – Ерзен хан – Сасы 

Бұқа»  –  деп  өрбітіледі.  Рашид  ад-диннің 

«Жами  ат-тауарихында»,  «Сасы  Бұқа  – 

Баян  –  Қоныша  –  Сартақтай  –  Орда 

Ежен – Жошы хан жəне Шыңғыс хан» деп 

баяндалады.  Бірінші  деректе  Жəнібек 

хан – Шыңғыс ханның ең кенже ұлы Тұкай 

Темірден таратылса, екіншісінде ең үлкен 

ұл Орда Ежен ұрпағы деп көрсетілген».

Ата жолын қуған Жəнібек хан XV ғасыр-

дың ортасынан бастап Дешті Қыпшақтағы 

жаңа  мемлекеттің,  «Қазақ»  хандығының 

негізін қалап, оны билеушілердің бірі бо-

лады. 

Атасының ұлысын биледі

Жəнібек хан шамамен XV ғасырдың ба-

сында дүниеге келген. Сол ғасырдың 50-

60-шы жылдары туысы Керей екеуі Орыс 

хан ұрпақтарының ішіндегі ең үлкені бола-

тын. Тарихшылардың айтуынша Жəнібек 

ханның  есімі  Қазақ  хандығының  негізін 

қалағанға  дейін  еш  деректерде  кездес-

пейді. М.Елеуұлының «Шу өңірі: аңыз бен 

тарих»  еңбегінде  Жəнібек  хан  əкесі  Ба-

рақ хан қайтыс болғаннан соң, 1428-1457 

жылдарда  Сыр  өңірінде  ұлыс  басқарған 

деп жария етеді. Аңыз дерегін жазба де-

рек  мəліметі  де  қолдайды.  Р.Сыздықова 

мен  М.Қойгелдиевтің  еңбегінде  Қадыр-

ғали  Жалайыридың  мынандай  сөздері 

кездеседі: «… Бұл Жəнібек хан атасының 

ұлысын биледі». 



Қазақ хандығының 

құрылуы 

Қазақ хандығын құру жолында екі хан-

ның аткарған істерін бөле-

жарып айту мүмкін емес. 

Тарихшылар  хандықтың 

кұрылу  кезеңінде  екі 

ханды  үнемі  бірге  айта-

ды.  Біз  бұған  дейінгі  Ке-

рей  хан  туралы  жазылған 

мақаламызда  хандықтың 

қалай,  қашан  құрылғанды-

ғын  айтқанбыз.  Оны  қайта 

тізбектемей, тікелей Жəнібек 

ханның атқарған еңбегі тура-

лы айтсақ. Қазақ хандығының 

құрылу  кезеңінде  Керей  мен 

Жəнібектің  Əбілқайыр  хан-

нан бөлініп, Моғолстанға келуі 

жəне  хандық  құрып,  1461-1462 

жылға дейінгі, яғни Есенбұға хан 

қайтыс  болғанға  дейінгі  аралық 

жатады.  Бұл  кезеңде  Қазақ  хан-

дығы  əлі  толык,  дербес  хандық 

емес еді. Моғолстанның батысын-

да  орналасып,  оның  батыстағы 

«қорғаны» рөлін атқарды. Хандық-

тың  халқы  «өзбек-қазақ»  этнонимі-

мен  аталынды.  Əбілқайырға  нара-

зылар  есебінен  хандықтың  халқы 

артты. І458 жылдан 1462 жылға дейін 

Қазақ  хандығының  арқасында  Есенбұға 

хан билігіне Жүніс те, басқа біреу де қауіп 

төндіре алмады.

Жәнібектің хандық тұғыры 

Хандықтың  құрылуының  алғашқы  ке-

зеңдердегі жылдарында Керей мен Жəні-

бек  хандар  бірге  айтылып,  соңғы  кезең-

де тек Жəнібек ханның есімі деректерде 

жалғыз  кездеседі  екен.  М.  Елеуовтың 

жариялаған  тарихи  деректеріне  қара-

ғанда Керей хан он жылдай билік кұрып, 

Хантауда  жерленген.  Т.ғ.д.  Б.  Кəрібаев 

өз мақаласында Керейден соң хандыққа 

Жəнібектің келуі ата дəстүріне сай жүзе-

ге асады дейді. «Дəстүр бойынша хандық 

билік Х-ХIII ғғ. қыпшақтарда əкеден бала-

ға  емес,  əкеден  ініге  не  немере  туысқа 

беріліп  отырған.  Жергілікті  тайпалардың 

бұл  дəстүрі  XV  ғасырда  да  өз  жалғасын 

табады.  Фазлаллах  ибн  Рузбехан  өз  ең-

бегінде «Керейден соң хаңдықта бірнеше 

адам болды, сосын кезек Бұрындық ханға 

тиді», – деп жазса, «Тарих-и Кипчакхани» 

енбегінің  авторы  1469-70  жылдары  қа-

зақ  ханы  Жəнібек  деп  көрсстеді»,  –  деп 

өрбітті ғалым.

«Фатих нама», «Шайбани нама», «Бахр 

ал-асрар  фи  манакиб  ал-ахйар»  жазба-

ларында  Керейден  соң  Жəнібектің  хан 

болғандығын  айта  отырып,  бірақ  оның 

қай жылы хандықка келгенінен хабар бер-

мейді.  ««Керей  он  жылдай  хан  болса», 

онда  Жəнібек  хандық  билікке  шамамен 

1465-1466 жылдары отырған», – деп топ-

шылайды т.ғ.д. Б. Кəрібаев. 



Тәуелсіз Қазақ хандығы

Жəнібек ханның билігі 6-7 жылға созы-

лады. Тарихқа сүйенсек, ол билік құрған 

тұста  хандық  тарихта  үлкен  маңызға  ие 

бірнеше  оқиға  болады.  Біріншісі,  1469 

жылғы  Əбілқайыр  ханның  Қазақ  ханды-

ғына  жасаған  жорығы  сəтсіз  бітіп,  хан-

ның  қайтыс  болуымен  аяқталады.  Бұл 

жағдай «көшпелі өзбектер» мемлекетінің 

толық күйреуінің басталуына алып келді. 

Екіншісіне  Дешті  Қыпшақта  шибанилық 

əулет билігінің жойылуы жатады. Шибани-

лар əулетінің билігі өздігінен жойылмады, 

оны  жояды.  Жойғандардың  ішінде  Сібір 

хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда 

хандығы,  Хорезм  хандығы  жəне  Жəні-

бек хан басқарған Қазақ хандығы болды. 

Жəнібек  ханның  атқарған  тарихи  рөлін 

осы  жерден  айқын  байқаймыз.  Кезінде 

Керей  ханның  айтқан  «Сəтін  салған  күні 

батысқа – Түркістанға жол салуымыз ке-

рек»,  –  деген  өсиетін  Жəнібек  хан  жүзе-

ге  асырады.  Сондай-ақ,  Жəнібек  ханның 

еншісіне  келген  маңызды  қадам  –  Қазақ 

хандығының билігін Дешті Қыпшақ аума-

ғына толық тарата бастауы еді. 1470-1471 

жылдары  –  Қазақ  хандығының  толық, 

тəуелсіз,  жеке  ел  ретінде  өмір  сүре  бас-

таған кезі еді. 

Хан ұрпағы 

Жəнібек  ханның  артында  тоғыз  ұлы 

қалады.  Оның  ішінде  Жиренше,  Махмұт, 

Қамбар,  Əдік,  Қасым  секілді  ұлдары  XV 

ғасырдың  соңы  XVI  ғасыр  басындағы 

Қазақ  хандығы  тарихында  үлкен  рөл  ат-

қарады. XVI ғасырдың ортасы мен екінші 

жартысында саяси билік Жəнібек ханның 

Жəдік атты ұлы мен оның ұрпақтарының 

қолдарында болады. Қазақтың ханы бол-

ған Тəуекел, Есім, Жəңгір, Тəуке хандар –

Жəнібек ханның ұрпақтары болып келеді. 



Сөзтүйін. Жəнібек ханның өмірі мен 

тарихы  ел  тарихымен  тікелей  байла-

нысты. Оның жеке тұлғалық шежіресін 

білу аркылы бүгінгі ұрпақ Қазақ тари-

хын терең біле түседі. Жəне де тарих-

та өшпестей атын қалдырған кемеңгер 

хан  –  Жəнібектің  өмірі  мен  қайрат-

керлігі əрқашанда кейінгі ұрпаққа үлгі, 

өнеге болып қала бермек.

Жанар ЕЛЕШОВА

КЕМЕҢГЕР ӘМІРШІ –  

ЖӘНІБЕК 

>

 

Биыл ел болып Қазақ хандығының 550 жылдығын халықаралық деңгейде тойламақ-



шымыз. Қазақ хандығының мерейтойын атап өту қарсаңында қазақ халқын билеген 

хандар туралы жариялауды жөн көрдік. Тарих сүрлеуінде көмескеленіп қалған еліміздің ұлы 

тұлғаларын жария етуді газетіміздің алдыңғы сандарынан бастап кеттік. Бүгінгі әңгіме Қазақ 

халқының тарихи санасында есімі аса құрметпен ескерілетін хандардың бірі, Қазақ хандығы-

ның негізін құрушы – Жәнібек хан туралы болмақ. Көршілес халықтардан шыққан тарихшылар 

ол туралы үзік-үзік деректер берсе, халық ауыз әдебиеті оның тарихи бейнесін бес ғасырдан 

астам уақыт бойы сақтап келген.


4

Еркін сұхбат




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал