Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



жүктеу 329.95 Kb.

бет1/3
Дата22.02.2017
өлшемі329.95 Kb.
  1   2   3

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

Павлодар жастарының газеті



5

 (64)


30 тамыз 2015 жыл

С.Торайғыров атындағы 

ПМУ студенті

Мұрат Марғұлан

КЕЛЕШЕККЕ

КЕМЕЛ БІЛІММЕН!

«Оқу – азық», - дейді жұрт, - «ақыл – дәрі»,

Ақылды адам қашанда батылды әрі.

Елімнің кемел білім ақ ордасы – 

Сұлтанмахмұт Торайғыр атындағы.

Мұратыңа жетерсің анық термен,

«Жан азығы – білім» деп дәріптелген.

Павлодар мемлекеттік оқу орны,

Жастарға болашаққа бағыт берген.

Сенен өзге жерден бақ таба алмадым,

Орындалды студенттік бар арманым.

Кәсіби шын даярлап шығарады,

Елімізге білікті мамандарын.

Баураған кең біліммен от сананы,

Барша ұжым сол үшін ат салады.

Түрлі маман даярлар оқу орын – 

Инновацияланған көп салалы.

Түймесең басқа білім, дем тарылар,

Білмесең ПМУ-ді, кел, танып ал.

Мен білетін ПМУ – ең үздігі,

Мен танитын ПМУ – ең танымал.

Жүре алмаймын халқымның сырын бүге,

Біздің күш – бейбітшілік, бірігуде.

Болашақта бақытты болғың келсе,

Жас талапкер, келіп, түс ПМУ-ге.

2-бет


ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ

ЕР ЕСІМ


ТАРИХИ ЗЕРДЕНІҢ 

ЖАҢҒЫРУЫ:

АҢЫЗ ӘЛДЕ ҚИЯЛ?

Жұмабек Сманов: 

ГАЗЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ 

 ЕКІНІҢ 


бІРІНЕ БЕРІЛЕ БЕРМЕЙТІН БАҚ

БІРЛІГІ 


ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ

4-бет


5-бет

3-бет


8-бет

Ләзиза Серғазина: 

ХАЛҚЫМА МЕДЕУ 

БОЛҒАН ЖЕҢІС



2

Қазақ хандары



ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ

Ортағасырлық  Қазақстан  тарихындағы  хандық  дәуір  деп  аталатын 

тарихи кезеңде, яғни Қазақ 

хандығының  негізін  қалаған  Керей  мен  Жәнібек  хандардан  бастап  Тәуке  ханға  дейінгі  екі  жарым  ғасырдай  созылған 

уақыт ішінде қазақ мемлекетін жиырмаға жуық хандар басқарған екен. Осы кезеңде Қазақ хандығына көршілес болған 

көптеген мемлекеттер өз дамуының ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты саяси тізгінінен айырылып, басқа біреудің 

жетегінде кетсе, ал кейбіреулері бірнеше рет өздерінің билеуші әулеттерін өзгертеді. Ал қазақ мемлекеті болса, XV-XVIII 

ғасырлар аралығындағы тарихтың әр түрлі сыны мен тезіне төтеп беріп, жаңа заманның табалдырығына аяқ басады. 

Бірінші топқа – қазақ мемлекетін құруда, нығайтуда, сыртқы жауларға қарсы күресте жетекші рольдер атқарған, ішкі 

бірлік пен тұтастықты сақтауда көп еңбек сіңірген хандарды жатқызсақ, екінші топқа – өздерінің билігі тұсында қазақ 

мемлекетінің саяси, әскери, экономикалық қуатын әлсіретіп алған хандарды енгіземіз. Керей мен Жәнібек, Бұрындық пен 

Қасым, Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Тәуке хандармен бірге осы топтың ішінде Есім хан да өз орнын ойып алады.

ХАН БОЛУ ЖОЛЫ

Есім  хан  қазақ  тарихында  «Еңсегей 

бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, 

оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел 

ханмен  бірге  Мауреннахрға  жасаған 

жорықта  ерекше  көзге  түскені  үшін 

берілген екен. Есім хан – Шығай ханның 

баласы,  ол  бұрын  қазақ  хандығының 

Түркістан  қаласындағы  хан  ордасында 

тұрған.  Есім  ханның  нақты  қай  жылы 

дүниеге  келгені  белгісіз,  бірақ  оны 

шамалап  айтуға  болады.  Қадырғали 

Жалайыр  дерегіндегі  Оразмұхаммедке 

қатысты  «Сегіз  жасында  атасы  Шығай 

ханнан  айырылды.  …Он  үш  жасында 

өз әкесі Ондан сұлтан шахит болды. Он 

алты жасында бүкіл христиан падишахы 

Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын 

болды» деген мәліметтерден Есім ханның 

ағасы Ондан сұлтанның 1555 жылы туып, 

1585 жылы қаза тапқанын білгеннен кейін, 

інісі  Есім  ханды  шамамен  1560  жылдың 

о  жағы  мен  бұ  жағында  дүниеге  келген 

деп есептейміз. Есім хан – XIII ғасырдың 

20-шы  жылдарынан  бері  Дешті  Қыпшақ 

аумағында үздіксіз билікте болған Шыңғыс 

әулетінің өкілі. Шыңғыс ханнан  Есім ханға 

дейін он алты ата болған. Оны былайша 

беруге болады: Шыңғыс хан →Жошы хан 

→Орда  Ежен  →Сартақтай  →Қоныша  → 

Баян    →  Сасыбұқа  →Ерзен  →  Шымтай 

→  Орыс  хан  →  Қойыршақ  →  Барақ  хан 

→  Жәнібек  хан  →  Жәдік  →Шығай  хан 

→Есім хан. Оның ата-бабаларының бәрі 

дерлік  билікте  болып,  Алтын  Орда,  Ақ 

Орда  секілді  мемлекеттердің  тарихында 

ерекше роль атқарған. 

БИЛІГІ

Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-



шарт  жасасып,  Орта  Азия  қалаларымен 

бейбіт экономикалық байланыс орнатуға 

ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа 

бағынған  мемлекет  етіп  құруды  көздеді. 

«Есім  ханның  ескі  жолы»  деп  аталған 

заңды 


құрастырды. 

Есім 


ханның 

қазақтарды  бір  орталыққа  бағындыру 

саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ 

хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент 

қаласы  қазақ  хандығына  қараған  соң 

оны  Жәнібек  ханның  немересі,  Жалым 

сұлтанның  баласы  Тұрсын  Мұхаммед 

сұлтан  басқарған  еді.  Ол  көп  ұзамай 

тәуелсіз  хан  болуға  әрекет  жасады. 

Тіпті  өз  атынан  ақша  соқтырып,  «бажы 

және  хараж»  алым-салықтарын  жинады. 

Сонымен,  қазақ  хандығын  екіге  бөліп, 

Түркістан  қаласын  орталық  еткен  Есім 

хан,  Ташкент  қаласын  орталық  еткен 

Тұрсын  хан  билеген  еді.  Бұлардың 

арасында  соғыс  қақтығыстары  болды. 

Бұл  екі  жақ  ұйғыр,  қырғыз,  қарақалпақ 

билеушілерінен 

өздеріне 

одақтас-


жақтастар  іздеуге  кірісті.  Есім  хан  тобы 

Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды 

билеген  Әбдірахим  ханмен  одақтасты. 

Ал  Тұрсын  Мұхаммед  хан  жағы  Яркент 

билеушісі  Шажайдың  Ахметінің  жақтасы 

болды.  Бұлармен  одақтасып  отырған 

Әбдірахим  мен  Ахмет  те  бір-бірімен 

жауласып  отырған  билеушілер  болатын. 

Есім  хан  өзіне  мықты  сүйеніш  ету  үшін 

Яркент  ханы  Әбдірахиммен  құдандалық 

байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің 

қызы  Патша  ханымға  үйленді  де,  ағасы 

Күшік  сұлтанның  қызын  Әбдірахимге 

берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында 

күрес  шиеленісе  берді,  1627  жылы  Есім 

хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын 

өз  қол  астына  біріктірді.  Есім  ханның 

феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ 

хандығын  біріктіру  жолындағы  күрестері 

қазақтың  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»  атты 

тарихи жырына өзек болған.

ТҰҒЫРДАҒЫ ЖЕТІСТІГІ

Есім  ханның  хан  ретіндегі  тарихи 

тұлғасын  терең  зерделей  келе,  одан 

бірнеше ерекшеліктерді байқауға болады. 

Біріншісіне  –  жиырмаға  жуық  хан  ішінде 

Қасым  хан  мен  Тәуке  хан  секілді  оның 

«Есім  ханның  ескі  жолы»  атты  заңдар 

жинағын  енгізуі  жатады.  Ал  екінші 

ерекшелікке  –  оның  хандық  билікте  екі 

рет  болуын  жатқызамыз.  Басқа  елдерде 

хандық  билікте  бір  тұлғаның  екі  немесе 

одан  да  көп  болғаны  белгілі,  ал  қазақ 

мемлекеті  үшін  бұл  жағдай  ерекше 

болып  саналады.  Үшінші  ерекшелікке  – 

Есім  ханнан  бастап  Йасы  қаласы  жаңа 

атауға  –  Түркістан  атауына  ие  болып, 

Қазақ хандығының астанасына айналады 

да,  Қазақ  хандары  Қожа  Ахмет  Иасауи 

кесенесінің  жанына  жерлене  бастайды. 

Сөйтіп  Есім  ханнан  бастап  Түркістан 

қаласының  киелілік  маңызымен  қатар, 

саяси-әкімшілік  және  рухани  орталық 

ретіндегі  маңызы  артады  да,  бірнеше 

ғасыр бойы қазақ еліне қызмет етеді.

Түйінсөз.  Есім  –  ірі  мемлекет 

қайраткері,  шебер  саясатшы.  Ол 

–  ағасы  Тәуекел  ханның  қасында 

жүріп,  көпті  үйреніп,  мол  тәжірибе 

жинақтаған,  хан  тағына  есейген 

шағында  отырған,  халық  есінде 

«Есім  салған  ескі  жол»  деген  атпен 

сақталған  ел  басқарудың  өзіндік 

ережесін  шығарған  қазақтың  ұлы 

хандарының  бірі.  Оның  кезінде  Қазақ  

хандығында ыдырау болған жоқ, елді 

басқару  бір    орталықтан  жүргізілді. 

Сондай-ақ,  жекелеген  тәуелсіз  ірі 

қазақ  сұлтандары  іс  жүзінде  Есім 

ханнан  тәуелсіз  де  болған  жоқ.  Есім 

ханның  Қазақ    хандығының  ішкі 

тұтастықты  сақтап  қана  қоймай, 

сонымен  бірге  көршілеріне  ықпал 

етіп,  олардың  ішкі  ісіне  араласып 

отырғаны да тарихи шындық. 

Дайындаған Ақмарал ЕРМАНАТ

Жамағат құлақ салып тыңдасын да

Қазаққа әділдікпен патша болып,

Есім хан ел билеген өз тұсында.

Ол өзі жұртын сұрап даналықпен,

Мекен ғып тұрған Сырдың жағасында.

Қақ жарған қара қылды әділдікпен,

Халықтың алған ықылас- батасын да.

Сол кезде жерге талас қазақ, қалмақ,

Сыр өзен Қамыстақтың арасында.

Алада, астам көңіл шапқыншылар

Алдында кім тұрғанға қарасын ба?

Осындай сабаз басшы тұрған кезде

Сұмырай  жау  елді  басып  ала  алсын 

ба?

Жүреді қалай тартса қалам деген.



Немене теңсіз болса заман деген?

Азырақ Дорбанқоран сөз бастайын

Қазақты бір-ақ жалмап алам деген.

Дорбанқор қалмақтардың ханы еді.

Көп жерге қанды ойран салып еді. 

Ол өзі батырсынған өте жауыз,

Зорлықпен талай елді алып еді.

Басынып қазақ халқын көзіне ілмей,

Топтанып Қамыстаққа барып еді.

Тұмсығы тасқа тиіп келген жерден,

Қазақтың батырлығын танып еді. 

Мың кісі Қамыстаққа Дорбан барды,

Қазақпен он сегіз күн соғыс салды. 

Ақыры соққы көріп біздің жақтан,

Мыңнан үш жүз адам әрең қалды.

Жазуға қалам алыпбасшым қағаз,

Есім хан – тым айлакер, әділ сабаз.

Еліне даналықпен басшы болып,

Дұшпанды соққылап ед көтертпей бас.

Тазртып туған елін құтқаруға, 

Сайланып атқа мінді кәрі мен жас... 

 

«Бабалар сөзі» жүзтомдығынан үзінді 



(Бабалар сөзі 56 том, Тарихи жырлар, 

Астана, Фолиант баспасы, 2009 ж.)

ЕСІМ


 ХАН

ЕР ЕСІМ

3

жүздеген беттен және СД дискіден тұрады.

–  Мен  қазақ  хандығының  негізін 

қалаушылары  Керей  мен    Жәнібекке 

арналған әннің аудиожазбаларын тыңдадым, 

ең  соңында  әр  қазаққа  таныс,  әр  қазақ 

білетін «Елім-ай» әнінің әуені орындалады. 

Мұндай музыкалық шешім неге негізделеді?

–  Мұның  жауабы  Сіздің  сауалыңызда 

жатыр.  Халық  әні  болып  кеткен    және 

миллиондаған  қазақтың  жүрегінде  жатқан 

бұл  әнді  кезінде  Қожаберген  жырау 

жазған  екен.  Ол  өзі  батыр  болған  адам, 

жоңғарлармен  жан  аямай    батырлықпен 

күрескен.  Бұл  қай  жердегі  болсын,  барлық 

қазақ үшін белгілі ән.

– «Керей-Жәнібек» әнінде мажор жоқ, ол 

минормен  жазылған,  бірақ  та  өте  мықты, 

мәнді  әуен,  Қазақ  хандығының  негізін 

құраушыларға  лайықты.  «Елім-ай»  әні 

де,  дұрысы,  жоқтау,  жылау  өлең  емес,  ол 

еркіндік пен тәуелсіздікке жетудің қиын жолы 

мен жеңісі туралы өлең.Жоба жұмысы қазіргі 

күні қай кезеңде?

–  Міне,  көріп  отырғаныңыздай,  бірінші 

баспа шығарылымы шықты. Енді топтаманы 

шығару  үшін  қажетті  қаражат  жағын 

қарастырамыз.  Біздің  шығармаларымызды 

орындауға  ниет  білдірушілер  де  табылды. 

Бұл  «Шаңырақ»  хоры.  Б.  Рақымжановтың 

симфониялық  оркестрі  де  қалыс  қалмайды 

деген ойдамыз. Топтама осы жылдың күзінде 

республикалық  деңгейде  (Тараз  қ.)  өтетін 

Қазақ  хандығының  550  жылдық  мерекелік 

шараларына  Павлодардың  Ертіс  өңірінен 

«ән  шашу  және  кітап»  түріндегі  лайықты 

сыйлық болады деген ойдамын. 

–  Оспан  батыр  туралы  әндеріңіз  үшін 

Сіздерге, авторларға үлкен алғыс білдіреміз. 

Ол  ірі  тұлға,  ол  туралы,  өкінішке  орай, 

қазақтардың  өздері  де  көп  мәлімет  біле 

бермейді. Ол туралы көптеген мәліметтерді 

шетелдік  дереккөздерден  білуге  болады.  

Жасырмаймын, мені таң қалдырған бір жайт 

– жинақта Абылай ханның ерліктері туралы 

айтылатын  әндер  жоқ  екен.  Бәрімізге 

мәлім, ең алғашқы рет Абылай ханды біздің 

Баянауыл жерінде әлемге әйгілеп, оны ата-

бабаларымыздың дәстүрі бойынша ақ киізге 

көтерді. Дәл осы біздің жерімізде, Сарыарқа 

жерінде,  орта  жүздің  батырларымен  бірге 

ол  жоңғарлармен  соңғы  соғысын  жүргізіп, 

намыспен жауды жеңіп шықты. Осылайша, 

өзінің  әскері  мен  өзінің  есімін  біздің 

тарихымызда мәңгілік етіп қалдырды. 

– Біз жобаны алғаш бастаған кезде, бізге 

жиырмадан  астам  ән  жазу  ұсынылды.  Ал 

осындай  аздаған  мерзім  ішінде  мұндай 

жұмыс  жасау  мүмкін  еместігін  өзіңіз 

де  білесіз.  Біз  сан  жағын  көбейту  үшін 

материалдың  сапасын  түсіріп  алмауды 

ойладық.  Ең  соңында  кейінірек  екінші 

жинақты  шығарамыз  деген  шешімге 

келдік.  Ол  жинақта  ең  алдымен  Абылай 

хан мен оның ерліктері туралы ән болады. 

Сонымен қатар ол жинаққа қазіргі заманның 

батырлары  –  желтоқсанның  құрбандары 

туралы  әндер  де  енгізіледі.  Бірақ  ол  әлі 

тек  жоспарда  ғана.  Алдымен  бірінші 

жинағымызды  шығарып  алуға  Алла  нәсіп 

етсін.

–  Көптеген  БАҚ-тарда,  «Хабар»,  «24 



КZ»  арналарында  Сіздердің  осы  тамаша 

топтамаларыңыз  туралы  хабарлар  бар,  ол 

туралы  айтылды  да.  Жергілікті  БАҚ  оның 

кереметтілігі  туралы,  «мұндай»  жинақтың 

Қазақстанда  алғаш  шығарылуы  туралы 

айтып  жатыр,  Сіздердің  бастамаларыңыз 

туралы  олар  біледі  және  қолдау  көрсетуге 

барынша  даяр.  «Шын»  сайтында  тіпті  әнді 

нотасымен  де  салды.  Енді  не  себепті  іс 

тоқтап қалды?

–  Ендігі  қалған  іс  –  жергілікті  биліктің 

шешімі.  Бірінші  баспа  шығарылымын  мен 

өз  қаражатыма  шығардым,  бірақ  менің 

оқытушылық  еңбек  ақым  жүз  данасын  да 

шығаруға жетпейтінін білесіз.

Біздің  сазгермен  әңгімеміз  көңілсіз 

нотада  аяқталды.  Астана  қаласының 

белсенділерімен  кездесуде  айтқан  сөзінде 

Елбасы  мынадай  тамаша  сөздер  айтты: 

«Біз  –  ата-бабаларымыздың  ұлы  істерін 

жалғастырушылармыз». Біз бұл сөзді сұхбат 

барысында  есімізге  түсіріп  отырдық.  Билік 

басындағылардың  барлығы,  мемлекетіміз 

үшін  осылай  кеңінен,  Президентіміз  секілді 

ойлай  ма  екен  деген  ойға  келдік...Қазақта 

«Өлі  разы  болмай,  тірі  байымайды»  деген 

нақыл сөз бар. 

Неге  өзінің  Отаны  мен  өзінің  халқына 

қызмет ету үшін бар күші мен өмірін аямаған 

ел  билеушілері  мен  батырларды  еске 

алып,  оларға  осындай  керемет  өлеңдер 

мен  тамаша  әуендер  арқылы  алғыс 

білдірмеске?  Мұндай  шығармалар    үлкен 

азаматтық  күш-жігер  береді,  сонымен  бірге 

болашақ  ұрпақтың  бойында  патриоттық 

сезімді  қалыптастыруда  үлкен  роль 

атқаратындығына сенімдіміз. 

Екі  павлодарлық  –  сазгер  мен  ақын 

– 

азаматтық 



құлшыныспен 

үлкен 


шығармашылық  жұмыс  жасады.  Ақша 

да,  атақ  та  талап  етпестен,  олар  қазақ 

хандығының  550  жылдық  мерекесіне  орай 

жас  ұрпақтың,  жас  қазақстандықтардың 

патриоттық  тәрбиесіне  өз  үлестерін  қосты.  

Неліктен мұндай игі бастаманы мемлекеттік 

деңгейде  қолдамасқа?  Мүмкін  біздің 

кәсіпкерлеріміздің арасынан осы топтаманы 

шығаруға  ат  салысатын,  үлесін  қосатын 

патриоттар табылып қалар. Бәрін де уақыт 

көрсетеді.

Сөзімізді  түйіндей  келе,  айтарымыз 

–  өткен  кеңестік  заманға  қандай  көзбен 

қарасақ  та,  бір  нәрсені  мойындауымыз 

керек,  ол  –  мемлекеттік  идеологияның 

мықтылығы. 

Кеңестік 

батырларды 

дәріптеу  арқылы  кеңестік  патриотизм 

қалыптасты,  Юрий  Гагарин  мен  Мәншүк 

Мәметованың,  Зоя  Космодемьянская  мен 

28  панфиловшылар  елінің  азаматтары 

осылайша өсті. Батырларымызды өлгеннен 

кейін  марапаттап  лайықты  бағасын 

бергенше,  өмірінде  қандай  құндылықтарды 

басшылыққа  алатынын  және  өмірде  кімнен 

үлгі алатынын білетін жастарға құрмет керек. 

Бірақ  та,  осы  құндылықтардың  еленбей 

жатқандығы көңілімізді жабырқатады. 

Мая АХМЕТОВА 

Қазақ хандығы 

ТАРИХИ ЗЕРДЕНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ: 

АҢЫЗ ӘЛДЕ ҚИЯЛ?

Қазақ халқының өзіндік жеке мемлекеттік бірлестігінің – Қазақ хандығының құрылуының 

550 жылдығын тойлауға еліміздің барлық аймақтары дайындалуда. XV ғасырдың ортасында 

алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керей шейбанид Әбілқайырдан бөлек шығып, жаңа 

мемлекеттің іргетасын құрады. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бірнеше жылдар бойы қазақ 

хандары  шейбанидтер  әулетін  оңтүстікке,  Әмудария  мен  Сырдарияға  аралығына  қарай 

ығыстырып  шығарады,  олар  бұл  жерде  Өзбек  хандығын  құрады,  ал  Ақ  Орда  Қазақ 

хандығына өтеді, оның басында Жәнібектің ұлы - Қасым хан тұрады. Қазақ хандығының 

бүкіл тарихы қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күреспен байланысты. Дана 

хандар мен ержүрек батырлардың арқасында олжоңғарлар мен шүршіттердің, қоқандықтар 

мен бұхарлықтардың көптеген соққысына төтеп берді. Бірақ отаршылдардың соққысына 

қарсы тұра алмады.

ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА: 

НАЗЫМБЕК СӘБИТҰЛЫ 

ДҮКЕНБАЙ

 

– танымал педагог және сазгер, 



20-дан астам оқу құралының, 

оқулықтар мен әндер жинағының 

авторы,С. Торайғыроватындағы 

Павлодар мемлекеттік универ- 

ситетінің профессоры, Қазақстан- 

ның ЖОО-лары арасында өткен 

 

«Үздік ән мұғалімі» сайысының 

«Гран-при» иегері, «ЖОО-ның үздік 

оқытушысы - 2006» жүлдесінің 

иегері, Қазақстан Республикасының 

мәдениет қайраткері, сазгер және 

250-ден астам әннің авторы (соның 

ішінде 100-ден астамы балаларға 

арналған әндер).

Қазақ халқының қаһарман қорғаушылары 

мен  оның  дана  басшыларын  мадақтайтын 

әндер, күйлер мен аңыз әңгімелер ғасырдан 

ғасырға жалғасып келеді. Кеңестік идеология 

олардың  жасаған  істері  мен  есімдерін 

халықтың жадынан шығарып тастай алмады. 

Халықтың  еркіндік  пен  тәуелсіздікке  деген 

талпынысына да бөгет бола алмады. 

Тарихи  зерденің  жаңғыруы  Тәуелсіздікке 

қол  жеткізумен  тікелей  байланысты,  ол 

жаңарған тәуелсіз Қазақстанның жас буынын, 

келешек  ұрпағын  тәрбиелеуде  үлкен  роль 

атқарады, оларды ең қауіпті рухани дерттен 

– мәңгүрттік дертінен сақтайды. 

Қазақстанның  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаев  айтып  кеткендей,  дәл  солар, 

яғни  Қазақстанның  жас  азаматтары  өз 

ата-бабаларының  ұлы  істерін  болашақта 

жалғастырулары  қажет.  Жаңа  «Қазақ 

хандығы  тарихынан»  атты  музыкалық-

поэзиялық  топтама  осы  игілікті  мақсатқа 

арналған,  авторлары  белгілі  павлодарлық 

педагог  –сазгер  Назымбек  Дүкенбай  мен 

ғалым-ақын  Серік  Елікбай.  Оның  тамаша 

өлеңдеріне  арналып  музыка  жазылды,  бұл 

өлеңдер  жеке  дауыста  да,  симфониялық 

оркестрдің 

сүйемелдеуімен 

хордың 


орындауында  да  айтылады.  Бұл  тамаша 

топтаманың  ішіндегі  он  ән  қазақ  халқының 

танымал  ұлдарына  арналғандығы  тамаша 

әсер  қалдырады.  Олар  –  Жәнібек  пен 

Керей,  Әз  Тәуке,  еркін  даланың  соңғы 

жеңімпаз  ханы  Кенесары,  сонымен  бірге 

аттары  аңызға  айналған  батырлар  – 

Қабанбай, Бөгенбай, Баян батырлар. Шығыс 

Түркістанның  тәуелсіздігі  үшін  жанын  қиған 

Оспан батырдың есімі Қазақстанда  әлі кең 

танылған жоқ. Қазақтың бұл батыр тұлғасын 

бүкіл әлем таныды, ол туралы шет елдерде 

көп  жазылды,  батыр  туралы  әдебиеттердің 

көптеген саны Англияда, АҚШ-та, Түркияда 

бар.  Ағылшындық  Барнетт,  Моррисон  және 

Форбесстер  оған  арнап  кітаптар  жазды. 

Америкалық  тарихшы  Линда  Бенсон  1988 

жылы  Іле  қозғалысы  туралы  жазған  кезде, 

өзінің  кітабының  тарауларының  бірін 

«Қазақтардың алтын аңызы – Оспан батыр» 

деп атады. 

Ату  жазасының  алдында,  Үрімшіде, 

өзінің соңғы сөзінде Оспан батыр көшпенді 

қазақтың  тарихындағы  соңғы  батырға 

лайықты  мынадай  сөздер  айтады:  «Кім  де 

кім менің сезіміме, дініме, жеріме, халқыма 

қастық жасайтын болса – сол менің жауым 

болмақ.  Ондай  күрестен  мен  ешқашан  бас 

тартпаймын». Тек қана тәуелсіздік алғаннан 

кейін  ғана  Қазақстан  осындай  ірі  тұлғасын 

қайтара  алды.    Павлодарлықтардың  бұл 

жаңа топтамасында бүкіл халықтың сүйіктісі 

болған  Бауыржан  Момышұлының  ерлігіне 

арналған өлең де бар. 

Он  шығармадан  тұратын  бұл  топтама 

«Қазақ елі» атты өлеңмен аяқталады, ол өлең 

бүкіл  халыққа  және  қазақ  мемлекеттілігінің 

қалыптасуы  мен  халықаралық  аренада 

үлкен  беделге  ие  болуы  үшін  үлкен  роль 

атқарған оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаевқа арналады.

Біз әзірге тек бірінші баспамен ғана шыққан 

топтаманың 

авторларының 

біреуімен 

кездескен болатынбыз.

–  Назымбек  Сәбитұлы,  топтаманың 

авторына мұндай идея қалай  келді?

-  Мұндай  топтаманы  шығаруға  бізге 

Елбасымыздың 

Астана 

қаласының 



белсенділерімен 

кездесуінде 

 

2015 


жылы  қазақтардың  мемлекеттілігінің  550 

жылдығын  тойлауы  туралы  айтқан  сөздері 

түрткі  болды.    Осындай  дана  шешімімен, 

тарихи  датаны  –  1465  жылды  атай 

отырып,біздің  көптеген  азаматтарымыздың 

жүрегіне  ауыр  жара  салған,  қазақтардың 

«жалған»    мемлекеттілігі  туралы  барлық 

тарихи  ақпаратты түбірімен жойды.

–  Мен  де  сол  күнгі  эфирді  рахаттана 

отырып  еске  аламын.  Оның  америка 

үндістері  туралы  айтқан  әңгімесі  есіңізде 

ме?  «Бақыт  байлықта  ма?»  деген  сауалға 

халқы  бүгінгі  күні  де  резервацияда  күн 

көріп жүрген, үндіден шыққан кинорежиссер 

былай  деп  жауап  береді:  «Мен  өзімдегі 

және басқа да азаматтардағы бар байлықты 

менің халқымның бір күндік тәуелсіздігі үшін 

құрбан етер едім».

–  Керемет  сөздер.  Біз  музыкалық-

поэтикалық  циклдің  болашақ  жобасын 

Серік  Елікбаймен  талқыладық,  оның  қазақ 

халқының  батырлары  мен  басшылары 

туралы бірнеше шығармалары бар (естуімше, 

оның«Керей мен Жәнібек» пьесасы Астана 

қаласының  театрында  қойылмақ).  Біз 

тарихтың  трагедиялық  драмасына  толып 

тұрған  біздің  тарихымыздың  әр  кезеңдерін 

қамтуға тырыстық. Төрт ән қазақ халқының 

хандарына  арналған,  бесеуі  –  батырларға 

арналады.  Қазіргі  Қазақстанның  тарихы  да 

назардан тыс қалған жоқ,  топтамаға«Қазақ 

елі  –  мәңгілік  ел»  композициясы  қосылған. 

Поэтикалық бөлімі дайын болған соң, әуенін 

жазуға кірістік. Содан соң  шығармалардың 

аудио  жазбаларының  үлгілері  жазылды. 

Жинақтың  бірінші  баспа  шығарылымы 



4

Ұлы Жеңіс

ХАЛҚЫМА МЕДЕУ 

БОЛҒАН ЖЕҢІС

6.05.45 ж. 

Биылғы  май  мерекесі  ерекше  шаттық 

сезіммен  өтті.  Майдың  2-не  Берлинді 

алу жалғасып кемерінен шығып толқыған 

қуаныш болды. 

10.05.45 ж. 

8  май  күні  соғыс  біткені  жарияланып, 

9  май  Жеңіс  мерекесі  тойланды.  Төрт 

жылға  созылған  соғыс  кездері  өткізген 

күндер  қорқынышты  түстер  сияқты.  Осы 

соғыстың біткені өтірік пе, шын ба? – дегің 

келеді кейде. 

Соғыс 

біткен 


хабар 

радиодан 

айтылғанда  жұрттың  бәрі  көшеге  шықты 

да,  кездескен  жұрт  бірін-бірі  құшақтап, 

танымаса  да  сүйе  берді.  Жүзде  қуаныш, 

көзде жас, бұл күні қуанбаған адам өмірде 

қуана алмас. 

Бұл  соғыстың  миллиондар  жүрегіне 

салған дағы тым-ақ көп. Соғыс бітті. Аман 

қалғандардың  беті  елге  бұрылар  күн 

жақындады. Сол күні жан ашыры соғыста 

қаза  тапқан  жандар  кімді  қарсы  алмақ. 

Кіммен қуанбақ! (Екінші жоқтау болар).

Осылай,  менің  де  қуанышымда  аз  да 

болса көлеңкелегендей. Қайырылмайтын 

хабары  ...  келген,  тіпті  хабарсыз  кеткен 

туыстар  қайда?  ...  Оларды  ұмытып, 

қалтықсыз  қуануға  правом  бар  ма? 

Меніңше  жоқ!  Қуаныш  үстінде  оларды 

еске  алуға  тиістіміз.  Жеңіске  солардың 

төгілген  қаны,  тартқан  азабы  арқылы 

жеттік емес пе?

«Отанымыздың 

бостандығы 

мен 

тәелсіздігі  үшін  ұрыстарда  қаза  тапқан 



батырлардың даңқы мәңгі өшпесін»! деген 

сөз әр бұйрықтың соңынан айтылады. 

14.05.45 ж. 

Соңғы  кезде  үлкен  өзгеріс  болды.  8 

май күні соғыс біткені жарияланып, 9 май 

жеңіс  күніне  арналған  мереке  болды. 

Халықтың ол күнгі қуанышының мөлшері 

болсайшы.  Бір  еркін  демалған,  ерекше 

шаттық билеген күн болды. 

Халықтың  қуанышы,  халықтың  жеңіс 

үшін бәрімізде қуандық. Бұл күні қуанбаған 

адам болмады. 

Дегенмен,  бұл  соғыстың  жүрекке 

түсірген дағы көп, халық берген құрбандық 

көп  қой.  Соғыс  бітіп  сау  қалғанның 

беті  бері  бұрылатын  күн  жақындады. 

Сол  күнде  жақындады.  Соғыс  құрбаны 

болғандар  кімді  қарсы  алады.  Кіммен 

қуанады. Екінші жоқтау күні сонда болмай 

ма?


Осы  ой  менің  де  қуанышымды  аз 

да  болса  көлеңкелегендей  болды. 

Өлім  хабары  келгендер,  тіпті  хабарсыз 

кеткендер,  қадірлі  туыстар  қайда? 

Оларды  ұмытып,  қалтықсыз  қуануға 

правом  бар  ма?  Меніңше  жоқ.  Қуаныш 

үстінде де оларды еске алуға тиіссің.

Олардың  еңбегі  босқа  кеткен  жоқ, 

жеңіске  солардың  төгілген  қаны,  тартқан 

азабы  арқылы  жеттік.  «Отанымыздың 

бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін 

ұрыстарда  қаза  тапқан  батырлардың 

даңқы  мәңгі  өшпесін»  деп  ұлы  Сталин 

күндн  айтуы  әншейін  емес.  Олардың 

даңқы өшпейді. Халқыма медеу сол ғана. 

Әбуден  хат  келмегелі  2  күн    асты. 

Қуанышқа үлкен дақ салып тұрған нәрсе 

осы.  Хат  мұнша  кешікпейтін.  Аз-маз 

кешіксе  бүйтіп  сабырсызданбайтын  да 

едім. Әлде, соғыс біткеннен кейінгі хатты 

асығып күтудің әсері ме!

Маған  апрельде  жазған  хаты  келсе  де 

риза  болар  едім.  Тек  соңғы  жазған  бір 

хабары келсінші.



Ләзиза! Ең алдымен қуанышпен қол беріп, Сендерді бүгінгі 

майдандық жеңіспен – Харьковтің азат етілуімен құттықтауға 

рұқсат етіңдер! Бұл жеңіске біздің де қатысымыз бар. Біздің майдан 

жауынгерлері де үлкен ерлік істеді. Бұйрықта біздің қолбасшының 

да аты аталған. 

Мен бүгін ғана  тағы майданның қанды алаңынан қайттым. 

Тағы да өзіміздің жерлестер – қазақстандықтармен кездестім. 

Орденді майор Қасымбеков Қазиды  (полк командирінің орынбасары), пульрота командирі, орденді 

лейтенант Махмұтов Жұматайды, бөлімше командариі Меңдіғазин Мұқашты (Бахтиярдың 

ағасы), зенитчик Әзімовті, артиллерист Жақупов Кішкентайды, тағы тағыларды кездестірдім. 

Соңғы ұрыста бұлардың барлығы да үлкен ерлік істеп, орденге ұсынылды. 

Келген бойда Раяның, Бекеннің, сенің, Зияштың, Нұғманның хаттарын алып оқыдым. Сенің 

«Ақиық», «Ақын ұрпақтары» туралы пікіріңді айтқаныңа үлкен рахмет. «Ақиық» ол мақтарлық 

нәрсе емес, ал «Ақын ұрпағын» оқушылар жаман атамай жүр. Қазір басылып бітті, бірақ, тәуір 

жерлері қысқарып қалды. Бұны саған газетке жариялау үшін емес, архивке тігу үшін жібердім. «Шие 

ағашы» деген дастанды жөнелткем. Біздің газетімізді ЦК-ның үгіт-насихат бөлімінен алып оқы. 

Қош сүйдім. Әбуің. 

24.08.1943 жыл.

Окопымның төбесінен

Сен шырылдап ұшып жүрсің,

Қасы қара қанатындай,

Түсіресің жарымды еске.

Ақ төсіңді маған төсеп,

Неге аспанды кезесің.

Неге сонша қалықтап кеп, 

Тас төбемнен төнесің.

Әлде соғыс өртіне сен,

Су сепкелі келдің бе?

Жау қолында зар жылаған

Адам мұңын сездің бе? 

Әлде маған әкелдің бе

Сүйген жардан сәлемдеме ?

Жар төсегін жатқа салмай,

Күте ме ұзақ сәулем елде.

Жұмсады ма әлде сені

Менің ерке құлыншағым,

Күнбатысқа көзін тігіп,

Сарғая ма күтіп жаным.

Әлде менің мейірімді анам,

Жүрегінде қайнап кегі,

Жауды балам тез жойсын деп,

Жіберді ме айтшы сені?

Әлде маған кәрі әкем,

Ұрыса ма намыстанып,

Доннан көктей өріп шықпай

Жатырсыңдар дейме неғып?

Шырылдамай шыныңды айтшы,

Уа, сүйкімді қарлығашым!

Сүйіктімнің еске салмай

Қанатындай қиғаш қасын.

Неге олай төбемде ұшып,

Шырылдайсың жауап бермей

Сырыңды айтшы сөйлесуге

Тұр ма әлде тілің келмей?

Әлде сүйрік тіліңді

Жылан жұлып алды ма?

Арыз ертіп, мұңын шағып,

Тұрмысың сен алдымда?

Сондықтан да шырлаймысың,

Жеткізе алмай жар сәлемін,

Құр қалықтап төбемде ұшып,

Шарқ ұрып көк әлемін?

Неге найза тұмсығыңды,

Күн батысқа тұрсың қадап,

Деймісің сен шабуылды,

Бастар тағы соққы сағат. 

Шырылдамай қарлығашым!

Окопыма қоншы төмен,

Қанатыңа хат қыстырып,

Жіберейін елге сәлем.

Сарғайса да күн көрсін

Күдер үзбей қалқам менің

Алдағы ақтық айқастарда 

Сындырып біз жаудың белін.

Желкілдетіп жеңіс туын,

Қан майданнан оралармыз

Туған елдің жасыл белін

Сонда еркін аралармыз.

Окопымның төбесінде

Қалықтасаң қарлығашым,

Аруымның алам еске

Қанатындай қара қасын.


  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал