Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады



жүктеу 1.2 Mb.

бет1/12
Дата15.09.2017
өлшемі1.2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

АРАИ


www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

aray-gazeti

aray2008 @mail.ru

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

индекс


66250

7 мамыр, бейсенбі, 2015 жыл

№19 (499)

Біздің оқырман

3-бет

Мүтəліп ЕРЕЖЕПБАЕВ, 

Ұлы Отан соғысының ардагері, Талас 

ауданының Құрметті азаматы

8-бет


Бүгінгі 

ұрпақ 


бақытты! 

Өйткені, 

олар бейбіт 

заманда 


өмір сүруде. 

Бұл әрине, 

елдігіміздің, жеткен 

жетістігіміздің,  ұстанған 

саясатымыздың арқасы. 

Енді ешкім сұм соғысты 

басынан өткермесін! 

Жер бетінде соғыс мәңгі 

болмасын! Біздің тілек 

осы! 


БАЛЫҚҚА БАҚЫЛАУДЫ ҚАЛАЙ КҮШЕЙТЕМІЗ?

Қазақ халқында «Балық жеген ет сұрамайды» 

– деген нақыл бар. Жасыратыны жоқ, қазір балық 

еті тісімізге емес, түсімізге кіретін күйге жеттік. 

Себебі, жыл өткен сайын өзен-көлдерде 

балық саны азайып, тіпті кейбір түрлері 

жойылып кету алдында тұр. Сондықтан, балық 

санын арттыруға бар күшімізді салуымыз 

қажет-ақ.

4-бет


6-бет

ҚАРАЛЫ ХАТ – ҚАСІРЕТ  ТАҢБАСЫ

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖАМБЫЛДЫҚ 

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Соғыс жылдарында пошташы болу жан 

азапталатын, көңіл күйзелетін қиын жұмыс 

болатын. Себебі, соғыста қаза тапқан 

азаматтың отбасына қаралы хабарды 

жеткізу ауыртпалығы ең бірінші болып осы 

пошташыларға түсті. Майданнан қайтпай 

қалған боздақ үшін пошташы өзін кінәлі 

сезінді.


Ұлы Отан соғысы жылдары көптеген 

медицина қызметкерлері майданға 

қатысып, соғыс даласы мен әскери 

госпитальдарда жараланған әскерлер 

мен офицерлерге, тіпті, жергілікті халыққа 

күн-түн демей медициналық көмек 

көрсетіп, қан кешіп  жүріп, аянбай еңбек 

етті. 


АЙБЫНДЫ ӘСКЕР – ЕЛ 

ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қазақ елінің Тәуелсіздігі баянды 

әрі «Мәңгілік ел» болуы әскери күш-

қуаттың мықтылығына байланысты. Бұл 

дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. 

Сондықтан да, тәуелсіздігін қадір тұтатын 

кез келген мемлекет қауіпсіздік мәселесіне 

өте қырағы қарайды.

7-бет


Есет ДОСАЛЫ

2-бет


ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ

Билік


2-бет

СЕНІМ ЖҮГІ

СЕНІМ ЖҮГІ

Облыс әкімдігінде

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС  

ЖЕМІССІЗ БОЛМАЙДЫ

ЖЕМІССІЗ БОЛМАЙДЫ

ндекс

6250


ң қ

р

р



ЖЕПБАЕВ,

ысының ардагері, Талас 

ұрметті азаматы

біт 


де. 

,

ң, жеткен



здің,  ұстанған

ыздың арқасы. 

 сұм соғысты

өткермесін! 

де соғыс мәңгі

н! Біздің тілек 



Дүйсенбі  күні бесінші  

шақырылған облыстық  

мəслихаттың кезектен тыс 

ХХХVІ сессиясы болып өтті. 

Басқосудың   күн тəртібінде 

облыс əкімі  лауазымының 

кандидатурасына облыстық 

мəслихат депутаттарының 

келісім беруі туралы мəселе 

қаралды. Сессия жұмысына 

ҚР Президенті Əкімшілігінің 

мемлекеттік  бақылау жəне 

аумақтық-ұйымдастыру 

бөлімі  меңгерушісінің 

орынбасары Серік Егізбаев  

қатысып  отырды. 

Сессия  жұмысына  облыстық  мəслихат депутаты 

Сейсенғали    Ақпаев  төрағалық  жасады.  Ол  өзінің 

кіріспе  сөзінде:  «Елімізде  аса ірі саяси науқан – ҚР 

Президенті  сайлауы  аяқталды.  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  мем лекет  тізгінін  қайта  қолға  алды.  ҚР 

Конституция сының 87-бабының 5-тармағына    сəйкес, 

жаңадан сайланған Президент қызметіне кіріскен  кезде 

Астана  жəне Алматы қалалары мен облыс  əкімдерінің 

өкілеттіктері тоқтатылады» – деді  ол. Сессия  төрағасы  

осыған  орай,  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  облыс    əкімін 

қайта тағайындау  үшін, облыс əкімі лауазымына Кəрім 

Нəсбекұлы  Көкірекбаевтың  кандидатурасын    ұсынып, 

облыс    депутаттарына    жазған    ұсыныс    хатын  оқып 

берді. 

Күн тəртібіндегі мəселеге байланысты облыс  əкімі 



лауазымы   кандидатурасына  депутаттар дауыс беріп,  

Кəрім  Көкірекбаевтың    кандидатурасын  бірауыздан  

қолдады. 

Облыстың  халық қалаулылары Кәрім Көкірекбаевтың  кандидатурасын бірауыздан қолдады



Хамит ЕСАМАН

xamit.esaman@mail.ru

Тарихтан  көне  ешнəрсе  жоқ.  Бағзы 

замандардағы  баһадүр  бабаларымыздың 

ерлігі  мен  өрлігі  де  осы  тарихтан  көрініс 

табады.  Құлан  құдыққа  құлап,  құлағында 

құрбақа ойнаған кер заман да, ат жақсысы 

кермеден,  ер  жақсысы  түрмеден  кетпеген 

сор  заман  да  біздің  тарих.  Көнеліктерден 

сыр  тартатын  сырбаз  мінезді  тарихтың 

адамзат  баласынан  жасырары  жоқ.  Жер 

бетінде  болып  өткен  жойқын  құбылыстар, 

алапат  сілкіністердің  де  куəгері  тарих. 

Төсінде  тағдырлар  көсіліп  жатқан  құба 

даланың  да  мұңы  бөлек.  Қасіреті  мың 

батпан.  Шырқыраған  жан  мен  төгілген 

қанның  қайтарымы  да  тарихтың  əділ 

таразысы,  ұрпақтың  ұлттық  тұрғыда 

бабалар ерлігін ұлықтауы болса керек. 

Ызғырық  атқан  ызғардың  төсінде 

қалтыраған 

тағдырлардың 

тауқыметін 

тілмен  айтып  жеткізу  мүмкін  бе  өзі?!. 

Тыншымаған көңіл мен тұншыққан сезімнің 

бодауы ше... Ол да қасірет. Соғыс жетімдік 

деген ұғымды қалыптастырды. Балалардың 

сауаты  қара  қағаз  оқумен  ашылды, 

бейкүнə көңілдері аналардың көз жасымен 

суарылды.  Жолдасынан  айырылса  да 

арманын үмітке жалғаған жесірдің қайғысы 

əлемде  жоқ  шығар.  Ері  мен  қос  ұлын  жер 

қойнына қатар берген ананың ауыр қасіреті 

Жер-Ананың еңсесін езіп жіберердей ауыр 

болды.  Сəбилігін  соғыс  жұтқан  бала  мен 

қасіретінен  қан  тітіркенген  ананың  көз 

жасына əлем тұншықты. Сүреңсіз ауылдың 

жайы  да  қайғының  үстіне  қайғы  жамады. 

Жоқшылық  пен  жетімдік  жəне  жесірліктің 

азабынан өткен не бар екен?!. 

Жер  беті  алып  қабірстан.  Майданда 

ерлікпен  қаза  тапқан  жауынгерлердің 

мəңгілік  жер  бесігіне  айналған  мекен. 

Көз  жасы  жүрегіне  қан  боп  қатқан,  көңілі 

кекпен  суарылған  боздақтардың  ерлігі 

ескірмейді. Аранын ашып тұрған ажалдың 

өзімен айқасқан асқақ рух фашизмнің күлін 

көкке  ұшырды.  Бейбітшіліктің  ақ  көгершіні 

аспанда  қалықтап,  ерлердің  Отан  қорғау 

жолындағы ерлік шежіресі аңызға айналды. 

Аңыз бен ақиқат майдан дəуіріндегі ұлттық 

тарихымызды  қалыптастырды.  Ерлердің 

ерлік  даңқын  шежіреледі.  Бірақ,  соғыс 

жылдарындағы  қасіреттің  баламасы  жоқ. 

Əрбір отбасының басына түскен салмақтың 

жүгі мың батпан, қасіреті мың құлаш болды. 

Тарих тамырындағы ақиқат – халқымыздың 

басына  түскен  өлшеусіз  қасірет  пен  асқан 

ерліктердің өзі.



Үстіміздегі жылдың есепті мерзімін де облыстың  

əлеуметтік-экономика лық   дамуында оң динамика 

сақталуда.  Өнеркəсіп  кəсіпорындарында  66,1 

млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті 

кезеңімен  салыстырғанда  өсім  0,2 пайызды 

құраған.  Бұл  электрмен  жабдықтау,  газ,  бу  беру 

жəне  ауаны  баптау  өндіріс  көлемі  есебінен 

қамтамасыз  етіліп  отыр.  Бұл  жайында  облыс 

əкімдігінің  экономика  жəне  бюджеттік  жоспарлау 

басқармасының  басшысы  Жомарт  Əмірханов 

əкімдік мəжілісінде баян етті. 

Десе  де,  кен  өндіру  өнеркəсібінде 15,0 пайыздық, 

өңдеу  өнеркəсібінде 2,4 пайыздық  төмендеу  бар. 

Əсіресе,  мұндай  құлдырау  табиғи  газ,  əктас,  гипс,  мұнай 

өнімдері,  химия  өнеркəсібі,  дайын  металл  бұйымдары, 

машина  жасау    өнеркəсіптерінде  байқалады.  Басқарма 

басшысының  айтуынша,  өнеркəсіп  өндірісін  Жамбыл, 

Талас, Шу аудандарының кəсіпорындары төмендеткен.

Нақтырақ  айтсақ,  өнімнің  қысқаруы    «Амангелді  газ 

өңдеу  зауыты»,  «Шолақтау»  тау-кен  өндіру  кəсіпорны 

жəне  «Шу локомотив-жөндеу зауыты» Қамқор локомотив»  

ЖШС-да орын алуда.

Дегенмен,  Индустрияландыру  картасы    шеңберінде 

инвестициялық жобаларды  жүзеге  асыру бəсеңдемеген. 

Үстіміздегі  жылы  жалпы  сомасы 36,5 млрд.  теңгені 

құрайтын  9 жоба іске асқалы тұр.

ды»

лық 


.

н

с 



н 

ы

а 



и 

С

ур

ет

т

і т

үс

ір

ге

н 

А



ы

см

ах

ан

.

С

уре

тті

 түсірг

ен

 А

.Рысмах

ан

.

ы 

н



е

7 МАМЫР – 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ


7 мамыр,

№19 (499)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАДЫ

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАДЫ

Мереке-мамыр



1 мамыр – Қазақстан  халқының  бірлігі күні мерекесін өзге  аймақтар  секілді  жамбылдықтар да қызу 

қолдап, қуанышпен қарсы алды.

Мерекеге жиналған қала  тұрғындарын  жəне  қонақтарын  

облыс  əкімі Кəрім Көкірекбаев Қазақстан  халқының  бірлігі 

күні  меркесімен    құттықтады.  Ол  көпшіліктің  биылғы  

Президент  сайлауында  көрсеткен    белсенділігін  айта  келіп, 

тебірене  сөз сөйледі. 

– Ардақты ағайын!

Бүгін  біздің    ортақ  үйіміз – Қазақстанның    ерекше 

қадірлі  мерекесі.  Татулық,  бірлік  шуағын  шашқан  күн. 

Ендеше  ынтымақ пен  ырыстың  мерекесі  құтты болсын, 

жамбылдықтар!  Біз  Елбасымыздың  дана  саясатымен  

дамудың    даңғыл    жолына  түстік.  Əлемде  теңдесі  жоқ 

астанамыз    бар.  Халықтар  Ассамблеясының    елімізде  

құрылғанына  20  жыл толып отыр. Бұл институт еліміздегі 

барша  халықты  татулық  пен    бірлікке,  жақсы  тірлікке  

жетелейді.  Біз  бірлікті    көздің  қарашығындай  сақтасақ, 

барлық  белестен  асамыз.  Елбасымыз  ұсынған  халықтық  

реформаларды  жүзеге    асыруда  жамбылдықтардың  

аянбай  тер  төгетініне  сенімім      мол.  Жері  гүлденген, 

ұрпағы  түрленген  Қазақстанымыз  жасасын!  Жалғыз  

Отанымыздағы    ынтымақ  күні  жасасын!  Мереке    құтты 

болсын, жамбылдықтар! – деді облыс  əкімі. 

Келесі    сəтте    облыстық  Қазақстан    халықтары 

Ассамблеясы хатшылығы  бастаған облысымыздың  ең іргелі 

оқу орындары, «Қазфосфат» ЖШС, облыс əкімдігінің  барлық 

басқармалары, облыстық  мекемелер, кəсіпорындар  өкілдері 

«Достық»  алаңындағы  мерекелік    шеруде  облыс    əкімінің  

алдынан  салтанатты жағдайда жүріп өтті.    

Мерекеде  əн айтылып,  күй күмбірледі. Билер  биленді. 

Облыстық    филармония  əншілері    көпшілікке    əннен    шашу 

шашты. 


Мереке  кешке  орталық  алаңда    концертпен  жалғасын 

тапты.


Мұндай   мерекелік іс-шара барлық  аудан, ауылдарда өз 

деңгейінде аталып өтті.



Е.ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

СЕНІМ ЖҮГІ

СЕНІМ ЖҮГІ

1-бетте


ОБЛЫСТЫҢ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ  

КАНДИДАТУРАСЫН БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ

Сессия  шешімінен  кейін  бірқатар  депутаттар  облыс  

əкімін  құттықтап,  сөз  сөйледі.  Алдымен  сөз  алған  облыстық 

мəслихаттың  депутаты  Асаубай  Майлыбаев  Елбасымыздың 

бұрыннан киелі Əулиеата жұртшылығымен бірге жұмыс істеп 

келе  жатқан  Кəрім  Нəсбекұлының  кандидатурасын  бекітіп 

беруді    сұрағанының    өзі  депутаттар  үшін  де,  облыс  əкімі 

үшін де үлкен құрмет екенін айта  келіп, аймақ  басшысының 

жұмысына сəттілік тіледі. 

Келесі   сəтте  сөз алған облыстық мəслихаттың депутаты, 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық    институтының  ректоры 

Дария Қожамжарова:  

– Елбасымыз  өзінің бір  сөзінде «Елім үшін, халқым үшін 

бəйгеге  бас  тіккен  адаммын» – дегені  бар  еді.  Осы    сөздің  

бір ұшы Кəрім Нəсбекұлына  да қатысты  деп ойлаймын. Бұл 

бір  жағынан  халықтың  да  сенімі.  Биыл  Қазақ  хандығының 

құрылғанына – 550  жыл.  Бұл  тарихи  тойдың  біздің 

облысымызда  тойланатыны  да  тегін  емес.  Сондықтан, 

бастаған жұмысыңызды өзіңіз соңына  дейін жеткізіп, алдағы 

мақсаттарыңызды орындағаныңыз құба-құп деп есептеймін, 

– деді. Халық қалаулыларының  пікірін депутат Масат Берік:



–  Президенттің    сенімі – үлкен    сенім.  Елбасы  Кəрім 

Нəсбекұлына  сондай    зор  сенім  артып    отыр.  Кəрім 

Нəсбекұлы  сол сенімнің үдесінен шыға алады деген бізде де 

үлкен сенім бар. Облыс басшысымен көп жылдан бері  қатар 

еңбек етіп келе жатырмыз. Кəрім Нəсбекұлының басшылық 

лауазымдағы  іскерлік  қабілетін,  парасат-пайымын  Жамбыл 

жұртшылығы  жақсы  біледі.  Ол – əрбір  аудан,  ауылдың 

жағдайына  алаңдап,  ондағы  ахуалды  көзбен  көруге  ұдайы 

асығып  тұратын  басшы.  Кəрім  Нəсбекұлы,  сіз  жалғыз 

емессіз.  Сіздің      осында  тілеулестеріңіз  отыр.  Бəріміз 

бірлесіп, Елбасының  сенім үдесінен шығамыз  деп ойлаймыз, 

– деген  сөздерімен түйіндеді.

Халық  қалаулыларының  ақжарма  тілегінен  кейін  облыс 

əкімі Кəрім  Нəсбекұлы қысқаша сөз сөйледі. 



–  Алдымен    Елбасына  айрықша  алғысымды  білдіргім 

келеді.  Себебі,  өзімнің  туып-өскен  жеріме  қайтадан  əкім 

болып тағайындалып жатқаным – маған үлкен  мақтаныш. 

Өзімнің    барлық  тəжірибемді,  білімімді  облысымыздың 

өсіп-өркендеуіне  жұмсайтын  боламын.  Сіздерге  менің 

кандидатурамды  қолдап,  бірауыздан  дауыс  бергендеріңіз  

үшін    рахмет  айтамын.  Жалпы,  облыс  жұртшылығы  күні 

кеше    ғана  өткен  саяси    науқанға      бірауыздан    белсене 

қатысты. Бұл біздің  мызғымас бірлігімізді көрсетері анық.

Елбасы  ұлықтау    рəсімінде  өзі  ұсынған  бес  халықтық 

реформа бойынша  үлкен тапсырмалар  жүктеді. Алдымызда 

басқа да көптеген міндеттер  күтіп тұр. Бұдан бөлек «Нұрлы 

жол»  бағдарламасы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы  

біздің ауқымды   мақсаттарымызға  бұрынғыдай  бағдаршам  

болып    қала  береді.  Осының    барлығын  бəріміз    бірге 

атқаруымыз    керек.  Жоғарыда  өздеріңіз  айтып  өткендей, 

биыл  өзі  қасиетті  жыл.  Ең  бастысы,  Қазақ  хандығының 

550  жылдығын  өткізу – бізге  үлкен    жауапкершілік.  Бұл 

жауапкершілікті    баршамыз  бірлесіп  сəтті  атқарамыз  деп 

ойлаймын, – деді облыс басшысы.

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІССІЗ БОЛМАЙДЫ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІССІЗ БОЛМАЙДЫ

1-бетте


Онда 778 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.    

Ауыл    шаруашылығы  саласында  да  есепті  кезеңде 

атқарылған  жұмыстар  аз  емес.  Биыл      ауыл  шаруашылығы 

дақылдарын 557,7 мың  гектарға  егу  жоспарланса,  оның 

120,4 мың гектарына   дəнді дақылдар, 88,7 мың гектарына  

майлы  дақылдар, 23,2 мың  гектарына    көкөніс  жəне 7,6 

мың  гектарына    картоп    өнімдері  егілмек.  Ал,  көктемгі  егіс 

жұмыстарына 11,0 мың  тонна  кепілдендірілген  дизель 

отынын беру  көзделсе, оның 2,9 мың тоннасы жеткізілген.

Бұдан  бөлек,  асыраушы  салада  биыл  ет  өндірісі 

қарқынды  дамуда.  Есепті  кезеңде  ет  өңдеу – 2,4 пайызға 

артса,  сүт – 0,8 пайызға,  жұмыртқа - 15,8 пайызға  өскен.  

Десе  де,  Жамбыл,  Жуалы,  Меркі  аудандарында  жұмыртқа 

мен сүт өндірісі төмендеген. 

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша сыртқы сауда 

айналымында  да  өсім  қамтамасыз  етілген.  Өткен  жылдың  

тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  импорт 9,6 пайызға  артса,  

табиғи бари сульфатының экспорты  2,2 есеге, пияз экспорты 

17,5 есеге өскен. 

Салықтар түсімінде де салғырттық байқалмайды. Қаңтар-

наурыз айлары аралығында 14,0 млрд. теңге салықтар мен 

басқа да міндетті төлемдер жиналса, бұл өткен жылдың тиісті 

кезеңінен 3,7 пайызға жəне болжамнан 16,5 пайызға артық. 

Оның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер 21,9 пайызға көп 

орындалған.

Жұмыспен  қамту  мемлекеттік  бағдарламаларының 

жүзеге асыру деңгейіне келсек, биыл  4051 адам жұмыспен 

қамтылып  отыр.  Оның  ішінде  тұрақты  жұмыс  орындарына 

984  адам,  маусымдық  жұмыстарға 782 адам,  жергілікті 

бюджет  қаражаты  есебінен  ақылы  қоғамдық  жұмыстарға 

1765  адам,  əлеуметтік  жұмыс  орындарына 137 адам 

жолданған.  Ал,  жалпы  ағымдағы  жылдың 1 сəуіріне  дейін 

5644  адам  жұмыссыз  ретінде  уəкілетті  органдарға  жүгінсе, 

оның қазір 50,6 пайызы жұмыспен қамтылып отыр. Дегенмен, 

бұл  бағыттағы  жұмыстарды  əлі  де  болса,  Тараз,  Жамбыл, 

Қордай,  Т.Рысқұлов  жəне  Шу  аудандарында  жандандыру 

қажет.  Себебі,  мұндағы  жұмыспен  қамту  көрсеткіші  40 

пайыздан əзер асады.   

Денсаулық саласына жылда аз қаржы бөлініп жатқан жоқ. 

Биыл бұл меже 42,3 млрд. теңгеге жетіп отыр.  Сондықтан, 

бұл саладан облыс əкімі жүйелі жұмыс күтетіні анық. 

Жалпы    алғанда,  есепті    кезеңде    осы  іспетті  білім, 

мəдениет,  спорт  салаларында  да  өсім  мен  кейбір 

тұстарында түсім байқалады. Десе де, бұл бірінші тоқсанның 

қорытындысы. Сондықтан, құзырлы басқармалар мен басқа 

арналардағы  басшылардың  көрсеткіш  деңгейін  өзгертуге 

көп  мүмкіндіктері    бар.  Бұл  жайында  баяндама  соңында 

басқарма  басшысы  Жомарт  Амангелдіұлы  да  ескертіп 

өтті.  Дегенмен,  облыстың  бас  экономисі  биыл  облыста 

қылмыспен  күресу  жəне  оның  алдын-алу  жұмыстары  оң 

нəтиже бермей отырғанына ерекше алаңдаушылық білдірді. 

Оның сөзіне сүйенсек, 1 сəуірге дейінгі қорытынды бойынша 

барлығы 5697 қылмыс  тіркеліп,  заң  бұзушылық  өткен 

жылмен  салыстырғанда 57,9 пайызға  өскен  екен.  Оның 

ішінде  ауыр  жəне  аса  ауыр  қылмыстар  саны 12,6 пайызға 

артқан.  Сондай-ақ, 241 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 44 адам 

қаза  болған.  Міне,  осы  жайтты  басқарма  басшысы  облыс 

əкімінің назарына ұсынды. Сонымен қатар, ол Шу қаласының 

2016-2030 жылдарға дейінгі кешенді даму жоспары əлі күнге  

дейін  жасалмай  отырғанын  түйткілді    мəселе  етіп    көтерді. 

Себебі, ағымдағы айдың 15 жұлдызына дейін бұл құжаттар 

Ұлттық  экономика  министрлігіне  ұсынылуы  қажет.  Алайда, 

бұл  жұмыстарға  Шу  ауданының  əкімі    атүсті  қарап,  даму 

жоспарын əзірлеуге құлық танытпаған көрінеді. 

Осы  жайттарды  мұқият  тыңдаған  облыс  əкімі  Кəрім 

Көкірекбаев жауапты мамандардан түсініктеме  алды. Аймақ 

басшысының назарына ең алдымен  Шу ауданының кешенді 

даму  жоспары  əзірленбей  отырғаны  ілікті.  Бұл  мəселеге  

қатысты  аудан  басшысы  Бақытжан  Нүркенов  жұмыстар 

енді  қолға  алынып  жатқанын  айтып  ақталғанымен,  Кəрім  

Нəсбекұлы  құжаттарды  министрлікке  тапсыру  уақыты  таяп 

қалғанын  қатаң  ескертіп,  орынбасарларына  бұл  мəселені 

жіті бақылауға алуды  тапсырды. Сондай-ақ, облыс басшысы 

кəсіпкерлік  жəне  индустриалды-инновациялық  дамыту 

басқармасының да жұмысын сынға алып, мекеме басшысына 

өндіріс  көлемі  бір  салада  төмендесе,  екінші  жағынан  өсіру 

жолдарын  табуды  міндеттеді.  Облыс  əкімінің  мұндай  сын 

садағына  облыстық  ішкі  істер  департаментінің  басшысы 

Бекет Аймағанбетов те ілікті. 

Басқосуда  биылғы  жылдың  жылыту  маусымының 

қорытындысы  да  қаралды.  Баяндама  жасаған  облыс 

əкімдігінің  энергетика  жəне  коммуналдық-шаруашылық 

басқармасының  басшысы  Мұхтар  Төлеулиевтің  сөзіне 

сүйенсек, 177 күнге созылған жылыту маусымында ешқандай 

төтенше  жағдай  орын  алмапты.  Тұрғындарға  жылу  тұрақты 

түрде  беріліп,  істен  шыққан  бірер    құрылғылар  дер  кезінде 

жөнделген.  Дегенмен,  Мұхтар  Сəлкеұлы  келер  жылғы 

жылыту  маусымына  қазірден  бастап  дайындалып,  орын 

алауы мүмкін олқылықтардың орнын ерте бастан толтыруға 

болатындығын тілге тиек етті.

Бұл  ұсынысты  облыс  əкімі  де  қолдап,  жауапты 

мамандарға  ескі  қазандықтарды  тексеруге,  қажет  болса 

ауыстыруға,  сондай-ақ  берешегі  бар  тұрғындармен 

түсіндірме жұмыстарын жүргізуді  тапсырды. Сонымен қатар, 

елді  мекендерді  газдандыру  мен  ауыз  су  тарифін  тиімді 

деңгейде өсіру жолдарын қарастыруды жүктеді.

СҰРМЕРГЕН СҮЛЕЙМЕНОВКЕ ҚҰРМЕТ

Ескерткіштің  ашылу  рəсімінде  облыс 

əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  Ұлы  Жеңістің  оңай 

жолмен  келмегенін,  бұл  жолда  талай 

боздақ  шейіт  болғанын  тілге  тиек  ете 

келе,  елі  үшін  жанын  берген  ерлер  есімі 

ешқашан  ұмытылмайтынын    жеткізді.  Жеңіс 

күні  жетпісінші  рет  тойланып  отырса  да, 

мəні  мен  мағынасы  жоғалмағанын  айтып, 

ардагерлерге бейбіт күннің ұрпақтары атынан 

алғысын  білдірді.  Сондай-ақ,  Ы.Сүлейменов 

ескерткішінің 

ашылу 

салтанатында 



журналист,  облыстың  Құрметті  азаматы 

Сағат  Арынұлы  сөз  сөйлеп,  оқушылар 

Жеңіс  тақырыбындағы  өлеңдерін  оқыды. 

Салтанатты  шара  ары  қарай  «Оңтүстік» 

өңірлік əскери қолбасшылығы əскерлері мен 

оқушылардың  патриоттық  əндер  шеруіне 

ұласты.

Естеріңізге  сала  кетейік,  Ыбырайым 



Сүлейменов 1911 жылы  Сарысу  ауданында 

дүниеге  келген.  Еңбекке  алғаш  осындағы 

«Қызыл  Күншығыс»  кеңшарында  араласып, 

1930-шы  жылдардың  аяғында  Жамбыл 

ауданындағы  машина-трактор  стансасында 

тракторшы  болып  жұмыс  істейді.  Соғыс 

басталған 1941 жылы Қызыл Армия қатарына 

шақырылып,  мергендік  өнердің  қыр-сырын 

меңгерген Сүлейменов Калинин майданының 

сапындағы алғашқы шайқастардың өзінде 79 

фашисті  жер  жастандырады.  Алайда, 1943 

жылы  күзінде  Невель  қаласы  үшін  болған 

кескілескен  шайқаста  сұрмерген  асқан  ерлік 

көрсетіп қаза табады. Ержүрек жауынгер осы 

Невель  үшін  шайқаста  қаза  болған  Кеңес 

Одағының  Батыры  Мəншүк  Мəметовамен 

бірге  қаланың  орталығына  жерленген.  Ол 

«Ленин», «Қызыл  Жұлдыз»  ордендерімен, 

«Ерлігі  үшін»  медалімен  марапатталған. 

Бүгінде  батыр  атында  Невель  қаласында 

көше, Сарысу ауданында мектеп бар.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал