Газет 1992 жылдың 17 қаңтарынан шыға бастады



жүктеу 0.78 Mb.

бет1/8
Дата15.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Газет 1992 жылдың 17 қаңтарынан шыға бастады

Бөлшек саудадағы бағасы келісімді

№16 (989)  24 СӘУІР 2014  ЖЫЛҚЫ  ЖЫЛЫ     

www.kazakhstanzaman.kz

МӘҢГІЛІК 

ЕЛ БОЛУ — 

ТӘУЕЛСІЗ 

ЕЛДІҢ АСЫЛ 

МҰРАТЫ


ҚОҒАМ  04

БАЛУАН 


ЕСКЕРТКІШІ 

АЛАТАУ 


БАУРАЙЫНДА 

АСҚАҚТАСА...

“ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” ҰСЫНЫСЫ  09

ӨЛІМГЕ 


ӨТІНІШ 

ЖАСАҒЫШ-


ТАРДАН ЖИ-

РЕНЕЙІК!


ЖАРАТЫЛЫСҚА ЖАТ  10

«ДАМУДЫҢ СЫРЫ — БІРЛІКТЕ, 

ТАБЫСТЫҢ СЫРЫ — ТІРЛІКТЕ»

«Жаһанда болып жатқан кейінгі оқиғалар 

алдымыздағы жүз жылдықтың қаншалықты 

қиын болатындығын көрсетіп отыр. Укра-

инадан келген ақпараттар бізге ауыр 

тиюде. Ол — біздің ТМД-дағы басты 

әріптестеріміздің бірі. Бізді онжылдықтарға 

созылған экономикалық байланыстар 

ғана емес, ортақ тарих байланыстырып 

отыр. Қазақстан бір ғасыр бұрын күштеп 

жер аударылған және Ұлы Отан соғысы 

жылдарында көшірілген жүз мыңдаған 

украиндықтардың екінші үйіне айнал-

ды. Олар қазақ жерінде өндірістерді 

ашуға және тыңайған жерлерді игеруге 

атсалысты. Тың және тыңайған жерлер-

ді игеруге биыл 60 жыл толады. Бүгінде 

қазақстандықтардың 300 мыңнан астамы 

украиндықтар болып табылады. Украин 

жері — соғыс жылдарында фашизмге 

қарсы күресте қазақ жауынгерлерінің 

табаны тиіп, қаза болған қасиетті жер. 

Мыңдаған қазақ жастары Украинада білім 

алған. Солардың бірі мен екенін сіздер 

білесіздер. 

Біз, қазақстандықтар, украин қауымының 

бірлігі мен тұрақтылығының қайта орна-

уына тілектестік білдіреміз. Украина ішкі 

мәселелерін ешкімнің сырттан араласу-

ынсыз бейбіт жолмен өздері 

шешулері қажет деп есептей-

міз», — деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев: 

СҮЙІНШІ!

03

Қазiр мақұлданған шешiмге байланысты 



азаматтарға, этникалық қазақтарға өзiнiң 

төлеу қабiлеттiлiгi жөнiнде еш дәлелдеме 

талап етілмейді, елiмiздiң азаматтығын 

алу үшiн үлкен тосқауылдар болмайды. 

Егер алдыңғы заңымызда шетелден кел-

ген қандастарымыз оралман мәртебесiн 

алып, 7 жылдан кейiн ғана мемлекеттiң 

азаматтығына ие болса, қазiр қайтып 

келгеннен кейiн 1 жылдың iшiнде азамат 

оралман мәртебесiн алады, содан кейiн 

1 жылдан соң мемлекет азаматтығын ала 

алады», — деді.

03

Оралмандар 



1 жыл ішінде 

азаматтық алатын 

болды

Жарылқап Қалыбай: 

«БІЗ ГИТЛЕР АРҚЫЛЫ 

СОҒЫСТЫҢ ШЫНДЫҒЫН 

АШҚЫМЫЗ КЕЛДІ»

02

ЕЛ МЕН ЖЕР 



АТАУЫ — ҰЛТТЫҚ 

ҚАУІПСІЗДІК 

ТІРЕГІ

05

АРҚАДАҒЫ 



СУ ТАСҚЫНЫ 

АРҚАҒА БАТТЫ

08


02

АҚПАРАТ-САРАП

24 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Жарылқап та, өздеріңізге мәлім, Гитлердің жақсылығын 

емес, жауыздығын жазамын деп аты шулы дауға қалғаны анық. 

Әзірше осылай. Ал Ресейдің нотасынан кейін бірден тексе-

руге көшкен прокуратура қызметкерлері оның ақ-қарасын 

ажырата жатар. Журналдың мұқабасындағы «Адамзат 

қасіреті» деген сөзді көрмей, 35-ші беттегі «Гитлер – фашист 

емес» деген бір ғана маман пікірін мемлекеттік деңгейге 

дейін көтеріп жіберу таңғалдырды бізді. Әдетте, шетелдік са-

рапшылар да осы жағдайға байланысты не дерлерін білмей 

әлек. Себебі Ресей елі нота жіберетіндей, бұл сөзді мем-

лекет деңгейіндегі саяси тұлға айтып отырған жоқ деп отыр. 

Мәселен, Жириновскийдің Қазақ елі турасында айтпаған сөзі 

қалған жоқ осы күндері. Екіншіден, «Аңыз адам» журналы да 

мемлекеттік, ресми бір мекеменің басылымы емес. Аталмыш 

саны 25 мың таралыммен басылып шыққан жекеменшік жур-

нал.  Құрылтайшысы, қаржыландырушысы Жарылқаптың өзі. Ал 

баспасөз мәслихатында орыстілді БАҚ журналистерінің «Жур-

налды кім қаржыландырып отыр?» деген сұрағы бізді бейжай 

қалдырмады. 



Жарылқап Қалыбай, «Аңыз адам» 

басылымының жетекшісі: 

—  Кейбір  қоғам  өкілдері  менің  медиажобам-

ды толығымен түсінбей отыр. Біздің медиажоба 

тарихи  тұлғаларға  арналған.  Кезекті  бір  тари-

хи  тұлғаны  журналға  шығарған  кезде  сол  тұлға 

өмір  сүрген  кезеңнің  тарихын  ашамын.  Біз  Гит-

лерді жазу арқылы Екінші дүниежүзілік соғыстың 

шындығын  ашқымыз  келді.  Егер  де  кез  келген 

мемлекеттің  басына  Гитлер  секілді  фашист 

келсе,  ол  сол  елді  ғана  емес,  адамзатты  орға 

жығады. Екінші дүниежүзілік соғысқа 72 мемлекет қатысып, 60 миллионнан астам 

адам қаза болды. 100 млн. азамат жарақат алды. Осы сұрапыл соғысты бір-ақ 

адам  жасады.  Журнал  мемлекет  басына  мұндай  адамдарды  келтірмеу,  содан 

сақтануды мақсат тұтты. Ал мұны орыстілді қоғам қабылдай алмай отыр. Өйткені 

олар қазақ тілін түсінбейді. Сондықтан мен азаматтарымыз журналды оқымай 

тұрып, түрлі арандатушылардың жетегінде кетпесе екен деймін.  



Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі: 

—  Қазақта  осындай  алдыға  шыққан  жақсы  бастамалар-

ды  аяғынан  тартып  тоқтатып  немесе  «халық  жауы»  деп 

айыптай  салатын  дәстүр  бар.  Журналды  толығымен  оқып 

шықтым.  Фашистік  көзқарас  атымен  жоқ.  Бізде  Лениннің, 

Сталиннің, Гитлердің кім екенін білмейтін жастар бар. Гит-

лер – аңыз адам. Оның аңыздығы – жауыздығы. Мұны бүкіл 

әлем біледі. Қазақты қырған, патша отбасын қырған Голоще-

кин де аңыз адам. Гитлердің қанішерлігі Голощекиндікімен 

бірдей.  Адам  100  пайыз  жауыз  болмайды.  Гитлер  суретші 

болуды армандаған. Мысалы, Германияда Гитлердің мұражайы бар. Оған дұрыс 

көзқараспен қарайтын тұрғындар да жетерлік. Сондықтан  «бұл журнал фашизм-

ді насихаттап отыр» деп біржақты пікір айта салуға болмайды. Лимонов пен Жи-

риновскийлер қазаққа қарсы қаншама арандатушы сөздер айтты. Олардың жур-

налдарын кім жауып тастап жатыр?

Мұхтар Шаханов, “Мемлекеттік тіл 

қозғалысының” төрағасы:

—  Журналда  Гитлерді  мадақтаған  жер  жоқ. 

Журнал  бұл  санында  Гитлердің  зұлымдығын  жа-

зып  отыр.  Ақты  –  ақ,  қараны  –  қара  деп  отырған 

журналға  осындай  мінез  көрсетуге  бола  ма?  Бұл 

– барып тұрған ақымақтық қой!

Кеше телеарналардан «ойбай, Гитлерді насихат-

тапты» деп он минут бойы көрсетті. Мынаның қай 

жері насихат, қайдағы насихат!? Оқу керек қой, қазақ тіліндегі журнал ғой.

Мәмбет Қойгелді, тарихшы: 

— Өткен жылдары Өскеменде Мұстафа Шоқайды «фа-

шист» деп, Қарағандыда Әлихан Бөкейханды «террорист» 

деп айыптаған орыстілді журналистер болды. Тарихшы ре-

тінде айтайын, Мұстафа — қазақтың біртуар ұлы, Әлихан 

Бөкейхан  —  қазақ  ұлтының  ХХ  ғасырдағы  көшбасшысы. 

Орыстілді  басылымдардың  бұлай  жанжал  туғызуы  — 

жақсылықтың  нышаны  емес.  Олар  біздің  азаматтардың 

тәуелсіз ой түюіне қарсы. «Аңыз адам» — біздің қоғамдық 

пікірден өз орнын алған басылым. Журнал қоғамдағы түрлі 

ойларды ортаға салып отыр. Оған оқымай, көрмей жатып, 

кінә тағуға ешкімнің хақысы жоқ. Сондықтан біз бір қоғам құрап отырғанымызды 

ұмытпауымыз керек. 

Дәулет Қарабеков, Ауған соғысы ардагері:

—  Мұндай  дүниелерді  жазып  керек  емес.  Біз  өзіміздің 

жастарды патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек. Сол соғыстан 

зиян шекпеген бір жанұя жоқ. 9 мамыр, Ұлы Отан соғысының 

жеңісіне  69 жыл толып отырғанда, мұқабасына Гитлердің 

суретінің шығуы дұрыс емес. Гитлердің суретін еш жерде 

баспау керек, еш жерде шығармау керек. 

Жарылқаптың ұлт зиялыларымен қоса өткізген баспасөз 

жиынына  келгендердің  ішінде  орысы  бар,  қазағы  бар, 

ешқайсысы  журналды  оқымаған.  Әлеуметтік  желілерде 

де  журналдың  бетін  ашып  оқымағандар:  «Біздің  атамызды  қорлады!»  —  деп 

даурығып жатыр.  Бір ауыз сөз қазақша білмейтін адамдардың 50 беттік журнал-

ды толық оқып шыққанына қалай сенерсің? Журналдың мұқабасындағы «Адам-

зат қасіреті» деген екі ғана сөзді ұқпай отыр.  Жиында есік сыртында тұрған НКВД 

әскери формасымен тұрған ауған соғысы ардагерлерінен күш алып сұрақ қойып 

жатқандардың барлығы сынға ұшырап жатты.  



ТҮЙІН: 

Жарылқап бұлай болатынын біле тұра әдейі жасады де-

уден аулақпыз. Саясаттан «С» әрпін білмейтін айтыскерінен бастап, 

журналисіне дейін теріс пікір білдіріп жатыр. Тағы да айтайық, жур-

налмен толық таныспай, Жарылқапты «Құдайын ұмытқан қумаңдай» 

деп, «Аңыз адамды» жақтаған М.Шахановты, А.Әшімовтерді жерден 

алып, жерге салған қазақ сайттары да болды.  Алайда Жарылқапты 

қолдап отырғандар көп. Тіпті «ақпарат кеңістігінде үстемдік жүргізу 

— отарлау саясатының бір бұтағы» деп те айтылды. «Тәуелсіздік үшін 



күрес енді басталды», 

 дегендер де болды.  Еліміздің тұтастығы мен 



тәуелсіздігіне қарсы сөйлеген Ресей саясаткерлеріне бір ауыз үн 

қатпаған соғыс ардагерлерінің  енді келіп «Аңыз адамға» шүйліккені 

қоғам белсенділерін налытты. Гитлердің басқыншылығы мен қазіргі 

Кремльдің саясаты арасындағы тарихи салыстыру, оны Путиннің 

жеке басына теліп қою көрші елдің шамына тиіп кеткен сияқты деген 

болжамдар да жасалынды. 

Қалай десек те, сөз бостандығы мен ой бостандығы бар деп жүрген 

қоғамымызда тырнақ астынан кір іздеп, бірін-бірі түртпектегеннен 

гөрі, мәселені ашық жариялылыққа, көпшілік талқыға салып шешкен 

дұрыс деп ойлаймыз. Ал болар-болмас нәрсеге заң орындарын ара-

ластыру 

— баспасөзге жат қылық. Айтыс та, тартыс та, бітімгершілік те 



тек қана баспасөзге жариялануы арқылы шешімін табуы керек. Тіпті 

заң орындары қараса да тақырыпқа ғана емес, мақаланың ішкі жан-

дүниесіне үңілуі тиіс деген ойдамыз.

Қазақстанның  

«Б» жоспары

Орталық  коммуникациялар  қызметіндегі  брифинг-

те  ҚР  Ұлттық  банкінің  төрағасы  Қайрат  Келімбетов: 

«Батыс  Ресейге  қатысты  қатаң  санкциялар  салған 

жағдайда,  Қазақстан  билігі  өзінің  кешенді  шараларын 

іске  қосады.  Ресей  Қаржы  министрлігінің  соңғы  есеп-

теулерінде  экономиканың  нөлдік  өсімі  айтылды.  Менің 

ойымша, тараптар барлық саяси мәселелерді реттейтін 

болады. Алайда осындай тәуекелдің болуы мүмкіндігін 

ескеріп,  біз  Үкіметпен  бірлесе  отырып,  кешенді  шара-

ларды даярладық. Осы орайда Үкімет мен Ұлттық бан-

кте «Б» жоспары әзірленді. Қазақстанда теңге бағамына 

жүргізілген  түзетулер  ресейлік  рубльдің  ауытқуларын 

еңсеруге  мүмкіндік  береді.  Бұл  мәселе  ұзақ  мерзімді 

межеге  созылмайды  деп  үміттенемін.  Қысқа  мерзімді 

жағдай бойынша өзіміз үшін тұрақты әрі оңтайлы ахуал-

ды байқап отырмыз», — деді.  

Нұрмұхамед Байғараев, 

«Алаң» бағдарламасының жүргізушісі:

МЕМЛЕКЕТШІЛ БОЛАЙЫҚ

Іргені берік ұстайық деген әдемі сөздер бар. Мәні терең. Қосыласың. Бірақ 

сауал бар. Ай сайын жалақымыздан 19% салық ұстайды, бірнеше мың. Сол 

салығымның қызығын көрейін деп телефон шалдым. Көзімді көрсеткім кел-

ді: 

- «Керуендегі» «Actual Optic» деген дүкенде 2000 теңге



- Республикалық диагностикалық орталықта 5500 теңге.

Соңғысы  бюджеттік  мекеме.  Денсаулық  сақтау  министрі  сол  орталыққа 

жыл сайын қазынадан бірнеше миллиард сұрайтын шығар. Мейлі, сұрасын, 

бірақ неге мен мемлекеттік дәрігерге бір кіріп шыққаныма 5500 теңге төлеуім 

керек? Оны тағы салықпен асыраймыз... Енді осы логикадан мемлекетшіл-

дік деген ұғымға орын бар ма?



 «Facеbook» парақшасынан

Мерекелік шеру «Қазақ 

елі» алаңында өтеді

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне  арналған 

шеруде жұрт назарына отандық әскери өндіріс 

шығарған техника паш етілмек. Салтанатты шеруде 

алаңға 3 мыңнан астам жаяу әскер,  250 бірлік әскери 

техника шықса, 56 бірлік авиациялық техника көкке 

көтеріледі.

  Еліміздің  түкпір-түкпірінен  келген  әскери  құрылымдардың  әскери 

қалашығында  сарбаздар  орналастырылған.  Әскери  шеруге  дайындық 

лагерінің штаб бастығы Қасымсерік Өмірбеков: «Басты басымдық жеке 

құрамның санына емес, елде өндірілген әскери техниканың қуатын, күшін 

саны  жағынан  да,  сапасы  жағынан  да  жұрт  назарына  ұсынуға  беріле-

ді.  Әскерилер  шеруіне  құрамында  200  адамы  бар  оркестр  сүйемелдеу 

жасайды.  Салтанатты  шеруге  қатысатын  сарбаздарға  да  қатаң  талап 

қойылған. Республикамыздың әскери бөлімшелерінен ең үздік, бойы биік, 

еңсесі тік, жауырыны кең жігіттер іріктелген. Әзірліктің әлі де болса жетіл-

діретін тұстары бар. Ең бастысы — ел алдында жаңылмау керек. Қазақ 

армиясының бар қуатын паш ететін мерекелік шеру «Қазақ елі» алаңында 

өтеді», — дейді. 

Беларусь президенті Александр Лукашенко БАҚ өкілдерімен 

болған  кездесуде:  «Беларусь  Украина  мемлекетінің 

біртұтастығын  қолдайды,  оны  федералдандыруға  үзілді-

кесілді  қарсы.  Украинаны  федералдандыру  туралы  Ресей 

ұсынған  жоспар,  шын  мәнінде,  елде  «басқарылмайтын  не-

месе  басқарылатын  бейберекетсіздік  тудыру»  үшін  қажет. 

Федералдандырудың  неге  қажет  екені,  неге  алып  келеті-

ні  баршаға  аян.  Егер  біз  қазір  өз  қолымызбен  Украина  мен 

украиндықтарды шығыс пен батысқа бөліп тастасақ, ертеңдері 

әлгі  федерациядан  әлдекімдердің  әлденені  жырып  алу 

мүмкіндігінің  туындауын  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бізге  — 

беларусьтерге бұл керек пе? Жоқ, біз Украинаның біртұтас ел 

болғанын  қалаймыз.  Бұл  Мәскеуге  жақпаса  да,  Минск  қазіргі 

жағдайда үндемей қала алмайды. Бәлкім, орыс бауырларымызға 

менің федералдандыруға қарсы ұстанымым ұнамас та, бірақ 

бұл тақырыпты айналып өтсем, мен арсыз адам болар едім. 

Егер өз ойлағанымды айтпай, федералдандыруды жақтайтын 

кейбір ресейліктердің көзқарасын қолдасам, жексұрын болар 

едім.  Жағдайды  ушықтырып,  Украинада  басқарылмайтын  иә 

басқарылатын  бейберекетсіздікті  туындатудың  қанша  қажеті 

бар? Әлдекімдерге жақсын-жақпасын, мен бұған үзілді-кесілді 

қарсымын. Президент міндетін атқарушы Александр Турчинов 

әрқашан да оң сезім тудырады. Ол — ізгі, адал, діндар адам, 

бірнеше  кітаптың  авторы,  докторлық  диссертация  қорғаған. 

Рас, шектен тыс ұлтшыл. Десе де, ол — укринашыл,  абсолютті 

зұлым  емес, дұрыс адам»,— деген мәлімдеме жасады. 

 Беларусь президенті А.Лукашенко:

«Егер Украинаны 

федералдандыру 

идеясын қолдасам, 

жексұрын болайын»

Баспана алу үшін 

мемқызметте жұмыс 

істеу міндетті емес

Партия хатшысы Құмар Ақсақалов жоба екі негізгі бөліктен тұратынын 

және оны жүзеге асыру шеңберінде басты бағыттардың бірі шағын және 

орта кәсіпкерлікті заңнамалық қолдау болып табылатынын атап өтті.

  Осы  негізде  «Нұр  Отан»  партиясы  Парламентте  қарқынды  жұмыс 

жүргізіп,  депутаттық  фракцияны  күшейте  отырып  бизнесті  жүргізу  үшін 

барынша  қолайлы  жағдайлар  жасау  үшін  заңнаманы  түзетуді  көздеуде. 

Партияның  сараптамалық  алаңдарында  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті 

дамыту  үшін  жағдайларды  жақсарту  жөніндегі  түбегейлі  шаралар 

туралы ҚР Президентінің Жарлығын орындау мақсатында әзірленген заң 

жобалары талқыланатын болады.

 Жобаны жүзеге асыру жөнінде әріптестермен бірлесіп, кәсіпкерлердің 

барлық  ұсыныстары  мен  бастамалары  қаралып,  одан  әрі  ілгерілету 

үшін  ҚР  Парламенті  Мәжілісіндегі  партия  Фракциясына  жолданады 

және  отбасылық  кәсіпкерлік  форумы,  акциялар,  семинарлар,  шеберлік 

сабақтары  мен  көрмелер  өткізу  жоспарлануда.  Шағын  және  орта 

кәсіпкерлік  үшін  отбасылық  бизнесті  басқару  нұсқаулығы  әзірленбек. 

Әкімшілік кедергілер бойынша әлеуметтік желілерде аса өткір проблемалық 

мәселелер жарияланып, талқыланатын болады.

Құрманғали Нұрғалиев

Мемлекеттік тұрғын үйлерден пәтер алу үшін енді мемлекеттік қызметте жұмыс 

істеу  міндетті  емес.  Мұғалімдер  мен  дәрігерлердің  енді  алдағы  айдан  бастап 

әкімдікке  қажетті  құжаттарын  өткізулеріне  болады.  Алматы  қалалық  Тұрғын 

үй  басқармасының  бөлім  басшысы  Рабиға  Сұңқарбаева:  «Мемлекеттік  емес 

мекемелердің қызметкерлері, яғни медицина, мектепке дейінгі дайындық, тәрбие 

жұмыстары  мен  ғылым  саласында,  өнер  мен  спорт  және  мәдениет  саласында 

қызмет ететін азаматтар Мемлекеттік тұрғын үйге үміткер бола алады. Бұл тізімге 

тек косметология мен шоу-бизнес саласының қызметкерлері кірмейді. Үміткерлер 

үш категория бойынша тізімделмек. 1-ші топқа жергілікті атқарушы билік орын-

дарында  баспана  кезегінде  тұрғандар  тіркеледі.  Олар  тек  төлем  қабілеттілігін 

растаса  болды.  2-ші  топқа  үйге  мұқтаж  азаматтар,  оралман  мәртебесі  барлар 

тіркеледі. Ал 3-ші топқа жасы 29-ға жет-

пеген жас отбасылар қабылданбақ»,— 

дейді. Осы «Қолжетімді баспана-2020» 

бағдарламасымен  салынып  жатқан 

пәтерлердің  шаршы  метрінің  құны 

жақында 10 пайызға қымбаттады. Қазір 

өңірлердегі  үйдің  шаршы  метрі  кемі  – 

90 мың теңге, ал Алматы мен Астанада 

– бұл баға 120 мың теңгеден жоғары.   

ЕРМЕК 

САХАРИЕВ

«Нұр Отан» партиясы «Мықты 

бизнес – Қуатты мемлекет» 

жобасын жариялады

Бұл жоба «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасының 

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша 

Сараптама тобының отырысында таныстырылды. «Мықты бизнес 

– Қуатты мемлекет» партиялық жобасы Қазақстанда бизнес жүргізу 

үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.



Жарылқап Қалыбай: 

«Біз Гитлер арқылы соғыстың 

шындығын ашқымыз келді»

Бауыржан Серікұлы

03

АСТАНА АЖАРЫ

24 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Қазақ — шаңырақ, 

этностар — уықтар

Бейбітшілік  және  келісім  сарайында 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  бейбіт-

шілік,  руханият  және  келісім  мәдениеті» 

атты 

тақырыпта 



Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясының  XXI  сессиясы  көптің 

көңілін күпті еткен мәселелердің біразының 

түйінін шешіп берді. Сессия жұмысына ҚХА 

мүшелері,  Парламент  депутаттары,  Үкімет 

мүшелері, саяси партиялар, діни конфесси-

ялар,  қоғамдық  ұйымдар  басшылары  мен 

дипломатиялық  миссия  және  БАҚ  өкілдері, 

шетелдік қонақтар қатысты.

Сессия  барысында  айтылған  ет-жүректі 

елжіретер,  шынайы  көңілден  шыққан  ел 

Президентінің  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасар 

ұлағатты сөздерінде қаншама ғибрат жатыр 

десеңізші?!  Соның  біріне  тоқтала  кетелік. 

«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры 

–  тірлікте»  екенін  баршаңыз  білесіздер. 

Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің 

жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің 

бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байла-

нысты.  Қазақты  қасиетті  қарашаңыраққа 

баласақ,  еліміздегі  барша  этностар  –  сол 

шаңыраққа  шаншылған  уықтар.  Ортақ  ор-

дамыз  –  Қазақстанның  босағасын  берік, 

шаңырағын  биік  ұстап,  түтінін  түзу  ұшыру 

– елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050 

Стратегиясында»  айтылған  үздік  30  елдің 

қатарынан  табылады.  Біздің  Отанымыз  – 

ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. 

Ол  –  жері  гүлденген,  елі  түрленген,  дамуы 

жедел,  ұрпағы  кемел  Мәңгілік  Қазақстан! 

«Саусақ  ашса  –  қылдырық,  жұмса  – 

жұдырық» екенін көкейге берік түйе отырып, 

ұлы  мақсаттарға  бірге  сапар  шегейік.  Бір-

лігіміз  берік,  тірлігіміз  серік  болсын!  Еліміз 

жарқырап,  жайнай  берсін!»  —  деп  ағынан 

жарылуына үлкен жүрек, ұлы далаға, баба-

лар аманатына деген адалдық қана жетеле-

се керек-ті.

Осы  жолы  да  бұған  дейін  сан  мәрте 

айтылған,  мемлекеттік  тіл  қазақ  даласын 

мекендеген  ұлттардың  бірлігінің  байрағы 

болып  желбіреуі  керектігін  Президент 

жиналған көпшіліктің есіне тағы бір рет сал-

ды.  Қазақстанда  мемлекеттік  тілдің  рөлі, 

орыс  тілінің  ресми  мәртебесі  және  барлық 

этностар мен олардың мәдениеттерінің тең 

жағдайда  дамуы  туралы  мәселе  шешімін 

тапқан. Биыл біздегі тілдер туралы алғашқы 

заңнамаға  25  жыл  толады.  Болашақта 

бүкіл  азаматтардың  мемлекеттік  тілді  білуі 

бізді  бұрынғыдан  бетер  теңдестіріп,  бір-

лікті  нығайта  түседі.  Ата-баба  салтымен 

қабысқан  Ислам  дінінің  жат  ағымдардың 

қанжығасында  кетпеуіне  ерекше  тоқталған 

Президент  өз  сөзінде  Ислам  діні  әу  баста 

Жаратушыдан  біздің  ата-бабамызға  қалай 

түссе, бүгінгі Қазақстанға дейін солай жету-

ін  тарихтың  өзі  қамтамасыз  еткенін  жеткіз-

ді.  Қасиетті  қазақ  жерінде  әсіредіншілдер 

ешқашан  болмағанын  айта  келе:  “Қазақ 

халқының  рухани  болмысы  әрдайым  гу-

манизммен,  ішкі  тұтастығымен  ерекшелен-

ген.  Ата-бабалардан  мирас  болған  осынау 

ұлы  қасиеттен  айыруға  бүгінгі  діннің  еш 

қақысы  жоқ.  Сондықтан  мен  барлық  қазақ 

зиялыларын,  рухани  жетекшілерді,  бар-

ша  қазақстандықтарды  ұлы  ұстаздардың 

ұлағатын  ұмытпауға  шақырамын”,  —  деп, 

мемлекет  басшысы  аталы  сөзге  жүгінді. 

Сонымен  қатар,  ұрпақты  жат  ықпалдан 

қорғауға, адасқандарды оқыс қадамдардан 

сақтандыруға тиіс екенімізді атап өтті.



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал