Газет 1936 жылғы 16 наурыздан



жүктеу 378.82 Kb.

бет1/4
Дата01.02.2017
өлшемі378.82 Kb.
  1   2   3   4

E

-m

ai

l:

  k

ar

at

ob

e_

on

ir

i@

m

ai

l.r

u

 Газет 1936 жылғы 16 наурыздан  

шығып келеді

   АудАНдЫҚ ҚОҒАМдЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

Жұма, 20 наурыз  2015 жыл №11 (7130) 

А

тырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан 



облыстарынан  қатысқан  12 

ақынның  бірі  Е.Бимұханов 

жәнібектік Назгүл Кәрімовамен айтысты.

Бұдан  да  бұрын  талай  дүбірлі 

айтыстарға қатысып,  көзге түсіп жүрген 

қаратөбелік  айтыскер  ақын  Ертай 

Сағындықұлы  аталмыш  айтыста  ерекше 

өнер  көрсеткені  үшін  Қажым  Жұмалиев 

атындағы  сыйлықтың  иегері  атанып, 

облыстық  мәдениет,  мұрағаттар  және 

құжаттама басқармасының алғыс хатымен 

марапатталды.  Шығармашылық  өнерді 

жанына  серік  еткен  Ертайдың  өнері 

биіктерден көріне берсін! - деген ниетпен 

шығармашылығына шалқар  шабыт, табыс 

тілейміз.



Ерболат РАЙСОВ,

«Қаратөбе өңірі» 

Айтыстан оралды

14 наурызда Наурыз мерекесі және Қазақстанның батыс 

аймақтарында  сақталған дәстүрлі Амал мейрамына (көрісу айт) 

арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты аймақтық ақындар айтысына 

әріптесіміз Ертай Бимұханов қатысып, табысты оралды.

ҚҰРМЕТТІ АудАН ТҰРҒЫНдАРЫ!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы 

халықтық сүйікті мерекеге айналды. 

Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі 

мен түсіністігін нығайтатын адамзат атаулының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. 

Ұлыстың ұлы күні халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, 

өткен-кеткеннен  сыр  тартып,  барша  адам  баласына  жақсылық,  аманшылық  тілеп,  жастарға  ақ 

баталарын берген.

Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, 

қиындықтың  бәрін  келер  жылға  өткізіп,  Самарқанның  көк  тасын  ерітіп,  алтын  күрекпен  жер  жүзін 

жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының 

әнін  шалқытып,  Жетісуға  жасылдан  көйлек  кигізіп,  Сарыарқаны  самал  желге  сүйгізіп,  Алатаудың 

төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп жеттің бе, әз-Наурыз – барша халықты бірлік пен 

ынтымаққа шақырар ұлық мереке.

Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүруінің өзі 

аталмыш мерекеден бастау алады.

Әз  Наурыздың  адам  баласын  ізгілік  пен  сыйластыққа,  ынтымаққа  тәрбиелейтін  тереңнен  тартар 

ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға 

міндеттіміз.

Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Игі тілекпен, аудан әкімі                                   Асхат ШАХАРОВ

қоғам

Жұма

20 наурыз 2015 жыл  

Отырыста 

Қаратөбе 

ауданының  төтенше  жағдайлар 

бөлімінің 

бастығы 


Манас 

Шайхиев,  аудандық  тұрғын  үй, 

коммуналдық 

шаруашылық, 

жолаушылар 

көлігі 


және 

автомобиль  жолдары  бөлімінің 

басшысы 

Айдос 


Әмірғали 

хабарлама жасады.

Аудандық 

төтенше 


жағдайлар  бөлімінің  басшысы 

Манас  Зәріпұлының  айтуынша, 

ауданда  төтенше  жағдайды 

болдырмау,  оның  алдын  алу 

мақсатында іс-шаралар жоспары 

жасақталынды.

Қалдығайты  өзенінің  су 

деңгейі  көтерілген  жағдайда 

Саралжын,  Қаракөл,  Аққозы 

ауылдық  округтерімен  жол 

қатынасын  үзбеу  жайы  басты 

қаперге алынып отыр. 

Сонымен  қатар,  аталмыш 

округтердегі  елді  мекендердегі 

азық-түлік, 

дәрі-дәрмек 

қорларының 

жай-күйі 

анықталып,  аудандық  орталық 

ауруханада 

есепте 

тұрған 


науқастардың  саны  анықталып, 

жағдайы  нашар  науқастарды 

алдын ала аудан орталығындағы 

ауруханаға жеткізу тапсырылды. 

Қазіргі таңда аудан бойынша 

көшелер мен аулаларда жиналған 

қарды  тысқа  шығару,  еріген 

қар  суы  өтетін  жылғалардың 

арналарын    тазарту  жұмыстары 

жүргізілуде. 

Отырыста  мінбеге  көтеріліп 

сөз  алған  аудандық  тұрғын  үй, 

коммуналдық 

шаруашылық, 

жолаушылар 

көлігі 


және 

автомобиль  жолдары  бөлімінің 

басшысы Айдос Орынбайұлы:

– 

Қазіргі 



уақытта 

су 


тасқынының 

алдын 


алу 

мақсатында  аудан  орталығы 

көшелері  қардан  тазартылу 

үстінде. 

Қ.Жұмалиев, 

С.Сейфуллин, 

Құрманғазы, 

М.Нысанов, 

С.Датұлы 

көшелеріндегі 

еріген 

қар 


сулары  ағып  өтетін  жерлердегі 

орнатылған су өткізгіш тұрбалар 

қардан аршылып тазартылды.

Көктемгі су тасқыны кезінде 

аудандық маңызы бар автомобиль 

жолдарында  орын  алуы  мүмкін 

төтенше  жағдайлардың  алдын 

алу мақсатында «Бақыт жолдары» 

ЖШС-нің  техникалары  әзір. 

Жеткілікті  көлемде  жанар-

жағармай қоры бар, - дейді. 

Отырысты 

қорытындылап 

сөз  сөйлеген  аудан  әкімінің 

орынбасары 

Рашит 


Нәсіпқалиұлы 

көктемгі 

су 

тасқынының  алдын  алу,  ауыл 



көшелерін 

қардан 


тазарту, 

жылғаларды 

тазарту 

т.б. 


жұмыстарды  жүргізу  қажеттігін 

тиісті 


бөлім 

басшыларына 

тапсырды.

Ертай БИМҰХАНОВ,

«Қаратөбе өңірі»

Ағымдағы  жылы  алғаш 

өткізіліп  отырған  жәрмеңкеге 

келушілердің қарасы көп болды. 

Соналы  ауылының  кәсіпкері 

Ерлан  Мұхамбетжанов  жылқы 

етінің  келісін  -  1100  теңгеге, 

қазыны – 2000 теңгеге саудаласа, 

«Қалдыбай»  шаруа  қожалығы 

қой  малын  25-20  мың,  тоқтыны 

15  мың  теңгеге  саудалады. 

Сонымен  қатар  жәрмеңкеде 

арзандатылған  нан  өнімдері,  

жоғарғы  сұрыпты  ұн  –  4300 

теңге,  секер  –  150,  картоп  –  65, 

күнбағыс майы – 210, шай - 380 

теңгеден  сатылды.  Мал  азығы 

жем – 1800, кебек – 800 теңгеден 

саудаланды.  Бұл  жәрмеңкеге 

келушілердің денін зейнеткерлер 

құрады.

Серікбай ХАСАНОВ,

«Қаратөбе өңірі»

Жәрмеңкеде арзан өнім

Қаратөбе ауданының 

орталық базарында аудандық 

кәсіпкерлік бөлімінің 

және Қаратөбе ауылдық 

округі әкімшілігінің 

ұйымдастыруымен 

ауылшаруашылық 

өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Өткен  аптада  аудан  әкімі  аппаратының  мәжіліс 

залында  аудан  бойынша  2015    жылғы  көктемгі  су 

тасқынының  алдын  алу  жөніндегі  аудандық  комиссия 

отырысы оздырылды. Комиссия жұмысына аудан әкімінің 

орынбасары Рашит Иманғалиев төрағалық етті.

Су тасқынының алдын 

алу жайы пысықталды

Қабылдауға  келген  Соналы 

ауылының  тұрғыны  Тілектес 

Ғабдушева  Соналы  мектебіне 

жөндеуші 

болып 


жұмысқа 

тұруға үміткер ұлының қызметке 

қабылдануы заң талаптарына сай 

болса деген тілегін жеткізді.

Қабылдауға  келген  Қаратөбе 

ауылының  тұрғыны  Асылзада 

Ғабдушева ұзақ жылдар ауданның 

ауылшаруашылық 

саласында 

еңбек  етіп  зейнетке  шыққан 

жолдасы Мақсот Абдрахмановты 

«Қаратөбе  ауданының  құрметті 

азаматы» атағына ұсыну туралы 

өтініш айтты.

Тұрғындар ұсынысын мұқият 

тыңдаған  аудан  әкімі  Асхат 

Берлешұлы  олар көтерген мәселе 

назардан  тыс  қалмай,  тиісті 

деңгейде  қадағаланатындығын 

жеткізді.  



Серікбай ЖӘЛЕЛҰЛЫ, 

«Қаратөбе өңірі»

Медиация  заңын  қолдануды 

насихаттауға  арналған  басқосуға 

Жусандыой  ауылдық  округінің 

әкімі  Талап  Қазиев,  кәсіби  емес 

медиатор Болатжан Бекмағамбетов, 

мекеме  басшылары  және  ауыл 

тұрғындары қатысты.   

Медиатордың 

көмегімен 

азаматтық,  қылмыстық  істерді 

сотқа  жеткізбей  екі  тараптың 

өзара  келісімге  келуі  жайында 

әңгіме  өрбіткен  аудандық  соттың 

төрайымы  Бақытгүл  Шабайқызы 

2011  жылдан  бастап  қолданысқа 

енген  медиация  заңын  қолдану 

баяу жүзеге асуда екенін тілге тиек 

етті.

Ауылдық 


жерде 

мал 


дауы,  отбасы  кикілжіңі,  ұсақ 

келіспеушілік  даулары  медиатор 

арқылы 

шешімін 


табуы 

тараптарға  тиімді.  Ал  сыбайлас 

жемқорлық,  мемлекеттік  қызмет 

саласындағы  заң  бұзушылыққа, 

еңбек  дауына  медиация  заңы 

қолданылмайтындығын атап өткен 

Бақытгүл  Шабайқызы  тұрғындар 

тарапынан  қойылған  сұрақтарға 

жауап  қайтарып,  аудандық  сотта 

ашық есік күндері өткізілетіндігін, 

ауыл  тұрғындарының  өздерін 

мазалаған сұрақтар бойынша келіп 

кеңес  алуларына  болатындығын 

жеткізді.

Медиация  заңын  түсіндіруге 

арналған 

отырыстан 

соң 


аудандық сот төрайымы Бақытгүл 

Шабайқызы  азаматтарға  жеке 

қабылдау өткізіп, қойған сауалдары 

бойынша кеңес берді.



Серікбай ХАСАНОВ,

“Қаратөбе өңірі”

Медиация Заңы насихатталды

13 наурызда Қаратөбе аудандық сотының төрайымы 

Бақытгүл Жәңгірова Жусандыой ауылдық округінде болып, 

медиация заңын түсіндіру мақсатында көшпелі кеңес өткізді.

Қоғамдық қабылдау өткізді

Өткен аптаның жүма күні «Нұр Отан» партиясының 

аудандық филиалында аудан әкімі Асхат Шахаров қоғамдық 

қабылдау жүргізді.

Сессия  жұмысына  аудандық 

мәслихаттың  депутаттары,  аудан 

әкімі  Асхат  Шахаров,  аудан 

әкімінің  орынбасарлары,  аудан 

әкімі 


аппаратының 

басшысы, 

мекеме  басшылары,  қоғамдық 

ұйымдар жетекшілері, құқық қорғау 

органдары  мен  бұқаралық  ақпарат 

құралдары өкілдері қатысты.

Сессия 

жұмысының 



күн 

тәртібіндегі 

мәслелерге 

орай 


«Аудандық  орталық  аурухананың 

жұмысы  туралы»    аудандық 

аурухананың  бас  дәрігері  Зейіл 

Мағзомов,    «Аудандық    тұрғын 

үй  коммуналдық  шаруашылық, 

жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары  бөлімінің  жұмысы туралы»  

мекеме  басшысы  Айдос  Әмірғали  

хабарлама 

жасады. 


Аталмыш 

салалар  басшылары  өз  салалары  

бойынша  атқарылған  жұмыстарды 

баяндады. 

Хабарламашылардың 

хабарламаларына  сай  атқарлыған 

жұмыстарға аудандық мәслихаттың 

депутаттары  Забира  Қодарова, 

Мағзом 

Есендосов, 



Ерболат 

Рамазанов,  Есентай  Аюпов  оң 

бағаларын  берді.  №12  Ақмешіт 

сайлау округінен депутат, аудандық 

мәслихат  жанындағы    «Экономика 

және  бюджет  жөніндегі»  тұрақты 

комиссияның 

төрағасы 

Есен 

Ғұмаров «Экономика  және  бюджет 



жөніндегі  тұрақты  комиссияның 

есебі 


туралы», 

«Мүгедектер 

қатарындағы  кемтар  балаларды 

жеке оқыту жоспары бойынша  үйде 

оқытуға  жұмсаған  шығындарын  

өндіріп алу тәртібін және мөлшерін 

айқындау  туралы»    аудандық 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік 

бағдарламалар  бөлімінің  басшысы 

Есенжол  Ғабдраштың,    «Учаскелік 

сайлау 

комиссияларының 



құрамдарына  өзгерістер  енгізу 

туралы», 

«Жұмыспен 

қамту-


2020  жол  картасы  бағдарламасын 

жүзеге асыру мәселелері жөніндегі 

аудандық  комиссия  құрамына  

өзгерістер 

мен 

толықтырулар 



енгізу 

туралы», 

«Қаратөбе 

ауданы  әкімі  жанындағы  құқық 

бұзушылық 

профилактикасы 

жөніндегі 

ведомствоаралық 

комиссия  құрамына  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы», 

«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес            мәселелері  бойынша 

аймақтық  комиссия  құрамына 

өзгеріс    енгізу  туралы»,    Қаратөбе 

ауданы 

әкімдігі 



жанындағы 

терроризмге 

қарсы 

комиссия 



құрамына 

өзгерістер 

мен 

толықтырулар 



енгізу 

туралы, 


Қаратөбе  аудандық  мәслихатының 

кейбір шешімдерінің күші жойылды 

деп  тану туралы аудандық мәслихат 

аппаратының 

басшысы 

Жора 


Жанғазиевтің      хабарламалары 

тыңдалып,  бекітілді.  Сессияда 

айтылған  мәселелерге  байланысты 

аудан  әкімі    алда  атқарылатын 

жұмыстарды 

ұйымшылдықта 

белсенді  жүргізуді,  денсаулық 

сақтауға  бағытталған  жұмыстарға,  

ауданда 

жалғасып 

жатырған 

газдандыру  жұмыстарын,    жол, 

көлік    қатынасы  ,  оның  ішінде 

жолаушылар  тасымалына    баса 

назар  аударуды,  жол  қатынасының 

жағдайын  қадағалап  отыруды  сала 

басшыларына  тапсырып,  аудандық 

мәслихат 

депутаттарының 

сауалдарына  қатысты  мәселелерге 

тоқталып өтті. 

 

Ерболат РАЙСОВ, 



«Қаратөбе өңірі»

ХХХ  СЕССИЯ ОЗдЫРЫЛдЫ 

Наурыз айының 18-і күні 

сессия төрағасы Сырым 

Оразовтың  төрағалығымен 

аудандық мәслихаттың       

5-шақырылымдағы кезекті 

ХХХ  сессиясы оздырылды.

Жұма

20 наурыз 2015 жыл 

3 бет

сайлау

№2 Егіндікөл сайлау округі бойынша аудандық 

мәслихатының депутаттығына үміткер Оразов 

Нурлан Жакановичтың ӨМІРБАЯНЫ

Оразов  Нурлан  Жаканович  1960  жылы  5  қазанда 

Орал  облысы,  Қаратөбе  ауданы,  Саралжын  селолық 

советінің  Қарақамыс  ауылында  дүниеге    келген.  1968 

– 1978 жылдары Саралжын орта мектебін оқып бітірген. 

1978  -1980  жылдары  Саралжын  совхозының  №2 

бөлімшесінде механизатор болып жұмыс жасаған. 1980 

–  1982  жылдары  әскер  қатарында  болған.  1982  –  1986 

жылдары  Саралжын  совхозының  №2  бөлімшесінде 

есепші қызметін атқарған.1986 – 1990 жылдары Алматы 

халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы 

бойынша бітіріп шыққан.1990 – 1998 жылдары аудандық 

салық  комитетінде,  1998  –  2002  жылдары  аудандық 

әлеуметтік  қорғау  бөлімінде  бөлім  меңгерушісі,  2003 

–  2006  жылдары  Саралжын  селолық  округінің  әкімі 

қызметінде,  2006  –  2009  жылдары  аудандық  бюджетті 

жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 2009 – 2013 жылдары 

аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  меңгерушісі,  аудандық 

мәслихаттың  тексеру  комиссиясының  төрағасы, 

аудандық  коммуналдық  шаруашылық  мемлекеттік 

мекемесінің  директоры  қызметтерін  атқарған.  2014 

жылдан  «Нұр  Отан»  партиясы  Қаратөбе  аудандық 

филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары  қызметін 

атқарып келеді. 

Отбасылы, 3 ұл, 1 қызы бар.

№2 Егіндікөл сайлау округі бойынша 

аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер 

Оразов Нурлан Жакановичтың сайлауалды 

БАҒдАРЛАМАСЫ

Егіндікөл 

селолық 

округі 


ауданымыздағы 

географиялық  жағынан    қолайлы  орналасқан  даму 

мүмкіндігі    жоғары  тірек  елді  –  мекендер  қатарына 

жатады.


- Ауылды абаттандыру мен жарықтандыру, тазалық 

пен тәртіпті сақтау;

- «Жасыл ел» бағдарламасына орай көгалдандыру

-  Табиғат  сыйға  тартқан  бұлақтың  айналасын 

абаттандырып, демалыс орнына айналдыру;

- Округ тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай 

жасау үшін, инфрақұрылымдардың дамуына ықпал ету;

- Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуге, 

олардың белгілі бір кәсіппен айналысуына атсалысу; 

-  Қариялар  мен  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың 

мәселелерін шешуге көмектесу;

-  Округтегі  шаруа  қожалықтарына  мемлекеттік 

бағдарламалар  бойынша  несие  алуға  көмек  көрсетіп, 

мал шаруашылығын дамытуға ықпал ету;

Мұғалімдердің, 



дәрігерлердің 

әлеуметтік 

жағдайларын жақсарту бағытындағы істерге ат салысу;

-  Ауыл  тұрғындарына  медициналық  қызмет 

көрсету аясын одан әрі жетілдіру, науқастарға арналған 

жеңілдікпен  берілетін  дәрі  –  дәрмектің  уақтылы,  әрі 

мақсатты берілуі үшін жұмыстануға ықпал ету;

№2 Егіндікөл сайлау округі бойынша аудандық 

мәслихатының депутаттығына үміткер Сисенов Армат 

Кенжетаевичтың ӨМІРБАЯНЫ

Сисенов  Армат  Кенжетаевич  1968  жылы  2  қаңтарда 

Жымпиты    ауылында  дүниеге  келген.  Ұлты  қазақ, 

білімі  жоғары.  2001  жылы  М.Өтемісов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университетіне  түсіп,  2004  жылы 

дене  шынықтыру  және  спорт  мамандығы  бойынша  бітіріп 

шыққан. 1986 – 1988 жылдар аралығында  Кеңес армиясы 

қатарында  болған.  1989 – 1993 жылдар аралығында спорт 

мектебінде жаттықтырушы, 1993-1994  жылдар аралығында 

әкімшіліктің  жастар  ісі,  туризм  және  спорт  комитетінің 

төрайымы  орынбасары,  1994  –  2005  жылдар  аралығында 

спорт  мектебінде  жаттықтырушы,  Мұхит  атындағы  жалпы 

орта білім беретін мектебінде дене тәрбиесі және алғашқы 

әскери дайындық пәні мұғалімі  қызметтерін атқарған. 2005 

–  2015  жылдары  аудандық  балалар  мен    жасөспірімдер 

спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  

қызметін  атқарған.  2015  жылдың  қаңтар  айынан  аудандық 

балалар  мен  жасөспірімдер  саяхаты  және  экология 

орталығының директоры қызметін атқарып келеді.

Отбасылы 2 ұлы бар.

 №2 Егіндікөл сайлау округі бойынша аудандық 

мәслихатының депутаттығына үміткер Сисенов Армат 

Кенжетаевичтың сайлауалды  БАҒдАРЛАМАСЫ

Ауыл  тұрғындарының  әлеуметтік  жағдайларын 



жақсартуға  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламалардың 

ауданда жүзеге асырылуына өзіндік үлес қосу;

Білім  саласының  қазіргі  технологияға  сай  болуы, 



кабинеттердің  озық  техникалық  құрал-жабдықтармен 

қамтамасыз етілуі;

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, көп 



балалы аналарға, мүгедектерге тиісті дәрежеде көңіл бөліп, 

қоғамдық өмірдің барлық саласы бойынша белсене араласу;

Аудан, ауыл – аймақ алдындағы өзекті мәселелерді 



жоғары  басқару  жүйесі  алдына  қойып,  оның  уақтылы 

шешілуі үшін қызмет ету;

Ауыл  тұрғындары  арасында  мал,  өсімдік 



шаруашылықтарымен,  кәсіпкерлікпен  шұғылданам  деген 

азаматтарға жәрдемдесу;

Жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен, ұялы 



байланыс операторымен қамтылуына ықпал ету.

№2 Егіндікөл сайлау округі бойынша аудандық 

мәслихатының депутаттығына үміткер Есенаманов 

Азамат Темировичтың ӨМІРБАЯНЫ

Есенаманов  Азамат  Темирович  1987  жылы  14  шілде  

де  Батыс  Қазақстан  облысы  Қаратөбе  ауданы  Жігерлен 

ауылында дүниеге келген.

Жігерлен  жалпы  білім  беретін  мектебін  2004  жылы 

аяқтаған. Сол жылы «Жәңгірхан» атындағы БҚАТУ –нің 

Ветеринария  және  агробиотехнология  факультетінің 

ветеринариялық  медицина  мамандығын  бойынша  оқуға 

түсіп, 2009 жылы аяқтаған.

2009 – 2010 жылдары «Жәңгір хан» атындағы БҚАТУ – 

нің оқу өндірістік орталығында мал дәрігері болып қызмет 

жасаған.


2010 – 2011 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ «Орал вагон 

жөндеу» депосында слесарь қызметін атқарған.

          2012 жылдан  Қаратөбе аудандық ветеринариялық 

станциясының мал дәрігері қызметін атқарып келеді.



№2 Егіндікөл сайлау округі бойынша аудандық 

мәслихатының депутаттығына үміткер Есенаманов 

Азамат Темировичтың сайлауалды БАҒдАРЛАМАСЫ

-  Көп  балалы  аналарға,  тұрмысы  төмен  отбасыларға, 

жалғыз басты адамдарға, мүгедектерге атаулы әлеуметтік 

көмектің  толық  әрі  уақытылы  төленуіне,  еңбек  етуге 

қабілетті  адамдарға  өз  бизнесін  ашуға  қолғабыс  тигізіп, 

малы  жоқ  жанұяларға  малдандыру  бағытындағы 

жұмыстарға ықпал ету; 



-  Ауыл  тұрғындарын  тұрақтандыру  мақсатында 

жұмыстану;



Жастар саясаты және салауатты өмір салтын кеңінен 

насихаттап,  округтегі  түрлі  тәрбиелік  мәні  бар  мәдени 

көпшілік  шаралардың  өз  деңгейінде  ұйымдастырылуына 

ықпал жасау;



-  Ауылды  көгалдандыру  мен  абаттандыруға  округ 

әкімімен бірлесе отырып жұмыстану;

- «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша өзін 

– өзі жұмыспен қамтушы,  аз қамтылған отбасы мүшелерін 

кәсіптік оқуға тартуға  және қайта даярлауға ықпал ету.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал