Газет 1936 жылдан шығады



жүктеу 350.65 Kb.

бет1/4
Дата16.02.2017
өлшемі350.65 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1936 жылдан шығады

Email:ekpin_1936@mail.ru

№35


(8456)

Жұма     

5 қыркүйек

2014 жыл

www.zhaikpress.kz

«СӘТ»


 Тобы 

ТаСқалада

 

Әлеумет

Апта тынысы

3

АудАн жАстАры 

бАс қосты ...

ШопАндықты 

серік еткен...

2

Араға 


жыл 

салып 


жас 

әншілер 


ауданымызға  жаңа  бағдарламамен  қайта 

келді. «Өмірге ғашықпын» атты концертпен 

келген  Сапарбай  мен  Азаттың  биылғы 

концертінің  ерекшелігі  репертуарларының 

жаңа әндермен толығуында екен. «Былтыр 

келгенімізде  тасқалалық  көрермен  жылы 

қабылдаған  болатын.  Биылғы  концерт 

былтырғыдан  ерекше  болмақ,  себебі 

бағдарламамызда  тоқсан  пайыздай  жаңа 

әндер  бар.  Репертуарымызда  жастарға 

арналған  рэп  стиліндегі  әндер  де  бар. 

Ән  кешін  де  әншілеріміз  өздері  жүргізетін 

болады»,  деді  топтың  продюссері  Нұржан 

Қожабеков. 



Өз тілшіміз 

Өткен  жылы  «Сәт»  тобы  Тасқалаға  концерттік  бағдарламаларымен  келіп  кеткен 

болатын.  Кішкентайларынан  көрермен  көзайымына  айналып  үлгерген  өнерлі 

ұландарды тасқалалықтарда ыстық ықыласпен қабылдап, шынайы ризашылықпен 

шығарып салған еді.

Тасқала 


ауылдық 

округінің 

ұйымдастыруымен  «Мектепке  жол» 

акциясы  аясында  аз  қамтылған 

төрт    отбасы  балаларына  көмек 

көрсетілді. 

Аталмыш 

шара 


барысында  ауданымыздың  жеке 

кәсіпкерлері Айгүл Мүсенова 50 мың 

теңгенің,  Қазихан  Сүйінғалиев  15 

мың теңгенің, сондай-ақ  Александра 

Запорожцева 5 мың теңге көлемінде 

киім-кешекпен көмектесті.

Мұндай  шара  айдың  аяғына 

дейін  әлі  де  жалғасын  табатын 

болады.  Барлық  демеушілерге  үлкен 

ризашылығымызды білдіреміз.



Светлана Өтемісова,

Тасқала ауылдық 

округінің әкімі

Балаларға 

қамқорлық

Өткен  аптаның  жұма  күні  балалардың 

мектептен  тыс  жұмыс  орталығында 

«Ауыл аймағын өркендету» тақырыбында 

жас  мамандар  арасында  семинар-тренинг 

өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары 

А.Нұрмақов, 

облыстық 

жастар саясаты мәселелері басқармасының 

«Жастармен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық 

орталығының» 

бөлім 

басшысы 

Ж.Науатова, Астана қаласынан келген Қазақстан Республикасының Еңбекші және 

ауыл  жастары  ассоциациясының  бас  координаторы  Ж.Табылғанов  пен  аудандық 

жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы А.Қодаров  қатысты. 

Кеше 

аудан 

 

әкімінің 

орынбасары 

Л.Жұбанышқалиеваның 

басшылығымен  

денсаулық күніне орай ұйымдастыру комитетінің 

отырысы болып өтті.  

Апта тынысы

2

5.09.2014 жыл



Аудан жастары бас қосты

Алдымен  астаналық  қонақ    «Еңбек  адамы» 

республикалық  байқаудың  мән-жайын  түсіндіріп 

өтті.  Әрі  қарай  басқосу  еркін  әңгімелесу  кейпінде 

өрбіді.

Барлық салада еңбек етіп жүрген жастардың басын 



қосқан жиынның басты мақсаты ауылдық өңірлерде 

кездесетін  проблемаларды  бірлесе  шешу  жолдарын 

талқылау  және  ұсыныстарды  қабылдау  болса, 

жастар да өз кезектерінде көкейлерінде жүрген өзекті 

мәселелерді  қозғады.  Әсіресе  «Дипломмен  ауылға» 

бағдарламасы тәрізді жобаларға өзгерістер енгізуге 

ұсыныстар  түсті.  Аталмыш  бағдарламамен  білім, 

мәдениет,  денсаулық  саласынан  басқа  мамандық 

иелері  мен  мемлекеттік  қызметшілер  де  қамтылу 

керек  екенін  айтты  жастар.  Сондай-ақ  әңгіме 

барысында  жанармай  құнының  шарықтауы  да 

жастардың шымбайына батып отырғаны байқалды. 

Жас  жүрген  жер  ойын-сауықсыз  болмасы  белгілі. 

Осы  орайда  спортқа  салғырт  қарамайтын  аудан 

жастары командалық спорт түрлерінің дамуындағы 

келеңсіздіктерді ортаға салды. Аудандық жастармен 

жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталықтың  басшысы 

А.Қодаров «Жасыл ел» бағдарламасын ауданымызға 

әкелуге  атсалысу  керек  екенін  тілге  тиек  етті. 

Аталмыш  бағдарламаның  ауылды  абаттандыруға 

тигізер пайдасы мол екенін айтты.

Келген қонақтардың айтуынша, бұндай кездесулер 

басқа  аудандар  да  өтуде.  Ал  аудан  жастарынан 

түскен барлық ұсыныстар қыркүйек айының соңында 

жастар комитетіне жіберілетін болады. 

Ата Заң күні аталып өтті

Қазақстан Республикасының 

Конститутциясы күніне орай аудандық 

мәдени-демалыс орталығында 

салтанатты жиын өтті. Жиынға 

аудан әкімінің орынбасары 

Сырымбет Серғалиев қатысты.

Аудан  халқын  Ата  Заң  күнімен  құттықтаған 

Сырымбет Қабекесұлы жиын барысында «Нұр Отан» 

партиясының  жаңа  мүшелеріне  партия  билеттерін 

табыстады.  Сонымен  қатар  мемлекеттік  қызметке 

орналасқан  жас  мамандар  салтанатты  түрде  ант 

қабылдады.  Жиын  соңы  аудан  өнерпаздарының 

концертіне ұласты.



Өз тілшіміз

Мейірім сыйла балаға

  Жалпы  акцияға  аудан  бойынша  117  мұғалім 

қатысып,  80  аула  аралау  жұмыстары  мен    56  рейд 

ұйымдастырылды.  Акция аясында 376 балаға 1870,3 

мың теңгеге, соның ішінде бюджет қаражатынан 204 

оқушыға 872140 теңгеге, демеушілерден 172 балаға 

371550  теңгенің  материалдық  көмегі  көрсетілді. 

Демеушілер  қатарында  жеке  кәсіпкер  Н.Мамбетов 

балаларға 

оқу-құралдарымен 

көмектессе, 

Ж.Абдуғалиева, М.Жүсіпқалиева, Ш.Наурызалиева, 

Б.Дошақанова, 

Н.Тапалова, 

М.Төркешева, 

Ж.Мұқаналиева, 

Г.Бекесова, 

Д.Айтмұқашева, 

Г.Искалиева,  Қ.Сүйінғалиевтер  киім-кешектермен, 

ал  қазынашылық  басқармасының  ұжымы,  «Екпін» 

газетінің редакторы Д.Ғазез, халыққа қызмет көрсету 

орталығы  бастығының  орынбасары  Н.Құрмышева, 

сонымен  қатар  облыстық  «Самат»  автомектебінің 

директоры  С.Бақашев  және  Д.Бисалиев,  нотариус 

С.Ерсәриева,  мен  11  сыныптың  ата-аналары 

Л.Тастамбекова  және  Ж.Абдуловалар  спорттық 

киімдер  мен  мектеп  формасын,  сонымен  қатар  оқу 

құралдарын  сыйлады.  Халықтық  коммунистік 

партиясы Алтынсарин атындағы орта мектептің 28 

оқушысына    жалпы  құны  112000  теңге  көлемінде 

сөмке және кеңсе тауарларын тарту етті. Аталмыш 

акциядан  аудан мектептерінің ұстаздары да қалыс 

қалмады


Осындай  шараны  өткізуге  атсалысқан  барша 

жандарға  ата-аналар  атынан  Роза  Абдрахманова 

ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. 

Сайысқа  түскен  жиырма  адам  шахмат  пен  дойбы 

ойындарынан  бақтарын  сынады.  Нәтижесінде 

шахматтан  жүлделі  орындар  тасқалалықтардың 

еншісіне бұйырды. Сағынғали Досжанов І, Ахметжан 

Ғұбайдуллин  ІІ,  ал  Болат  Сапаров  ІІІ  орындарды 

иеленді.  Дойбыдан  мерейліктердің  мерейі  үстем 

болды.    Мерейлік  Александр  Гурняк  пен  Қайнолла 

Қуанышев І, ІІ орындарды өзара бөліссе, тасқалалық  

Асхат  Мұхамбеталиев  ІІІ  орынды  қанағат  тұтты. 

Жүлдегерлерге  алғысхаттар  мен  естелік  сыйлықтар 

табысталды.



Шахмат пен 

дойбыдан өткен дода

Жұмыс барысы 

пысықталды

2014  жылдың  24  шілде  күні  сағат  10.30-да  Тасқала 

аудандық  ауруханасынан  Тасқала  АІІБ-не  емханадан 

жарылғыш затқа ұқсайтын жәшіктің табылғаны туралы 

қоңырау  түскен  еді.  Күдікті  зат  орналасқан  жерге 

бірінші болып кірген «АРЛАН» арнайы полиция жасағы 

мен БҚО ІІД тергеу қызметі жәшікті ашып, жәшіктегі 

жарылғыш  заттың  макет  екені  анықталған  болатын. 

Тексеріс  барысында  қара  түсті  полиэтилен  пакетіне 

оралған  «Акмасепт»  антибактериалды  гелінің  қорабы 

екені анықталған. Қораптың жанына екі автоқаламның 

пастасы бекітіліп, ішіне сары түсті полиэтилен пакетіне 

оралған  үш  үшбұрышты  автокөліктің  бөлшектеріне 

ұқсайтын зат орналастырылған.

Аталмыш  дерек  бойынша  2014  жылдың  13  тамыз 

күні  Тасқала  аудандық  прокуратурасымен  ҚР  ҚК-нің 

242-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі  уақытта  қылмыстық  іс  бойынша  Тасқала 

АІІБ-і тергеу амалдарын жүргізуде.   

Тергеу амалдары 

жүргізілуде

Конституция  күніне  орай  ауданымыздағы 

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 

медициналық  әлеуметтік  мекемесі  мен  аудандық 

мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  бірлесе  ұйымдастыруымен 

«Бәріміз  бірдейміз,  кемсітуді  білмейміз»  атты  

спорттық  байқау  ойындары  өткізілді.  Жарысқа 

аталмыш  мекеменің  кейуаналары  мен  Мерей, 

Тасқала  ауылдық  округтерінен  мүмкіндігі 

шектеулі жандар қатысты. 

Р.Сатыбалдиев

Назгүл Серікқызы 

Жиын  барысында  аталмыш  шараға  орай 

ұйымдастырылатын  іс-шаралар  жоспары  бекітіліп,  

атқарылатын  жұмыстар  тағы  бір  рет  пысықталды.  

Ұйымдастыру  алқасы    өз  ұсыныстарын  білдіріп, 

ойларын ортаға салды.  

Жыл  сайын  дәстүрлі  түрде  өткізіліп  келе  жатқан 

бұл шара биыл «Жастар» стадионында өзгеше түрде 

өтпек.  Әр  ұжым  спорт  түрлерінен  сайысқа  түсіп,  

бақтарын  сынайтын  болады.  Сондай-ақ    кез-келген 

аудан  тұрғыны  бұл  күні  қан  қысымын  өлшетіп, 

флюрографиядан    өте  алатын  болады.  Сауда 

нүктелерін ұйымдастыру да жоспарланып отыр. 

Манас Маратұлы

Рауан Таңатжанұлы

Жуырда «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 

аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 

«Мир» кинотеатрында  көп балалы, сондай-ақ аз 

қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету 

мақсатында жиын болып өтті. Жиынға «Нұр 

Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары А.Нұрмақов қатысып, 

құттықтау сөз сөйледі. Одан әрі «Айкөркем» 

бишілер тобы жиналғандарға өздерінің әсем 

билерін тарту етті. Осыдан кейін оқушыларға 

салтанатты түрде сыйлықтар тапсырылды.

Н.Жәрдемова


Әлеумет

3

5.09.2014 жыл



Тасқала 

ауылының 

орталығындағы 

Абай 

алаңында  Ата  Заң  күніне 

арналған мерекелік концерт 

өтті.

Кешкі  салқынмен  басталған 

мерекелік 

шарада 


Тасқала 

ауылдық 


округі 

әкімінің 

орынбасары Байзолла Жұмабаев 

жиналғандарды  мерекелерімен 

құттықтады. 

Кешкі 


концертте  аудан  өнерпаздары 

әуезді 


әндерімен 

жиылған 


жұртшылыққа  керемет  көңіл-

күй  сыйлады.  Концерт  соңы  би 

кешіне ұласты.

Өз тілшіміз

Кешкі концерт

Ата Заң күні әділет 

саласы мамандары 

қос бірдей қуаныштың 

куәгері болды. 

Мереке  қарсаңында  дүниеге 

келген Жанэль есімді сәбидің туу 

туралы  куәлігін  аудандық  әділет 

басқармасының  бас  маманы 

Д.Махашева  салтанатты  түрде 

табыс  етті.  Ата-аналары  Эльдар 

мен Жанаргүлге  бүлдіршіндерінің 

тұңғыш  құжатымен  қоса  естелік 

сыйлықтар  табыс  етті.  Сонымен 

қатар  дәл  осы  күні  жанұя 

құрған  Данияр  мен  Индира 

Мырзабековаларға да әділеттіктер сыйлық табыстап, аудандық мәслихат депутаты Ж.Бисенғалиева 

құттықтау сөз сөйледі. 



Р.Сатыбалдиев

Мереке күнгі 

қос қуаныш

Биыл  аудан  бойынша  12 

орта,  3  негізгі,  6  бастауыш 

мектеп  оқушыларға  өз    есігін 

айқара  ашты.    Бұл  күні  18 

жас  маман  өздерінің  алғашқы 

еңбек  жолдарын  бастады. 

2465 оқушы мектеп партасына 

жайғасты.  320  бүлдіршін 

бірінші сыныпқа қадам басса, 

оның  36-сы  орыс,  274-і  қазақ 

сыныбына 

қабылданды.  

Бір  айта  кетерлігі  мектеп 

табалдырығын 

алғаш 


аттаған  бүлдіршіндер    саны 

былтырғыға қарағанда  жоғары. 

Бұл  елдегі  демографиялық 

жағдайдың    жыл  сайын  өсіп 

келе жатқанын аңғартады.

Білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты  салтанатты жиынға 

аудан  әкімі  Санжар  Әлиев  пен  аудан  орталығынан  алғашқы  қазақ  мектебін  ашуға,  сондай-

ақ,    ауданымыздың    экономикасын  өркендетуге    атсалысқан    Рахман  Карин,  аудан  әкімінің 

орынбасарлары мен білім бөлімінің басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен 

ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты. 

Салтанатты жиыннан соң барлық білім ордаларының әр сыныбында «Қазақстан Стратегиясы: 

бір халық, бір ел, бір тағдыр» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.

1-7 қыркүйек денсаулық апталығы деп белгіленіп, соған орай спорттық ойындар ойнатылып, 

эстафеталар ұйымдастырылды.



Н.Жәрдемова

Сәлем саған сүйікті, 

алтын ұя мектебім!

Аптаның бірінші күні ауданымыздағы барлық білім ошақтарында алғашқы 

қоңырау салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті. Жаз бойы көңілді демалған 

оқушылар  сүйікті  мектептерімен  сағына  қауышты.  Бұл  күні  қолдарына 

гүл  шоқтарын  ұстап,  мектепке  қарай  асыға  басып  бара  жатқан  балғын 

балаларымыздың жүздерінен қуаныштың лебі ескендей.

Амангелді Ыбырашұлы Сапақов 1942 жылы Ақжайық ауданына 

қарасты  Ілбішін  ауылында  дүниеге  келген.  Араға  екі  жыл  салып 

1944 жылы ҚазақССР-нің 40 жылдығы атындағы совхоздың Аяқ елді 

мекеніне көшіп келеді.  Осы жерден мектепке барып, жеті жылдық 

білім алады. Бірақ әке тәрбиесін көру Амангелді ағаға бұйырмапты. 

Өйткені соғысқа кеткен Ыбыраш аға елге қайтып оралмай, майдан 

даласында көз жұмады.

Осылайша  анасына  сүйеніш  болған    кейіпкеріміз  1964  жылы 

ҚазақССР-нің  40  жылдығы  атындағы  совхозға  қарасты  Үштелек 

ауылында  шопан  болып  алғашқы  еңбек  жолын  бастайды.  Анасы 

Қанзила  мен  інісі  Темірғали  үшеуі  бірігіп    900  бас  қой  бағады. 

Ол  кезде  совхоз  директоры  марқұм  Тоқсейіт  Өмірзақов  болатын.  

Осылайша  жастайынан  еселі  еңбек  етіп,  ауылдың  өркендеуіне 

өзіндік  үлес  қосқан    Амангелді  аға  1965  жылы  Мұстахима  есімді 

бойжеткенмен отбасын құрады.  Өмірге төрт ұл әкелген апамыз, үй 

шаруасынан қолы қалт ете қалса жолдасы Амангелдіге көмектесуге 

әзір тұрады.

Қысы жазы аптап ыстық пен қақаған суықта мыңғырған қойдың 

артында    Амангелді  ағамен  қатар  төзіп,  ауыртпалығын  бірдей 

көтерісіп    Мұстахима  апайда  жүрді.  Негізі  әйел  затына  әлсіздік 

тән деседі. Бірақ, дәл осы қойшының қосағы арқалаған ауыр жүкті 

анау-мынау  еркектері  көтеріп  кете  алмасы  анық.    Бірақ  екеуі  де 

сол  кезде  көрген  қиындықтарына  өкінбейді.  Керісінше  бүгінгі 

таңда  еңбектерінің  жемісін  көріп  отыр.  Төрт  ұлдан  тараған  алты 

немере қос қарияның көз қуаныштары. Олардың ендігі арманы сол 

немерелерінің амандығы.

Амангелді  аға  шопан  болған  жылдары  түрлі    деңгейдегі 

жарыстарға  қатысып,  қой  қырқу  науқанына  да  атсалысты.  Соның 

нәтижесінде  алғысхаттармен  бағалы  сыйлықтардан  да  құр  алақан 

қалмады.  Айталық  1972-1976  жылдары  халық  шаруашылығы 

көрмесіне 80 келіден асыл тұқымды екі  саулық  қой мен 120 келілік 

екі  қошқарды  апарып  жүлделі  оралды.  1976  жылы  биязы  жүнді 

қойдың  көрмесінде  газ-24  маркалы  ақ  “Волганы”  еншілеп  қайтты. 

Саулық  қой  бағуда  міндеттемесін  асыра  орындаған  Амангелді 

аға  шопандар  арасындағы  социалистік  жарыстың  төс  белгісімен 

марапатталады.  Оған  інісі  Темірғали  мен  жұбайы  Мұстахима  да 

атсалысады. Кейін совхоз тарағаннан соң 1991-1992 жылдары жеке 

шаруашылық  құрып,  өз  алдына  еңбек  етеді.  Ара-тұра  демеушілік 

танытып,  жағдайы  төмен  жандарға  қол  ұшын  берді.  Тұрғындарға 

шөптей көмектесті. Бүгінде жасы 72-ге келген Амангелді аға жұбайы 

Мұстахима  апаймен  бірге  Алмалы  ауылында  бейнетінің  зейнетін 

көріп,  тұрып  жатқан  жайы  бар.  Осындай  еңбек  ардагерлерінің 

тынымсыз еңбектері кейінгі ұрпаққа үлгі болса екен дейміз.



Шопандықты 

серік еткен 

азамат

Қойшылық  жер  бетіндегі  ең  көне  кәсіптің  бірі 

болса  керек.  Оның  да  өз  ерекшелігі,  әлі  де  шешімін 

таппаған  түйінді  мәселелері,  қайшылықтары  жоқ 

емес,  әрине.  Алайда,  шынтуайттап  келсек,  қолында 

радиоқабылдағышы,  газеті  мен  журналы  жүрсе  де, 

әсіресе  қыстың  көзі  қырауда,  жапан  далада  жападан-

жалғыз  қой  соңында  ілбу  қандай  жанды  болса  да 

жалықтырып,  түрлі  ойға  салатыны  ақиқат.  Бірақ 

соған қарамастан    өркені өскен өңірде өмір сүріп, ерен 

еңбек  еткен  азаматтарымыздың  іргелі  істері  осыған  

дәлел  бола  алады.  Солардың  бірі  Алмалы  ауылының 

тұрғыны Амангелді Сапақов аға.

Назгүл Серікқызы

4

5.09.2014 жыл



АВТОБИОГРАФИЯ КАНДИДАТ В АКИМЫ 

ДОСТЫКСКОГО АУЛЬНОГО  ОКРУГА  ТАСКАЛИНСКОГО 

РАЙОНА ХАЗИЕВ АСКАР  СЕРГЕЕВИЧ

Хазиев Аскар Сергеевич родился 14 апреля 1968 года в с\з «Парижская Коммуна» 

Старо-Полтавского района  Волгоградской области  Российской Федерации.

Имеет два высших образования: 

- В 1991 году окончил  Саратовский сельскохозяйственный институт им Н.И. Вавилова 

по специальности «Бухгалтерский учет и анализ хозяйственной деятельности в сельском 

хозяйстве»  присвоена квалификация  «Экономист по бухгалтерскому учету»;

- В 2005 году окончил Международный институт языков и менеджмента «Евразия» 

г.Уральска по специальности «Государственное и местное управление» с квалификацией 

«Менеджер».  

-  Трудовую  деятельность  начал  в  1986  году  мелиоратором,  заведующим  тока, 

агрономом – семеноводом.

- 1986-1988 годы служил в рядах вооруженных сил СССР.

- С 1999 – 2002гг работал в строительных организациях г.Аксая.

- С 2002 года работает в Таскалинском районном отделе экономики и финансов.

Женат имеет  двоих детей.



ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Уважаемые избиратели! Предлагаю вашему вниманию программу, с которой я иду на выборы акима 

Достыкского аульного круга. 

Опираясь  на почти 12 летний  опыт работы в отделе экономики и финснсов Таскалинского района, 

где  приобрел  огромный  опыт  и  знания  в  сфере  планирования  бюджета,  его  освоения,  бухгалтерского 

учета, коммунальной собственности, основываясь на точном понимании потребностей аульного округа, я 

определил основные направления его развития на ближайшие годы.

Это решение проблем занятости, комфортное село, развитие образования и здравоохранения, социальная 

защита, экология и благоустройство, открытость и подконтрольность работы аппарата акима.

Своей  задачей  на  посту  акима  Достыкского  аульного  округа  вижу,  в  рамках  действующего 

законодательства  Республики  Казахстан  и  в  пределах  своих  полномочий,  профессионально  управлять 

аульным  округом,  представлять  и  защищать  интересы  жителей  аульного  округа,  грамотно  руководить 

аппаратом. 

Убежден, что аким должен быть не столько политиком, сколько опытным управленцем, профессиональным 

хозяйственником.

Как  аким  вижу  свою  работу  в  первую  очередь  во  взаимодействии  с  депутатами,  общественностью, 

производственниками и предпринимателями.

В своей работе при принятии решений, обязуюсь руководствоваться следующими принципами: уважения 

прав и свобод человека, законности, экономической целесообразности, социальной ориентированности.

С учетом равноценности каждого из изложенных принципов, буду осуществлять основные направления 

моей программы: 

1.  Обеспечение    участия  широкой  аульной  общественности  в  обсуждении  и  принятии    решений  по 

основным проблемам округа;

2. Эффективное управление аппаратом,  наведение порядка с кадастровым учетом земель; 

3.  Оказание  социальной  поддержки  ветеранам  Великой  Отечественной  войны  и  ветеранам  труда, 

пенсионерам,  социально  уязвимым  категориям  населения,  семьям  воспитывающим  детей  инвалидов, 

малоимущим,  одиноким матерям, многодетным семьям;

4. Решение  проблем с безработицей,  способствование переобучению, оказание помощи в дальнейшем 

трудоустройстве;

5. Повышение  санитарно – эпидемиологического благополучия сельского округа,  наведении порядка 

в  зонах  утилизации  мусора,  проведении    работ    по  благоустройству  и  озеленению,  охране  окружающей 

среды; 


6.  Способствование  выделению  финансовых  средств  из  местного  бюджета  на  капитальный    ремонт  

автодорог,  объектов  социальной  сферы  (дома  культуры,  школ)  развитию  систем  водоснабжения  и 

электроэнергии,  уличному освещению, открытие детского сада  и другие нужды;

7.  Содействие  в    проведении    необходимой  работы  среди  молодежи,  в  целях  воспитания  в  духе 

казахстанского  патриотизма.  Ориентирование  молодежи  в  вопросе  выбора  будущей  профессии, 

трудоустройства  по  полученной  специальности  в  рамках    государственных  программы    «С  дипломом  в 

село!»;

8. Оказание  содействия в развитии  и поддержке малого и среднего бизнеса, в создании условий  для 



реализации  предпринимательских  инициатив  в  рамках    государственных  программ    «Занятость-2020», 

«Дорожная карта бизнеса».

Уважаемые  избиратели!    Это  основные  направления  и  первоочередные  задачи,  исходя  из  которых  я 

планирую  свою  работу  в  качестве  акима  Достыкского  аульного  круга.  Жизнь  может  внести  в  неё  свои 

коррективы. Они будут учтены. При единодушной и совместной работе всех жителей округа, мы добьёмся 

того, что наши села станут ещё красивее, благоустроеннее и удобней для жизни сельчан. Это нам по силам. 

Я со своей стороны приложу все свои знания и жизненный опыт для того, чтобы оправдать Ваше доверие 

и поддержку.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал