Газет 1934 жылѓы 1 ќазаннан шыѓады



жүктеу 469.34 Kb.

бет1/4
Дата11.09.2017
өлшемі469.34 Kb.
  1   2   3   4

Газет  1934 жылѓы  

1 ќазаннан  шыѓады

Аќсу аудандыќ ќоѓамдыќ - саяси газет

ДОСТЫЌ, БІРЛІК, ЫНТЫМАЌ!

№9 (9694)



1 наурыз


сенбі


2014  жыл.

БАЃАСЫ  КЕЛIСIМДI  

Биыл  «Нұр  Отан»  Партиясының 

құрылғанына 15 жыл толады. Осыған 

орай    аудан    әкімі,  аудандық  партия 

филиалының  төрағасы    Далбағаев  

Әділбек  Егеубекұлына    арнайы 

жолығып  партияның  қысқаша  тари-

хын айтып беруін өтінген едік. 

-  2014  жылдың  1-наурызында  «Нұр 

Отан»  партиясы  15-жылдығын  атап 

өтеді.  Осы  жылдары  партия  өзінің 

қалыптасу және даму барысында күрделі 

жолмен  жеңістер  мен  асулардан  өтті. 

15  жылда  біздің  партия  парламенттік 

көпшілік болып қалыптасты және жалпы 

халықтық  сенімін  иеленді.    1998  жылы 

қазан  айында  Президенттікке  үміткер 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау 

қоғамдық  штабы»  Қоғамдық  қозғалысы 

тіркелді.  1999жылы  ақпан  айында  Пар-

тия  «Отан»  Республикалық  партия-

сы»  қоғамдық  бірлестігі»  атауымен 

мемлекеттік тіркеуге алынды. 1999жылы 

1 наурызда «Отан» Республикалық пар-

тиясы»  қоғамдық  бірлестігінің  І  Съезі 

өтті.  Съезд  партия  Жарғысын  бекітті. 

«Қазақстанның  халықтық  бірлік  пар-

тиясы»,  «Қазақстанның  демократиялық 

партиясы»,  «Қазақстанның  либералдық 

қозғалысы»,  «Қазақстан  –  2030  үшін» 

қозғалысы 

«Отан» 

республикалық 



партиясымен  бірікті.  Кейін  «Отан» 

партиясының құрамына Әділет партиясы 

да енді.

Біздің ауданда да партияны құру, оның 

жұмысын  ұйымдастыру,  ел  арасында 

саяси  органның  ролі,  алатын  орны  ту-

ралы қызу қолдаулар тауып, белсенділік 

көрсетіліп, жұмыстар жүргізілді. Өздерінің 

білімділігін, жоғарғы саяси сауаттылығын 

көрсетіп,  аудан  тұрғындарына  үндеу 

қабылдаған 

алғашқы 


қарлығаштар 

атанған  Е.Сиқымов  атындағы  орта  мек-

теп  ұжымы  болды.  Мектеп  директоры 

Н.С.Қасымбеков, бастауыш партия ұйым 

хатшысы Б.Рамазанов. Үндеуге үн қосып, 

барлық  ұжымымен  партия  қатарына 

өтіп,  басқаларға  үлгі  бола  білген  №24 

лицейді  (қазіргі  Ақсу  политтехникалық 

колледжі)  ерекше  атауға  тұрарлық.  Сол 

кездегі ұжым басшысы Б.Е.Еркенов, пар-

тия  жетекшісі  Ұ.А.Алтаева,  сол  сияқты 

көптеген мектеп, мекеме ұжымдары сая-

си аренада өз орындарын таба білді.

1061  мүшесі  бар  42  бастауыш  партия 

ұйымы өмірге келді. Бұл деген үлкен сая-

ланы  мектепке  даярлайық»,  «Руха-

ни  мұраға    тағзым»,  «Ардагерлерді 

ардақтайық»,  «Қазақша  сөйлесейік»  

сияқты  шаралар  мен  акцияларды  атап 

өтуге болады. 



-  Азаматтарды  қабылдау  жүйесі, 

жалпы  арыз  -  шағымдар  жайлы  не 

айтар едіңіз?

-  Халық  өз  мұң-мұқтаждарын  ең  ал-

дымен  партияға  келіп  айтатындығы 

да  белгілі,  сол  себептен  де  аудандық 

мәслихат  депутаттары,  құқық  қорғау 

саласының, 

мекеме 


басшылары 

бекітілген  кестеге  сәйкес  қабылдау 

жүргізіп  отырады.    Әрбір  арыз,  шағым 

мұқият қаралып, оң шешімін табады.

Осы  орайда  аудандық  партия  фи-

лиалы  жанындағы  қоғамдық  қабылдау 

бөлімінің,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрес  жөніндегі  қоғамдық  кеңестің, 

партиялық  бақылау  комиссиясының,  

«Жас  Отан»  жастар  қанатының  

жұмысын  атап өтуге болады.

Аудандық 

партия 

филиалының 



жұмысы  2013  жылдың  облыстық 

рейтингісі бойынша жүлделі  ІІІ – орын-

да. «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» 

байқауына  қатысқан  «Көшкентал»  ба-

стауыш  партия  ұйымы  да  үштіктен 

көрінді.    

 

Аудандық 



партия 

филиалының 

материалдық 

техникалық 

базасы 

нығаюда. Жеке ғимараты, автокөлікпен 



қамтамасыз  етілген.  Жұмыс  жасауға 

бар мүмкіндіктер жасалуда.     

Партияның  қол  жеткізген  жетістіктері 

Елбасымыз  –  Партия  көшбасшысы  – 

Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  шабыт-

тандырушы  реформаларының  идеяла-

рымен тікелей байланысты.



-  Бүгінде  Қазақстан  қоғам  өмірінің 

барлық  жағын  терең,  әрі  сапалы 

өзгерістерге  жетелейтін  маңызды 

тарихи  кезеңде  тұр.  Президенттің 

“Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат, 

бір  мүдде,  бір  болашақ“  Қазақстан 

халқына  жолдауы  ел  дамуының 

жаңа кезеңінің бастамасы десек осы 

тұрғыдағы ойыңыз? 

- Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің 

қатарына қосылудың нақты Концепция-

сын Елбасымыз ұсынды.

Бұл – XXI ғасырда сәттілікке жетудің 

Стратегиясы.  Бізді  бір  ел  және  бір 

тағдыр біріктіреді. Біз, Елбасшымыздың 

“Мәңгілік  Ел”  атты ұлттық идеямыздың 

төңірігінде  біріккен,  бірілігіміз  және 

татулығымызбен  мықтымыз.  Бұл  – 

Қазақстан 

халқының 

көпғасырлық 

арманының  жүзеге  асуы.  Бұл  –  ұлттық 

игілік пен еліміздің сәтті болуының ны-

шаны.


«Нұр Отан» партиясы шынайы істері 

арқылы  өзінің  мемлекет  мүддесі  мен 

халық мүддесі және Қазақстан халқының 

бірлігін  нығайту  үшін  жұмыс  істейтінін 

дәлелдеді.  Біздің  партиямыздың  жаңа 

саяси Доктринасы осыған бағытталған. 

Елбасшымыздың 

салиқалы 

саясатының  арқасында  бүгінде  біздің 

жас  мемлекетіміздің,  әлемнің  ең 

дамыған  елдердің  қатарына  қосылуға 

тарихи 


мүмкіншілігі 

бар. 


Жаңа 

Жолдаудағы  барлық  тапсырмалар 

шындыққа  негізделген  және  жүзеге 

асыруға  келеді  деп  есептейміз.  Ал, 

Қазақстанның  жеткен  жетістіктері  мен 

жинаған  оң  тәжірибесі  жаңғыртылған 

оқыс  алға  ұмтылуға  берік  негіз  болып 

табылады.

Біз  бәсекеге  қабілетті  мемлекет  пен 

сәтті ұлтты қалыптастыру үшін көздеген 

мақсаттарға 

Елбасымызбен 

бірге 

жетеміз деп нық сенімен айта аламыз.



Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген аудандық 

газеттің директор - бас редакторы,

Дүйсен МұхАМЕтшАрұлы.

Бір мақсат, Бір мүдде жолында

си күші, белсенді топтар, алдыңғы қатарлы 

азаматтар болды. Республикалық «Отан» 

партиясының жергілікті  жерлерде,  аудан-

да оң қанаты жастар ұйымдары құрылып, 

ауданда  үлкен  жастар  форумы  өтіп, 

саяси  Кеңес,  олардың  басшысы  болып 

Қ.Ермеков сайланды.



1999 

жылдың 

ақпанында 

республикалық  «Отан»  париясының 

аудандық  1-ші  конференциясы  өтті. 

Әр  бастауыш  ұйымнан  делегаттар 

қатысып,  өз  ойларын,  ұсыныстарын, 

пікірлерін айтты. Әсіресе, сол уақытта 

белең алып келе жатқан жұмыссыздық, 

әсіресе  жастар  арасында,  соның  сал-

дарынан  туындайтын  бұзақылық, 

қоғамдық  тәртіп  бұзушылық,  жер  алу, 

Елбасының  әр  жылғы  Жолдаула-

рынан  бастау  алатын  мемлекеттік 

бағдарламалардың  орындалуына  ауыл 

тұрғындарыда өз кәсіпкерліктерін ашып 

нақты істермен жауап беруде. 

  Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстан 

халқының  алдына  2050  жылға  дейін 

әлемдегі  дамыған  30  елдің  қатарына 

ену  міндетін  қойғаны  белгілі.  Ал,  кез  –

келген  мемлекеттің  өсіп  –  өркендеуіне 

өзек  болатын  ең  алдымен  эконо-

мика  екенін  ескерсек,  алда  тұрған 

міндеттердің  өте  ауқымды  екенін  

аңғарамыз. Бір қуанарлығы елімізде, об-

лысымызда өзінің бастамашылдығымен 

жаңашылдығымен 

өзгелерге 

үлгі 

көрсетіп 



жүрген 

кәсіпорындар 

баршылық. Солардың қатарында Қапал 

ауылдық округінде өркен жайып отырған 

шаруа қожалығы бар.

  Ол,  «Айдын»  сүт  зауыты.  Зауыт 

2005  жылы  құрылып,  халық  игілігі 

үшін  жұмыс  істеп  келеді.  Жеке 

шаруашылық  жетекшісі  Василий  По-

сметный.  «Ұлтым  орыс  болғанымен 

жүрегім  қазақ  деп  соғады    дейді»  -  ол. 

Өзі жан – жақты бәріне үлгеруге тыры-

сады.  Ауыл  тұрғындары  осы  зауытқа 

сүт  сатып,  оны  қаржы  көзіне  айнал-

дырып  ризашылықтарын  білдіруде. 

Қарамағында  жазда  -    11  адам  жұмыс 

істесе,  қыста  7  адам  жұмыс  жасап, 

тұрақты жалақы алып отырады. Түскі ас 

тегін беріледі. 

  Жеке  кәсіпкерлік  жетекшісіне  риза 

болған  «Үштөбе  Айдын  серіктестігі» 

жетекшісі Сейілхан Базарбаев 10 күнге 

Тайландқа  жолдама  берсе,  аудан  та-

рапынан  еселі  еңбегі  үшін  мақтау 

қағаздарымен сан мәрте марапатталған. 

  2013 жылы ауылдан 54 тонна сүт са-

тып алынып, әр литрдің орта бағасы 48 

теңгеден айналып, 2 млн. 600 мың теңге 

ауыл тұрғындарына төленген.

Айналасы 

10 

жылда 


қуатты 

шаруашылыққа  айналған  серіктестіктің  

іскер  басшысы  бүгінгі  жетістігімен 

тоқтап  қалмақ  емес.  Болашақ  жоспар-

лары да бар. Алдағы уақытта да игілікті 

ісін жалғастырып ел сенімін ақтай бер-

мек.

Айдана НұрлАНБЕк.

«Айдын» сүт 

зАуыты

кӘСіПкЕрліккЕ кЕң өріС

Наурыз көктем

Нәр беретін – наурыз  көктем келді,

Осы болды аяздың кеткен  жері.

Жан жылтып, бетті өбіп аймалайды,

Біз сағынған көктемнің ескен лебі.

Жылға жылап сайдан су сарқырады,

Гүлге оранды  даланың атырабы.

Мәз болған екі езуі  құлағында,

Ақ әже ақ көжесін сапырады. 

Тілеу тілеп, бата алып, көже ішіп,

Жатыр әне апамыз іркіт пісіп.

Ақ түйенің қарыны жарылғандай

Келіндер жүр қуанып құрақ ұшып.

Жауқазындар қылтиды қыраттағы,

Күн күлімдеп жер ана сыр ақтарды.

Наурызды көппен бірге тойламаққа

Жыл құсы да келді әне жырақтағы.



Зейнетхан ӘМірғАЗы.

еңбек,  зейнетақылардың  уақтылы 

төленуі,  т.б.  әлеуметтік  мәселелер  сөз 

арқауы болды. 

Әрине 


шаралар 

қабылданды, 

олардың  орындалуы  бақылауға  алын-

ды.  Нәтижесінде  біршама  ілгерілеушілік 

байқалды.

Сонымен  конференцияда  құрамында 

9  мүшесі  бар  Саяси  кеңес,  «Отан» 

партиясының  аудандық  филиалының 

төрағасы, атқарушы директор, 1-ші съезге 

делегаттар сайланды. Алғашқы төрағасы 

болып  аудан  әкімінің  орынбасары  Орал 

Сердалықызы  Исанова,  атқарушы  дирек-

тор  Жексенбі  Молдағалиев  сайланды.  І 

съезд делегаттары  болып  төраға, аудан 

әкімінің  орынбасары  О.С  Исанова  және   

№24  лицей  директоры  Б.Е.Еркеновтер 

сайланды. 

Съезде  сөйлеген  сөзінде    Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  «Отан»  партиясының 

басты  бағыттары  мен  бағдарламалары 

партияның  конституциялық  мемлекеттік 

позицияда  болуына,  жемқорлыққа  қарсы 

тұруына,  қиын  жағдайда  тұрмыс  деңгейі 

төмендегілерге  қолдау,  көмек  көрсетуіне, 

«Отан» ұлтына, дініне қарамайтын, нағыз 

отандастар партия болуына назар аудар-

ды.

Иә  содан  бері  15  жыл  өтті.  «Нұр 



Отан»  партиясы  ел  сенетін,  оның  жоғын 

жоқтайтын,  барына  қуанатын,  халқының 

өсіп  өркендеуіне  аянбай  еңбек  ететін, 

оның қамқоршысы бола білетін үлкен сая-

си күшке айналды. 

-  15  жыл  аз  уақыт  емес.  Осы  жыл-

дар  ішінде  атқарылған  ауқымды  істер 

алдағы  абыройлы  міндеттер  туралы 

тоқталып өтсеңіз.

-  Бүгінде      21  бастауыш  партия 

ұйымында  3295 партия мүшесі  бар. Пар-

тия мүшелері Елбасының Жолдауын, Сай-

лауалды  Тұғырнаманы,  Саяси  Доктрина-

ны кеше ғана өткен партияның ХУ съезд 

шешімдерін  жүзеге  асыру  бағытында 

жүйелі  түрде  жұмыстар  жүргізіп  келеді. 

Соның  ішінде  «Қазақстан  барысы»,  «Ба-

Ақсу 


ауданының 

ауылшаруашылығы 

бөлімі  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2014  жылғы  18  ақпандағы  «Асыл  тұқымды 

мал шаруашылығын қолдауға арналған суб-

сидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 103 

Қаулысының  4  бабына  сейкес  субсидиялау 

үшін өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. 

Қосымша анықтамалар алу үшін 2 – 12 – 49 

телефоны арқылы хабарласуға болады.



АҚСу АуДАНыНың 

АуылшАруАшылығы.

хАБАрлАНДыру!

2 бет

аќсу Өњірі

1 наурыз 2014 жыл

20  ақпан  күні  «Нұр  Отан»  пар-

тиясы  аудандық  филиалы    мен  

«Жас  Отан»  Жастар  қанаты 

және    аудандық  спорт  бөлімінің 

ұйымдастыруымен 

«Қазақстан 

2050.  Мәңгілік  ел»  тақырыбында, 

«Нұр  Отан»  партиясының  15 

жылдығына  және  Кеңес  әскерінің 

Ауғанстан жерінен шығарылғанына 

25  жыл  толуына  орай  аудандық 

қыздар  арасында  волейбол  жа-

рысы  өткізілді.    Ойынның  ашы-

лу  салтанатында    «Нұр  Отан» 

партиясы  Ақсу  аудандық  филиа-

лы  төрағасының  бірінші  орын-

басары  К.Дәулетбекова,  Ауған 

соғысы  ардагері  М.Оспанов,  «Ақсу 

ауданның  жастары  филиалы», 

«Жас  Отан»  Жастар  қанатының 

атқарушы  хатшысы  Р.Қанапьянов, 

спорт 

ардагері 



Ж.Рамазанов, 

аудандық спорт бөлімінің бас мама-

ны  А.Сауғанбаевтар  құттықтау  сөз 

сөйлеп,  жарысқа  қатысушыларға 

жеңіс  биігінен  көрінуге  ықылас 

білдірді. 

Жарысқа 

барлығы 


13  команда  қатысып,  ІІ  топқа 

бөлініп  Қ.Сәтбаев,    Ж.Сыдықов 

мектептерінде    өзара  бақ  сынасты. 

Ойын  тартысты  әрі  қызықты  өтті. 

Жарыс  қортыныдысы  бойынша  I 

орынды  Н.Есеболатов  ауылының  

қыздары  аса  басымдықпен  жеңіп 

алса,  II  орын  Жаңалық  ауылы, 

жүлделі III орынды Қапал ауылдық 

округі  иеленді.  Ойын  барысын-

да  үздік  өнер  көрсеткен  Қапал 

ауылынан 

«Үздік 

шабуылдау-



шы»    Алтынай  Рахымбергенова, 

«Үздік  қорғаушы»  Н.Есеболатов 

ауылдық  окруігінен  Наргиз  Нурие-

ва,  Жансүгіров  ауылдық  округінен 

«Үздік үйлестіруші» кезеңі бойынша 

Бибі  Мұратбекова  марапатталды.  

Үздік  командаларға  аудан  әкімі, 

аудандық  партия  филиалының 

төрағасы 

Ә.Далбағаевтың 

мадақтамалары  мен  алғыс  хат-

тары,    аудандық  спорт  бөлімі, 

жастар  орталығы  атынан  естелік 

сыйлықтар табысталды.



Рүстем Қанапиянов,

аудандық жастар филиалы 

«Жас отан» жастар қанатының 

атқарушы 

хатшысы.

ТұРғын үйге 

мұҚТаЖдаР 

есебінде ТұРған 

азамаТТаРдың 

кезекТілік Тізіміне 

Түгендеу ЖуРгізу 

ТуРалы 

хабаРландыРу

Қазақстан  Республикасының 

«Тұрғын  үй  қатынастары  ту-

ралы»  Заңының  71-бабының 

5-тармағына  сәйкес  «Ақсу 

ауданының 

тұрғын 

үй-


коммуналдық 

шаруашылығы 

және тұрғын үй бөлімі» ММ Ақсу 

аудандық әкімдігінің жанындағы 

тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 

тұрған азаматтардың кезектілік 

тізіміне түгендеу жүргізеді. 

Ол  үшін  Жансүгіров  ауы-

лы  Желтоқсан  көшесі  5 

мекен-жайында 

орналасқан 

«Ақсу  ауданының  тұрғын  үй-

коммуналдық 

шаруашылығы 

және 

тұрғын 


үй 

бөлімі» 


мемлекеттік 

мекемесіне 

(құжаттарды  қабылдау  күндері: 

сәрсенбі  және  бейсенбі  сағат 

9.00-ден  12.00-ге  дейін,  теле-

фон 22027) бару қажет.



ТұРғын үй 

коммуналдыҚ 

шаРуашылығы Және 

ТұРғын үй инспекция-

сы бөлімі мемлекеТТік 

мекемесі. 

Заманауи мемлекетіміздің – білімді, тапқыр, кез-келген жағдайда   

дербес шешім жасай 

  алатын,  ынтымақтасуға  және  өзара  іс-

қимылға қабілетті,  ел тағдыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам 

тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына «Бір мақсат, 

бір  мүде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауынан 

«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал 

бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық 

мәдениет ахуалы қажет»,- деген Елбасымыздың Қазақстан Респу-

бликасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеуін байқауға болады.

Қазіргі  тарихи  кезеңде  еліміз  ата-бабаларымыздан  мыңдаған 

жылдар  бойы  қордаланған  тарихи  қойнауындағы  құндылықтар 

жүйесінің  негізінде  –  демократиялық,    зайырлы  және  құқықтық 

мемлекет орнату жолында дамып келеді. 

Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие – жастарды гума-

низмге,  қазақ  халқының  дәстүрін,  тілін  сүюге  және  құрметтеуге, 

Қазақстанның  басқа  халықтарының  мәдениетін  зерттеуге,  игеру-

ге  негізделген  азаматтық  ұстанымды  және  патриоттық  сананы, 

қалыптасқан  ұлттық  өзіндік  сананы,  ұлт  аралық  мәдени  қарым-

қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастырады. 

Нарықтық  заманда  Республикамыздағы  заңнамаларымызда  

моральдік  ұстанымдардың,  адамгершіліктің,  кәсібиліктің,  әділдік 

пен адалдықтың ең жоғарғы деңгейде қаралу маңыздылығы талап 

етіледі.

Елбасы  «Біз  үшін  ортақ  тағдыр  –  бұл  біздің  Мәңгілік  Ел, 

лайықты  әрі  ұлы  Қазақстан!  Мәңгілік  Ел  –  жалпы  қазақстандық 

ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық  идеясы.  Бабаларымыздың  ар-

маны. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды 

біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар 

жасалды», - деп атап өтті. Бұл жолдауда көрсетілген басты бағыт 

– жеткен жетістіктеріміз негізінде алға жылжу арқылы орнатыла-

тын берекелі қоғам – мықты мемлекет, дамыған экономикасымен 

және жалпыға ортақ еңбекпен айқындалды, яғни бабаларымыздан 



ҚұҚыҚтыҚ мәдениет мәселесі - елбасымыздың жаңа 

жолдауының негізгі нысаны

қалған  ұлттық  дәстүрімізді,  ұлттық  құндылықтарымызды  тари-

хы  терең,  болашағы  айқын  дамып  келе  жатқан  еліміздің  ұлттық 

идеясының негізінінде көрсетті. 

Жалпы ұлттық  құндылықтардың бірі – жастарды еңбекке баулу, 

олардың  қоғамдық-саяси рөлін көтеру, жастардың оң нышандағы 

қоғамдық  бастамаларын  қолдау,  патриоттық  сезімін,  құқықтық 

мәдениетін,  көшбасшылық  әлеуетін  дамыту  болып  табыла-

ды.  Бүгінгі кезде  қоғамның дамуына серпін беретін де жастар. 

Отандық  өнеркәсіптерде  қызмет  етіп,  ұлттық  экономиканың  да-

муына  жастардың  қосқан  үлестерінің  маңыздылығы  жайында 

Президент Н.Ә.Назарбаев, - «Әсіресе, жастарымызға мынаны ай-

тамын.  Бұл  Стратегия  сіздерге  арналған.  Оны  жүзеге  асыратын 

да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, 

осы  жұмысқа  әрқайсысыңыз  атсалысыңыздар.  Немқұрайлылық 

танытпаңыздар» деп жастарға деген сенімін білдірді.

Басты бағытымызда әлеуметтік жаңғыру жолымыздың  мақсаты 

мен  мәні  нақты  айқындалған,  ол  «индустрияландыру  мен 

инновацияларға негізделген экономикалық өсімінен, Қазақстанның 

жылдам қарқынмен  дамып келе жатқан экономикасының дамуы 

мен қоғамдағы игі істерді қамтамасыздандыру арасында ұтымды 

тепе-теңдікті  табудан,  «құқық  пен  әділеттілікке  негізделген» 

әлеуметтік қарым-қатынасты бекітуден» тұрады.

Түйіндей  келсек,  бүгінгі  құқықтық  мәдениеттің  қалыптасуы 

–    бұл  қоғамдық  өмірдің  барлық  жақтарын  қозғайтын  ұзақ  әрі 

күрделі  үдеріс.  Құқықты  насихаттау,  азаматтардың  заңды  білуін 

дамыту,  заңдылықты  тәжірибе  жүзінде  бекіту  және  ол  мемле-

кетте демократияның, тиімді конституцияның, оның заңдарының 

техникалық-заңгерлік  және  құқықтық  сапасының  жоғары  болуы 

құқықтық мәдениетті қалыптастыру құралдары болып табылады. 



а.ҚұРманғалиева,

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Жолдауға Қолдау

Өз  ұлтының  жарқын  болашағы  үшін  ты-

нымсыз  ой  қуып,  үнемі  ізгілік  іздеген,  туған 

халқының  ақыл-ойы,  ары,  бас  көтерер  аза-

маты,  көл-көсір  даналыққа  толы  ақыл  иесі, 

Тұңғыш  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  де-

сек,    артық  айтқандық  емесдер  едім,  себебі, 

таным-талғамы  көбінен  ілгері  дарындар  ғана 

әлеуметтік  -  бұқаралық  істерде  ел-жұрттың 

ой-санасына,  рухани  тірлігіне  қозғау  саларлық 

іргелі  де  сүбелі  жұмыстар  тындыра  алады. 

Сондықтан  да  болар,  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

ештеңеден қорықпай, ұрпақ үшін ұлы даламыз-

да  бабалар  аңсаған  тәуелсіздік  туын  көтерді, 

Қазақстанды  бүкіл  Әлемге  танытты,  елімізде 

тұратын 130-дан артық ұлттар мен өкілдерінің 

бірлігін сақтады, халқымыздың мойнына ілінген 

тұзақты  алып  тастау  мақсатымен,  осыдан  22 

жыл бұрын Семей полигонын жапты, қаржылық 

дағдарыс  болатынын  ертеден  сезіп,  алдын 

ала  қажетті  шараларды  қолданып,  оны  дұрыс 

пайдаланып, елімізді гүлдендіру жолын сызып 

берді. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының 

құрылуына  ықпал  етті.  «Нұр  Отан»  партиясы 

қазіргі таңда белсенді, халыққа пайдалы да игі 

істерді  атқаруда.Біз  ізгілік  пен  адамгершілікті, 

адалдық  пен  парасаттылықты,  адамдық  игі 

қасиеттерді насихаттап, үлгі етуіміз керек. Олай 

дейтініміз,  мұндай  ұлт  ұланына  деген    «Нұр 

Отан»  партиясының  қамқорлық  көзқарасы 

ерекше.

Мен  «Нұр  Отан»  партиясында  2010  –  2012 



жылдар аралығында қызмет еттім. Сол кездері 

«Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалының 

төрағасы,  аудан  әкімі  Әскербек  Тұрарбекұлы 

Дүйсембаев  мырза  болатын.Осы  кісінің 

аудандық  филиалдың  жұмысының  алға  жыл-

жуына  ықпалы  зор  болды.  «Нұр  Отан»  пар-

тиясы  мекемесін  ағымды  жөндеуден  өткізді. 

Керекті техникалармен, құрал – жабдықтармен 

жабдықтады.  22  партия  бақылау  бекеттері 

құрылды.  Бұл  бекеттер  ауданымыздың  эко-

номика,  халыққа  қызмет  көрсету  саласына, 

құрылыс, қайта жөндеу мәселелеріне басты на-

зар аударып көмек көрсетті.Партиялық бақылау 

«Нұр Отан» партиясы 

– елдіктің, тектіліктің 

іргетасы


бекеті байқауына қатыстық.Бұл байқау біздің 

ауданымыз үшін өте бір қиын кезеңде ... яғни 

қайғылы Қызылағаш оқиғасы орын алған еді, 

ауданымызда  атсалысар,  жандары  жайсаң 

жандар  аз  емес,  осы  орайда  Мейрембеков 

Бөлек,  Байтұмақов  Әділғазының  байқауда 

Республика  бойынша  ІІ  орын  иеленгенімізге 

қосқан  үлестері  ерекше  екендігі  хақ.  Партия 

мүшелерінің  саны  1775  –  2500  адамға  өсті. 

Астанада  өткен  партияның  кезекті  сьезіне 

қатысып, ерекше әсер алдым.

Сондықтан    да,  біз    Алматы  облысының 

Ақсу  ауданының  тұрғындары    «Асқар  тау-

да  асыл  көп  болса,  аталы  сөзде  ақыл  көп» 

демекші, келешекте бұл күнді бүкіл Қазақстан 

халқындай  толық  қолдап,  аса  зор  еңбек, 

оқумен іске асыруға бір кісідей ат салысайық 

демекпін. Туған елдің руханият әлеміндегі та-

бысын  күллі  қазақ  қауымына  мәшһүр  еткен 

ұлы тұлғалар тобының ғибратты ғұмырлары 

- сабақ, қымбат қазына-мұра. Ал, қазақ елінің 

рухани  пайымы  жоғары,  өткенге  сара-сын 

көзбен қарап, жақсылар мен ірілерді іріктеп, 

зердемен бағалау, бағамдау - ұрпақ парызы. 

Қандай  да  игі  жаңалық,  ұлағатты  өнегенің 

қалың  елге  тез  таралып,  танылуына  жеке 

бастың, дарынның үлгісі игі әсер етері ақиқат.

Қашанда халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік 

бар» деп, «Бақ қайда барасың – ынтымаққа 

барамын» деген қанатты сөздермен қалың елі 

бірігуге,  бірлікке  шақырып  келді.  Сондықтан 

да,  осы  қағидаларды  ескере  отырып, 

партиямыздың  төл  мерекесі,  мерейлі  той 

қарсаңында аудан жұртшылығын «Нұр Отан» 

партиясы  төңірегіне    топтасуға,еліміздің 

дамыған  елу  елдің  қатарына  енуіне  ат  са-

лысып,  нағыз  еңбектің  үлесін  көрсетуге 

шақырамын.




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал