Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады



жүктеу 270.48 Kb.

бет1/3
Дата16.05.2017
өлшемі270.48 Kb.
  1   2   3

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ГАЗЕТ

№74

(9528)

Сейсенбі

20 қыркүйек

2016 жыл

Газет аптасына 2 рет шығады

Ел жаңалығы

Жалғасы 3-бетте.

Қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан 

сот-құқықтық  реформалардың  нәтижесі  өз 

жемісін  берді  деп  айтуға  толық  негіз  бар. 

Адамдардың  әділ  сот  төрелігіне  деген  сенімі 

уақыт өткен сайын артып келеді.

Сот билігінің бұрыңғы бес сатыдан қазіргі 

үш  сатыға  ауысуы  да  қарапайым  жұрт  үшін 

сот  төрелігінің  қолжетімділігін  қамтамасыз 

ету  мақсатындағы  оң  өзгерістер  деп  айтуға 

болады. Өзінің құқығы бұзылды деп ойлаған 

кез  келген  азамат  алдымен  сотқа  жүгінетіні 

заңдылық.  Бұл-бүгінгі  жүргізіліп  отырған 

мемлекеттік  саясаттың  оң  нәтижесі.  Ал, 

қоғам алға ілгерілеген сайын судьяның кәсіби 

біліктілігіне  деген  талап  күшейе  түспек. 

Сонымен  қатар,  бүгінгі  күні  судья  мәртебесі 

Елбасының  2000  жылғы  25  желтоқсанда  қол 

қойған  «Қазақстан  Республикасының  сот 

жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 

Конституциялық  заңымен  белгіленгені  бар-

шаға  аян.  Одан  бергі  жылдарда  аталған  заң 

үнемі  жетілдіріліп,  судьяның  дағдарысқа  не-

ме се  зейнет  жасына  толуына  байланысты 

оларды әлеуметтік қорғау мемлекет тарапынан 

үнемі қолдау тауып келеді.

 Ата Заңымызда көрсетілгендей, Қазақстан 

Республикасында  сот  төрелігін  тек  сот  қана 

жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін жүзеге 

асыру  кезінде  тәуелсіз  және  Конституция 

мен  заңға  ғана  бағынады.  Міне,  осының 

барлығы  сот  жүйесі  мен  бүгінгінің  билеріне 

деген  үлкен  құрмет  және  жанашырлық  деп 

түсінген  абзал.  Олай  болса,  судьялардың 

кезекті VII съезінің күн тәртібінде «Судьялар 

тәртібінің 

қағидалары 

мен  ережелерінің  эти-

ка лық  кодексінің»  қа-

ралуының  маңызы  зор. 

Қазіргі  уақытта  аталған 

кодекстің  жобасын  тал-

қылау  заңгерлер  қауым-

дастығымен  қатар,  қоғамдық  ұйымдар  мен 

бірлестіктердің  де  қызығушылығын  тудырып 

отыр десек қателеспейміз.

Би  болмысы,  оның  адамгершілігі, 

оның  моральдық-этикалық  бейнесі  бәрінен 

жоғары  болуы  қажет.  Неге  десеңіз,  біздің 

дана  халқымыз  әдептілік  қағидасын  өте 

ерте  заманнан  ұстанған  және  ислам  дінін 

қабылдаған  уақытта  да  мұны  ұмытпаған. 

Адамдардың  бір-бірімен  ымыраласып,  қоғам 

болып  және  әдептілікке  сай  өмір  сүруін 

қолдаған.  Бұқар  жыраудың  «Аталыдан  би 

қойсаң, адаспас жол мен жобадан, Атасыздан 

би  қойсаң,  босамас  аузы  парадан»  деген 

толғауы осыны меңзесе керек. Яғни, көшпенді 

қазақ  қоғамында  би  болмысына  деген 

талаптың  деңгейі  бүгінгіден  кем  болмағанын 

аңғарамыз.

Қазақстан  Республикасының  2010-2020 

жыл дарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық 

саясат  тұжырымдамасын  іске  асыруда  судья 

әдебінің жаңа жобасын тұжырымдау, судьяның 

моральдық-этикалық  бейнесін  ашып  көрсету, 

олардың  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін 

арттыру  және  басқа  мәселелер  тереңінен  тұ-

жырымдалған.

Осы  орайда,  Судьялар  әдебі  кодексінің 

жаңа  жобасы  да  Қазақстандық  соттар  қыз-

метіне  жаңаша  серпін  беріп,  судьялар 

қауымдастығының  қоғам  алдындағы  жауап-

кершілігін  одан  әрі  арттыра  түседі  деп 

санаймын.

И.ОСПАНОВА, 

аудандық соттың жетекші маманы. 

«100 нақты қадам» - Ұлт Жоспары

СУДЬЯЛАРДЫҢ 

ЖАҢА ӘДЕП 

КОДЕКСІ


МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ 

ҚОЙДЫ 

Жақында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы 

мен  Binary  Logic  SA  Греция  компаниясы  арасында 

«Binary  ELT  SKILLS»  платформасы  негізінде  ағылшын 

тіліне  ЭКСПО-2017  еріктілерін  онлайн  оқыту  бойынша 

ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Бұл  ЭКСПО-2017  еріктілеріне  алдағы  көрмеге  дайындық  шеңберінде  тіл 

курстарын тегін оқуына мүмкіндік береді.  

ЭКСПО-2017  халықаралық  мамандандырылған  көрмені  өткізу  үшін 

мемлекетіміздің  түкпір-түкпірінен  4000-нан  астам  еріктінің  қатысуы 

жоспарланған. 

ЭКО-ХАЛАЛ СТАНДАРТТАРЫ 

ӘЗІРЛЕНЕДІ

Қазақстан  мен  Ресей  құрылыс  саласында  эко-халал  стандарттарын 

әзірлемек.  Бұл  туралы  «ҚазАқпаратқа»  ҚМДБ-ның  аппарат  басшысы 

Ғылымбек Мәжиев хабарлады.

 

«Жақында  Ресей  Мүфтилер  кеңесінің  экологиялық  даму  жөніндегі  ко-



миссиясының  төрағасы,  Жасыл  стандарттар  орталығының  (ҮЕҰ)  директоры  Ра-

шид  Исмаиловпен  кездесу  барысында  ислам  экологиялық  этикасы  ұғымын  тал-

қыладық. Атап айтқанда, осы келіссөздер аясында ресейлік тараппен бірлесе ТМД 

ау мағында әріптестік деңгейіне шығуды көздеп отырмыз. Осы ретте «экологиялық 

ха лал»  ұғымын  негізге  аламыз.  Бұл  тұрғыда  тағам,  азық-түлік  саласында  ғана 

емес,  сонымен  қатар  құрылыс  саласында  таза  өнімдерді  пайдаланып,  қоршаған 

ор таға зиян келтірмеу бағыты қамтылып отыр. Рашид Исмаилов мырза  құрылыс 

са ласына «жасыл» стандарттарды кеңінен енгізу қадамдарын белсенді атқаруға ша-

қырып отыр. Біз өз кезегімізде ресейлік орталықпен бірлесе отырып, «жасыл» стан-

дарттарды тұрғын үй, жол құрылысы саласына енгізуді назарға алдық», - деді ол.

«Жалпы,  өңірімізде  эко-халал  түсінігін  дамыту  қажет  болып  тұр.  Құрылыс 

саласында  ең  алдымен  күн  және  жел  энергиясын  пайдалану,  табиғатқа  барынша 

зиянын  аз  келтіретін  материалдарды  пайдалану,  қоршаған  ортаны  ластамау,  осы 

материалдарды  құрылыс  алаңына  дейін  таза  күйінде  жеткізудегі  стандарттар 

ескеріліп отыр. Жалпы, бүгінде жаңа бастаманы қолға алып жатырмыз. Біз бірлесіп 

экологиялық  стандарттарды  даярлап,  өзіміздің  ұсыныстарды  жасауды  көздеп 

отырмыз. 2016 жылдың соңына дейін қажетті құжатты қабылдап, одан кейін тиісті 

қадамдарды жасамақпыз», - деді Ғылымбек Мәжиев.

Қазақстан мен Орталық Азия ислам экологиялық этикасы ұстанымдарын сәтті 

енгізуде, жасыл технологияларды дамытуда перспективалы өңір болып табылады. 

Сонымен қатар, бұл бастамаларға бүгінде Қазақстанның соңғы жылдары «жасыл» 

экономиканы дамытудағы қарқынды қадамдары тың серпін береді.

Расында  да,  соң ғы  екі  жылға  жет пейтін  уақытта 

үл кен  жетістіктерге  қол  жеткізген  ақтөбеліктер 

биылғы  жылы  өздеріне  бе кітілген  1800  гектар 

егістік алқаптағы Сыр салысынан мол өнім алып,  ел 

несібесін  ысырапсыз қамбаларына жинап алуда өзге 

әріптестеріне үлгі көрсетуде.

Нақтырақ айтқанда, Үсенбек Сәденов басқаратын  

№1  егіс  бригадасының  диқандары    Сексенбай 

Ақболатов өзінің қарауындағы  54 гектар күріштіктің 

әр  гектарынан    71  центнерден,    сол  бригаданың 

тағы  бір  диқаны    Алмат  Жұмабаев  54  гектар  егістік 

алқаптағы күріштіктің әр гектарынан  72 центнерден 

өнім  алса,    ал  ауыл  маңындағы  «Найзақара» 

учаскесінде  орналасқан  Жайылхан  Әбдіраманов 

басшылық  жасайтын  №2  егістік  бригадасының  жас 

диқаны,  екі  жылдан  бері    осы  кәсіпті  қолына  алған  

Нұрбол  Сахиев    өзіне  бе кітілген  44  гектар  жайсын 

жерге  орналастырылған  егіс тік  алқаптағы  күріштің 

«Лидер» сұрыпының  әр гектарынан 77,2 центнерден 

өнім алып, абырой биігінен көрінді.

-Менің  диқаншылық  кәсіпке  келгеніме    екінші 

жыл  болды.  Өткен  жылы  да  жақсы  көрсеткішпен 

шықтым.  Диқан болу маған ұнайды. Бұл кәсіппен көп 

жылдардан бері туған әкем Тұрғабыл да айналысады. 

Екеуміз  бір  ша руашылықта  еңбек  етеміз.  Алдағы 

уақытта білімімді сырттай, яғни  өндірістен қол үзбей 

ауылшаруашылығы  саласы  бойынша  жоғарғы  оқу 

орнында  жетілдіру  жоспарда  бар.  Қазіргі  уақытта 

жаткашыларға  көмектесіп  жүрмін.  Біздің  бригадада  

тәжірибелі  диқаншылар  көп.  Олар  менің  көрсеткен 

көрсеткішімнен  де  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізеді  

деп ойлаймын,-дейді жас диқан Нұрбол Сахиев.

-Шаруашылық  бойынша  өнегелі  еңбек  етіп  жүр-

ген  Нұрболдай  жастарымыз  көптеп  саналады.  Бірі 

меха низаторлық,  енді  бірі  диқаншылық  ма ман-

дықтары  бойынша  өздерінің  тиянақтылығымен, 

жау апкершіліктерімен  өзгелерге  үлгі  көрсетуде. 

Міне, кеше тағы бір  ресейлік «КЛААС» комбайнын 

сатып  әкелдік.  Онымен  күріш  оруды    жас  маманға 

сеніп  тапсырып  отырмыз.    Қорыта  айтқанда,  біздің  

шаруашылықтың  жас  диқаншы-механизаторлары 

және  бас қа  да  салада  еңбек  ететін  жастарымыз  

еңбексүйгіш,    шаруашылықтағы  алдыңғы  буын 

ағаларынан  ал ған  үлгі-өнегелері  арқылы  өздеріне 

міндеттелген  жұ мыс тарға  жауапкершілікпен  қарап, 

мына  Жер-Ана  тө сінде  жайқала  өскен  ел  ырысын 

төкпей-шашпай жинап алуда аянбай еңбек етуде десем 

артық  айтпаған  болар  едім.  Біздің  шаруа шылықтағы 

жастар  әрқашанда  абыройлы  еңбек  ететіндеріне 

кәміл  сенеміз,-дейді  шаруашылық  директорының 

орынбасары Қалдыбек Құлмырзаев.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ӘР ГЕКТАРДАН  

77,2 ЦЕНТНЕРДЕН 

ӘР ГЕКТАРДАН  

77,2 ЦЕНТНЕРДЕН 

Қармақшылық диқандар, оның ішінде Нұрлан Іздібаев басшылық жасайтын 

«Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқан-механизаторлары 

сонау көктемнен бастау алып, ала жаз бойы тер төге баптап өсірген  егістік 

алқаптарындағы ел ырысы-Сыр маржанын  төкпей-шашпай  жинап алуда қызу 

Егін-2016

Қазақстан  Республикасының  Пре зиденті 

Н.Ә.Назарбаев  жыл  сайынғы  Жолдауларында 

отандық  жұмысшы-қызметші  кадрларды  са-

палы  дайындау  қажеттілігіне  үнемі  назар 

аударып,  мазмұнды  бағдарламалар  арқылы 

адам  капиталының,  соған  сәйкесінше  ұлттық 

білім  беру  жүйесін  сапалы  түрде  дамыту 

туралы жаңа міндеттер жүктеп келеді. Биылғы 

жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі 

техникалық  мамандықты  тегін  меңгеру  бағ-

дарламасын  әзірлеуді  қолға  алмақ.  Ал,  2017 

жылдан  бастап  техникалық  мамандықтар 

елімізде  тегін  оқытылатын  болады.  Бұл  жө-

нінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 

арнаған өзінің биылғы Жолдауында атап өтті.  

2017  жылдан  бастап  «Жалпыға  бірдей  тегін 

кәсіби-техникалық  білім  беру»  жаңа  жобасы 

жүзеге асады. 

КӘСІПТІК БІЛІМ

КЕМЕЛДЕНЕ БЕРЕДІ

Еліміздің экономикасының 

өрлеу деңгейінің жоғарылауы 

білімді, бәсекеге қабілетті 

мамандарға негізделеді. 

Нарықтық экономикалық 

жағдайда еңбек нарығы мен 

кәсіби білім беру қызметі 

тығыз байланысты.

Жолдау

 бағыттары

Суретті түсірген Қ.Тайбағаров


Жуырда 

аудандық 

халыққа 

қызмет көрсету 

орталығында сала 

қызметкерлері мен 

аудан тұрғындарының 

қатысуларымен 

мемлекеттік қызметтің 

көрсетілуі жөнінде 

түсіндірмелер беру 

мақсатында кездесу 

болып өтті.

Шараны аудандық 

халыққа қызмет 

көрсету орталығы 

басшысы Әмір 

Сағатов ашып, 

жүргізіп 

отырды. Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестік заңгері Дидар 

Рысбаев тұрғындар тарапынан туындайтын сауалдар жөнінде айтып өтіп, 

«Электрондық үкімет» порталы Бірыңғай байланыс орталығының жұмысы 

жайлы шараға қатысушыларға жан-жақты мағлұматтар берді.

ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

20 қыркүйек, 2016 жыл

Қазақстан-Ресей  мемлекеттері  арасын-

да ғы  дипломатиялық  қарым-қатынасының 

20  жыл  

  

дығына  орай  «Ақсақалдар  алқасы» 



қо ғам дық  бірлестігі  Қазақстан  Респуб лика-

сы ның  Байқоңыр  қаласындағы  арнаулы 

өкіл

 

дігіне  жасаған  ұсынысына  сәйкес,  2014 



жылы  «Достық»  саябағы  салынып,  пай да-

лану ға  берілді.  Саябақтың  ішіне  іс-шара 

өт кі зетін  үлкен  сахна,  «Тағзым»  алаңы, 

бала лар дың  ойын  алаңы,  «Ертегілер  әлемі», 

«Жер,  адамға  табын»  кіші  архитектуралық 

формалары  орналастырылды.    «Ақсақалдар 

алқасы» мен  «Әйелдер кеңесінің» мүшелері 

өз  қол


 

дарымен  ағаш  отырғызып,  гүл  екті. 

Сондай-ақ, 

ардагерлердің 

ұсынысымен 

ауыл  ішіне  «Рәміздер  алаңы»,  «Үш  би» 

кіші  архитектуралық  формалары  жасалып 

қойылды.


Қоғамдық 

бірлестіктің 

мүшелері 

аудан,  облыс,  республика  деңгейінде  

өткізілген  түрлі  іс-шараларда  ауылдың 

намысын  қорғап,  жеңістерге  қол  жеткізіп 

келеді.  Атап  айт қанда,  Ұлы  Жеңістің  70 

жылдығына  орай  өткізілген  аудандық, 

облыстық 

«Қайран 


ерлер, 

қаһарман 

ардагерлер»  атты  көркемөнерпаз  ардагерлер 

шығармашылығының 

байқау-фестиваліне 

ауы лымыздың  ақсақалдары  Мұхан  Жиен-

құлов  темір  мен  күмістен  жасалған  бұйым-

дар жасаудан, Дәріқұл Махамбетов көркем-

сөз  оқудан  және  Жайлау  Байсалов  сурет 

салудан  қатысып,  жүл делі  орындарға  ие 

болды. 

Д.Махамбетов 



республикалық 

сайыс қа  қатысып,  бас  жүлдені  жеңіп  алды. 

Аталған  байқау-фестивальде    қо ғамдық 

бір лестік    бүкіл  еліміз  бойынша  жеңімпаз 

деп  танылып,  «Ардагерлер  ұйымы»  рес-

пуб ликалық  қоғамдық  бірлестігі  ор та лық 

Кеңесінің  арнайы  Дипломымен  марапат-

тал ды. Сонымен қатар, қарт ұстаз Д.Махам-

бетовтың  «Қаламы  қарышты  қа рия»  атты 

шығармашылық  кеші  өткізілді.  Аталған 

кешке  Қазақстан  Республикасының  Бай-

қоңыр  қаласындағы  Арнаулы  өкілдігінің 

қыз мет керлері,  Байқоңыр  қаласы  мен 

Төретам  кентінің  ардагерлер  кеңесінің 

төра ғалары,  Қызылорда,  Жезқазған  қала-

ларынан,  ардагердің  туған  жері  Арал 

ауданы,  Қаратерең  ауылынан  шәкірттері 

және  ауылдағы  мекеме  басшылары  мен 

қыз  меткерлері,  оқушылар,  ауыл  жастары 

мен  жалпы  тұрғындар  қатысып,  кеш  өте 

тартымды  өтті.  Шәкірттер  қарияның  шы-

ғарған  өлеңдерін  оқып,  ән  айтып,  өнерлерін 

ортаға салды.

Төретам  кенті  мен  Ақай  ауылының 

тарихында тұңғыш рет ауылымыздың қадірлі 

ақсақалы,  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері 

Қалмырза  Жарманов  Байқоңыр  қаласының 

«Құрметті азаматы» атағына ие болды.

2016  жылдың  маусым  айында  ауылдық 

клубта  «Ақсақалдар  алқасы»  қоғамдық  бір-

лестігі мен «Әйелдер кеңесінің» құра мындағы 

аналардың  қатысуымен  «Сағындырған  ән-

дер-ай»  атты  концерт  қойылды.  Концертте 

қа зақтың ретро әндері айтылды. Ардагерлер 

концертке  арнайы  костюмдер  дайындаумен 

қатар, әндерді ерекше толқыныспен, шынайы 

сезіммен орындап шықты. Концерттен түскен 

100 000 (жүз мың) теңге қаржыны ардагерлер 

ауылдағы  «Мүсірәлі  сопы  Әзіз»  мешіті 

күмбезіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 

табыс етті. 

Ардагерлер  алдағы  уақытта  Қазақстан 

Рес пуб ликасының  Тәуелсіздігінің  25  жыл-

дығына орай қайырымдылық концертін ұйым-

дастырып,  аудан  орталығына,  ауылдарға 

барып,  концерт  қойып,  түскен  қаржыны 

ауыл дағы  тұрмысы  төмен  отбасыларының 

қажетіне жұмсауды жоспарлап отыр.

«Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігі 

ауылдың  проблемалық  мәселелерін  шешуге 

ат салысып,  ауыл  әкімдігімен    етене  жұмыс 

жа сап,  ауылдың  экономикалық-әлеуметтік 

жағ дайын  жақсартуға  өздерінің    үлестерін 

қосып келеді. 



Ж.ҚЫПШАҚБАЙҰЛЫ,

«Ақсақалдар алқасы»

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.                        

АРДАГЕРЛЕР – 

АУЫЗБІРЛІК ҰЙЫТҚЫСЫ

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына 

арнаған  Жолдауында  жастар  саясатын  дамытуға 

ерекше  маңыз  беріп  келеді.  Соның  нәтижесінде 

елімізде  жыл  сайын  жастарға  арналған  көптеген 

жобалар жүзеге асуда. 

Қазір  елімізде  «Дипломмен-ауылға»,  «Жастар- 

Отанға», «Жастар іс-тәжірбиесі», «Ауыл жастары» 

және басқа жобалар іске асырылуда. 

Жастар  саясатын  жүзеге  асыру,  жастардың  бос 

уақытын  тиімді  пайдалану,  патриоттық,  салауатты 

өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында жастар 

ұйым дары құрылып, жұмыс жасауда. 

Аудан  бойынша  қазір  «Қармақшы  Жастары», 

«Қорқыт елі-Қармақшы», «Төретам Жастары» және 

«Жастар  ресурстық  орталығы»  коммуналдық  мем-

лекеттік мекемесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы 

«Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесі жастармен 

жұмыс жүргізеді. 

Ауданымыздың  белсенді  жастары  Елбасы 

Н.Ә.Назар баевтың  жыл  сайынғы  халыққа  арна-

ған  Жолдауын  қолдайды.  Мемлекет  басшысы 

Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашада «Қазақстан 

жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар, 

даму»  атты  Жолдауын  жариялады.  Жолдауда  елі-

міздің  әлеуметтік-экономикалық  даму  бағыттары 

ай қын далды. 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тап-

сы рысы  шеңберінде  «Қармақшы  Жастары»  жастар 

қоғамдық бірлестігі жастар арасында кент, ауылдық 

округтерде іс-шаралар өткізуде. 

8  қыркүйек  күні  Иіркөл  ауылында  «Ер  есімі-ел 

есінде» тақырыбында жастар арасында эстафеталық 

сайыс болып өтті. Сайыс барысында ауыл жас тары-

ның қатысуымен секіртпемен жылдамдыққа жүгіру, 

25 метрге секіріп бару түрлері бойынша жастар өзара 

бақ сынасты. 

Сонымен  қатар,  Иіркөл  ауылында  жастар  ара-

сында  ұлттық  құндылықтарды  насихаттау  мақ са-

тын да  «Жастар  арасында  құқық  бұзушылықтың 

алдын алу» және «Отан оттан да ыстық» тақырып-

тарын да дөңгелек үстел болып өтті. 

Жақында  Дауылкөл  ауылында  «Жас  сарбаз» 

тақырыбында  әскери  сайыс  өтті.  Сайыс  №29  мек-

тепте  жоғары  сыныптағы  оқушылары  арасында 

бол

 

ды.  Оқушылар  сапқа  тұру,  мемлекеттік  Тудың 



кір гізілуі,  автоматты  бөлшектеу,  гір  тасын  көтеру 

түрлері бойынша сайысқа түсті. 

Сондай-ақ,  Ақтөбе  ауылында  №109  мектепте 

мектеп оқушылары арасында «Мен елімді сүйемін» 

тақырыбында  кіші  волейболдан  жарыс,  «Ерлікке 

тағзым», мен елімді сүйемін» тақырыбында шаралар 

болып өтті. 

«Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлес-

тігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараларға қатысу-

шы сайыскерлерге осы бірлестіктің дипломдары мен 

бағалы сыйлықтары табысталды. 

Осы  бағыттағы  жұмыстар  алдағы  уақыттада  өз 

жалғасын таба беретін болады.  

 Гүлжазира МАХАНОВА, 

«Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық 

бірлестігінің төрайымы. 

Үкіметтік емес ұйымдарда

ЖАСТАР – 

ЕЛ ПАТРИОТТАРЫ

«Берік  отбасы-Мәңгілік  ел»  атты  кітап  көр-

месімен  басталған  шараны  аудандық  орталық  кі-

тап  хананың әдістеме-библиография бөлімінің мең-

геру шісі Гауһар Төлегенқызы жүргізіп отырды. 

Шарада  «Нұр  Отан»  партиясы  Қармақшы  ау-

дандық филиалы төрағасының бірінші орын ба сары, 

аудандық  мәслихат  депутаты  Күлжауһар  Раева 

тақырып  төңірегінде  ойын  ортаға  салып,  қатысу-

шыларды отбасы күні мерекесімен құт тықтады. 

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  аудандық 

филиалы  төрағасы  Әбдірахман  Құлдүйсенов:- 

Отбасы-Отанның бір бөлшегі. Отбасының бірлігі-

Отанның  бірлігі.  Отан-отбасынан  басталады 

десек,  небір  асылдарымыздың  бастау  көзі  де  осы 

отбасынан басталады. Жазушы М.Әуезов «Адамдық 

негізі-әйел»,-деп  бекер  айтпаған.  Отбасында  қыз 

баланың тәрбиесіне анасы, ер баланың тәрбиесіне 

әкесі  мән  беруі  керек.  Әркімнің  әулеті-өзіне 

тірек,  сүйеніш,  сондай-ақ  жанға  жылу  береді. 

Тіпті  қиындықтарды  еңсеруге  баулиды.Сіздерге 

отбасылық  бақыт,  амандық-саулық  тілеймін,-деді 

өз ойын тұжырымдап.

Аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Қар-

мақ шы таңы» газетінің Бас редакторы Алтай Үсенов: 

-Қазақ  халқының  дәстүрінде  әулетті  қадірлеу 

өте  үлкен  рөл  атқарады.  Әрбір  адам  баласының 

өмірінде өз шаңырағы-ең алдымен, негізгі қуат көзі, 

сенімді  тірегі.  Ағайынның  татулығы-атамекеннің 

тұтастығы. Біз әкені асқар тауға балаған, «жұмақ-

ананың табанының астында» деп анасын сыйлаған, 

«бала-бауыр етің» деп ұрпағына айрықша қам қор-

лық пен  қараған,  біз  жаугершілік  заманның  өзінде 

жетімін  жылатпаған,  жесірін  қаңғытпаған  елміз. 

Сондықтан  бүгінгідей  жайма  шуақ  заманда  елдің 

елдігін  асыратын  отбасы  бақыты  екенін  естен 

шығармай,  ұдайы  ұлттың  болашағы  жолында 

бірлігімізді асқақтата білейік,-деді әсерлі әңгімесін 

қорытындылап.

Сонымен  қатар,  аудандық  мәдениет  және  тіл-

дерді  дамыту  бөлімінің  бас  маманы  С.Айдаров, 

аудандық  халыққа  қызмет  көрсету  орталығының 

басшысы Ә.Сағатов, аудандық мұрағат директоры 

Қ.Досниязов өз пікірлерін білдірді. 

Қасым  Аманжолов  бір  өлеңінде  жұбайына 

арнап:  «Отбасы-шағын  мемлекет,  мен-президент, 

сен-премьер» деген екен. Шынында, отбасы-ол да бір 

шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі 

мен  өнім  бөлісі,  сыртқы  және  ішкі  саясаты,  кіріс-

шығыс  бюджеті,  қастерлеп  ұстанатын  рәміздері 

болатыны сияқты, әр отбасының болмыс-тіршілігі 

бар.  


Бақытты  балалық  шақ  пен  алаңсыз  қарттық-

әрбір  шаңырақтың  шаттығы.  Отбасы-береке  бір-

ліктің  қайнар  көзі.  Ата-анаға  құрметпен  қарап, 

ұрпаққа қамқорлық жасау-әрбір адамның қасиетті 

борышы.  Отбасы  болашақ  ұрпақ  бойына  адам-

заттық  құндылықтарды  және  ұлттық  рухани  бай-

лықтарды сіңіретін тәрбие ошағы. Оны бой тұмардай 

қастерлеп, аялай білу әркімнің өз еншісінде. 




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал