Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



жүктеу 319.38 Kb.

бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі319.38 Kb.
  1   2   3   4

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ  ГАЗЕТІ

№29

(9382)

Сенбі 

18 сәуір

2015 жыл

ҮКІМЕТ

ПРЕЗИДЕНТ

Сайлау - 2015

Ұлы

 Жеңіс мерекесіне 

21 күн               

қалды  

Қадірлі оқырман!

Сүйікті  басылым да рыңыз 

“Қармақшы  таңы” 

газетіне  2015 

жылдың  екінші  жарты  жылдығына  жазылу  жүріп  жатыр.  Биыл 

жарыққа шыққанына сексен үш жыл толған аудан айнасы, жаңалық 

жаршысы  “Қармақшы  таңы”  газеті  жыл  басынан  А2  форматта, 

түрлі-түсті бояумен, сапалы шығуда. Біз бұл мүмкіндік ұлғая түсіп, 

өздеріңізбен арадағы дәнекерлік, байланыс діңгегі бекем деле береді 

деп сенеміз.

Басылымның алты айға жазылу бағасы:

Жекелер үшін-2000 теңге, мекемелер үшін-3000 теңге.

Газет индексі: жеке тұлғаларға-68634, мекемелерге-18634.

Газетке жазылу “Қазпошта” бөлімшелері мен

газет редакциясында жүргізіледі.

Мекен-жайы: Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі, №3 үй.

Анықтаманы 2-16-01, 2-14-59 телефондарынан алуға болады.

Біздің есеп-шотымыз:

“Сыр медиа” ЖШС СТН 331 000 011 645

 БСН 1007 40005115

ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі  Серия 33001 №0003930 от 

17.08.2012 ИИК KZ294322203398Т00706 

ДО АО Банк ВТБ (Казахстан) KБЕ-17, БИК VTBAKZKZ  

КОД 158872.

ҚАРМАҚШЫ


таңы

«Нұрлы  жол»  бағдар ла ма­

сымен  Қызылордада  3  мектеп,  1 

балабақша 

салынады. 

Бұл 


туралы ҚР Премьер­Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда 

облысына  сапары  барысында  айтты.  Жалпы  аталған  бағдарлама  аясында 

өңірдің  құрылыс  саласына  6  миллиард,  әлеуметтік  салаға  37  миллиард  теңге 

қаржы бөлінбек.

Үкімет  басшысының  орынбасары  алдымен  Арал  ауданындағы  «Арал 

тұз»  АҚ  жұмысымен  танысты.  «Аралтұз»  акционерлік  қоғамы­аймақтағы  ірі 

кәсіпорындардың  бірі.  Жылына  213  мың  тонна  тұз  өндіреді.  Оның  147  мың 

тоннасы­ас тұзы болса, 66 мың тоннасы­техникалық тұз. Бұдан бөлек, биылдан 

бастап кәсіпорында полимер өнімдерін өңдейтін цех іске қосылды.

Жаңа зауыттың іске қосылуы 800­ден астам адамды еңбекпен қамтыды, оның 

95 пайызы жергілікті тұрғындар.

Мұнан әрі жұмыс тобы «Қамбаш» балаларды оқыту­сауықтыру орталығында 

болды.  Орталық  жыл  он  екі  ай  жұмыс  істейді  және  емдеу­сауықтыру  үшін 

заманауи үлгіде барлық жағдай жасалған. Жыл бойында мұнда келіп­кететіндер 

саны  2000  оқушыны  құрайды.  Бұл  орталық  түлектердің  ҰБТ  сынағына 

дайындалуына үлкен мүмкіндік жасап отыр.

­Бұл құптарлық іс. Лагерьлердің үш ай жұмыс жасауы тиімсіз. Ал мұндай 

орталықтар жыл бойы жұмыс жасайды. Балалардың осында келіп демалуына, 

білім алуына, денсаулығын жақсартуына болады. Өзге облыстар бұны үлгі етуі 

қажет,­деді Б.Сапарбаев.

Қазалыға ат басын тіреген үкіметтік делегация әуелі «Қазалы» конфет цехына 

аялдады. Брендке айналған конфеттің өнім көлемін арттыру бағытында қазір көп 

жұмыс жасалып жатыр. Бұл бағытта үкімет тарапынан көрсетілетін қолдауды 

тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Қазалы көлік­техникалық колледжі дуалды оқыту жүйесі негізінде бірнеше 

темір  жол  тораптарымен  келісім  жасасқан.  Оқу  ордасында  зертханалық, 

тәжірибелік оқу бөлмелері соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Батыс 

Қазақстан және Қызылорда облысының темір жол тораптарынан осы колледждің 

мамандарына сұраныс жоғары.

Вице­премьер  Сыр  еліне  сапары  кезінде  аудандарды  аралап  қана  қойған 

жоқ.  Өңірдегі  ірі  компаниялардағы  жұмыс  орындарын  сақтап  қалу  бойынша 

атқарылып  жатқан  шараларды  да  пысықтап  шықты.  Облыс  орталығында  ірі 

компаниялардың басшыларымен кездесті.

Дағдарыс  жағдайында  жұмыс  орнын  қысқартпауға  байланысты  облыста 

кәсіпорындармен  1300  меморандум  жасалды.  Нәтижесінде  2  мыңға  жуық 

тұрақты жұмыс орны сақталып қалып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы 

Қызылорда «қара алтын» өндіру көлемі бойынша республикада төртінші орында.

­Өңірде  көп  өзгеріс  бар.  Ең  негізгісі  халықтың  көңіл­күйі  дұрыс.  Қарны 

тоқ,  тұрмысы  жақсы  болғанның  белгісі  бұл.  Аудандарды  аралау  барысында 

тікұшақтан қарап отырмын, зәулім үйлер көп тұрғызылған. Ауылдардың өзінде 

үйлердің шатырлары жөнделіп, сырланған. Тіпті джиппен түйе бағып жүргендерді 

көрдім. Бұл тұрмыстың түзелгені. Ал мұнайға келсек, бір баррель 30 долларға 

түсіп кеткен кездер де болды. Ол уақытты да бастан өткердік. Бірінші тоқсанның 

қорытындысын қарап отырмын: өндіріс, ауыл шаруашылық, әлеуметтік салалар 

бойынша  республикада  алдыңғы  қатардасыздар.  Құрылыстың  өзі  37  пайызға 

көбейген. Сондықтан жұмыла жұмыс жасау қажет. Бастысы қыстан қиналмай 

шықтық.  Жұмыс  орындарын  қысқарту  көп  орын  алған  жоқ.  Бұл  бағыттағы 

шараларды  жалғастыру  керек,­деді  ҚР  Премьер­Министрінің  орынбасары 

Б.Сапарбаев.

­ҚР  Президентінің  өңірдегі  өкілі  ретінде  мен  кәсіпорындардың  тиісті 

бюджет деңгейімен жұмыс көлемін қамтамасыз етуін және жұмыс орындарын 

қысқартпауын  талап  етемін.  Мүмкін  сіздер  жұмыс  уақытын  қысқартатын 

шығарсыздар,  бірақ  қызметкерлеріңізді  жалақысыз  қалдырмаңыздар,­деді 

облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Бұдан  соң  Үкімет  басшысының  орынбасары  Мамандандырылған  халыққа 

қызмет  көрсету  және  Ана  мен  бала  орталықтарында  болып,  жұмыс  барысын 

көрді.

Айта кетейік, өңірде бала өлімі 34,7 пайызға азайып отыр. Бүлдіршіндерді 



балабақшамен қамту 92,2 пайызды құрап отыр. Көрсеткішті жыл соңына дейін 

100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Б.Сапарбаев  сондай­ақ,  жеке  әріптестік  негізде  салынған  «Шұғыла  2» 

балабақшасында болып, педагогтармен кездесті.

­Кейбір  облыста  балабақшамен  қамту  50­55  пайыздан  аспайды.  Ал 

Қызылордада  бұл  мәселе  оң  шешімін  тауып  келеді.  Әсіресе,  мұнда  жеке 

балабақша  көп  салынып  жатыр.  Бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі  болуы 

керек. Ең негізгісі елдің ішінде тыныштық бар. Отанымызда 100­ден астам ұлт 

өкілі өмір сүріп жатыр. Бірлік пен ынтымақ болмаса, экономика дамымайды,­

деді Б.Сапарбаев.

Осылайша  Үкімет  басшысының  орынбасары  сапар  барысында  облыста 

жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.



ҚАЗАҚСТАН БАУЫРЛАС ТҮРІК ЕЛІНІҢ 

БАСТАМАЛАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ 

Қазақстан  мен  Түркия  саяси 

ынтымақтастық  пен  барыс­келіс 

бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге 

кірісті. Бұл туралы Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген 

Түркия  Президенті  Реджеп  Ердоғанмен  Жоғары  деңгейдегі  стратегиялық 

ынтымақтастық  кеңесінің  екінші  отырысын  өткізгеннен  кейінгі  бірлескен 

мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

«Бүгін  өткен  келіссөздердің  нәтижесі  ынтымақтастығымызды  одан  әрі 

нығайта түседі деген сенімдемін. Біз күн тәртібіндегі өте маңызды мәселелерді 

қарап, ашық пікір алмастық. Қазақстан бауырлас түрік елінің бастамаларын 

толық  қолдайды.  Бүгін  жоғары  деңгейдегі  стратегиялық  ынтымақтастық 

кеңесінің екінші отырысын өткіздік»,­деді Елбасы.

ҚР  Президентінің  атап  өтуінше,  кеңес  жұмысына  екі  ел  Үкіметтерінің 

мүшелері  қатысты.  Көптеген  сала  бойынша  ынтымақтастықты  одан  әрі 

арттыру жолдары қарастырылып, өткен жұмысты қорытындылады. Жаңадан 

атқарылатын көптеген жұмыстардың көзі ашылды.

«Қазақ­түрік  саяси  диалогінің  ауқымы  ұдайы  кеңейіп  келеді.  Біз  саяси 

ынтымақтастық  пен  барыс­келіс  бағытындағы  жұмыстарды  жүйелей  түсуге 

кірістік.  Мұндағы  басты  мақсат­халықтардың  достығы  мен  байланыстарын 

одан әрі тереңдету. Сауда­экономикалық, инвестиция мәселелері жан­жақты 

талқыланып,  бірқатар  уағдаластыққа  қол  жеткізілді.  Осы  сапар  аясында 

Түркия  Президентімен  бірге  келген  көптеген  бизнес  қауымдастығы  мен 

Қазақстанның  іскер  адамдары  26  нысан  бойынша  қол  қоятын  болды»,­деді 

Мемлекет басшысы.

Б.САПАРБАЕВ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 

ӨНДІРІС, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАР БОЙЫНША 

РЕСПУБЛИКАДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА  

ҰЛЫ ӨНЕРДІҢ ҰЛАҒАТТЫ КЕШІ



Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі концерт қойды

Төретам  кенті  бойынша  санитарлық  тазалық,  көркейту, 

көгалдандырудың  2  айлығын  өткізудің  іс­шара  жоспары 

жасалып,  бекітілген.  Іс­шарада  әр  аймаққа  Төретам  кенті 

әкімдігі  қызметкерлері  бекітіліп,  қадағалауға  және  әрбір 

мекемеге  кенттегі  көшелердің  бойындағы  күл­қоқыстарды 

тазалау,  тұрғындарға  тазалықты  сақтау  туралы  түсіндірме­ 

әңгіме  жүргізу,  шарбақтарын  сырлау,  өз  мекеме  айналасын 

тазарту,  тал  көшеттерін  егу  жұмыстары  бөлініп,  бірқатар 

жұмыстар  атқарылуда.  Алайда  тексеру  уақытында  кент 

әкімдігі  қызметкерлері,  мекеме  басшылары  мен  ІІБ­нің 

қызметкерлерінен тұратын мобильдік топ құрылмаған, күн

 

 де­


лік ті көше аралау, заңсыз тасталған күл­қоқыстардың орнын 

анықтау, оларды жою жолдарын қарастыру жұмыстары тал­

қыланбайды, тұрғындарға берілген ескертулер нәтижесі, қай­

талама жағдайларына байланысты әкімшілік жауапқа тар тыл­

маған.  

Аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы 

мамандарының  көше  аралау  кезінде  төмендегі  кемшіліктер 

анықталды.  №1  аймақ  бойынша  К.Байсейітова  көшесінің 

бойындағы  тұрғын  үй  мен  көшеге  дейінгі  аралықта  қоқыс 

қалдықтары  бей­берекет  тасталған  құрылыс  материалдарын 

алуға  ескертулер  жасалғанымен,  әлі  күнге  алынбағанына 

шара  көрілмеуде.  Көше  бойындағы  қоқыс  жинау  орнында 

қоқыс  қалдықтары  уақытылы  алынбауынан  шашылып,  жан­

жағын ластауда. №3 аймақ бойынша Мұратбаев көшесінің бас 

жағында орналасқан кәсіпкерлік нысандары архитектуралық 

дизайнға сәйкестендірілмеген, аумағы тазаланбаған. Құлқашев 

көшесі  бойындағы  тұрғын  үйлердің  көше  бет  аумағына 

құрылыс  материалдарын  орналастыруына  жол  берген, 

аталған  көше  тұрғындарына  ескерту  берілгенімен,  әлі  күнге 

алынбаған. Осы жағдайларға орай Төретам кентіне бекітілген 

аймақтық  полиция  қызмеркерлері  тарапынан  әкімшілік 

жауапқа тартылмаған. 

Кент  бойынша  12  көпқабатты  тұрғын  үй  бар,  олардың 

барлығының  техникалық  жағдайы  және  сыртқы  келбеті, 

са ни тарлық  жағдайы  төмен.  Аталған  көпқабатты  тұрғын 

үйлер  ауласына  қоқыс  тастайтын  орын  белгіленгенімен, 

қоқыс  қалдықтарының  үнемі  шашылып,  жан­жағын  ластау 

жағдайлары  орын  алады.  Үйреков  көшесі  бойындағы  екі 

қабатты тұрғын үй аумағында осы жағдай орын алған. 

Тұрмыстық  қалдықтардың  шығарылуы,  кент  аймағын, 

ауласын  тазартуға,  елді  мекеннің  санитариясын  қамтамасыз 

етуге  2015  жылға  кент  әкімшілігі  тарапынан  «Атамұра­

Жүсіп» ЖШС келісім­шарты жасалған. Аталған жұмыстарға 

серіктестік тарапынан 1 жүктиегіш, 2 тасымалдау машиналары 

тартылған. Сонымен бірге, тұрғындардан ақылы негізде қоқыс 

қалдықтарын  шығарумен  жеке  кәсіпкер  Б.Әбдіжаппаров 

айналысады.

Ақай елді мекені бойынша санитарлық тазалық, көркейту, 

көгалдандырудың  2  айлығын  өткізу  туралы  ауылдық  округ 

әкімінің  өкімі  шығарылып,  осы  өкімге  сәйкес  комиссия 

құрамы  бекітілген.  Екі  айлық  барысында  жүргізілетін  іс­

шара  жоспары  жасалған.  Іс­шара  бойынша  көшелерге 

рейдтер  ұйымдастыруда  санитариялық  тазалық  талаптарын 

орындамағандарды  заңдылықтар  шеңберінде  әкімшілік 

жауаптылыққа  тарту    шаралары  қолданылмаған.  Әр  аймақ 

бойынша әкімшілік қызметкерлері бекітіліп, қадағалауға және 

әрбір мекемеге ауылдық округтегі көшелердің бойындағы күл­

қоқыстарды  тазалау,  тұрғындарға  тазалықты  сақтау  туралы 

түсіндірме­ әңгіме жүргізу, шарбақтарын сырлау, өз мекеме 

айналасын  тазарту,  тал  көшеттерін  егу  туралы  атқарылатын 

жұмыстары бөлініп, тапсырылған. Елді мекенде 37 көше бар, 

жүйелі  тазалықпен  айналысуға  қоғамдық  жұмысқа  адамдар 

тартылған.

Алайда,  аудандық  тұтынушылар  құқықтарын  қорғау 

басқармасы  мамандарының  көше  аралау  кезінде  төмендегі 

кемшіліктер  анықталды.  Жанқожа  батыр  көшесінің  аяғында 

орналасқан  тұрғын  үй  аумағында,  электр  тарату  торабы 

аумағы  және  дария  жиегіне  қоқыс  қалдықтары  бей­берекет 

тасталған.  Аталған  қоқыс  қалдықтарын  тазалауға  бекітілген 

мекемелер дұрыс жұмыс жасамауда, ІІБ­нің қызметкерлерімен 

біріккен рейдтік жұмыстар толыққанды жүргізілмеуде. 

Елді мекенде тұрмыстық қатты қалдықтар полигон нысаны 

бар, полигонға бару жолы қарастырылғанымен, батпақты күні 

жүру  мүмкіншілігі  жоқ.  Нысанды  сенімді  басқаруға  беруге 

әкімшілік  тарапынан  құжаттары  дайындалуда.  Тұрмыстық 

қалдықтардың  шығарылуына  «Атамұра­Жүсіп»  ЖШС 

уақытша жұмыс жасауда, ал әрбір тұрғын үймен келісім­шарт 

жасап,  қоқыс  қалдықтарын  жинақтауына  тендер  жариялау 

нәтижесі  күтілуде.  Елді  мекен  бойынша  аяқ  су  мәселесі 

шешілмеген, алайда қазіргі таңда «Достық» саябағына шырша 

тектес ­138, 34 түп қарақат, 112 Сыр талы және терек көшеттері 

егіліп, күтімге алынған. Саябаққа су тасымалды түрде жет кі­

зіле ді.

Ә. ИСА, 

аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау 

басқармасының басшысы.

ТАЗАЛЫҚ ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ 

ҚАЛМАСЫН

Жуырда  аудандық  мәдениет  үйінде  Қазақстан  Республикасының  президентінің  кезектен  тыс 

сайлауына  орай  облыстық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  Қорғанбек  Қайруллаұлы  мен  комиссия 

хатшысы Қожамжар Наурызбаевтар осы саяси маңызы жоғары шараға байланысты семинар өткізді. Ол 

сайлаудың заң талаптарына сай ашық өтуіне, ешқандай құқық бұзушылықтың болмауына алдын ала 

дайындық жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары 

және мүшелері, үміткерлердің сенімді өкілдері, байқаушылар, құқық қорғау, халыққа қызмет көрсету 

орталығы қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  мен  хатшысы  семинарға  қатысушыларды  сайлауды 

ұйымдастырушылар қызметінің сайлау науқанын әзірлеу және өткізуге байланысты негізгі мәселелерімен 

жан­жақты  таныстырды.  Сондай­ақ,  сайлауды  байқауды  жүзеге  асыру,  сайлау  науқанын  қаржылық, 

материалдық­техникалық, ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Әдістемелік  құрал  ретінде  жиналғандарға  дауыс  беру  күні  учаскелік  сайлау  комиссияларының 

жұмысы  туралы  Орталық  сайлау  комиссиясының  тапсырысы  бойынша  дайындалған  оқу  фильмі 

ұсынылып, көрсетілді.



«Қт» ақпарат.

Жуырда 


аудандық 

мемлекеттік 

кірістер  басқармасының  қызметкерлері 

Қалдыбек  Сү лей менов,  Бейбіт  Масаева, 

Қалдыбек 

Шалов 


және 

Қалихан 


Алдажаровтар  Ұлы  Отан  соғысы  және 

еңбек ардагері, бүгінде 95 жастан асқан 

қарт  ақын  Шәкіман  Бектібаевтың 

отбасында  болып,  ардагерді  алда  келе 

жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Басқарма 

басшысы 

Қалдыбек 

Сүлейменов    елімізде,  оның  ішінде 

Елбасының 

саралы 

сая сатының 



арқасында  ел  мүддесі  үшін  атқарылып 

жатқан  ілкімді  істер  туралы  сөз  қозғап, 

өзі  басқарып  отырған  ұжым  қыз­

меткерлерінің  ыстық  ықыластарын  жет­

кізді,  сый­сияпат жасады.

Сөз  кезегінде  қарт  майдангер­

ақын Шәкі ман Бектібаев Елбасының Қазақстан хал қына жасап жатқан қамқорлықтарына және  аудан бойынша 

атқарылып жатқан іргелі істерге ризашылығын  білдірді. Соғыс  және соғыстан  кейінгі  жылдардағы еткен  еңбек 

жолдары жайлы естеліктер айтып, ағалық ақ батасын берді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

АРДАГЕР АҒАНЫ АРДАҚТАДЫ

САЙЛАУДЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ӨТКІЗУ 

- ЕҢ БАСТЫ ТАЛАП

Бейсенбі  күні  дүниежүзілік  және  халықаралық 

бай қаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сі ңір  ­

ген  ұжымы,  «Халықтар  достығы»  орденінің  ие ге рі 

Құрманғазы  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  ака де­

миялық  халық  аспаптары  оркестрі  аудандық  мәде­

ниет үйінде «Сыр елі­жыр елі» атты концерт қойды.

Концертте  оркестр  директорының  орынбасары 

Халес  Қапизовтың  басқаруымен  мемлекеттік 

«Дарын»  Жастар  сыйлығының  иегерлері  Арман 

Жүдебаев,  Батыржан  Мықтыбаев,  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  қайраткері  Жанас  Бекентұров,  мәде­

ниет  қай рат кері  Жексен  Айсын,  дәстүрлі  әнші, 

Қазақстан  Респуб лика сының  Тұңғыш  Президенті 

қоры  сыйлығының  иегері  Ерлан  Рысқали,  халықа­

ра  лық және республикалық конкурстардың лауреат­

та ры  Мақсат  Мақұлбеков,  Торғын  Смаилова, 

Айнагүл  Әділова,  Ардақ  Итекеева,  ауданымыздың 

тумасы Асыл Сәдуақасқызы, тағы да басқа көптеген 

өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.

Оркестр  шығармашылық  концертін  Түркештің 

“Көңілашар” күйімен бастады. Одан әрі ҚР еңбек сіңір ген қайраткері Жанас Бекентұровтың 

дири жерлігімен  Құрманғазы,  Тәттімбет,  Қорқыт,  Дәулеткерей,  Дина  сынды  халық  компо­

зи торларының  күйлері  орындалды.  Сондай­ақ,  шетелдік  клас сикалық  шығармаларға,  жеке 

орындаушыларға да кезек берілді. Оркестрдің құрамындағы Мәлік Дәрменов домбырадан 

“Терісқақпай”, “Мұраттың төкпесі” күйін, Ардақ Итекеева қобызда “Қоңыр” күйін төгілтті. 

“Қазақстан дауысы” ән жобасының финалисі Мақсат Мақұлбеков “Ақбақай” әнін әуелетіп, 

Президент  қоры  сыйлығының  иегері,  дәстүрлі 

әнші Ерлан Рысқали “Молдабай” әнін шырқады.

Оркестрдің  тарихына  тоқтала  кетсек,  1934 

жылы академик Ахмет Жұбанов республиканың 

түп кір­түпкірінен 11 дарынды өнерпазды жинап, 

Алматы  қаласында  ашқан.  1936  жылы  оркестр 

Мәскеуде  өткен  Қазақстанның  10  күндігіне  қа­

ты сып,  оркестрдің  құрамы  көбейе  бастайды. 

Оркестрге  сол  жылы  Құрманғазының  есімі  бе­

рі ліп,  сол  аралықтарда  Ахмет  Жұбанов,  Латиф 

Хамиди, Леонид Шаргородскийлар дирижерлық 

етіп, 1952 жылы оркестрдің бас дирижері болып 

Шамғон Қажығалиев тағайындалады.

1953 жылы Румынияның Бухарест қаласында 

Дүниежүзілік  жастар  фестивалі  өтіп,  17  елдің 

ор кес   трлерінің арасынан Құрманғазы атындағы 

оркестр алтын медальға ие болады. 1978 жылы 

Ака де м иялық оркестр деген атақ беріледі.

1984 жылы оркестр «Халықтар достығы» ор­

дені мен марапатталады.

Қазіргі кезде оркестр құрамында 80 адам жұмыс жасайды. Қорларында 4000­ға жуық ән­

күй бар.

Шығармашылық  кешті  тамашалауға  қатысқан  аудан  әкімінің  орынбасары  Арман 

Қаржаубаев оркестр ұжымына ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Нәжмадин Шамұратовтың 

Алғыс хатын табыстады.



Алтыншаш КЕТЕБАЙ.

ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

18 сәуір, 2015 жыл

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ШЕШІМІ

3 наурыз 2015 жыл    

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

№245



Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4928 нөмірімен 2015 жылғы 30 наурызда  Қызылорда облысы Әділет 

департаментінде тіркелген.

«Қазақстан  Республикасының  Жер  Кодексі»  Қазақстан  Рес пуб­

лика сының  2003  жылғы  20  маусымдағы  Кодексінің  8  бабына,  11 

бабының  1  тармағына  және  «Қазақстан  Республикасындағы  жер­

гі

 

лікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін­өзі  басқару  туралы»  Қазақ­



стан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  Заңына  сәйкес 

Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1.Қызылорда  облысы,  Қармақшы  ауданы,  Жосалы  кентінің  жер­

лерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақ тары ның 

шекаралары осы шешімнің 1, 2­қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2.Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету 

коэффициенттері осы шешімнің 3­қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тіз бе­

лік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

М.НАЯТҰЛЫ

Қармақшы аудандық  мәслихатының

 хатшысы   

ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ ЖЕРЛЕРІН АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ ЖОБАСЫН 

(СХЕМАСЫН), БАҒАЛАУ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫН 

ЖӘНЕ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫНА 

ТҮЗЕТУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Н.ПІРМАНТАЕВ 

Қармақшы аудандық  мәслихатының кезектен тыс 

36-сессиясының төрағасы   

2015  жылғы 3 наурыздағы Қармақшы аудандық мәслихатының  №245  шешіміне 

2-қосымша 

2015  жылғы 3 наурыздағы Қармақшы аудандық мәслихатының  №245  шешіміне 

1-қосымша 

Бағалау  аймақтарының шекаралары

Аймақ 

нөмірі

Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен 

аймақтардың қиылысу шекаралары

Аймақ 

ауданы, 

гектар                 

1

2



3  

І

I  аймақ (001, 002, 003 кварталдары)



277,0

Аймақтың шекарасы, солтүстік шығысы Наурыз 

көшесі және «Нұрай»  жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігінің кірме жолынан спорт алаңын 

толығымен қамтып, оңтүстігі Мұстафа Шоқай 

көшесінен Нұртай Жайсанов көшесіне жалғасып, 

оңтүстік және солтүстік жағы Сұлтан Сүлейменов 

көшесі, Аманкелді Иманов көшесін бойлай Елеу 

Көшербаев көшесінің солтүстік бөлігін толығымен 

қамтып, «Самара-Шымкент» автотрассасы және су 

құбыры жолын, Жосалы кентінің оңтүстік батыс 

бөлігін толығымен қамтып, солтүстік батыс жағы 

Әнуарбек Өміров көшесімен, шығысы Тәйімбет 

Көмекбаев көшесімен Тұрмағамбет Ізтілеуов 

көшесін бойлай Железнодорожная көшесі арқылы 

шектеседі.

ІІ

ІІ аймақ (001, 002, 003, 004 кварталдары)



356

1

учаске



Аймақтың шекарасы, оңтүстігі Әнуарбек Өміров 

көшесімен, Тәйімбет Көмекбаев көшесін бойлай  

Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесін, Железнодорожная   

көшесін қамтып, солтүстік батысы Тоғанас батыр 

көшесін, ал солтүстік шығысы Железнодорожная  

көшесімен  шектеседі.

65,0

2

 учаске



Аймақтың шекарасы, солтүстігі су құбырының жолы, 

«Самара-Шымкент» автотрассасымен өтеді және Елеу 

Көшербаев, Аманкелді Иманов, Сұлтан Сүлейменов 

көшелерінің оңтүстік бөлігін,  Нұртай Жайсанов 

көшесімен Шығыс көшесінің батысын қамтыса, оңтүстік 

бөлігі Сырдария өзенінің жағалауы мен  Жосалы кентінің 

оңтүстік батысын қамтиды.

102,0


3

учаске


Аймақтың шекарасы, батыс жағы Мұхтар Әуезов 

көшесімен, солтүстік шығыс жағы «Жосалы-Жалағаш» 

автокөлік жолымен, шығыс жағы Сүлеймен  Есқараев 

көшесінен «Жарма» каналы бойымен Мәншүк Мәметова

Әлихан Байтереков, Ізтілеу Мүсірбаев, Үсен Томанов, 

Қоскөл, Мұстафа Шоқай көшелерімен, батысынан 

Абыт көлін қамтып, «Нұрай» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігінің кірме жолының шығысымен шектеседі. 

189,0

ІІІ


ІІІ аймақ (002, 003, 004 кварталдары)

3390,0


Аймақтың шекарасы, Жосалы кентінің батыс 

жағынан басталып, оңтүстік жағы Тоғанас батыр, 

Железнодорожная, Наурыз көшелері мен солтүстік 

шығысы Мұхтар Әуезов көшесімен шектеседі, оңтүстік 

шығыс жағы «Жосалы-Жалағаш» автокөлік жолымен, 

оңтүстік батыс жағы Сүлеймен Есқараев көшесін бойлай 

«Жарма» каналымен, оңтүстік жағы Мәншүк Мәметова, 

Әлихан Байтереков көшелерімен, Ізтілеу Мүсірбаев 

көшесінің шығысын бойлай Үсен Томанов, Қоскөл 

көшелерімен жалғасады, Мұстафа Шоқай көшесімен 

шектесіп, батыс жағы Шығыс көшесімен шекаралысып, 

аймақтың шығыс жағы «Қараөзек» каналының бөгетімен 

шектесіп, солтүстік шығыс жағы мөлтек аудандар мен 

ескі аэропорт учаскесін қамтиды. Солтүстік батыс 

жағы «Ордазы» карьерінің далалық жолынан басталып 

солтүстік шығыстағы «Жосалы-2» кенішін және Жосалы 

кентінің батыс бөлігін толығымен қамтиды.

IV

IV аймақ (004 кварталы)



2847,0

Аймақтың шекарасы, солтүстігі «Жосалы-2» 

кенішін, шығыс жағы толығымен Жосалы кентінің 

шығыс бөлігімен, оңтүстік жағы Сырдария өзенінің 

бойын, батыс жағы «Қараөзек» каналын бойлап 

мөлтек ауданының шекарасы мен ескі аэропорт 

учаскесінің солтүстігімен жалғасса, аймақтың 

батыс бөлігі «Ордазы» карьерінің далалық 

жолының шығыс бөлігін қамтиды.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал